3 алғАШҚы рет қолданысқа енгізілген

Вид материалаДокументы

Содержание


9050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша оқыту бағдарламасының мазмұны
Міндетті қосылыс (пәндер тізбесі)
Дене шынықтыру
Міндетті компонент (пәндер тізбегі)
1 Электр тiзбектерiнiң теориясы
2 Электр тiзбектерiнiң теориясы
Метрология, стандартау және сертификаттау
1 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар негіздері
2 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар негіздері
Электрлік байланыс теориясы
Электромагниттiк толқындарды тарату теориясы
Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Таңдауы бойынша компонент
Міндетті қосылыс (пәндер тізбесі)
2 Электроника және аналогтық құрылғылардың сұлбатехникасы
Цифрлық құрылғылар мен микропроцессорлар
Сымсыз байланыс технологиясы
Цифрлық байланыс технологиясы
Таңдау бойынша компонент
Кредиттер санының есептік жиыны
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7

9050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша оқыту бағдарламасының мазмұны

    1. Оқыту бағдарламаларының пәндер циклдары бойынша топтастырылған мазмұны 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

Пәндер циклының қысқа атауы

Пән аттары және олардың негізгі бөлімдері

Кредит көлемі

1
2

3

ЖБП

Жалпы білім беру пәндері

32




Міндетті қосылыс (пәндер тізбесі)

20

ЖБП1

Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихын оқудың әдістері және дерекнамалары. Қазақстан тарихын білудің практикалық және гуманитарлық қызметтегі маңызы. Қазақстанның антропогендік тарихы: Жердегі тіршіліктің даму тарихы, адамзат жаратылысының тарихи шарттары, табиғаттағы геологиялық-тектоникалық өзгерістер. Қазақ даласы мен Солтүстік Еуразия арасындағы табиғи байланыс, алғашқы адам қоныстары, адамдардың таралуы мен нәсілдердің қалыптасуы, протосақ және сақ тайпалары, тарихи топонимдер мен тұлғалар.Алғашқы тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы алғашқы феодалдық мемлекеттер. Арабтардың жаулап алуы және ислам дінінің таралуы. Қазақстан монгол дәуірінде. Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары. Қазақ жерлерінің біртұтас мемлекетке бірігуі. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Қазақ хандықтарының Ресей қоластына кіруі және өлкені отарлаудың аяқталуы. Қазақстан ХХ ғасырдың бас кезінде. Демократиялық революциялар. 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы. Қазақстандағы саяси реформалар.

3

1
2

3



1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларды қабылдау. Экономикалық реформалардың стратегиясы мен тактикасы. Қазақстанның халықаралық қатынас жүйесінің стратегиясы. Қазақстан әлемдік қауымдастықта.




ЖБП2
Философия
Қазіргі заман мәдениетінде философияның алатын орны, философиялық ой дамуының негізгі кезеңдері, әлем бірлігі мен оның көпжақтылығы, болмыстың негізгі түрлері, табиғат әлеміндегі адам болмысы мен оның ерекшелігі. Материяның құрылымы мен ұйымдасу деңгейі туралы қазіргі заманғы көзқарас.
Философиядағы ой-өріс проблемасы, қоғамдық ой-өрістің құрылымы және оның негізгі түрлері. Инженерлік қызметтегі даму тұжырымдамалары, категориялары және заңдары. Білімнің құрылымы, ғылыми таным және оның өзіндік белгілері, ғылыми таным әдісі туралы ұғым және оның түрлері. Философиядағы адам проблемасы, адамның маңызы және өмір сүрудегі мәні, жеке бас түсінігі, демократия және жеке бас бостандығы, қоғам өмірінің негізгі салалары, азаматтық қоғам үлкен және кіші әлеуметтік топтардың әрекеттесуі ретінде, қоғамдық-тарихи процесс түсінігі.
Әлем тарихының біртұтастығы және көптүрлілігі, қоғамдық процесс мәселесі. Осы заманғы өркениет, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары, қазіргі заманның ғаламдық мәселелері, ғаламдық мәселелерді шешудің алғы шарттары мен түрлері.
Техниканың философиялық тұжырымдамалары, техникалық ғылымдардың қалыптасуы мен дамуы, бакалавр қызметінің даму кезеңдері, инженердің мәдениеті мен этикасы.

