Радиостанция река (Израиль), программа «правильные новости», 05. 09. 09, Ведущая: юлия цодыкс, день конституции в казахстане 15

Вид материалаПрограмма

Содержание


Интернет-газета «Kitekinto» (Венгрия), 17.08.2009, КАЗАХСТАН ПРАЗДНУЕТ 14-ЛЕТИЕ СО ДНЯ ПРИНЯТИЯ КОНСТИТУЦИИ
Ата заңымыз – бақ-қуатты өмірдің негізі
Подобный материал:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

Интернет-газета «Kitekinto» (Венгрия), 17.08.2009, КАЗАХСТАН ПРАЗДНУЕТ 14-ЛЕТИЕ СО ДНЯ ПРИНЯТИЯ КОНСТИТУЦИИ


30 августа Казахстан будет отмечать один из самых важных праздников в истории независимости страны.

Именно в этот день в 1995 году на республиканском референдуме была принята новая Конституция. Этот документ в полной мере позволил определить основные права и свободы граждан, обеспечить равенство прав человека независимо от национальности, языка, социального происхождения, убеждений и вероисповедания, а также помог открыть новые горизонты для молодого государства в мировом сообществе.

Будучи основным правовым документом республики,  Конституция в то же время является одним из достижений демократического, правового, социального и светского государства, которым провозгласил себя Казахстан. В частности, значительно расширены полномочия парламента в формировании Конституционного Совета, в вопросах утверждения и контроля за исполнением бюджета, усилена его роль в вопросах формирования правительства. Таким образом, осуществлена передача части президентских полномочий парламенту.  

Прошли годы с момента ее принятия и страна вышла на новый этап своего политического развития. В стране прошли  масштабные конституционные реформы, создана политическая система, которая в основных параметрах соответствует всем общепринятым демократическим нормам.

Благодаря Конституции страну воспринимают как надежного и предсказуемого делового партнера. Подтверждением  этому служит тот факт, что Казахстан в следующем 2010 году будет председательствовать в Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе. 

С учетом возросшей значимости Дня Конституции, в марте 2009 года Парламентом были приняты поправки в Закон «О праздниках в Республике Казахстан», предусматривающие, в числе других изменений, придание Дню Конституции статуса национального праздника. Таким образом, нынешний День Конституции - всенародный праздник, его новый статус направлен на укрепление казахской государственности, упрочение стабильности и согласия в нашем обществе.

Необходимо отметить, что в этом году впервые на этот день запланирован военный парад на площади столицы, который станет центральным событием праздника, в нем будут участвовать парадные расчеты министерств обороны, внутренних дел, по чрезвычайным ситуациям, Комитета национальной безопасности, Республиканской гвардии. По площади пройдет военная техника, а в небе будут летать боевые  самолеты и вертолеты. Всего предполагается задействовать в параде более двух тысяч человек личного состава, 96 единиц вооружения и наземной военной техники, а также 40 единиц авиационной техники.

По мнению организаторов, независимость, суверенитет, государственность, свобода и права человека являются главными ценностями, и это отражено в Конституции страны. На страже этих ценностей должно стоять все общество, все казахстанцы, и в первых рядах должны быть Вооруженные силы.


Газета ««Қырғыз Туы», Әңгімелескен Назарбек БАЙЖІГІТОВ, 30 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ Б.Ө.ИСАБАЕВПЕН СҰХБАТ


Ата заңымыз – бақ-қуатты өмірдің негізі

-Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы, Сізді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен және Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтай отырып, Қазақстан үшін өте маңызды әрі атаулы саяси оқиға - Конституция күні қарсаңында осы Ата заңның халықтың тұрмыс-тіршілігіне тигізіп отырған ықпалы жөніндегі ойыңызды білгіміз келеді.

-Құттықтауыңызға көп рахмет. Жаңа жоғары дипломатиялық лауазымға тағайындалып, бауырлас қырғыз еліндегі Елші ретінде қызметке кірісуім еліміздің Ата заң күніне тұс келгені жақсы нышан деп білем.

