Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ»

Вид материалаДокументы

Содержание


Студенттердің өзара әрекеттестігі мен тұлға аралық қарым-қатынасын тәрбиелеудегі дене шынықтыру және спортық іс шараларыдың мүмк
Ж.Д. Тойлыбаева
Қр педагог кадрларын дайындаудың
Пайдаланылған әдебиеттер
Подобный материал:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Е.Б. Омаров

Астана, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ МЕН ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТЫҚ ІС ШАРАЛАРЫДЫҢ МҮМКІНДІГІН АНЫҚТАУ


Жастардың өзара кәсіби әрекеттестігі мен тұлға аралық қарым-қатынасын оңтайландыру үшін педагогикалық тәжірибеде дене жаттығуларын қолданудың қалыптасқан тәжірибесі бар [1]. Сонымен бірге, бұл тәжірибе ғылыми зерттеулер жиынтықтарының нәтижесіне негізделмей, көбіне эмприкалық сипатқа құрылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты дене шынықтыру және спортпен айналысуда студенттердің тұлға аралық қарым-қатынастары мен ұжымдық өзара әрекеттестігін дағдыландыруды құруда туындайтын шарттар мен мүмкіндіктерді зерттеу ең өзекті мәселе болып табылды.

Алға қойған мақсаттың нәтижесіне жету үшін педагогикалық эксперимент топтамасы жоспарланып және жүргізілген. Соның нәтижесінде келесі ғылыми болжамдар (жорамалдар) тексерілді.

Біріншіден, студенттердің оқу ұжымындағы алғашқы қалыптасу кезеңінде, олардың өзара жеке тұлға аралық байланысын ықпалдастыруда, бастапқы ынтымақтастықтары мен өзара түсіністіктерін нығайтуға мүмкіншілік туғызатын ең тиімді тәсілдер қатарына дене шынықтыру мен спорттық әрекеттер арқылы біріккендігі деп жорамалданды. Бұл осы саладағы қарым-қатынас қозғалыс белсенділігін біріктіретін аса қажетті әрі маңызды фактор болып қана табылмай, эмоция мен ақпарат алмасуға міндетті болып, ұжымдағы психологиялық климат пен студенттердің өзара әрекеттерінің байланысын басқару элементтерін құрайды. Осындай өзара әрекеттестіктің арқасында студенттер арасында ынтымақтастық пен түсіністік пайда болып, дамиды.

Екіншіден, ұйымдастыру барысында студенттердің спорттық және дене дайындық деңгейлері ең басынан бастап салыстырып есепке дұрыстап алынбаған жағыдайда, бірлескен спорттық-ұжымдық және жарыстық қызметтер кей жағдайда студенттердің қарым-қатынастарын жақындастыруын баяулатуы мүмкін. Педагогикалық түзетулер спорттық-көпшілік жұмыстар мен жаттықпа сабақтардың жүргізілу әдістері мен ұымдастырылуына жасалды. Негізгі акцент оқу-тәрбие үрдісіне студенттердің белсенді қатысуларын қамтамасыздандыратын әдістемелік амалдар мен әдістерді қолдануға көңіл бөлінді.

Осыған байланысты тәрбиелеу әсерін басқаруға екі топ тәсілдер ерекшеленді.

Бірінші топ өздерінің жеке дайындығына жауапкершілігін жоғарлатып, өз курстастарының жетістіктеріне қамқор болу тәрбиесін мойнына алып, ұстаздардың мадақтауын жиі алатын жалпы педагогикалық тәсілді игерген.

Екінші топ спорт пен дене шынықтыру қызметтерін біріккенін сипаттайтын педагогикалық жағдай мен әдістемелік амалдан тұрды. Бәрінен бұрын мұнда екінші бір студент ұжымының мүшелерімен жарысқанда топтың бәрі өздерінің бір немесе бірнеше командалас мүшелерінің жетістігіне жанкүйер болғандағы ортақ жарыстардағы жағдайын, өзге студенттермен өзара әрекеттестікте жеңілген сәттерде тұлғаның өз ойының шартына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсілдерді жатқызуға болады.

