Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы

Вид материалаДокументы

Содержание


«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы»
Ескертпе үшін
«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы»
Бірінші жазылған респонденттің тегі, аты, әкесінің аты қысқартусыз толық келтіріледі (соның ішінде «Жалғасы» деген белгі соғылға
6. Бөлім І. Экономикалық қызмет (мәселелер зерттелетін аптаға қатысты)
Подобный материал:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

«Халықтың жұмыспен қамтылуын

іріктеп зерттеу сауалдамасы»


(коды 1232102, Т-001 индексі, кезеңділігі

тоқсандық) статистикалық нысанына

4-қосымша


ЕСКЕРТПЕ ҮШІН














































































Қазақстан Республикасы Статистика

агенттігі төрағасы міндетін

атқарушының 2010 жылғы

24 тамыздағы № 229 бұйрығына

14-қосымша


«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы»

жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

(коды 1232102, индексі Т-001, кезеңділігі тоқсандық)


1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1232102, Т-001 индексі, кезеңділігі тоқсандық) толтыру тәртібін нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толығымен толтыруға қолданылады:

1) код - жауап нұсқасының нөмiрi;

2) үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект. Үй шаруашылығы мүшелерінің отбасынан айырмашылығы туысқандық қатынаста болмауы да мүмкін екендігі;

3) қосымша жұмыс - тұрақты, уақытша, маусымдық негізде орындалатын қоса атқарушылық бойынша жұмыс, келісім бойынша немесе кездейсоқ басқа жұмыс, бір реттік қосымша табыс, жеке негіздегі жұмыс, заңды тұлға құрылмаған кәсіпкерлік қызмет, жекелеген азаматтарда жалданып істелген жұмыс болуы мүмкін;

4) жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер - айлық ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және тағы сол сияқты немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар;

5) отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері - туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар;

6) негізгі қызмет - сыйақыны (жеке немесе отбасылық табысты) ақшалай немесе заттай түрде алу мақсатында зерттелетін апта ішіндегі белгілі бір жұмыс. Жұмысы болғанмен уақытша жұмыс істемейтін, алайда одан байланысын үзбеген және оған оқыс жағдайлар кезеңі аяқталғаннан кейін оралуға уәде берілсе немесе жұмысқа қайта келу күні, айы, жылы белгілі болса, мұндай жұмыс негізгі болып қала береді;

7) лайықты жұмыс (айналысатын шаруа) - респонденттің жұмыс таңдаған кезде еңбекке ақы төлеу мөлшері, жұмыстың жағдайлары немесе тәртібі, әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі тағы сол сияқты өз талаптарын қанағаттандыруы;

8) жұмыс берушілер - өзінің жеке экономикалық кәсіпорнын басқаратын немесе экономикалық қызметтің әйтеуір бір түрінде тәуелсіз кәсіпкерлікпен шұғылданатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар;

9) респондент - статистикалық байқау объектісі бойынша деректер беретін жеке немесе заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) не оның учаскелері немесе олардың топтары;

10) өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылу;

11) өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер - өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктеспен жұмыс істейтін, өз бетінше жұмыспен қамтылу негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар;

12) өндірістік кооператив мүшелері - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, еңбек кооперативінің мүшесі болып табылатын адамдар.

3. Зерттеу кезеңі әрбір тоқсанның ортасындағы айда жүргізіледі, яғни ақпан, мамыр, тамыз және қараша, ал сыни (зерттелетін) аптаға есепті айдағы соңғы аптаның алдындағы апта бекітіледі.

4. Сауалдама іріктеуге түскен әрбір жеке үй шаруашылығына (отбасына) толтырылады. Сауалдаманың бір бланкісіне әр түрлі үй шаруашылықтарына жататын респонденттер жөніндегі ақпарат жазбаларын олар бір үйде бірге тұрса да, біріктіруге болмайды. Егер бір мекен-жайда екі немесе үш әр түрлі отбасы (туысқан не туысқан емес) тұрып жатса, немесе жаңадан пайда болған жас отбасы отау құрса, оларға Сауалдаманың басқа (бөлек) бланкілері толтырылады.

Сауалдама осы мекен-жайды өздерінің негізгі тұрғын жайы деп есептейтініне қарамастан ол жерде ұзақ уақыт бойы тұрмаған мынадай адамдарға толтырылмайды:

барлық оқу орындарының оқитын жері бойынша тұратын студенттері мен оқушыларына;

басқа елді мекендерде немесе шет елдерде алты ай және одан да көп уақыт іссапарда жүргендерге;

Қарулы Күштердің казармалары мен әскери аймақтарында мерзімді қызметте жүрген әскери қызметшілерге;

ауруханаларда емделуге жатқандарға (алты ай және одан да көп);

қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тұратын бас еркінен айырылу жазасына кесілгендерге;

зерттелу аптасына дейінгі алты ай және одан көп бұрын кеткендердің бәріне.

Сауалдаманың бланкісі отбасының 15 жастағы және одан да асқан барлық мүшелеріне толтырылады, сұхбат жүргізуші олардың әрқайсысына сұрау барысында өз реттік нөмірін береді. Егер үй шаруашылығында сұралатындардың саны 5 адамнан асса, онда ол үй шаруашылығына екі немесе одан көп Сауалдама толтырылады, олардың титулдық бетіне «Жалғасы» деген белгі соғылады. Бұл Сауалдамалардағы респондеттерге нөмірлер тізбектік тәртіппен беріледі. Яғни Сауалдаманың екінші бланкісінде №1 Респонденттің орнына №6 Респондент, №2 Респонденттің орнына №7 Респондент, тағы сол сияқты деп жазу керек.

Бірінші жазылған респонденттің тегі, аты, әкесінің аты қысқартусыз толық келтіріледі (соның ішінде «Жалғасы» деген белгі соғылған Сауалдамаларда да).

Сұхбат кезінде сұрақтар оқылып беріледі, жауаптардың әр түрлі нұсқаларына тиісті белгілер соғылып, олар Сауалдамаға жазылады. Респонденттің жауап нұсқасының коды дөңгелектеп қоршалады.

Барлық жауаптар сұралғандардың сөздері бойынша жазылады, оларды растайтын құжаттар талап етілмейді. Сауалдамада қойылған сұрақтардың жауаптарын респонденттердің тікелей өздерінен де, егер Сауалдаманың барлық сұрақтарына толық жауап бере алатын болса, отбасының бірге тұратын ересек мүшелерінен де алуға болады.

Сағаттар санын көрсету талап етілетін торлардың блогында жауаптар блоктағы торлардың бәрі толтырылып жазылады (4 сағат - 04, 13 сағат – 13 және тағы сол сияқты). Мұның өзінде күндер мен сағаттар толық санға дейін дөңгелектенеді.

Сұрау жүргізген кезде «Сұраққа көшу» бағанындағы сөйлемге айырықша назар аудару керек, онда жауаптың әйтеуір бір таңдап алынған нұсқасынан кейін қойылатын сұрақтың нөмірі көрсетілген.

5. Үй шаруашылығы мен оның мүшелері туралы мәліметтер:

1) 1-сұрақты толтыру кезінде үй шаруашылығында тұрақты тұратын адамдардың жалпы саны туралы деректер жасына қарамай жазылады. Үй шаруашылығына екінші (үшінші) Сауалдама толтырылған жағдайда 1 сұрақ екінші рет толтырылмайды;

2) 3-сұрақты толтыру барысында сұрақ жүргізген кезде респондент ең кемінде 15 жасқа толуы керек;

3) 2А, 2Б және 4-сұрақтар респонденттің тек сөздеріне ғана сүйеніп толтырылады;

4) 5-сұрақты толтыруда білім деңгейлерін салыстыру үшін осы Нұсқаулықтағы 1-қосымшадағы кесте қолданылады.