Егемен Қазақстанда біршама қысқа мерзімнің ішінде екі Негізгі Заң тарих қойнауына кетті. Біріншісі бізге кеңестік кезеңнен еншімізге тисе, 1993 жылы қабылданған екіншісі, жасырары не, кешегі мен келешекті мәмілелестіруге тырысқан әрекет болатын. Оның ғұмырының қысқа болары да бесенеден белгілі еді. Экономика мен саясаттағы, адамдардың санасындағы түбегейлі өзгерістердің тездегені сонша, жаңа Конституция қабылдау қажеттігі айдан анық болды. Осы заманғы демократияның негіздері қалана бастаған бұдан екі жүз жылдан астам уақыт ілгері заңдар мен конституцияларға өзгерістер енгізе беруді онша құптай қоймаған Т.Джефферсонның өзі: "Заңдар мен адам институттары адамзат парасатының ілгерілеуімен ілесе, бірге жүріп отыруы тиіс" деп жазған.

Конституция – Қазақстанның өркені мен өрлеуінің негізі. Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден бір құжат та осы. Ата заңымыздың алдында барлық ҚР азаматтары бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз.  1995 жылы 30 тамызда республикамызды мекендеген барша ұлт пен ұлыстың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен еліміздің басты құжаты қабылданған. Бүгін сол Ата Заңымызға 14 жыл толып отыр. Бұл барша қазақтандықтардың үлкен мерекесі!

 Толықтырылып, жаңа қосымшалар енгізілген заң жобасы алдымен ел-жұрттың талқысына түскені жаңа тарихымыздан белгілі. Ел өміріне, жеке тұлғаға, тіл мен ділімізге қатысты құнды ұсыныстар жүздеп, мыңдап түскен болатын. Бәрі де халықаралық нормативке сай сараланды. Заң жобасы кемеліне келген соң өткізілген референдумда оны халқымыздың 90 пайызға жуығы қолдады. Бұл өте жоғары нәтиже.

Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа.

Әр азаматтың еркіндігі, таңдау мүмкіндігі, сенімі, бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде ғана саяси тыныштық орнайды.  Демократия дегеніміз ең алдымен қатаң тәртіп. Өзіңді, ортаңды, өмір сүрген қоғамыңды сыйлау, құрметтеу. Міне, Ата Заң бізге осы үлгі мен ұлы мақсаттарды ұсынып отыр.

Арада 14 жыл өткеннен кейін, Елбасымыздың көреген басшылығымен өзіміз алдымызға қойған міндеттерді іске асыра білдік деп айтуымызға әбден болады. Қазақстан қоғамы мемлекеттік биліктің заңнамалық атқарушылық және сот тармақтарынын ара жігін ажыратудың конституциялық күрделі міндетін шеше білді.

Өткен уақыттың ішінде Қазақстанда үкіметтік немесе парламенттік дағдарыстардың туындамағанын да айта кеткен орынды. Биліктің тұрақтылығы реформаларды жүргізудің жоспарлылығын, кезеңдерін, биліктің әр тармағындағы саясат сабақтастығын қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде коғамда саяси тұрақтылық, келісім сакталды.

-Алдымыздағы жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-да төрағалық етпекші. Бұл жоғарғы миссияны атқарушы мемлекетке үлкен талаптар қойылатыны белгілі, азаматтарының құқықтарының қорғалуы, халқының әл-аухатының жеткелеңдігі дегендей. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Конституциясының рөлі туралы бірер ауыз айтып берсеңіз.

Конституциямыздың кемелдігі мен қоғамымыздың демократияшыл екендігін дәлелдеген жайт – бұл Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы ЕҚЫҰ-ның шешімі.

ЕҚЫҰ Қазақстанның 2010 жылы төрағалық етуі шын мәнісінде тек Қазақстан үшін емес, бүкіл ТМД кеңістігі, соның ішінде Орталық Азия өңірі шеңберіндегі ұланғайыр оқиға. Бұл арада Ата заңымыздың баршаға берген жаппай теңдігі арақасында қалыптасқан ұлтаралық және дінаралық келісім үлгісі де аз рөл атқармағанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында еліміз сайлау, бұқаралық ақпарат құралдары және адам бостандықтарын кеңейту саласындағы заңнамада айтарлықтай жеңілдіктерге қол жеткізді.

Ең бастысы, кім екеніне қарамастан, әр адам Конституция қағидаларын қатаң сақтауға міндетті. Біздің бәріміздің заңды білуіміздін маңызы зор. Ал оларды орындауымыздын маңызы одан да зор. Онысыз біздің өркендеген мемлекет орнатамыз, елімізде тәртіп орнатамыз деген ниетіміздің бәрі бекер.

Мемлекет құру ісі - үздіксіз үрдіс, ол мемлекет канша өмір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек. Әлбетте, өмірдің өзі оған өзгерістер енгізуді, соның ішінде конституциялық өзгерістер енгізуді талап етуі ықтимал. Бірақ, бір мәселенін басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы өзі өмір сүрген он төрт жылдын ішінде өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді, нарықтық экономиканың негізін қалады, ондағы басты қағидалар бүгін де көкейкесті қалпында қалып отыр.

"Қазақстан-2030" стратегиясында атап көрсетілгендей: "Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді". Біздің еліміздің болмыс-бітімін бейнелейтін саяси тұрақтылық, ұлтаралық және азаматтық келісім көкейімізге Конституция рухының шындыққа айналғанын айқын дәлелдеп отыр.

Мұнда ең алдымен еліміздің жаңа бағытта даумына мүмкіндік берген жаңа Конституциямызды қабылдауда көрегендік танытқан Елбасымыздың ерен еңбегін атап өтуге тиіспіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев – қазіргі таңда Қазақстан халқының ұлттық лидері ғана емес, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі аса беделді ірі саяси тұлға. Шешуші кезеңдерде ұлт өз лидерін шығарады, ұлт лидері мемлекетті құрады және ұлтты қалыптастырады. Бұл пікірде ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Өйткені, елі соңынан ерген лидер өзінің тарихи миссиясын қоғам өзін мойындаған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Ұлт лидерінің іс-әрекетін, харизмасын күнделікті көріп, сезінетін халық өскелең әлеуметтік-саяси жағдайда өмір сүреді. Қазіргі Қазақстан жағдайында дәл осы үрдіс бар. Нұрсұлтан Назарбаев өзіндік ерекшеліктері бар, сирек кездесетін ұлт лидері ретінде танылды және Қазақстанның жас мемлекеттігін сақтау және дамытудың кепілі ретінде мемлекет пен оның халқының тағдыры үшін барлық жауапкершілікті толық мойнына алып отыр.

-Сіз сөзіңізде Конституцияның нарықтық экономиканың негізін қалауда маңызының зор болғанын айттыңыз. Енді қазіргі жағдайда, әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасын қалай сипаттар едіңіз. ЕлбасыН.Назарбаевтың тапсыруымен жасалған Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы өз діттегеніне жетті ме?

- 2009 жылдың 3 тамызында Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің қаржы секторы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында мемлекет басшысына елдегі макроэкономикалық ахуал, шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру, сыртқы қарыздарды бақылау, зейнетақы жинақтаушы қорларының қызметі, елдің қор нарығын дамыту мәселесі туралы баяндалды.

Осы есеп беру кезеңінде инфляциялық үдерістердің бәсеңдеу үрдісі байқалды, атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта инфляция деңгейі 3,9 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға төмен. Ұлттық банк банк секторын тұрақтандырууда жақсы әрекеттерді жасауда.

Сонымен бірге, әрине, қолданудағы үш жылдық мемлекеттік бюджет ел қажеттілігіне қарай жасақталуда. Бұл жайында осы тамыз айының ортасында Бурабай маңында Үкімет мүшелерімен өткізген кеңесте Елбасымыз қадап айтты. Әлемдік дағдарыс ішкі жағдайларға салдарын тигізіп отырған мезгілде, қазақ айтқандай, «көрпеңе қарай көсілу» керек. Ендеше қолдағы барды ұсынақты пайдаланған тура.

