Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?
Вид материала | Документы |
- Реферат Нипрук Екатерина Викторовна, 117.11kb.
- Валерий Дмитриевич Губин. 3-е изд., испр. М.: Омега-Л, 2009. 367, [1] с. Университетский, 1778.3kb.
- Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі, 1034.54kb.
- Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения, 2180.75kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- Әок 323 (001) (574) фараби трактаттарындағы білім, ТӘрбие және адамгершілік —гуманизм, 66.39kb.
- Не іскерлік карьера университеті “ Келісілді” “Бекітемін” Оқу бөлімінің бастығы Оқу, 4465.31kb.
- Оқу-әдістемелік кешенінің аннотациясы: Оқу-әдістемелік кешені «Этнология» мамандығын, 407.28kb.
- Курс (5 жылдық) студенттерінің 8 семестр 2008-2009 оқу жылына арналған сабақ кестесі, 158.31kb.
- Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық, 3053.35kb.
Сызба № 2
Ж.Т.Қайыңбаев
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Республикалық институт, Білім мазмұны және сапасы кафедрасының меңгерушісі, институт профессоры.
(Жалғасы келесі санда)
Бейімді оқытудың мақсаты
Мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруға бағытталған оқыту барысы немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциациялау және индвидуализацилаудың құралы.
Міндеттері: - бірінші пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту
- оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру
- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру
Қазіргі кезде әр мұғалім, мектеп басшылығы, аудандық оқу бөлімі немесе облыстық білім департаменттері бұрынғыдай тек қана жоғарғы жақтың нұсқауын, бұйрығын орындаушы деңгейінде қолуларына болмайды. Себебі, қоғам дамуының бұл кезеңінде жоғарғы жақ бұрынғы дай атқарылуға тиістіжұмыстың бүгешігесіне дейінгі нақтылап беріп әр қызметкерді тек қана орындаушы, «бұранда» деңгейінде пайдаланбайды, жоғарғы жақ атқарылуға тиісті іс-әрекеттің нормативті – құқықтық негізін қалыптастыруда. Ал, әр мектепте осы құжаттар аясында қандай-да мәселені іске асу жағдайын өз бастарымен көптеген жергілікті жағдайларды ескере отырып іс жүзіне асыруға тиісті.
Бейінді оқыту жағдайы да осындай жүйеге негізделген. Атап айтқанда, мектеп басшылығы, мектеп ұжымы мұнда мынандай мәселелерді өз беттерімен шешуге тиісті.
- мектептің жоғарғы сатысының бейіні
- сыныптың бағдары
- қолданбалы курстардың бағдарламасы, мазмұны
- таңдау курстарының бағдарламасы, мазмұны
- жұмыстың оқу жоспары
- сынып оқушыларын топтарға бөлу т.б.
Әрине, бұл мәселелерді бірден әр мектептің өз бетімен сапалы түрде шешіп кетуі де оңай емес. Сондықтан да, осы орайда мен де өз білгеніммен бөліспекпін.
Бейінді оқытуға көшудің әдістемесі, алгоритмі қандай? Мұнда мен Қазақстандағы білім стандарттары, бейінді оқыту мәселелерін шын мәнінде зерттеуші саусақпен санарлық ғалымдардың бірі Сәулеш Дімкешқызы Мұқанованың пайымдауларымен толық келісемін және соны біріншіден қазақшалап, екіншіден кейбір пунктеріне өз тұжырымдарымды қоса отырып педагог-мамандарға ұсынамын.
І. Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сыныбының бейіні анықталуға тиісті. Жоғарғыда айтқандай қазірше яғни 12-жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейінді оқытудың екі бағыты айқындалып отыр. Олар қоғамның - гуманитарлық және жаратылыстану – математикалық пәндерді беіндеп оқыту (12-жылдық оқытуда жаратылыстану – математикалық бейіннен технологиялық бейін өз алдына бөлініп шықпақшы).
Мектеп бұл бағыттардың екеуін де алуға немесе біреуін ғана алуға құқылы. Бұл таңдау мынандай жағдайларға байланысты.
