“Отан неден басталады”
Вид материала | Документы |
СодержаниеКейінгі, арттағылар оқып көрер |
- “Отан неден басталады”, 3039.58kb.
- “Отан неден басталады”, 1934.3kb.
- Работа общественного совета по борьбе с коррупцией при алматинском областном филиале, 306.2kb.
- Программа посткризисного восстановления (оздоровление конкурентоспособных предприятий), 364.87kb.
- Программа посткризисного восстановления (оздоровление конкурентоспособных предприятий), 364.75kb.
- Программа комплексного вступительного экзамена в магистратуру по специальности 6М020300, 604.91kb.
- Тезисы доклада министра, 154.58kb.
- Программа ндп «Нур Отан» «ертеңІҢ Үшін аянба! » «100 видов семейного бизнеса» Iтом, 9144.41kb.
- Программа ндп «Нур Отан» «ертеңІҢ Үшін аянба! » «100 видов семейного бизнеса» Iтом, 5243.07kb.
- Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, 392.6kb.
Таблица № 1
Вопрос | Учащиеся 10 «А» | Респонденты коренной национальности до 60 лет | Русскоязычные респонденты до 60 лет |
Как называется у казахского народа обычай Укладывания ребенка в колыбель? ("Бесікке салу") Правильно ответили | 90% | 100% | 10% |
Как называется колыбель у казахского народа? ("Бесік") Правильно ответили | 100% | 100% | 30% |
Как называется колыбель у русского народа | 20% люлька | 30% люлька | 60% зыбка |
Пользуются ли казахской колыбелью в современных семьях Утвердительно ответили | 10% | 20% | - |
Пользуются ли русской колыбелью в современных семьях? Ответ : «не пользуются» | 100% | 100% | 100% |
Знаете ли колыбельные песни? Ответ «да» | 70% | 80% | 80% |
«Халық ақыны Омар Шипиннің туғанына 130 жыл»
Динара Қыпшақбаева, 11 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Ғ. Қ. Байкенова
«№15 орта мектебі» ММ
Рудный қ.
Елдің елдігін сақтайтын –
әдебиеті, тарихы, жол-жорасы.
Мағжан Жұмабаев.
Омар Шипин 1879 жылы Торғай уезіне қарасты Қайдауыл болысында Жәнібекұлы Шымболаттың отбасында туған. Шымболат кедей болғанмен еті тірі, өнерлі адам екен. Жасында Торғай қаласында тұрып, Ыбырай Алтынсаринге атқосшы болған. Халықтың өлең-жырларын, дастандарын көп білген, домбыра тартып, ән салған. Құстың, тағы аңдардың дауыстарын айнытпай салады екен. Сонысын жақсы көрген Ыбырайдың орыс жолдастары Шымболатты еркелетіп «Шип», «Шипа» атап кеткен. Оның шын аты ұмыт боп қала берген.
Омар ата-анадан жастай айырылды, қаршадайында-ақ байлардың есігінде жүріп, тамақ асырауға мәжбүр болды. Бай үйінің отынымен кіріп, күлімен шықты. Қыста тебінде мал бағып, қатып қалған мұз қарды ойып, арық қазып, егін суару сияқты ауыр жұмыстың бәрін де істеді. Зерек бала жігіт өз бетінше арапша хат таныды. Жас жігіт әділдікті, бостандықты аңсап жыр толғады. Бірақ ақындық қабылеті оған дүркіреген 1916 жылы келеді.
Омар 1909 жылы 30 жасында Амангелді Имановпен танысады. Бұл туралы ақын кейін өзінің бір өлеңінде: «Отызда Имановты іздеп таптым»,- деп еске алады.
Омардың ақындығына, зейіні алғыр, сауаттылығына риза болған батыр оның өмірден дұрыс жол табуына, халқына пайдалы іспен айналысуына көмектеседі. Қайдауыл болысындағы ауылдардың біріне бала оқытуға орналастырады. Ақын бес жыл бойы мұғалімдік қызмет атқарады. Қарттардың жадында сақталған халқының тарихын, даналық лұғатын шашқан шешендік сөздерін, өлең-термелерін мен батырлық дастандарын жатқа білетін және оларды қызықтыра айтуға шебер ақын Омар шәкірттерін сүйікті ұстазы болды, оның ақындылықпен қоса ұстаздық даңқы да алыс ауылдарға тарай бастады. 1914 жылы Амангелдінің басына тағы да бұлт торлады, олар батырдың досы, жуандарға қарсы күресте жақтастарының бірі болып танылып қалған Омарға да құрық салды. Ол Семей облысына жер аударылды, бала оқытумен айналысуына тыйым салынды. Ақын елге 1916 жылғы маусым жарлығы қарсаңында оралды.
