Әож 574. 6: 556. 51(282. 255. 5) Қолжазба құқығында

Вид материалаАвтореферат

Содержание


Қорғауға ұсынылып отырған негізгі мәселелер
суармалы сілем топырағындағы тұздардың, қалдық минерал және орга-никалық тыңайтқыштардың шайылу дәрежесі, дренажды-ағынды сулард
Автордың жеке үлесі.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар.
Негізгі бөлім
Зерттеу әдістері мен құралдары.
Зерттеу аймағының қысқаша экологиялық сипаттамасы.
Зерттеулер нәтижелері
Текелі кен байыту комбинатынан жоғары және төмен нүктелерде алынған су сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері
Топырақтың ауыр металдармен ластануын зерттеу нәтижелері
Зерттелген аймақтан ұсталған кеміргіштердің ( дала тышқандары, Mus musculus L.) жілік майының жасушаларындағы цитогенетикалық өз
Подобный материал:
1   2   3

Қорғауға ұсынылып отырған негізгі мәселелер:

  • 2001 – 2008 жылдар аралығында жүргізілген кешенді зерттеулер Қаратал өзені алқабы ауасының, топырағының, өсімдіктерінің, жер беті және жер асты суларының ауыр металдармен ластану ерекшеліктері мен таралуына, жинақталуына экологиялық тұрғыдан баға берілді;
  • зерттелген аймақтардағы дала тышқандарының (Mus musculus L.) кариотипінде анықталған хромосомалық мутациялар сақиналы, жұп, жалғыз фрагменттер ретінде хромосомалық және хроматидтік аберрациялар түрінде байқалды (генетикалық қауіптілігі);
  • өзен алқабындағы өсімдіктердің фенологиялық фазаларына ауыр метал-дардың тигізген әсері салпыншақ және үлпек қайыңдарда байқалды. Табиғи жағдайда (бақылау нысаны) салпыншақ қайың ерте жапырақтап, ерте гүлдесе, үлпек қайың керісінше кеш жапырақтап, кеш гүлдейді. Ал, қала жағдайындағы тәжірибе алаңдарындағы зерттеулерде екеуінде де жапырақтау және гүлдеу уақыттарының ұзарғаны дәлелденді.
  • суармалы сілем топырағындағы тұздардың, қалдық минерал және орга-никалық тыңайтқыштардың шайылу дәрежесі, дренажды-ағынды сулардағы сульфаттардың мөлшері анықталды.


Автордың жеке үлесі. Ғылыми диссертациялық жұмыста ұсынылған негізгі бөлімдердің барлығы автордың өз қолымен орындалған.

Жұмыстың сыннан өтуі және жарық көруі. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны мен қорытындылары Халықаралық, Республикалық ғылыми басылымдар беттерінде жарық көріп, конференцияларда баяндалды және талқыланды. Олар: Қ.И. Сәтпаевтің туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық симпозиумында (Алматы, 1999); Мемлекетаралық су шаруа-шылығы үйлестіру комиссиясының 10-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында (Алматы, 2002); Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Өмір қауіпсіздігі мен аймақтық экологиялық мәселе-лер» атты тақырыпта өткен Халықаралық ғылыми - практикалық конфер-енциясында (Алматы, 2002); І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да «Қазақстандағы білім мен ғылымның қазіргі жағдайы мен оларды реформалау жолдары» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Талдықорған, 2003); «Өсімдіктер физиологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік құралында (Талдықорған, 2003); «Өндіріс және тұтыну қалдықтары және оларды пайдалану жолдары» атты тақырыптағы оқу құралында (Талдықорған, 2006), «Омыртқасыздарды биотест ретінде пайдалануға арналған зертханалық жұмыстар» оқу-әдістемелік құралында (Талдықорған, 2008), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің химия және биология, география және экология кафедраларының кеңейтілген мәжілісінде (Талдықорған, 2009), Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ботаника және экология кафедрасының мәжілісінде (Алматы, 2009) және ҚР БҒМ БЗО жанындағы «Микробиология және вирусология» институтының ҒК «Экология» секциясы мәжілісінің семинарында (Алматы, 2009) талқыланды.

