Ылым мен білімнің дамуы өткізген тарих пәні мұғалімі: Мансурова Қ. Б
Вид материала | Документы |
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, 983.92kb.
- 28. 01. 2011ж Мектеп басшыларына!, 38.66kb.
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, 686kb.
- Ылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan, 2153.05kb.
- Ылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы, 1195.19kb.
- Э40 дамуы": халықаралық ғылыми-практикалық конференция = "Современные проблемы экологии, 289.52kb.
- Программа международной научно-практической конференции «независимости казахстана, 406.39kb.
- Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті, 78.49kb.
- Ылым министрлігі әЛ–фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық университеті, 577.59kb.
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ДАМУЫ
Өткізген тарих пәні мұғалімі: Мансурова Қ.Б.
Сабақтың тақырыбы. Ғылым мен білімнің дамуы.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік:X-XII ғасырларда ғылымның дамуын, көрнекті ғылымдар жайлы кеңінен мағлұматтар бере отырып, олардың еңбектерінің тарихы маңыздылығын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісінің артуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішпейілдікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Пәнарлық байланыс: Әдебиет, география пәндері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діні нанымдар болды?
2. Ислам діні қай кезде қабылданды және оны дін деп кім жариялаған?
3. Мұсылман дінінің мәдениет дамуына тигізетін әсері.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақтың жоспары.
1.Ғылымның дамуы.
2.Тілбілімінің дамуы
3.Әдебиет.
Жаңа сабақты бастар алдында сабақтың мақсатымен таныстырамыз.
I. Ғылымның дамуы
1. Тарихшы: Әбу Насыр әл Фараби.
Шығыстың дүние дүзіне әйгілі, көрнекті ғылымы Әл Фараби туралы баяндағанда оның суретің, карта, тірек кестені пайдалана отырып, өмірі мен ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат береді.
- Әдебиетші:
Әл Фараби әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған ғылым. Осыған байланысты Сарапшы ғылымның еңбектерімен таныстырылады.
- Сарапшы:
Тарихшылар мен әдебиетшілердңғ ойыны толықтыру енгізеді. Мысалы: «тархан» сөзі не нәрсені аңғартады.
1). Әл Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шың білдіреді.
2). Оның ата-бабасы дәулетті қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді.
II. Тіл білімнің дамуы.
1. Тарихшы: Махмуд Қашқари.
Тақырып сызба арқылы түсіндіріледі. Тіл білімінін дамуы оның шығармалары туралы түсінік беріледі.
2. Әдебиетші:
М. Қашқаридың «Диуани лұғмат ат-түрік» қазіргі түркі халықтарынығ бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектің көшірме қолжазбасы ХХ ғ.бас кезінде табылған...
3. Сарапшы:
Тілші ғылым С.Мутталибов «Диуани лұғмат ат-түрікті » өзбек тіліне аударып, оны 1960-1963 ж. Ташкенттегі «Фан» баспасынан үш кітап етіп шығарады...
1, Тарихшы: Ж. Баласағұри.
Ж. Баласағұни- ХI ғ.аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі, қоғам қайраткері, энсиклопедист ғылым. Ақын өмірі туралы деректер мүлде аз сақталған. Оның өмірі мән ақындық қызметі жолында кейбірдеректерді «Құдатғу білік » дастанының соңғы үш тарауында әңгіме етеді...
2. Әдебиетші:
Ж. Баласағұнидің «Құдатғу білік» дастанынығ бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасымен таныстырады. Олар: «Вена», «Каир», «Наманған» нұсқалары
3. Сарапшы:
«Құдатғу білік » дастаны ақынның түркі тілінде жазған ең жақсы туындысы. Мысалы, Шың елінің адамдары «Әкімдердің әдептілігі» шығыс елдерінде «Әмірлердің сән-салтанаты», парсылары «Түркілердің шахнамасы » деп аталған...
X-XI ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Обю Аты жөні | Еңбектері | Мазмұны |
Ьлл 1. Махмұд Қашқари 1030- 109 1090 жж.ертедегі түрік тілін Алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеген, түрік тілінің түсіндірме сөздігін жасаған бірінші ғалым. | « Диуани лұғат ат-түрік» Түрік тілдерінің сөздігі. | Түркі дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздігінң жиынтығы. Тіл тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар. |
2. Жүсіп Баласұғыни 1021- 1075. | « Құдатғу білік»( құт негізгі- білік). | Онда түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет ғұрып, наным-сенімдерінен мағлұмат береді. Философия, алгебра сияқты ғылым салалары да қамтылған. |
Осы ғалымдар сияқты Ахмет Иүгнеки және А.Яссауи туралы оқушылар өз ізденістерін баяндайды.