а) оқушылардың қызығушылық бағыты, қабілеті, талабы.
ә) 1-9-сыныптарда жүргізілген бейіналды (предпрофильный) жұмыстарының бағыт, мақсаты, мазмұны, ол жұмыстардың нәтижесі. Бұл жағдайды ашыңқырап айтсақ, қазіргі қолданыстағы типтік оқу жоспарларының (бастауыш және негізгі сатыдағы) мектептік және оқушы компонентіндегі сағаттардың педагогокалық ұжым жүйелі, саналы, сауатты яғни болашақтағы мектептің жоғарғы сатысы «былай болады» деп ойлай отырып, соған сабақтасып кететіндей деңгейде пайдалана алды ма? Әлде, ол сағаттар «ойбай, пәленше келер жылы зейнетке шығады, соған дұрысырақ ақшамен шығу үшін» немесе «пәленбайдың жүктемесін есін бір ставкаға жеткізу үшін» немесе «пәленшенің өзі жақсы, болмаса көзі жақсы тіпті болмаса пәленшенің бәленбайдың балдызы сол үшін» деген пайымдаулар негізінде оқушы мүддесі емес, мұғалім мүддесі ескеріліп пайдаланылдыма? Егер осы екінші жағдаймен өмір сүріп келсек онда бір жақты «мектепте бейіналды жұмыс жүргізілген жоқ» деп кесіп айтуға болады.
Ал, республика мектептері өзіміз дайындаған типтік оқу жоспарына көше бастаған 1997-98 оқу жылынан бастап (егер 1- сыныптан бастаса), тіпті болмаса 2001-2002 оқу жылынан бастап (егер 5-сыныптан бастаса) жүйелі бейіналды жұмыстар жүргізген мектептер оқушыларын жоғалтпай әр түрлі бағыттағы, бағдардағы 10-сыныптарын еркін аша алады.
б) мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейі
Қандай-да бағыттағы сыныптар ашу үшін сол сыныптарға сабақ беретін мамандардың бар-жоғы ескерілінетіні айқын. Егер мектеп математика пәні мұғалімі жалпы білім беретін орта мектеп математикасының есептерін зорға шығарып жүрсе онда ол математиканы әр теориялық, әрі практикалық тұрғыдан қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыта ала ма? Математика бойынша қолданбалы, таңдау курстардың бағдарламасын жасай ала ма, мазмұнын анықтай ала ма? Демек, бұл жағдайда математиканы бағдарлап оқытатын сыныпты ашу аса қауіпті болуы мүмкін.
в) Мектептің материалдық – техникалық жағдайы.
2) Көрші мектептердің немесе көрші ауылдағы мектептердің жоғарғы сатысының бейімі. Бұл жағдайды ескеру қажеттілігі мынадан туындап отыр. Егер А ауылындағы мектептің жоғарғы сатысының бейімі қоғамдық – гумманитарлық бағытта болса, онда онымен көрші Б ауылындағы мектептің жоғарғы сатысы жаратылыстану – математикалық бағытта болғаны жөн. Себебі:, бірлі-екілі оқушылардың өз ауылдарында ашылған 10 сыныптың бейімі мен өз талаптары сәйкес болмауына байланысты бір-мектептен екінші мектепке ауысу жағдайы болуы мүмкін.
Негізінен осы жағдайлар ескеріле келе мектепте ашылуы мүмкін екі бейімдегі 10 сыныптар немесе бір ғана бейімдегі 10-сынып.
Ескерте кететін бір жай бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.
ІІ. 10 сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспары дайындалады.
Жұмыстың оқу жоспары дегеніміз – базистік және типтік оқу жоспарлары негізінде нақты оқыту тілі (1-9 сыныптар), оқыту бағыты (10-11 сыныптар) ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.
Демек, 10-сыныптың алынған бейіміне қарай мемлекеттік деңгейде бекітілген екі бағыттағы типтік оқу жоспарының бірі (егер 10-сынып біреу болса) немесе екеуі (егер10-сыныптар екеу болса әр 10-сыныптың әр бағыттағы бейімді таңдаса) алынады.
