3 алғАШҚы рет қолданысқа енгізілген

Вид материалаДокументы

Содержание


10050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврды дайындау білім беру ортасына қойылаты
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7

10050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврды дайындау білім беру ортасына қойылатын талаптар

    1. Оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жылының құрылымын анықтауды жоғары оқу орны өздігінен жүзеге асырады (бұдан әрі ЖОО).

ЖОО өз еркінде оқу жылын академиялық мерзімдерге (семестрлер, триместрлер, ықшам семестрлер) бөледі, өз еркінше білім беру процесінің блоктық-модульдік жүйесін енгізеді.

Оқу процесінің барлық оқыту, бақылау шаралары, практикалар (машықтандыру), каникулдар мен мейрам күндер ұзақтығы академиялық күнтізбеде көрініс табады, оны білім беру мекемесінің басшысы бекітеді.

Оқу шараларына теориялық оқыту мерзімі түгелімен, оның ішінде студенттердің ғылми-зерттеу жұмыстары, практикумдар, тәжірибелік және курстық жұмыстар енуі тиіс.


Курстық жұмыстар (жобалар) пән бойынша білім алу жұмысы ретінде қарастырылады және оларды меңгеруге бөлінетін кредиттер шегінде орындалады.

Бақылау шараларына шектік бақылау, аралық аттестация (сынақтық-емтихандық сессия), 2 (3) курстан кейінгі аралық мемлекеттік бақылау және қорытынды мемлекеттік бақылау кіруі тиіс.
    1. Бакалавриаттағы оқу процесі аяқталуының негізгі критериі студенттің 128 кредиттен немесе 5760 теориялық оқу сағатынан кем болмайтын, 10 кредит немесе 450 сағаттан кем емес, кәсіби практиканы (машықтануды) меңгеру болып табылады. Мұнда студент міндетті компонент бойынша 61-81 кредит немесе 2745-3645 сағат және таңдалынатын компонент бойынша 41-61 кредит немесе 1845-2745 сағат меңгеруі тиіс.
    2. Бітіруші жұмысты (жобаны) жазу және қорғауға 4-8 кредит немесе 180-360 сағат бөлінеді.
    3. Бір семестр ішінде күндізгі оқу түрінің студенті 12-18 кредит немесе 540-810 сағатты меңгеруі тиіс.
    4. Сырттай және қашықтан оқу түрлерінің студенті бір жылдыќ оќу мерзімі ішінде 21-26 кредит меңгереді, ал нормативтік оқу мерзімі кемінде 5 жылға дейін болу керек.

Сырттай оқитын студентке оқу жылында кемінде 5 апта оқытушымен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
    1. Білім беру процесінің ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуі (оқу, ғылым, ақпарат қорларына, оның ішінде электрондық кітапханаларда орналастырылатын дүниежүзілік дерекқорлармен мәлімет алмасуы).

Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру әр студенттің кітапханалық қорлар мен мәлімет базаларын еркін пайдалануы, барлық пәндер мен барлық сабақ түрлерінен – практикумдар, курстық және дипломдық жобалаудан әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың, көнекі құралдардың дыбыстық және бейне материалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Физика, химия, информатика, элекр тізбектерінің теориясы, еңбекті қорғау және өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері, электроника және аналогтық құрылғылардың схемотехникасы, метрология, стандарттау және сертификация, цифрлық құрылғылар мен микропроцессорлар, электр байланысы теориясы, электромагниттік толқындарды тарату теориясы, сымсыз байланыс технологиялары, цифрлық байланыс технологиялар пәндері лабораториялық практикумдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сонымен қатар, түрлі арнайы құрылғылар мен жүйелерді меңгеруді талап ететін, таңдау бойынша компонент пәндері де лабораторялық практикумдармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Математика, физика, элекр тізбектерінің теориясы, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, электр байланысының теориясы, электромагниттік толқындарды тарату теориясы, цифралық байланыс технологиялары пәндері бойынша практикалық сабақтар тағайындалады.

Кітапханалық қорда білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мамандық бойынша қажетті оқу-методикалық әдебиеттер болуы тиіс.
    1. Пәндерді оқып-үйрену ең алдымен студенттің өздігінен жұмыс істеуіне негізделіп, ұйымдастырылуы тиіс.
    2. Білім беру процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған негізгі көрсеткіштер.

Бакалавр дайындаудың негізгі бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары оқу орнының оқу жоспарында белгіленген лабораториялық және практикалық сабақтардың, студенттердің ғылми-зерттеу жұмыстарының барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, әрі санитарлық-техникалық талаптарға сай материалдық-техникалық базасы болуы тиіс.

Жоғары оқу орны өзінің жүзеге асыратын мамандығына сәйкес лабораторияларын (зертханаларын) электрондық, радиотехникалық, телекоммуникациялық аппаратураны жетік меңгеруге мүмкіндік беретін, заман талабына сай стендтермен, құралдар мен құрылғылармен жабдықтауы тиіс.
    1. Практикаларды жүзеге асыру: олардың құрамы, ұйымдастыру мен өткізудің негізгі типтік орындары, таныстыру және нәтижелеріне баға беру.

Өндірістік практиканың негізгі мақсаты – радиоэлектрондық және телекоммуникациялық кәсіпорынның функционалдық құрылымын зерттеу, қызмет көрсететін қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен, құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамаларын оқып білу, хабар тарату арналары мен трактарының негізгі параметрлерін өлшеу әдістерін меңгеру, радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды жобалау мен пайдаланудың нормативті-техникалық құжатнамаларымен, телекоммуникациялық және электрондық құрылғылардың тоқтаусыз жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың техникалық шешімдерімен танысу, кәсіпорындағы тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін ұғыну, құрылғылардың жеке түрлерімен жұмыс істеу шарттары мен әдістерін игеру, олардың істен шыққан бөлшектерін тауып, жөндеу тәртібін үйрену.

Практиканы өткізу орны: алдыңғы қатарлы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық, өлшеуіш және компьютерлік құрылғылармен жабдықталған, бітіруші жұмысының тақырыбы бойынша мәлімет жинақтауға мүмкіндік беретін байланыс оператор-кәсіпорындары, ғылми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындар.
    1. Академиялық және көмекші қызметкерлердің сандық және сапалық көрсеткіштері.

Бакалавр дайындау бағдарламасының жүзеге асырылуы оқылатын пәнге сәйкес бастапқы білімі бар, үнемі ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыспен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.

Академиялық қызметкерлердің магистрлік академиялық дәрежесі немесе ғылым докторы немесе кандитаты ғылыми дәрежесі болуы тиіс немесе өндірістік тәжірибесі бар жоғары білікті маман болуы тиіс.
    1. Абитуриенттерге және ”кіру” сынақ процедураларына, бағалаудың нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар, белгіленген тәртіппен бекітілетін, арнайы нормативтік құжаттарда анықталады.