Жалпы алғанда әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы дағдарыстық үдерістердің беті қайтып, ел экономикасы енді былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсуге бет бұрды. Бұл жайында ү.ж. тамыздың ортасында Бурабайдағы кеңесте Елбасымызға есеп берген экономика министрі де мәлімдеді. Яғни, қазір енді дағдарыстан кейінгі даму туралы айтуға толық негіз бар, өйткені 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша бір жарым – екі есе өсім анық байқалуда.

-Елші мырза, осы сырттан келген дағдарыс екі елдің экономикалық қарым-қатынастарына кері әсер еткен жоқ па?

-Бұл сауалыңыз орынды. Дағдарыс әрине Қазақстанның өзге мемлекеттермен сыртқы сауда айналымына ықпал етті деуге болады. Алайда, Қырғызстанмен екі жақты қарым-қатынастарға дағдарыс соншалықты теріс әсерін тигізді деу артық болар еді. Біздің банкілеріміз бұрынғыша Қырғызстан экономикасына қаржы салуда. Қызыл-Қияда Қазақстан инвестициясы есебінен жаңа цемент зауыты іске қосылды. Қырғызстан Премьер-министрі И.Чудиновтің ү.ж. маусым айындағы сапарының қорытындысы бойынша еларалық инвестициялық қор құру мәселесі түпкілікті шешілді. Қазақстандық инвесторлар баяғысынша шетел инвестициясы жөнінен бастапқы орында.

Әрине, алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы сауда айналымында бәсеңдік байқалады. Айталық, Қырғызстан статистика органының мәліметі бойынша ү.ж. қаңтар-мамыр айларында екі жақты тауар айналымы $156,4 млн. АҚШ долларын құраған. Атап айтқанда, экспорт 30,9 млн. және импорт 125,5 млн. Бұл пайыздық мөлшермен шаққанда былтырғы осы кезеңмен салыстырғандағы көлемнің 70-ке жуық пайызын құрап отыр. Дегенмен, жарты жылдықтың нәтижесі бізге әзір белгісіз екенін ескерсек, әрі жыл аяғына дейін уақыт бар екені жөнінде ойласақ, онда бұрынғы межеден көрініп те қалармыз деген үкілі үмітіміз де жоқ емес. Өзіңіз білесіз, Қырғызстан Президенті Қ.Бәкиевтің 2008 жылдың көктеміндегі Астана қаласына ресми сапары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев екі елдің арасындағы сауда айналымын миллиард долларға жеткізу мүмкіндігі бар екендігін баса айтқан болатын. Ендігі міндет Президентіміз қойған талап үрдісінен шыға білу. Қалай болғанда да екі елдің арасындағы алыс-беріс арта түспесе, кемімек емес.

-Елші мырза, Сіздің біздің елдегі дипломатиялық қызметіңіз сәтті басталды. ОДКБға мүше мемлекеттердің басшыларының бейресми саммитін Қазақстан тарабынан ұйымдастырудың басы-қасында болдыңыз. Әдетте, журналисттер сұхбаттасатын кісісі туралы мәліметтерді алдын-ала жинап алады емес пе. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың тарихына көз салсақ, елшілердің ішінен Сіз кәсіби дипломат екенсіз, әрі осы қызметтің алдында Қазақстан Президенттің баспасөз хатшысы болыпсыз, осыған орай Сіздің тағайындалуыңыз екі жақты одақтас қатынастарға бұрынғыдан да ерекше мән беріліп жатқандығынан хабар беретін сияқты. Сондай-ақ, оқырмандарымызға Қырғызстанға келгеніңіздегі алған алғашқы әсерлеріңіз, басып өткен өмір жолыңыз туралы баяндап берсеңіз деймін.

- Алдымен жылы сөздеріңізге рахмет. Мен Қазақстандағы жұмбағы мол, ғажайып көл - Балқаш маңында туып-өстім. Күні кеше бейресми Саммит кезінде Ыстықкөлді көріп, сол баяғы балғын балалық шағым есіме түсті. Қырғыз елінің таулы табиғаты маған ерекше әсер етуде. Ал енді Ыстықкөлдің келешекте әлемнің туризм орталығына айланарына күмәнім жоқ.

