Казақстан Республикасы Статистика агенттігі

Вид материалаДокументы

Содержание


4. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ. ТАБЫСТАР, ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ХАлЫҚТЫҢ тҰТЫНУЫ
Бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы
Нақты жалақының индексі
Атаулы жалақының индексін
Тұтынуға пайдаланылған халықтың табыстары
Халықтың орташа жан басына шаққандағы табыстар
Халықтың табыстарына
Жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс
Меншіктен түскен табыс
Туысқандары мен таныстары берген материалдық көмек
Халықтың ақшалай шығыстарына
Басқа шығыстар
Орташа жан басына шаққандағы тамақ өнімдерін тұтыну
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
^

4. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ.
ТАБЫСТАР, ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ХАлЫҚТЫҢ
тҰТЫНУЫ


Үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан кұралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект.

Үй шаруашылығының орташа мөлшері зерттелетін үй шаруашылығы мүшелерінің санын үй шарушылықтарының санына бөлу арқылы анықталады.

Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, әлеуметтік төлемақылар (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа төлемақылар), пайыздар, дивиденттер және меншіктен түскен басқа табыстар, өзге де ақшалай түсімдер ретінде алынған ақшалай қаражаттардың сомасы.

^ Бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.

^ Нақты жалақының индексі – атаулы жалақының базистік кезеңмен салыстырғандағы есепті кезеңдегі өзгерісін ескере отырып өзгеруін сипаттайтын салыстармалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды.

^ Атаулы жалақының индексін тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір уақыттық кезеңге жатады.

Тағайындалған айлық зейнетақының (жәрдемақының) орташа мөлшері еңбек және әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған барлық зейнеткерлерге (жәрдемақы алушыларға) тағайындалған айлық зейнетақылардың (жәрдемақылардың) жалпы сомасының олардың санына қатынасы ретінде есептеледі (жыл соңына).

^ Тұтынуға пайдаланылған халықтың табыстары 2001 жылдан бастап үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу бағдарламасы шегінде халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалау, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштерін есептеу үшін негізгі критерий ретінде есептеледі. Тұтынуға пайдаланылған (өндірістік қызметке салынған күрделі қаржы жұмсалымы мен қорлануы қосылмаған) ақшалай табыстардың сомасы, меншікті өндіріс өнімін тұтыну құны және заттай түрдегі трансферттер болып саналады. Тұтынуға пайдаланған табыстар халықтың шығыстары негізінде есептеледі.

^ Халықтың орташа жан басына шаққандағы табыстар табыстардың жалпы сомасының халықтың санына бөлумен есептеледі.

Нақты көріністегі табыстың көрсеткіштерін есептеу тұтыну бағасы индексінің көмегімен жүзеге асырылады.

^ Халықтың табыстарына жалдану және өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстар, әлеуметтік трансферттер және өзге де ақшалай мен заттай түрдегі түсімдерден түскен табыстар кіреді.

^ Жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс - жалақы; жалақыға үстемақы; ақшалай және заттай түрдегі көтермелеу төлемдерінің барлық түрлері; қаламақы; сыйақылар; төлемақылар: пайдадан түскен, науқастық қағаз бойынша жұмыстан шығардағы жәрдемақы; жұмыс берушілерден алынатын медициналық шығыстар үшін өтемақы.

Өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс – ақшалай немесе заттай түрдегі кәсіпкерлік қызметтен түскен пайда, жеке шаруашылықта өсірілген ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы) өнімдерін сатудан түскен табыс.

Әлеуметтік трансферттер – зейнетақы, атаулы әлеуметтік және тұрғын үйлік көмек, жәрдемақы және шәкіртақылар.

Өзге де ақшалай түсімдер – меншіктен түскен кіріс, туысқандар мен таныстардан түскен материалдық көмек, алименттер және өзге де кірістер.

^ Меншіктен түскен табыс – акциялар және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыстар; борыш түрінде ұсынылған соманы пайдаланғаны үшін салымдар бойынша пайыздар; салымдар бойынша ұтыстар; тұрғын үйді, көлік құралдарын, техникаларды, жер учаскелерін жалға беруден түскен ақшалай табыстар, сондай-ақ ақшаға шағылып, заттай түрде түскен рантье табысы.

^ Туысқандары мен таныстары берген материалдық көмек – туысқандар мен таныстардан өтеусіз алынған ақшалай сомалар, сондай-ақ ақшалай көріністегі заттай түсімдер.

Алименттер – кәмелетке толмаған баланы асырау, ата-ананы күту үшін; неке бұзылған кезде жұбайына көмек ретінде берілетін сома.

Үй шаруашылықтарының ақшалай табысының сатып алу қабілеттілігі – зерттелетін үй шаруашылықтарының орташа жан басына шаққандағы сомаға сатып алудан орташа бағалары бойынша сатып алуға мүмкін болатын тауарлар саны (әрқайсысы бөлек). Сатып алу қабілеттілігі табыстардың ең төменгі күнкөріс шамасының арасалмағында көрсетілуі мүмкін.

^ Халықтың ақшалай шығыстарына халықтың тұтыну шығыстары, сондай-ақ тұтынумен байланыстырмаған басқа шығыстар.

Тұтыну шығыстары – халықтың тұтыну тауарлары мен қызметін сатып алу, үйден тыс жерлерде тамақтануға жұмсалған шығыстар, алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер сатып алу жатады.

^ Басқа шығыстар – туыстар мен таныстарға материалдық көмек, алименттер, салықтар, төлемдер және басқа да төлемақылар, кредит пен қарызды өтеу кіреді.

Тұтыну шығыстарының құрылымы пайдалану түрлері бойынша осы шығыстардың деңгейі мен құрамы анықтайды, яғни тамақ өнімдерін сатып алуға, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерді сатып алуға жұмсалған үй шаруашылығы шығындарының үлесін сипаттайды.

^ Орташа жан басына шаққандағы тамақ өнімдерін тұтыну уақыттың қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.

Үйдегі өндіріс – есепті кезеңде үй шаруашылықтарының өндірістік қызметінің нәтижесі болатын, меншікті тұтынуға, сондай-ақ сатуға арналған тауарлар, өнімдер мен қызметтердің құны.