Лекция №8

Вид материалаЛекция
Подобный материал:
Лекция № 8.
Материал жинау ережелері қауіпсіздік шаралары.
1. Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу әдістері.
2. Микробиологиялық лабораторияда қауіпсіздік техникасы ережелері
.

І. Препарат даярлау үшін культураларды алу.Спиртовка жалынында әбден қарылған микробиологиялық ілмешекпен пробиркадағыкультурадан ептеп қана азғана микробты іліп алады.Материалды алу үшін пробирканы спиртовка жалынына таяп,оның тығынын оң қол саусағымен қысып алып,ашады да жалынға тиер – тимес етіп,келбете ұстаған жөн.Егерде культураны сұйық ортадан алса,сұйық төгіліп кетпес үшін приборканы тым еңкейтіп жібермеу керек.Культураны алып болғаннан соң пробирканың аузын және тығынды жалынға жақсылап қарып алған дұрыс.
Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу үшін жаншылған және аспа тамшылар әдісін қолданады.Осы екі жағдайда да микробтарды тірілей бояуға мүмкіндік бар.
Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық әйнек бетінде құбыр суының бір тамшысын тамызады.Бұған ілмешекпен микроб культурасын салып,араластырады да жабын әйнегімен ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады.Шыны таяқшамен жабын әйнекті заттық әйнекке ептеп жанши қысады.Әйнек шетінен шыққан артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып алады.Егер де иммерсиялы объективпен қараса жабын әйнек бетіне самырсын майын тамызады.
Аспа тамшы әдісі. Микроорганизмдер клеткаларын ұзақ уақыт бақылағанда аспа тамшы әдісін қолданады.Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе осы мақсатқа арнап физиологиялық ерітіндіде дайындалған микробтар суспензиясын зарарсыздандырылған жабын әйнек үстіне тамызады.Жабын әйнек айналасын вазелинмен қымтап жауып тастайды.
Грам әдісімен бояу. Бұл әдісті 1888 жылы Дания ғалымы Грам ұсынған болатын.Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды Грам оң,Грам теріс деп үлкен екі топқа бөледі.Бұл әдістің мәнісі мынада: трифенилметан қатарындағы рибонцклеин қышқылы магний тұзы бар жерде иодпен қосылғанда спиртте ерімейтін күрделі қосылыс түзеді.
Клетка ішіндегі заттарды анықтау Гликогенді анықтау.Микроб клеткасында гликоген жануарлар крахмалы (полисахарид) жиі кездеседі.Бұны анықтау үшін бактериялар культурасының бір тамшысын сондай мөлшердегі Люголь ерітіндісімен араластырады.Сонда Глюкоген ашытқыда,шөп таяқшасында және басқа да микробтарда кездесетіні белгілі болды.Клеткада глюкоген жиналуы үшін қоректік орта көмірсуға бай болуы тиіс.
І І. 1.Микробиологиялық лабороторияға тек халатпен кіруге және жұмыс
істеуге рұқсат етіледі.
2.Бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3.Қызметкердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс,ол тек сол жерде
жұмыс істеуі керек.
4.Жұмыста тазалық сақтау міндетті.
5.Жұмыс кезінде темекі шегуге,тамақ ішуге тыйым салынады.
6.Жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті ғана құрал – жабдықтар болуы
тиіс.
7.Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын жинастырып,тәртіпке келтіру
міндетті шарт.
8.Спиртовкаларды тек сіріңкемен жағу керек.Оның ішінде спирт
болғандықтанөртке қауіпті болып есептеледі.
9.Электр тоғына сақ болу қажет.
10.Бөлмедегі лаборатория қызметкерлерінің көмегімен ғана электр
жабдықтарын тоққа қосуға болады.
11.Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен
алдын ала танысып алу керек.
12.Лабораториядан шығарда қолды сабындап жуу қажет.
13.Лабораторияның едені әлсін - әлі ылғалды шүберекпен сүртіп
алынуы тиіс.
Лабораториялық ыдыстарды өңдеу.Микробиологиялық жұмыстарды қолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза,ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс.Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен (қосалқы анықтамада келтірілген) өңдейді.Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады.Хром қоспасында 30 – 40 минут ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан ашылған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып,содан кейін салқын сумен шаяды.Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса,оны 10 % тұз қышқылы ерітіндісінде 10 – 15 минуттай тағы да қайнатып,артынан сумен шаяды.
Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс.Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате көрсетеді.Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды.Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек.Дұрыс жуылмаған заттың әйнектерде микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды.Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды.Содан соң оларды 5 % сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да,артынан жақсылап жуады.Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтаймыз (қосалқы анықтамада келтірілген).
Жуылған ыдыстарды сүртпейді,бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100 – 105 о С температурада құрғатады.Таза ыдыстарды шаң – тозаң түспейтін,тығыз жабылатын ыдыстарды немесе шкафтарда сақтайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
М.М.Құлдыбаев. Н.Қ.Шоқанов
«Микробиология пәнінің практикалық сабақтары»