№ | Білім салалары және оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағат саны | Жүктеме сағат | ||
10-сынып | 11-сынып | Апталық | Жылдық | ||
Базалық компонент | |||||
І. | Филология | 12 | 10 | 22 | 748 |
1 | Ана тілі | 2 | 2 | 4 | 136 |
2 | Әдебиет | 2 | 3 | 5 | 170 |
3 | Қазақ тілі / Орыс тілі | 2 | 2 | 4 | 136 |
4 | Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті | 2 | 1 | 3 | 102 |
5 | Шет тілі | 4 | 2 | 6 | 204 |
ІІ. | Математика және информатика | 4 | 4 | 8 | 272 |
6 | Математика | 3 | 3 | 6 | 204 |
7 | Информатика | 1 | 1 | 2 | 68 |
ІІІ. | Жаратылыстану | 4 | 4 | 8 | 272 |
8 | Физика | 1 | 1 | 2 | 68 |
9 | Химия | 1 | 1 | 2 | 68 |
10 | Биология | 1 | 1 | 2 | 68 |
11 | География | 1 | 1 | 2 | 68 |
ІV. | Қоғамтану | 4 | 6 | 10 | 340 |
12 | Дүниежүзі тарихы | 1 | 1 | 2 | 68 |
13 | Қазақстан тарихы | 1 | 2 | 3 | 102 |
14 | Қоғамдық білім негіздері | 1 | 2 | 3 | 102 |
15 | Құқық негіздері | 1 | 1 | 2 | 68 |
V. | Өнер | 2 | 2 | 4 | 136 |
16 | Өнер | 2 | 2 | 4 | 136 |
VІ. | Технология | 2 | 2 | 4 | 136 |
17 | Технология | 2 | 2 | 4 | 136 |
VІІ. | Дене шынықтыру және АӘД | 4 | 4 | 8 | 272 |
18 | Дене шынықтыру | 2 | 2 | 4 | 136 |
19 | Алғашқы әскери дайындық | 2 | 2 | 4 | 136 |
Инвариантты оқу жүктемесі | 32 | 32 | 64 | 2176 | |
Мектеп компоненті | |||||
Қолданбалы курстар | 3 | 3 | 6 | 204 | |
Әдеп және психология | 1 | 1 | 2 | 68 | |
Оқушы компоненті | |||||
Таңдау курстары | 3 | 3 | 6 | 204 | |
БАРЛЫҒЫ | 39 | 39 | 78 | 2652 |
№ | Білім салалары және оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағат саны | Жүктеме, сағ. | ||
10-сынып | 11-сынып | Апталық | Жылдық | ||
Базалық компонент | |||||
І. | Филология | 8 | 8 | 16 | 544 |
1 | Ана тілі | 1 | 1 | 2 | 68 |
2 | Әдебиет | 2 | 2 | 4 | 136 |
3 | Қазақ тілі / Орыс тілі | 2 | 2 | 4 | 136 |
4 | Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті | 1 | 1 | 2 | 68 |
5 | Шет тілі | 2 | 2 | 4 | 136 |
ІІ. | Математика және информатика | 5 | 5 | 10 | 340 |
6 | Математика | 4 | 4 | 8 | 272 |
7 | Информатика | 1 | 1 | 2 | 68 |
ІІІ. | Жаратылыстану | 10 | 10 | 20 | 680 |
8 | Физика | 3 | 3 | 6 | 204 |
9 | Химия | 3 | 3 | 6 | 204 |
10 | Биология | 2 | 2 | 4 | 136 |
11 | География | 2 | 2 | 4 | 136 |
ІV. | Қоғамтану | 3 | 3 | 6 | 204 |
12 | Дүние жүзі тарихы | - | 1 | 1 | 34 |
13 | Қазақстан тарихы | 1 | 1 | 2 | 68 |
14 | Қоғамдық білім негіздері | - | 2 | 2 | 68 |
15 | Құқық негіздері | 1 | - | 1 | 34 |
V. | Технология | 2 | 2 | 4 | 136 |
16 | Технология | 2 | 2 | 4 | 136 |
VІ. | Дене шынықтыру және АӘД | 4 | 4 | 8 | 272 |
17 | Дене шынықтыру | 2 | 2 | 4 | 136 |
18 | Алғашқы әскери дайындық | 2 | 2 | 4 | 136 |
Инвариантты оқу жүктемесі | 32 | 32 | 64 | 2176 | |
Мектеп компоненті | |||||
Қолданбалы курстар | 3 | 3 | 6 | 204 | |
Әдеп және психология | 1 | 1 | 2 | 68 | |
Оқушы компоненті | |||||
Таңдау курстары | 3 | 3 | 6 | 204 | |
БАРЛЫҒЫ | 39 | 39 | 78 | 2652 |
Кестеде көрініп тұрғандай типтік оқу жоспары үш түрлі компоненттен тұрады.