Қолданылған барлық әдістер мен әдістемелік тәсілдер негізінен сынаққа алынушылардың спорт пен дене шынықтыру қызметтерін сипаттаудан туындайтын белгілі бір функцияларын орындап, тәрбиелеу міндетінің шешімін табуға бағытталған.

Бұл функциялар келесідей көрсетілген.

1.Студенттер қарым-қатынасының нормасы туралы түсінігі мен пайымы, жылжымалы әрекетті тікелей үйренуге байланысты әрі жетілдіре түсу үстіндегі білімі қалыптасты, нақтыланды және бекітілді.

2. Қиындатылған тапсырмалар мен жаттығулардың шешімін табудың алдында жағымды көңіл-күйге икемделу құрылды.

3. Орындағанда тәуекелге бел байланған жаттығулардағы қиындықтарды жеңуге ынталандырылды. Серіктестерінің қолдауы мен өзара көмектесуі құпталды.

4. Спортпен айналысушыларға машықтану жұмысы мен оқудың қажетті шарттарын уақытылы орындауға, тәртіптілікке, жинақылыққа дағдыландырылды.

5. Студенттер әріптестермен бірге ұжым болып жұмыс істеуге қосылып, үлкендерді құрметтеуге, қоғамды сыйлауға және өзара сыйластыққа үйреніп, ұжымның жұмысына белсенді араласуға дағдыланған.

Бұдан, дене шынықтыру шаралары мен тәрбиелеу әдістерінің үйлесімінен педагогикалық бақылаудың келесі формалары анықталды:

1) дене жаттығулары мен тапсырмаларын алдын ала орындауы;

2) жаттығулар мен тапсырмаларды уақытында орындауы;

3) жылжымалы әрекетіне сай қорытынды орындауы.

Барлық осы формалардың бәрінен эмоционалды-ынталандырушы, тәрбиелеу мен білім беру, әрекеттілік пен бақылаушы функциялары пайда болды.

Спорт пен дене дайындығын тәрбиелеудің маңыздылдығын бағалауда спорт пен дене шынықтыру қызметінің өзіне тән кейбір ерекшеліктеріне талдау жасаған дұрыс. Бұл жерде дене шынықтыру түрін анықтау, сонымен қатар, студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасу қасиеттеріне спорт түрлерінің әсері мен студент ұжымында тұлға аралық әрекеттестігін жетілдіруі туралы сөз болуда.

Студенттердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасында оқу пәндері, таңғы дене жаттығуы, спортпен шұғылдану сияқты түрлерімен ерекшеленеді.

1-3 курс арасында 422 студентке, 73 спорт пен дене шынықтыру мамандарына, яғни оқу орнының оқытушылары мен спорт жаттықтырушыларына жүргізілген сауалнаманың қорытындысы мен талдау нәтижесінің негізінде студенттер ұжымындағы тұлғаның өзара әрекеттестігі мен студенттің тұлға болып қалыптасуын тәрбиелеуде дене шынықтырудың әр түрі маңызды әсері ететінін анықталды.

Сұрақ жүргізілген студенттердің 55 % дене шынықтыру түрі жетекші рөл ретінде спорт секциялары сабақтарында жақсы көрсеткіштерге жетіп, өзара қарым-қатынаста тұлға аралық әрекеттестік дамуына әсер етеді деп белгіленді. Сұралған студенттердің 40 % дене шынықтырудың негізгі түрінде тәрбиелеудің міндеттерін сәтті шешетін оқу мен айналысуда деп есептейді. Тек сұралған студенттердің 4 % ғана таңғы дене жаттығуына басымдылық танытады.

«Дене шынықтырудың қай түрі тұлға аралық әрекеттестік пен қарым-қатынасты жетілдіруде жеңіл мүмкіндік туғызады?» – деп сұралған сұраққа дене шынықтырудың мамандары спорттық жұмыстарға – 51%, оқу пәндеріне – 34 %, дене шынықтырумен өздігімен айналысатындарға – 6%, таңғы дене жаттығуына – 5% дауыспен жауап берді.