3




1
2

3

ЖБП3
Қазақ тілі
Қазақ тілі ғылым ретінде. Қазақ тілінің тарихынан. Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік рөлі. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Қазіргі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Жалпыхалықтық қатынастығы қазақ тілінің ролі. А. Байтұрсынұлының және қазіргі қазақ тілі.
Фонетика. Орфоэпия. Қазақ тілінің ерекше дыбыстары. Сингармонизм заңы туралы ұғым.
Графика. Орфография. Пунктуация. Алфавит тарихы. Орхон – Енисей, араб және латын алфавиттері. Қазіргі қазақ алфавиті. Каллиграфия туралы ұғым. Орфографиялық сөздіктер және анықтамалар. Тыныс белгілірі. Лексика және фразеология. Сөз – тілдің негізігі бірлігі. Бір және көп мағыналы сөздер. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары. Омонимдер, синонимдер, антонимдер. Қазақ тілінің сөздік қоры және оның дамуы. Терминдер, фразеологизмдер. Мақал, мәтелдер, афоризмдер, қазақ халқының тілек сөздері. Сөздік этикет. Лексикография. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. Лингвистикалық және терминологиялық сөздіктердің әр түрлері. Сөз құрамы. Сөздің құрылуы. Түбір және морфемалар (суффикс және жалғау). Грамматика: а) морфология; б) синтаксис. Негізгі принциптері мен ережелері. Сөз қолданысы. Сөздерді қолданудың түрлері: аудирлеу (баяндау), айту, хат, оқу. Сөз мәдениеті. Ауызша және жазбаша сөз. Диалог және монолог. Мәтіндер, мәтін түрлері. Стиль және жанр. Қазақ халқының сөз мәдениетіне тән ерекшеліктер. Ауызша шығармашылық, қазақ халқының шешендік шеберлігі. Мамандық бойынша мәтіндерді оқу, аудару, түсіну. Іс қағаздарын жүргізу.

3




1
2

3

ЖБП3
Орыс тілі
Қазіргі орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографикалық, пунктуциялық нормалары. Лексикологияның, фразеологияның, морфологияның, синтаксистің негізгі ұғымдары. Сөйлем деңгейінде: жай және құрмалас сөйлемдер құрылымындағы субъективтік-предикативті қатынастар; объектік, анықтауыштық, пысықтауыштық мағыналардың жай, салалас құрмалас, сабақтас сөйлемдерде берілуі. Салалас және сабақтас құрмалас қатынастардың жалғаусыз сөлемдердегі көрінісі. Мәтін деңгейінде: әр тұрлі мәтіндердің құрылымы мен байланыс құралдары, қазіргі орыс тілінің әр түрлі стилдерінің (публицистикалық, көркем, ресми-іс) ерекшеліктері, сөйлеудің ғылыми стилінің ерекшеліктері: ғылыми баяндаманың құрылымы, пікірлер, аңдатпалар, резюме. Сөйлеу әрекетінің деңгейінде: оқу, мазмұндау, түйіндеу, мәтіннің мазмұнын айтып беру. әр түрлі жоспарлар, рефераттар, резюме, аңдатпа, пікірлер құрастыру мен жазу. Әр түрлі монологтар, сұхбаттар, полилогтар, сөздік этикет.
Мамандық бойынша мәтіндерді оқу, аудару, түсіну. Іс қағаздарын жазу.

3




ЖБП4
Шет тілі
Фонетика: оқудың негізгі ережелері мен сөйлеу ағымындағы алфавит әріптерін және әріп тіркестерін оқу.
Орфография: белгілі бір дыбыстарға сөйкес келетін әріптер мен әріп тіркестерінің жазылуы, базалық тілдің барынша жиі қолданылатын лексика-грамматикалық белгілерінің орфографиялық сәйкестігі.
Лексика: сөз түзейтін моделдер, көп мағыналы сөздердің контекстуалдық мәндері, оқылатын мамандық саласына сәйкес келетін тілдің терминдері мен лексикалық конструкциялары (3500 лексикалық бірлік).

