Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Вид материалаДокументы

Содержание


Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Еңбек сыйымдылығы
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Практиканы жүзеге асыру.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Жұмыс тілі
Еңбек сыйымдылығы
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Жұмыс тілі
Еңбек сыйымдылығы
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



7 семестр

^ Пәннің аталуы

М45. Өндірістік іс-тәжірибе

Қысқартылған атауы

ӨІТ

^ Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Өндірістік іс-тәжірибе, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7 семестр

^ Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақша

^ Оқу жоспарымен сәйкестігі

Практикалық - кәсіптік бөлім

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

5 апта

^ Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

^ Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, ғылыми жаратылыстану және математикалық негіздері пәндері, арнайы мамандандырылған пәндер.

^ Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Практиканың негізгі мақсаты - студенттерді өз мамандығы бойынша өндірістік жағдайда кәсіптік білімін тәжірибелік түрде меңгеріп, шешім қабылдай алуға үйрету. Теориялық курстан алған білімді іс-практика жүзінде толықтыру.

Кәсіптік жаттығу аталған кафедралардың бейімделген зертханаларында, саласы сәйкес ғылыми зерттеу мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында, ауыл шаруашылық ұжымдарында, фермерлік қожалықтарда жүргізіледі.

Оқу – жоспарына сәйкес берілген практика өтілген материалдардан алған білімдерін бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар келесі курстарда өтілетін пәндерді жақсы меңгеру үшін мәліметтер алады.
  • практиканың жұмыс бағдарламасында көрсетілген тапсырманы толық орындауға;
  • кәсіп орынында орнатылған ішкі еңбек тәртібіне бағынуға;
  • еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитарлық ережелерді оқып орындауға:
  • курстық жобаға материал жинауға міндетті.

- әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының өнімділіктерін, экстерьерін, интерьерін зерттеу әдістерін меңгеру.

- мал мен құстарды азықтандыру, күтіп-бағу, өсірудің тәжірибелік маңыздылығын игеру.

- табынды өз төлінен өсірумен, малдар мен құстардың тұқымдары, ата-енелері және аналық ұялары мен тәжірибе жүзінде танысу.

Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе 3-4 курстарда әртүрлі мен түріндегі шаруашылықтар мен фермаларда ұйымдардың мамандары мен бойынша кафедра оқытушысының жетекшілік жасауы арқылы өтеді.
  • мал өсіретін шаруашылықтардың экономикасы және ұйымдастыруларымен танысу.
  • Менеджер-зоотехниктің, зоотехник – селекционердің мал өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру және іс жүргізу жұмыстарының тәжірибелік машықтарын игеру, ауыл шаруашылық малдарын есепке алу, бонитировкалау, ұрпағының сапасы бойынша бағалауды үйрену.
  • Малдардың өнімділіктерін талдау, азықтарды дайындау мен есепке алу , қажеттіліктерін есепке алу, жас төлдердің өсіп жетілуін есепке алу.
  • Бекітілген диплом тақырыбы бойынша эксперименталдық және т.б. материалдарды жинақтап байланыстыру.
  • Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін алдын ала апробациялау және оларды өндірісте жүзеге асыруға ұсыныстар енгізуді үйрену.

Мазмұны

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы. Студенттер өз бетімен ірі қара кәсіпорындарын (асыл тұқымды зауыттар мен тауарлы сүт фермаларының) технологиясын игеруі тиіс. Ірі қара табынын толықтыру, асылщандыру жұмыстарын жете меңгеруі керек.

Құс шаруашылығы және құс өнімдерін өндіру технологиясы. Студенттер құс өсіретін кәсіпорындарда құс өнімдерін өндіруде - технологиясын жетілдіру, әр шаршы метр жерден өнім шығымымен көбейтіп сапасы арттыру және өзіндік құнын төмендету шараларына көңіл аударуы қажет. Жұмыртқа өндіру технологиясын, жұмыртқа салу динамикасының ерекшеліктерін, жұмыртқалау алшақтығына әсер ететін факторларды үйренуі керек . Ет өндіру технологиясын, тұтынушылар талабына сәйкес өсіру, құсты бордақылау, оның мерзімдерін, құс өсіру қарқынын жеделдетуді, ет өнімділігін арттыруды білуі тиіс. Жұмыртқаларды инкубациялау процесстерімен танысуы керек. Инкубация мен сойыс қалдықтары және қосалқы өнімдердің пайдалану жолдарын үйренуі керек.