V.Жаңа сабақты бекіту
Кросворд шешу. Тақырыбы «ғалым»
«Чемпион» тест жүмысын жүргізу.
1. «Ғылымдар » 2. Еңбектері
1. М. Қашқари 1. «Диуани лұғмат ат-түрік»
2. Ж. Баласаұни 2. «Құдатғу білік »
3. Қ. А. Яссауи 3. «Даналық»
4. Әл-Фараби 4. «Өлең кітабы»
5. А. Күгінеш 5. «Аұиұат сыйы»
VI. Қорыту, бағалау.
X-XI ғасырлардағы тіл білімінің дамуы үлес қосқан ғылымдар
VII. Үйге тапсырма: & 20 оқу.
Әдебиеттер
- Б. Коменов. «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» 7-сынып оқулығы және христоматиясы.
- И. Келімбетов. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» 1950 ж .
- «Шығыстың ұлы ғұмалары» «Аруана баспа сы».
Ғұндар мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
- Орталық Азияны, Қазақстанды мекендеген ғұн тайпаларының тарихын, гүлденуін, көршілерімен қарым-қатынасын, олардың қоныс аударуын яғни мемлекет туралы ғылымдардың зерттеулерін жүйелі түсіндіру.
- Оқушылардың белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.
- Елін, жерін, сүйетін ұлттық рухы биік мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси қартасы, Аттила, Томирис, т.б тарихи тұлғалардың суреттері, сызбалар, нақыл сөздер, ТСО.
Пән аралық байланыс: география, бейнелеу, математика,
Сабаұтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңәі
. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
. Әнұран орындау, «хабар»
. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
. Ассалаумағалейкүм Абай атамыздың мына бір сөзімен ашсам деймін.
«Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, құрбы, жақсы ұстаздан болады»- дейді.
- Қазақстан тарихы нешеге бөлінеді?
- Ежелгі Қазақстан нешеге бөлінеді?
- Темір дәуірінің тайпаларын ата?
- Сақ тайпалары туралы айтқанда ойымызға не оралады?
Сақ сөзін топтастыру немесе сақтар туралы не білеміз?
Өткен сабақ / Үй тапсырмасы/: Сақтардың қоғамдық құрылысы және идеолиясы.
1. Үй тапсырмасын «Бетпе-бет» стратегиясы бойынша сұрау
/ оқушының аты жөні, лауазымы, т.б. толық мәлемет беріледі/
1. – оқушыға Сақ қоғамындағы топтар туралы не айтуға болады.
2. – оқушыға Сақ үштігі туралы мәлімет беріндер.
3. Қалған оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тест арқылы тексеру.
№1. Сақтар әлемді қалай бөлді?
А) жерасты, аспан
В) аспан, жерасты, жер
С) аспан әлемі
Д) әлем біртұтас
№2. Аң стилі мазмұны жағынан...
А) дініи-наным сипатында
В) бейнелеу қнері
С) мифологиялық өнер
Д) барлығы дұрыс
Ғұндар
№3. Аң стилін неше кезенге бөлуге болады?
А)3 В)2 С)4 Д)7
№4. Жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескіндеуі
А) біртіндеп құлдырау кезеңі
В) классиқалық кезең
С) архаиқалыұ кезең
Д) прохорова кезеңі
№5. Алтын адам қайдан табылды?
А) Қаратау жотасы
В) Есік қорғаны
С) Пазырық үйіндісі
Д) Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары
Үш нұсқадағы тестің кез-келген жерінен сұрақ қоя отырып қосымша мәлімет алу, нысықтау,
Жаңа сабақ: параграф -9 Ғұндар мемлекеті
«Өткенді білмей-қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» Әл-Фараби
I. Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтадағы термин сөздерді болжау.
1. Ой қозғау
Сыма Цянь
Шанькюй
Ұлы Қытай қорғаны
Юэчжилер
II Осы болжамның ішіндегі қайсы сөз бүгінгі тақырыбымызға арқау болады деп ойлайсыздар?
1. Ғұн тайпасы туралы не білеміз?
II. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы тарихи деректер
2. Ғұндар мемлекнтінің гүлденуі
3. Ғұндардың көршілерімен қарым қатынас
4. Ғұндар дәне халықтардың қоныс аударуы
1.Б.з.б, 1 мыңж. басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен айналысып, скифтік мәдениетке көшіп-қонып жүрді.
. Қытай тарихнамашысы Сыма Цянь (б.з.б.145-86жж.) Орталық Азияда б.з.б VII-Viғ.ғ. мекендеген «солтүстіктегі кқршілерін» жундер деп атайды.
. Б.з.б Vғ. Жундердің орнына Орталық Азияда көшпелілердің күшті бірлестігі ғұндар мен юэчжилер пайда болды.
. Ғұн соққысынан б.з.б. 174 жылдан кейін батысқа кеткен юэчжилер Бактрия жерінде Кушан патшалығын құрады.
. Б.з.б. Ivғ. Қытайлар өздерінің қарсыластары арасынан ғұндары алғаш рет атайды.
. Б.з.б. III-II ғ Ғұндар24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия құрлығындағы бірден-бір ірі үшін «Ұлы Қытай қорғанын» салдырған.
- Ғұндар мемлекетінің гүлдену
. Мемлекеттің басшысы-тәңірқұты (шаньюй)
. Ғұндары Тоуман тәңірқұтыбиледі. Оның екі әйелінен туған екі тақ мұрагері болды.
. Көршілері юэчжилер гүлдену дәуірін бастап өткізіп жатты.
. Мөдеден құтылуы...
. Мөде өз әскерлерін «ысқыратын жебесін» қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды.
. Б.з.б. 209 жыл. Мөде шаньюй биікке келеді.
. 203-201 ж. Қырғыз тайпасын бағындырды.
. Негізгі қарсыласы-Қытай мен юэчжтлер болды.
. Қытайдың Хань әулеті биікке келгеннен кейін б.з.б. 200 жылы Өытай императоры ғұндарға өздері соғыс бастады.
. Алайда өздері қақпанға түсіп, император қызын ғұн билеушісіне әйелдікке беріп, 40 жыл ғұндармен татулық орнатады.
. Мөде тұсында халық саны 300 мыңға жетіп гүлденеді.
2. Мөденің мұрагері Лаушан тұсында ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. .
.. Бұдан кейінгі Ғұндар тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалары үшін Хань империясымен күреске толы болды.
3. Ғүндардың көршілерімен қарым-қатынасы /ДОТ әдісі бойынша/.
III. Ғұндардың юэчжилермен қарым-қатынасы.
Б.з.б. 59ж. ғұндардың өз ішінде бүліктер шығып билікке талас басталады.
Б.з.б.55 ж. ғұндарекіге бөленеді.
1. Оңтүстік ғұндар- Хуханье қытаймен достасады.
2. солтүстік ғұндар мемлекетін- Чжи-чжи басқарады.
Б.з.б. III-V ғ. Шығыс Ұазаұстан мен Жетісуда Юзбан мемлекетін құрады.
4. Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
Жалпы ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған.
Тарихта бұл құбылысты «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп атайды.
Сабақты бекіту:
«Бетпе-бет»
Оқушылардың өздері «Бетпе-бет» жүргізеді.
Сұрақтары бүгінгі өткен материалдардан қояды.
Түйін.
Темір дәуірінде өмір сүрген ғұн мемлекетінің тарихын меңгердік, дегенмен айтылмай қалған материалдар болса үйден оқып меңгеріп келу тапсырылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырмасы: Ғұндар емлекеті.
Қазақ хандығының нығаюы
(XVI-XVII ғасырлардағы қазақ мемлекеті)
Қазіргі заман талабына сай білім беруде жүзеге асыруда әр пән мұғалімі жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыруда. Мен де осы мақсатпен 7- сыныпта тарих пәнін оқытуда модульдік технологияны пайдаланудпмын. Нәтижесінде әр сабақ өте қызықты өтуде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті, шығармашылық қабілеттерінің дамығандығы айқын байқалады. Тарау мазмұны 4 тақырыпты / 37,38,39,40 /
Модульдік құрылым | Сағат саны | Модульдің мазмұны | Уақыты | Ескертпе |
Кіріспе 37,38,39,40 | 1-сабақ | 1. модульге кіру 2. лекция: XVI-XVII ғасырлардағы қазақ мемлекеті 3. тірек сызбаны түсіндіру | 45 мин. | Оқушылар жұмыс сһжоспарын, сызбаны дәптерге жазады. |
Сөйлему бөлімі | 2-сабақ | 1. «Өз сыңарыңды тап» ойыны. 2. Құжаттармен жұмыс. 3. «Хандар еліне саяхат» ойыны. 4. Рөлдік ойын «Хандар кеңесі» | 45 мин | Оқушылыардың өз бетінше жұмысы. |
Қорытынды | 3-сабақ | 1. «Қоржын» ойыны. 2. «Хан талапай» ойыны 3. Сөз тізбек «Хандар» 4. Пікір сайыс. | 45 мин | Топпен жұмыс |
| 4-сабақ | 1. деңгейлік тапсырмалар 2. тарау бойынша тест алу 3.реферат тақырыптары 4. қорыиынды | 45 мин | Бағалау жұмысы жүргізіледі. |
Білімдік мақсаты:
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-ұуаты жағынан артқанын, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсіндіру, осы ғасырлардағы қазақ хандары билік құрған кезеңдердегі хандықтың ішкі, сыртқы жағдайларымен салыстырмалы түрде таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды елін, жерін суюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақ хандығының нығаюына орасан зор еңбек сіңірген қазақ хандарының қоңамдық қызметіне баға беру.
Дамытушылық мақсаты:
Түрлі қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Кіріспе. 1- сабақ
Кіріспе бөлімінде мұғалім
а/ оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымын және мазмұнын таныстырады;
ә/ оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, әсіресе, бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының қабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөлінеді;
б/ тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалдарын қысқаша түсіндіреді.
Лекция тезистері
Ескерту. Оқулық бойынша « Қазақ хандығының нығаюы. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ мемлекеті» тарауына кіретін 37-40 тақырыптардың негізгі мазмұны лекция түрінде тірек сызбалар арқылы тұтас түсіндіріледі. Оқушыларға реферат тақырыптарыалдын ала беріледі.
- Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығының өрлеуі, жер аумағының кеңеюі.
Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы өзгерістер мен Қасым ханның саясатындағы тәуелсіздік идеяларын айқындау.
2. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі. Біртұтас қазақ мемлекетінің тарих сахнасынан нық орын алып, дәуірлеуі саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтуда Хақназар ханның сіңірген орасан зор еңбегіне тоқталу.
3. Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі. Қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы күрестерде қол жеткізген тарихи жеңістері, көршілес мемлекеттермен саяси қатынастардағы басты ұстанымдары туралы баяндау.
4. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы. Есім ханның ішкі саясатта, бұқар-қазақ қарым-қатынастары, Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты, Есім хан мен Тұрсын сұлтан арасындағы қайшылықтар жөнінде және есім ханның « Ескі жолы» заңдар жинағы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Үйге тапсырма.
Тарауды оқу,тақырыптар бойынша дайындалу 37 тст құрап келу.
Сөйлесу бөлімі. 2- сабақ
- «Өз сыңарыңды тап» ойыны. Мұнда жұп карточкалар дайындалады: біреуінде- сұрақтар, екіншісінде-жауптарға арналған тірек сызбалар. Бір сұрақпен оның жауабына арналған карточкалардың түстері бірдей болады. Оқушылар карточкаларды өздері таңдайды. Содан кейін түстері бойынша сыңарын тауып, бірге жұмыс істейді.
- Осылай 2 бөлімдегі жоспар бойынша жалғаса береді.
Үйге тапсырма. Тақырыптар бойынша сұрақтар дайындап келу, 38 бойынша тест сұрақтарын құрау.
Қорытынды 3-4 сабақ
- «Қоржын» ойыны. Қоржынға әр оқушы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жазып салады, сұрақтар бойынша әр оқушы жауап береді.
- Осылай жоспар бойынша жұмыстар жағаса береді.
Үйге тапсырма. Тақырыптар бойынша дайындалып келу, сөз жұмбақтар құрастыру, 39,40 бойынша тест сұрақтарын құрап келу.
Қайталау – ойын сабағы
( 1916-20 жылдардағы Қазақстан. 9 сынып. Қазақстан тарихы 1-7)
Мақсаты:
Білімділік: 1916-20 жылдар аралығындағы Қазақстанның саяси өміріндегі болған оқиғаларды меңгерту.
Тәрбиелік: оқушылардың картамен жұмыс жасау, шешен сөйлеу, ұғымдар меңгеру қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау-сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Ойын түрлері арқылы жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- карта «Қазақ АКСР-нің құрылуы»
- сайыс түрлерінің схемасы.
- ұпайлар сызмасы.
1 Ұйымдастыру – 2 мин.
2 Сабақтағы сайыс түрлерімен таныстыру – 3 мин.
3 Сайыс барысы – 30 мин.
4 Қорытынды – 10 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Бүгінгі ашық сабақ 1-7 тақырыптарды қайталауға арналады.
Сабақ ІІІ қатар сайысы арқылы өтеді.
Күй. « Адай». Құрманғазы.
Сайыс бағдарламасы:
1. Топтың таныстыруы 5 ұпай – 3 мин.
2. Шешендер сайысы 10 ұпай – 5 мин.
3. Бәйге сайысы 10 ұпай – 5 мин.
4. Тарихи оқиға сайысы 10 ұпай – 5 мин.
5. Тарихи тұлға сайысы 5 ұпай – 5 мин.
6. Эврика сайысы қиын – 5 ұпай, орта – 4 ұпай, жеңіл – 3 ұпай – 5 мин.
Барысы: Әр сайыстан кейін жинаған ұпайлар саны ілінеді.
- Әр қатар өзін таныстырады ( үйден даярлап келген таныстыруларын ұсынады).
- Шешендер сайысы. Әр қатарға алдын ала белгілі бір оқиға беріледі. Сол оқиғаға қатысты сөз даярлап ұсынады.
- қатарға: 1916 жыл. Либерал-Демократиялық зиялылар көтеріліске қандай көзқарас ұстанғанын шешендік сөзбен, рөлдік ойын ретінде ұсынуы.
- қатарға: 1927 жыл. Семейде Анненковқа сот процесі кезіндегі айыптау сөзін рөльдік ойын ретінде ұсынуы.
- қатарға: 1917 жыл. Алаш партиясының бағдарламасын халыққа таныстыруы, оның маңыздылығын рөльдік ойын ретінде ұсынуы.
- қатарға: 1916 жыл. Либерал-Демократиялық зиялылар көтеріліске қандай көзқарас ұстанғанын шешендік сөзбен, рөлдік ойын ретінде ұсынуы.
- Бәйге сайысы. Әр қатарға 10 сұрақтан жылдам қойылады. Әр сұрақ 1 ұпайдан.
1-қатарға:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс уақыты? – 1914-18 ж.
2. Қазақ АКСР-нің алғаш астанасы? – Орынбор.
3. 1916 ж. көтерілістің ірі орталығы? – Торғай.
4. Жетісу генерал-губернаторы? – Фольбаум.
5.Боралдай асуында дарға асылған? - Әшекеев.
6. Ақпан төңкерісі қашан болды? – 1917 ж. 27 ақпан.
7. Азамат соғысы жылдарында салынған теміржол? – Александров – Гай – Ембі.
8. 1913 ж. салыстырғанда мұнай өндіру неше есе қысқарды? – 4 есе.
9. Кеңес өкіметі алғаш қай қалада орнады? – Перовск.
10. 1902-12 ж. қоныстанған адамдар саны? – 2 млн 400 мың.
2-қатарға:
1. 1916 жылғы көтеріліс сипаты? – ұлт азаттық.
2. Алаш партиясы қай жылы құрылды? 1917 ж.
3. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қанша ел қатысты? – 38.
4. 1917 ж.дейін қанша шұрайлы жер тартып алынды? – 45млн.
5. Түркістан генерал-губернаторы? – Курапаткин.
6. Неше басшыны 1916 ж. көтерілістен кейін азаптап өлтірді? – 12.
7. Азамат соғысы қай жылы болды? – 1918-20 ж.
8. Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық саясат? - әскери коммунизм саясаты.
9. Казревком төрағасы? – С.С.Пестковский.
10. Қазқтар 1926 жылы республикада қанша % құрады? – 61,3%.
3-қатарға:
1.Түркістан автономиясының алғаш төрағасы? – м.Тынышбаев.
2. 1916 жылы қай күні патша жарлығы шықты? – 25 маусым.
3. « Алаш» партиясының бағдарламасы қай газетте жарық көрді? – Қазақ.
4. Кадет партиясының газеті? Свободная речь.
5. А.Иманов Торғайда кім болды? – сардарбек.
6. Верныйда кеңес өкіметі қашан орнады? – 2-3 наурыз 1918 жыл.
7. Мемлекет ішіндегі билік үшін азаматтардың соғысы? – Азамат соғысы.
8. Азамат соғысында мерт болғандар саны? – 8 млн.
9. Қазақ революциялық комитетінің газеті? – Ұшқын.
10. Қазақ АКСР-і қай жылы құрылды? 1920 ж.
4 Тарихи оқиға сайысы. Әр қатарға 1 оқиға және 1 парақ беру, параққа оқиға жайында мәліметтер жазуы. Ең соңында оқушы қорытынды жасайды.
1-қатар: 1917 жылғы саяси партиялардың құрылуы.
2-қатар: тыл жұмысшыларының қайтып келуі және революциялық үрдіске әсері.
3-қатар: Қазақстанда кеңс билігінің орнауы.
5. Тарихи тұлға сайысы.
1-қатар: Кенесары көтерілісіне қатысқан құлан қыпшақтар әулетінен шыққан мерген, батыр. Жерлестері оның тұтқиылдан шабуыл жаасуы мен өзіне тән ерлігі туралы аңыздар шығарған. Кеңес өкіметі орнағанда наразылық білдірді. 1919 ж. 29 сәуірде Александр Токарев қолынан қаза тапты? – Көкімбайұлы Кейкі (1873-1919).
2-қатар: Қазақтың тұңғыш инженері, өлкетанушысы, ғалым. Верный ерлер гимназиясын, Санкт-Петербург теміржол көлігі институтын бітірген. Мемлекеттік ІІ Думаның депутаты. 1917 ж. Уақытша үкіметтің жетісу облысындағы комиссары, Қоқан автономиясының премьер-министрі болған. 1920 ж. халық шаруашылығында жұмыс істеді, 1932 ж. қамауға алынып, 1937 ж. дейін айдауда болды? – Мұхамеджан Тынышбаев.
3-қатар: Албан руының ықпалды биі, 27 жыл болыс болып сайланған. 1916 ж. 11 шілде «Ереуіл төбе» деген жерде 14 албан болысының жігіттері «өліспей» беріспеуге ант берген. Патша әкімшілігі 16 адамды қамауға алып, бас имеген батырды прежевальск қаласында түрмеге қамады. – жәмеңке Мәмбетов.
6. «Эврика» сайысы.
Әр сайысқа ұпайлар қойылады, қиын- 5 ұпай, орта- 4 ұпай, жеңіл- 3 ұпай.
Жеңіл сұрақтар
- 1920-24 жылғы қазақ АКСР-і астанасын картадан көрсетіңдер? – Орынбор.
- Алаш партиясының орталығы болған қаланы көрсетіңдер? – Семей.
- 1916 ж. Қытайда 238 мың адам қоныстанған қай аймақ екенің картадан көрсетіңдер? – Жетісу.
Орташа сұрақтар
- Қай жылы Алаш автономиясын теріске шығару туралы қарар қабылданды? «Қазақ» газеті жабылды? – 1918 ж. наурыз.
- Бүкіл Түркістандық төтенше ІV сьез Қоқан қаласында ашылды. Қай жылы қай күні? – 1917ж. 22 қараша.
Қиын сұрақтар
- «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. 20 ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ» деп кім, қай мақаласында жазды? - Ә. Бөкейханов. «Тағы соғыс» Қазақ газеті.
- «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын жариялау қазақтардың ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Колчак өкіметінен кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре алмын» деп кім, қай мақаласында жазды? – А.Байтұрсынов. «Төңкеріс және қазақтар» мақаласы.
- «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар) сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиіс» деп қай қаулыда жазылды? – 1919 ж. БОАК 4 сәуір қаулысы.
Қорытынды. Ұпайлары бойынша жеңімпаз қатарды бағалау арқылы анықталады. Қатысқан оқушыларды бағалау.
КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ
Сабаұтың мақсаты:
Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруін, Әбілқайыр ханың жүргізген саясатын меңгеру.
Дамытушылық: Оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, қазақ халұының батырларына деген сүйішпеншілік сезімдерін және өзге ұлт өкілдерімен достық ынтымақтастықтарын қалыптастыру.