Бірінші компонент – базалық компонент.
Қоғамдық – гумманитарлық және жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының базалық компанеттерінің айырмашылықтары бар. Атап – айтқанда қоғамдық – гумманитарлық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген. Ал, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарының базалық компанентінің пәндері алты блокқа бөлінген, яғни мұнда «Өнер» блогы және осы блок негізінде оқытылатын өнер пәні жоқ.
Типтік оқу жоспарларының айырмашылықтары
№ | Басты ерекшеліктері | Қоғамдық – гумманитарлық бағыт | Жаратылыстану -математикалық бағыт |
1. | Модульдер саны | VІІ | VІ (Өнер блогы оқытылмайды) |
2. | Пәндер саны | 19 | 18 |
3. | Бағдарлы пәндер | Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс тілі Шет тілі Жалпы тарих Қазақстан тарихы Қоғамтану негіздері Құқық. | Математика, физика, химия, биалогия, география, информатика. |
4. | Бағдарлы емес пәндер | Математика, физика, химия, биалогия, география, информатика. | Қазақ тілі мен әдебиеті Орыс тілі Шет тілі Жалпы тарих Қазақстан тарихы Қоғамтану негіздері Құқық. |
5. | Екі бағытқа да ортақ пәндер | Технология, физкультура, алғашқы әскери дайындық, этика және психология (жоспардың мектептің компонентіндегі пән). | |
6. | Бір ғана бағытқа тән пәндер | өнер | - |
Сыныптың бағдары айқындалады
10-сыныпта оқыту
Ал енді, бейінді оқыту жағдайы мүмкіндігінше сауатты көшу үшін не істеуіміз керек деген сұраққа өз пайымдауларымызды келтірейік.
1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі ауқымында Қазақстан Республикасы мектептерінің жоғарғы сатысын бейінді оқытуға көшіру мен айналысатын құзіретті құрлым екі жыл мерзімге құрылуы керек. екі жылға деп отырғанымыз жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сатысы екі жыл болғандықтан осы уақытта олар бейінді мектепке көшу болды. Осы мерзімде бұл құрлым шешетін мәселе ұшан-теңіз. Сондықтан онда сауатты, бейнді мектептің ғылыми-методологиялық негізін түсінетін, өзіндік ойы, пікірі бар мемлекеттік деңгейінде шешім қабылдауға, оған жауап беруге батыл – жетері жететін адамдар отыруы керек.
2. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі білім жетілдіру институттары өз жоспарларына тез арада өзгерістер енгізіп, елу пайыз курстарының мазмұнын бейінді оқытуға қарсі лайықтау керек және оларды жаз айларында өткізуі қажет.
3. Облыстық, аудандық білім департаменттері (басқармалары) басшылары, мектеп директорлары мен оның орынбасарлары, келесі жылы 10-сыныпта жұмыс істеуге тиісті мұғалімдер жаз айларындағы демелыстарын тоқтатып бейінді мектептің ерекшеліктері жайлы курстарда оқу және жергілікті жерлерде ол мәселенің іске асыруына күш салулары керек.
Пайдаланған еңбектердің тізімі.
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Егеменді Қазақстан 16 қазан 2004 жыл.
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ұғымдар.
Алматы: РОНД, 2002. – 88 бет.
3. Муканова С.Д. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 класах общеобразовательных учебных заведении. – Алматы: РОНД, 2005. – 64 с.
4. Ирсалиев. С. Роль внешнего оценивания в системе образования. Доклад – презентация семинар представителей Министерства образования и науки. 05.04.06. г. Алматы.
5. Муканова. С. Стандартизация среднего общего образования Республики Казахстан: контекст, условия и проблемы. – Алматы: РОНД, 2006.
Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: жұмыстық оқу жоспарының үлгілері
10-сыныпқа арналған жұмыстық оқу жоспары
Ι. Бейімі: жаратылыстану-математикалық
Бағдары: математикалық (монобағдарлы)
№ | Білім салалары және оқу пәндері | Жүктеме | |
Апталық | Жылдық | ||
Базалық компонент | |||
І 1 2 18 19 | Филология Ана тілі Әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Алғашқы әскери дайындық Әдеп және психология | 8 1 2 . . . . . . . . . . . . . . 2 1 | 272 34 68 . . . . . . . . . . . . . . 68 34 |
| Барлығы | 33 сағ. | 1122 сағ. |
Мектеп компоненті | |||
1.1 1.2 1.3 | Қолданбалы курстар: Шек теориясы Стандартты емес есептерді шешу Ықтималдықтар теориясы | 1 1 1 | 34 34 34 |
Оқушы компоненті | |||
1 2 3 4 5 6 | Таңдау курстары: Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды физика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ дайындау Шешендік өнер Ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеу Дизайн негізі | 1 1 1 1 1 1 | 34 34 34 34 34 34 |
| Барлығы | 42 сағ. | 1428 сағ. |
Оқу жоспарын дайындаған мектеп директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Оқу жоспары мектеп педагогикалық кеңесінде талқыланды және бекітілді (хаттама № , уақыты)
Педагогакалық кеңес төрағасы
Педагогикалық кеңес хатшысы
ΙΙ. Бейімі: жаратылыстану-математикалық
Бағдары: математиалық, химиялық (полибағдарлы)
№ | Білім салалары және оқу пәндері | Жүктеме | |
Апталық | Жылдық | ||
Базалық компонент | |||
І 1 2 18 19 | Филология Ана тілі Әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Алғашқы әскери дайындық Әдеп және психология | 8 1 2 . . . . . . . . . . . . . . 2 1 | 272 34 68 . . . . . . . . . . . . . . 68 34 |
| Барлығы | 33 сағ. | 1122 сағ. |
Мектеп компоненті | |||
1.1 1.2 1.3 | Қолданбалы курстар: Шек теориясы Стандартты емес есептерді шешу Ықтималдықтар теориясы | 1 1 1 | 34 34 34 |
2.1 2.2 | Д. Менделеевтің периодтық жүйесі Химиялық технология | 1 2 | 34 68 |
Оқушы компоненті | |||
1 2 3 4 5 | Таңдау курстары: Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды физика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды химия пәні бойынша ҰБТ дайындау Компьютерлік технология Радиотехника негіздері | 1 1 1 1 1 | 34 34 34 34 34 |
| Барлығы | 44 сағ. | 1496 сағ. |
|
Оқу жоспарын дайындаған мектеп директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Оқу жоспары мектеп педагогикалық кеңесінде талқыланды және бекітілді (хаттама № , уақыты)
Педагогакалық кеңес төрағасы
Педагогикалық кеңес хатшысы
ΙΙΙ. Бейімі: жаратылыстану-математикалық
Бағдары: физика-математика, химия
№ | Жалпыға міндетті салалар және оқу пәндері | Жүктеме | |||
Апталық | Жылдық | ||||
Базалық компонент | |||||
І | Филология | 8 | 272 | ||
1 2 3 4 5 17 18 19 | Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Орыс тілі Орыс әдебиеті Ағылшын тілі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Дене тәрбиесі АӘД Этика және психология | 1 2 2 1 2 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 2 1 | 34 68 68 34 68 . . . . . . . . . . . . . . 68 68 34 | ||
