Иностранные военнопленные и интернированные в Центральном Казахстане (1941 начало 50-х гг. ХХ века) >07. 00. 02 Отечественная история (История Республики Казахстан)

Вид материалаАвтореферат

Содержание


Михеева Людмила Васильевна
07.00.02 – Отан тарихы
Зерттеу пәні
Зерттеу мақсаты
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне
Зерттеу нәтижелері
Зерттеудің практикалық материалдарын, теориялық тұжырымдарын
Диссертациялық зерттеу
Mikheyeva Lyudmila Vasilievna
Подобный материал:
1   2

Түйін



Михеева Людмила Васильевна


Орталық Қазақстандағы әскери тұтқындар және соғыс болған өңірлерден күштеп әкелінген азаматтар (1941 - ХХ ғ. 50 ж. басы)


07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғауға арналған диссертация


Зерттеу объектісі екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғыстарының әскери тұтқындары мен соғыс болған өңірлерден күштеп әкелінген азаматтарға байланысты.

Зерттеу пәні Орталық Қазақстанға әскери тұтқындар мен соғыс болған өңірлерден күштеп әкелінген азаматтардың орналасуы, саны, ұлттық құрамы, материалдық-тұрмысы мен медициналық қызмет көрсету, оларды еңбекте пайдалану қарастырылады.

Зерттеу мақсаты 1940 ж. – 1950 ж. басы аралығындағы әскери тұтқындар мен соғыс болған өңірлерден күштеп әкелінген азаматтардың тарихын мұрағат құжаттарының негізінде зерттеу.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне обьективтілік, тарихилық, тарихи құбылыстардың өзара байланыстылығы, тұтастық тәсіл, жан-жақты қарастыру тәрізді жалпы тарихи әдістер жатады. Тақырыптың жеке аспектілерін қарастыру барысында мәселелі-хронологиялық, агрегативті, компаративті, статистикалық, тарихи-салыстырмалы сараптама әдістері де қолданылды.

Зерттеу нәтижелері:

- зерттеу мұрағаттық құжаттар мен материалдардың кешенін ғылыми айналымға алғаш енгізуге негізделеді;

- алғаш рет, отандық ғылымда келесідей мәселелер қарастырылады: тұтқындарды ұстау тәртіптері, еңбекті ұйымдастыру шарттары, тұтқындарды тамақтандыру мен оларға медициналық қызмет көрсету, әскери тұтқындар мен тұтқынға алынған азаматтарды идеологиялық жағынан тәрбиелеу, Орталық Қазақстанда орналасқан лагерьлердегі күзет мәселесі және т.б. қарастырылады;

- шетелдік тұтқынға алынған азаматтардың есептік алфавиттік-анықтамалық картотекасының негізінде бірінші рет Орталық Қазақстанда тұтқында ұсталынғандардың сандық, ұлттық және әлеуметтік құрамы туралы сараптама берілген;

- Орталық Қазақстанның лагерьлерінде болған бұрынғы әскери тұтқындардың тағдырлары зерттеледі.

Зерттеудің практикалық материалдарын, теориялық тұжырымдарын, қорытындылары мен ұсыныстарын оқу құралдарын жасауда, отандық тарих бойынша дәріс дайындауда, КСРО-дағы әскери тұтқындар мәселесі бойынша арнайы курс дайындауда пайдалануға болады.

Диссертацияның материалдарын Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің тарихы бойынша мұражайлардың экспозициясы үшін қолдануға, екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының тұтқындары жерленген орындар бойынша экскурсиялық маршруттар дайындауда пайдалануға болады.

Сол сияқты диссертациялық зерттеудің қорытындысын осы хронологиялық кезеңді зерттейтін және КСРО-ның ІІМ-ІІХК лагерлерінің жүйесін өзінің зерттеу жұмысының барысында қолданатын тарихшы-студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, зерттеушілерге, сол сияқты Қазақстанда тұтқынға алынған шетелдік азаматтар мен әскери тұтқындардың тарихын зерттеумен айналысатын зерттеушілерге өз жұмысында пайдалануға болады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 40-ыншы және 50-інші жылдарында Орталық Қазақстан территориясында тұтқында болған отандастарының тағдырларын білгісі келген шет елдер азаматтары да пайдалана алады.

Диссертациялық зерттеу қысқарту тізімінен, кіріспе мен үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған деректер тізімімен, қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде, әскери тұтқындар мен тұтқынға алынған азаматтарға арналып ашылған лагерьлердің құрылуының нормативтік-құқықтық базасына сараптама жасалынған және осы лагерьлердің КСРО ІІМ-ІІХК еңбекпен түзету лагерьлерінің ішіндегі орны көрсетілген.

Екінші бөлімінде қазақстандық лагерьлердегі тұтқынға алынған шетелдік азаматтардың және әскери тұтқындардың жағдайлары: оларды тұтқында ұстау тәртіптері, күзету, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру, өндірістік қызметтері мен идеологиялық қайта тәрбиелеу мәселелері қарастырылған.

Үшінші бөлім, әскери тұтқындарды және тұтқынға алынған азаматтарды өз отанына қайтару мәселелеріне арналған. Осы бөлімде бұрынғы тұтқындардың тарихи тағдырлары қарастырылады және әскери тұтқындар мен тұтқынға алынған шетелдік азаматтардың арасында болатын өлім себептеріне сараптама жасалынған, сондай-ақ, олардың Орталық Қазақстанда жерленген орындары көрсетілген.

Тақырыпты өңдеу, түйіндеу және ұсыныстар мен тұжырымдау мәселелері қорытынды бөлімде келтіріледі.

Қосымшаға негізінен ғылыми айналымға бірінші рет енгізіліп отырған құжаттар мен материалдардың кешені енгізілген.

Summary



Mikheyeva Lyudmila Vasilievna


Foreign prisoners of war and internees in Central Kazakhstan (1941 - the beginning of 50-es of the XXth century)


Speciality - 07.00.02 - Native history (History of Republic of Kazakhstan)


The dissertation work on competition of a scientific degree of a candidate of historical sciences

A matter of dissertational research is foreign prisoners of war and internees of the Second World and Great Patriotic wars. An object of research is staying of prisoners of war and internees in Central Kazakhstan, their accommodation, numerical and national structure, material - household and health services and labor use.

The purpose of research is to illuminate on the basis of documentary archival sources the history of prisoners of war and internees during the Second World and Great Patriotic wars who were being prisoned in Central Kazakhstan in 1940 - the beginning of 1950th years.

Methodological and theoretical basis of dissertational research is general historical methods of objectivity, historicism, interrelation of the historical phenomena, the complete approach and universality of considerations. At studying separate aspects of the theme have been used such methods as problem-chronological, aggregate, comparative, statistical, the historical and method of comparative analyze.

You can find scientific novelty of work in following :

- research is based on complex of archival documents and materials entered in a scientific revolution for the first time ;

- reasons of formation of camps for foreign citizens in Central Kazakhstan are examined and analyzed in the work for the first time ;

- for the first time in native science the researcher opens the mode of accommodation, condition of work organization, nutrition, health services, problems of ideological re-education of prisoners of war and internees, protection of the camps located in Central Kazakhstan. These questions did not illuminate by domestic researchers who studied the theme of prisoners during The Second World and Great Patriotic wars;

- for the first time on the basis of a registration alphabetic - help card file of foreign internees the researcher analyzed numerical, national and social composition of the prisoners of war containing in imprisonment in Central Kazakhstan;

- the researcher investigated separate destinies of the former prisoners of war in camps of Central Kazakhstan.

The practical material and theoretical conclusions of research, position and recommendations can be used at manuals drawing up, in lectures on native history preparation, special courses on problems of military captivity in the USSR.

Materials of the dissertation can serve for expositions of museums in history of penal system in Kazakhstan, preparations of excursion routes in places of burial places of prisoners of war of The Second World and Great Patriotic Wars and etc.

Besides these, the results of dissertational research can be used by students - historians, undergraduate students, post-graduate students, scientists, who are investigating the given chronological period and describing the system of camps of People's Commissariat of Internal Affairs or Ministry of Internal Affairs of the USSR in the works, the researchers who are engaged in history of foreign prisoners of war and internees in Kazakhstan, and also the representatives of foreign countries who are interested in destinies of the compatriots on the territory of Central Kazakhstan, taking place in 1940 - the beginning of 1950-es of the XXth century .

Dissertational research is consisted of a list of abbreviations, an introduction, three chapters, a conclusion, a list of the used sources and appendices.

In the first chapter the researcher analyzed the normative-legal (documentary) base of camps formation for prisoners of war and internees and shown the place of the given camps in system of corrective-labor camps of People's Commissariat of Internal Affairs or Ministry of Internal Affairs of the USSR .

In the second chapter the researcher conserved the position of prisoners of war and internees in Kazakhstan camps. There were a mode of their maintenance, protection, health services, nutrition, industrial activity, ideological re-education and etc.

The third chapter is devoted to questions of repatriation of prisoners of war and internees to home. There are examined historical destinies of former prisoners and analyzed the reasons of death rate among prisoners of war and internees and also resulted places of their burial places in Central Kazakhstan .

Conclusions, generalizations and recommendations on the further development of a theme are given in the conclusion.

The complex of documents and materials which was entered for the first time in a scientific revolution is included in the appendix.


Подписано в печать 22. 02. 2007 г.

Бумага офсетная. Формат бумаги 60х84 1/16.

Объем 1,5 уч.-изд. л. Тираж 100 экз. Заказ № 125


Отпечатано в типографии Издательства КарГУ им. Е.А. Букетова

100012, г. Караганда, ул. Гоголя, 38