Осыған байланысты спорт пен дене шынықтыру қызметтерін тұлғаны тәрбиелеу амалы ретінде қарастырғанда жеке спорт түрлері мен сайыстық жаттығулардың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін талдап-саралу маңызды болып табылады.

Ұксас жағдайда, [2] пікірінше, ғылымда зерттеліп жатқан объектілерді бір немесе бірнеше ең маңызды белгілері бойынша салыстырып, сонан соң оларды белгілі бір топқа немесе класқа біріктіруге негізделген әдіс қолданылады. Бұлай топтастыру объектердің арасындағы байланысты және олардың даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі, негізделген болжамдар мен практикалық ұсыныстарға жалпы қорытынды жасайтын тұжырнама бола алады.

Джамагаров Т.Т. [2] ұсынысының негізі спорт түрлері мен сайыстық жарыстарды психологиялық саралауда салыстырылып, топтастырылған зерттелуші объектілерден спортшылардың өзара әрекеттестігі таңдалды. Оның негізгі екі түрі анықталды: қарсыласқа қарым-қатынасы – тайталастық (бәсекелестік), серіктеске – өзара әрекеттестік (ынтымақтастық).

Қарсыласқа деген өзара тайталастық, бәсекелестік қарым-қатынасы сияқты, өзара бірге әрекеттесетін серіктестердің ортақ мақсаты бар күштерін спорттық жеңіске жетуге арнайды.

Біз спорт түрлері мен сайыстық жаттығуларды топтастырғанда спортшылардың өзара әрекеттестіктерінің арасындағы ерекшеліктері мен өзгешеліктері төрт түрлі топқа бөлінді.

Спорттық жаттығулар мен спорт түрлерінің бірінші тобына оқу-жаттығу жиыны мен жарыстық әрекеттерде өз-ара бірігіп жұмыс істеуді талап ететін тұлға аралық әрекеттестігі жоғары деңгейдегі қатысушылар кірді. Бұған топтық және жұптық акробатика, конькиде мәнерлеп сырғанау (жұптық сырғанау және мұз айдынындағы би), ескек есу (жалғыз есуден басқа) топтық ізге түсу жарысы (велосипед спорты), желкенді спорты сияқты барлық топтық спорт ойындарының түрлері жатады.

Спорттық жаттығулар мен спорт түрлерінің екінші тобына өзара бірігіп қызмет ететін қатысушардың әрекеттестігі кіріп, орта деңгейде сипатталады. Спорттың бұл түрінде не жаттығу сабақтарында, не жарыс кездерінде спортшылар арасындағы байланысу мүмкіндіктері қарастырылады (мысалы, секірмелі акробатикада, гимнастикада көрсетілетін көмек пен сақтандыру). Бұл топқа әр қатысушымен жеке орындалатын, бірақ берілген тапсырманы орындауды синхронды талап ететін спорт жаттығуларын да қостық (синхрондық жүзу, батутта синхронды секіру т.б.

Үшінші топқа қызмет шарттары анықталған студенттердің тұлға аралық әрекеттесуінің шектелген деңгейдегі спорт түрлері жатқызылды (жеңіл атлетика, жүзу, спорттық болжалдау, шаңғы мен жүгіру, биатлон, ату, велоспорт, ауыр атлетика, ирлік спорт т.б.). Аталған спорт түрлерінде спортшының көбіне жекеше әрекетін немесе біріккен-дара сипаттын көрсетеді.

Төртінші топқа спорттық жекпе-жек кіреді (бокс, күрестің барлық түрі, контакты жекпе-жек, семсерлесу, теннис, бадминтон – жекеленген разряд). Жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың психикалық белсенділігі қарсыласқа деген басқыншылық әрекетімен сипатталады. Оқу-жаттығу сабақтарында топтағы жолдастар жиі сапринг-серіктестік рөліне кіріп, өз араларындағы әрекеттестіктерінің қыр-сырын анықтайды.

Биодинамикалық, биоэнергетикалық және басқа да жарыстық жаттығулар мен спорт түрлерін қамтитын әртүрлі топтағы спортшылардың қызметтерінің ерекшеліктерінің маңыздылығына қарамастан әлеуметтік-психологиялық тұрғыда біріктіретін ортақ қырлары бар. Бұл серіктестер әрекеттестіктерінің ең мәнді параметрі болып дәлелденді.