| Барлығы | 33 сағ. | 1122 сағ. | | |
Мектеп компоненті | |||||
1.1 1.2 1.3 2.1 2.2 2.3 | Қолданбалы курстар: Математика оқулығы беттерінен Радиотехника және электроника негіздері Геометриялық түрлендірулер Химия - өнеркәсіпте Химия заңдылықтары Химиялық анализ негіздері | 1 1 1 1 1 1 | 34 34 34 34 34 34 | ||
Оқушы компоненті | |||||
1 2 3 4 5 | Таңдау курстары: Оқушыларды қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды тарих пәні бойынша ҰБТ дайындау Би ырғақтары Мен және заң | 1 1 1 1 1 | 34 34 34 34 34 | ||
| Барлығы | 44 сағ. | 1492 сағ. |
Оқу жоспарын дайындаған мектеп директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Оқу жоспары мектеп педагогикалық кеңесінде талқыланды және бекітілді (хаттама № , уақыты)
Педагогакалық кеңес төрағасы
Педагогикалық кеңес хатшысы
ΙV. Бейімі: жаратылыстану-математикалық
Бағдары: математикалық, физикалық, химиялық (полибағдарлы)
№ | Білім салалары және оқу пәндері | Жүктеме | |
Апталық | Жылдық | ||
Базалық компонент | |||
І 1 2 18 19 | Филология Ана тілі Әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Алғашқы әскери дайындық Әдеп және психология | 8 1 2 . . . . . . . . . . . . . . . . 2 1 | 272 34 68 . . . . . . . . . . . . . . . . 68 34 |
| Барлығы | 33 сағ. | 1122 сағ. |
Мектеп компоненті | |||
1.1 1.2 1.3 | Қолданбалы курстар: Шектер теориясы Стандартты емес есептерді шешу Ықтималдықтар теориясы | 1 1 1 | 34 34 34 |
2.1 2.2 3.1 | Д. Менделеевтің периодтық жүйесі Химиялық технология Мектеп физика оқулығы беттерімен | 1 2 3 | 34 64 102 |
Оқушы компоненті | |||
1 2 3 4 5 | Таңдау курстары: Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды физика пәні бойынша ҰБТ дайындау Оқушыларды химия пәні бойынша ҰБТ дайындау Компьютерлік технология Радиотехника негіздері | 1 1 1 1 1 | 34 34 34 34 34 |
| Барлығы | 47 сағ. | 1598 сағ. |
Оқу жоспарын дайындаған мектеп директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Оқу жоспары мектеп педагогикалық кеңесінде талқыланды және бекітілді (хаттама № , уақыты)
Педагогикалық кеңес төрағасы
Педагогикалық кеңес хатшысы
V. Бейімі: жаратылыстану-математикалық
Бағдары: физика-математиалық, химиялық, информатиалық (полибағдарлы)
№ | Жалпыға міндетті салалар және оқу пәндері | Жүктеме | ||
Апталық | Жылдық | |||
Базалық компонент | ||||
І 1 2 18 19 | Филология Ана тілі Әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Алғашқы әскери дайындық Әдеп және психология | 8 1 2 . . . . . . . . . . . . . . . . 2 1 | 272 34 68 . . . . . . . . . . . . . . . . 68 34 | |
| Барлығы | 33 сағ. | 1122 сағ. | |
1.1 1.2 1.3 2.1 2.2 3.1 3.2 | Қолданбалы курстар: Математикадан стандарт емес және олимпиадалық есептерді шешу Физика және Қазақстан энергетикасы Ықтималдық тар теориясы және математикалық статистика Аналитикалық химия Химиялық технология Компьютерлік іс-қағаздарын жүргізу Компьютерлік технология | 1 1 1 2 1 2 1 | 34 34 34 68 34 68 34 | |
Оқушы компоненті | ||||
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. | Таңдау курстары: Логикалық есептерді шешу Биофизика негіздері Радиотехника негіздері және электроника Шахмат үйрену курсы Қолданбалы физика Органикалық химия негіздері Бейорганикалық химия негіздері Интернет технолог Компьютерлік графика | 1 1 1 1 1 2 1 2 1 | 34 34 34 34 34 68 34 68 34 | |
| Барлығы | 53 сағ. | 1802 сағ. |