Тәрбилік: Оқушылардың танымдық қызығушылық қабілеттерін арттыру.
Сабақ типы: Аралас.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Оқыту әдісі: Тірек-сызба, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнектілігі: Карта, қазақ батырларының портреті, наұыл сөздері, Н.Ә.Назарбаев және Әбілқайыр ханның портретері.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру:
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысымын тексеру
2. Әлем жаңалықтарына, ҚР-сы жаңалықтары 1-2 оөушыдан сұралады.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Қазақ батырлары. (XVIII ғ.)
- Қанжығалы Бөгенбай Айшаулыұлы (1678-1775 ж.ж.)
- Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1703-1781 ж.ж.)
- Шақшақұлы Жәнібек
- Көкіұлы Есет (1667-1749 ж.ж.)
- Ханкелдіұлы Райынбек
- Құттымбекұлы Наурызбай (1706-1781 ж.ж.) Жергілікті өлкеден шыққан қазқ батыры
Шығармашылық
Бақтыбай батыр ізденіспен
Қайдауыл батыр айналысатын
оқушыларға жеке
Есет Көтібарұлы
тапсырма беріледі
Үй тапсырмасын тексеру үшін «зерттеуші» ойыны арқылы тексеріледі, яғни ортаға бірнеше олқушылар шығарылады, үстел үстіндегі қағазға жазылған қазақ батырларын өз қалауынша алып жауап береді.
Жеке оқушыларға:
- Райынбек батыр өмірінен көрініс
- Қазақ батырларының ұқсастығы
а) Қолбасшы ә) Халық батыры
б) Мемлекет қайраткері в) Дипломат
III.Қорытындылау: Қазақ ханындағы жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болуы, қазақ фиодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шаьуылдауына жол ашты.
IV. Жаңа сабақ: Кіші жүздің Ресей империясына ант берді.
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың(1693-1748 ж.ж.) мақсаты.
. Қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
. Петербург бейлеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласқа түскен қарсыластырын жеңу.
. Жайықтың төменгі ағысы Еділ, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіту.
-1730ж. Кіші жүз билеушілері, Әбілқайыр хан Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресейдің құрамына кіру туралы шешім қпбылдады.
-1731 ж. 19 ақпанда Елшілер Сейіткұл Құндағылұлы, Құттымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица А.Ионовна қабылдады.
- Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші дипломаты А.И.Тевкелев.
- 1731 ж. 10 қазанда. Кіші жүздің 27 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант береді.
-1734 ж. Үкімет, сенаттың хатшысы И.К.Кири ллов басқарған экспедиция дабдықтады.
1. Ор өзені бойында бекініс тұрғысзу.
2. Орта Азия халықтарымен керуен саудасын кеңейту.
3. Табиғат байлықтарын игеру.
4. Сырдария бойында қала тұрғызып, өзен флотиясын құру.
V. Пысықтау. Жаңа сабақты пысықтау.
1. 2004 ж. Ресей жылымен, ҚР-ның Тәуелсіздігімен жалғасады
2. Н.Ә.Назарбаевтың ҚР-ның президенті туралы.
VI. Бекіту. «Сыйқырлы сан» атты тест тапсырмалар арқылы бекітіледі.
1.XVIII ғ. Қазақ хандығына солтүстіктен қауіп төндірген кімдер?
1) Башқұрттар; 2) Сібірліктер; 3) Жоңғарлар. (2)
2. 1730 ж. Кіші жүз ханыПетербургке елшілікті қандай мақсатпен жіберді?
1) Әскери одақ құру; 2) Ресей одақ құру. 3) Егіншілікті дамыту (1)
3. Ресей құрамына қабылдау жөніндегі елшілікті қашан қабылдады?
1) 1730 ж. 13 IX . 2) 1731 19 II 3) 1730 II (2)
4. А.И.Тевкелев деген кім?
1) Сыртқы істер коллегиясының тілмәші, 2) Сенат хатшсы, 3) Жоңғар елшісі (2)
5. Кіші жүздің неше старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
1) 27; 2) 29; 3)35 (2)
VII. Үй тапсырмасы: Кіші жүздің Ресей құрамы енуі туралы жазып келу.
VIII. Бағалау. Оқушылар білімін бағалау.
ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ
/Қазақстандағы жаңа экономиқалық саясат және оның тоқталуы. 1921-1927ж.ж/
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімін 1916-1920 жж. Қазақстан революция жылдарына және азамат соғыс кезіңінде бөлімінен ұштастыра отырып Қазақстандағы жаңа экономиқалық саясат және оның тоқталуын /1921-1927 жж./ қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың өздік жұмыс шығармашылығы арқылы ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұрпақ санасына ұлағатты ой ұялату.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ізгілікке, тәрбиелеу, елжандылық сезімге баулу.
Көрнекілік: Сұрақтар жазылған конверт, 1919-1921 жж. кезініне арналған қарта, сызба, портреттер, деректі материалдар.
Әдісі интеллектуалдық ойын / «Атажқрт» бағдарламасы бойынша/
Жүргізу барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсатымен таңыстыру/.
II. Таныстыру бөлімі: 2 топқа бөліну. Топтың аттарымен таныстыру, капитандардың аты-жөнін атау. Капитандар топтың атынығ аталу себебін түсіндіреді. Әділқазылар тағайындау. II.бөлім. «Қанат қақты».
Әр командаға 5 сұрақтан қойылады. Сұраққа капитандар жауап береді.
I топқа
1. ЖЭС қай қабылданды, шешімі?
/Партияның X сиезінде 1921 жылы, азық-түлік салғыртын азық-түлік салығынмен алиастыру туралы әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады/
2.XX ғ. 20-шы жылдарының ауылдар мен селолардың наразылығының ұлғаю себебі?
1. Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты:
2. 1921-1922 жж. ашаршылық;
3. Мал шаруашылығының ауыр дағдайы;
4. Егіс алқаптарының және астықтын азаюы.
3.Қазақстанда жер-су реформасын жүргізуге қатысқан қоғам қайраткерлерін ата. /А.Асылбеков және Д.Барыбаев/.
4.Жер-су реформасы бойынша неше десятина жер қайтарылды?
/1921 ж. сәуірдегі бұрын тартып алынған жерді қайтару туралы декретке байланысты. Олардың сол жағалауынан 208000 десятина, Жетісудың тұрғындарына 4600000 десятина жер қайтарылды/.
5.Қызыл керуен экспедициясының мақсаты?
/1922 ж. қазақ далаларына жергілікті өкімет орғандарына көмектесу. Кеңес өкіметінің Декреттерін, Компартияның ұлт саясатын насихаттау үшін жіберілді/.
II топқа
- Жер-су реформасы қай жылы қабылданды, мақсаты?
/1921 ж. патша үкіметі тарт ып алған жерлерді шаруаларға қайтарып беру мақсатында/.
- 1921-1922 жж. жер-су реформасының нәтижесі
/1. шаруа мен жұмысшы одағын нығайтаты, 2. шаруаны социализм құру ісіне тартты.
3. кулактардың экономикадық күшін әлсіретті.
4. ауылдың патриархалық –феодалдық дәстүрін төмендетті/
- Қазақ даласындағы Қызыл керуен экспедициясын кім басқарды және жүріп өткен жолы.
/Ә. Жангелдин, Орынбордан, Орск, Торғай, Атбасар, Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қарқары арқылы Семейге дейін/.
- 1921- 1922 жж. ашыққан адамдар саны?
/ 1921 ж.- 1 млн. 508 мың.;
1922 ж. – 2 млн. 303200 адам/.
5. Қазақ АКСР құрамына қазақ жерлерінің біріктіру қажеттілігі неде?
/ заман талабы қазақ халқының да ұлттық кеңес мемлекеттігін құруды қажет ететті/.
ІІІ бөлім: «Самғау».
әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.
1-тапсырма: Алаш арыстары/ портреттер сөйлейді/.
2-тапсырма: Дәуір құжаттары/ деректі материалдардан оқиғалардан үзінді оқып, анықтау/.
ІV бөлім:
- Команда жақтастарына тапсырма/ тест сұрақтары бойынша жұмыс жасалады/.
- Команда мүшелері сызба бойынша жұмыс жасайды.
ЖЭС сатылары, табыстары, кәсіподақтың рөлі. | Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-нің құрамына біріктіру. |
| |
Vбөлім: «Шырқау»./ 7 конверттің ішінде тапсырмалар берілген/.
Viбөлім:
Қорытынды. «Тәуелсіздік туы» тақырыбы бойынша команда копитандары сөйлейді.