Ұсынылған мәліметтерді бақылап, талдауда оқу-жаттығу үрдісінде студент-спортышылардың қызметі тұлға аралық әрекеттестік пен қарым-қатынаста шектеу қойылған спорттың дараланған түрі тәрбиелу міндетін атқаруда жағымды мүмкіндіктер туғызбайтынын көрсетті. Спорттық жаттығуда жеке-дараланған машықтандыру ілгерілеуге алып келетіні сөзсіз.

Дегенмен, спорттық тұрғыдан ғана емес, тәрбиелу қырындағы қызметпен қарағанда [3] бұл принципті асыра сілтеп қолдану, жеке-дара айналысу жекешілдіктің пайда болуына әкелетін жағдай екенін, яғни спорт ұжымын ырықсыз дезинтеграцияға әкелуі мүмкін деген пікіріне қосылмауға да болмайды. Тәрбиелеуде шешуші фактор спорттық-техникалық әректтестік емес, спорт түрлерінің әрқилылығына қарамастан топтағы ұжымдық қарым-қатынастың пайда болуы немесе болмауы педагогикалық басқарудың дәрежесіне байланысты деген сенімді зерттеуіне қарамастан, қатысушылар қызметінің үлкен сабақтастығы қарым-қатынастың қарқындап, эмоциялы байланыстың ұлғаюына әкеледі, жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірінше, дұрыс жүргізілген педагогикалық басқару студент ұжымына қажет адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Осыдан жеке және субъективті қарым-қатынастың құрылуының ауысуында, олардың интериоризациясына психологиялық шарттар туындайды. Тұлғаны айқындайтын мінез болып, олар жаңа шарттарға тез әрі сәтті бейімделуге мүмкіндік туғызып, соңында жаңа әлеуметтік ортаға айнала алады. Сонымен қатар, бақылау нәтижесі спортта студенттердің ортамен тіл табысуын қиындататын агрессивті, талаптану уәжінің шектен тыс шығуы сияқты жағымсыз ықпал кездесетін тұстарының бар екенін көрсетеді.

Қорыта келгенде, біздің зерттеуіміздегі студенттер ұжымына жағымды психологиялық атмосфера мен қарым-қатынаста өзара жолдастық көмек туғызуға қосқан үлестің қорытындысы, спорттың әр түрлерінде қатысушылардың спорттық қызметінің сабақтастықтығы жоғары деңгейдегі өкілдерінің көбеюіне соқтырса, ал спорттық жекпе-жек пен жекеленген спорт түрлері өкілдерінің азаюына әкелді.


ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Щеголев В.А. Физическая культура и спорт в воспитании студентов. -Великие Луки, 1999.-52 с.

2. Джамагаров Т.Т. Психология физического воспитания и спорта.- М., 1979.-С. 18-28.

3. Шедрин Ю.Н. Развитие лидерских качеств у курсантов военно-учебных заведений в процессе физкультурно-спортивной деятельности: Автореф. дис. докт. пед. наук. – СПб., 2003. -49 с.


РЕЗЮМЕ

В данной статье приводятся материалы спланированных и проведенных серии педагогических экспериментов, в ходе которых проверялись гипотезы для решения поставленной задачи. Рассмотрены наблюдение и анализ представленных данных которые показывают, что деятельность студентов-спортсменов в учебно-тренировочном процессе по индивидуальным видам спорта при условии ограниченности их межличностного взаимодействия и общения не способствует созданию благоприятных возможностей для решения воспитательных задач. Доказаны индивидуализация тренировочного процесса, как воплощение принципа индивидуального подхода, которая является для спортивной тренировки явлением прогрессивным.


ANNOTATION

This article describes the materials planned and carried out series of teaching experiments, during which tested a hypothesis to solve the problem. We consider the observation and analysis of the data, which show that the activities of student-athletes in a training course on individual sports, subject to the limitations of their interpersonal and communication is not conductive to creating opportunities for solving educational problems. Proved individualization of the training process as embodiment of the principle of individual approach, which is for sports training progressive phenomenon.


Ж.Д. Тойлыбаева

Шымкент, З. Космодемьянская

атындағы № 23 мектеп – лицейі


И.А. Тұтқышбай

Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ

ҚР ПЕДАГОГ КАДРЛАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ


Қазіргі кезең талаптарына сәйкес ғылыми – педагогикалық мамандарды дайындау мәселесі Қазақстанның өндірістік-инновациялық дамуының мемлекеттік стратегиясын, Елбасының «Қазақстан жедел экономикалық-әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты халыққа Жолдауын, Еуропа аймақтарында ішкі білім беруге қатысты Лиссабон Конвенциясын қабылдау арқылы жүзеге асыруға байланысты ең өзекті мәселеге айналды.

Қазіргі кезде көптеген мектептер 3 сатылы білім беру жүйесімен жұмыс істейді.

І сатыны құрайтын бастауыш мектепте қалыптасу, өзін - өзі бақылау дағдысын арттыру, дүниетанымын ұлғайту, мемлекеттік білім беру қалпын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Негізгі мектеп саналатын ІІ сатыда мемлекеттік білім беру қалпын қамтамасыз етумен қатар, адам туралы, өзара қарым – қатынас туралы танымды кеңейту, жүйелі ойлау дағдысын дамыту, ұлттық мәдениетті арттыру қарастырылады.

Кәсіптік мектепте (8-11 сынып) мемлекеттік білім беру қалпын қамтамасыз ету, терең білім беруді ажырату және шоғырландыру, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, өзгермелі жағдайға қабілеттіліктің қалыптасуын дамыту, шығармашылықта өзін - өзі қалыптастыру дағдысын арттыру міндеттері жүктеледі.

ҚР Үкіметі білім беру жүйесін Қазақстанның әлемдік кеңістігіндегі білім беру интеграциясына бағытталған реформа енгізді: жоғары буын оқушыларына кәсіби білім беруге негізделген 12 жылдық оқытуды ендіру, ҰБТ мен МАБ түріндегі тәуелсіз ішкі бақылау ендіру, білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жасау.

ҚР Ғылым және Білім Министірлігі мұғалімдердің біліктілігін көтеру бағытында халықаралық және ТМД елдері ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Осы тұрғыда 2010ж өткен ТМД елдері мұғалімдерінің І съездерін атап өткен жөн.

ҚР Ғылым және Білім Министірлігі мұғалімдердің қазіргі заманауи білім беру технологияларын ендіру, шетел тәжірибесін таратуға икемді жаңа бірлескен институт құру, білім беруді дамыту бағытында білім беру жобалары бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазіргі кезде алыс және жақын шетелдің 40-тан астам елімен халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Қазақстан азаматтары 40-тан аса әлем елдерінде білім алып, жылдан жылға ынтымақтастық аясының географиясы кеңейіп келеді. Олардың шетелде білім алуы «Болашақ» бағдарламасы, халықаралық білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, шет мемлекеттері үкіметі мен халықаралық ұйымдардың шәкіртақысын иемдену бағыттары бойынша өрбіп келеді.

Қазіргі кезде шетелде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 17 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасының арқасында мыңдаған қазақстандық білім алуда. Шетел университеттерінде білім алуға жыл сайынғы гранттар бөлу жолымен кадрлар дайындауды ұйымдастыруда үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ҚР Ғ және БМ халықаралық ЮНЕСКО, АСТР/АССЕLS ПРООН, АҚШ ақпараттық қызметі, СОРОС қоры, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), халықаралық зерттеу бойынша Америкалық Кеңес (TRCX) Қазақстандағы Британдық Кеңес, Германиялық академиялық тәжірибе алмасу қызметі (ДААД), Штутгарт қаласы Хоенхайм университетімен ғылыми тәжірибелік тағылымдамалар т.б. Францияның мектеп және университет бағдарламаларының ұлттық орталығы бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.

Сонымен бірге ҚР Болон процесіне қатысушы – елдердің білім беру жүйесімен қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің жақындасуы бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіп келеді.

Болон Декларациясына қосылу бойынша жұмыстың негізгі бағыты ҚР Президентінің жарлығымен білім беруді дамытудың 2005-2010, 2010-2015 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасында көрініс береді.

Педкадрларды дайындау, біліктіліктерін жоғарылату және қайта дайындау бойынша ұсынылады:
  • Алдыңғы қатардағы университеттер базасында педкадрларды дайындау, біліктіліктерін жоғарылату және қайта дайындау жүйесін қалыптастыру және одан әрі дамыту
  • Оқытудың вариативтік моделін құруға арналған педагогикалық мамандардың білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту
  • Педкадрлардың үздіксіз және психологиялық-педагогтік тәжірибесі дайындығының бағдарламасын оқытудың барлық кезеңіне ендіру
  • Пән мұғалімдерін екінші мамандыққа қысқартылған оқыту бағдарламасы, оның ішінде мемлекеттік, шетел және ана тілі, информатика, психология бойынша қайта дайындау
  • Келешек педагогикалық тәжірибеден өтетін 3 айдан 1 жылға дейінгі пед өтілі бар мұғалімдердің дайындық деңгейіне тәуелсіз кәсіби бағалауды ендіру
  • 12 жылдық мектеп жұмысы, мектепке дейінгі ұйымдар, арнайы, қосымша, жалпы және кәсіби білім беру жұмысы үшін педагогикалық мамандықтар бойынша мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырысты арттыру
  • Педагогтар мен педагог басшыларды аттестаттау және қайта аттестаттаудың жаңа жүйесін жасау, мұғалімдердің педагогикалық қызметін сертификаттау
  • Педагогтарды жұмысқа ынталандыру механизмін жетілдіру және олардың жергілікті жерлерде тұрақтануын бекіту
  • Білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиясындағы және оқыту әдістеріндегі өзгерістерді есепке ала отырып, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог басшыларының біліктілігін көтеру және қайта дайындау ісін жүзеге асыру
  • Білім берудегі менеджмент бағдарламасы бойынша білім беру ұйымдары жетекшілерін дайындауды жүзеге асыру
  • Жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық келісімдер мен бағдарламалар негізінде мемлекеттік ЖОО мұғалімдерін қайта дайындау және біліктілігін көтеру.

Оқыту бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды меңгерген, ізденімпаздық, зерттеу және шығармашылық дағдылары бар, ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологиясын білетін көптілді мұғалім дайындауға бағытталады.

Жыл сайын 54 мың педагог, оның ішінде 31 мың педагог мемлекеттік бюджет есебінен мұғалімдердің біліктілігі арттырылады.

Жоғарғы және ЖОО – нан кейінгі білім беру жүйесі жоғары біліктілікті бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалармен несиелік жүйеде оқытуға дайындауға толық өтуді жүзеге асыратын болады. Орта көрсеткіші – 40%-ды құрайды.

Біліктілікті көтеру институттары білім беруді дамыту орталығы статусына өтеді. 2011 ж мемлекеттік білім беруді дамыту орталықтарымен қатар бәсекеге қабілетті мамандар дайындаумен және қайта дайындаумен айналысатын жекеменшік орталықтар да жұмыс жасайды.

Қазақстанда білім берудегі маңызды үрдістердің бірі интеллектуалдық капиталдың адами және басқа да түрлерін меңгеру болып табылады.

Тағы бір үрдістің түрі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы жариялылықты нығайту, білімді дифференциациялау, бәсекелестіктің жаңа түрлерінің дамуы, түрлі деңгейдегі субъектілердің білім беру өзара әрекеті.

ЖОО-нан кейінгі білім берудің мақсаты жоғары білікті ғылыми және ғылыми педогогикалық кадрлардың дайындығы бұл бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарын қалыптастыру арқылы ұлттық экономиканы дамыту тұрақтылығы мен динамикасына әсер ететін еліміздің интеллектуалдық капиталы өндірісінің айтарлықтай маңызды шешімі болып табылады.

Білікті ғылыми кадрлар өндірісінің тағы бір негізгі түрі-магистратура мен аспирантура және докторантура. Магистратура, аспирантура, докторантура Болон процесі үрдісіне сәйкес білім беру және ғылыми зерттеу кеңістігінің бірыңғай базасында жоғары білікті кадрлар өндірісі инструкциясы ретінде қарастырылады. Білімге негізделген постиндустриалдық қоғам мен экономика жағдайында үздіксіз ЖОО және ЖОО-нан кейінгі кәсіби оқытудың концепциясы өмірлік маңызды мәселе болып қалыптасады. Үздіксіз кәсіби білім беру оқытудың жаңа жүйесінің құрылуын емес, анығырақ айтсақ, қоғамның түрлі институттары ұсынған азаматтарға білім беру үшін түрлі мүмкіндіктердің пайда болуын қарастыратын әлдебір жаңа философияны көрсетеді. Басқаша айтқанда, ҚР азаматы үздіксіз жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру концепциясы аясында өзінің білім беру әлеуетін білім беру мекемелері, отбасы, қоғамдық ұйымдар тәрізді құрылымдарда жүзеге асыру мүмкіндігін алады.

Үздіксіз жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім берудің барлық жүйесі ұйымдарына өзгерістер енгізуді талап етеді.

Үздіксіз жоғары және ЖОО-нан кейінгі кәсіби білім беру жүйесі, ақпарат көздерінің ауқымдылығын, адамның тіршілік әрекетінің, кәсіби деңгейі мен құзырлығының қамтамасыз етілуін қажет етеді.

Кәсіби оқытудағы қайта құру адамның адамгершілік құндылықтарын, әлемдегі болып жатқан жағдайлардың барлығына деген жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталуы керек.

Біздің дамушы ҚР-ның білім беру, ғылыми, өндіріс технологиясы ақпаратының үздіксіз жаңаруы үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайларына қалыптаса білетін, жоғары кәсіби, білімін үнемі жетілдіруші, ізденімпаз, еңбекқор, рухани бай тұлға, кадр дайындауды талап етеді.

Өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі көрсете білетін жеке тұлғаны қалыптастыру – үздіксіз білім беру идеясына негізделген білім беру жүйесінің мақсаты. Қазіргі және барлық кезеңде білім беруде адам мен қоғам, адам мен әлем барынша маңызды дилемма болып табылады. Жеке тұлғаға, бір жағынан, бағдар, даралық, өзіндік ерекшелік пен бірегейлік, екінші жағынан, әлеуметтік ой, әлеуметтік тапсырыс қажет. Сондықтан білім берудегі бағдар толық жеке емес, ал жеке - әлеуметтік болуға тиіс.

Үздіксіз білім беру адамның өз-өзін және қоршаған ортаны түсінуін қамтамасыз етеді, оның өмірдегі еңбек әрекеті процесі мен қоғамдағы әлеуметтік ролін орындауға ықпал жасайды. Үздіксіз білім берудің, әсіресе, ЖОО және ЖОО-нан кейінгі үздік білім берудің негізгі ерекшелігі адам қажеттілігінің дамуы, шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру шеберліктері болып табылады. Үздіксіз білім беру концепциясының маңыздылығы икемділік, даралық, уақыт пен кеңістік мүмкіндігі болып табылады. Біздің қоғамға қазіргі кезең білімін тез меңгеретін, шығармашылықпен ойлай білетін адамдар керек. Біздің педагогтар мәселе қоя отырып оқыту арқылы жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр. Дегенмен бұл әдіс білімді дайын күйінде беретін түсіндірмелі-иллюстративті әдістен гөрі көп дайындықты талап етеді. Осыдан келіп, оқытудың әдістерін табу қажеттілігі туындайды. Ол мұғалімдердің инновациялық қызметінсіз жүзеге аспайды. Сондықтан да болашақ жас мамандар мен педкдрларды дайындау жүйесіне көңіл бөлінген жөн.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жедел экономикалық-әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты халыққа Жолдауынан.
  2. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал. №11, 2007 жыл. Астана қ. 7 б.
  3. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңнама. Алматы қ. 2009 жыл «Юрист» баспасы, 45 б.
  4. Наука и образование Казахстана в ХХІ веке. г.Астана 2008 год. Сборник статьей с. 117-144.