6. Бөлім І. Экономикалық қызмет (мәселелер зерттелетін аптаға қатысты):

1) 6, 7, 8, 11, 12 және 13-сұрақтартарды толтыру барысында зерттелетін апта ішінде респонденттің заттай не ақшалай табыс табу үшін белгілі бір жұмыс атқарғаны немесе қандай да бір кәсіппен шұғылданғаны анықталады. Ол мүмкін тұрақты, уақытша, кездейсоқ және басқа жұмыс, уәкілетті органдар арқылы жұмыс, дара еңбек қызметі, түрлі қызметтер көрсету, жеке ауладағы, үй іргесіндегі учаскедегі жұмыс, ең болмағанда оған аптасына бір сағат жұмсалса;


2) 6-сұрақ респонденттің зерттелетін аптадағы экономикалық белсенділігін анықтаудың біріктіретін (жиынтық) өлшемі болып табылады және 7,8,11,12 және 13-сұрақтардың жауаптарына әдістемелік байланыста. Егер респондент бұл сұрақтарға «Иә» деп жауап берсе, онда 6-сұрақта да «Иә» деген жауап болуы керек;

Зерттелетін аптада еңбек немесе ақысыз демалыста, жүктілігіне немесе бала күтіміне, тағы басқа байланысты жұмыста болмадым деп жауап берген адамдар үшін «Иә» деген жауап жазылуға тиіс, өйткені ол шын мәнінде жұмысқа тіркелген, бірақ уақытша жұмыста болмаған, сондықтан ІА бөлімде жауабы жазылып, 26-сұрақта уақытша жұмыс орнында бола алмау себебін көрсету қажет.

3) 7-сұрақты толтыру кезінде «үйдегі жұмысқа» заттай не ақшалай табыс табу үшін жеке ауладағы жұмыстан басқа кез-келген қызмет түріне жататынын ескеру керек;

4) 9 және 10-сұрақтар - 8-сұраққа «Иә» деген жауап алынғанда қойылады. Бұл сұрақтың жауаптары жеке аулада (үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда) алынған өнімді пайдалануды және тұтынуды сипаттайды. Бұл сұрақтар бірінші сұралған респондентке ғана қойылады;

5) 13-сұрақта кездейсоқ және уақытша жалақыларға уәкілетті органдар арқылы қол жеткен жұмыстар да кіретінін ескеру керек. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген, бірақ зерттелген аптада әйтеуір бір жұмыс, соның ішінде қоғамдық жұмыс істеген адам ағымдағы кезде уақытша жұмыста болған деп есептеледі;

6) 14-сұрақ осы бөлімнің 6, 7, 8, 11, 12, 13-сұрақтардың ең болмағанда біреуіне «Иә» деп жауап берген респонденттерге толтырылады.

Аптада жұмыста болған күндер мен сағаттар саны барлық белгіленген жұмыс үшін жиынтық етіп қойылады және ол бұдан кейін 8А, 24, 28 және 32 сұрақтарда бейнеленетін нақты жұмыста болған сағаттардың жиынтығына тең (немесе артық) болуға тиіс.

Жұмыс істелген сағат сандары туралы жауапты жазған кезде блоктағы барлық торлар толтырылуға (4 сағат - 04, 13 сағат -13) және көрсеткіштер толық санға дейін дөңгелектенуі тиісті.

Респондент осы бөлімнің барлық сұрақтарына жағымсыз жауап берген ретте ІІ-бөлімнің 33-сұрағына көшкен жөн, онда оның қолының бос болу себептері нақтыланады.