Қаракөл елтірісін өндіру технологиясы. Студенттер қаракөл қой шаруашылықтарында қозы союды,

Елтірі және май сылу тәсілдерін үйренуі керек. Елтіріні тұздап кептіру консервілеу. Құрғақ тұздау, сулап тұздау, қышқылды тұздау және ашыту тәсілдерін және оларды құрғату, тазалау, қабаттап жинауды үйренуі керек. Қоймаға қабылдау кезінде тұздалған қаракөл елтірісін сорттауды үйреніп білуі керек. Қаракөл қозыларын сою кезінде мәндір алуды, оны сақтауды, сорттауды, тұздап кептіру жолдарын үйренуі тиіс.

Сүт өндіру технологиясы Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарда ұстау тәсілдерін мал азығымен қамтамасыз етуді анықтау тәсілдерін, мал азығын дайындау мен тарату, табиғи және екпе жайылымдарымен пайдалану жолдарын ірі қара мал фермер шаруашылықтарында үйренуі тиіс. Табынның құнылымы және жеке-жеке мамандығын шаруашылықтардағы олардың ерекшеліктерін, сүтті өндірістік негізде өндіру технологиясын, оның зоотехникалық және экономикалық негіздерін осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктерін үйренуі керек. Сүт өнімдерінің фермаларда алғашқы тазалығын, майлылығын және сортын анықтауды үйренуі керек.

Қымыз өндіру технологиясы. Студенттер жылқы шаруашылықтарында өндірілетін қымыздың тағамдық қасиетін, оның химиялық құрамын, қоректілігін және емдік қасиеттерін үйренуі керек. Бие желінін, құрылысын және сүт беру ерекшеліктерін үйренуі керек. Биелердің тұқымына байланысты сүттілігін бағалауды және оны анықтау әдістерін үйреніп білуі керек. Қымыз фермасына сауын биелерді іріктеуді, оларды қолмен және машинамен сау және оны ұйымдастырудың жолдарын үйреніп білуі керек. Қымыз және оның құрамы, бие сүтімен қымыз стандарттарын білуі тиіс.

Жұмыртқа өндіру технологиясы. Студенттер құс жұмыртқаларын өндіретін кәсіпорындарда, жұмыртқа өндіру технологиясымен жете танысып шығулары тиіс. Жұмыртқаның түзылуін, қалыптасуын, құрылысын және химилық құрамын үйреніп білуі тиіс. Құстардың тұқым жұмыртқалау мерзімдерін, жұмыртқа салу динамикасын, ерекшеліктерін, жұмыртқалау жиілігімен сапасын арттыру жолдарын толық еңгеруі керек. Құс тұқымдарының жұмыртқа салу ерекшеліктерін жүзінде үйреніп ілуі керек.

Құс етін өндіру технологиясы. Студенттер құс етін өндіретін кәсіпорындарда (бройлер птицефабрикасы) құс етін өндіру технологиясымен жете танысып шығулары керек. Бұл кәсіпорындар ет өнімділігіне қарай бағалауды, атап айтқанда сойыс ет шығымын есептеуді үйренуі керек. Құс етінің қоректік дәрежесін, дәмділігін , химиялық құрамын анықтауды үйренуі керек. Ет өндірісінің технологиясын тұтунушылар талабына сәйкес құсты өсіруді, құсты бордақылауды, оның мерзімдерін, құс өсіру қарқынын жеделдетуді өнеркәсіп технология саласында үйреніп білуі және машықтануы керек. Құс етінің өнімділігін арттыру жолдарын үйреніп білуі керек.