Өмір тарихыма қысқаша тоқталсам, еңбек жолымды кәсіби журналист ретінде бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтерде болдым. Кейін мемлекеттік қызметке шақырылып, түрлі деңгейдегі лауазым қызметтерді атқарған болатынмын. 1999 жылы ҚР СІМ жанындағы Дипломатиялық академияны тәмамдағаннан кейінгі істерім отандық дипломатиямен тығыз байланысты. Соңғы жеті жылда Қазақстанның Пәкістандағы және Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқардым. Қырғызстанға дейінгі лауазымым әлгінде өзіңіз айтқандай сізге белгілі. Бұл кез мен үшін үлкен өмір мектебіндей. Осы мезгілде Ел Президентінің қызметін жақынырақ таныдым.

Жеке қызығушылықтарыма келсем, ол бос уақытқа байланысты. Аптасына бір рет болса да футбол ойнағанды жаным сүйеді. Бір құмар істерімнің бірі - кітап оқу. Қырғызстанға келгелі «Манасты» көбірек оқуға мүмкіншілік болуда. Әсіресе, Қырғыз әдебиетіндегі Ш.Айтматовтың орны ерекше деп білемін. Біз оның шығармаларымен сусындап өстік. Ол шын мәнісінде адамзаттың Айтматовы атануға лайық алып тұлға. Шыңғыс ағамызды бұрыннан білетін мен, былтыр, 2008 жылдың сәуір айында онымен өкінішке қарай, соңғы рет жолығысқан екенмін! Ол кезде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі орынбасары міндетін атқарған уақытым еді. Елбасымыздың тапсырмасымен Алматы қаласында әлемге әйгілі жазушы ағамыздың Қазақстандағы мерейтойлық іс-шараларының шымылдығын ашуға мұрындық болғанмын. Шын риза болған Шықаң, кейін менімен ұзақ сырласып, өз алғысын білдірді, бізге бауырластық сезімін жасыра алмай, қазақша жыр жырлады, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бірақ мақсаттарының орындалуына кенеттен болған сұм ажал кедергі болды, маусым айында Шыңғыс ағамыз аурудан көз жұмды. Енді арамызда жоқ заманымыздың заңғар жазушының шығармалары бізге серік, әрі көңілге демеу. Шыңғыс Айтматов туындылары алып мұхиттағы мұзтау секілді ғажап құбылыс. Оны қайталап оқыған сайын өзіңе жаңа тін табасың. Байқасаңыз, Шыңғыс ағамыздың шығармаларындағы тағы бір ерекшелік онда қазақ даласындағы оқиғалар көбірек сөз болады. Бұның себебі неде, меніңше екі бауырлас елдің ғалымдары аталған мәселені шын зерделегені жөн. Өз басым да келешекте жас ғалымдарды жинап, сөз болған феномен жөнінде ақылдасу ойымда бар.

Өйткені Шыңғыс Айтматов шын мәнісінде жаңа қырынан таныла беретін алып жазушы, теңдесі жоқ әлемдік талант!

-Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы, биыл 85 жылдық мерей тойын белгілегелі отырған Қырғызстаннның тұңғыш ұлттық газетіне алғашқы сұхбатыңызды бергеніңіз үшін өзіңізге ризашылығымызды білдіре отырып, «Қырғыз Туы» газетінің ұжымының атынан тағы бір жолы Сізді және Сіз арқылы барша Қазақстан жұртшылығын Конституция күні мерекесімен шын ділден құттықтаймыз !

-Мүмкіншілікті пайдаланып, біздің төл мейрамымызға ілектес тойланатын Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күнімен барлық қырғызстандықтарды құттықтаймын! Сіздің басылымның мерейтойы құтты болсын, дей отырып, той тойға ұлассын! Туысқан қырғыз халқына гүлдену мен өркендеуді тілеймін. Қырғызстан Президентін ұлықтау кезінде Елбасымыз айтқандай: «Біздің қырғыз еліне деген ықыласымыз – Шоқан мен Мұхтардың Манасқа деген пейіліндей. Біздің достығымыз – Жамбыл мен Тоқтоғұлдың достығындай. Сондықтан біз қырғыз бауырларымыз қуанса сүйінеміз, мұңданса күйінеміз».