Б. К. Косаяков к и. н., доцент кафедры философии и культурологии

Вид материалаДокументы

Содержание


Жауапты редактор
Рекомендовано к изданию методическим советом факультета истории и права ПГУ им. С. Торайгырова
Отв. редактор
Академик Қ. И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері
Основные даты жизни и деятельности академика К. И. Сатпаева
Тарих және археология
Историко-археологические данные о Джезказганском районе
Доисторические памятники в Джезказганском районе
Годы Великой Отечественной войны и послевоенный период борьбы за мир
Литература и фольклор
Жарың биік, Обаған, суың тәтті
Орайлас ойлар
Наука и культура
Интеллигенцияның игілікті борышы
М.О. Әуезовтің мәңгі есте қалдыру туралы
Совет ғылымының тамаша мерекесі
Көркейген қазақ халқының ғылымы мен мәдениеті
Совет өкіметінің 30 жылында Қазақстандағы ғылым жетістіктері
Том қаласында ұлттар кеші
Статьи и труды о К. И. Сатпаеве
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті


Тарих, археология және этнология кафедрасы


СӘТБАЕВТАНУ


Оқу-әдістемелік құралы

(хрестоматия)


Павлодар

Кереку

2009

УДК 94 (574)

ББК 72(5каз)я7

С 23


С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің тарих және кұқық факультеті әдістемелік кенесінің отырысында басуға ұсынылды


Пікірсарапшы:

Б.Қ. Қосаяқов – т.ғ.к., философия және мәдениеттану

кафедрасының доценті.


Жауапты редактор:

Қ.Ж. Нұрбаев – т.ғ.д., тарих, археология және

этнология кафедрасының профессорі.


Құрастырушылар: Қ.Ә. Мәлғаждаров, Ә.Ә .Сәбданбекова


С23 Сәтбаевтану=Сатпаеведение : хрестоматия. – Павлодар : Кереку, 2009. – 305 б.


Аталмыш оқу-әдістемелік құрал оқу хрестоматия түрінде құралған. Мұнда академик Қ.И. Сәтбаевтің тарих, археология, мәдениеттану филология салаларынан негізгі еңбектері, сонымен қатар атақты ғалым жайлы кейбір құжаттар, материалдар және мақалалар жинақталған.

Бұл кітап тарих, археология, мәдениеттану және филология мамандықтарының студенттеріне және де осы тақырыпқа қызыгушылық білдіруші барлық көпшілік оқырман қауымға арналған.


УДК 94 (574)

ББК 72(5каз)я7


© Қ.Ә. Мәлғаждаров, Ә.Ә. Сәбданбекова, 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

УДК 94 (574)

ББК 72(5каз)я7

С 21


Рекомендовано к изданию методическим советом факультета истории и права ПГУ им. С. Торайгырова


Рецензент:

Б.К. Косаяков – к.и.н., доцент кафедры философии

и культурологии.


Отв. редактор:

К.Ж. Нурбаев – д.и.н., профессор кафедры истории, археологии

и этнологии.


Составители: Малгаждаров К.А., Сабданбекова А.А.


С 21 Сәтбаевтану=Сатпаеведение : хрестоматия. – Павлодар: Кереку, 2009. – 305 с.


Настоящее учебно-методическое пособие составлено в виде учебной хрестоматии. Здесь собраны основные труды академика К.И. Сатпаева по истории, археологии, культурологии и филологии, а также некоторые документы, материалы и статьи о выдающемся ученом.

Издание рекомендуется для студентов историков, археологов, культурологов и филологов, а также всем интересующимся данной тематикой.


УДК 94(574)

ББК 72(5каз)я7


© К.А. Малгаждаров, А.А. Сабданбекова, 2009

© ПГУ им. С. Торайгырова, 2009


Кіріспе


Біздің елімізде осы корнекті ғалымның, алғашқы академиктің, Қазақстанның Ғылым академиясының негізін қалаушысының және бірінші Президентінің, үлкен ойшылдың және ірі мемлекет қайраткерінің есімі шынайы даңқ пен халықтың зор құрметіне бөленген. Қ.И. Сәтбаевтің ғылыми және қоғамдық ойы қай салаға бет қойса да, ол барлық жерде озық идеяларды таратты, таланты мен күш-жігері қуатты серпін туғызып, рухтандыра және ұйымдастыра білді.