6







1
2

3



Грамматика: базалық және техникалық тілдің барынша жиі кездесетін ерекше көріністері.
Ғылыми әдебиетті рефераттау және аңдатпалау және ғылыми-техникалық тіл курсы.




ЖБП5

Информатика

Ақпараттық процестер түсінігі мен оның құрамы. Ақпараттарды сандық және символдық түрде көрсету тәсілдері. Cандық ақпараттарды кодалау. Сандарды бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне көшіру. Ақпараттық жабдықтар мен программалық қамтамалар құрамы. Программалық және аппараттық қамтаманың қазіргі күйі. Жүйелік архитектуралар: файл-сервер және клиент-сервер. Операциялық жүйе (ОЖ) жайында түсінік. Программалық қоршаулар. Офистік жүйелер. Мәтіндік және сызбалық редакторлар, кестелік процессорлар. Ақпараттарды Интернетте көрсету және өңдеу. Программалау жүйелері және оның жаңа ұсыныстары. Баспалық жүйелер. Дерекқорды басқару жүйелері. Компьютерлік жобалау жүйелері. Зерделік және сараптық жүйелер. Құжаттарды автоматтандырылған түрде өңдеу. Текстерді оптикалық тану, автоматтандырылған тәржімелеушілер. Компьютерлік және ғаламдық ақпараттық желілер. Электрондық пошта. Интернеттегі ақпараттық қорлар және онда ғылыми-техникалық ақпараттарды іздеу және табу. Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау. Вирустар. Вирусқа қарсы программалар.

3




1

2

3

ЖБП6

Экология

Табиғат ортасы, жағдайы және проблемалары. ҚР-дың экологиялық проблемалары. Экономикалық даму және эколгиялық фактор. Тұрақты экономикалық дамудың концепциясы. Қоршаған ортаны қорғаудың және табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың экологиялық принциптері. ҚР-да табиғат қорғау әрекеттерін басқару. Экологиялық басқару негіздері. Қоршаған табиғи орта сапасының нормативтері. Табиғат-техникалық геожүйелерін экологиялық бақылау және мониторинг. Табиғатты пайдалану экономикасының негіздері. Өндіріс объектілерін экологиялық паспорттау. Экологиялық қорғау техникасы мен технологиясы. Экологиялық аудит пен қоршаған ортаға әсер етуді бағалау. Экологиялық сараптама. Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастық. Стандарттау және экология.

1

ЖБП7

Химия

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Атом құрылысы және периодтық заң. Химиялық байланыс. Заттардың құрылысы. Химиялық термодинамика. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Өздігінен болатын процестердің жүру шарттары. Химиялық және фазалық теңгерілу. Химиялық кинетика. Реакцияның жүру жылдамдығы мен он реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Ерiтiндiлер.

Тотығу-қайта түзiлу реакциялары және электрохимиялық процестер. Металдардың коррозиясы. Комплексті қосылыстар. Дисперстік жүйелер және олардың инженерлік-техникалық мәселелерді шешудегі ролі. Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері. Химиялық идентификациялау: сапалық және сандық талдау, талдаудың физика-химиялық әдістері.

1




1

2

3

ЖБП8

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру – қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыс; денешынықтыру мен спорттың дене тәрбиесі жүйесіндегі әлеуметтік қызметі, дене қозғалысы мен жұмысқа қабілеттілік тәрбиесі; дене және спорттық дайындық негіздері; өндірістік дене тәрбиесінің жұмыстан тыс уақыттағы түрлері мен әдістері; өндірістік дене шынықтыруды болашақ мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру .




ЖБПТ

Таңдау бойынша компонент

12

БП

Базалық пәндер

64




Міндетті компонент (пәндер тізбегі)

40

БП1

1 Математика

Сызықтық алгебра элементтері. Аналитикалық геометрия элементтері. Математикалық анализге кіріспе. Бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері және оның қолданылуы.

