Книга вышла, таким образом, без напутственного слова. Автор, Жанузак Аким, ученый биолог, член-корреспондент и член отечественных и заграничных Академий, награжденный за заслуги в науке медалью Аблай-хана,

Вид материалаКнига

Содержание


Кердері: қазақ ру-тайпаларының тарихы. III том. Алматы, 2006. 136-137- беттер.
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
“Қола дәуірі Қарғалыдан басталады” дейді. Онда екі мың жыл бойы үздіксіз мыс өндірілген174. Жезқазған аймағында 100 мың тоннадай мыс өндірілген. Орталық Қазақстанда 15 мың тонна таза қола өндіруге жететін 130 тонна қалайы өндіріліп, Орталық Қазақстан тау-кен металлургиясының орталығына айналды95. “Б.д.д. ІІ мыңжылдығында Қазақстан Еуразиядағы дала қоласының негізгі мәдениеті орталықтарының біріне айналып, онда өндірістегі құрал ретінде қола алуға қажетті, құрамында мыс, қорғасын, қалайы бар полиметалдық рудаларды пайдаланды”177. Ол кездегі малшаруашылығы мен жер өңдеу мәдениетінің арақатынасы әр жерде әртүрлі, кейбір жерлерде аралас болды. Бірақ, жалпы көшпенділік болған жоқ10, 79, 80, 167, 169. Сонымен қатар, көптеген дала мәдениеттерінде малшаруашылығы экстенсивтік формаға ерте ауысты. Қола, тіпті энеолит дәуірінің кезінде дала тұрғындары әртүрлі жайылымдарды меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, далаға тереңдеп кірді. Жайық пен Еділдің арасында, өзендерден 15-90 шақырымға дейінгі қашықтықта сол кездегі табылған молаларда ерлермен бірге әйелдер, балалар да жерленген110, 177. Өгізге немесе атқа жегетін арбаның пайда болуы қола дәуіріндегі малшылардың даланы меңгеруіне себеп болып, осы көліктер б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда олардың көшіп-қонуын жеңілдетті.

Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді 65.

Шығыс Еуропада малшаруашылығының іздері б. д. д. III мыңжылдықта тек кельтиминар мәдениетінің жоғарғы қабатында ғана көрінеді48, 157. Орта Азияның солтүстігіндегі далада өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болды. Одан шығысқа қарай, Оңтүстік Сібірде өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында афанасьев мәдениеті кезінде пайда болды79. Өндіріс шаруашылығының әртүрлі нұсқалары (варианттары) Еуразия даласында тек қола дәуірінде, яғни б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысы мен II мыңжылдықта түгел қалыптасып болды.

Б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Шығыс еуропаның оңтүстігінде мүйізді ірі қара, қой-ешкі мен жылқы қолға үйретілген168.

Еуропа даласының кейбір аймақтары, Жайық пен Еділдің арасында б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда малшаруашылығының үлесі жер өңдеуден басым болды 49, 110. Неолит пен қола дәуірінде малшаруашылығы Орталық және Батыс Еуропаның әртүрлі облыстарына тарады, бірақ олар әлі нағыз көшпенділер емес еді195, 203. Остеологиялық материалдар бойынша неолит, энеолит және қола дәуірінде Еуразия даласындағы мал түрі құрамының өзгерісі және соңынан осы аймақта көшпенділерге тән болған әр түрдің процестік арақатынасындағы өзгеру бағыты байқалмайды168.

Археологиялық қазбаларда табылған, ұзақ уақыт тұрақ болған мекендер де сол кезде көшпенді малшаруашылығы болмағанының дәлелі. Сонымен қатар, салт атсыз еуразияның көшпенділерін елестету мүмкін емес.

Үй жылқысы Қара теңіз бен Донның аралығында б.д.д. IV мыңжылдықта пайда болды. Орманды даладағы Дереивка мекені мен Төменгі Дон даласындағы үй жануарларының остеологиялық қалдықтарының ішіндегі жылқы сүйегінің үлесі 80 пайызға жетеді. Ол туралы академик В.И.Цалкин, “мал тарихындағы, ең алғашқы жылқылар” деп жазды168. Ең алғаш жылқыны жегуге, содан кейін ғана салт мінуге үйреткен болуы керек. Бірақ көптеген ғалымдар оған қарсы пікір айтады49, 91, 198. Шығыс еуропа даласында жылқыны арбаға жегуді б.д.д. III мыңжылдықтан бұрын білмесе де, оған салт мінуді білген. Ол кезде жылқының ер-тұрман әбзелі болған жоқ, болса да өте қарапайым, өте жұпыны болар. Таяу Азияда б.д.д. III мыңжылдықта аттың үстінде адам жүген мен ерсіз, жайдақ отырған суреттер бар. Қалай болғанда да ол кездегі салтаттының мүмкіндігі мал бағудан аспады. Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды140, 233.

Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді49, 80, 109. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы (линвистикалық материалдар үндіеуропалықтардың о дүние туралы көзқарасын жайылым – жайлау мағынасына реконструкциялай алады)72 немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу.

Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз (Strabo, XVI, 4, 2; XVI, 4, 26).

Көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев: “Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможен технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности, изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотъемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Стремя впервые появилось в Центральной азии между 200 и 400 гг. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначала коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, метал стрелы на расстояние до 700 м. Наконец, круглая юрта в то время считалась наиболее совершенным видом жилища.

Не только в материальной культуре, но также и в духовной кочевники не отставали от оседлых соседей, хотя литература их была устной. Конечно, было бы нелепо искать у хуннов научные теории: их даже греки заимствовали у древних вавилонян. Кочевники создали два жанра сказаний: богатырскую сказку и демонологическую новеллу. И то и другое было ближе к мифологии, нежели к литературе в нашем смысле слова, но они этим способом воспринимали действительность и выражали свои чувства. Иными словами: мифология несла у них те же функции, что у нас литература.

Подобным образом, т.е. непохожие на нас, кочевники воспринимали и историю. Она представлялась им в виде развернутой генеалогии рода; эталоном было не событие или институт, а мертвый предок. Для европейца такой счет поколений кажется бессмысленным, но ведь он тоже отражает течение времени, как и любая принятая в науке система отсчета” 59.

Л.В.Васильевтің дәлелдеуі бойынша, “Қытай цивилизациясы б.д.д. ІІ мыңжылдықта Шан-Инь билігінің дәуірінде сыртқы мәдениеттің әсерінен пайда болды. Шан-Инь дәуіріне дейін қытайлықтар жалпы атты, ат арбаны және дала цивилизациясының басқа атрибуттарын білмеген”46. Б.д.д. 2197 жылы Қытайды Хаба әулеті билеп тұрған кезде оның солтүстігін ту-кю, яғни түркілер мекендеген 131.

Көшпенді тайпалардың қытайға енуі б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында болды. Сол кезден бастап қытайлықтар түркілердің салт атпен жүргенде киетін сыртқы киімдері мен ер-тоқымдарын өздеріне бейімдеп алды133.

Қытайдың көне ескерткіштерін зерттеген И.С.Лисевичтің деректеріне сүйенген Ю.В.Мизун мен Ю.Г.Мизун “Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы Цзи жұлдызын ұлы найзағайдың жарығы орағанын \опоясало\” б.д.д. III мыңжылдықта Солтүстік Қытайдағы Хуанхэ өзені бойында көргенін айтады. Сол кезде “аспанның ұлы” Хуанди Жерге Арыстан шоқжұлдызындағы Регул жұлдызынан ұшып келді. Оның ізбасары Шаохао да осылай келді. Ол келердің алдында “жұлдыз кемпірқосақ сияқты жерге қарай ұшты”. Ол туралы басқа деректерде “үлкен жұлдыз Гүлдеген аралға ковш \күрек\ сияқты келіп қонды”. Шаоходан кейінгі ізбасар Жерге келер алдында “жарығы өте күшті жұлдыз айдың дискісін кемпірқосақ сияқты айналып өтті”. “Аспанның ұлы” Хуанди жерде жүз жылдай билік жүргізген. Әртүрлі деректерде ол билікті б.д.д. 2598 немесе 2450 жылдарға дейін жүргізген. Оның көмекшілері тұрақты түрде астрономиялық бақылаулар жүргізді. Мысалы, Си Хэ “Күннің көлеңкесінің түрленуіне негіздеп болашақты болжады”, тағы бір көмекшісі Чан И “Туған және батқан айдың ширегі мен жартысына қарап болашақты анықтаса”, Да Нао “соңынан қытай күнтізбесінің негізі болған цикличностьпен айналысты”. Барлық деректерді бір жерге жинап талдау жасаған Жун Чэн жердің күнтізбесін жасады. Сонымен қатар Хуандидің көмекшілері “ту” немесе жердің картасын жасады.

Хуандидің көмекшілері айтқан бізге белгісіз металдан жасаған үлкен айна және сиымдылығы 100 литрдей қазан мен оны орнықтыратын биіктігі 3-4 метрдей үш тіреуіш туралы деректер көп кездеседі. Сол кездегі қытайлықтардың ұғымы бойынша “қазанның ішін жүздеген рухтар \аруақтар\, жануарлар және перілер толтырған”. Оның үш аяғы “Ұлы бірліктің бейнесі” іспеттес. Ол жердегі Дао Әлемінің жасырын қозғағышы (двигателі). “Аспан ұлдары” ойлы–шұңқырлы жерлермен кедергісіз жүретін шынжыр табанды дөңгелек ойлап тапты. Ертедегі жазуларда олардың ешқандай көлікке жегілмей өздігінен жүретін арба екені жазылған.

Көне жазба деректерде басқа ғаламшардан “айдаһарға” мініп келген Хуанди және оның көмекшілері Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліне қонған. Соңынан Хуанди өзімен бірге келген жетпіс шамалы көмекшісімен қайта ұшып кеткенде Жерде қалған оның серіктері қатты қайғырады. Олар Хуандидің заттарын қорғандарда жерлеп, оны жоқтап, қайғырады. Көне жазбалар бойынша, олар 17 жұлдыздан тұратын Сюаньюань шоқжұлдызына ұшып кетті. Ол Темірқазық жұлдызы жағындағы эклиптиканың бойында, яғни Күн жүйесіндегі ғаламшарлар орналасқан жазықтықта орын тепкен. Осы шоқжұлдыздағы ең жарық жұлдыз Регул немесе Сюаньюань, ол Арыстан шоқжұлдызындағы Альфа.

Осыдан екі мың жыл бұрын “қытайдың Геродоты” Сыма Цянь: “Мен құрметті ақсақалдардың Хуанди жайлы айтқан әңгімелерін тыңдадым... Әрине, олардың сенім - ұғымдары әртүрлі болғанымен, айтқан әңгімелері көне жазбалардағы деректерден алыс емес және шындыққа жақын. Мен Чуньцю мен Гоюйді оқыдым, оларда Хуанди және оның қасындағы бес әміршінің қайырымды істері мен шежіресі жақсы жазылған. Мен оны терең зерттемесем де, ондағы айтылғандар мен көрсетілгендер құр ойдан шыққан емес” деп жазды111.

“Басқа ғаламшардан келгендер” жайындағы қытайдың көне жазбалары мен сол кездегі тарихында кеңінен тараған деректерді келесі бір қырынан қарасақ, ол солтүстік-батыстағы Гоби шөлінен “Аспан аттарына мінген Аспанның ұлдары” немесе Тәңір (Тянь-Шань) мен Алтай тауларынан салт атты (батыста оларды кентаврлар деп атаған) және арбамен келген көшпенділер ойға түседі. Олар көне түркі тайпалары еді. Бұл ежелгі тарихтан белгілі нәрсе. Тәңірдің\Tien –Тәңір\ немесе Аспанның ұлдары деп отырғаны да түркілер. Ертедегі үйсін мемлекетінің жылқыларын қытайлықтар “Аспан аттары” деп атаған. Атты арбасымен салған Алтайдағы көне дәуір петроглифтері атты арбаға жегуге алғаш рет осы аймақта үйреткенінің дәлелі. Түркінің Тәңір тауын қытайлар Тянь-Шань дейді, яғни олар осы таудың қасиетті жаратқан Тәңірді (немесе Аспан) көне түркілерден алдымен құдай ретінде қабылдап, соңынан императордан бастап мемлекетті басқарудың барлық жүйесіне енгізген.

Ертеде қытайдың алфавитін жасап, олардың сауатын ашқан және ғасырлар бойы сол елдегі зиялы қауым қызметін атқарғандар көне түркінің қаңлы тайпасы екенін қытай ғалымдары дәлелдеді. Қытайға дөңгелекті әкелген де қаңлылар не кидариттер деген деректер бар*.

Көне дәуірде Хуанхэ (Ақсу) өзені мен Пекиннің солтүстігін ұзақ уақыт бойы түркі тайпалары билеп тұрғанымен қытайлықтар олардың вассалы болғанын тарихтан білеміз.

100 литрлік қазан мен оның үш тағаны деп жүргені түркілер жорыққа өздерімен бірге алып жүретін қасиетті Тайқазан. Түркілердің ұғымы бойынша, Тайқазаннан бір мезгілде тамақ ішкен мыңдаған адамның рухы, жаны және істері бір болады. Яғни, Тайқазан мыңдаған адамды немесе әскерді біріктіретін және аспандағы Тәңірмен байланыстыратын құдіретті құрал. Оның үш тағаны жердегі адамдарды аспандағы Тәңірмен байланыстырады деп түсінген.

Хуанди ұшып кететін Темірқазық және Альфа жұлдыздары Тәңір жүйесінде адамның бұл өмірдегі ісіне қарай, өлген соң не жұмаққа не тозаққа апаратын баспалдақ. “Хуандидің заттарын қорғанда жерледі” дегені көшпенділердің көсемдерді қорғандарда жерлеу салты. Хуанди сияқты әулиенің өліміне сенгісі келмеген сол кездегі адамдар оны аспанға ұшып кетті деп сенген-ау сірә. Көне замандағы “Аспан аттарына мінген Аспан ұлдары” мен сол кездегі қытайдың жергілікті жабайы тайпалары арасындағы қарым-қатынасты осылай түсіндіруге болады.

_______________

* Кердері: қазақ ру-тайпаларының тарихы. III том. Алматы, 2006. 136-137- беттер.

Қазіргі ғылыми деректер бойынша, ертедегі дала цивилизацияларының еуразиялық бағыты Ұлы даланың солтүстігі арқылы жүрген. Осы жолмен Иркутскінің жанындағы Мальтадан табылған палеолит дәуіріндегі Ауригнасиан Венерасы және француз ғалымы Тьер де Шарден көрсеткендей Солтүстік Қытайдың Ганьсу мен Шеньсидің солтүстік ауданындағы Ауригнасиан типтес мәдениет ошақтарының табылуы осы мәдениеттің Сібір арқылы жүргенінің айғағы 197.

Осындай жолмен Магдалениан мәдениеті Сібірдегі Енисейдің жоғары жағында Манжуриядағы Толунге, Маньчоулиге, Хайларғда және Хоппеге тараған. Пекиннің жанындағы Чоукоутиен ойпатынан табылған адам қаңқасында сүйек инелер, құлақ жарғағындағы тесіктер, жануарлардың сойдақ тістері, қажалған алқалар, маржан тастардың бөлшектері сияқты әшекейлер кездеседі191, 228 .

Б.д.д. үшмыңжылдықтың ортасында Орталық Ресей жерінде пайда болып Азиядағы Сібірге, одан Ганьсудегі проқытай Чи-жиа-пинь керамикасына әсер

еткен ирек сызықты \“соmbed”\ әшекейленген құмыралардың тарауы неолит дәуірінің соңғы кезінде сібірдегі көшпенді жол арқылы жүрген.

Одан кейінгі кезеңде б.д.д. II мыңжылдықтың басында Бессарабия, Молдавия және Киев маңында пайда болып, Украинадан Қытайға дейін тарап, б.д.д. 1700 жылдар шамасында Хонандағы Ян-шао-тзунде дамып, сонан соң Ганьсудегі Паншанда дамыған керамика, спираль тәрізді өрнектелген әшекейлер Сібір арқылы тараған болу керек. А.М.Таллгреннің дәлелдеуі бойынша б.д.д. 1500 жылдары басталған Батыс Сібірдегі қола дәуірі сол кездегі Дунайдың қола өркениетімен байланысты. Орталық Сібірдегі Минусинскіде қола дәуірі одан үш жүз жыл кейін, яғни 1200 жылдары басталды. Қытайдың үлгілеріне ұқсас Батыс Сібірдегі балталар мен найза ұштарының негізінде М.Лоер Қытайдағы қола техникасы б.д.д. 1400 жылдары Сібірден келді деп қорытындылайды186, 190. Бұл жерде біз Қытай өркениеті пайда болуы мен дамуының негізін көшпенді түркі тайпаларынан алатынын көреміз.

Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Осы өнердің бұйымдары Сары өзен (Желтая река) мен Шеньсидің солтүстік аймағынан көптеп табылғандықтан, сол аймақты б.д.д. VI ғасырда мекендеген монғолдың Ордосс тайпасының атымен ордосс өнері деп аталды. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған. Швед археологы Т.Ж.Арне Лванпиня мен Сюянвадағы ордосс қоласын б.д.д. IV ғасырдікі десе187, жапон археологы Суеджу Умехара мен швед синологы Карлгрен б.д.д. VII-V ғасырларда ордосс қоласы қытайдың архаикалық Орташа Чоу стилі әшекейлерінің “Соғысушы мемлекет“ \Воюющие государства\ стиліне өтуіне тікелей әсер еткенін дәлелдеді209, 212, 231. Осы мысалдардың өзінен көне түркі мәдениеті қытай өнері мен өркениетінің негізін салуға және дамуына тікелей әсер еткенін көреміз. Сол заманда қалыптасып келе жатқан қытай мемлекетінің белгісі болып енген Айдаһар алғашында аңшылық дәуір кезіндегі көне түркілердің аналық бөрі образындағы жер-су және жер өнімділігінің тәңірі болған еді 69. Сонымен қатар, қытайлар түркілерден Жаратылыс тану жүйесін (Тәңір) алдымен аспан, жер және тіршілікті жаратқан құдай ретінде қабылдап, соның негізінде тұран жүйесіндегі конфуцианство мен даосизм діндері пайда болды. Одан кейін Тәңір жүйесі қытай мемлекетін басқарудың барлық саласына енді.

Қазіргі Қытайда және Тынық мұхиты аймағында кеңінен қолданылып жүрген он екі жылдық күнтізбе – мүшел де алдымен көне түркілерде пайда болып, соңынан осы аймақтарға таралғаны ғылымда дәлелденген.

Түркі өркениеті Қытай өркениетінің дамуына тікелей әсер етіп, оның ізашары болғанына осы айғақтар дәлел. Сонымен қатар, мыңдаған жылдар бойы көрші тұрған осы халықтар бір-біріне жанама түрде де әсер еткені белгілі. Көне түркілердің шабуылдарынан қорғану үшін салынған ұзындығы алты мың шақырым “Ұлы Қытай қорғаны” соның бір мысалы.

Түркі тайпаларының ішінде елдік, мемлекеттік алғашқы белгілі идеяны б.д.д. VI ғасырда сақтардың әйел патшасы Томирис айтқан болатын. Ол сақтың жерін жаулап алмақ болған парсының ұлы патшасы Кирге “Сен біздің жерге соғыспен келдің. Қантөгіс бастамай тұрып еліңе қайт. Әйтпесе, ажалыңды осы жерден табасың ...” дейді. Демек, сақтар үшін ең қасиетті, ең қымбат нәрсе туған жер екен. Осы соғыста Томирис бастаған тайпалар парсылардың жер қайысқан қолын жеңіп, “патшалардың патшасы” Кирді өлтіргенін “тарих атасы” Геродот жазды53.

“Түркі елі” немесе “Түркістан” ұғымы - б.д.д. II ғасырда ғұндардың шаньюйі (қыт. “Аспанның Ұлы Перзенті”) Мөде хан түркінің 24 тайпасын біріктіріп, мемлекет құрған кезде пайда болды. Сол тайпалардың көпшілігінің ізі бүгінгі қазақ ұлтын құрайтын руларда кездеседі. Демек, бүгінгі қазақ көне түркілердің тікелей ұрпағы.

Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады 57.

Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды 129. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды.

Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған. Олардың бір бөлігі Кавказдағы Қарашай жеріне көшіп, соңынан Ұлы көш кезінде қазіргі Франция жеріне барып орнықты.

Ғұндар Қара теңіз жағалауын, Керч бұғазын, Боспор патшалығын, Рим империясының Паннония аймағын \Венгрия\ өзіне қаратып, Еуропадағы Батыс ғұн империясын құрды. Олар 437 жылы Рейн өзені бойында Бургун корольдігінің әскерін жеңгеннен кейін барлық герман тайпалары ғұндарға бағынышты болды.

Аттила Еуропадағы өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты. Сүйтіп Еуропада бейбіт өмір орнатты. Рим империясында құлдық қауымды құлатып, ондаған мың адамды құлдық бұғауынан азат етті. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық “құдайдың қамшысы“ (“бичь божий“) деп атап кетті.

Тарихта осы уақытқа дейін шешімін таппай келе жатқан мәселе - Аттила бастаған ғұндар мен Аэций бастаған римдіктер арасында болған Каталаун шайқасының қорытындысы. Таңертеңнен кешке дейін бір толас таппаған шайқаста екі жақ та жеңіске жете алмай, тек төңіректі қараңғылық бүркегенде ғана әркім өз әскерін ұрыс даласынан алып кетеді. Ертеңіне күн шыққанда шайқас қайта басталуы тиіс еді. Бірақ, рим әскері орнында болмай шықты. Олар ұрыс даласын тастап кетіпті. Мұны көрген Аттила алдымен әскерін біраз уақыт демалдырып, содан кейін Римге қарай жорықты қайта бастайды. Мың жарым жыл бойы тарихшылар шеше алмай келе жатқан жұмбақ осы. Аттиланың әскері Миланды, Венеция т.б. қалаларын басып алып Римге жақындағанда, Рим папасы оның алдынан неше түрлі сыйлық алып шығады да, Аттилаға салық төлеуге дайын екенін білдіріп, қаланы қиратпауын сұрайды. Ол “мәңгі қаланы” ғұн қаһарынан осылай аман алып қалды. Жеңілгенін мойындап тұрған соң Аттила қаланы қиратпайды. Бұл оның мәрт қолбасшы екенінің айғағы. Оған дейінгі және кейінгі ұлы қолбасшылардан ондай рыцарлық мінезді кездестірмейміз. Ол тек «құдайдың қамшысына» тән қасиет болса керек. Жалпы рыцарлық дәстүр Еуропадан, ал осы құрлықтағы рыцарлық Аттиладан басталады.

Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды.

“Соғыс дегеніміз өркениеттің жаратушы анасы, оның серіктесі және жерлеушісі” деген белгілі қағида бар 207. Өркениетті дамытушы негізгі фактордың бірі де соғыс екенін Гегель дәлелдеген болатын 51. Сонымен қатар, цивилизациялардың құруының себептері де соғыстар болғаны белгілі. Екі жақ соғысқанда қаруы қарсыласынан гөрі жетілген, әскерінің жаттығуы мықты және рухы жоғары, стратег қолбасшысы бар жағы жеңіске жетеді. Яғни, отырықшы халықтар “жабайылар” деп келген көшпенділердің мыңдаған жылдар бойы Еуразия құрлығында билік етіп, үстемдік жүргізуі олардың техникалық прогресі мен өркениетінің жоғары болуының дәлелі.

Рим империясының әлсіреп, ақыр аяғы құлап бітуіне, көптеген қалаларын Аттиланың басып алуы және Римдік қоғамды жемқорлықтың жайлап алуы себепші болды.

Аттила патшаның Еуропадағы жорықтары сол қоғамдағы құл иеленушілікті феодалдық қатынастарға, яғни ілгерілеушілік бағытқа өзгерткені және XIX ғасырдағы Наполеон Банопарттың осы құрлықта монархияның орнына демократиялық принциптерді енгізуі соғыстың прогрессивтік маңызы болғанының дәлелдері.

Халықтардың ұлы көшінің” тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді.

Белгілі ғалым А.Н.Бернштам ғұндардың адамзат тарихындағы рөлін; “... Құл иеленушілік пен көне әлемдегі (античный) қатынастарды жоюдағы олардың рөлін прогрессивтік, жаңа әлеуметтік-экономикалық формация - феодализмді тудыруға қатысқан құбылыс деп қарау керек”33 деп бағалаған.

Д.Николле ғұндар туралы, “Атилланың әскери тактикасын сипаттаған грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды. Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан салт аттылық, киім және қаруды алды. Арабтар мен III-IV ғасырлардағы олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді”125 дейді. IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; “түркілердің соғыстағы рөлі мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен салыстыруға болады” деп бағалаған.

Сонымен қатар, ғұндардың Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі 127, 128.

Гильом де Рубрук өзінің “Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”135.

Ғұн тайпаларының асыл қазынасы саналатын рухани байлығы олардың ауыз әдебиеті. “Оғыз-қаған” дастаны түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Оғыз қаған - ғұндардың көсемі Мөденің әдеби бейнесі болғанымен, бұл дастанда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі, ғұндар дәуіріндегі, одан кейін орта ғасырлардағы сан қилы тарихи оқиғалар өзара үйлесіп, жалғасып жатады.

“Аттила“ дастаны Аттиланың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи деректер мен аңыз-әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Осы дастан бізге түгелдей жетпегенімен, герман және скандинавия халықтарының батырлық эпостары саналып келген “Нибелунга туралы жыр“ және “Алып қолды Вальтария“ \”Waltarius vanu fortis”\ поэмалары «Аттила» дастанының сюжеттік негізінде орта ғасырда қайта жазылғаны дәлелденді. Ғалымдар бұл поэмалардың авторлары қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған қыпшақтар дейді.

Скандинавия халықтарының батырлық жырларында Аттиланың алатын орны ерекше. Ол туралы академик Ә.Марғұлан “Бір кезде (IV ғасырлар) осындай қызық аңыздарды, тамаша ерлік жырларды ғұндар Еуропа жұртына таратып, соның күшті лебімен исландияның “Үлкен Эдда” сияқты дүниежүзілік әдебиетке мирас болған әрі қызықты, әрі көркем, әрі тамаша эпостың тууына үлес қосады. “Үлкен Эдда” жыры өзінің аялғысы, әлеуметтік сарыны бойынша “Манас“ жырымен өте үндес. Оның басты кейіпкерлері Манас сияқты Орта Азияда туып, жылқы өсіріп, қымыз ішкен, кермеде мүсін аттар баптаған өңшең серілер. Бұнда біріншіден көзге түсетін нәрсе, Манас жырындағы сияқты “Үлкен Эдда“ ерлігі 12 жастан басталады. Бұл екі жырдың этнография ұқсастығымен қатар, олардағы ақындық бейнелер де көп жерінде біріне бірі жақын келіп отырады: олар ерте заманнан қалыптасып, белгілі дәстүрге айналған көркемдік бейнелер. Мәселен, бәйтерек, ақсұңқар, құмай тазы, қанатты тұлпар және тағы басқалар. Еуропа ғалымдары \Паве де Куртеиль, Чэдвиктер\ бұл бейнелерді бір ғана көшпелі елдерге тән ақындық бейнелер деп түсіндірген.

”Манас” жырының ”Үлкен Эддамен“ аса үндес шығатын бір жері, ондағы Аттиланы улап өлтіру аялғысы Манасқа өте ұқсас. Өлер алдында бұл екі батырдың екеуі де жаман түс көріп шошынады. Аттилаға өтетін өмір ұшқан ақсұңқар болып көрінеді... Бұл екі жырда үндес шығатын тағы бір тамаша жора – ерлердің өзара достыққа анттасуында ежелгі замандағы аспанға, көкке, жер-суға табынудың әсері тым күшті... қазақ пен қырғыздарда бұл ескі наным түрі соңғы кезге дейін ұмытылмаған. Оны “көк атсын“, “ант атсын“, “көк соққан“, “ант ұрған“ дейтін ұғымдар ашық көрсетеді”104. Көлемі 22000 жолдан тұратын қырғыз халқының «Манас» дастаны әлемдегі ең үлкен эпостардың бірі болып саналады.

Неміс халқының “Нибелунга туралы жыр“, “Равен шайқасы“, “Берндік Дитрих“, “Зейнфрид батыр туралы жыр”, “Хилдебранд туралы жыр“ және т.б., исланд халқының “Эдда” жыры, “Волсунга туралы сага”, норвегия халқының ’’Тидрек туралы сага’’ сияқты батырлар жырларында Аттила бейнесі жасалған.

Әдебиет зерттеуші ғалым Ф.Копрулузаде: ”славян, фин, француз, герман әдебиетіне эпикалық жанр, поэма жазу дәстүрі “Аттила” дастаны арқылы келді“ дейді 211.

“Аттила есімі адамзат тарихындағы - Александр Македонский мен Юлий Цезарьдың қатарынан орын алды“189. Ғұндар кезеңіндегі (б.д.д.II ғ.- б.д.V ғғ.) түркі тайпалары батыста Францияға дейінгі, оңтүстік - батыста Египетке дейінгі жерлерді өзіне қаратып, сол жерлерде құл иеленушілікті жойып, феодализмді орнықтыруға септігін тигізді. Сол арқылы адамзат тарихында ілгерілеушілік, дамушылық маңызға ие болды. Ал, сол кездегі түркінің басқа тайпалары заманындағы ең алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі - Құшан патшалығын құрды. Ғұндар дәуіріндегі түркі тайпаларының Еуропа мен Азия құрлығында ілгерушілік (прогресстік ) маңызы зор болды.

. . .