ҚР Қм ск-нің мәжілісіне баяндамасы
Вид материала | Документы |
- Өндіріс статистикасының дәріс материалдары, 1713.19kb.
- Б. К. Косаяков к и. н., доцент кафедры философии и культурологии, 4867.21kb.
- Дк сыртқы құрылғылары, 199.81kb.
Алматы облысы бойынша салық департаменті бастығының
2008 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша
ҚР ҚМ СК-нің мәжілісіне баяндамасы
Құрметті Дәулет Еділұлы!
Құрметті әріптестер!
Тақырып: ” Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да төлемдер бойынша түсімдердің жоспарының орындалуы туралы”
Біздің жұмысымыздың нәтижесі қазір әлемдегі орын алған жағдайларға тікелей тәуелді екендігін ескерсек, бекітілген Жоспарды орындаудың оңайға түспегендігін мойындауымыз керек.
Осы жылдың 9 айында ҚР ҚМ Салық комитетінің құзіретіне кіретін салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке 46 407 млн.теңге түсім түсті, жоспар 101,2 пайызға орындалып, 536 млн.теңге жоспардан артық түсті.
Республикалық бюджет бойынша 18 639 млн.теңге түсті, жоспар 99,4 пайызға орындалды.
Жергілікті бюджет бойынша 27 768 млн.теңге түсті, жоспар 102,4 пайызға орындалды.
Экономикадағы жағдайлардың әсерінен 2007 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығының негізгі төлеушілері болып табылатын 20 ірі кәсіпорын жылдық жиынтық табысын 1 523,0 млн.теңгеге кемітіп декларациялар тапсырса, 84 салық төлеуші осы жылдың ішінде аванстық төлем сомаларын 1 433,0 млн.теңгеге кемітілген қосымша есеп-қисабын табыс етіп, корпоративтік табыс салығы бойынша түсім 2 956,0 млн.теңгеге азайды.
Нәтижесінде, корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 94,3 пайызға орындалып, 461,8 млн.теңгеге аз түсті.
Соған қарамастан, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда корпоративтік табыс салығы бойынша өсу қарқыны 133,8 пайызды құрады.
Облысымызда өткен жылы 60 528 автокөлік құралдары тіркелсе, ағымдағы жылы олардың саны 45 473-ке дейін төмендеді.
Соның салдарынан республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баж бойынша жоспар 76,6 пайызға ғана орындалып, ауытқу 184,3 млн.теңгені құрады.
Жер телімдерінің нысаналы мақсаттарын өзгертуге және Алматы қаласының маңындағы аймақтарда обьектілердің құрылысына рұқсат беруге тыйым салынуына байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер бойынша жоспар 731,9 млн.теңгеге орындалмады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Галлахер Казахстан» кәсіпорыны бойынша 609,2 млн.шегілетін бірлікке, «Филипп Моррис» кәсіпорыны бойынша 811,2 млн. шегілетін бірлікке төмендеді, акциздер бойынша бюджет шығасысы 9 айда 574 млн.теңгені құрады.
Жыл басынан бері алкоголь өнімдерінің көлемі:
- спирт бойынша 204 мың далға;
- арақ бойынша 278 мың далға;
- коньяк бойынша 18 мың далға төмендеді.
Нәтижесінде, түсімдер де спирт бойынша 52,9 млн.теңгеге, арақ бойынша 204,7 млн.теңгеге, коньяк бойынша 32,3 млн.теңгеге төмендеді.
Алкоголь өнімдерінің акциздері бойынша жоспар облыстық Мәслихатта 459 млн.теңгеге азайтылып, түзету жасауға байланысты орындалады.
Жылдық жоспардың орындалуы.
ҚР ҚМ Салық комитетінің құзіретіндегі кірістер бойынша мемлекеттік бюджеттің жоспары 94,6 пайызға орындалады, жоспардағы 63 955,9 млн. теңгенің орнына 60 502,3 млн. теңге немесе 3 453,7 млн.теңгеге кем түсуі мүмкін деп күтілуде.
Республикалық бюджет бойынша
Жоспардағы 26 926 млн.теңгенің орнына 23 437,2 млн.теңге немесе 3 488,8 млн.теңге кем түседі, оның ішінде:
- корпоративтік табыс салығы бойынша 2 703 млн.теңге (77,9 пайыз).
- Республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баж бойынша 360,5 млн.теңге (67,9 пайыз).
- ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер бойынша немесе 881 млн.теңге (40,7 пайыз).
Жергілікті бюджет бойынша
Жоспардағы 37 029,9 млн.теңгенің орнына 37 064,9 млн.теңге түсім түсіп, жоспар 35,0 млн.теңгеге артық орындалады (100,1 пайыз).
«Филип Моррис Казахстан» және «Галлахер Казахстан» кәсіпорындары бойынша темекі өнімінің 3 246 млн.шегілетін бірлікке төмендеуіне байланысты, акциздер бойынша шамамен 1 274 млн.теңгеге бюджетке кем түсуі мүмкін.