Қ.И. Сәтбаевтің жүрегінен үлкен орын алған мәселе Қазақстан ғылымы, оның дамып гүлденуі болды. Ол ғылымға кең өріс бере отырып, Қазақстан байлығын игеруді, оны экономикасы дамыған алдынғы қатарлы, озық елге айналдыруды ойлады, армандады. Сөйтіп бұл еңбектерден халқын сүйген, елін қастерлеген, әспеттеген, патриот ғалымның соққан жүрегінің дүрсілін айқын сезінеміз.

Қ.И. Сәтбаевтің өмір жолы оңай болған жоқ. Ол өмірдің неше түрлі тепешін де, қудалауын да, қорлауын да көрді, лайықты бағасын ала алмады. Сондықтан біз ұрпақ ғибрат алатындай іс тындыру үшін алдымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің шығармаларың, сөйлеген сөздерің толық жинақ етіп шығаруға ерекше назар аударуымыз керек. Жас ұрпақ оны жақсы білуі керек.

Осы баспаға ұсынып отырған біздің «Сәтбаевтану» оқу-әдістемелік құралы жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешуде өз үлесің қосады деп үміттенеміз. Аталмыш оқу-әдістемелік құралы хрестоматия түрінде құрастырылған. Еңбекте белгілі академик Қ.И. Сәтбаевтің ғылыми мақалалары және Қ.И. Сәтбаев туралы жазылған мақалар мен естеліктер, сонымен атар құжаттар мен материалдардан жинастырылып, бір жүйеге келтірілген. «Сәтбаевтану» оқу-әдістемелік құралы (хрестоматия) ғалымның еңбектері негізінен 5 (бес) секция бағыты бойынша берілген. Бірінші секция - тарих және археология, екінші секция - әдебиет және фольклор, үшінші секция - ғылым және мәдениет. Төртінші секция - Қ. И. Сәтбаев жайлы мақалалар мен еңбектер, бесінші секция - құжаттар мен материалдар деп аталған.

Оқу-әдістемелік құралы қазақ және орыс тілінде құрастырылғандықтан тиімді болмақ.

Бұл «Сәтбаевтану» оқу-әдістемелік құралынан тарих, филология факультетінің студенттері өздеріне қажетті құжаттар мен маңызды материалдар ала алады.


Введение


В нашей стране имя этого выдающегося ученого, первого академика, основателя и первого Президента Академии наук Казахстана, большого мыслителя и крупного государственного деятеля заслуженно окружено ореолом подлинной славы и огромного народного признания. К какой бы сфере ни обращалась научная и общественная мысль К.И. Сатпаева, повсюду он распространял передовые идеи, вносил мощный импульс таланта и энергии, одухотворенности и организованности.

К.И. Сатпаев был человек огромной научной страсти. Его самоотверженная борьба за науку в Казахстане была одним из ярких проявлений незаурядной, целеустремленной личности.

Только теперь спустя десятилетия появилась возможность с достаточной полнотой исследовать и всесторонне оценить все созданное им. Труды как и деятельность К. И. Сатпаева составили эпоху в науке республике.

Жизненный путь Каныша Имантаевича Сатпаева как мы знаем был нелегким. Талантливых всегда преследуют, мудрому всегда не верят. Веяние перипетии были в его жизни, преследования, унижения, его достоинства не были оценены в полной мере. Для назидания потомкам мы должны прежде всего обратить внимание на его творчество: его сочинения, высказывания. Молодое поколение должно знать о таком человеке как можно больше.

Предлагаемое вашему вниманию учебно-методическое пособие «Сатпаеведение» надеемся, что принесет пользу нынешнему поколению. Данное учебно-методическое пособие составлено в виде учебной хрестоматии. Здесь собраны основные труды академика К.И. Сатпаева по истории, археологии, культурологии и филологии, а также некоторые документы, материалы и статьи о выдающемся ученом. Настоящее учебно-методическое пособие «Сатпаеведение» состоит из пяти секций: первая секция – история и археология, вторая – литература и фольклор, третья – наука и культура, четвертая - статьи и труды о К. И. Сатпаеве, пятая - документы и материалы.

