А. А. Аскаров Жетекші ұйым: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды
Вид материала | Диссертация |
СодержаниеПайдаланған әдебиеттер тізімі Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған |
- А. А. Аскаров Жетекші ұйым: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды, 1211.8kb.
- А. А. Аскаров Жетекші ұйым: Е. Бөкетов атындағы Қарағанды, 1312.01kb.
- Ч. Ж. Турдалиева Жетекші ұйым: Қр бғМ Ғк р. Б. Сүлейменов, 895.04kb.
- Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетті, 5797.52kb.
- Диссертациямен Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында, 1611.14kb.
- Диссертациямен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында, 462.16kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 5310.66kb.
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөЗ орталығЫ, 24.63kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ», 4480.5kb.
ҚОРЫТЫНДЫ
Отырар қаласының пайда болуы Қазақстанның оңтүстік аумағының дамуының көп ғасырлық тарихының нәтижесі. Ортағасырлық Отырар-Фараб иелігі аумағында тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі ескерткіштері табылып отыр. Отырар өңірі б.з.б. І мыңжылдықтың аяғында және б.з. басында Сырдарияның орта ағысы алдыңғы дәуірдегі сақ-массагет тайпаларының тұқымы - көшпелі Кангха (Қаңлы) иелігінің бір бөлігі болды. Зерттеу барысында Отырар өңірінің ең байырғы деген қалашығын тауып, оның б.з.б. І ғ. жататынын анықтадық. Отырартөбенің стратиграфиялық шурфында ІV-VІ ғғ. жататын құрылыс деңгейінен кейін тағы 3,5 м қалыңдықтағы мәдени қабаттың болуы Отырар қалашығының ең төменгі қабаты б.э. бірінші ғасырларына жататынын, Отырардың негізі антикалық дәуірде қаланғанын айғақтайды.
Отырар VІ-VІІ ғғ. Түркі қағанаты құрамына еніп, Шаш - Тарбанд иелігінің астанасына айналды. Қала айналасында үлкен шаруашылық аймақ, бір топ серіктес елді мекендер орналасқан. І-V ғғ. жататын ыдыстардағы жазулар Отырар өңірінің халқы мәдениеттің жоғары жетістігі әліппені пайдаланғанын көрсетеді. Отырар алқабында тұрған халық түрлі наным - сенімдерді ұстанды.
«Насабнама» VІІІ ғ. арабтардың Сүткент арқылы Сырдарияның екі жағалауымен жүріп, Отырарды басып алғаны жөнінде хабарлайды. Біз Отырартөбенің шағын шеткі бөлігіндегі қазбадағы 13- еден мен 14- еден арасын, және 14- еденнің өзін іліккен үйлердің бос, иесіз қалып қаңырап қалуын арабтар әскерінің жорығынан кейінгі көрініс деп есептейміз. Отырартөбенің стратиграфиялық кесіндісінде Х-ХІ ғғ. қабаты мен VІІ-VІІІ ғғ. қабаттары анықталып, жеке-дара суреттеледі де ортасындағы ІХ ғ. қабаты жоқ болып шығады. Бұл Отырардың кем дегенде осы бөлігінің бір ғасырдай қаңырап тұрғанын көрсетсе керек. VІІ ғ.– VІІІ ғ. ортасынан кейін тек ІХ ғ. басында ғана Отырарда теңге соғыла бастады. ІХ ғ. бастап деректерде Тарбан-Тарбандпен қатар Фараб қаласы, не уалаяты, Х ғ. бас қала ретінде Кедер қаласы атала бастайды.
Қарахандар заманы Отырар үшін гүлденіп өсу дәуірі болды. Отырар қолөнерінің жаңа түрлері пайда болды. Жаңа археологиялық материал негізінде мата өндірісімен айналысқан шеберхана орны, ою-өрнек түсіретін керамикалық қалып, бұрын-соңды кездеспеген химиялық шишалар, етікшінің құрал-саймандары, шыны өндірісінің орны анықталды.