7. Бөлім ІА. Негізгі қызмет, яғни зерттелетін аптада негізгі болған жұмыс:

1) 15-26 сұрақтар респондент өзі үшін негізгі (бірінші дәрежелі) санайтын негізгі жұмысқа (табысты кәсіпке) қатысты. Егер тұрақты жұмысы жоқ респондент зерттелетін аптада әр түрлі кездейсоқ жұмыстар атқарса, солардың біреуін негізгі ретінде көрсетуге болады. Даулы жағдайларда негізгі жұмысқа қалыпты өтелген көп сағат саны бар қызметі болуы мүмкін;

2) 17-сұрақты толтыру кезінде респонденттен зерттелетін апта кезінде қай жерде жұмыс істегенін және кәсіпорынның (ұйымның) немесе өз ісі (шаруасы) сипатының қайсы қызмет түріне жататынын нақтылау қажет. Мұның өзінде осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада келтірілген «Экономикалық қызмет түрлері жөніндегі қысқаша түсініктемелерді» басшылыққа алу керек.

Сұрақтарға жауап беруші жұмыс істеген ұйымды (бөлімшені) экономикалық қызметтің белгілі бір түріне жатқызуы қиынға түскен ретте «Ескертпе үшін» парағында респонденттің жұмыс орнын қысқартпай егжей-тегжейлі жазып, содан кейін нұсқаушының көмегімен қызмет түрін анықтау және тиісті кодын белгілеу қажет. («Рахаттың» фабрикасы емес, «Рахаттың» кондитер фабрикасы немесе «Рахаттың» кондитер фабрикасы жанындағы дүкен (асхана, медициналық дүкен және тағы басқа) жазылады).

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлерге (жұмыс берушілер, отбасылық кәсіпорындарда, кооперативтерде, сондай-ақ жеке ауласында жұмыс істейтіндер) олар атқарған жұмыстың немесе шаруаның сипатына (өзіндік ерекшелігіне, бағытына) сәйкес қызметтің түрі қойылады;

3) 17А сұрақты толтыру кезінде бұл сұрақ жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын адамдарға (жұмыс берушіге, өздігінше жұмыс істейтіндерге және тағы сол сияқты) қойылады;

4) 20-сұрақты толтыру кезінде мамандық (біліктілік) респондент бітірген оқу орнының ең жоғары деңгейімен есепке алынады. 5-сұрақта «Үй шаруашылығы және оның мүшелері туралы мәліметтер» бөлімде 1-4 кодтары белгіленген (яғни тек мектеп бітірген немесе арнаулы білімі жоқ) адамдарға бұл сұрақ қойылмайды;

5) 21-сұрақты толтыру кезінде респондент оқу нәтижесінде алған мамандықты (біліктілікті) емес негізгі жұмысты тікелей атқаратын немесе жұмыс орнында шұғылданатын лауазымды немесе кәсіпті көрсетуді ескеру қажет.

Лауазым немесе кәсіп осы Нұсқаулықтағы 3-қосымшаға сәйкес қысқартылмай егжей-тегжейлі жазылады, өйткені кәсіптер мен лауазымдардың көбісі атаулары бірдей болғанмен адам қызметінің әр түрлі салаларына жатады:

Егер респондент әр түрлі мамандық талап етілмейтін жұмыстарда жүрсе, оның орындайтын жұмысының сипаты анықталып, содан кейін мамандығы («жүкші») жазылады. Ауыл шаруашылығында қарапайым жұмыс істейтін адамдардың жұмысының ерекшелігі ескеріліп, «өсімдік шаруашылығының жұмысшысы» немесе «мал шаруашылығының жұмысшысы» деп жазылады. Жеке негізде жұмыс істейтін адамдардың қол өнерінің (шаруасының) «киім тігуші», «етікші», «базардағы сатушы», «көшедегі сатушы», «жиhаз жасаушы», «пәтер жөндеуші» сипаты көрсетіледі. Діни қызметкерлер мен діни ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың атқаратын қызметі көрсетіледі:

1А-бөлімінің 15, 17 және 21-сұрақтардың жекелеген жауаптарының бір-бірімен логикалық байланысы болуы мүмкін, яғни олардың жауаптары бір-бірімен үйлеседі. Егер респондент 15-сұраққа «шаруашылық (фермер) қожалығында жұмыс істедім» деп жауап берсе, (4-код), онда 17-сұраққа «ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман өсіру» деген 1-жауап тиісінше қоршал және 21-сұраққа ауыл шаруашылығына жататын қызмет (жұмыс) саласы жөнінде жауап беріледі;

6) 22-сұрақты толтыру кезінде 13-сұрақтағы жұмыспен қамту органдары арқылы зерттелген аптада қандай да бір жұмысқа тұрған адамдар берілген сұрақта тек 2 немесе 3 ғана кодтарын белгілеуге болады;

7) 23-сұрақты толтыру кезінде зерттелетін аптада жұмыс атқарған адамдарға да және түрлі себептермен уақытша ол жерде болмағандарды ескеру қажет.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Енбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс, егер бұл осы жұмыс түрі немесе қызметкерлер санаттары үшін ережелерде, ұжымдық шарттарда қосымша ескертілмесе (белгіленбесе).

Жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығы тек негізгі жұмыс (лауазым) бойынша анықталады.

Егер респондент зерттелетін аптада жұмыста уақытша болмаған ретте оның жұмыс аптасының ұзақтығы ол жұмыс істеген жағдайда әдеттегі жұмыс тәртібі көрсетіледі.

8) 24-сұрақты толтыру кезінде сұхбат жүргізуші зерттелетін аптада респонденттің тек негізгі жұмысында нақты жұмыс істеген күндер мен сағаттарын жазады, оған сол кәсіпорын ішінде және басқа жерлерде қосымша атқарған уақытын қоспайды.

Қойылған сұраққа респондент бірден жауап беруге қиналса, оған зерттелетін аптаның әрбір күні бойынша ақпаратты қалпына келтіруге көмектесу қажет.

Егер респондент зерттелетін аптада негізгі жұмысында уақытша болмаса, онда бұл сұрақтың тұсына «0» (нөл) жауабы қойылып, 26-сұраққа көшеді, онда оның уақытша бос жүру себебі нақтыланады.

Осы бөлімнің 22, 23 және 24 сұрақтардың жекелеген жауаптарының арасында логикалық қисыны бар, яғни жауаптар келісілуге тиіс. Осылайша, 22-сұраққа «кездейсоқ» немесе «маусымдық» жұмыс деп жауап бергендер (4,5 кодтар) 23-сұрақта 24-сұрақтағы (2-жауаптың коды) жұмыс аптасының нақты ұзақтығымен сәйкес келетін апта сағаттарының санын көрсете алады.

9) 25-сұрақты толтыру кезінде толық уақыт жұмыс істемеудің негізгі себебін нақтылау қажет (жауаптар нұсқасының біреуін белгілеген жөн).

8. Бөлім ІБ. Зерттелетін апта ішіндегі қосымша жұмыс (кәсіп):

1) 27-32 сұрақтар респонденттің зерттелетін апта ішінде жалақы немесе табыс табу мақсатында басқа қосымша жұмыс (кәсіп) атқарғанына қатысты. Бұл қалыпты, уақытша, маусымдық негізде орындалатын, келісімшарт бойынша басқа жұмыс, кездейсоқ немесе бір реттік табыс табу, жеке негіздегі жұмыс, заңды тұлғаның құрылуынсыз кәсіпкерлік қызмет, жеке азаматтарда жалдану бойынша жұмыс қоса атқарушылық болуы мүмкін.

2) 28, 29 және 30-сұрақтар мәні жағынан негізгі жұмыс жөнінде қойылатын тиісінше 24, 15 және 22 (1А бөлім) сұрақтарға ұқсас;

3) 31-сұрақты толтыру кезінде респондент қосымша жалақы алу мақсатында демалыс күндері немесе түнгі уақытта жұмыс істеп, қосымша табысының бар-жоғы нақтыланады.

Оң жауап алынғанда 32-сұраққа көшеу қажет, онда осы жұмысты орындауға кеткен уақыт көрсетіледі, ал теріс жауап алынғанда респонденттің жалпы қолайлы жұмыс іздеп жүргені нақтыланып, ІІ бөлімге соқпай ІІІ бөлімнің 44-сұрағына көшеді.