Хрестоматия составлена на казахском и русском языках, что представляет собой удобное и полезное пособие.

В этом учебно-методическом пособии студенты историки, археологи, культурологи и филологи смогут найти для себя необходимые сведения и материалы о К. И. Сатпаеве.


Академик Қ. И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері


Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде (31 наурызда) Семей губерниясының (Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Баянауыл ауданы) Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында туды. 1964 жылы 31 қаңтар күні Мәскеу қаласында қайтыс болды. Алматы қаласында жерлеңді.

1909-1911 жж. Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысының 4-ші ауылындағы орыс-қазақ мектебінде оқыды.

1911-1914 жж. Павлодардағы орыс-қазақ училищесінде оқыды. 1914 жылы бітіріп шықты.

1914-1918 жж. Семей қаласындағы мүғалімдік семинарияда оқыды. 1918 жылы бітіріп шықты.

1918-1919 жж. Семей қаласыңдағы қазақ мұғалімдеріне арналған екі жылдық педагогикалық курстардың табиғаттану пәні бойынша оқытушысы.

1919-1920 жж. Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысының 4-ші ауылындағы мектептің мүғалімі.

1920-1921 жж. Павлодардағы Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскенің халық соты.

1921-1926 жж. Томск технологиялық институты тау-кен факультетінің студенті.

1926 ж. Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп, тау-кен инженер-геолог мамандығын алды.

1926-1929 жж. КСРО Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесі (ВСНХ) жанындағы "Атбасцветмет" тресінің геология бөлімінің жетекшісі (Мәскеу).

1929-1940 жж. Қарсақбай комбинаты геологиялық-барлау бөлімінің бас геологы және бастығы дәрежесіңде Жезқазған мыс кен орнының барлауын басқарды (Қарағанды облысы, Қарсақбай поселкесі).

1934 ж., қараша — Үлкен Жезқазған мен Үлкен Алтай мәселелеріне арналған КСРО ҒА (Мәскеу) сессия жұмысына қатысып "Жезқазған мыс кенді аймақтың геология және металлогениясының негізгі ерекшеліктері" деген баяңдамамен шығып сөйледі. Сол сессияның әр түрлі секцияларында Жезқазған-Үлытау аймағы жер койнауының байлықтары (алтын, көмір, темір, марганец және т. б.) туралы баяндамалармен шығып сөйледі.

1934 ж., желтоқсан — Жезқазғандағы геологиялық барлауды дамыту және Үлкен Жезқазған комбинатының құрылысын салу мәселелері бойынша КСРО БХШК (ВСНХ) төрағасы Серго Орджоникидзенің қабылдауында болды.

1934-1946 жж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы (1938 жылға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы) Ғылыми кеңесінің мүшесі.

1936 ж. Үлкен Жезқазған мыс балқыту комбинатын салатын жерді белгілеу жөніндегі Үкімет комиссиясының мүшесі.

1936-1939 жж. Қарағанды облыстық еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің мүшесі.

1937 ж. Халықаралық XVII геологиялық конгрестің жұмысына қатынасты (Мәскеу).

-ҚазКСР Конституциясы жобасын талқылауға арналған X Бүкілқазақтық Төтенше Кеңестер съезінің делегаты.

-Қазақ тау-кен металлургия институтының геологиялық барлау факультетінің Мемлекеттік емтихан комиссиясының терағасы (қазақстандық инженер-геологтардың алғашқы түлектері).

1940 ж. Жезқазған-Үлытау аймағының жер қойнауындағы байлықтарды ашқан еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды.

Қазақстан Үкіметі мен КСРО ҒА-ның ұйғарымымен Алматы қаласындағы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының жаңадан құрылған Геологиялық ғылымдар институтының Директоры болып тағайындалды.

1941-1964 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы (1946 жылға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы) геологиялық ғылымдар институтының директоры.

Қазақ КСР Ғылым академиясы Геологиялық ғалымдар институтының Ғылыми кеңесінің төрағасы.

