3 алғАШҚы рет қолданысқа енгізілген
Вид материала | Документы |
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 10287.2kb.
- Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бакалавриат, 1373.61kb.
- Ағылшын әдебиеті, 90.81kb.
- ҚҰрастырушыдан адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан, 337.11kb.
- 00 Фән һәм мәдәниятнең гомуми мәсьәләләре Общие вопросы науки и культуры, 4330.83kb.
- Тест тапсырмаларына енгізілген тақырыптар тізімі Тақырыптың, 844.46kb.
- Совлук Е. В, 74.86kb.
- Салықтардың Әкономикалық МӘні салықтар қаржының алғашқы санаты Салықтардың айырым белгілері, 118.21kb.
- Пәнді оқуда қарастырылатын тақырыптар, 173.62kb.
- Рет, что наши дети живут сейчас в условиях всё возрастающего потока информации, несущей, 71.59kb.
11Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін төмендегі нормативтік құжаттармен анықталады
- Аттестациялау және сертификаттау комиссияларына қойылатын талаптар
Аттестациялау комиссиялары білім сапасының деңгейін сырттан қадағалау үшін келесі түрлерде құрылады: білім мекемесін аттестациялау, аралық мемлекеттік бақылау, оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестациялау.
Білім мекемесін аттестациялау білім беру қызметтеріне рұқсат беру үшін осы қызметтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі
Аттестациялық комиссиялар өз жұмыстарын 1999 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен № 1305 «Білім мекемелерін мемлекеттік аттестациялау қағидалары» мен Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылдың 13 ақпанындағы № 79 бұйрығымен бекітілген «Білім мекемелерін мемлекеттік аттестациялауға арналған нұсқаулар» негізінде жүргізеді.
Аралық мемлекеттік бақылау жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студенттерінің оқу барысындағы жетістіктерін бақылауды бірегей өлшеу-бақылау материалдарының (тестілік тапсырмалар) негізінде бакалавриат мамандықтарының жалпы білімдік және негіздік пәндер бағдарында жүргізіледі.
Аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру үшін Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 31 наурызында № 264 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқушыларын аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптері» бойынша мемлекеттік және регионалдық комиссиялар құрылады
Қорытынды мемлекеттік аттестациялау оқушылардың алған білім деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестациялауды өткізу үшін белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 12 шілдесіндегі № 714 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптерінің ережелеріне» сәйкес мемлекеттік аттестациялау комиссиялары (МАК) құрылады.
Сертификаттау комиссиялары бағалау материалдарының, стандартталған тестілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына, олардың сапа кепілдігіне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсаттарында құрылады.
Сертификаттау комиссиялары өз қызметтерін келесі құжаттар неізінде атқарады:
ҚР СТ 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Жалпы қағидалар;
ҚР СТ 3.8-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Эксперт-аудиторлар. Біліктілік талаптары, даярлау және аттестациялау тәртіптері.
- Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптар
Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялау оқушылардың білім бағдарламаларын меңгерудегі жетістіктерін бағалау үшін құрылады.
Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің негізгі талаптары: шындық, міндеттілік, мерзімділік және жариялылық.
Оқушыларды ағымдық аттестациядан өткізуді жоғары оқу орындары өз беттерімен өткізеді.
Оқушыларды аралық аттестациядан өткізуді білім ордалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылдың 11 наурызындағы № 151 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының жұмыстарын ұйымдастыру тәртіптеріне» сай жүргізеді.
Жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студенттерінің аралық мемлекеттік бақылауын ұйымдастыру мен өткізу белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 31 наурызындағы № 264 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқушыларын аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптеріне» сай іске асырылады.
Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестациялауға қойылатын талаптар белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 12 шілдесіндегі № 714 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптерінің ережелеріне» сәйкес белгіленеді.
- Бағалау құралдары мен технологияларына қойылатын талаптар
Оқу мекемелері мен оқушыларды аттестациялау стандартталған технологиялар бойынша орталықтандырылған тестілік түрде атқарылады.
Оқу жетістіктерін бағалау тәртібі – нәтижелерді бірегей ережелер бойынша орындау, тексеру, өңдеу мен бағалау түрінде жүргізіледі.
Тестілеу белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өткен стандартталған материалдарды, тестілерді және біліктілік тапсырмаларын пайдалану арқылы өткізіледі.
- Бағалаудың нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар
Аттестациялаудың барлық түрлерінің нәтижелерін бағалау белгіленген тәртіп бойынша нормативтік сәйкес құжаттарға сүйене анықталады.
12Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасауға, жаңартуға (өзгертуге, өңдеуге) қойылатын талаптар
- МЖМБС-ты егізудің бастама тәртібі
Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына өзгертулер, қосымшалар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.99 ж. № 1290 «Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасау, бекіту және пайдалану мерзімін анықтау тәртіптері» Қарарына сай жүргізіледі.
- МЖМБС-ты жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының білім бағытындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын жасауды конкурстық негізде ұйымдастырады.
- МЖМБС-ты сараптамадан өткізу тәртібі
МЖМБС-ты сараптамадан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 8 мамырындағы № 400 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті кәсіби білім стандарттарының жобаларын жасауға конкурстар өткізу тәртіптеріне нұсқаулар» негізінде анықталады.
- МЖМБС-ты тәжірибелік енгізуден өткізу тәртібі
Бекітілген МЖМБС ведоствалық тәуелділігіне және меншік түріне қарамай келесі оқу жылынан бастап барлық оқу орындарында бір мезгілде енгізіледі.
Жаңа МЖМБС технологиялары мен оқу әдістемелерін енгізу алдымен тәжірибелік байқау ретінде кейбір оқу мекемелерінде жүргізіледі.
- МЖМБС-ты бекіту тәртібі
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын енгізу, олардың жұмыс атқару мерзімдерін белгілеу Қазақстан Республикасының білім бағытындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырған конкурстық комиссияның шешімімен, мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау мекемесімен келісілген жағдайда жүргізіледі.
- Бұқаралық білім беру процесіне енгізу тәртібі
Жоғары білім беретін оқу орындары меншіктік формаларына, типтеріне және түрлеріне қарамай мемлекеттік білім деңгейіне сәйкес жалпыға міндетті білім стандарттарын ұстауға міндетті.