Министерство иностранных дел республики казахстан комитет международной информации дайджест материалов зарубежных сми

Вид материалаДокументы

Содержание


Газета «Русия днес» (Болгария), 17.04.2009-23.04.2009 года, Розалина ЕВДОКИМОВА, „КАЗАХСТАН И БОЛГАРИЯ АКТИВИЗИРУЮТ СОТРУДНИЧЕСТ
«DEOL» - Дебрецен қаласының интернет газеті (Венгрия), Адам ДОМБРОВСКИЙ, 21.04.2009 ж., ҚАЗАҚСТАН ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕРДЕ
Подобный материал:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

Газета «Русия днес» (Болгария), 17.04.2009-23.04.2009 года, Розалина ЕВДОКИМОВА, „КАЗАХСТАН И БОЛГАРИЯ АКТИВИЗИРУЮТ СОТРУДНИЧЕСТВО”


В Болгарию с визитом прибыла парламентская делегация Казахстана во главе с председателем группы по сотрудничеству с Болгарией Валиханом Конурбаевым. Вместе с ним прибыли его коллеги Ольга Киколенко и Олег Дымов, депутат болгарского происхождения и председатель Болгарского культурного центра. В ходе встреч с Вице-министром иностранных дел М.Керемедчиевым, Министром Э.Этем, Председателем Народного собрания Г.Пиринским и болгарскими депутатами обсуждались вопросы сотрудничества между двумя странами в области образования, туризма, бизнеса и инвестиций. Во время встречи с группой дружбы с Казахстаном Народного собрания (Парламента) РБ В.Конурбаев подчеркнул, что казахстанские депутаты приехали, чтобы дать двусторонним отношениям новый импульс. Что касается инвестиций в Болгарии, по словам председателя группы по сотрудничеству Парламента РБ Д.Дыбова, наиболее успешные инвестиции сделали известные казахстанские бизнесмены в Шуменском регионе. „Они приобрели самый крупный свинокомплекс в Северо-Восточной Болгарии, а также мясокомбинат, входящий в состав комплекса. В соседстве уже строится фабрика по производству подсолнечного масла. Кроме того, при моем содействии ведутся переговоры с Агентством иностранных инвестиций о другом крупном объекте – заводе по производству цемента”, отметил Д.Дыбов.

Во время встречи О.Дымов рассказал о казахстанской модели межэтнического и межрелигиозного согласия, отметив, что от Ассамблеи народа Казахстана 9 человек избраны в Парламент, один из них - он сам. „В 2008 г. болгарское население Казахстана организовало празднование 100-летия переселения первой волны болгар, которые прибыли в Казахстан из Бессарабии», - рассказал для газеты „Русия днес” О.Дымов. И до сегодняшнего дня они сохранили свой язык и культурные традиции. У меня есть идея построить в Астане Болгарский дом, где будут проводиться деловые и культурные встречи, будет распространяться информация о Болгарии и оказываться содействие приездам в Казахстан болгарских творческих коллективов в населенные места с компактным проживанием болгар”. Об активном участии женщин в общественно-политической жизни и в управлении рассказала депутат О.Киколенко, член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформы Мажилиса Парламента РК. И как представительница нежного пола она не пропустила поздравить присутствующих с наступлением весны (в Казахстане праздник называется Наурыз) и предстоящей Пасхой.


«DEOL» - Дебрецен қаласының интернет газеті (Венгрия), Адам ДОМБРОВСКИЙ, 21.04.2009 ж., ҚАЗАҚСТАН ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕРДЕ


Қазақстанмен, 2008 жылдың жазында Чемпиондар лигасының іріктеу турнирында, қалалық «DVSC-TEVA» футбол командасы Қарағандылық «Шахтермен» бір топқа түскенінен бері байланыс орнатылған еді. Осы аптада, Қазақстанның Венгриядағы Елшілігі қызметкері Дебреценде сапармен болып, байланыстарды нығайту мақсатында ынтымақтасуды ұсынды.

Келешектегі қатынастар, Қазақстанда көрмелер ұйымдастыру мен дебрецендік көркемөнер топтарын қабылдау мүмкіндіктерімен байланыстырылып, өз тарапынан Дебрецен қаласы мэрінің орынбасары Янош Халас (HALÁSZ János), қаламызда жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық гүлдер фестивалінде қазақстандық мәдени топтарды таныстырудың мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Қаламыздың футбол командасының Қарағанды қаласындағы ойыны барысында (қаламен танысуға уақытымыздың аздығына қарамастан), қазба байлықтарына бай Қазақстанның серпінді дамып келе жатқанын байқаған болатынбыз. Мысалы, Дебрецен футбол клубының президенті «Шахтердің» стадионы еуропалық стандарттарға сай екенін тамсана айта отырып «Дебреценде де осындай алаңның болғаны артық етпейтін еді»-деді.

Қазақстан аумағы жағынан әлемнің ең үлкен тоғызыншы елі болса да, көпшілік үшін ол әлі құпия, жұмбақ ел. Қазақстанда, ең кәсіпкой саяхатшылар алдында да ашылмаған мәңгі қар басқан шыңдар, аумақты шоқылар, терең өзендер, жайдақ дала мен көзжеткізсіз түз, және де адам қолы тимеген орманды жағрапиялық, тамаша жерлер бар.

Қазақстан Республикасының әлемде теңдесі жоқ, жағрапиялық-табиғи ерекшеліктері зор. Табиғи сұлулығын суреттеу мүмкін емес. Алатау, Тарбағатай және Алтай тауларының мұздықтарынан, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аймағындағы көкке шарпыған шыңдарындағы қарлардан, айналаға аппақ шуақ тарайды. Елдің батыс бөлігін, дүниенің ең үлкен теңізінен қалған тұзды қайраңы, Каспий теңізінің толқындары шаяды.

Қазақстанда, қазіргі туризмнің кез-келген түрімен: танымдық, қызықтырғыш, этникалық, экологиялық, емдік, балаларға арналған туризм, сондай-ақ спорттық, аңшылық, қызық оқиғалық және атты туризммен айналысуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, қазақтар мен мажарлар арасындғы туысқандық және тарихи байланыстар да тамырын тереңнен бастайды. Осыдан жеті жүзі қырық жыл бұрын, 1239 жылы қазақтардың ежелгі тайпасы саналатын батыс-қыпшақтар мажар шекарасынан өтіп, кейінгі онжылдықтарда Мажарстан халқының құрамына енді. Көтен хан басшылығындағы қырық мың қыпшақ шаңырағы моңғол шапқыншылығынан ығысып, IV-ші Бела мажар королінің қол астына кіреді. Олар кейін, мажар королдері атты әскерінің бетке ұстарлары болып, мажар мемлекетінің қалыптасуы мен сыртқы жаулармен күресуде айтулы күшке айналды. Венгрияда, Ұлы даланың осы жатжерліктерін кундар, деп атайды. Бірнеше ғасырлар бойы, қыпшақ-кундар өздерінің әдет-ғұрыптары мен тілдерін сақтап келді.

Осы күні олардың ұрпақтары мажар тілінде сөйлесіп, бірақ сахаралық шежірелерін бүгінге дейін сақтап келеді. Қазіргі таңда кун ұрпақтары, Венгрияда екі тарихи аймақта қоныстанған: Надькуншаг және Кишкуншаг.

Кишкундардың астанасы Кечкемет, ал надькундардікі Карцаг қаласы. Карцагта, ежелгі қазақ ұлтының түлегі Көтен ханға тұрғызылған Еуропадағы жалғыз ескерткіш орнатылған. Ал, қалалық мұражайда, кундардың Орталық Азиядан келгендері жөнінде айғақтар сақталған. Екі халықтың ежелгі рухани байланысының тағы бір айғағы, венгрлер қазақстанның торғай даласындағы мадярларды өздерінің тікелей туысқандары ретінде санауы.

Қазақстан мен Венгрия арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 наурызда орнатылды. Екі жақты қатынастар дәстүрлі достық негізде қалыптасып, бұл, байланыстардың шеңберін кеңейтуге септігін тигізіп отыр. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Венгрияда мемлекеттік сапармен болып, оның барысында ВР Президенті Ласло Шойоммен де кездесті. Бұл шараны ресми Будапешт, екі жақты байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде бағалады.

Осылайша алыстағы елмен осындай жақын байланыстарымыздың бар екенін көз жеткізгеннен кейін, Президент Н.Назарбаевтың әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты халыққа жолдаған жолдауы да бізге жақынырақ болар. Дағдарысқа қарсы ішкі саясаттағы пікірталастар барысында Қазақстан басшысының ғибратнамасына ерген жөн. Төменде, Жолдаудан көкейтесті үзінділер келтіре өтейін:

«Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо­микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды.

Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай­тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік­тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті.

Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды.

Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды.

Өткен жылмен салыстырғанда, кор­по­ративтік табыс салығы биылғы жыл­дың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестиция­ларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген.

Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды.

Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшылық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағытталған.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді.

Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды.

Бұл әлемдік дағдарыс салдарын ең­серу үшін қуатты ынталандыру екенімен келісерсіз.

Біз табанды да жедел әрекет етеміз, өйткені әлемдік дағдарыстың біздің экономикамыз бен қоғамымызға соққы күшін әлсірету үшін қашан және не істеу керектігін білеміз.

Бұған ел Үкіметі мен Парламентінің бірлескен жедел жұмысы жәрдемдесті.

Құрметті менің отандастарым, осы кезеңнің қыспағына бәріміз бірге қарсы тұруға тиіс екенімізді сіздер түсінсе екен деймін.

Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджетшілердің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелері толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндетті.

Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы та­ғы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады.

Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады.

Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі.

Өздеріңізге белгілі болғанындай, мемлекет оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау білдірді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөліп отыр».