Ал, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша 1 732 млн.теңге сомасында жылдың аяғына дейін жоспардан артық түсіп, акциздер бойынша түспеген соманың орнын толтырады деп күтілуде.
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға қарсы бағытталған шаралар туралы.
Мониторинг және талдау (МЖТ) модулінің енгізілуі, барлық салық есептелік нысандарын автоматтандырылған режимде талдауға мүмкіншілік жасады. Атап айтқанда бүгінгі күнге келесі жұмыстар жүргізілді:
Біз корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығы, корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы, қосымша құн салығы мен әлеуметтік салық, копоративтік табыс салығы мен жер салығы бойынша есептілік нысандарын салыстыру жолымен 11 стандартты емес есептер қалыптастырдық, жер салығы, көлік құралдары және мүлік салықтарының есептеулерін былтырғы салық кезеңімен салыстырып талдау жасадық.
Нәтижесінде 19 882 салық төлеушілер бойынша айырмашылық анықталды. Оларға 1 238 хабарлама жіберілді, 500-ден аса кездесулер мен сұқбат жүргізілді. Қаржы полициясы органдарына 11 салық төлеушілерге қатысты материалдар жіберілді. 445 бұзушылық расталып, олар бойынша 85,6 млн. теңге сомасына қосымша декларациялар тапсырылды.
Маусым айынан бастап корпоративтік табыс салығы декларацияларында 2007 жылдың қорытындысы бойынша шығын сомасын көрсеткен салық төлеушілермен жұмыс жүргізілуде. Шығынды мекемелердің саны 1 556, ал шығын сомасы 21657,4 млн теңге.
Оларға 803 хабарлама жіберіліп, 692 салық төлеушілермен сұхбат жүргізілді. Нәтижесінде 227 мекемеде 3341,7 млн. теңге сомасына шығын расталынбады.
Сәйкесінше ол мекемелер шығын сомасы азайтылған қосымша салық есептеліктерін табыс етіп, бюджетке 31,0 млн. теңге корпоративтік табыс салығы қосымша есептелінді.
3,3 млрд.теңге шығын сомасы бар 27 салық төлеушілер аудит бөлімдерінің тексеру жоспарына енгізілді.
Сонымен қатар 2007-2008 жылдары тендерлерге қатысқан салық төлеушілердің салық есептіліктеріне камералдық бақылау жүргізіліп, 382 хабарлама жіберілді. Бүгінгі күнге қосымша құн салығы бойынша 4,4 млн. теңгеге қосымша декларациялар тапсырылды.
Қосымша құн салығы бойынша жіберілген соңғы 18-ші автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижелері бойынша 10990 қате анықталып, оның ішінде салық заңдарын бұзушылықты жою туралы 7240 хабарлама жіберілді, қаржы полиция органдарына 87 салық төлеушінің нақты мекен-жайын анықтау үшін материалдар жіберілді, тексеру жоспарына 2 салық төлеуші енгізілді, 1750 салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша 139,4 млн. теңге сомасына қосымша салық есептіліктерін табыс етті.
Сонымен бірге жалған кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің және олардың контрагенттерінің қызметтерінің нәтижесінде мемлекетке тигізген залалын қайтару мақсатында, камералды бақылау барысында сайтта көрсетілген 333 жалған кәсіпорындардың ішінен 248 кәсіпорын бойынша «Сатып алушылар пирамидасы» қалыптастырылды.
Олардың ішінде 59 жалған кәсіпорынның Алматы облысының 126 контрагент-сатып алушыларымен қосымша құн салығы 1 013,8 млн.теңгені құрайтын өзара есептесуі бар.
Барлығы 130 хабарлама жіберіліп, қосымша құн салығы 126,9 млн. теңгені құрады.
Қосымша құн салығы сомасы 86,3 млн.теңгені құрайтын 95 хабарлама бойынша бұзушылық жойылды.
Есепті кезеңде қаржы полициясы органдарына қосымша құн салығы 827,2 млн.теңгені құрайтын 17 кәсіпорын бойынша құжаттар жіберілді.
Өндірістік емес төлемдер бойынша
Салық органдарында тіркелмеген жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеуге қою мақсатында сауда үйлерінде рейдтік тексерулер жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде салық тіркеуінде жоқ 524 жалға алушылар анықталды. Олардың барлығы салық тіркеуіне қойылып, тек қана мемлекеттік тіркеу үшін алымынан 1,2 млн. теңге сомасында түсім түсті.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 1 060 тіркелмеген жылжымайтын объектілер мен жер учаскелері салық тіркеуіне қойылды, олардан 2,6 млн. теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылдың басынан мүлік және жер салығы бойынша 1,3 млн. теңге сомасына 163 жеке тұлғаға қатысты сотқа материалдар берілді.
Сонымен қатар, сән салоны және шаштараз, тіс емханасы, автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің жария етілген табыстарының негізділігіне қатысты сыртқы бақылаулар, сұхбаттар, кездесулер жүргізілді.
Нәтижесінде, салық төлеушілер кірістің 313 млн.теңге сомасына қосымша декларациялар тапсырды.
Облысымыздың 52 базарында хронометраждық зерттеулер жүргізіліп - сатушылардың саны 5 408-ге немесе 123 пайызға көбейтілді.
Осыған сәйкес, жеке тұлғалардан жеке табыс салығы бойынша түсімдер тамыз айымен салыстырғанда қыркүйек айында 10,1 млн. теңгеге немесе 169 пайызға көбейді.
Жол полициясы басқармасымен бірлесіп көлік салығын төлемеген жеке тұлғаларды анықтау мақсатында тамыз айынан бастап 75 рейдтік тексерулер жүргізілді.
Рейдтік тексеру барысында көлік құралдары иелерінің 557-не салық заңдылығын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілді. Оның ішінде 497 көлік иесі барлығы 2,5 млн. теңге мөлшерінде көлік салығын төледі.
Көлік құралдарына уақытылы салықты төлемеген жеке тұлғаларға 45678 хабарламалар жіберілді, оның ішінде 42032 көлік құралдары 307,5 млн.теңге сомасына салық төлеуге тартылды.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 224,2 мың теңгеге 24 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және жалпы берешек сомасы 11,4 млн. теңге болатын 73 автокөлік иесі бойынша сотқа талап арыздар берілді.
Акциз бойынша
Мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы нақты айналымдарын анықтау үшін жұмыстар жүргізілуе.
158 хронометраждық зерттеулердің нәтижесінде, сатудан түскен табысы көлікке май құю бекеттерін ұстап тұруға да жетпейтіндей жанармай-жағармай өткізу көлемін төмендетіп көрсеткен 102 объект тұрақты мониторингке алынды.
Алкоголь өнімдерін өндіретін мекемелерде тұрған акциздік қосындардың жұмысы күшейтілді, соның нәтижесінде осы жылдың шілде айында алкоголь өнімдерінен түскен акциздер – 139,1 млн. теңгені құраса, қыркүйек айында – 150,9 млн. теңге түсті, яғни алкоголь өнімдеріне акциздер бойынша түсімдердің өсу қарқыны байқалады.
Бақылау-экономикалық жұмыс.
Салықтық тексерулердің санын арттыру жолымен бақылау-экономикалық жұмысы күшейтілді, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 474 тексеру артық жүргізілді.
“Салық берешегі-2” есепке алмағанда 1 728,7 млн.теңге қосымша есептелінді, бұл өткен жылға қарағанда 873,1 млн. теңгеге көп, немесе өсу қарқыны 102 пайызды құрады, 268,9 млн. теңге өндіріп алынды.
Бұдан бөлек, жеке тұлғалардың мүліктік табыстарын анықтау мақсатында жылжымайтын мүліктер мен көлік құралдары арқылы жүргізілген операциялар туралы мәліметтерді беру жөнінде уәкілетті органдармен жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Берілген мәліметтердің негізінде жеке тұлғалардың мүліктік табысы бойынша 144 тексеру, оның ішінде 69 тексеру жер учаскелерін сату бойынша жүргізілді.
Аталған тексерулер барысында 41,1 млн.теңге қосымша есептелініп, 61,2 пайыз өндіріліп алынды.
4 тоқсанда бұл жұмыс одан ары жандандырылады және бюджетке 3200 млн. теңгеден аса қосымша есептелінеді деп күтілуде.
Салық тексерулері барысында сату операцияларын салық есептіліктерінде көрсетпеу немесе қолма-қол ақшаға айналдыру фирмаларын құру жолдарымен салық төлеуден жалтару схемалары анықталды.
Атап айтқанда, “Фостер Альянс Казахстан”, “Штрих Групп Сервис” және “Оникс Про” ЖШС-нде жүргізілген тексеру барысында аталған кәсіпорындар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған жалған кәсіпкерлік қызметін іске асырғаны анықталды.
Аталған кәсіпорындар бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 22 991,4 млн.теңге қосымша салық есептелінді.
Осыған байланысты, барлық тексеру материалдары сотқа жолданып, салық органының талаптары қанағаттандырылып, сот шешімімен аталған кәсіпорындардың әділет органдарындағы тіркеуі заңсыз деп табылды.
Жоғарыда баяндалғанды қорытындылай келе, Алматы облысы бойынша Салық департаменті бұл бағытта барлық қажетті іс-шараларды қолданатындығын атап өткім келеді.
Құрметті Дәулет Еділұлы!
Бұдан бұрын Сізге жолдаған қызметтік хатымда алкоголь өнімдерін есепке алу-бақылау таңбаларының 10 млн.-нан астам данасын белгісіз тұлғаларға беріп жіберу фактісін анықтағанымызды және одан бюджетке келген шығынның 500 млн. теңгеден асатындығы жөнінде хабарлаған болатынмын.
Енді уақыттың шектеулілігін ескере отырып, облыстық салық департаментінің Акциздер әкімшілігін жүргізу басқармасында орын алған жағдайлар туралы осы мәжілістен кейін өзіңізге жұмыс тәртібінде жан-жақты баяндауға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Назар салып тыңдағандарыңыз үшін рақмет!