Ислам қағидалары мен араб жазуының кең тарала бастағанының куәсі деп Отырардан табылған заттар бетіндегі жазуларды айту керек. ХІІ ғ. Отырарда Сопы Данышпан қабірінің болуы, деректерде Сопыхананың болғаны жөніндегі хабарлар, Арыстанбаб кесенесіндегі қарахандық дәуірдің құрылыс қалдықтарының табылуы сопылықтың тарағанын көрсетеді. Қарахандықтар тұсында теңге соғу ісінің қолға алынуын қаланың экономикалық тұрғыдан өсіп-көркеюінің бір айғағы деп түсінуіміз қажет.
1210 ж. Отырар Хорезмшах мемлекетіне күштеп қосылған. Хорезмшах Отырарды өзіне қаратқанда қала тұрғындарының біразы өлтірілген, Отырардың төл билеушісі айдауға жіберіліп өлтірілген. Отырарда Шыңғысхан әскеріне қарсы соғысқан тек Хорезмшах жіберген әскер болды. Монғолдар қалаға енген соң, ол әдеттегідей тоналды. Археологиялық қабаттарды зерттеу жазба деректердегі мәліметтерге түзету енгізеді. Отырар жермен - жексен болған жоқ. Бүкіл қалалық өрт іздері жоқ. Қала халқының біршама уақыт өткен соң өз үйлеріне қайта оралғанын көрсетті. Қаланың монғол империясының құрамына қосылуы зардаптармен қатар позитивті өзгерістер әкелді. ХІІІ ғ. 50-60 жж. Отырар алтын, мыс, күмістелген дирхемдер шығарды. Отырар халықаралық сауда жолындағы маңызды орталыққа айналды. Онда Қытай, Таяу шығыс, Хорезмнен әкелінген заттар табылды. Отырарда ХІІІ ғ. екінші жартысы мен ХV ғ. сәулетті құрылыстар салынды. Жазба деректерде аталатын Бердібек сарайын біз қазба барысында табылған құрылыстармен баламалаймыз. Осы құрылыс ішінде шахмат тасы табылды. Жаңа каналдар салынды. Олардың арасында біз зерттеген Ақарық каналы ерекшеленеді. Ақарық жазық аймақта ағып жатқан Арыс суын жер бедерін ескеріп, екінші өзен - Бөгенге қосуға және оны Түркістан айналасына жеткізуге арналған ортағасырдағы ерекше инженерлік құрылыс. Отырардай бай қаланы иелену үшін феодалдар арасында күрес жүрді.
Зерттеуімізде Отырартөбені қазу барысында табылған өрт іздерін белгілі тарихи оқиғалармен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. ХV ғ. басында Отырарда бүкіл қалалық өрт болады. Біз оны жазба деректерде 1411 ж. қаңтарда Шахмәліктің Отырарда билік кұрған Нұр ад-динге қарсы жорығымен байланыстырамыз. Бұл өрт Отырарды қатты күйзелтті. Өрттің нақ әскери оқиғалармен байланысты болғанын өртенген үйлердің қасында адам қаңқаларының табылуы, ал ІІІ қазба орнындағы ІV қабат деңгейдегі бірінші үйден қылыштан жарақат алған адамның бас сүйегінің табылуы осы пікірді қоштап тұрғандай. Өрттің алдында қала халқының Отырар айналасынан қамал ішіне кіруін біз осындай жағдайлардың салдарынан, яғни, мәжбүрліктен туындаған әрекет деп ойлаймыз. Алайда отырарлықтарға қамал қалқан бола алмады. Өртке дейін «И» орамындағы тоғыз үйдің үшеуінде керамикалық пештері бар бөлмелер, яғни шеберханалар болған болса, өрт болған соң олар жөндеуден өткен, не болмаса қайта көтерілген үйлерде керамикалық өндіріске қатысты ешбір қалдықтар немесе белгілер табылмады. ІІІ қазба орнындағы «Ж» және «И» орамдарындағы өртке дейінгі үйлер, көшелер көлемі өрттен кейінгі кезге сәйкес келмейді. Жалпы алғанда көшелердің кеңейіп, үйлердің ауданы кішірейгенін байқаймыз.
Біз Отырарда ХV ғ. екінші жартысында бүкіл қалалық екінші өртті Отырар әкімінің темірліктерге қарсы көтерілісімен байланыстырамыз. Көтеріліс себептері, оның барысы бізге беймәлім болғанымен жазба деректер темірлік Әбу Саидтың 1455 ж. Отырардағы бүлікті басқаны жөнінде хабарлайды. Археологиялық қазбаларды талдау «екінші өртке» байланысты оқиғалар Отырар халқын ойсыратып тастағанын көрсетіп тұр. ХV ғ. бірінші ширегінде Отырар астаналық дәрежесінен айырылып, қатардағы өлкелік қалалардың біріне айналды. Отырарда соғылған ең соңғы теңге 1415-16 ж. жатады.
Отырар тарихының соңғы кезеңі археологиялық қабаттарда соңғы бүкіл қалалық өртпен таңбаланады. Отырардағы соңғы бүкіл қалалық өрт жоңғар ханының 1681-1682 жж. жасаған жорығымен байланысты. Отырарлықтардың ерлікпен қарсылық көрсетуіне орай қаланы жоңғарлар өртеді. Халқының бір бөлігін өзімен бірге айдап әкетті. Көптеген үйлер иесіз бос қалып, ол жерлер мазаратқа айналды. Алайда Галдан билігі ұзаққа созылмады. Монғол билеушілері арасындағы өзара қақтығысты пайдалана отырып, 1688 ж. қазақ жасақтары Жоңғарияны шабуылдап шекаралық аймақтарында ойран салды. ХVІІ ғ. 80-ші жылдарынан кейін кейбір өртенген және тастап кеткен үйлер жөнделді, аса шектеулі аудандарда жаңа үйлер салынды. Бұл кезеңде қаладағы тіршілік құлдырауда. ХVІІІ-ХІХ ғғ. жазба мәліметтер шоғыры, археологиялық деректер (нумизматиқалық және керамикалық кешен), жергілікті аңыз әңгімелер Отырарда тіршілік 1750 ж. тоқтағанын көрсетеді. Отырарда тіршілік тоқтауына бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден жоңғар шапқыншылығы кезінде арық-каналдардың бұзылуы және Отырар халқы санының күрт кемуінде. Отырарда ХVІІІ ғ. бірінші жартысында 200-280 адам болған. Осындай аз қол күшімен көктемде суы мол арнасынан шығып жататын, жазда суы биік арнасының төменінде жататын Арыс өзенін бөгеп арыққа су шығару, жер деңгейі жазық аймақта оман-арық қазып суды жүргізу көп күшті, көп шығынды қажет етті. Яғни, Отырарға су жеткізетін Темірарықты қалпына келтіруге отырарлықтарда шама болмады. Бұған қоса ХVІІІ ғ. ауа райы өзгеріп, қуаңшылық үстем болып өзендердегі су деңгейі төмендеп кетті. Отырардың соңғы тұрғындары Түркістан, Шымкент, Шілік елді мекендеріне көшкен. Отырар қаласының халқы басқа да қазақ жеріндегі ескі қалалықтардың ұрпақтары іспетті қазақ халқының құрамына кірді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Kramers J.H. Otrar // Enziklopaedie dis Islam III, – Leiden-Leipzig, 1936, – H. 1095.
2 Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // ТИИАЭ, т. V. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1958. –Т. V. – С. 3-215.
3 Марғұлан Ә.Х. Отырар қаласының орнында // Білім және еңбек. –1961. - №4. – 6-7-бб.
4 Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1972. – 214 с.
5 Савельева Т.В., Костина Д.М. Отрар, Отрарский оазис и Южный Казахстан. Проблемные исследования Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции. - Алма-Ата, 1986. - С. 44.
6 Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. – Алматы: Баур, 2007. – 424 б.
7 Clarke D., Sala R., Deom J.M., Meseth E. Reconstructing irrigation at Otrar Oasis, Kazakhstan 800-1700 AD // Integrated Land and Water resources Management in History. Schriften der DWhG, Sonderband 2. Siegburg 2005. Р. 251-264.
8 Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері.– Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 396 б.
9 Жандарбек З. «Насаб–нама» нұсқалары және түркі тарихы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – І т. – 168 б.
10 Шуйский С.А. Ибн Халикан об Ал-Фараби // Ал-Фараби. Научное творчество. – Москва: Наука, 1975. – С.112-119.
11 Настич В.Н., Шуховцев В.К. Существовал ли город Фараб? // Проблемы изучения и охраны памятникорв культуры Казахстана. – Алма-Ата, 1980. – С.107-112.
12 Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. – Алма–Ата: Наука, 1986. – 256 с.
13 Материалы по истории Средней и Центральной Азии. – Ташкент: Фан, 1988. – 413 c.
14 Байпаков К.М. О локализации средневековых городов Южного Казахстана // Археологические исследования в Отраре. – Алма–Ата: Наука, 1977. – С. 81- 93.
15 Рабғузий. Кисаси Рабғузий. – Тошкент, 1990. – 232 б.
16 Пищулина К.А. Письменные восточные источники о присырдарьинских городах Казахстана ХІV-ХVІІ вв. // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С.165-177.
17 Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков (извлечения из персидских и тюркских источников). – Алма–Ата: Наука, 1969. – 650 с.
18 Бартольд В.В. По поводу статьи догадка о прошлом Отрара // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. –Ташкент, 1899. –Вып. V. – С. 175-176.
19 Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып. 1. – Москва: Наука, 1973. – 280 с.
20 Абусеитова М.Х. Джувайни об «Отрарской катастрофе» // Вопросы истории (КазГУ). Вып. 7. – Алма–Ата, 1975. – С. 107-112.
21 Бабаяров Г. Чач в период тюркского каганата // Археология и история Центральной Азии. – Самарканд, 2004. – С. 28-32.
22 Бурнашева Р.З. Монеты с городища Отрар-тобе и Отрарского оазиса // Археологические исследования в Казахстане. – Алма–Ата: Наука, 1973. – С. 81-90.
23 Байпаков К.М., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо– скотоводческой культуры Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1989. –160 с.
24 Смагулов Е.А. Находки гемм в Отрарском оазисе // Археологические памятники на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1993. – С. 163-171.
25 Сафи ад–дин Орын Қойлақы. Насаб–нама. Қолжазбаны транскрипциялаған және кіріспе мен көрсеткіштерді дайындағандар Ә.Қ. Муминов, З.З. Жандарбек. – Түркістан: Мұра, 1992. – 43 с.
26 Муминов А.К. Кокандская версия исламизации Туркестана // Подвижники Ислама. – Москва, 2003. – С. 117-153.
27 Гоибов Г. Ранние походы арабов в Среднею Азию. – Душанбе: Дониш. 1989. – 143 с.
28 Смагулов Е. Арабское нашествие в Южный Казахстан: данные письменных и археологических источников // Мобилизованный археологией. Акишев Кималь Акишевич. – Астана, 2004. – С. 103-113.
29 Давидович Е.А. Бараб - новый среднеазиатский монетный двор Саманидов и Ануштегинов // Письменные памятники Востока. 1972. – Москва: Наука, 1977. – С. 124-129.
30 Кочнев Б.Д. Караханидский чекан Параба (Отрара) // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С.109-120.
31 Волин С. Сведения арабских источников ІХ – ХVІ вв. О долине реки Талас и смежных районах // Труды Института истории, археологии и этнографии. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1960. – Т. VІІІ. – С. 72-92.
32 № 405. Биография шайха Абу Мухаммад Абд ар-Рахман ибн Мухаммад ибн Тахир ат-Тамами ан-Насафи. /Перевод с арабского и примечания А.К. Муминова // Ясауи тағылымы. – Түркістан: Мұра, 1996. –116-б.
33 Сапабекұлы С. Түркістандағы тарихи зийарат // Ясауи тағылымы. –Түркістан: Мұра, 1996. – 123 – 132 – бб.
34 Сартқожаұлы Қ. Тас белгілер тіл қатады // Білім және еңбек. – 1984. - № 2. –19-б.
35 Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 333 с.
36 Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Отрар в ХІІІ-ХV веках. – Алма–Ата: Наука, 1987. – 256 с.
37 Ерзакович Л.Б. О периодизации развития средневекового Отрара // Маргулановские чтения 1990 г. – Москва, 1992. –С.177-187.
38 Бартольд В.В. Улугбек и его время. Соч.: в 9-ти томах. – Москва: Наука, 1964. - Т. 2. Ч.2. – С. 25-196.
39 Зимин Л.А. Подробности смерти Тимура // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1914. –Вып. ХVІІІ. – С. 37-55.
40 Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах Южного Казахстана в ХV – ХVІІІ вв. – Туркестан: Туран, 2006. – 255 с.
41 Сборник материалов по истории Золотой Орды.– Москва –Ленинград: Издательство АН СССР, 1941.– Т.ІІ. – 215 с.
42 Ерзакович Л.Б. К разработке методики исчисления населения средневекового города (на примере Отрара) // Известия Академии наук Казахской ССР. –Серия общественных наук, – 1988. - №1. – С. 53–58.
43 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1981. – 343 с.
44 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 248 б.
45 Беленицкий А.М., Бентович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый город Средней Азии. – Ленинград: Наука, 1973. – 389 с.
46 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Раскопки Отрара в 1971–1975 гг. // Успехи среднеазиатской археологии. – Ленинград: Наука, 1979. –Вып. 4. – С. 90 – 91.
47 Ерзакович Л.Б. Раскопки в восточной части Отрара (К вопросу о стратиграфии и хронологии поздних слоев) // Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1980. – С. 96 – 106.
48 Кларе А. К. Древний Отрар и раскопки, произведенные в развалинах его в 1904 г. // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1904. –Вып ІХ – С. 13-42.
49 Смагулов Е.А. К вопросу об этнической атрибутации культуры позднесредневекового Отрара // Позднефеодальный город Средней Азии. – Ташкент: Фан, 1990. – С. 211–215.
50 Смагулов Е.А. К вопросу об этнической принадлежности культуры позднесредневекового Отрара // Маргулановские чтения 1990. – Москва, 1992. – С. 196–206.
51 Жилина А.Н. Традиционные поселения и жилища узбеков Южного Казахстана // Жилища народов Средней Азии и Казахстана. – Москва: Наука, 1982. – С.137-163.
52 Захир ад–дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. – Алматы: Жалын, 1990. – 320 б.
53 Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 218 c.
54 Байпақов К.М., Смағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаһары. – Алматы: Кредо баспасы, 2005. – 202 б.
55 Добросмыслов А.И. Города Сырдарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. – Ташкент, 1912. – 204 с.
56 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 с.
57 Каллаур В.А. Древние города Саганак (Сунак), Ашнас, или Эшнас (Асанас), и другие в Перовском уезде, разрушенные Чингиз-ханом в 1219 г. // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1900. –Вып. V – С. 6-19.
58 Смирнов Е.Т. Древности на среднем и нижнем течении р. Сыр–Дарьи // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей.– Ташкент, 1897. – Вып. ІІ. – С. 1-14.
59 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. – Алма-Ата: Издательство Академий наук Казахской ССР, 1961. – 575 с.
60 Сухарева О.А. Квартальная община позднефеодального города Бухары. – Москва: Наука, 1976. – 365 с.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған
еңбектердің тізімі:
а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімде:
Монография:
1 Ортағасырлық Отырар. Аңыздар, деректер, зерттеулер. – Түркістан: Тұран, 2006. – 238 б.
Қазақстан Республикасындағы арнайы ғылыми журналдарда, басылымдарда:
2 Новый источник по средневековой истории Центральной Азии // Известия НАН РК. – Серия общественных наук. – 1995. - № 4. – С. 99-101.
3 К истории Отрара монголо-тимуридского времени // Известия МН и АН РК. - Серия общественных наук. – 1996. - № 2. – С. 58-61.
4 Археологические исследования Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции // Известия МН и ВО РК, НАН РК. –Серия общественных наук. – 1999. - № 1. – С. 8-18. (в соавторстве с К.М. Байпаковым, А.Н. Грищенко, Т.В. Савельевой).
5 Работы Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции в долинах Сырдарьи и Арыси // Известия МН и ВО РК, НАН РК. – Серия общественных наук. – 2000. - №1. – С. 215-229 (в соавторстве с К.М. Байпаковым, А.Н. Грищенко, М.М. Нурпеисовым).
6 О стеклоделии в средневековом городе Южного Казахстана // Известия МОН РК, НАН РК. – Серия общественных наук. – 2000. - № 1. – С. 166-168.
7 Об инструментарий средневекового гончара Отрара // Известия МОН РК, НАН РК. – Серия общественных наук. – 2001. - № 1. – С. 155-158.
8 Архитектурная керамика Отрара второй половины ХІІІ - первой половины ХІV в. // Известия НАН РК. – Серия общественных наук. – 2003. - № 1. – С. 254-259.
9 Отырар – тарихтың өзі, тағылымның көзі // Қазақстан музейлері, – 2003, - № 1. –58-59 -бб.
10 Новые материалы к изучению бань золоордынского времени // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. – Серия историческая. – 2006. - № 2. – С. 164-174 (в соавторстве с З. Самашевым).
11 Ақарықты қазған кім? // Қазақ тарихы. – 2006. - № 4. – 23-26-бб. (Г. Байсариевамен бірлескен авторлықта).
12 Шығыстық шатыраш таралу тарихынан // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. – 2007. - № 1/38. – 41-47-бб.
13 Темірдің Отырарда дүние салуы туралы аңыз // Қазақ тарихы. – 2007. -№ 5. –13-15-бб. (А. Таубекпен бірлескен авторлықта).
14 О находке шахматной фигуры в Отраре. К вопросу о распространении шахмат в средневековом Казахстане // Вестник Семипалатинского государственного университета имени Шакарима. – 2007. - № 3. – С. 25-31.
15 Новые материалы по истории ирригации Южного Казахстана // Қазақстанның ғылыми әлемі. – 2007. - № 6. – С. 74-85.
16 Отырар қашан және не себепті күйреді? // Қазақ тарихы. – 2008. - № 2. – 13-17-бб.
17 О начальном этапе исламизации юга Казахстана. На основе данных родословных и археологии // Қазақстанның ғылыми әлемі. – 2008. - № 3. -164-169-бб.
ә)республикалық және халықаралық конференция материалдарының жинақтарында, өзге де басылымдарда:
18 Сырдарияның орта ағысындағы жаңа археологиялық ескерткіштер // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның археология ғылымдарының жетістіктері мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция еңбектері. – Қызылорда, 2001, 11-12 мамыр. – Қызылорда: 2001. – 102-106-бб. (С.З. Ахметпен бірлескен авторлықта).
19 Два сосуда с надписями кангюйского времени І-V вв. н.э. из Южного Казахстана // Древнетюркская цивилизация памятники письменности. Материалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2001, 18-19 мая. – Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2001. – С. 539-541.
20 Отырар атауының түп-төркіні // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің туғанына 1130 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Шымкент, 2001, 12 қазан. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2001. – 55-57-бб.
21 Археологическая коллекция по могильнику Кыркескен ( из фондов Отрарского заповедника – музея) // Тараз 2000. Көне және қазіргі Тараз: тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Тараз, 2002, 4-5 сәуір. – Тараз: Тараз университеті, 2002. – С. 131-134.
22 Дворец Бердибека в Отраре // Сохранение и развитие историко-культурной среды в природных и городских условиях современной Центральной Азии: Труды Международной научно-практической конференции. – Алматы, 2004, 11-12 мая. – Алматы: Принт S, 2004. – С. 50 -52.
23 Әлкей Марғулан және Отырар // «Көшпелілер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінің материалдары. І т. – Павлодар, 2004. 18 - 20 мамыр – Павлодар, 2004. – 79-83-бб.
24 Көне Отырардың жазба ескерткіштері // Сирек кездесетін кітаптармен қолжазбаларды сақтаудың өзекті мәселелері, ғылыми зерттеудегі өзара ықпалдастық және жаңа технологияларды енгізу: ҚР БҒМ ОҒҚ ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы, 2002, 18 қыркүйек. – Алматы, 2004. – 50-53-бб.
25 Отырардың ортағасырлық сауда байланыстары // Ортағасырлық Қазақстандағы ақша айналымы және сауда. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Түркістан, 2006, 8-10 маусым. –Түркістан: Тұран баспасы, 2007. – 85-92-бб. (Г. Байсариевамен бірлескен авторлықта).
26 Ткацкая мастерская Х-ХІІ вв. из рабада Отрара // Ортағасырлық Қазақстандағы ақша айналымы және сауда. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Түркістан, 2006, 8-10 маусым. –Түркістан: Тұран баспасы, 2007. – С. 180-189.
27 Шахматная фигура из Отрара // Ортағасырлық Қазақстандағы ақша айналымы және сауда. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Түркістан, 2006, 8-10 маусым. – Түркістан: Тұран баспасы, 2007. – С. 239-245.
28 О находке шахматной фигуры в Отраре. К вопросу о распространении шахмат в средневековом Казахстане // Материалы международной научной конференции «Кадырбаевские чтения – 2007». – Актобе, 2007, 16-18 мая – Актобе, 2007. – С. 283-286.
29 Көне түркі құдайлары (Отырардағы Құйрықтөбе қалашығын қазу барысында табылған тақталардағы бейнелер) // ІІІ халықаралық түркология конгресі. – Түркістан, 2009, 18 - 20 мамыр. – Түркістан, 2009. – 567-572-бб.
30 Новые материалы по средневековой ирригации Южного Казахстана // Научные чтения памяти Н.Э. Масанова. Сборник материалов научно-практической конференции. – Алматы, 2008, 25-26 апреля. – Алматы, 2009. – С. 150-156.
31 Отырардың қысқаша тарихы. – Түркістан: Мирас, 1998. – 64 б.
32 Отырар мен Арыс аудандарының байырғы ескерткіштері. – Шымкент: ҚҚ Мәдениетті қолдау қоры. 2007. – 80 б. (К. Бердиярмен бірлескен авторлықта).
33 Ежелгі Отырар: альбом-кітап. – Алматы: Рауан, 1997. –160 б. (Ж. Нұсқабайұлы, Ө. Жәнібек, Ә. Есжан, Ә. Жұмашевтармен бірлескен авторлықта).
34 Арыстанбаб – Қожа Ахмет Яссауи ұстазы // Яссауи тағлымы. – Түркістан: Мұра, 1996. – 106-110-бб.
35 Арыстанбаб және оның кесенесі. – Шымкент: Жібек жолы, 1996. – 44 б.
36 Отырар мен Түркістан қалаларының тарихы жөнінде // Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы. – 1998, - № 1. – 83-85-бб.
37 Предание о смерти Тимура и раскопки на городище Отрар // Военное искусство кочевников Центральной Азии и Казахстана (эпоха древностей и средневековья). – Алматы: Национальная высшая школа государственного управления при президенте Республики Казахстан, 1998. – С. 131-135.
38 Инструменты сапожника из Отрара // Города Туркестана. – Алматы: Ғылым, 1999. – С.165-168.
39 Раскопки архитектурного ансамбля конца ХІV – начала ХV вв. на Отраре // Города Туркестана. – Алматы: Ғылым, 1999. – С. 157-164 (в соавторстве с К.М. Байпаковым).
40 Отрарская цитадель // Кумбез. – 2000. - № 7-8. – С. 22-23 (в соавторстве с К.М. Байпаковым).
41 Арыстан Баб - Қожа Ахмет Иассауи ұстазы // Тарихы терең Түркістан: Білім. – Алматы: Білім, 2000. – 172-175-бб.
42 Иасы-Түркістан тарихы. История Ясы-Түркестана. – Алматы: Қазақпарат, 2000. – 43 б.
43 Позднесредневековый кувшин с изображением хищного зверя из Отрара // История и археология Семиречья. – Алматы: Фонд «Родничек», 2001. - Вып. 2. – С. 178-181.
44 Изображение тигра на сосуде из Отрара // Вестник Международного Казахско-турецкого университета им. Х. Ах. Яссави. – 2001. - № 3. – С. 63-66.
45 К этимологии топонима «Отрар» // Культурное наследие Южного Казахстана. – Шымкент, 2002. – С. 148-150.
46 Новые данные к палеогеографии Средней Сырдарьи // Археологические исследования в Казахстане. – Шымкент-Алматы, 2002. – С. 128-131.
47 Туркестан и Отрар в неопубликованной рукописи Н.И. Веселовского о древних городах Сырдарьи // Новые исследования по археологии Казахстана. – Алматы, 2004. – C. 237-241 (в соавторстве с Ю.А. Елгиным).
48 Кемел Ақышев және Отырар // Мобилизованный археологией. Акишев Кималь Акишевич. – Астана: Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, 2004. – С. 90-94.
49 История формирования культурного ландшафта Отрарского оазиса // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – 2006. - № 1-2. – С. 166-176.
50 Аңыз ақиқаттан шығады // Даналық мәйегі. – 2006. - № 1. –12-17-бб.
51 О находке шахматной фигуры в Отраре. К вопросу о распространении шахмат в средневековом Казахстане // Кадырбаевские чтения. – Актобе, 2007. – С. 283-286.
52 Ғылыми басылым қатарына жатпайтын кітап // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – 2007. - № 1. – С. 301-307.
53 Ақарық каналы. Канал Ак-арык // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. –Алматы: Издательство «Баур», 2007. – 335-337- бб.
54 Аққорған қалажұрты. Городище Аккорган // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. – Алматы: Издательство «Баур», 2007. – 81-82-бб.
55 Шаншар қалажұрты. Городище Шаншар // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. – Алматы: Издательство «Баур», 2007. – 91-94-бб.
56 Қамбартөбе мекенжұрты. Поселение Камбартобе // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. – Алматы: Издательство «Баур», 2007. – 162-163-бб.
57 Разықұл мекенжұрты. Поселение Разыкултобе // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. – Алматы: Издательство «Баур», 2007. – 219-220-б.
58 Көкмардан мазараты. Могильник Кок-Мардан // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. – Алматы: Издательство «Баур», 2007. – 273-284-бб.
59 Арыстанбаб кесенесі. Мавзолей-мечеть Арыстанбаба // Онтүстік Қазақстан облысы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Свод памятников истории и культуры Южно-Казахстанской области. Отрарский район. – Алматы: Издательство «Баур», 2007. –319-323-бб. (C. Ақылбекпен бірлескен авторлықта)
60 Ахмет Ясауи есімімен байланысты тарихи орындар // Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері. – Түркістан: Арыс баспасы, 2008. – 96-98-бб.
61 Ткацкая мастерская по производству набойки. К истории ткачества средневекового Казахстана // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – 2008. - № 1. – С. 186-192.
62 Қазақстанның көне шахмат тарихы // Б. Түйетаев, Д. Мыңбай. Шахмат әлеміне саяхат. – Алматы: Қазықұрт, 2008. – 9-16-бб.
63 Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне түркілерден қалған ескерткіштерді зерттеу мәселелері // Түркология. – 2008. - №5-6. –123-128-бб.
64 Н.И. Веселовский о древних городах Южного Казахстана // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – 2008. - № 2. – С. 184-193.
65 Ортағасырлық Отырарда шахмат ойнаған // Шәмші. – 2009. - № 3. – 34-35-бб.
в) шетелдік ғылыми басылымдарда:
66 Otrar devlet arkeoloji müzesi: Arslanbab imareti // Erdem –1995. - № 21. – S. 965-973.
67 Новые материалы о ткачестве в средневековых городах Казахстана // Тезисы докладов Международного симпозиума «Приаралье на перекрестке культур» и второго полевого семинара «Археология древнего Ташкырманского оазиса», посвященные 100-летию со дня рождения выдающегося исследователя Центральной Азии Сергея Павловича Толстова. - 2007, 2-4 октября. – Нукус-Бустан-Беруни, 2007. – С. 66-68.
68 Отырарда Темірдің қайтыс болғаны жөнінде аңыз // Шыңжанның қоғамдық ғылымы – Social sciences in Xinjiang. – 2008. - № 4. – 28-21-бб.
69 Н.И. Веселовский о древностях Южного Казахстана // Вестник МИЦАИ. – 2008. - Вып. 8. –С. 3-14.
70 Средневековые караванные пути Отрарского оазиса // Археология степной Евразии: международный сборник научных трудов. – Кемерово: Изд-во Куз ГТУ, 2008. – С. 40-48.