3

БП2

2 Математика

Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеулері. Бірнеше айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері мен оның қолданылуы, көп айнымалы функцияның интегралдық есептеулері.

3

БП3

3 Математика

Өріс теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Қатарлар теориясы. Комплекстік айнымалы функциялар теориясы. Ықтималдылық теориясының және математикалық статистиканың элементтері.

3




1

2

3

БП4

1 Физика

Механиканың физикалық негіздері: классикалық механикадағы күй түсінігі; қозғалыс теңдеуі; қатты дене механикасы; сақталу заңдары; механикадағы салыстырмалық принциптері; релятивистік динамиканың негіздері. Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері; классикалық статистиканың негіздері; күй мен процестердің термодинамикалық функциялары; термодинамиканың негізгі заңдары; теңгерілмеген термодинамиканың элементтері. Электр және магнетизм: вакуумдағы және заттағы электростатистикалық өріс; тұрақты электр тоғы; өткізгіштіктің классикалық электрондық теориясы; газдағы электр тоғы; вакуумдегі және заттағы магниттік өріс; электромагниттік индукция; Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы.

4

БП5

2 Физика

Тербелiстер мен толқындар физикасы: гармоникалық осцилляторлар; өшетін және еріксіз тербелістер; толқындық процестер; толқындық процестердің кинематикасы; электромагниттік толқындар; толқындардың энергиясы. Толқындық және кванттық оптика: жарықтың электромагниттік жаратылысы; интерференция және дифракция; жарықтың затпен әрекеттесуі; сәулеленудің кванттық қасиеттері; жарықтың корпускулалық-толқындық дуализмі. Атом физикасы және қатты денелер негіздері; атомдардың энергетикалық деңгейлері; кванттық статистика және оларды қатты кристалдық денелердің жылулық және электрлік қасиеттерін суреттеуге қолдану; қатты денелердің аймақтық (зондық) теориясы; шалаөткізгіштер; ядро мен қарапайым бөлшектер физикасының элементтері.

3




1

2

3

БПП

1 Электр тiзбектерiнiң теориясы

Тiзбектер теориясының негiзгi ұғымдары; тұрақты ток электр тiзбектерінің негiзгi заңдары және есептеу әдiстерi; гармоникалық тербелiс режимiндегi электр тiзбектерi; электр тiзбектерiндегi резонанстық құбылыстар; синусоидалы емес периодты өзгеретін әсерлер кезiндегi тiзбектер; үшфазалы тiзбектер; төртұштықтар және жиiлiктiк электрлік сүзгiлер.

4

БП7

2 Электр тiзбектерiнiң теориясы

Сызықтық емес электрлік тізбектер; сызықтық электрлік тізбектердегі өтпелі процестер; параметрлері таратылған тізбектер.

3

БП8

Метрология, стандартау және сертификаттау

Стандарттау, сертификаттау және метрология телекоммуникациялық қондырғылар мен қызметтердің сапасын жоғарылатудың негізі. Электррадиоөлшеулер – телекоммуникация жүйелерінің сапалық көрсеткіштерін талдаудың әдістемелері мен аспаптары. Өлшеулер мен өлшеу әдістерінің метрологиялық сипаттамалары. Токты, кернеуді және қуатты өлшеу әдістемелері; электр тізбектерінiң көрсеткіштерін, энергетикалық және уақыттық сипаттамаларын өлшеу әдістері мен құралдары. Радиотехникалық жабдықтарды, жүйелер мен байланыс қызмет түрлерін сертификаттау саласында негіз болатын стандарттар. Телекоммуникациялардың бірінші және екінші реттік тораптары мен жүйелерінің күйін талдауыштарды және жүйелік өлшеуіш жабдықтарды құру әдістері.

2

БП9

1 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар негіздері

Электрониканың қазіргі мәселелері. Микро-, нано- және оптоэлектроника, функционалдық электроника. Осы заманғы микропроцессорлар мен сигналдық процессорлардың типтерін қолдану облыстары; электронық технологиялар:


2

1

2

3




тораптық және Интернет технологиялар; электрондық коммуникациялар; кәсіпорындағы электрондық құжатайналым; электрондық жүйелер мен транзакцияларды, ақпараттарды қауыпсіздендіру мен қорғауды қамтамасыз ету.




