Учебник для студентов специальности

Вид материалаУчебник

Содержание


1) дәстүрлі бесік жыры
4.3 Қазақтың асыл мұрасының бірі
Қаттылық саны нв
Темірағаш кқ
Ағаштың серпінділік модулі және беріктік шегі дегеніміз
Енді әр түрлі ағаштардың қаттылығына тоқталалық
Подобный материал:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

1) дәстүрлі бесік жыры


2) суырып салма бесік жыры, - деп екі топқа жіктеледі. А.Мартынова "дәстүрлі емес" бесік жырларының қатарына жазба әдебиеттен алынған немесе халық ауыз әдебиетінің басқа жанрларынан ауысқан жырларды жатқызады. Қазақ бесік жырларының жазба әдебиеттен ауысқаны болғанмен де, халқымыздың ерекше ақындығы мен бесік жырын импровизациялық тәсілмен шығарылғаны ескерілген.

Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен, мазмұндық-композициялық негізгі құрылысы толық сақталған, Қазақстсанның барлық жерінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Жыр құрамында "әлди-әлди" немесе "жылама, бөпем, жылама" тәрізді қайырмалар қайталанады.

Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған. Бала тербетіп отырған ана бесік жырының дәстүрлі ңұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-сүйінішін сыртқа шығарады.

Өрім-өрім үстімдегі кигенім,

Өмірімде бір бүтінді кимедім.

Алақаным ақ бауырсаққа бір толмай

Қайда барсам босағаны бермедім, бермедім.

Әлди-әлди күюін-ай етіңнің,

Ісік пе, ойбай, мына жері бетіңнің.

Тезек тер деп бәйбіше айғай салады-ау,

Шырылдатып қиын тастап кетуім,-

деген жолдарда баласы ауырып жатқан әйел өз мұңын жырға қосып айтады. Күйеуінің тоқалы болған ол бәйбішеден зорлық көреді, оның үстіне баласы күйіп-жанып жатыр. Бұл бесік жырларының әр мәтінінде ел өмірінің, адамдар тағдырларының түрлі ізі түскендігінің дәләлі.

Сәби есейе бастаған уақытта жырда тәрбиелік мән күшейеді. Баланың болашағы туралы арман-тілектер, ақылгөйлік, тәлімдік рең қоюланады. Мәселен:

Арша ма екен бесігі,

Өрік пе екен бесігі,

Алар ма екен әкесі,

Сүйер ме екен әкесі?

Жиде ме екен бесігі,

Жігіт пе екен әкесі? -

бала өзі жатқан бесігінен бастап, әке-шеше, жақын адамдармен таныса бастайды. "Қолдарынан іс алатын" шаруақор, "ақырып жауға тиер" батыр, "түрлі ою ойысқан" шебер сияқты халық мұратын арқалаған сөздер жиі кездеседі.

Қазақтар бесік жырын "әлди" деп атайды. Әлдилеу - тербету немесе баланы алдына алып бірқалыпты ырғау деген ұғымды береді. Әлди-әлди орыс халықтарындағы "баю-бай", өзбектердегі "алла-алла", татарлардағы "әлли-бәлли" сияқты қазақ бесік жырындағы тұрақты қайырма.

Бесік жырында ел тұрмысының көріністері мол. Мәселен, «жілік шағып берейін», «үстіңе тоқым жабайын, астыңа терлік салайын», «быламаққа май құйып» т.б этнографиялық өрнектер мен баланы жақсы көру, еркелету, айналып-толғануға байланысты айтылатын балама, теңеулерден қазақы тұрмыстың ерекшеліктерін көруге болады. «Қозы жүнді көрпешім», «қойдың жүні қалпағым», «көлге біткен құрағым», «от басындағы ойнағым, сүт бетіндегі қаймағым», «алты қарын майымыз, жеті қарын жентіміз» тәрізді айшықты сөздер төрт түлктің еті мен сүтін тамақ, жүні мен терісін киім етіп, табиғатты кең жайлап аңшылық, саятшылық құрған өмірден туған өрнектер.

Әлемде ана үшін баладан қымбат ештеңе жоқ. Анасы сәбиіне деген зор махаббаты мен мейірімінен туған ыстық сезімін құрағым, терегім, керегім, кепешім және т.б сөздерді қолдану арқылы білдіреді. Кейде:

Әуедегі жұлдыздай,

Суда жүзген құндыздай,

Өзім қалап сүйгендей

Ұжмақтағы хор қыздай,-

деп әлемдегі ең қымбат заттарға теңейді. Бесік жырының әсем де жеңіл келіп, сазды әуенге қосылып, бапты айтылуы баланы маужырытады. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағы бірдей шығады, сөздері айтуға жеңіл, құрылысы қарапайым бесік жыры бір сарынмен айтылады.

Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай

дегендегі «айналайын» сөзінің жиі қолданылуында астарлы мән бар. Бұрынғы замандарда киіз үйде ауырып жатқан баласының ауруы өзіне қонсын деп, мойнына белбеу сап, үйді айнала жүгірген әке туралы ырымды И.Кастанье келтіреді. Қазақта мал-жан, адам, жансыз зат болсын-толық айналып өтпейді. Халық ұғымында адамды айналу, яғни оның бүкіл ауру-сырқауын, уайым-қайғысын өзіне алу деген сөз. Сондықтан ең іңкәр, сүйіспеншілігінің басты белгісі «айналайын» деген сөзде тұрады. Бұл магиялық қасиеті бар сөз «айналдым сені», «сен үшін өмірімді бердім» дегенді білдірсе керек [90-95].

Қорыта айтқанда, дәстүрлі тәрбиенің алтын тамыры осы бесік жырында жатыр. Бұл тәрбие тұрмыс-салт пен әдет-ғұрыптың, халықтық дүниетаным мен табиғи жағдайлардың, шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай қалыптасып, өмір сүру мен ұрпақ өсірудің әдіс-тәсілі ретінде пайда болды. Бесік жыры халықпен көне заманнан бері жасасып, бала тәрбиелеу ісінде үлкен қызмет атқарып келе жатқан балалар фольклорының арналы саласы.


4.3 Қазақтың асыл мұрасының бірі

Соңғы жылдары отандық мәдениетіміздің көне заманынан бері қалыптасқан құнды жүйелері, рухани байлықтары, өркениет үлгілері ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырылуда.

Қазақ халқының дәстүрлі тарихы мен әдебиеті, мәдениеті мен менталитеті тәжірибе – тағылымдарға, көсемдік мұраларға толы.

Қазақтың материалдық және рухани байлықтарының бірі - киіз үй. Оның пайда болуын тек қана тұрмыстық қажеттілік деп қарауға болмайды.

Киіз үй – біріншіден, көшпенділіктің белгісі, екіншіден, бейнелі сана сезімі, ал ғылыми тұрғыдан қарасақ – жеке микрожүйе, микродүние және микроәлем.

Бүкіл әлемге әйгілі, атақты шығыстанушы, тарихшы Л.Н. Гумилев киіз үй туралы былай деп жазған: Еуропа және Орта Азия халықтары сәулеті адам баласын сүйсіндіретін, таңданатын және таңқалдыратын қалалар мен шаһарларды салған. Түріктер үйді салмады, себебі салқын климат жан-жақтағы құрғақ ормандардың баршасы біткен соң, осы үйлерді қалдыруға мәжбүр еткізді. Бірақ та, тас лашығы немесе балшық үйі жылы, кең, бір орыннан басқа орынға жеңіл апарылатын киіз үймен салыстырғанда тұрақ жайдың ең жоғары түрі болатынын әлі ешкім дәлелдеген емес. Өмірі табиғатпен өте тығыз байланысты көшпенді халық осындай үйде тұруға мәжбүр болған.

Тұрмыс қалпына, рельефке, климаттық жағдайларға байланысты шығатын осы қажеттілік көптеген ұзақ ғасырлар бойы көшпенділердің тұрмыс салтын қалыптастырған. Және өзге отырықшы, егіншілік халықтарға қарағанда көшпенді халықтардың экономикалық жағдайы тиімді жай-күйде болған. Көшпелі халықтың экономикалық және материалдық орнықтылығы дала халықтарының ерекше, оларға ғана тән рухани мәдениетін қалыптастырған. Барша көшпелі әлемнің, оның тұрмысының, көзқарасының, әдебиетінің ұйытқысы көшпенділердің өмірлеріндегі ең маңыздысын шағылдыратын, ғасырлар бойы берік қалыптасып, сана сезімде мәңгілікке бекітілгендерін ғана көрсететін киіз үй.

Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жағып, түйеге артып жүре беруге, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың жетінші ғасырында кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жыл тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.

Киіз үйдің көшіп-қонудың ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыстап та шыққан.

Киіз үйдің осы және басқа таң қалдыратын ерекшеліктерін біле отырып, біз оның қасиеттеріне және ерекшеліктеріне ғылыми дәлелдеме беруге тырыстық.

Мақаланы жазу барысында көптеген тарихи және этнографиялық, физикалық ғылыми әдебиеттерімен танысып, киіз үйді жасау технологияларын қарастырып, оның физикалық зерттеулердің де бір объектісі бола алатындығына көңіл аудардық.

Киіз үйдің өзіндік сипаттамасы мен ерекшеліктері бар. Басқа көшпенді халықтардың үйінен конструкция жағынан көп алда, әрі кең, әрі биік. Киіз үйді халқымыз көптеген ғасырлар бойы пайдалана отырып, тұрмыста оның қолдануын жеңілдетіп, жетілдірген. Ғасырлар бойы киіз үйдің конфигурациясы өзгеріп, біздің заманымызға осы түрде келді. Киіз үйді тұрмыста қолдану және оның құраушы бөліктерін жетілдіру барысында, халық нақты физикалық заңдарды білмей, өзінің сезіміне және тәжірибесіне сүйеніп отырды. Бұл өркениет туындының нақты авторы жоқ, оның авторы-халық, осындай әмбебап, тұрмысқа лайықты үйді жасап, оны өзінің тұрмысына, өміріне қызмет еткізді. Міне, осыған таң қалып, киіз үйдің физикасын, оның қанқасын жасау физикасын, қолдану физикасын айтпасқа болмайды.

Киіз үйдің қасиеттерін физикалық заңдар және заңдылықтар арқылы қарастырған да жөн, яғни киіз үйді физикалық тұрғыдан зерттеп, кездесетін құбылыстарға физика ғылымы арқылы түсіндірме бермекпіз.

Әрине, киіз үйді қазақ халқының ұлты ғана емес, онымен қоса Азияның көптеген тұрғындары біледі. Қазақтың киіз үйі сыртқы жабысына қарай:

Үзікті, көтерме туырлықты, сүйегінің (ағашының) уақ-ірілігіне қарай: 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 18 қанат, ал салтанатына қарай: ақ орда, ақ отау, алтын орда, хан орда және қараша үй, қара лашық, абылайша, ұран қой, жалым үйсияқты түрге бөлінеді. Оның сүйегі, яғни қаңқасы қазақ және қалмақ үлгісімен екі түрде жасалынады.

Киіз үйдің сүйегі дегеніміз – кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.

Алдымен тал және қайын ағаштарды үй сүйегін жасауға қолданатын себептерін қарастырайық. Ағаштар өз пішіні мен көлемін сақтайтын қасиетіне байланысты, оларды қатты денелерге жатқызамыз. Бірақ қатты денелердің пішіндерін өзгертуге болады. Осындай процесті физикада деформация деп атайды. Дененің деформациясы оған түсірілген күштерден және материалдың тегінен байланысты. Егер ағаштардың ерекшеліктерін қарастырсақ (кесте 4 және 5), тал мен қайыңның киіз үйдің сүйегін жасауға алынған себебін ұғамыз. Бұл ағаштардың қаттылық саны басқа ағаштардың қаттылық санына қарағанда төмен болады және осы ағаштар түрлері біздің даламызда кең тараған. Материалдың қаттылығы дегеніміз – щартты ұғым. Қаттылықты анықтайтын нақты бір тәсіл жоқ. Дененің қаттылығын басқа денеге қатысты ғана бағалауға болады.


АҒАШ ТҮРІ

ҚАТТЫЛЫҚ САНЫ НВ

ҚАЙЫН КҚ

4,1

ҚАЙЫН КҚ

3,1

ЕМЕН КҚ

6,2

ЕМЕН КҚ

4,9

ШЫРША КҚ

2,2

ШЫРША КҚ

1,8

ТЕМІРАҒАШ КҚ

9,0

ҚАРАҒАЙ КҚ

2,5

ҚАРАҒАЙ КҚ

2,3

ТАЛ КҚ

2,0

ТАЛ КҚ

1,7


Киіз үйді жасауда құраушы бөліктеріне арнайы пішін беру мақсатымен дайындалған ағашты үлгіге (морға, тезге) салады. Мұнда міндетті түрде түсірілген механикалық кернеу мен әрбір заттың Юнг модулін ескеру керек. Механикалық кернеу деп деформацияланған дененің колденең қимасының ауданына әсер ететін ішкі күштердің шамасын айтады. Юнг модулі деп үлгінің ұзындығы екі есе өскенде материалдағы пайда болатын қалыпты кернеуді айтады.

Ағаштың серпінділік модулі және беріктік шегі дегеніміз

Ол ағаштың кейбір түрлеріне (ағаш ылғалдылығы 15) серпінділік модулі Е орташа мәндері және (талшықтар бойымен) ұлғаю және сығылу беріктік шегі.

Оған дәлел төмендегі көрсеткіштер

АҒАШ ТҮРІ

Е, Гпа (кгс/мм2)

бер, Гпа (кгс/мм2)




Ұлғаюда

Сығылуда

Ұлғаюда

Сығылуда

ҚАЙЫҢ

18,1 (1810)

15,8 (1580)

161,0 (16100)

46,5 (4650)

ЕМЕН

14,1 (1400)

14,0 (1400)

113,50 (11350)

51,0 (5100)

ШЫРША

14,3 (1430)

14,2 (1420)

100,5 (10050)

39,0 (3900)

ҚАНДЫАҒАШ

11,9 (1190)

12,8 (1280)

96,5 (9650)

38,5 (3850)

ЫРҒАЙ

15,4 (1540)

12,6 (1260)

120,0 (12000)

37,5 (3750)

ҚАРАҒАЙ

11,7 (1170)

11,7 (1170)

101,0 (10100)

41,5 (4150)

ТАЛ

12,2 (1220)

13,7 (1370)

87,0 (8700)

34,5 (3450)

ШЕТЕН

14,0 (1400)

15,0 (1500)

139,0 (13900)

50,0 (5000)


Енді әр түрлі ағаштардың қаттылығына тоқталалық

Қаттылық – түсірілген қысымга материалдың кедергілік қасиеті. Әртүрлі тәсілдермен анықталып, НВ қаттылық санмен есептеледі. Ағаштардың ылғалдылығы 15 болған жағдайда қаттылық сан Бринелль әдісі бойынша анықталып, 20С қатысты қаттылық физикалық тұрақтыларға жатпайды, бұл материялдың құрамымен құрылымына, оның термиялық және механикалық өнделуіне және температураға тәуелді күрделі қасиетке жатады. Сондықтан кесте келтірілген қаттылық сандардың мәндерін жуық шамамен алынған деп есептелінеді. Бринелль әдісі бойынша үлгіге, диаметрі 10 милиметр болат шарик 30 килоН жүк әсерінен қысым түсіреді, жүктеменің әсер ету уақыты 30 секунд. Қаттылық саны жүктеменің шарикте қалған орны беттік ауданына қатынасымен анықталады. Талшықтарға қатысты көлденең және бойлық ағаштық қаттылығы бірдей емес.

Киіз үйдің сүйегі арнайы өңделген үй ағаштан жасалады. Соның бірі кереге-киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды. Кереге жасау үшін шыбық талды кептіріп, оны қоламтаға (морға) төсеп, балқытып, арнаулы үлгімен нырақта қатырады. Үлгіге келген талды жонып, жұмырлап, жылғалап, жосамен бояйды. Көк өткізген жерін дақтап алып үскілейді де, түйенің мойын терісінен жасаған таспамен көктейді. Жосаланған үй ағашты дақтау кезінде керегені желкөз (көзі кең) немесе тор көз (көзі тар) жасау жағы ескеріледі. Кең көзді кереге (желкөз) түйеге теңдеуге жеңіл болғанмен, желге төзімсіз болады, ал тар көзді (таркөз) тиеуге ауыр болғанмен, желге берік боп келеді. Керегенің аяғы, басы, сағанағы (екінші қанатпен жалғанатын жері немесе босақамен байланысатын жері) болады.

Төрт қырлы ұшын қаламы деп атайды. Қалам шаңырақ тесіктеріне енгізіледі.

Киіз үйдің басты сүйегінің бірі – шаңырақ. Оның өзіндік физикалық технологиясы бар.

Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі. Ол шеңбер мен қайқылау иіп, айқастыра жасалған 8 күлдіреуіштен тұрады. Шаңырақ киіз үйдің шамасына қарай, көп қанатты үйлерде көлемді, төрт, алты қанаты үйлерде шағын болып келеді, 6 қанатты үйде шаңырағының диаметрі (135-140) сантиметр аумасында өзара бекітілген тең екі жарты шеңберден тұрады. Киіз үйдің сүйегі (кереге, уық, есік, т.б.) талдан жасалатын болса, шаңырақ жасауға, әдетте, тек қайың ағашы ғана пайдаланылады. Шаңырақ киіз үйдің еңсесін құрайды. Сүйегін өзара байланыстырып тұратындықтан, оның шеңберінің қалындығы 10 сантиметр және одан да қалың болып келуі шарт. Ені осындай тал ағашының табиғатта сирек кездесетіні белгілі. Халық қайың ағашын бойына шырыш – сөлі толық жиналған жаз айының ортасында кесіп алуға тырысқан. Кереге мен уықты жасайтын ағаш қабығынан аршылып, күннің көзіне әбден кептіріліп алынатын болса, шаңырақ жасайтын қайың ағашының қабығын аршып, көлеңкеде кептіреді де, қозға көміп, жұмсартады. Бұдан соң оны жонып, тезге салып, иіп, қажетті шеңбер пішініне келтіреді. Шаңырақтың шеңберлі жиегіне айнала уық өткізуге арналған көз жасалынып, күлдіреуштердің дөңес жағы үстіне қаратыла шеңберге бекітіледі. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Қазақ ұл – қызына бата бергенде Шаңырағы биік болсын деуі осыдан шыққан. Оны көбінесе тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен құрсаулайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық кіреді, түтін шығады.

Уық – шаңырақпен керегені байланыстыратын бөлшек. Уық та керегеге ұқсас әдіспен даярланады. Уықтың керегеге жақын бүгілісін иіні, ал шаңыраққа байланысар бөлігі қары дейді. Төрт қырлы ұшын қаламы деп атайды. Қалам шаңырақ тесіктеріне енгізіледі.

Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ауқымды келетін ұласымды өрнектермен оймышталып, есік беті нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металмен қапталады.

Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады. Оларды пісірілген ақ шаңқан кигізден пішіп, ою-өрнектермен безендіріледі. Туырлық-керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерде, үзік – кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты, түндік – шаңырақты, киіз есік – сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасайды. Шиыршықтап тұрып қоюға ыңғайлы. Алуан түрге боялған қой жүнін орлау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады.

Енді көңіл аударатын мәселенің бірі – конвекция құбылысы. Ол – жылу берілудің бір түрі, ал латын тілінен тасымалдау деп аударылады.

Конвекцияда энергия газдың (ауаның) ағыны арқылы тасымалданады. Ыстық плитаға немесе шамға тиіп тұрған ауа қызады да, ұлғаяды. Ұлғайған ауаның тығыздығы суық ауаның тығыздығынан кем болады, сондықтан жылы ауа қабаты суық ауаның ішімен өрлей жоғары көтеріледі.