Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі

Вид материалаДокументы

Содержание


Бейсенбі жұма
Имидж ролигі имидж ролигі
Радиоаудитория тұрақты.
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

БЕЙСЕНБІ ЖҰМА

6.00. Қазақстан республикалық әнұраны

6.04. Жаңалықтар Жаңалықтар

6.09. Туған жер әуендері Туған жер әуендері

6.15. Атадан қалған асыл сөз Атадан қалған асыл сөз

6.20. Халық музыкасы Халық музыкасы

ИМИДЖ РОЛИГІ ИМИДЖ РОЛИГІ

6.30. Новости Новости

6.35. Ретро әндер (қазақша) Ретро әндер (қазақша)

6.40. Однажды они приходили жить Ақиқат сыйы

6.45. Халық музыкасы Халық музыкасы

Дәлме-дәл уақыт белгісі Имидж Ролигі Дәлме-дәл уақыт белгісі

Астана дәлме-дәл уақыт белгісі.

9.00 Жаңа күн Жаңа күн

9.05. Халық музыкасы Халық музыкасы

9.10. Өзекті мәселе Денсаулық

9.25. Қазақ эстрадасы Қазақ эстрадасы

9.30. Новости республики Новости республики

9.35. Халық музыкасы Халық музыкасы

9.45. Интерьвю дня Интерьвю дня

АЛМАТЫ

10.00 Көрші елдерде Көрші елдерде

10.10 Халық музыкасы Әуезов оқулары


Осылайша жалғасатын хабарлар сеткасында көптеген «Ел мен жер», «Ән – домбыра», «Болжамдар мен қисындар», «Ауылым – алтын бесігім», «Алақай», «Қазақ зиялылары», «Ашық әңгіме», «Біреу – кедей, біреу – бай», «Мінбер», «Жан сарайы», «Ашық әңгіме», «Жусан иісі» сияқты халық тәрбиесіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, тарихына т.б. ерекшеліктеріне арналған хабарлар көптеп берілуінің өзі ұлттық және дербес арна екендігін дәлелдейді. Ұлтымызға тек ақпарат пен музыка ғана емес, оның жер шарындағы өз салты, дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ерекшелігі бар халық ретінде толық қалыптасуы үшін ұлағатты хабарлар да көптеп берілуі қажет. Яғни өткенді білу үшін де, өркениетке өту үшін де адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұрпақты болашаққа жетелеу алдыңғы толқын міндеті. Қазақ радиосы халықтың, ұлттың радиосы болуы тиіс. Сондықтан, тек қана қысқа ақпарат, жеңіл әуен ғана емес, тағылымдық, тәрбиелік, қоғамдық-тарихи мазмұнды хабарлардың үнемі беріліп тұруы өмір қажеттілігі.

Екінші ерекшелігі – дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы. Қазақ радиосының бұрынғы жұмыс принципі бойынша - эфирден өтетін хабарлар алдын - ала үнтаспаға жазылып, өңдеуден өткізіліп, хабарлар бағдарламасына енгізіліп қойылатын. Яғни, алдын-ала дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін. Алдын-ала жоспарлаудың түрлері бар:

Жылдық жоспар.

Тоқсандық жоспар.

Айлық жоспар.

Апталық жоспар.

Ал, журналистік радио дегеніміз – алдын-ала жазылып алынбаған, тікелей эфир арқылы таратылытын хабарлар түрі. Бұл жерде бұрынғыдай дикторлар шақырылмайды, телефон байланысы арқылы белгілі бір тақырыпта жоба авторының қатысуымен немесе жүргізушімен өткізіледі. Тікелей эфирдің талабына сай жұмыс істеу журналистке көптеген міндеттер жүктейді.Соның ең бастысы – сөз өнерін, ой толғауын меңгеру. Сөз өнері дегенді Ахмет Байтұрсынов былай түсіндіреді: «Бір нәрсе туралы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады». Демек айтылатын ойды, қозғалатын мәселені «жақсылап айту», түсінікті тілмен жеткізу радиожурналистке тән қасиет болуы тиіс.

Үшінші ерекшелігі - бағдарламаның ауқымдылығы, хабардың көп түрлілігі. Жоғарыдағы Қазақ радиосының хабарлар сеткасындағы көптеген бағдарламалар республика халықтарының да, ұлт өкілдерінің де ауқымды мәселелерін қамтиды. Яғни, Қазақ радиосы бірнеше радиоформатта жұмыс істей алады. Радиоформат – белгілі бір аудитория талғамына сай жұмыс істеу, сол аудиторияның тыңдармандарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар формасы. Онда тыңдармандардың жас мөлшері қарастырылады. Яғни, музыкалық стилі, ди-джейлердің, жүргізушілердің мәнерлері, тілдік, стильдік ерекшеліктері арқылы айқындалады. Бұл ретте жүргізушілер, ди-джейлер эфирдегі дауыс ырғағын меңгерулері қажет. Дауыс ырғағына жататындар – тон (дауыс деңгейі), темп (дауыс қарқыны), тембр (дауыс бояуы), пауза (үн үзіліс). Хабар барысында дауыс ырғағымен қоса үн үзілісін орынды пайдалану қажеттігі талап етіледі.

Төртінші ерекшелігі - талдамалық яғни сараптамалық бағдарламалардың кең қолданылуы. Бұл ретте «Баспасөзге шолу», «Үкімет арнасы», «Парламент апталығы» т.б. сияқты бағдарламалардың эфирге шығуы дәләл. Талдамалық хабарлардың жүргізушілері немесе хабар авторларына қойылатын журналистік талаптарды меңгерулері қажет:
  • алдымен, тыңдарман аудиториясына ықпал жасай алу;
  • көтерілмек мәселе, айтылар әңгіме жайлы бірден назар аударту тәсілдерін қолдана білу;
  • журналистің көңіл-күйі, эмоциясы тыңдарман аудиторияға кері әсер етпеуі керек;
  • жігерлі, ойнақы сөйлеу, сөз, ой қайталамау сияқты қасиеттерді меңгеру қажет.
  • сөйлеу мәдениетін сақтау;
  • дауыс ырғағын таңдау.

«Шалқар» радиосы – радио қызметінің ақпараттар арнасы ғана емес, өнер өрісі болуы үшін қызмет етіп отырған арна. "Шалқар" – тек қана қазақ тілінде хабар тарататын форматты радио. Одан сәл-ақ бұрын ашылған, орыс халқының мақтанышына айналған "Маяк" радиосының ұлтына қызмет атқарғанына 45 жыл толғандығы ұлттық мереке ретінде тойланды. Ал, "Шалқар" болса нарықтың қыспағына шыдай алмай, бір кездері жабылып та қалды. Қазіргі кезде шағын ғана ұлтжанды ұжымның қызмет етуімен хабар беруде. Таңғы сағат 6-да жұмысын Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайтын арна күнделікті өз тыңдармандарына "Қайырлы таң" тілеп, шағын концерт береді. Сонан соң "Таңшолпан" атты таңертеңгілік көңілашар бағдарламасы өз жұмысын бастайды. Ол екі сағат бойы беріліп, көптеген мәселелер айтылып, әсем әуендермен өрнектеледі. "Атадан қалған асыл сөз", "Ұлылар өміріндегі арулар", "Біздің күнтізбе", "Жерұйық", "Қазақы түс жору", "Атакем айтады", "Шипа", "Қазақ кәделері", "Қазақ хандары мен билері", "Әйелдерге кеңес" сияқты толып жатқан хабарлар тақырыптары меңзеп тұрғандай, бес минуттың ішінде тыңдарманға қаншама мағлұмат береді. Ал, "Ашық әңгіме" айдарымен берілетін хабарда қоғамның білім беру, денсаулық, спорт, өнер, мәдениет, әлеуметтік мәселе сияқты салалары туралы сөз болады. Ұлттық музыка да "Халық композиторларының ән-күйлері", "Саз сиқыр", "Домбыра сазы", "Ән - әуен", "Халық музыкасы", "Ән - домбыра", "Туған жер әуендері", "Жас орындаушылар", "Ән - бесік", "Ақындар өлеңдеріне жазылған әндер", "Өткен жылдар әндері", "Алтын қор", "Қазақ эстрадасы" т.б. айдарлармен насихатталып отырады. Тек ресейлік, европалық әуендерді ғана пір тұтып, ұлттық музыканы мойындамайтын бағыт белең алып бара жатқан алмағайып кезеңде жастарға мұндай тәсілмен ұлттық мұраны ұсыну – қуанарлық жай. "Шалқар" сияқты бірнеше арна жұмыс істейтін болса, ұлттық мүдде әрқашан жоғары тұратын болса, тыңдармандар сұранысының ең жоғары
рейтингіне қазақ тілді хабарлар ие болары сөзсіз.

Ресей радиосында өздерінің ұлттық эстрадасын насихаттау басым. Қай арнасын ашып қалсаңыз да эстрада жұлдыздарының, жалпы өнер адамдарының, жас таланттар өнерлерін тамашалауға болады. Таланттарды таңдау үшін бірнеше конкурстар өткізіліп, солардың жеңімпаздарын теле және радио арналар насихаттап жатқанын көресіз. Мұның өзі «Өнерліге - өріс кең» екендігін білдіреді. Әлі танылмаған өнерпаздарға жол ашу алдымен радионың үлесіне тиеді. Неғұрлым әуезді әуендер көбірек берілсе, соғұрлым аудитория саны артатыны өмірде дәлелденіп отыр.

Қазақстанда тәуелсіз арналардың көбейіп отырғандығы алдымен нарық жағдайына байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының электронды құралдарының бизнес көзіне айналуының тікелей әсерінен қазіргі кезде Қазақстан әуе толқындарында хабар таратып отырған «31 радио» (103,5 FM) , «Европа плюс Қазақстан», «Русское радио», «Радиосити» (104 FM), NS (106 FM), «Радио Ретро» (91,7 FM), «Авторадио» (105,4 FM), «Хит-FM» (102 FM)-сияқты радиоарналардың бәрінің жұмыс принциптері коммерциялық болып табылады. Олардың басты мақсаттары – жарнама арқылы табыс табу. Сондықтан да жиі-жиі ақпарат беріп, эфир кеңістігін әр түрлі музыкамен толтыра отыра, әлсін-әлсін жарнамаларды қайталау – бұлардың жұмыс стилі. Музыкалық қорлары да батыстық, ресейлік эстрада жұлдыздарын дәріптеуге толы. Батыстық коммерциялық радиолар тәжірибесінде тыңдарман аудиториясын зерттеу – ең басты міндет. Өйткені табысты, қалталы тыңдармандарды тарту, солардың талабына, талғамына қарай қызмет ету – жарнаманың молаюына әкелетін фактор болып есептеледі. Мысалы, өсіп келе жатқан жастарды болашақ бизнес көзі деп қарай отырып, солардың тілек-талаптарына орай түнгі хабарлар ұйымдастырып, тікелей эфирге тарту, өз радиоларының имиджін арттыру, жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық топтамалар беру сияқты әрекеттер тәуелсіз арналардың негізгі қолданатын тәсілдері.

Аралас радиолар тарататын хабарларының бір бөлігі жарнамалық бағытта болса, ендігі бір саласы насихатшылық қызмет атқаруы мүмкін. Осы аталмыш арналардың бәрінің қызметі әлеуметтік зерттеу институты арқылы зерттеліп өзіндік рейтингтерге ие болады. Тыңдармандардың жоғары бағасына ие болған радиолардың жарнамашылдық сипаты да алдыңғы қатарда болатыны аян. Жалпы алғанда ұлт, халық болашағын ойластырған арналар жаңа заманға бейімделудің тәсілдерін игеріп қана қоймай, ұлттық ерекшеліктерді мемлекеттік нығайтумен сәйкестендіріп, қоғамдық ортақ мүддені жүзеге асыру мақсатына үйлестіре отырып қызмет атқаруы тиіс.

Облыс орталықтарынан хабар тарататын шағын радиостанциялар сол жердің жаңалықтарымен жергілікті халықты хабардар етіп қана қоймайды, жарнамалар таратумен, музыкалық ақпарат берумен де айналысады. Әрине, тәулік бойы хабар таратуға олардың техникалық та, шығармашылық та мүмкіндіктері келмейді. Сондықтан белгілі бір мерзімде ғана хабар таратады. Облыстың ішкі өмірінен тұрғындарды хабардар ету – қажетті шара. Алайда, облыстық редакция қызметкерлері көбінесе жергілікті әкімшілікке бағынып, солардың тыныс-тіршілігінен хабардар етеді.

Қазақстанның әуе толқынында қызмет атқаратын радиоарналар жұмыс мазмұнына қарай ақпараттық-музыкалық, музыкалық-ақпараттық, қоғамдық-саяси радиолар болып сараланады. Радиолардың ішкі жұмыс жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты ақпарат орталығы, эфирлік студия, деректік қор, концерттік студия болып бөлінеді. Қандай редакцияда болмасын, ақпарат бөлімі жұмыс істейді. Небір шұғыл ақпарат алдымен радиодан күтіледі, сондықтан да радиодағы ақпарат қызметінің рөлі ерекше. Ақпараттық қызмет аясының өзіндік ерекшеліктері, хабар тарату тәсілдері бар. Өмірдегі болып жататын жаңалықтар қаншалықты сан түрлі болғанымен ондағы еңбек етуші ұжым бір құрамда. Сондықтан да ондағы еңбек етуші журналистерден жан-жақты білімділік талап етіледі. Көптеген жайлармен бетпе-бет келеді. Кез келген ақпаратты алу үшін төзімділік, қайсарлық қажет. Мысалы, Ішкі істер министрлігінен алынған журналистердің хабарларында ашықтық, еркіндік, толыққанды ақпарат беруге ұмтылушылық бар. Ал, керісінше Қорғаныс министрлігінен көп ақпарат беруден, сұхбатқа келуден бастартушылық көбірек байқалады. Сондықтан ол хабарларда тұжырым көбінесе "былай көрінеді, осындай сияқты т.б." деген сөздермен жасалады. Ақпараттық қызмет журналистерінің басты міндеті:

Біріншіден, ең алдыңғы, алғашқы болу. Кез келген оқиғаны алдымен хабарлау барысында журналистік әдептен ауытқымау, кәсіби этика сақталуы керек.

Екіншіден, сөйлеушінің уақытын шектеп, оқиға не туралы, не мақсатта, түйіні неде деген сияқты детальдарды ғана ықшамдап алу.

Үшіншіден, "меніңше", "сөйткенге ұқсайды", "шамасы солай" т.б. деген тіркестерді қолданбау, бұл оқиғаның нақтылығынан гөрі дүдәмалдыққа апарады.

Төртіншіден, жан-жақты білім, жеткілікті машық керек.

Радиохабардың басты компоненті — жанды дауыс екені ақиқат. Ал, сол дауыстың иелері, адамдар мен журналист арасындағы байланыстың да өзіндік критерийлері бар. Екі жақ та бір-бірімен тіл табысып, оқиға жайлы әңгіме жақсы өрбіп кетсе құба-құп. Кейде сын материал дайындау кезінде объектінің қарсылығына тап болады. Ақпарат беруші адамның журналистпен байланысуы, яғни контакт жасауына немесе жасамауына бірнеше факторлар әсер етеді: сол саланы, әңгіме болатын тақырыпты білетін беделді адамды таба алу. Хабар барысында қатысатын адам жайлы хабарланып айтылды. Алайда, дәл микрофонды ұсынған сәтте бас тартуы мүмкін. Ондай кезде жағдайдың мән-жайын журналист тыңдармандарға түсіндіруі керек.

Кейде адамдар оқиға жайлы редакцияға өздері телефон соғып жатады. Ондай кезде ақпарат нақты ма, нақты емес пе, ол жайды журналистің өзі сараптағаны дұрыс.

Журналист сол оқиғаға қатысты немесе жауапты адамдарды іздегені жөн. Мысалы, басшы тұрғанда бағынышты адам ешқашан комментарий бермейді.

Адамдардың кәсіби деңгейлеріне қарау керек. Мысалы, нақты ғылым иелері математиктер, физиктер т.б. оқиға барысына қысқа, нұсқа тұжырым жасайды. Ал, гуманитарлық саланың иелері оқиғаны құбылтып, әсірелеп, көбірек сөйлеуі мүмкін. Сондықтан хабардың барысына орай сөйлеушіні нақтылау журналист еркінде.

Адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Мысалы, біреу сөзшең болса, енді бірі сөзге сараң болуы мумкін. Сондықтан күтіп, асықпай әрекет жасау керек.

Енді журналистің өзіне қатысты талаптарға келсек олар:

а) өз-өзіне сенімділік;

ә) ұстамдылық;

б) жылдам бағамдау;

в) жинақылық, ширақтық.

Міне, осындай жоғарыда аталып өткен міндет-талаптардан кейін журналист дайындап әкелген шикізатын студияда өңдеу процесін бастайды. Оған дейін хабардың сценарлық жобасы жасалады. Бұл - монтаждау процесі. Радиода монтаждың техникалық, электрондық және компьютерлік түрлері бар. Соңғы кездері технологияның дамуына байланысты монтаж тек қана компьютермен жасалады. Яғни сөздерді қысқарту, сұрақтарға орай жауаптарды орналастыру, интершу, музыка, ролик, джингл т.б. бейнелеуші элементтерді реттеу, хабардың ашылуы, жабылуы кездеріндегі процестер, үзілісті қадағалау сияқты көптеген мәселелер осы кезде жасалады. Монтаждың мүмкіндігі зор. Тәжірибелі, білікті операторлардың көмегімен жасалған хабарлар - шығармашылықтың алтын арқауы. Қажетті музыкамен көркемделіп, дайын болған хабарды шығарушы секторға апармас бұрын хабар жөніндегі деректерді - қай күні, қай уақытта, қай бағдарламада шығатынын, жауапты редактордың кім екенін жазу керек.

«Алтын қор» бөлімі. Дыбыстық деректік ақпараттарды қандай мемлекет болмасын сақтауға, өз еркінше пайдалануға қақылы. Ал, Қазақ радиосының әуе толқынынан өткен материалдар легі "Алтын қор" деп аталатын арнайы бөлімде сақталады. "Алтын қордың" алғашқы қарлығашы болып қабылданған жыр алыбы Жамбылдың кинодағы сөздері мен жырлары, күй алыбы Дина Нұрпейісованың күйлері, өз әндерін орындаған Кенен Әзірбаевтың әуезі бүгінде еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ұлттық мұраның ең құндысы болып отыр. Динаның көзін көріп, онымен бірге концерттерге шыққан әйгілі домбырашылар Қали Жантілеуов, Ғылман Айжанов, Рүстембек Омаров, Әбікен Хасенов шерткен тоқсан толғаулы күйлер, қазақтың әуезді әндерінің нәрімен сусындатқан әншілер - Манарбек Ержанов, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева және тағы басқа да әншілердің таспаға жазылған әндері Қазақ радиосының "Алтын қорының" негізін қалады. Үнмұра негізін тілге тиек еткенде әйгілі опера әншісі Манарбек Ержановтың қызы Гауһар Манарбекованың Мәскеуден бірегей тұлғалардың жанды дауыстарын әкеліп "Алтын қор" құрамына енгізген ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды. Бүгінде "Алтын қордағы" үнтаспа саны 10 мыңға жуық дана. Оны тарқатып қарастырсақ:

Ұзақ мерзімге сақталатын (КМС-Д), бес-он жылға арналған (КМС-ДВ) стереомен жазылған шығармалар;

Стереомен жазылған концерттік блоктар (БС);

Бес-он жылға арналған моно шығармалар (ДВ);

Ұзақ мерзімге арналған тарихи - құнды шығармалар (Д);

Деректі үндер, құнды дауыстар (ДОК);

Мәскеуден алынған құнды шығармалар (ДКС).

Үнмұра материалдары үш бағытта ұйымдастырылады:

Деректі хабарлар;

Музыкалық хабарлар;

Әдеби-драмалық шығармалар.

Музыкалық хабарлар қордың жетпіс пайызға жуығын қамтиды. Елдің нарықтық экономикаға көшуіне орай гонорар саясаты тоқтап, қаржы тапшылығы үнмұраға қабылданатын дүниелер санының күрт кемуіне алып келген болатын. Уақыт өте келе бұл мәселе де өз шешімін тауып, қор қатарын толықтыру бүгінгі күндері дұрыс жолға қойылып келеді.

Негізінен "Алтын қор" екі жолмен жиналады:

Қазақ радиосынан тыс (Қазақстанда немесе өзге елде) студияларда жазылған, яғни сырттан әкелінген таспалар;

Қазақ радиосындағы арнайы дыбыс жазу студиясында дайындалған дүниелер.

Көп жағдайда үнмұра қатары радио ішіндегі австриялық "Сименс" фирмасы жасаған арнайы дыбыс жазу студиясы мен жүз адамдық оркестрді жазуға арналған (республика бойынша жалғыз) студияларда жазылған таспалармен толығады. Бұл студияларда "Алтын қорға" қабылданатын дүниелер жазылмас бұрын Көркемдік кеңестің тексеруінен өтеді. Көркемдік кеңес құрамында әнші де, жазушы да, ақын немесе композиторлар да, радио қызметкерлері де болуы мүмкін.

Әлі аты әйгіленбеген жас таланттың шығармаларын не орындауларын үнмұраға қабылдау, қабылдамауды осы радио жанынан құрылған топ шешеді. Қабылдауға ұйғарылған хабардың немесе шығарманың арнайы көшірмесі алынып, оның айы, жылы, жасалған мекені дыбыстық жазбаға түсіріліп, "Алтын қорға" деген таңба басылып, сақтауға жіберіледі. Көркемдік кеңес көркемдік деңгейін тексерсе, техникалық бақылау бөлімі (ОТК) техникалық сапасын тексереді.

"Алтын қорды" пайданалу фонотека арқылы жүзеге асады. Фонотека екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқысында құнды хабарлар сақталса, келесісінде сол хабардың көшірмелері мен басқа да сақталу үшін іріктелген хабарлар жинақталады. Барлық хабар мен әндер картотекаға тізіліп, арнаулы тәртіппен жүйеленеді.

Картотека бұл - түрлі хабарлар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы. Эфирге беру кезінде әнді картотекадан авторы және орындаушысы арқылы іздейді. Картотекалар "Радиоинсценировка", "Радиокомпозиция", "Музыкалық хабарлар", "Әдеби жанрлар", "Деректілер", "Әншілер", "Хабар барысында берілетін музыкалар", "Шулар", "Авторлар", "Ба-лалар хабары", "Қазақтың ұлттық әндері", "Опералар тізбесі" сынды реттеледі.

Фонотекадағы, үнмұрадағы үнтаспалар магниттік ленталардан жасалғандықтан олардың бес жылда бір рет жаңартылып қойылуы керек. Дүниеге келгеніне елу жылдан асқан үнтаспа ленталары бүгінде айналдыруға келмейді, тіпті үгітіліп тұрған ленталар да бар екені белгілі. Шетелдерде "Алтын қор" тәрізді тарихи жазбалар жер астынан қазылып жасалынған орында арнайы ылғалдылық пен жылылық температурасында ұсталады, яғни құнды қорларды сақтау технологиясы өте жоғары деңгейге қойылған. Ал біздің үнтаспаларды тек дискілерге көшіріп алу арқылы ғана сақтап қалуға болатын. Сондықтан, үнтаспалар техникалық жарамдылығы отыз жылға жететін (СД) дискілерге көшірілуде. Алдағы күндерде Қазақ радиосындағы қор материалдарын алфавиттік немесе тақырыптық жағынан жүйелеп, дискілерге көшіріп, сол бойынша фонотеканы реттеп, компьютерге енгізу жоспарланып отыр.

Күнделікті эфирді қамтамасыз ететін жұмыс фонотекасындағы пленкалар тізіміне көз жүгіртсек, "Алтын қор" хабарларының Қазақ радиосының эфирінен тәуліктік жарық көру көлемі үш жүз қорап - таспа. Алайда үнмұра хабарлары қалаішілік нүктелерге ғана тарайтындықтан шалғайдағы, рухани құндылықтарға сусап отырған халыққа жете бермейді, сол себепті ұлттық мұраларды тыңдауға барлық қазақстандықтардың мүмкіндігі бар деп кесіп айту қиын. Мұны республикалық ауқымға тарату, бұл мәселенің шешімін табу алдағы күндердің еншісінде. Қазіргі күні "Алтын қор" хабарлары тәулігіне бірнеше рет әуе толқынынан беріледі.

Қазақ радиосы хабарлар рейтингісінің нәтижесі бойынша "Алтын қор" дүниелерінің тұрақты тыңдармандары - негізгі аудиториясы - отыз бен елу жас аралығындағы адамдар. Ал қарт кісілер мен жастар назары үнмұрадан тыс қалады. "Алтын қорды" тыңдайтын аудитория мәселесі, жаңа уақыт, жаңа заман өкілдері нені талап ететіні, "Алтын қор" хабарларына неліктен ден қоймайтындығы зерттеліп, ұлттық мұрадан нәр алатындар саны көбеюі қажет. Жер шарын жайлап келе жатқан жаһанданудан елді алып өтудің жолы - ұлттық ерекшеліктерді сақтау.

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының парасатты ойлары, тобықтай түйіндері, зерделі ілімдері, кең-байтақ даланың кеніндей ақыл-тағылымдары, салған жерден үйіріп ала кететін сұлу сөз иірімдері, өрелі өнерлері – бәрі-бәрі осы "Алтын қордың" дүниелері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келеді. Естігені Еуропаның даңғаза музыкасы мен атыс-шабыс киносы болған бүгінгі қазақ жастарын қалай, қандай жолмен ұлттық руханиятқа назар аударту, оны бағалату - өзекті мәселе.

Радиоаудитория тұрақты. Бірақ, тыңдаушылардың құрамы, олардың талап-тілектері әр түрлі. Қазіргі кезең тыңдармандарының сұраныстарын қанағаттандыру үшін, оны өткен жылдар өнегесімен сабақтастыру үшін жаңа заман радиожурналистеріне қойылар талап жоғары. Оның кейбір жолдарын қарастырсақ:

Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде уақыттан қалыспай, озық электронды технологияны игеріп отырған қазіргі буын өкілдері өткен ғасырдағы опера әншісінің немесе жыраудың әндерін, қайраткерлердің сөздерін ұзын-сонар тыңдап отыруды қажет етпейді. Сондықтан үнмұра таспаларындағы хабарлардан қысқа ғана, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деуге саятын, үзінділер алып күнделікті берілетін хабарлардың қажетті жерінде ролик түрінде немесе жарнаманың орнына қосып отыру керек. Сонда, "Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады" дегендей, жастар ойлылыққа, дұрыс сөз саптауға тәрбиелене бастайды.

Өмірден өткен атақты әншілердің орындауларын, сазгерлердің әуендерін, әдеби қайраткерлердің шығармаларын салыстырып, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ашатын, яғни кеше мен бүгінді үйлестіре отырып, халықтың ынтасын арттыратын хабарлар ұйымдастыру керек.

Ғылыми немесе танымдық маңызы бар кейбір дауыстарды орайы келгенде хабар арасында қысқа да нұсқа етіп беріп отыру керек. Бұл жастардың танымдық, білімдік, интеллектілік деңгейін кеңейтеді.

Үнмұра хабарларын жаңа заманға сәйкестендіріп, радионың да, тыңдарманның да уақытын тиімді пайдалана алатын, өзі мен тыңдарман (аудитория) арасын жақындата білетін алғыр да білгір журналистердің санын да, сапасын да арттыру қажет.

Осы мәселелер шешімін тапса - радио арқылы есімдері сағымға айналған асыл арыстармен, олардың құнды қолтаңбаларымен, тіпті тарихтың айшықты беттерімен, қазақ даласындағы зұлматты жылдармен, Отан соғысындағы қаһарлы түндер мен жеңісті күндермен, Кеңестік дәуірдегі жылдармен, тарихшыларымыз ұлт-азаттық күрес ретінде бағалаған әйгілі "Желтоқсан желімен", тәуелсіздігіміздің өршіл рухы бар Әнұранымызбен жалғасқан арайлы таңдармен, өнер киелерімен қайта қауыштыратын рухани кұндылықтың мәдени мәйегі, таусылмас тайқазаны -Үнмұраның маңызы ұрпақ алдында асқақ болмақ.