ІІ Николай патшаның қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы ел ішінде наразылық тудырды, ел өліспей беріспеуге бекінді. Амангелді Иманов бастаған ел азаматтары патша әкімдеріне қарсы шайқасқа дайындалды, ауыл-ауылдарды аралап, жігіттерді сарбаздыққа шақырды.
Көтерілістің сол жаршы ұйымдастырушылары қатарында Амангелдінің ақын досы – Омар Шипин де болды. Ол хатшылық қызмет атқарып, алыс-жақын ауылдардың белді азаматтарына, ру атабасшыларына патша жарлығына бағынбауға, Амангелді туының астына жиналып азаттық соғысына шығуға шақырып, үсті-үстіне хат жолдап жатты. Өзі де ауылдарды аралап жігіттерге елдегі хал-ахуалды түсіндірді. Ұсталарды жинап, мылтық, найза, қылыш, айбалта сияқты соғыс құралдарын соғуды ұйымдастырды. Жұрт алдында табан астында жыр толғап, еңсесі түскендерді ерлікке жігерлендірді. Ақын жырлары ауыздан - ауызға тарап, көтерілісшілер ұранына айланып кете барды.
Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастанында Амангелдінің ерлігімен бірге қолбасшылық өнерін де сипаттайды. Ақын оның көреген және шебер қолбасшы екендігіне, көтерілісшілерді жабдықтау шараларына кеңірек көңіл бөледі.
Әскер келетін жолдардың бойына тосқауыл қою, сөйтіп, әскерлердің ел ортасына өтуіне бөгет жасау, тұс-тұстан ағылған әскерлердің басын біріктірмей, тұтқиылдан ұрыс ашу, жалпы партизандық соғысқа тән және бірден-бір дұрыс шаралар. Мұның өзі Амангелдінің қолбасшылық қабілеті де жоғары болғандығын дәлелдейді.
Ақын сарбаздардың жазалаушы отрядтарға қарсы соғыстарының бәріне де қатынасты. Торғайға шабуыл кезінде сарбаздармен бірге от пен оқтың ішінде жүрді. Құмкешу, Доғал-Үрпек, шайқастарында да ең қауіпті жерлерде жүріп, жаудан беті қайтып, сырт берген сарбаздарды жігерлендіріп, ұрысқа қайтарады. Осындай қысталаң шақтың өзінде қағаз - қаламын тастамады.
Ұлы Қазан социалистік революциясын қуанышпен қарсы алды. Жаңа өмірді мадақтай түсе, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдинге арнаған тарихи поэмалар және он шақты өлең-жырлар жинақтарының жазды. Ауылдарда Кеңес үкіметтерін орнату және оны нығайту жолындағы күреске қатысты. Байларды кәмпескелеу, бытыраңқы ауылдардың басын қосып, кеншарларды ұйымдастыру кезінде де алдыңғы шепте болады. 1930 жылы өз ауылында ұйымдасқан кеншарға мүшелікке кіреді. Бұл – ақынның 51 жасқа қараған, әлі күші қайтпаған шағы еді. Ол көп жылдар бойы кеншардың малын бақты, егінін егіп, шөп те шапты. Ауылында ғана емес, ауданына белгілі озат кеншаршы қатарында жүрді. Аяғынан көтеріле бастаған республика өзінің бейбітшілік жұмыстарымен айналыса бастады. Осы жылдары ақынның атағы да таси түсті. Оның өлеңдер және поэмаларының жинақтары шығады. «Торғай торабында», «Халық атынан», «Өмір өрнегі», «Туған жер», «Тың үстіндегі ту» атты өлеңдерінде елдің жетістіктері, Отанға деген махаббаты туралы айтылады.
Соғыс жылдары Омар Шипин өзінің өлеңдерімен жауынгерлер мен тыл жұмысында жүрген азаматтардың рухын көтерді. 1943 жылы Қостанай делегециясының құрамында Ленинград сарбаздарына көмек көрсету бағытында сыйлықтар алып барды. 1943 жылы Аламатыда өткен І-ші Жалпықазақстандық халық шығармашылық олимпиадаға қатысады. Ал 1947 жылы келесі олимпиада да 2-ші орынға ие болады, атақты ақын Жамбыл Жабаевтан кейін.
Жалпы одақтық ҚазСРО депутаты болып үш рет сайланды. Өзінің еңбек жемісінің нәтижелері үшін Ленин, Еңбек Қызыл ту ордендерімен марапатталады.
Омар Шипин Қостанай облысының ақындық өміріне,талантты жастарды тәрбиелеуге белсене қатысатын. Ол – облыстық ақындар айтысын өлеңмен ашып, сайысқа түсетін ақындарды қысқаша таныстырып шығатын. Айтыс өлеңдерін сарапқа салып, олардың көркемдік санасын, замана талабына берер жауабын, облыс алдында тұрған саяси, шаруашылық міндеттерге байланысты көтерген мәселелерін, ақындардың айтқыштық, әншілік шеберлігін бағалауға келгенде де бас төреші өзі болатын. Ол өлеңмен қорытынды сөз сөйлеп төрешілер алқасының шешімін жұрт алдында жариялайтын. Жас ақын, жазушылармен жиі кездесіп, оларға шабыт, шеберлік құпияларын айтып беретін. Ол талантты жастарды тез танып өзіне тартушы еді, жастығына қарамай сыйлаушы еді. Мысалы, Омар Шипин 40 - шы жылдардың жас ақыны Сырбай Мәуленовтың әкесінен көп үлкен болатын, соған қарамастан қарт ақын мен жас ақын шынайы дос болып алды. Сырбай оған поэзия ағымының бағыт-бағдарын айтып, көрнекті орыс ақындарымен таныстырып отыратын, ал қазақ ақындарының шығармаларын өзі оқып өзі ой түйетін. Қазақтың ауыз әдебиет мұраларын көп білетін Сырбайдың тіл ұстаруына көп әсер еткен. Сол сияқты Ғафу Қайырбеков, Ғаббас Жұмабаев та Омар Шипиннен көп тәлім алды.
Ақынның 100 жылдық мерейтойының өтуіне байланысты Қостанай жеріне атақты ақын-жазушылар келген. Олар: Әбіш Кекілбаев, Сапабек Асипов, Василий Шалабаев,т.б. Ал Асипов Сапабек өзінің кандидаттық диссертациясын Омар Шипиннің шығармашылығы бойынша қорғаған.
Әр уақытта Қостанай жеріне келген белгілі адамдар Омар Шипиннің бейітінің басына соқпай кетпейді. Сонымен қатар, жергілікті ақынымыз Нағашыбай Мұқатов 1996 жылы Омар Шипинге арнап «Тік жүрген кей тіріден бақытты ғой» атты өлең жолдарын арнайды.
Қостанай облысының Қостанай ауданының Маяковский совхозының Темировка бөлімшесінде ақын Омар Шипин тұрған үлкен ағаш үй осы күнге дейін сақтаулы. Немересі осы жерде алғаш ұстаздық қызметін бастаған. Омар Шипиннің үрім-бұтағы өмірдегі өз жолдарындағы бағыт-бағдарын айқындап, ата үмітін ақтап, елімізде белді азаматтардың бірі болып қызмет атқарып жүр. Ата жолын қуған ұстаздық қызметте Қостанай қаласында «Облыстық Тілдер оқыту орталығында» немересі Шипин Мұхаметқали Мырзағалиұлы істейді. Осы кісінің арқасында Омар Шипин туралы көптеген бейне суреттер мен мәліметтерге қанағаттандым.
«Бекет Өтетілеуовтің Крылов мысал жанрын аударудағы ақындық шеберлігі»
Мырзағали Кужахмет, 9 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Г. Т. Жұмабаева
«№15 орта мектебі» ММ
Рудный қ.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Күні бүгінге дейін сырт қалып келе жатқан, қазақ әдебиетінде өмірі мен шығармашылығы жұртшылыққа әлі таныстырылмаған әдебиет өкілінің бірі – жерлесіміз Бекет Өтетілеуов.
Педагог – ағартушы Бекет Өтетілеуов туралы аға ұрпақ өкілдері білгенімен, кейінгі ұрпақ одан мүлде беймағұлым десем, қателесе қоймаспын. Бекет Өтетілеуов көп жерде – ақ А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, С. Көбеевпен қатар аталғанмен де, оның әдеби мұрасы өз алдына дара зерттелінген жоқ. Ол туралы жазылған бірең – саран мақалалар соңғы жылдары баспа бетінде көріне бастады. Б. Өтетілеуовтің артында қалған әдеби мұрасы онша көп емес. Ол ақындық, аудармашылық жұмыспен не бары 4 – 5 жыл шұғылданып, кейіннен науқасы себеп болып, шығармашылық істен ұзақ уақыт көп қол үзіп кеткен ақын. Жұмыстың өзектілігі жерлесіміз, ағартушы – педагог, ақын – аудармашы Бекет Өтетілеуов - Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин идеяларын жалғастырушы екендігін көрсету, әдеби мұрасын көпшілік қауымға таныстыру. Бекет Өтетілеуов орыс әдебиетінен жасаған аудармалары, қолтума өлеңдері арқылы жас ұрпақты өнерге үйреніп, білім алуға, туған жерін сүюге үндейді. Бірақ осындай ғибрат аларлық тәлім – тәрбиесі мол туындылары қазақ әдебиетінде айтылмай жүр.
Б. Өтетілеуов бертінде, соғыстан кейін (1949) қайтыс болғанымен, оның негізгі әдеби мұрасы революциядан арғы дәуірде жатыр.Оның еңбектеріне 1940 жылға дейін әдебиет – зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Тек қана жарыққа шыққан кітаптары жөнінде қысқаша хабарлар бар. Бертін келе, Бекет Өтетілеуовтің мұрасын жинауда, жұртшылыққа таныстыруда айтарлықтай еңбек сіңірген профессор Е. Ысмаилов болды. Б. Өтетілеуовтің аты оқулықтарда, әдеби зерттеу жұмыстарда ауызға алынып, қазақтың ХХ ғасырдағы ағартушы демократ жазушылармен бірге атала бастады. 1941 жылғы орта мектептің 9 сыныбына арналған қазақ әдебиеті оқулығында Б. Өтетілеуовтің жазушылық қызметіне әділ баға берілген болатын. Ал М. Әуезов 1923 жылы жазған «Мұра» атты шығармасында Бекет Өтетілеуовке жазушы ретінде жоғары баға берген. Бір өкініштісі оның аудармалары, төл туындылары мектеп қабырғасында жеке оқытылмай жүр.
Ел тарихына қоғам қайраткері ретінде педагогтық, ақынжандылық өшпестей із қалдырған, ісі ел есінен ешқашан жойылмайтындай үлгілі - өнегелі бейне мен мұрасы бар әйгілі жерлесіміз Бекет Өтетілеуов кейінгі ұрпаққа үлгі.
Бекет Өтетілеуовтің өмірі және әдеби шығармашылық мұрасы.
Кейінгі, арттағылар оқып көрер,
Сөзімді керек десе жинап – терер,
Бекеттей аудармашы болыпты деп,
Өзінше уақытында баға берер.
(Бекет Өтетілеуов)
Уақыт өткен сайын өзіміз пір тұтқан, табынған тұлғалардан алыстай бастаймыз. Бұл шыр айналған тарихтың заңды құбылысы.
Күні бүгінге дейін зерттеуден сырт қалып келе жатқан ауыз әдебиетінің жеке нұсқаларын, әдебиетіміздегі арғы дәуірдегі кейбір өкілдерін былай қойғанда, қазақ әдебиетінің Абайлық және совет дәстүрлерінің арасында өмірі мен творчествосы жұртшылыққа әлі таныстырылмаған ақын, жазушылар бар. Солардың бірі – Бекет Өтетілеуов.
Б.Өтетілеуов - қазақтың белгілі жазушысы – педагогы Спандияр Көбеевпен тел өскен, бір жүріп, бірге оқыған. Екеуінің де түскен жолы кешегі Ы.Алтынсарин салған сәтті де жемісті жол болды.
Бекет Өтетілеуов туралы оқта – текте баспасөз бетінде бірер ауыз жылы пікірлер айтылып жүр. Бірақ ол көлге тамған тамшы іспеттес. Сондықтан да Бекет Өтетілеуовтің есімі, оның атқарған қызметі, қайраткерлігі туралы мағлұматтар шағын ортаға белгілі де, қалың жұртқа беймәлім болып келеді. Педагог – ағартушының шығармашылық өмірбаяны әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Бекет Өтетілеуов поэзияда Абайдың реалистік жолын, жас ұрпақты тәрбиелеуде Ы. Алтынсариннің педагогтік дәстүрін жалғастырған ақын, аудармашы, белгілі – ағартушы – педагог.
Бекет Өтетілеуов көрнекті жазушы Ғабит Мүсіровтің алғашқы ұстазы болған. «Ондай жақсы оқытушыны мен кейінде сирек кездестірдім. Ол үлкен мағынада ағартушы болатын тілегі бар адам еді» деп, өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде» есіне алады. Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесінде» Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық бейнесі суреттелген.
Бекет Өтетілеуов – текті тұлпардың тұяғы, бақ қонып, қыдыр дарыған, ынтымағы бұзылмаған тоқал Арғынның ішіндегі Алдияр (таз) руынан шыққан қазақтың біртуар ұлы.
Бекет Өтетілеуов 1883 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының, Қараоба ауылында дүниеге келген. Әкесі Өтетілеу тұрмысы орта шаруа болған адам. Әйтсе де ол баласына бір жағынан шаруашылыққа бас – көз болуды үйретсе, екінші жағынан, оның болашағына көрегенділікпен қарап, оны жаз
айларында мұғалімнен оқытады. Осылайша Бекет хат таниды, жазу - сызуды үйренеді. 1897 жылы ол орыс тілінде оқытатын Бурабайдағы үш жылдық ауылдық мектепте оқиды. 1901 жылы екі класты мектептің үшінші бөлімінде бір жыл оқып, келесі оқу жылында Қостанайдағы орыс – қазақ мектебінің төртінші бөліміне барып түседі. Ол қазақ даласының тұңғыш ағартушысы, алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің қолымен іргесі қалаған орыс – қазақ мектебі еді. Екі класты мектепті Бекет Өтетілеуов 1905 жылы бітіреді. Бұл кезде Қостанайда ауылдық мектептерде мұғалімдер даярлайтын «педагогикалық класс» деп аталатын курс жұмыс істейтін. Алты кластық курсты місе тұтып, болысқа писарь, не тілмаш болып қалудан бойын аулақ салған Бекет Өтетілеуов осы курсқа түсіп оқиды. «Педагогикалық класты» 1907 жылы бітіріп, Көкшетау уезінің Қотыркөл болысындағы Қаратал ауылдық мектебіне мұғалімдік қызметке жіберіледі. Осылайша, Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық жолы сексен көлдің баурайында орналасқан, жер шоқтығы Көкшетаудың қасиетті топырағынан бастау алады.
Осыдан бастап ол қырық жылдан астам уақыт бала оқыту, бала тәрбиелеу ісімен шұғылданады. Бойындағы барлық күш – қуатын жас ұрпаққа ұлы орыс тілін үйрету жолына сарп етеді.
Бекет Өтетілеуовтің ағартушылық жұмыста белсенді қызмет еткен уақыты 1917 жылғы төңкеріске, азамат соғысына, сталиннің тоталитарлық саясатына, 30 – ыншы жылдардағы қазақ интеллигенциясының репрессияға ұшырауына, Ұлы Отан соғысы жылдарына тұспа – тұс келді.
Осындай қиын – қыстау, дүрбелең уақыттарда елдің күйзелістен шығуына жол көрсетіп, рухани қолдау жасап, дем беруде педагог- ағартушының сіңірген еңбегі мол. Қандай да болмасын қиыншылыққа қарамастан өз жұмысын адал атқарды.
1916 – 1922 жылдары Бекет Өтетілеуов Қанымжол ауылдық мектебінде мұғалімдік жұмысын жалғастырды.Өзіндей көптеген ауыл мұғалімдері сияқты Бекет Өтетілеуов те Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жерде жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмысына жаңа күш, жаңа жігермен құлшына кірісті.
Тәжірибелі мұғалім ретінде ол мектеп инспекторы болып қызмет атқарды. 1923 жылы губерниялық оқу бөлімі оны бұрынғы Ы.Алтынсарин мектебіне, кейін Қостанайдағы Казкоммуна болып ашылған жеті жылдық қазақ мектебінде меңгеруші етіп сайлайды, әрі орыс тілінен дәріс береді.Ұстаздық мамандық оқытушының сабақ беру шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруды талап ететіндігін ерте түсінген Бекет Өтетілеуов оқу – тәрбие жұмысымен шектеліп қана қоймай әдістемелік құралдар жазу және ғылыми – зерттеу жұмыстарымен де айналысты.
Денсаулығына байланысты ұстаздық ету жұмысынан уақытша қол үзсе де, оның қабырғасын қайыстырып, бүйрегіге батқаны педагогикалық қызметтің әдіс- тәсілін жетілдіру, білім берудің , жастарды оқуға ынталандырудың ұтымды жолдарын іздестіру болды. Оның жазушылыққа бет бұруының басты сыры да осында еді. Ол жазушылық қызметін педагогикалық жұмысынан бөліп қарамады.Ол көркем әдебиеттің қоғамдық қызметін жоғары бағалады.
Көбіне педагогикалық – ағартушылық талаптарға сай келетін өнегелік, өсиеттік, дидактикалық жақтары басым еңбектер жазды. Ы. Алтынсариннің үлгісімен балаларға жақсылық пен жамандақты, әділеттік пен жауыздықтың, тапқырлық пен надандықтың не екеніне түсінік беретін, шағын сюжетке құрылған өлеңдер, мысалдар жазды.
Бекет Өтетілеуовтің жазушылық қызметіне тоқталсам, негізінен орыс әдебиетінің асыл үлгілерін ана тіліне аударудан бастайды.
Бекет Өтетілеуов 1912 жылы науқастанып емделу үшін Қазан қаласына барады. Осы сапарын пайдаланып 1912 жылы өзінің тұңғыш кітабы «Дүниенің ісі ахиретке кетпесті» бастырып шығарады.
Ақынның тұңғыш кітабы «Дүниенің ісі ахиретке кетпесті» екі дастаннан құрылған. Бірінші өлеңнің аты кітапқа да қойылған, екіншісі – «Жансыз сәуегей сипатында» деп аталады. Бұл кітапты оқушыларға алғаш таныстырғаны – «Айқап» журналы. 1913 жылы журналдың «Жаңа шыққан кітаптар» деп аталатын бөлімінде мынадай хабар жарияналады : «Дүниенің ісі ахиретке кетпесті» - орысшадан тәржіме – Бекет Өтетілеуов (ұғылы). Бұл кітапты алып оқуға кеңес етеміз. Оқыған соң ойланарлық ғибрат бар. Әрине, бұл сол кезден – ақ Бекет Өтетілеуов аудармаларының бағаланғандығын байқатады.
Екінші кітабы: «Жиған терген» деп аталады, ол 1914 жылы Орынборда басылды. Негізгі аудармалары «Жиған – терген» атты кітабында жарияланған. «Жиған - терген» атты кітабы - Б. Өтетілеуовтің негізгі әдеби мұрасы болып саналады. Кітапта ақынның қолтума шығармаларымен қатар А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінді, А. Л. Лермонтовтың «Три пальмы» («Үш бәйтерек»), А. Л. Плещеевтің «Нищие» («Қайыршылар») атты өлеңдері, сондай – ақ И. А. Крыловтың он бес мысалы аударылып басылған. Сонымен қатар Б.Өтетілеуов белгілі орыс ақыны В.А. Жуковскийдің «Певец во стане руских воинов» атты ұзақ өлеңінің «Отчизне кубоксей, друзья» деп басталатын бір шумағын («Туған жер») және И.И. Хемницердің «Муравей и зерно» («Құмырсқа мен дән») деген мысалын, Н. И. Красовскийдің «Солнце всходит и заходит» («Күн шығып, күн батады мезгілімен») деген өлеңін аударып, кітабына енгізген. «Жиған - тергенде» ақынның бірнеше қолтума өлеңдері де бар. Олар: «Данышпан қазы», «Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері» және «Ғылымдық пен надандық».
«Жиған - терген» жинағындағы өлеңдері мен аудармаларынан ақынның демократиялық көзқарасы, ағартушылық ой – арманы айқын көрінеді. Адал азамат бол, туған жерің мен еліңді сүй деумен қатар ол жас ұрпақты өнер үйреніп, білім алуға үндейді. Ақын надандықтан, малға табынушылықтан теріс айналса, ғылымды асыл гауһар тасқа балап, мейілінше дәріптеп суреттейді.
Бекет Өтетілеуов 1949 жылы 9 маусымда өзінің туған ауылы – Қараобада дүниеден өтті. Оның еңбектеріне 1940 жылға дейін әдебиет – зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Тек қана жарыққа шыққан кітаптары жөнінде қысқаша хабарлар бар. Бекет Өтетілеуовтің мұрасын жинауда, жұртшылыққа таныстыруда айтарлықтай еңбек сіңірген профессор Е. Ысмаилов болды. «Бекеттен қалған азды – көпті мұра революцияға дейінгі қазақ әдебитінің тарихында өзінің реалистік бағытымен де, өнегелік, өсиеттік маңызымен де нәр қоса алады. Оны Ыбырай, Абай мұрагері ретінде зерттеу – қазақ халқының прогресшіл ой тарихын таныта түспек», - деп Ілияс Омаров айтқандай Бекет Өтетілеуов ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізге тартымды Абай дәстүрін ілегрі дамытқан қабілеті зор ақын. Ол ісімен де, жазушылық қызметімен де қараңғылықтағы елін оятуға күш – жігерін жұмсады. Халықты сауаттандыру жолында жарты ғасырға жуық мұғалімдік қызмет атқарады.
Бекет Өтетілеуовтің Крылов мысал жанрын аударудағы ақындық шеберлігі.
Бекет Өтетілеуовтің әдеби творчестволық қызметін орыс әдебиетінің асыл үлгілерін ана тіліне аударудан бастады. Оның аудармалары – түрнұсқаға жақындығы мен көркемдігі жағынан өз дәуірі үшін қазақ әдебиетінің аударма саласындағы табысы дерлік туындылар.
Орыс әдебиетінен Б.Өтетілеуовтің көбірек және шебер аударғаны –
И. А. Крыловтың мысалдары.
Мысал - әдебиеттің көне жанры, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі әдебиетінде кең тараған.
Белинский, Крылов мысалдарын әңгімелеу сапасында, сатиралық қасиетіне қарай үш топқа бөлген. Ұлы сыншының пікірінше, Крылов бір топ мысалдарында тек ақыл (мораль) үйретуші дәрежесінде қалады, бұл мысалдары баяндалу жағынан да әлсіз. Екінші бір топ мысалдарында ақыл үйрету мен поэзия екеуі шарпысып отырады. Ал, үшінші топқа кіретін мысалдарын Белинский нағыз сатиралық, поэзиялық шығармалар деп санаған.
Б. Өтетілеуов көбірек аударғаны екінші топтағы мысалдар: «Балапан қарға» («Вороненок»), «Бай мен етікші» («Откупщик и сапожник»), «Піл мен қанден» («Слон и Моська»), «Қапшық» («Мешок»), «Бүркіт пен Өрмекші» («Орел и паук»), «Түлкі мен жеміс», (Лисица и виноград), «Жарас» («Морон»), және «Арыстан» («Лев»). Бірінші топқа кіретін мысалдардан: «Аң аулаған қоян» («Заяц на ловле»), «Көкек пен көгершін» («Сочинитель и разбойник»), «Бұлбұлдар» («Соловьи»), «Бала мысық пен қараторғай», («Котенок и скворец»), «Ысырапқор мен қарлығаш» («Мот и ласточка»), ал үшінші топқа кіретін мысалдардан бір мысал «Мұжықтар мен өзен» («Крестьяне и река») мысалын аударған. Демек оның Крыловтан аударғаны әртүрлі тақырыпта жазылған мысалдар. Б.Өтетілов қай аудармасында болмасын идеялық мәнін, сатиралық өткірлігін жасытпай, қайта шыңдай түседі.
«Бала мысық пен қараторғай» мысалында қарны ашқан бала мысыққа досы қараторғай ақыл айтып білгішсінеді: