Учебник для студентов специальности

Вид материалаУчебник

Содержание


Аа әр түрлі қатты денелердің жылу өтімділігінің t20С температурадағы (егер басқа температура көрсетілмесі) мәндері төмендегіде
Жүн киізі
Дымқыл жер
Кірпіш қабырғасы
Подобный материал:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Құрғақ ауаның қалыпты қысымдығы әр түрлі температурадағы тығыздымен байланысты

Т, К

, кг/м3

250

1,769

273,15

1,293

300

1,177


Өйткені жылы ауаға суық ауа тарапынан төменнен жоғары қарай әсер ететін Архимед күші жылы ауаға әсер ететін төмен қарай бағытталған ауырлық күшінен өте жақсы жылу оқшаулағыш болып табылады. Сонан кейін суық ауаның келесі қабаты қызады да, жоғары қарай көтеріле бастайды. Конвекция құбылысы өзіміз тұратын бөлмелерде де болып жатады. Жоғарыда айтылғандай жылы және суық ауа ағындарының өзара тасымалдануы киіз үйдің ішінде де болады. Сондықтан ыстық күндері киіздің төменгі жақтарын көтеріп қояды. Себебі ашылған жерінен салқындау ауа ағыны кіріп тұрады, ал жылынған ауа түндігі қайырылған шаңырақ арқылы сыртқа шығады. Конвекцияның осындай түрін табиғи конвекция деп атайды.

Таза ауасыз отынның жануы мүмкін емес екенін білеміз. Егер оттыққа, ошаққа ауа келіп тұрмаса, от сөніп қалады. Мұнда ауаның табиғи ағыны – түтін тартуы пайдаланылады. Түтін тартуды күшейту үшін оттықтың үстіне мұржа орнатады, ал киіз үйде шаңырақтың түндігін ашады немесе қайырып қояды. Отын жанғанда оның үстіндегі ауа қызады. Бұрын айтқандай, ауаның тығыздығы кемиді. Демек, ошақтағы және ошақ үстіндегі ауаның қысымы сыртқы ауаның қысымынан аз болады. Қысымдардың айырмашылығының салдарынан суық ауа ошаққа кіреді, ал жылы ауа жоғары көтеріледі де тартылу құбылысы пайда болады да, түтін шаңырақ арқылы далаға шығады.

Шаңырақтың күмбездігінің де өзіндік сыры бар. Шаңырақтың күлдіреуштерін 45 шамасындай айқастыра бекітетінің де физикалық түсіндірмесі бар. Біріншіден, күн сәулелері бір қалыпты, ұзақ уақыт киіз үйге жарық көзі ретінде қызмет атқарады, екіншіден, жаңбырдың тамшылары пісірілген киізге сіңбей, шаңырақтан домалап кетеді. Егер күлдіреуіштер 30-35-тай бекітілсе, онда тамшылардың түндіктен домалап кетуі баяу болады, сондықтан тамшылар киіздің ішіне сіңіп кетуі мүмкін. Ал егер күлдіреуіштерді 40-тан үлкен істеп орнатсақ, онда шаңырақтың ішкі шеңберінің диаметрі аз болады да, күн сәулелері үйдің ішіне нашар кіреді.

Жарықтың шағылу қасиеті де физикамен байланысты. Неге сықырлауықты, шаңырақты металмен қаптайды Ал киіз үйдің сыртқы әбзелдері ақ киізбен безендірілген

Табиғи жарық көзінің бірі – Күн. Адамның көзіне көрінетін күн мен сәуле шығару құбылысын жарық құбылысы деп атайды. Күн сәулесі ақ түсті заттардан шағылады, ал қара түсті заттар жарықты жұтады. Сондықтан, киізді ақ түспен бояғанда, киіз үйдегі ауа жылынбасын деген мақсат көзделді. Қапталған металдың да қызметі дәл осындай. Жылу оқшаулағыштар да физикалық роль атқарады. Оған киіз, түбіт, жүн, тері, кілемдер, ши, шым ши кіреді. Жылу оқшаулағыштар – суықты немесе жылуды нашар өткізетін заттар. Киіз – өте жұмсақ, бастырылған жүн. Жүннің талшықтарының арасында ауа болады. Шидің немесе шым шидің іші қуыс болатындықтан, яғни оның ішінде ауа орналасқандықтан, ол да өте жақсы жылу оқшаулағыш болып табылады.

Қалыпты атмосфералық қысымда ауаның жылу өтімділігін (әр түрлі температурада) дәлелдей көрелік

Т, С

Вт (мк)

-50

0,0204

-30

0,0220

-20

0,0228

-10

0,0236

0

0,0244

10

0,0251

20

0,0259

30

0,0267

50

0,0283


Сондықтан, киіз үйдің ішінде жазда салқын болып, қыста жылы болған.

Аа әр түрлі қатты денелердің жылу өтімділігінің t20С температурадағы (егер басқа температура көрсетілмесі) мәндері төмендегідей

ЗАТ

Вт/(мк)

МАҚТА

0,042

ҚАҒАЗ КИІЗІ (t20С)

0,057

ЖҮН КИІЗІ

0,062

ҚҰРҒАҚ АҒАШ

(талшықтарға көлденең)




ЕМЕН

0,20-0,21

ҚАРАҒАЙ

0,14-0,16

ДЫМҚЫЛ ЖЕР

0,67

ҚҰРҒАҚ ЖЕР

0,14

ҚЫЗЫЛ КІРПІШ

0,77

КІРПІШ ҚАБЫРҒАСЫ

0,67-0,87

ҚОЙДЫҢ ЖҮНІ (t0)

0,038

ЖҮН МАТА

0,052

ҚҰРҒАҚ АҒАШ

(талшықтарға бойымен)




ЕМЕН

0,35

ҚАРАҒАЙ

0,35-0,37