Ұсынылған жұмыстың басқа да ҒЗЖ және әр түрлі мемлекеттік, халықаралық бағдарламалармен байланысы. Диссертациялық жұмыс І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Талдықорған аймағы табиғи орта компоненттеріне өндіріс ошақтарының тигізген әсерін кешенді зерттеу» атты тақырыптағы бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмысы негізінде орындалды (І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің 2003 жылдың 03 шілдесіндегі Ғылыми Кеңесінің шешімі, хаттама №10). Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстың орындалу қажеттілігі 2001 жылдың 25 желтоқсанда, 2008 жылдың 1-ші наурызында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ мен Алматы облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы арасындағы келісім-шарт негізінде туындады (қосымшада тиісті анықтамамен дәлелденген).

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация материалдары 125 бет көлемінде дайындалды. Диссертациялық жұмыс: кіріспеден, 3-тараудан, алынған нәтижелерден және оларды талқылаудан, қорытындыдан, ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі отандық және шет ел авторларының әдебиеттерін қосқанда, жалпы саны - 180, жұмыста 22-сурет, 38-кесте берілген.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар. Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері 11 мақалада, бір оқу және бір оқу - әдістемелік құралдарында жарияланды.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеудің негізгі бағыттары. Табиғи ортаға кері әсерін тигізетін негізгі факторлар: ауада, жер беті және жер асты суларында, топырақ құрамында көп мөлшерде кездесетін ксенобиотиктер. Олар өсімдіктер мен жануарлар ағзасына қоректік тізбек бойынша тағам, ауа, су арқылы түседі. Соңғы жылдары табиғи ортаға кері әсер ететін ауыр металдардың өсімдіктер және жануарлар ағзаларында жинақталуы маңызды экологиялық мәселе ретінде қарастырылуда. Тышқантәрізді кеміргіштердің ағзасындағы генетикалық өзгерістер және биоиндикатор ретінде алынған салпыншақ және үлпек қайыңдардың фено-логиялық фазаларына және дамуына ауыр металдардың әсерін анықталды. Қаратал суармалы сілеміндегі топырақ тұздары, қалдық минерал және органикалық тыңайтқыштардың шайылу дәрежесі, дренажды-ағынды сулар-дағы сульфаттар мөлшері зерттелді.

Зерттеу әдістері мен құралдары.

Атомды–абсорбциялық спектрофотометрия әдісімен атмосферадағы, су-дағы, топырақтағы және өсімдіктердегі ауыр металдар анықталды, топырақ, су, ауа сынамаларын алу әдістемелері, өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу және жануарлардың хромосомалық препараттарын дайындау әдістемелері қолданылды.

Диссертациялық жұмыста алынған нәтижелер МГА-915 атомдық абсорбциялық спектрофотометрінде, КФК-2-УХЛ 4.2 фотоэлектро-колори-метрінде, АВА-1 вольтамперометрлік анализаторында, СВЕТ-ПИ-М рН-метрінде орындалып, ОП-8-УХЛ 4.2 центрифугасы, Adventurer OHAUS аналитикалық таразысы қолданылды. Аталған қондырғылар Талдықорған қаласындағы сертификаттау орталығының тексерісінен өтті.

Зерттеу аймағының қысқаша экологиялық сипаттамасы. Қаратал өзені алқабында өндіргіш күштердің дамуына табиғаты мен климаттық жағдайы тамаша және бай минерал - шикізат қоры себеп болды. Өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытуда жіберілген қателіктер, өндірістегі технологияның төмен деңгейі табиғи қорларды тиімсіз пайдалануға және қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқты. Өңірдегі өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өсімдіктер және жануарлар тіршілігі негізінен, Қаратал өзені суының сапасына байланысты. Су сапасына әсер ететін негізгі антропогендік факторлар -«Казцинк» ААҚ-ның Текелі тау - кен байыту комбинатының қалдық сақтау орыны, Талдықорған қаласында орналасқан «Қайнар-АКБ» ЖШС-і және Қаратал ауданындағы күріш өсіретін Қаратал суармалы сілемі. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау барысында Қаратал өзені алқабының табиғи компоненттеріне аталған өндіріс ошақтарының тигізген әсерінің экологиялық сипаттамасы жүйелі түрде зерттелмегені анықталды. Өңірдің экологиялық сипаттамасын сирек кездесетін ғылыми мақалалардан (Бигалиев А.Б., 1993; Попов А.В., 1993; Лукьянчиков Ю.С., 1992; Богачев В.П., 1993; Омарова Т.А., 1993) көруге болады. Қаратал өзені алқабында орналасқан өндіріс ошақтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері жайында жазылған материалдар өте аз. Таулы аймақ болғандықтан Қаратал өзені алқабында ауа - райының өзгеруі айқын байқалады. Егер алқаптың орманды - шалғынды аймағында жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм болса, Балқаш көлі бағытындағы жылдық жауын - шашын мөлшерінің өзгеруі 800, 337, 236, 158 және 114 мм құрайды. Жылдық орташа ауа температурасы Талдықорған қаласынан Балқаш көлінің жағасына дейінгі аралықта 6,9-дан 5,3°С-ға дейін төмендейді. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2,3-тен 4,0 м/с-қа дейін өзгереді. Жыл бойына өзеннің барлық ұзындығында судың оттектік режимі сақталады. Өзен суы көбіне ауыр металдармен ластанған. Қаратал өзені алқабы бес топырақты - климаттық аймаққа бөлінеді. Зерттелген аудандағы қалалар мен өндіріс ошақтары орналасқан карта 1-ші суретте берілген.


Зерттеулер нәтижелері Ауаның ауыр металдармен ластануын зерттеу нәтижелері. Текелі қаласы мен оның маңайындағы атмосфералық ауаның ауыр металдармен ластануы 2003-2004 жылдары зерттелді. Зерттеулер келесі нүкте-лерде орындалды: 1-ші нүкте - Тау - кен байыту комбинатының қалдық сақтау орны, 2-ші нүкте - Қаладағы «Кристалл» дүкенінің маңы, 3-ші нүкте - Абай ауылы, 4-ші нүкте - «Орленок» балалар демалыс лагерінің маңы, 5-ші нүкте -«Балдырған» балалар демалыс лагерінің маңы, 6-ші нүкте - Теңілік ауылы, 7-ші нүкте - Қаратал ауылы, 8-ші нүкте - Малиновка ауылы. Осы нүктелерде алынған нәтижелер 1-ші кестеде, 2-ші және 3-ші суретте берілген.


Кесте 1 - Текелі қаласы және оның маңайындағы атмосфералық ауадағы ауыр металдардың мөлшері (мг/м3), (2003-2004 ж.)


Жылдары

Нүк-

телер

Концентрация, мг / м3

Cd2+

Mn2+

Cu2+

Ni2+

Pb2+

Zn2+

2003

1


0±0,00

0,00±0.01

0,01±0,00

0,01±0,00

0,01±0,01

0,08±0,07

2004

0,00±0,00

0,19±0,13

0,27±0.19

0,02±0,01

0,29±0,27

0,33±0,31

2003


2

0±0,00

0,03±0,01

0,22±0,18

0,01±0,00

0,02±0,01

0,07±0,05

2004

0,00±0,00

0,06±0,02

0,04±0,02

0,01±0,00

0,07±0,05

0,29±0,27

2003


3

0±0,00

0,00±0,01

0,01±0,01

0,02±0,01

0,02±0,01

0,10±0,09

2004

0,01±0,00

0,06±0,03

0,11±0,09

0,01±0,00

0,04±0,03

0,13±0,11

2003


4

0±0,00

0,02±0,01

0,05±0,03

0,01±0,00

0,02±0,01

0,03±0,01

2004

0,00±0,00

0,03±0,01

0,18±0,15

0,00±0,01

0,02±0,01

0,03±0,01

2003


5

0±0,00

0,01±0,00

0,03±0,01

0,01±0,00

0,00±0,01

0,02±0,01

2004

0,01±0,01

0,02±0,01

0,24±0,22

0,02±0,01

0,07±0,05

0,13±0,11

2003


6

0±0,00

0,01±0,00

0,04±0,03

0,01±0,00

0,01±0,01

0,06±0,05

2004

0,00±0,00

0,07±0,05

0,50±0,48

0,05±0,04

0,06±0,05

0,19±0,17

2003


7

0±0,00

0,01±0,01

0,16±0,15

0,00±0,01

0,03±0,01

0,07±0,05

2004

0,00±0,00

0,07±0,05

0,02±0,01

0,00±0,01

0,03±0,02

0,05±0,03

2003


8

0±0,00

0,00±0,00

0,01±0,01

0,00±0,00

0,01±0,01

0,05±0,03

2004

0,00±0,00

0,01±0,01

0,02±0,01

0,00±0,00

0,03±0,01

0,03±0,01



1-кестеде Текелі қаласы және маңайындағы атмосфералық ауада кадмий мүлдем жоқ (бұл 2003 ж алынған сынамада). Марганецтің мөлшері барлық нүктелерде белгіленген мөлшерден 9,5±0,5 - 19,5±0,5 есе артық (ШМК). Тек 1-ші, 3-ші ж/е 8-ші нүктелерде байқалмайды. Бұл ауданда ерекше көзге түсетінін мыстың мөлшері жоғары. Жеке нүктелерде екінші және төртінші нүктелерде 49,5±0,5 - 69,5±0,5 есе асып түседі (ШМК). Жетінші және сегізінші нүктелерден басқасында никельдің концентрациясы 9,08±0,2 есе, ал үшінші нүктеде 19,5 есе ШМК- дан асып түседі.

Барлық зертелген аудандарда, нүктелерде ауа құрамындағы марганецтің мөлшері жоғары. Нүктелердің барлығында ауадағы мыстың мөлшері белгі-ленген мөлшерден (ШМК-дан) 24,5 - 25,5 есеге дейін артып отыр. Әсіресе, демалыс орны “Балдырғанның” маңында жоғары көрсеткіш байқалды. Одан кейінгі кезекте мырыштың мөлшерінің артып отырғанын көреміз. Тек 5-6 нүктеде төмендеу, ал қалған нүктелерде ШМК-ның 99,9±0,1 есе арттырғанын байқаймыз. Мырыштың ең көп кездесетін нүктесі пионер лагері “Орленоктың” айналасы болып отыр.






Нүктелер

Сурет 2 - Текелі қаласы және маңайы ауасындағы

ауыр металдардың мөлшері (мг/м3) 2003 ж.






Сурет 3 - Текелі қаласы және маңайы ауасындағы

ауыр металдардың мөлшері (мг/м3) 2004 ж.


2-ші және 3-ші суреттерден көріп отырғанымыздай, барлық зерттеу нүкте-лерінде марганецтің мөлшері ШМК (шектеулі мөлшер концентрациясы) –дан 2,45 -13,05 есе артық. Тек 4 және 5 нүктелерде ғана ШМК –дан аспайды. Ал, қорғасынның ауадағы мөлшері өте жоғары және ол ШМК-дан 95,05±0,5 есе және оданда артық екендігі көрініп тұр. Зерттелген барлық нүктелерде мырыш кездесіп, оның мөлшері ШМК-дан 2,55- 4,25 есе артық (қалдық сақтау орнының маңында) екендігін көреміз.

Текелі кен байыту комбинатынан жоғары және төмен нүктелерде алынған су сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері

Кесте 2 - Көктем, жаз, күз айларындағы су сынамаларынан алынған ауыр мет-алдардың мөлшері (ШМК үлесімен есептегенде, мг/л)



Реттік саны

Айлар

Cu2+

Zn2+

Pb2+

жоғары

төмен

жоғары

төмен

жоғары

төмен

1

Наурыз

6,0

22,0

1,0

2,5

1,0

2,0

2

Мамыр

5,0

5,0

0,4

0,3

2,0

1,0

3

Тамыз

9,0

6,0

0,6

0,6

0,0

0,7

4

Қараша

5,0

6,0

0,5

0,7

0,0

0,0



Екінші кестеден комбинаттан төменгі сынама алынған нүктелерде ауыр металдардың мөлшерінің жоғары екендігін байқаймыз. Мысалы, наурыз айын-да барлық нүктелерде Zn және Pb 2,99 ± 0,01 есе, ал Cu - тың мөлшері 3,95 ± 0,5 есеге артқандығын көреміз. Қалған айларда олардың мөлшерінің теңескендігі байқалады, себебі өзен суы табиғи жолмен тазарып, ауыр металдар тұнбаға түседі.

Қаратал өзенінің бойындағы белгіленген нүктелерден алынған шөгінділер сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері

Өзен шөгінділеріндегі ауыр металдардың мөлшері 3-ші кестеде келтірілген.

Кесте 3 - Ауыр металдардың шөгінділердегі мөлшері (мг/кг)



Сынама алынған нүктелер

Сынама алынған күн

Ауыр металдардың мөлшері, мг/кг

Cu 2+

Pb2+

Zn2+

Ni2+

Cd2+

1

2

3

4

5

6

7

Талдықорған қаласынан төменгі көпірден кейін

19.06.03

11,00

55,50

145,00

46,00

0,25

Текелі қаласынан төменгі көпірден кейін

19.06.03

7,70

30,75

87,00

62,00

0,25

Үштөбе қаласынан 32 шақырым төмен

19.06.03

8,70

13,00

42,00

78,50

0,75

Қаратал өзенінің Балхаш көліне құяр сағасында

20.06.03

4,00

9,25

13,00

46,75

0,25


Үшінші кестеден көріп отырғанымыздай қай элементті алсақта мысалы, сынама алынған 1-ші нүктеде қорғасынның мөлшері 55,50 мг/кг болса, соңғы Балхаш көліне құяр сағасында 9,25 мг/кг дейін төмендейді. Себебі, ауыр металдар тұнбаға түсіп, шөгіндіде жинақталып, өзен суы табиғи жолмен тазарады. Бірақ, әрбір нүктедегі мөлшері ШМК – дан 2,5 – 3,0 есе жоғары.

Топырақтың ауыр металдармен ластануын зерттеу нәтижелері

Ауыр металдардың топырақта таралуы көптеген факторға байланысты, негізі-нен, метеорологиялық жағдайға, ластаушы көздің табиғаты мен топырақтың геохимиялық қасиеттеріне әсер етеді. 2002 және 2003 жылдың мамыр айында қалдық сақтау орнының төрт жағынан (оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыс) алынған топырақ сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері 4-ші кестеде, 4-ші және 5-ші суреттерде келтірілген.

Кесте 4 - «Казцинк» ААҚ Текелі тау-кен байыту комбинатының қалдық сақтау орындары маңындағы топырақтың ластану мөлшері (мг/кг)


Ауыр металдар

Қалдық сақтау орны, мамыр айы

ШМК, (мг/кг)


Шығыс

Солтүстік

Батыс

Оңтүстік

2002

2003

2002

2003

2002

2003

2002

2003

Pb2+

65,6

67,5

76,2

83,1

65,9

67,8

98,4

100,2

30,0

Zn2+

165,8

172,1

206,8

211,3

208,7

211,1

219,2

221,2

100,0

Cd2+

0,068

0,072

0,05

0,09

0,068

0,071

0,05

0,07

0,05

Cu2+

53,6

58,2

68,1

73,2

54,3

56,5

65,4

67,5

40,0



Қалдық сақтау орны маңайының ауыр металдармен қаншалықты ластанғаны 4-ші кестеде көрсетілген. Мысалы, қорғасынды алсақ шығыс жағында (2002 ж) ең төменгісі 65,6±0,02 мг/кг ал, ең жоғарғысы оңтүстігінде 98,4±0,02 мг/кг, бұл көрсеткіш ШМК-дан 2,18±0,2 есе, ал оңтүстігінде 3,28±0,2 есе артық екендігін көрсетеді. Бұндай нәтижелер барлық элементтерге тән екендігін кестеден көруге болады.

Зерттелген аймақтан ұсталған кеміргіштердің ( дала тышқандары, Mus musculus L.) жілік майының жасушаларындағы цитогенетикалық өзгерістер

Кеміргіштер (тышқандар) жылдың әр мезгілінде ауланды, себебі, ұсақ сүт-қоректілердің популяцияларындағы аберрантты жасушаларда мезгілдік, жастық және жылдық жиілік динамикасы байқалған. Хромосомалық аберрациялардың (хромосомалық мутация, құрылымдық мутация, хромосомалық қайта құрылулар) типтері мен санын есептеу дала тышқандарының жілік майы жасу-шаларында жүргізілді. Жілік майы жасушаларындағы хромосомалық абер-рациялар типтері 5-ші кестеде келтірілген.


Кесте 5 - Кеміргіштердің жілік майы жасушаларындағы хромосомалық аберрациялар типтері (мезгіл бойынша)


Жануар-дың



Зерттел

-ген

Жасуша

саны

Аберрациялардың

жалпы саны

Хромосомалық типі

Хроматидті типі

Жалпы

саны

M± m

Жалпы саны

M± m

Жалпы саны

M± m

Бақылау

400

13

2,1± 0,4

2

0,3± 0,02

11

1,8± 0,3

Қыс

800

45

5,6± 0,7

9

1,2± 0,5

36

4,2± 0,6

Жаз

800

39

4,8± 0,7

8

1,0± 0,5

31

3,5± 0,3

Көктем

600

35

5,8± 1,0

11

1,8± 0,7

24

3,4± 0,5

Күз

600

30

5,0± 0,7

10

1,7± 0,8

20

2,9± 0,4


Бесінші кестедегі келтірілген нәтижелер жыл мезгілдеріне бөлініп беріл-ген. Қыста: жалпы саны 45 - хромосомалық, оның барлығы жұп фрагменттер; 36 -хроматидтік, оның 34 - жалғыз фрагменттер, 2 - сақиналы. Жазда: жалпы саны 39 - хромосомалық, оның 7 - еуі фрагменттер; 1 - сақиналы , 31 хрома-тидтік, оның 29 - жалғыз фрагменттер, 2 - сақина. Көктемде: жалпы саны 35- хромосомалық, оның 10 - жұп фрагменттер, 1 - сақиналы; 24 - хроматидтік, оның 21 –жалғыз фрагменттер, 3 - сақиналы. Күзде: жалпы саны 30- хромо-сомалық, оның 10- жұп фрагменттер, 2-сақиналы; 20 - хроматидтік, оның 18 - жалғыз фрагменттер, 2 - сақиналы.

Алтыншы кестеде хромосомалық аберрациялар спектрлері және пайыздық мөлшері берілген. Сонымен бұзылудың негізгі типтері жалғыз және жұп фрагменттер, ал сақиналы 7,8 % кездеседі. Хроматидті типі аберрациялы жасушалардың үлесі 74,5 % құрады. Оның ішінде 68,4 % жасушалар жалғыз фрагментті, 6%-сақиналы. Хромосомалық аберрациялы жасушалардың үлесі - 25,5 %, жұп фрагменттерде 23,5 %, ал сақиналыда 2,0 % байқалды. Хромосомалық бұзылыстардың негізгі типі жалғыз фрагменттер болды - 84,7%, қалғаны 15,3% жұп фрагменттер үлесіне тиесілі.


Кесте 6 - Хромосомалық аберрациялар спектрлері


Жануарлар



Зерттелген клет. саны

Аберрациялар

дың жалпы саны

Хромосомалық типі

Хроматидті типі

Жалпы

Жұп

сақина

Жалпы

Жалғыз

сақина

Жалпы саны

M± m

Саны

M± m

Саны

M± m

Саны

M± m

Саны

M± m

Саны

M± m

Саны

M± m

Бақы-лау

400

13

2,1± 0,4

2

0,4± 0,02

2

0,4± 0,02

0

-

11

1,7± 0,3

9

1,5± 0,2

2

0,2± 0,03

Қыс

800

45

5,3± 0,7

9

1,1± 0,3

9

1,1± 0,3

0

-

36

4,2± 0,5

34

3,9± 0,5

2

0,3± 0,04

Жаз

800

39

4,3± 0,5

8

1,0± 0,1

7

0,9± 0,1

1

0,1± 0,01

31

3,3± 0,4

29

3,0± 0,3

2

0,3± 0,04

Көк-тем

600

35

5,0± 0,8

11

1,8± 0,3

10

1,5± 0,3

1

0,3± 0,02

24

3,2± 0,5

21

2,7± 0,4

3

0,5± 0,08

Күз

600

30

4,3± 0,6

10

1,7± 0,2

9

1,5± 0,3

1

0,2± 0,02

20

2,6± 0,4

18

2,3± 0,4

2

0,3± 0,05



Өсімдіктердің дамуына ауыр металдардың әсері. Өсімдіктердегі ауыр металдардың фондық концентрациясын анықтау үшін Қора өзенінің таулы жазығы мен Солдат сайы және қала маңын көгалдандыру мақсатында отырғызылған солпыншақ және үлпек қайыңдардың көктемгі дамуына зерттеу жұмысы жүргізілді. 7-ші кестеде фенологиялық бақылаулардың нәтижелері келтірілген.

Кесте 7 - Өсімдіктерге жүргізілген фенологиялық бақылаулардың нәтижелері



Жапы-рақтау

уақы-ты


Гүлдеуі


Ағаш сандары

Ерте


Аралық

Кеш


1


2


Бар-лығы

1+

2++

Бар-лығы


1

2

Бар-лығы

1

2

Бар-

лы-ғы

Ерте

81±2

26±2

107±3


38±2

26±1

64±4

-

-

-

119±3

52±2

181±4

Ара-лық

10±2

-

10±2


20±1

16±2

36±4

4±1

5±2

9±3

34±3

21±2

55±4

Кеш

-

-

-


2±1

-

2±2

1±1

7±2

8±2

3±1

7±2

10±3

Барлы-ғы

91±3

26±4

117±4


60±3

42±4

102±4

5±2

12±2

17±3

156±4

80±3

236±4



Белгілері : + -салпыншақ қайың, ++ - Үлпек қайың






Бұл кестеде, тәжірибеге алынған ағаштардың жалпы саны 236, оның 156-сы салпыншақ, 80-і үлпек қайың түрлері. Зерттелген ағаштардың 69,9 ± 0,1 % ерте, 24,9±0,1 % аралық және 4,9±0,1 % кеш жапырақтады және гүлдеді. Үш жылдық тәжірибе нәтижесінде алынған орташа мәндер қайыңның екі түрінде де гүлдену уақытының өзгергендігін, яғни, табиғи жағдайда өсетін салпыншақ қайыңда, ал қалалық жағдайда өсетін үлпек қайыңда 1-4 күн ұзарғандығын көрсетеді.

Қаратал суармалы сілемінің өзен және жер асты суларының сапасына әсері

Суарылатын алқапты суғаруды тоқтатқаннан кейін жер асты суының деңгейі төмендейді. Алғашқы кезеңде судың төмендеуі тез, кейін орташа 7-15 мм тәулігіне жылдамдықпен жүреді. Алқапты судан босатқаннан кейін 20 күн өткен соң, жер асты суы 1,41-1,95 метрде тұрақтанады. Қаратал өзенінен Қаратал суармалы жүйесіне су өз ағысымен бөгетке келіп жиналады. Бөгеттегі су деңгейінің жоғары болуы, суару алқаптарын сумен қамтамасыз етуге қолайлы. Бұл су жиналатын бас ғимарат суды жинап, оны магистральды каналдар арқылы суарылатын сілемдерге таратып береді. Суармалы сілемдердегі гидрогеологиялық жағдайын жақсарту үшін табиғи және көлденең дренажды құбырлар қолданылады. Суару жүйесінің кейбір элементтері 6- шы және 7-ші суреттерде келтірілген.



Участок су бөлгіші








Участок коллекторы

Шартты белгілер:


­­­­­Суару каналы Арықтан суды суару атызына ағызу

Суару атызынан қашыртқы арық-атызға су ағызу


Қашыртқы канал

Жолдар

Орман алқабы




Сурет 6 - Суару жүйелерінің элементтері және олардың орналасуы


Қаратал суармалы жүйесінде үш шаруашылық коллекторлары бар, олар: К-1; К-4; К-6; бес ішкі шаруашылық аралық: ІШК-1; ІШК-3; ІШК-5; ВК-1-5; ВК-1-6; дренаж құбырлары арқылы Қаратал өзеніне құйылады. Ішкі шаруа-шылық коллекторы 2-5 км, тереңдігі 1-1,5 м. Бірінші коллектор негізгі дренаждан қайтқан суды Қаратал өзеніне тасымалдаушы болып саналады. Суармалы сілемдердегі пайдаланған коллекторлы дренажды суды барлық жеті коллекторда есепке алады. Шыққан шығыны мамыр айынан қазанға дейін айына үш рет өлшеніп отырылды. Күріш алқабын пайдалану кезінде, өзен суы толығымен осы алқапты сумен қамтамасыз етеді.





Шартты белгілер: I-YI Ауыспалы егіс танаптары

1-15 Ұңғылар

Rp – Су өлшейтін орындар


Сурет 7 - Ауыспалы күріш егісінде бақылау ұңғыларын

орналастыру


Сегіз коллектордан минералды тұзбен сілемдердегі пайдаланған коллекторлы дренажды суды барлық жеті коллекторда есепке алады. Шыққан шығынын мамыр айынан қазанға дейін айына үш рет өлшеніп отырылды. Күріш алқабын пайдалану кезінде, өзен суы толығымен осы алқапты суландырады. Сегіз коллектордан миниралды тұзбен және органикалық зиянды заттармен ластанған дренажды - ағынды суы, Қаратал өзенімен қосылып сапасы төмендейді. Қаратал өзеніне көп мөлшерде тұз бөлетін бірінші коллектор (К-1), себебі бұнда судың шығыны көп. Коллектордан жоғары суару кезеңінде (мамыр-қыркүйек) Қаратал өзенінде тұздың мөлшері 211 мг/л құрайды. Коллекторға құйғаннан кейін (500 м төмен) өзен суында тұздың мөлшері 632 мг/л жетеді. Қаратал сілеміндегі дренажды - ағынды суы, өзен суымен араласқаннан кейін, соңғы нүктеде бөгеттегі құраммен салыстырғанда минералдылығы 67 % жоғары болды. Соңғы жылдары Қаратал сілемінің оң жақ бөлігіндегі дренажды - ағынды суында тұздың мөлшерінің азайғандығы (288 мг/л) байқалады. Себебі, маусым айында дренажды-ағынды суына қарағанда ағып кету мөлшері көп болуына байланысты. Топырақ қабатының тұздану деңгейін 8-ші кестеден көруге болады.

Кесте 8 - Суғарған жердегі 1-100 см-ге қабаттағы топырақтың тұздану деңгейі (%, шаққандағы мөлшері)


Топырақтың тұздану деңгейі

Ауылдар атауы

Қаратал

Бірлік

Үштөбе

Кальпе

Тұздалмаған

69,9±0,1 %

63,9±0,1 %

62,0±1,0 %

58,9±0,1 %

Әлсіз тұздалған

6,5±0,5 %

13,8 ±0,2%

19,05±0,5 %

24,09±0,01 %

Орташа тұздалған

8,09±0,01 %

9,05±0,5 %

9,02±0,8 %

8,01±0,9 %

Күшті және өте күшті тұздалған

13,3±0,7 %

11,1±0,9 %

6,06±0,4 %

6,01±0,9 %


Қаратал суармалы күріш алқабындағы қатты фазалардың тұздылығы даму кезеңінен кейін тәжірибе көрсеткендей, 0,07 - 0,10 % аралығында өзгеріп отырады, бірақ жеңіл топырақта оның сүзілу жылдамдығы жоғары, жыныс-тардың тұздан шайылу концентрациясы 0,02 - 0,03 % болады. Кестеде келтірілген мәліметтерге қарасақ, теориялық жағынан жер асты суының минералдануы тұзданбаған аймақтарда 430 - 2900 мг/л аралығында болады. Қаратал күріш сілемдерінде топырақтың тұздану деңгейіне қарасақ, тұзданбаған топырақтың деңгейі жоғары, бұдан жер асты тұщы суларының

(<1 г/л) кеңінен пайдаланатындығы байқалады.