Шошқа етін өндіру технологиясы. Студенттер шошқа өсіретін арнайы кәсіпорындарда және шошқа фермаларында олардың жұмыс принциптерімен өндірістік үрдістерімен еңбекті цехтық әдіспен ұйымдастыру технологиясымен, технологиялық топтар құру тәртібімен, шошқа қораларын құрал-саймандармен жабдықтау, арнайы өнеркәсіптік үрдістерді механикаландыру жұмыстарымен жете танысып шығулары керек. Шошқаларды жедел семірту олардың ет өнімділігін арттыру жолдарын үйреніп білуі керек.

^ Практиканы жүзеге асыру. Оқу және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруларға қойылатын талаптар:

Оқу тәжірибесі 1 және 2 курста оқытушының жетекшілігімен оқу шаруашылығында өтеді.

Тәжірибе жетекшісі оқушылардың есептерін қарастырып, кафедра меңгерушісіне тәжірибе жүргізілгендігі туралы оларға жасалған ескертпелер мен оқушылардың тәжірибелік дайындығын жетілдіруге арналған ұсыныстары көрсетіліп жазбаша есеп беріледі.

^ Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Іс-тәжірибе соңында студент күнделікпен бірге 30-40 бет көлемінде жазбаша түрде жетекші оқытушыға іс-тәжірибе есебін тапсырып оны комиссия алдында қорғауы шарт.



8,9 семестр

^ Пәннің аталуы

Індеттану және инфекциялық аурулар

Қысқартылған атауы

ІЖИА

^ Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

8,9

Оқытушының Т.А.Ә.

Жақыпбекова Бибигул Оразқызы

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

^ Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135 /күндізгі

^ Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

4

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

^ Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінің мақсаты – инфекциялық процесті, иммунитетті індеттанулық тұрғыдан қарастыруды, індеттену және оның қозғаушы күштерін, жұқпалы ауруларды балау және дауалау әдістерін, ветеринариялық-санитариялық шараларды оқытады. Жеке індеттану және жануарлардың негізгі жұқпалы ауруларының сипаттамасы қарастырылады.

Пәннің негізгі мақсаты студенттерге малдың жұқпалы ауруларын, эпизоотикалық процестің заңдылығын, себебі мен шарттары туралы мағлұмат беру. Ауыл шаруашылығына, соның ішінде мал шаруашылығына келтіретін экономикалық зиянын есептеу.

Пән жұқпалы аурулардың шығу тегі, қоздырушысы, жұғуы, өтуі және организмнің оған төзімділігін оқытады. Ауруды балаудың әдістері, ажыратып балау мен емдеу тәсілдерін үйрету. Мал дәрігері мамандарын дайындауда пәннің алатын орны ерекше.


Мазмұны

Дәріс: Кіріспе.Індеттану ғылымы туралы түсінік, басқа ғылымдармен байланысы және зерттеу Инфекция мен иммунитет туралы ілімді індеттану тұрғысынан қарастыру.Індет процесі (індеттену). Індет процесінің даму заңдылықтары және індеттің кезеңділігі дауа-лау.Жануарлардың жұқпалы ауру-ларының эволю-циясы және жүйеленуі, жұқпалы ауруларды.Індет ошағы және жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы, індеттанулық талдау негіздері. Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.Жұқпалы ауруларға қарсы емдікдауалық және ветеринариялық – санитариялық шаралар.Жеке індеттану. Бірнеше түлікке ортақ аурулар. Топалаң.Туберкулез.Бруцеллез.Лептоспироз. Пастереллез.Аусыл.Ауески ауруы.Күйістілердің аурулары. Қарасан.Сиыр лейкозы.Жұғымтал эктима.Қойдың хлами-диоздық іш тас-тауы.Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы.

Жылқы аурулары. Маңқа.Сақау.Шошқа тілмесі.Шошқа аурулары. Оба.Төлдің аурулары. Колибактериоз.Құстың аурула-ры. Орнитоз.Ньюкасл ауруы.Ит пен терісі бағалы аңдардың аурулары. Күзеннің алеут ауруы.Балықтың аурулары. Қызыл балықтың фурункулезі.Араның аурулары. Америкалық шіріме.