БП10

2 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар негіздері

Радиотехниканың ғылым мен техниканы, технологияларды дамытудағы үлесі; радиотехникалық жүйелерді құру құрылымы, жіктелуі, жиіліктер ауқымы; радиобайланыс пен теледидар жүйелерінде берілетін сигналдар; теледидар, антенна-фидерлік, радиотаратқыш және радиоқабылдағыш құрылғылардың негіздері.

Телекоммуникациялық жүйелер (электрбайланыс), ішкі жүйелер және қызметтер: атқаратын қызметі, құрамы және байланыс тораптарының жіктелуі, оларға қойылатын негізгі талаптар, болашағы бар байланыс тораптарының даму бағыттары; арналарды, хабарларды және пакеттерді коммутациялау.

4

БП11

Электрлік байланыс теориясы

Ақпарат, хабарлар, сигналдар; байланыс жүйелерi, арналары, тораптары; арнадағы бұрмаланулар мен бөгеуiлдер; сигналдарды түрлендiру және қалыптастыру әдiстерi; кодтау және модуляция; демодуляция және декодтау; хабарлардың, сигналдардың және бөгеуілдердің математикалық моделдері; кездейсоқ процестер және олардың негізгі сипаттамалары; модуляция түрлерінің бөгеуілге орнықтылығы; байланыс арналарының математикалық моделдерi; сигналдарды сызықты және сызықты емес байланыс арналарында түрлендiру; үздiксiз байланыс арналарының моделдерi; дискреттi хабарлар тарату жүйелерінiң бөгеуiлге орнықтылық теориясы; сигналдарды қабылдаудың оңтайлы алгоритмдері; дискреттi байланыс арнасы үшiн Шеннонның кодтау теоремалары;

4

1

2

3




байланыс арналары мен хабар көздерiн кодтау; бөгеуiлге орнықты кодтау; көпарналы байланыстың принциптерi; сигналдарды бөлу теориясының негiздерi; байланыс жүйелерінiң тиімділігіне талдау жасау және оңтайландыру.




БП12

Электромагниттiк толқындарды тарату теориясы

Электрдинамиканың теңдеулер жүйесi; электромагниттiк өрiстiң қуаты мен энергиясы, электромагниттiк өрiс энергиясының балансы, сәулелену қуаты, Пойнтинг векторы, энергияның қозғалу жылдамдығы; электродинамикалық потенциалдар, жазық және сфералық толқындар; Максвелл теңдеулерi және олардың гармоникалық тербелiстер үшiн шешiмi, электромагниттiк толқындар теориясындағы негiзгi теоремалар мен принциптер; электромагниттiк толқындардың сәулеленуі; бағытталынатын электромагниттiк толқындардың жалпы қасиеттерi, бағыттайтын жүйелер; резонаторлар; бағыттайтын жүйелер мен резонаторлардағы толқындарды қоздыру, бағыттайтын жүйелердiң және аса жоғарғы жиiлiк трактілердiң элементтерi.

3

БП13

Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Кәсiпорында еңбектi қорғау жұмыстарын ұйымдастыру; қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлар; адамның функционалдық мүмкiншiлiктерi және оның өндiрiстiк ортамен сыйысушылығы; еңбек қауiпсiздiгiнiң психологиясы; микроклимат. Шу және дiрiл; электромагниттiк өрiстер мен сәулеленулер; жарықтандыру; электр қауiпсiздiгi негiздерi; өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстардағы өрт қауiпсiздiгi; телекоммуникациялық жүйелердегi информациялық қауiпсiздiк. Тiршiлiк әрекетiнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негiздерi, бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше

2




1

2

3




жағдайлар (ТЖ). Стихиялық экологиялық апаттар, техногендiк апаттар мен катастрофалар, адам өмiр сүру ортасында осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану нәтижесiнде пайда болатын ТЖ аймақтарының сипаттамасы. ТЖ-дағы жағдайды бағалау – бағалау әдiстемесi мен барлау және бақылау аспаптары, тұрғылықты халықты қорғаудың негiзгi принциптерi мен тәсiлдерi.ТЖ-да тұрғылықты халықты, аймақты және ұйымдарды қорғау жөнiндегi шаралар. ТЖ жағдайларындағы шаруашылық объектілерiнiң орнықтылығы, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу, ТЖ кезiнде зардап шеккендерге бiрiншi медициналық көмек көрсету.