1941-1942 жж. КСРО ҒА Қазақ филиалының Президиум төрагасының орынбасары.

1941-1951 жж. ҚазКСР Мемлекеттік Жобалау комитеті жанындағы Ғылыми-техникалық кеңесі төрағасының орынбасары және ауыр өнеркәсіп бойынша тұрақты комиссияның төрағасы.

1942-1946 жж. КСРО ҒА Қазақ филиалының Президиум төрағасы.

1942-1945 жж. Еліміздің қорғаныс қажетіне Орал, Батыс Сібір және Қазақстан ресурстарын жұмылдыру үшін ұйымдастырылған КСРО Ғылым академиясы комиссиясының мүшесі.

1942 ж. Геология-минералогия ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі берілді.

"Қазақ КСР-індегі Жезқазған аймағының кен орындары" атты ғылыми еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Орал қорғаныс зауыттарын стратегиялық шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ететін марганец руднигін тез арада іске қосу үшін Жезді кен орнының рудасындағы марганец қорын есептеу жүмысы жүзеге асырылды.

Қарағанды маңында қара металлургия зауытын салатын жерді белгілеу жөніндегі Үкімет комиссиясының мүшесі.

1942-1964 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Геология істері комитетінің қазба байлықтар қорлары жөніндегі Орталық комиссиясының мүшесі.

1943 ж. КСРО Ғылым академиясының корреспоңдент мүшесі болып сайланды.

1943-1951, 1955-1964 жж. "Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабаршысы" (1946 жылға дейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Хабаршысы) журналының жауапты редакторы, редакциялық алқасының төрағасы.

1944 ж. Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының қатарына кірді.

-Үлы Отан соғысы кезінде халық шаруашылығына және майданға көмектесу мақсатыңда ғылымды ұйымдастырғаны және ғалымдарды жұмылдырғаны үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

-Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді.

1945 ж. Ғылым мен техниканы дамытудағы үздік еңбегі үшін және КСРО Ғылым академиясының 220 жылдығына байланысты Ленин орденімен марапатталды.

Соғыс жылдарында ресурстарды іске қосқаны үшін екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

-"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

1946 ж. 1946 жылы 1 маусымда ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды.

-КСРО Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

1946-1951,1955-1964 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының презңденті.

1946-1954, 1958-1964 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

1946-1964 жж. КСРО Жоғары және орта арнаулы білім министрілігі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының мүшесі.

1947 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үкімет делегациясы құрамында Англияға іссапарға жіберілді.

-Қазақ КСР Ғылым академиясы мен КСРО-ның түсті металлургия министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Өскемен қаласында өткен Үлкен Алтайдың еңдіргіш күштерін зертгеу мен игеруге арналған көшпелі сессиясын басқарды және осы сессияда "Үлкен Алтайдың табиғи байлықтары және олардың КСРО халық шаруашылығындағы маңызы" атты баяндама жасады.

-Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніндегі Бүкілодақтық қоғам құруды ұйымдастыру комитетінің мүшесі (Мәскеу).

1947-1956 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жаныңдағы ғылым жөне енертапқыштық саласыңдағы КСРО Мемлекегтік сыйлығы жөніндегі комитеттің Президиум мүшесі.

1947-1959 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

-КСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Техникалық кеңесінің мүшесі.

1948-1964 жж. Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніңдегі республикалық қоғам Президиумының төрағасы (Алматы).

1949 ж. Қазақстан Компартиясы IV съезінің делегаты болып қатысып, онда "Қазақстан ғылымы Қазақстан Компартиясының III және IV съездері аралығында" деген тақырыпта сөз сөйледі.

-Батыс Қазақстанның ондіргіш күштерін зерттеу мен игеру проблемаларына арналған Гурьевте өткен ҚазКСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясын басқарды.

-Орталық Қазақстанның ондіргіш күштерін зерттеу мен игеру проблемаларына арналған Қарағандыда өткен ҚазКСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясын басқарып, оңда "Орталық Қазақстан — КСРО түсті металл өнеркәсібінің маңызды шикізат базасы" атты баяңдама жасады.

-1949-1951, 1956-1964 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі.

1950 ж. "Геология" мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

1951 ж. Тәжік КСР Ғылым академиясының кұрметті мүшесі болып сайланды.

1951., 23 қарашада — баспасөздегі "ҚазКСР Ғылым академиясыңдағы буржуазиялық ұлтшылдарды қолдағаны үшін" деген ушықтау ғайбат сөздерден кейін ҚКП (б) ОК-нің жабық бюросында академия президенті және ҚазКСР Ғылым академиясы президиум мүшесі қызметтерінен босатылды.

1951-1964 жж. КСРО Ғылым академиясының Біріккен Оңтүстік-Шығыс экспедициясы (кешенді Каспий маңы экспедициясы) Ғылыми кеңесінің мүшесі.

-Қазақстандағы бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі.

-Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары. "Геология сериясы" журналының бас редакторы.

1952-1958 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтындағы "Орталық Қазақстан пайдалы қазба байлықтарының металлогениялық болжамдық карталары" проблемасының жетекшісі.

1953-1964 жж. КСРО Ғылым академиясы геология-география ғылымдары Белімшесінің сараптық комиссиясының мүшесі.

1954 ж. Өскемеңде өткен Кенді Алтайдың геологиясы мен металлогениясының проблемаларына арналған КСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен ҚазКСР Ғылым академиясының Біріккен көшпелі сессиясын басқарды және "Кеңді Алтайдың геологиясы мен металлогениясының жағдайы мен зерттеуінің пісіп-жетілген мөселелері туралы" деген тақырыпта баяндама жасады.

1955 ж., 28 шіддеде — ақталып ҚазКСР Ғылым академиясының Президенті қызметіне қайтадан келді.

1955 ж. Орталық және Оңтүстік Қазақстан бойынша КСРО геологиялық картасының редакция алқасы бас редакторының орынбасары.

-Алматы қаласыңда сейсмология мәселелеріне арналған КСРО Ғылым академиясы мен Қаз КСР Ғылым академиясының бірлесіп өткізген сессиясында "Солтүстік Тянь-Шанның сейсмологиялық негізгі мәселелері" атты баяндама жасады.

-Фрунзеде КСРО Ғылым академиясы мен Қырғыз КСР ғылым академиясы бірлесіп өткізген сессияда "Қазақстан мен Орта Азияның полиметал металлогениясының кейбір негізгі мәселелері туралы" атты хабарлама жасады.

-Бейбітшілікті жақтаушылардың бесінші Бүкілодақтық сессиясының делегаты, онда "Соғыстан кейінгі 10 жылдағы Қазақстан экономикасының және мәдениетінің жетістіктері" Деген тақырыпта сөз сөйледі (Мәскеу).

1956 ж. КОКП (Кеңестер одағының коммунистік партиясы) XX съезінің делегаты.

-Қазақстан Коммунистік партиясының VIII съезіне делегат болып қатысып, "Қазақстандағы ғылымның қорытындысы және міндеттері" деген тақырыпта баяндама жасады.

1956-1964 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Ғылым мен техника саласында берілетін Лениндік сыйлық комитетінің президиум мүшесі.

-"Советская геология" журналы редакциялық алқасының мүшесі.

1957 ж. ҚазКСР Ғылым академиясының күш-мүмкіңдігінтың және тыңайған жерлерді игеруге жүмылдырғаны үшін Ленин орденімен марапатталды.

-Соколов-Сарыбай темір рудасы кен орнын игеру проблемаларына арналған Қостанайда өткен салалық көшпелі сессияны басқарды.

1957-1964 жж. КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті жаныңдағы түсті металдарды өндіруін дамытуды жоспарлау проблемасын шешу жөніндегі комиссияның мүшесі.

-Кеңестер Одағы геологтарының Ұлттық комитеті бюросы төрағасының орынбасары.

-Дүние жүзінің металлогениялық картасы жөніндегі Кеңес комиссиясының мүшесі (Мәскеу).

1958 ж. Орталық Қазақстанның кешенді металлогения және болжамдық карталарын түзу тәсілдерін өндеп, оларды жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілді.