Демалыс күндері мен түнгі уақыттағы жұмыс - 27 және 28-сұрақтарда қамтылған қосымша жұмыстан басқа қосымша табыс көзі.

9. Бөлім ІІ. Жұмыспен қамтылмау (зерттелетін апта ішінде):

1) 33-43 сұрақтарды толтыру кезінде зерттелетін аптада жұмыс істемеген немесе табысты шаруасы болмаған респонденттерге (яғни Сауалдаманың «Экономикалық қызметі» деген І-бөлімінің барлық сұрақтарына «жоқ» деп жауап бергендерге) жұмысының (шаруасының) жоқ болу себебін анықтау үшін қойылады;

2) 33-сұрақты толтыру кезінде жәрдемақы (немесе зейнетақы) алуына қарамастан мүгедектер өздерінің бос жүру себебін 7-кодты емес, 12-кодқа белгі қою керек екенін ескеру керек. Осы сұраққа 7, 9 және 12 кодтар бойынша жауап берген респонденттерге 44 сұрақты қою керек, ал 8-кодқа – 36-сұрақ;

3) 34-сұрақ мазмұны жағынан 1А бөлімнің 17-сұрағына сәйкес келеді. Респонденттің соңғы жұмыс орнын қызметтің әйтеуір бір түріне жатқызған кезде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшаға сәйкес толтырылады;

4) 35-сұрақты толтыру кезінде респондент 21-сұрақтың жауабында көрсеткен кәсібі мен лауазымға сәйкес оның санатын анықтау керек;

Санатты анықтау қиын болған ретте бұл сұрақтың жауабын сұрау аяқталғаннан кейін нұсқаушының көмегімен қоюға рұқсат етіледі.

10. Бөлім ІІІ. Соңғы 4 апта ішінде жұмыс (айналысатын іс) іздестіру (осы бөлім сұрақтарының көмегімен респонденттің жұмыс (негізгі немесе қосымша) іздеп жүрген-жүрмегенін, таяудағы 2 апта ішінде оған кірісіп кете алатынын, іздестіру себебі мен болашақ жұмыстың күтілетін жағдайларын анықтайды):

1) 44-49, 51, 52-сұрақтарды толтыру кезінде келтірілген жауаптар нұсқаларының арасынан бір оңтайлысы таңдап алынады;

2) 50-сұрақта 1-6-кодтардың жауаптары ішінен респондент үшін жұмыс іздеудің барынша елеулі 3-нұсқасына дейін таңдап алуға болады. Мұның өзінде бір мезгілде 7 код пен 1-6 кодтардың бірі белгіленуі мүмкін емес;

3) 51-сұрақты толтыру кезінде 1-код жауабының нұсқасы тек жұмыспен қамтылғандарға, яғни I бөлім «Экономикалық қызметтің» сұрақтарына жауап бергендерге ғана арналған. Жауаптардың басқа нұсқалары II бөлім «Жұмыспен қамтылмау, Жұмыссыздықтың» сұрақтарына жауап берушілерге лайық, бірақ жауаптардың нұсқалары басқа қосымша жұмыс іздемейтін жұмысы барлар үшін қолайлы.

11. Бөлім IV. Күнкөріс қаражатының көздері (бұл бөлімнің сұрақтары әрбір респонденттің зерттелетін аптада күнкөріс қаражатының көздерін анықтауға жәрдемдеседі):

1) 53-сұрақты толтыру кезінде 3 жауаптан артыққа жол берілмейді. Мұның өзінде бұларда күнкөріс қаражатының негізгі көздері көрсетілуге тиіс (жалақы, зейнетақы және меншіктен түскен табыс немесе шәкіртақы, туысқандардың материалдық көмегі мен өз бетінше жұмыстан зерттеу жүргізгеннен бұрынғы айда алынған табыс).

8-жауаптың коды отбасының басқа мүшелерінің асырауындағы адамдарға, сондай-ақ туған-туысқандардан немесе жақындардан алған материалдық көмекпен күнкөрушілерге белгіленеді.