БПТ

Таңдауы бойынша компонент

22

ПП

Профилдік пәндер

32




Міндетті қосылыс (пәндер тізбесі)

13

ПП1

1 Электроника және аналогтық құрылғылардың сұлбатехникасы

Шала өткізгіштік электроника құрылғыларының элементтік базасы: диодтар, биполяр және өрістік транзисторлар, тиристорлар, интегралдық микросұлбалар, оптоэлектрониканың элементтері – жіктелуі, сипаттамалары, негізгі қосылу сұлбалары, ерекшеліктері.

2

ПП2

2 Электроника және аналогтық құрылғылардың сұлбатехникасы

Аналогтық электрондық құрылғылардың көрсеткіштері және сипаттамалары; транзистор негізіндегі күшейткіштік каскад, оның түрлері және оларды баламалық сүлбалар арқылы есептеу; күшейткіштердегі кері байланыс, операциялық күшейткіштер; сигналдарды аналогтық өңдеу құрылғылары.

3




1

2

3

ПП3

Цифрлық құрылғылар мен микропроцессорлар

Логика алгебрасының негiздерi; цифрлық құрылғылар сұлбатехникасы; комбинациялық құрылғылар: логикалық элементтерде орындалған және интегралдық түрдегі сұлбаларды синтездеу; шифратор, дешифратор, қосындылағыш, мультиплексор, демультиплексор, программаланатын логикалық матрицалар, сигналдарды түрлендіргіштер; ақырғы автоматтар: синтездеу және интегралдық түрде орындалуы; триггерлер, санауыштар, регистрлер; есте сақтау құрылғылары; микропроцессорлар (МП), МП-лардың түрлерi; архитектурасы (сәулетi), команда жүйелерi; микропроцессорлық жүйелер, iшкi және сыртқы интерфейстер; микроконтроллерлер; МП-лардың байланыс техникасында, радиотехникада және басқа да электрондық жабдықтарда қолданылуы.

3

ПП4

Сымсыз байланыс технологиясы

Сымсыз байланыс жүйелерінің жіктелуі, арналарды бөлу әдістері (көпстанциялық қатынас); оптикалық және радиобайланысы; сымсыз байланыс жүйелерін құрудың техникалық концепциялары; сигналдарды тарату әдістері; спектрі ұлғаятын жүйелер; сымсыз жергілікті (локалдық) желілер.

2

ПП5

Цифрлық байланыс технологиясы

Цифрлық байланыс арналарын ұйымдастыру және олардың негізгі сипаттамалары; цифрлық байланыс жүйелерінде сигналдарды қалыптастырудың әдістері мен құрылғылары; синхрондау әдістері мен құрылғылары; ақырғы құрылғылар және дискретті арналармен түйістіру әдістері; интерфейстер мен протоколдар; сигналдарды түрлендіру құрылғылары; цифрлық байланыс жүйелері арналарымен ақпарат алмасу дұрыстығын арттыру әдістері;

3




1

2

3




дискретті хабарларды таратып беру жүйелеріндегі бейімделу; информацияны сығу алгоритмдері.




ППТ

Таңдау бойынша компонент

19

ҚБ

Білім берудің қосымша бағдарламалары







Практика (машықтану), әскери дайындық, бітіруші жұмысты (жобаны) орындау және оқушылардың оқу жұмыстарының басқа да түрлері.

Оқушыларды аралық аттестациялау.

Оқушыларды мемлекеттік аттастациялау қорытындысы (өткізу формасын көрсету қажет)







Кредиттер санының есептік жиыны

128
    1. Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарында келтіріледі.