Зертханалық: Жұқпалы ауруға шал-дыққан малмен жұмыс істеген кездегі жеке бас гигиенасы.Жануарлардың жұқпалы ауруларын балаудың әдістері.Организмнің иммунологиялық икемділігі аллергия, оның байқалуы.Індет процесінің негізгі қозғаушы күштері. Індет ошағының шекарасын анықтау.. Шаруашылықты індеттанулық тексеру.Аурудан сау шаруашылықта жалпы және арнайы дауалау шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Мал өсіретін шаруашылықтардағы ветеринариялық-санитариялық объектілердің құрылысы және қызметі.Жұқпалы ауруға шалдыққан малды арнайы биопрепараттар арқылы кешенді емдеу әдісі.Туберкулезді балау. Туберкулез кезіндегі дауалық және сауықтыру шаралары.Топалаңды балау әдістері, індет ошағында жүргізілетін шаралар.Бруцеллезді балау, ауру кезіндегі дауалық және сауықтыру шаралары. Лептоспирозды балау, дауалау, сауықтыру шаралары.Пастереллезді балау, дауалау және індет ошағынан арылу шаралары. Аусыл, оны балау, дауалау және індет ошағынан арылу шаралары.Қарасанды балау, дауалау және сауық-тыру шаралары. Дерматомикоздарды балау, ажыратып балау, емдеу, дауалау және сауықтыру шаралары. Анаэробты инфекцияларды балау, дауалау және олардан арылу шаралары. Қойдың энтеротоксемиясын балау. Сиырдың лейкозын балау, дауалау және сауықтыру шаралары.Шешекті балау, дауалау және сауықтыру шаралары.Маңқаны балау, дауалау және сауықтыру шараларының жүйесі. Сақауды балау, дауалау және сауықтыру шараларының жүйесі. Шошқаның обасы, обаға қарсы шаралар жүйесі. Шошқаның тілмесін балау, дауалау және сауықтыру шаралары.Төл ауруларының балау, алдын алу және күрес шаралары.Құс өндірісінде індетке қарсы шараларды ұйымдастыру.Құстың бактериялар және патогенді саңы-рауқұлақтар тудыратын инфекциялық аурулармен күрес шаралары. Күзеннің Алеут ауруына қарсы күрес шаралары. Ара ауруларына қарсы күрес шараларын ұйымдастыру. Балық ауруларымен күрес шаралары.

^ Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






8,9 семестрлер

^ Пәннің аталуы

Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары

Қысқартылған атауы




^ Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

8,9

Оқытушының Т.А.Ә.

Шалбаев Нұрмахан Қожамбергенұлы

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

^ Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

90/күндізгі

^ Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер: Пәнді оқып үйрену барысында студенттер анатомия, физиология, микробиология, зоогигиена және т.б. пәндерден алған білімдеріне сүйенеді.


^ Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты: Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары пәнінің мақсаты студенттерге жануарлардың ауруларының шығу және таралу заңдылыктары, олармен күресу әдістері мен жабдықтары туралы білім беру. Ол дәрігерлік ой қорыту жүйесін қалыптастырып, аурулармен қатар биотикалық және абиотикалық факторлардың әсерінен кең таралатын кейбір жұқпайтын аурулардың да байқалу заңдылықтарын айқындайды.

Мазмұны

Дәріс:

А.ш. жануарларында паразиттік тіршілік ететін жәндіктер морфологиясы, биологиясы және жіктелуі

Ірі қара мал оқырасы, қой эстрозы.

Қансорғыш қосқанаттылар: соналар, масалар, шіркейлер

Өрмекші тәрізділер морфологиясы, биологиясы және жіктелуі

Иксодидтер, аргазидтер, гамазоид кенелері.

Қой, ірі қара, жылқы, қоян псороптоздары.

Ветеринарлық протозологияның анықтамасы және мазмұны

Протозоидтық аурулар эпизоотологиясы

Жануарлар пиропалзмидоздары

Жануарлар тейлериидоздары

Жануарлар тейлериидоздары

Жануарлар кокцидиоздары


^ Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері