Тохтиева Шахризат Аблахатовна реферат

Вид материалаРеферат

Содержание


1.1 Үнді классикалық биі даму тарихы
Одисси Орисса штатынан Катхакали
1.1.1 Бхаратанатьям үнді классикалық биі
1.1.2 Үнді классикалық биі: Катхакали
1.1.3 Үнді классикалық биі: Одисси
1.1.4 Үнді классикалық биі: Манипури
1.1.5 Үнді классикалық биі: Кучипуди
1.1.6 Үнді классикалық биі: Мохиниаттам
1.2 Катхак тарихы: Катхак үнді классикалық стиліндегі гхараналар (мектептер)
1.2.1 Джайпур гхарана
1.2.2 Лакхнау Гхарана
1.2.5 Негізгі эмоциялар және Хасталар (қол ишараттары)
Тарау 2. Катхак стилінің әйгілі бишілері
2.1 Раджендра Кумар Гангани
2.2 Прерна Шримали
2.3 Пандит Бирджу Махарадж
2.4 Сасвати Сен
Подобный материал:
1   2   3   4   5

Тарау 1. Үнді классикалық би стильдерінің айырмашылықтары

1.1 Үнді классикалық биі даму тарихы

Үнді билері Үндістан мәдениетінің ең жарқын элементтерінің бірі болып табылады. Үнді биін классикалық және халықтық деп бөлу қабылданған. Классикалық билер қимылдары біздің ғасырымыздың 100-300 жылдары арасындағы кезеңдегі "Натьяшастра"кітабындағы әр түрлі би, пантомима және драма түрлерін бірге жинақтап, қағидаластырған аты аңызға айналған Бхарат Муни тарапынан қағидаландырылды. "Натья-Шастреде" негізгі терминдердің түсіндірмелері берілген: «натья» - санскрит тілінде осы ұғымдардың ажырамастығын көрсете отырып, «би» және «драма» дегенді білдіреді. Бхарата толықтай тарихты баяндайтын пантомима би «нритье» туралы және онда билеуші ырғақ стихиясына толықтай берілетін бидің нағыз таза түрі «нритте» туралы айтады. «Бұл барлығын толық қамтыған трактат грим және костюмдердің ең ұсақ ерекшеліктеріне дейін қарастырады; онда қоюшыға егжей-тегжейлі нұсқаулар бар, драманың эстетикалық қағидалары баяндалған және әр түрлі сезімдерді жеткізуші актерлік ойын тәсілдері, ең күрделі тұрғылар, мойын, кеуде, көз қимылдары, әр түрлі жүрістер, актер киімінің түсі, оның әшекейлері және т.б. толық сипатталған. Біз ежелгі заманның ешбір құжатында «Натьяшастредағы» секілді драматургияның толық және егжей-тегжейлі талдауын таба алмаймыз. [1, 13]

Үнді биі терең рухани негізге ие, түп-тамыры мифологияға және дінге бойлайды. Ежелгі Үндістанда туындай отырып, заманауи сатысында ол төмендегі стильдердің әр түрлілігінен тұрады:

Бхаратанатьям Тамилнад штатынан

Катхак Уттар-Прадештен

Одисси Орисса штатынан

Катхакали Керал штатынан

Манипури Манипур штатынан

Кучипуди Андхра-Прадеш штатынан

Мохиниаттам Керал штатынан

Стильдердің әрбірі мимика және ишараттардың, би палары және эмоциялардың ерекше тілі болып табылады. Үнді классикалық биінің барлық нысандары елде бүгінгі таңда да кең таралған. Барлық классикалық билер бір-бірінен қимылдары және костюмдерімен көп ерекшеленеді.

1.1.1 Бхаратанатьям үнді классикалық биі

«Бха» буыны «бхава» — сезімдер, эмоциялар; «ра» — «рага» — әуен, «та» — «талам» — ырғақ өнері, «натьям» би дегенді білдіреді. Оның тақырыптық және музыкалық құрылымы сарай маңы танджавур музыканттары тарапынан құрылған.

Бастапқы қалпы тік кеуде, бүгілген тізелер және алшақ қойылған табандар – биге бір уақытта қатаң және нәзік симметриялылық береді, бұл көз және бет бұлшық еттерінің айқын, дәлелді ойынымен күшейеді.

Бхаратанатьямдағы барлық қимылдар қатаң түрде геометриялық траекториялар бойымен орындалады. Негізгі фигуралар – биге желілілік беретін созылған қолдар және аяқтармен теңдестірілген тұрғылар. Бишінің көздері, басы және қолдары шеңберлер, тік сызықтар және үшбұрыштар сызады. Ежелгі заманды бұл қимылдар сиқырлы әсер сипатына ие болатын.

Орындаудың асқан шеберлігі ән мазмұнының мүмкін реңктерін беруде болып табылады. Бұл стиль жалғыз және топтық орындау үшін де жарамды.

1.1.2 Үнді классикалық биі: Катхакали

Катхакали – әңгіме-өнер, пантомимолық би-драма. Ол бидің, драманың пантомиманың және аспаптық музыканың тамаша үйлесімі болып табылады, ол күрделі ишараттар тіліне, костюмдердің және гримнің бірегей көркемдігіне және қимылдардың асқан шеберлігіне ие. Пантомимо мен драманы үйлестірген бұл би өз бастауын ежелгі үнді эпостары Рамаяна және Махабхаратадан алады [2,16].

Дәстүр бойынша Катхакали орындаушылары тек қана ерлер бола алады, бұл көрініске жауынгерлік, асқан қатаңдық және таусылмайтын ерлер қуаты тән екендігіне байланысты. Спектакльде әйел рөлдерін әдетте әйел киімін киген жігіттер орындайды. Орындаушылар бала кездерінен бастап күрделі пантомимо және шартты ишараттар тілі өнерін үйренеді және тек қана музыкалық емес, сонымен қатар речитативтік аккомпонаментпен билейді.

Катхакали бишісі өз ишараттарының шешендігі және айқындығымен, аяқ және дене қимылдарымен, сондай-ақ мимикасымен көрерменді тек қана іс-қимыл атмосферасына енгізіп қана қоймай, сонымен қатар драма оқиғалары болып жатқан жерді жаңғыртуы қажет.

Катхакали костюмдері және грим ерекше салтанаттылық және айбындылық береді. Кейіпкерлер беттеріне бетперде түрінде жағылған және сызықтары және суреттерінің күрделі символикасымен ерекшеленетін гримдерінің түсінен танылады.

Катхакали – үнді эпосы сарыны бойынша жүзден астам әр түрлі пьесаларды қамтитын таңғажайып театр. Спектакль ымыртта ғажайып үнді ырғақтарын соғып тұрған дағыралардың сиқырлы әуендері шыға бастағанда күн батқан соң басталады және түні бойы жалғасады. Әрбір спектакльдің ғажайыптығы, көркемдігі және қайталанбастығы, сиқырға, керемет сюжеттерге, эмоцияларға толылығы, үнді атмосферасын сіңіргендігі соншалық түн байқаусыз өтеді. Катхакали көрінісі аяқталған соң өзіңді нағыз ертегіде болып келгендей сезінесің.

1.1.3 Үнді классикалық биі: Одисси

Одисси — әлемдегі ең ескі және күрделі үнді биі жүйелерінің бірі; екі мың жыл дерлік үздіксіз даму жолынан өтті. Одисси стилі Орисса штатында пайда болды.

Бұл өте әсем, нәзік, асқан қағидалы стиль. Оның негізгі қасиеті нәзіктігі болып табылады, ал стильдің эстетикасы поэзия және музыканың тығыз байланысына құрылады. Оны кейде үнді балеті деп атайды. Оның өзіне тән ерекшелігі болып тұрғылардың және би қимылдарының айқын мүсінділігі болып табылады.

Стиль екі негізгі тұрғыға құрылған: әйелдік бастауды білдіретін трибанги (дененің үшке бүгілуі), және еркектік бастауды білдіретін чоука (төрт бұрыш).

1.1.4 Үнді классикалық биі: Манипури

Үндістанның солтүстік шығысындағы Манипур штаты жұмақ секілді көркем белестерде, Ассам тауларында теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. Өзінің шетелдік ықпалдардан оқшау тұрғандығының арқасында Манипури биі алғашқы күйінде сақталған. Бұл бимен танысуға Рабиндранат Тагор жағдай жасады.

Раслила – манипури билерінің ішіндегі ең өзіндік түрі; ол Кришнаның жас қойшы қыздармен махаббат ойынына негізделген.

Бишінің қимылдары таң қалдырарлық әсемдігімен, нәзіктігімен және баяу ырғақты қимылдардың бір қалыптылығымен, орындаушылардың жеңіл адымдарымен ерекшеленеді; қысылған тізелермен дене қалпы сегіз санын еске түсіреді; қимылсыз бет келбеті – қиялдық-лирикалық, бұл Манипуридің Үндістанның басқа кез-келген классикалық биінен айырмашылығы болып табылады.

1.1.5 Үнді классикалық биі: Кучипуди

Кучипуди биінің отаны — Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадештегі Кучелапурам атты ауыл, мұнда классикалық би дәстүрлері ескі замандарға апарады, мұны Амаравати секілді храмдардағы бишілердің мүсіндік бейнелері айғақтайды.

Кучипудидің қайталанбас сиқыры үндіс эпосынан алынған сюжеттерімен драматикалық және классикалық бидің нәзік бірігуінде болып табылады, абстрактілі және бейнелі би бұл жерде айқын көзге көрінетін драматикалық элементпен үйлеседі. Ол XV ғасырда пайда болып, құдайларды мадақтайтын салттық шерулер кезінде орындалатын.

Кучипудидегі қимылдар дөңгеленген және шапшаң және бір қалыпты адымдарды секірулермен үйлестіреді. Олардың оның айналасында тұтас техника құралатын біртұтас орталық тұрғысы жоқ. Бүгілген және екі жаққа ашылған тізелермен жартылай отырыс тұрғысы ең көп қолданылады. 2 аяқтың бас башпайлары айқасып тұрған кезде алға жылжу - бұл Кучипудиге тән белгілі ырғақта орындалатын айқасқан аяқтармен орындалатын жүріс. Кучипуди өте жігерлі және «секіргіш» би түрі. Кучипуди шапшаң орындалады.

1.1.6 Үнді классикалық биі: Мохиниаттам

Мохини сөзінің әдеби мағынасы – еліктіргіш, азғырушы, жүректерді ұрлаушы қиялдан туған бикеш. Вишнудің Амрита (өлімсіздік нектары) перілердің қолына түспеуі үшін әсем Мохини келбетіне енгені жайлы көпшілікке белгілі әңгіме және Бхасмасура перісін жою эпизоды бар. Бұл әңгімелердің мәнмәтнінде Вайшнавтар осы би өнері түріне Мохиниаттам атауын берген болуы мүмкін.

Мохиниаттам – бұл храм биінің ерекше әдемі түрі. Ежелгі заманнан бері оның орындаушылары тек қана әйелдер болатын. Бидің толқын тәріздес, дөңгеленген қимылдары әсем, аса биязы. Девадаси (құдайдың қалыңдығы) би өнері мирасы ретінде Мохиниаттам - бұл дұға-би. Оның негізгі тақырыптары – бұл Құдайға деген сүйіспеншілік пен адалдық.

Осылайша үнді классикалық биінің алты стилін талқылау олардың туындау біртұтастығын да, ерекше белгілерін де көрсетті. Әр жеке стильдегі сюжеттің біртұтастығы өзінің көрсетілу ерекшелігіне ие. Әрине, үнді биі кәсіпқойлары бір стильді екіншісінен дереу ажырата алады. Үндістан өнерінде сақтала отырып, олар сонымен қатар классикалық биді пластика, ырғақ, драматикалық ойынның көп түрлілігімен байытады.


1.2 Катхак тарихы: Катхак үнді классикалық стиліндегі гхараналар (мектептер)

Катхак – Солтүстік және Солтүстік-Батыс Үндістан классикалық биінің бір түрі. Катках ежелгі әдебиет абыздары Катхактардың немесе қасиетті эпостар және өз әңгімесін айқын ишараттармен және бимен бірге жүргізген Пурандардан алынған әңгімелердің арқасында пайда болған.

"Катхак" сөзі Брахма Махапуранда “биші”, “актер”, “әнші” мағынасында қоданылады. Бұл сөзді сондай-ақ Махабхараттан және Натьяшастрадан табуға болады. Ежелгі пали тілінде "катхако" сөзі "түсіндіру" дегенді білдіреді. Непал тілінде "катхико" сөзі "түсіндіруші" немесе "ұстаз" дегенді білдіреді. Сондай-ақ термин “катха” сөзінен шыққан деген нұсқа да бар, бұл санскриттен аударғанда “сюжет” дегенді білдіерді. Хинди тілінде бұл сөз “сюжет”, “әңгіме” дегенді білдіреді. Катха кахе со катхак - "әңгіме айтушы, - катхак".

Ежелгі замандарда храмдарда туындаған Катхак Үндістанда мұсылмандар басқарған уақытта сарай маңы өнерінің ең кең таралған түрі болды. Би техникалық бөлігінде көбірек дами бастады, ырғақтар күрделіленді, пластикалық қозғалыстардың әр түрлілігі көбейді. Дағыраның артынан биші аяғымен күрделі ырғақтарды ұрады, ал бидің кульминациясы дағыра-табламен жарыс болып табылады.

Катхак техникасы бұрылыстардың көптігімен, қолдардың жұмсақ пластикалық қимылдарымен ерекшеленеді. Бұл стильде мудралар (қол ишараттары) басқа стильдерде айқын көрінетін түрлерін жеңіл ғана көрсете отырып, өте нәзік түрде орындалады.

Бұл стильде индуизм және мұсылман дәстүрлерінің өзара әсері көрінеді. Индуизм дінімен байланысы мағыналық толымында. Катхак хореографилық тақырыптарында табиғаттың, жануарлардың күйі жиі қолданылады, Вандана Катхакы үшін – Құдайды, оның іс-әрекетін сипаттау және Құдайға сенуге шақыру тән.

Мұсылмандық әсері — Иран, Ауғаныстан және Орталық Азия халықтарының костюмдерін еске салатын костюм. Би костюмі матамен қапталған сариге ұқсайтын басқа стильдерден айырмашылығы Катхактағы орындаушылар костюмдерде бұрылыстардың шапшаңдығын баса көрсететін ұзын күн тәрізді етек қолданылады.

Катках стиліндегі хореографиялық композициялар – бұл белгілі тарих негізінде сюжеттік желілерге ие көрініс. Негізгі сюжеттер үнді мифологиясы және Құдайлар өмірінен сахналар болып табылады.

1.2.1 Джайпур гхарана – Катхактың үш мектебінің бірі болып табылады. Бұл мектептің негізін әйгілі катхак бишілерінің ең ежелгісі, Шиваның табынушысы және Шива Тандава биінің шебері Бхануджи қалады, әкеден балаға мирас қала отырып, және ұзақ уақыт бойы дами отырып, мектеп өзіндік бишілерге ие бола отырып, қазіргі заманға әкелді, осы би мектебінің заманауи сатыдағы жарқын өкілдерінің бірі ретінде орындаушы Раджендра Кумар Гангани бөліп көрсетуге болады.

Джайпур гхаранада абстактілі ырғақтық элементтің анағұрлым айқын мазмұнға ие екендігіне баса назар аударылады және оған үлкен мән беріледі, бұл стильдегі Катхак тандаваға бағдарланған.

1.2.2 Лакхнау Гхарана.- Катхак биінің Лакхнау гхаранасы негізін Ханди Тешил Аллахабадада өмір сүрген Шри Ишуари Прасаджи қалады.

1.2.3 Бенарес Гхарана – бұл Катхактың джайпур стилінің Бенаресте кемеліне келген басқа бағыты. Бенарес Гхарана сондай-ақ Джанаки Прасад Гхарана атауымен де белгілі. Стиль әсемдігімен және дәлдігімен, сондай-ақ би тактілерін тек қана өз ырғақ құрылымдарына қарай қолдануымен ерекшеленеді.

1.2.4 Нритта, немесе таза би – драматикалық мазмұннан ада қимылдар мен кейіптерден тұратын абстрактілі би. Еркін және көңілді орындалады. Барлық мүмкін көңіл күйлерден бұл биде тек қана қуаныш бола алады. Қуанышты жеткізу – бұл бидің мағынасы.

Басқа үнді классикалық билеріне қарағанда Катхакта таза би техникасы бишілердің денесі мен аяқтарының өте табиғи қалпына негізделеді. Мысалы Катках орындаушысының негізгі қалпы –дененің жоғары бөлігі және аяқтар тік. Салыстыру үшін Бхарат Натьямда негізгі қалыптардың бірі – бұл араманди немесе алшақ қойылған тізелер мен ашылған қолдармен жартылай плие екендігін еске алайық. Одисси стилінде – бұл трибханги немесе үш мәрте бүгілу – бұл қалыпта биші мойнын бүгіп, белін иеді және тізелерін де бүгеді.

Нриттья – таза бидің және эмоцияларды ишараттар және көңіл-күй арқылы берудің үйлесімі. Нриттья – әр түрлі сезімдер мен көңіл-күйлердің бірігуі. Осы биді орындау кезінде өлең оқылады, ал ең бастысы – барлық мүмкін ишараттар қолданылады және саусақтардың күйі (хаста) мағыналық ауырлыққа ие.

Үнді мәдени дәстүрінде оларды Навараса деп аталатын тоғыз категорияға – тоғыз негізгі көңіл-күйге бөледі. Бұл:

Шрингара – махаббат,

Хасья - қуаныш,

Каруна – аяушылық білдіру,

Вира – ерлік,

Рудра – ашу,

Бхаянака – қорқыныш,

Бибхатса – жек көрушілік,

Адбхута – таңырқау

Шанта – тыныштық.

Әр биші осы эмоцияларды Бхава, яғни эмоциялардың бетте және дене қозғалыстарында сыртқы көрінімінде беруге тырысады.

Натья –драматикалық өнердің бір түрі, яғни бимен немесе онсыз көрініс. Жалпы алғанда бұл драматикалық өнер түрі. Биші әңгіме айтады немесе қандай болсын тақырыпты өрбітеді. Барлық үш аспекті бір-бірімен тығыз байланысты деп есептеледі және бір дәстүрден шыққан. Шындығында да, бидің көптеген элементтері классикалық мәтіндерді қатаң орындаудан туындамаған, ұрпақтан ұрпаққа театрлық қойылым дәстүрі арқылы берілген.

1.2.5 Негізгі эмоциялар және Хасталар (қол ишараттары)

Үнді биінде ишараттар тілі өз бастауын құрбандық салттардың символдық формуласы Яджур Ведадан алады. Алғашқыда ишараттар шартты түрде салт ретінде бола отырып, салтанат барысында рухани көтерілуді туындату үшін қажетті болған.

Үнді бишісі көптеген символдар мен сюжеттерді әрбір саусақ бүгуіне және қол қимылына сала отырып, дүниедегі өмірді бейнелейді. Қолдың әр саусағының белгілерімен таныса отырып, үндістер үшін ишараттарды және саусақтар конфигурациясын білу қаншалықты маңызды екендігін түсінесің. Тек қана осы білім арқылы қолдар басты мағынаға ие би пластикасын түсіну пайда болады.

Саусақтар 5 негізгі немесе басты элементті бейнелейді: бұл Ауа – Вайю, От – Агни, Жер – Присви немесе Дхуми, Эфир (кеңістік, аспан) – Акаш және Су – Джала. Үндістанда бұл 5 элементті бірге Панч Махабхут деп атайды. Осы элементтердің әрқайсысының өз сипаты, қасиеттері бар, олардың әрбірі белгілі бағытпен және нысанмен, түспен, дәммен, иіспен және үйдің бөлігімен байланыстырылады.

Хасталардың үш түрі бар:

1. Асамьюта Хастас – белгілі мағыналық ауырлыққа ие бір қол ишараттары.

2. Самьюта Хастас – белгілі мағынаға ие ек қол ишараттары.

3. Нритта Хастас – белгілі мағынасы жоқ сәндік ишараттар, таза би (техника) болып табылады.

Осылайша, үнді классикалық биінің егжей-тегжейлі талдауы әр жеке стильдің туындау тарихын және штатқа байланысты дамуының айрықша ерекшелігін, оның табиғи ерекшеліктері мен осы объективтік сипаттамаларға байланысты айрықша адам көріністерін көрсетті. Көріністердің кейбір айырмашылықтарына қарамастан олардың барлығы индуизм дініне негізделеді. Катхак стилі олардың ішінен екі: индуизм және мұсылман діни бағытын жинақтауы арқылы ерекшеленеді. Индуизм дінімен байланысы мағыналық толымында. Мұсылмандық әсері — Иран, Ауғаныстан және Орталық Азия халықтарының костюмдерін еске салатын костюм. Катхак стиілінің келесі айырмашылығы онда бір стильге біріге отырып, би көрінімінің тар, өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін үш мектептің болуы болып табылады.

Тарау 2. Катхак стилінің әйгілі бишілері

Үнді дәстүрі ұстазды адамдар арасында құрметтің жоғары сатысына қояды. Гуру, яғни ұстаз – біздің кез-келгеніміздің өміріміздегі ең маңызды адам. Ана - бұл ең алғашқы ұстаз. Бала өсе бастағанда өзі өмір сүріп жатқан әлемді танып білуді үйренеді. Ол мектепке барып, онда оны өмір сүруге және қоршаған ортаны түсінуге үйрететін адамды кездестіреді. Үнді биіне үйретуде ұстаз мағынасы салттық қатынасқа ие. Үнді биін үйрету ерекшелігі ұстазбен тығыз байланыс дегенді білдіреді, оның мұқият көзқарасымен күніне бірнеше сағат бойы қимылдар үйретіледі, ұстаз қимыл немесе қалыптың ақырғы нысанға жеткенін өзі анықтайды. Үнді классикалық биі – бұл көп еңбекті қажет етеді. Бір қимылды дәл орындауға қол жеткізу үшін айлар бойы табанды жаттығу қажет.

2.1 Раджендра Кумар Гангани

Раджендра Кумар Гангани – атақты Гуру, орындаушы және хореограф, бүгінгі күнге дейін Джайпур гхарана стилі орындау техникасында және қойылымдарында теңдессіз болып есептеледі. Оның техникасы қимылдардың күрделі нұсқаларымен және аяқтардың әр түрлі комбинациялары мен приуэттерді орындаудың асқан шапшаңдығымен ерекшеленеді.

Раджендра Гангани көрермендердің көзін өзіне гипноз секілді тартатын үлкен сүйкімділікке ие, көпшілік ду қол шапалақтаумен және оны Джайпур гхарана стилінде ең үздік деп мойындаумен аяқталатын оның гунгуру сылдырымен биіне таңырқай қарап, үнсіз қалады.

Раджендра Кумар Гангани қойылымдары әрқашан күрделі техникасымен, әдемі әр түрлі суреттерімен және авторлық жұмыс жаңалықтарымен өзгешеленетін.

2.2 Прерна Шримали – бүгінгі таңдағы Джайпур гхарана Катхак стилінің әйгілі бишілерінің бірі. Сиқырлы әсемдік, аяқтардың асқан шеберлігі, ерекше абхиная – бұлар Прераны-джи орындау стилін сипаттайтын бірнеше ерекшеліктер. Прерна Шримали қазіргі уақыттағы техникада да, лирикада да бірдей күшті, актер және ойшыл, асқан шебер және ақын қасиеттеріне ие, Катхактың сирек бишілеріне жатады. 1995 жылы Прерна Шримали ол жерде өзі биші ретінде қатысқан«Бір біріне қол жеткізу» «Reaching For Each Other» би-көркемөнер-ақындық спектаклін қойды.

2.3 Пандит Бирджу Махарадж Лакхнау гхарана стилінде аты аңызға айналған биші және гуру. Абхиная (мимика) орындауда ең үздік, қайталанбас және асқан дарынды деп танылған. Оның тілазар кішкентай Кришна (индуизм құдайы), өз ғашығын күтіп отырған бойжеткен, батыл және бекзат Рам (индуизм құдайы) секілді әр түрлі кейіпкерлерге айналу шеберлігі көрерменді болып жатқандардың шын екендігіне сенуге мәжбүр қылады. Аяқ техникасы арқылы ол заманауи тақырыпқа жаңа композициялар шығарады: мысалы: телефон, пойыз, аттар дыбысы, жігіт пен қыз арасындағы заманауи сұхбаттар және т.б.

Оның шығармашылығында мұсылмандық әсер өте көп білінеді, ол араб билерінен алған ишарттардан байқалады. Биде білезіктер қимылына, гхунгру үніне, биші бет әлпетінің кейпіне көбірек мән беріледі. Парсы әдебиетінің үлкен ықпалы нәтижесінде бидің барлық термонологиясы урду тіліне аударылған. Нәзіктік және кербездік бұл мектептің ерекшелігі болып есептеледі, бұл әсіресе Бирджу Махарадж биін айрықша қылады.

2.4 Сасвати Сен Лакнау гхарана Катхак стилінің атақты, дарынды бишісі болып табылады. Ол Бирджу Махараджаның ешкім жете алмайтын оқушыларының бірі ретінде қарастырыла бастады. Бүгінгі таңда ол Лакхнау-гхарананың ең әйгілі өкілдерінің бірі болып табылады. Оның орындауының ең күшті жағы көрермендер мен сыншылардың өте жоғары бағасына ие болған абхиная болып табылады. Сасвати Сен жеке композициялардың да, би драмаларының да хореографы болып табылады.

Осындай шебер орындаушылармен және әйгілі ұстаздармен ежелгі дәстүрлер қайта жаңғырып, оқушылар мен көрермендер үнді классикалық биінің көп ғасырлық өнерінің тәтті дәмін және ұлылылығын сезеді.


Қорытынды

Осылайша, үнді классикалық биі және нақты Катхак стилінің егжей-тегжейлі талдауын жүргізіп, бұл стильдің айтарлықтай ерекшеліктеріне қарамастан үнді классикалық биінің де, тұтас үнді мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады деген қорытындыға келдік. Катхак стилі тек қана осы мектеп және өзі өркендеп жатқан штаттың эстетикасын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар Ұлы Моғолдардың басқару дәуірінің тарихи куәлігі болып табылады.

Бұл үнді классикалық биінің онда индуизм және мұсылмандық дәстүрлері өзара ықпалдасқан тек стилі болып табылады.

Катхак биінің үстемдік етуші стилі – Нритта, ерекше белгісі аяқтардың жұмысы болып табылатын таза би. Орындаушылардың толарсағында басқа үнді би стиліне қарағанда көбірек қоңыраулар болады, биші аяғымен бірқатар ырғақтық суреттерді және түрлендірмелерді жасайды. Катхак стилі аса күрделі би ырғақтарының дамуына және бұл ырғақтардың аяқтар арқылы көрсетілуіне жағдай жасады. Көбінесе биші және музыкант әр түрлі ырғақтарды жеткізуде бәсекелесетін. Бұл шеберлік – стильдің негізге алынатын бөлігі.

Катхак дәстүрлік орындалуының құрылымы драматикалық кульминациямен аяқталатын баяу қарқынның шапшаңға ауысу прогрессиясына ие. Катхакка жылдам бұрылыстардың көп болуы, қолдардың нәзік қимылдары және аяқтарына көптеген қоңыраулары бар аяқ білезіктері гунгру байлаған биші әйелдің аяқтарының ырғақты өрнектерді тықылдатып шығарудың екпін түсірілген элементі тән. Катхак биінің әсемдігін қол бүгілулерінің үйлесімді және аяқтардың ырғақтық күйіне көзге көрінер мағына беретін дене иілімдерінің пластикалық кемелдігі құрайды. Қарқын түрлендірмелері, тамаша ырғақтардағы такт айналымдарының пермутациялары, шапшаң айналу қимылдары және кенет қимылсыз қалыпта қалу– бұл Катхактың техникалық жағы. Ағымдық қимылдар, әсемдік және бір қалыптылық эстетикалық сипаттамалар болып табылады. Басқа үнді классикалық билеріне қарағанда биші бүгілген тізелерін алға немесе екі жаққа қоймайды және денесін қатты имейді.

Орындау ерекшелігіне Катхакты би костюмі сариді еске салатын басқа стильдерден көрер көзге өзгеше етіп тұратын костюм де көмектеседі. Катхак костюмдерінде бұрылыстардың қарқындылығын баса көрсететін ұзын күн тәрізді етек қолданылады. Макияж әдетте көздерді айқын белгілей отырып, табиғи түрде жасалады.

Катхак стилінің негізгі ерекшелігі орындаушының жекелігін көрсетудің жоғары әлеуеті, өз бетінше импровизация жасау үшін үлкен мүмкіндіктер болып табылады.

Зерттеу барысында Катхак стилінің өзіне тән ерекшеліктеріне, оның басқа қалған үнді классикалық би стильдерінен ерекшелендіретін артықшылықтарына қатысты қорытындылар жасалды.

Олар төмендегідей:

- бишінің негізгі тұрғысы – аяқтары тік күйде табиғи;

- ырғақ – осы өнер іргетасы, стильдің екпіні аяқтардың жұмысында - таткар – бишінің табанымен, өкшесімен, аяқтарының ұшымен шығарылатын әр түрлі ырғақтық суреттер;

- импровизация – Катхак орындаушысы міндетті түрде композицияға бағынбайды, ол мұнда импровизация жеке «джугалбанди» нөмірі болатын музыкалық тақырыптың түсініктеме берушісі болып табылады.

- чаккар пируэттері – катхакта әр жаққа көптеген бұрылыстар және жартылай бұрылыстар бар, композицияларда ондаған пируэттерге дейін кездестіруге болады;

- буындардың декламациясы (бол) – орындаудан бұрын биші ырғақ суретін дауыстап айтады;

- қолдардың аса бірқалыпты қимылдары;

- тұтас әңгіме мимикалық би арқылы беріледі. Абхинаи өнерінің екпіні бишінің бір тақырыпты эмоциялардың шексіз нюанстарымен әр түрлі құралдарымен бейнелеуі;

- катхакта мұсылман және индуизм мәдениеттері жеңіл үйлескен.

Осы зерттеу, болжам бойынша, Катхак үнді биі классикалық стилін зерттеуде анағұрлым терең, байыпты тәсілдерді қолдануға жағдай жасайды.