-Орталық Қазақстанның металлогения және болжамдық карталарына арналған бірінші Бүкілодақтық кеңес жұмысын басқарды, онда "Орталық Қазақстанның кешенді металлогениялық болжамдық карталары", "Орталық Қазақстанның жер қойнауында эндогендік мыс кеңдері пайда болуының металлогениялық ерекшеліктері және зандылықтары" деген тақырыптарда баяндама жасады (Алматы).

-Қарағандыда өткен Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту проблемаларына арналған ҚазКСР Ғылым академиясы, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесі, ҚазКСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Бірлескен көшпелі сессиясын басқарып, онда "Орталық Қазақстанның минералдық қорлары" деген тақырыпта баяңдама жасады.

1958-1964 жж. КСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің сараптау-геологиялық кеңесінің мүшесі.

1959 ж. КОКП XXI съезінің делегаты, осы съезде Қазақстанның минералдық қорлары, Ертіс-Қарағанды каналы мен Жезқазған — Арал теңізі темір жолы құрылысын тездетіп қолға алудың қажеттілігі туралы баяндама жасады.

-КОКП XXI съезі резолюциясының жобасын дайыидау жөніндегі Комиссиясының мүшесі.

1960 ж. Қазақстан Компартиясы X съезінің делегаты, онда "Қазақстанда ғылымның дамуы және міндеті" деген тақырыпта сөз сөйледі.

1960-1964 жж. КСРО Ғылым академиясы Президиумының мүшесі.

1961 ж. КОКП XXII съезінің делегаты.

-Қазақстан Компартиясы XI съезінің делегаты.

-Кремльде өткен ғылым қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесінің жұмысына қатынасып, онда Қазақстанда ғылымның дамуы туралы сөз сөйледі.

-Жезқазғанда өткен Жезқазған өнеркәсіптік аймағының өндіргіш күшерін дамыту проблемаларына арналған ҚазКСР Ғылым академиясы, ҚазКСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі, Қарағанды халык шаруашылығы кеңесі, Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты өткізген көшпелі сессиясының жұмысын басқарды және Жезқазған-Үлытау аймағының минералдық қорлары", "Үлкен Жезқазғанның геологиясын дамытудағы мәселелер",

Жезқазған-Үлытау аймағының геологиясы мен металлогениясының негізгі элементтері" деген тақырыптарда баяндамалар жасады.

1961-1964 жж. "Қазақстан территориясында пайдалы қазбалардың орналасу зандылықтары" проблемасы жөніндегі Қазақ КСР Ғылым академиясы ғылыми кеңесінің төрағасы.

-КСРО Ғылым академиясының геология-география ғылымдары Бөлімшесінің бюро мүшесі.

-КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылымды перспективті дамыту жөніндегі Мемлекеттік экономикалық кеңесінің комиссия мүшесі.

-Қазақ КСР Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтындағы "Успен тектоникалық аймағының геологиясы мен металлогениясы" кешенді проблемасы тақырыбының жетекшісі.

1962 ж. Алматыда ұйымдастырылған геохронология бойынша XI Бүкілодақтық сессияның жетекшісі. "Геологиялық және рудалық формациялардың жас мөлшерін анықтаудың маңызды объективті әдісі" деген тақырыпта баяндама жасады.

1962-1964 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Одақ Кеңесі төрағасының орынбасары.

-КСРО Ғылым академиясының геология-география ғылымдары Бөлімшесі жанындағы ең керекті металды және металды емес пайдалы қазбалардың пайда болу және орналасу теориясы Ғылыми кеңесінің мүшесі.

-Қазақ КСР Ғылым академиясының "Қазақстаннын металлогения" проблемасы жөніндегі комиссияның төрағасы.

1963 ж. Елімізде геология ғылымын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін, Қазақстанда пайдалы қазбаларды ашқаны және зерттегені үшін Ленин орденімен марапатталды.

-Республикалық химия өнеркәсібі жұмысшылары кеңесіне қатынасып, онда "Қазақстандағы химия өнеркәсібінің шикізат қорлары, республикадағы химия ғылымдарының жағдайы мен мәселелері" деген тақырыпта баяндама жасады.

-КОКП Орталық Комитеті химия өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған пленумның жұмысына қатынасты.

-КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру жөніңдегі Мемлекеттік комитеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі.