Алтын ұрпақ.,- Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар: Құрастырған М.Қыдырбайұлы, Әдістемелік нұсқау. Көкшетау, 2006 жыл, 77 бет
Вид материала | Документы |
СодержаниеТәрбие жұмысының тақырыбы Негiзгi мақсаттар мен мiндеттер Апта күндері Сейтен-нама” ойын-сайысының Аялдамалары. Негізгі тақырыптар |
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ», 4480.5kb.
- «Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру жөнінде эстетикалық цикл сабақтарында жұмыстың, 238.64kb.
- Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті студенттердің Өзіндік, 409.69kb.
- Доцент міндетін атқарушы Қайрғалиев М.Қ.; мақұлдаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык, 4253.6kb.
- Еуропа және Америка елдерінің тарихы оқу әдістемелік кешені -050202-Халықаралық қатынастар, 693.18kb.
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
- Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз орталығЫ, 38.13kb.
- Программа казан -2006, 895.95kb.
- Оқу-әдістемелік кешенінің аннотациясы: Оқу-әдістемелік кешені «Этнология» мамандығын, 407.28kb.
- ТынуодағЫ Қарағанды экономикалық университеті, 250.3kb.
(Солтүстiк Қазақстан облысы, Шалақын ауданы, Балуан орта мектебi 5-А сынып оқушылар ұжымының iс-тәжiрибесiнен)
Тәрбие жұмысының тақырыбы:
Көрнектi балалар жазушысы, араб-парсы тiлiнiң бiлгiрi, әлiппе оқулығының авторы, ҚР еңбегi сiңген мұғалiм, Сейтен Лейманұлы Сауытбековтың ғұмырнамасы мен жазушылық-ағартушылық қызметi туралы мағлұматтар жинастыру.
Негiзгi мақсаттар мен мiндеттер:
- С.Л.Сауытбековтың өмiрi мен ағартушылық қызметi жайлы оқушыларға және ауыл жұртшылығына толық мағлұматтар беру;
- С.Л.Сауытбековтың оқушыларға арналған әңгiмелерi мен өлеңдерiн (өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, төрттағандар, өсиеттер, анаграммалар т.б) жинастыру, оқып-тану және насихаттау;
- С.Сауытбековтың “Тағылым тегi” кiтабы бойынша мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған iс-шаралар жобасын жасау, оны оқушылар Кеңесi мен педагогикалық Кеңес жұмысында талқылау;
- Оқу жылы аяғында атқарылған шығармашылық жұмыстардың қорытындысы ретiнде “Сейтен-нама” атты бүкiлмектептiк танымдық-этнографиялық ойын-сайысын өткiзу;
- Мектепте Сейтен Сауытбековтың мұражайын ашу және оған мұрағаттар жинастыру;
- Жыл сайын дәстүрлi “Сейтен апталығы” атты оқу-тәрбие жұмыстарына Сейтен тағылымдарын кешендi ендiруге бағытталған ауқымды iс-шаралар ұйымдастыру;
- “Көкше” университетiнде “қазақ этнопедагогикасы және этнопсихологиясы” бойынша жыл сайын өткiзетiн халықаралық “Сейтен тағылымдары” ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп мектеп ұстаз-тәлiмгерлерiнiң көмегiмен ғылыми-әдiстемелiк мақалалар жинағын жариялау;
- Сейтен мұралары негiзiнде мектептегi тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар шығару, озық педагогикалық тәжiрибелер жинастыру;
- Шығармашылық әрекетiмiздi мектеп педагогтар мен ата-аналар қауымдастықтарымен бiрлесе отырып жүргiзу;
Негiзгi атқарылатын жұмыстар:
- Педагогикалық қауым және оқушылар Кеңесiмен кеңесе отырып мектептегi тәрбие жұмысына Сейтен тағылымдарын енгiзу мәселелерi жөнiнде жұмыс атқару;
- “Сейтен зоопаркi” үлгiсiндегi мектептiң жас натуралистер клубын ашу;
- “Сейтен апталығы” iс-шарасының өтiлу мерзiмiн және жүргiзiлу жоспарын бекiту;
- “Сейтен-нама” бүкiлмектептiк ойын-сайыстың жалпы жүргiзiлу мен ұйымдастырылу жоспарын жасап, оны “Атамекен Ордасында” бекiттiру;
- “Тағылым тегi” кiтабы бойынша:
- Бастауыш сыныптарға Сейтен Сауытбековтың өлең-тақпақтарын оқып-жаттауды;
- Орта буындағы сынып ұжымдарына Сауытбеков шығармаларындағы тыйым сөздер, бата-тiлектер, анаграммалар, нақыл сөздер және басқа тақырыпты қамтыған шығармаларын оқып-тануды ұйымдастыру;
- Жоғарғы сынып ұжымдарына С.Сауытбековтың әңгiмелерi, ертегiлерi, публистикалық шығармалары және ғылыми еңбектерi жөнiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзудi ұсыну;
Бүкiлмектептiк “Сейтен ғибраттары” атты кешендi ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарының жоспары
Рет саны | Тәлім-тәрбие жұмыстары | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | Бастауыш сынып оқушыларына арналған “Сейтен ғибраттары” атты тәрбие сағаты. | Қыркүйек | Сынып жетекшілері Ұжымтоп белсенділері |
2 | Бүкiлмектептiк “Сейтен оқулары” атты ұстаз-тәлiмгерлердiң семинарын өткiзу. | Қыркүйек | Педагогикалық кеңес Оқушылар кеңесі Ата-аналар комитеті |
3 | Сейтен мұралары жөнiнде ұсыныс-пiкiрлер жинақтау, педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен бiрлесе отырып тәжiрибе алмасу, жұмыс жоспарын белгiлеу. | Қыркүйек | Мектеп мұражайы Ұжымтоп белсенділер “Ескінің көзі” этножорық мүшелері |
4 | Сейтен Сауытбековтың академик жазушы Сәбит Мұқановпен қарым-қатынасы жөнiнде деректер жинастыру. | Қыркүйек | Оқушылар кеңесі Аға тәлімгер |
5 | “Тағылым тегi” кiтабы бойынша әдеби-педагогикалық панорамалық сабақ үлгiсi. | Қазан | Ұжымтоп белсенділер Пән мұғалімдер |
6 | Сыныптар арасында С.Сауытбековтың өлең-тақпақтары бойынша сайыс және әдеби кеш ұйымдастыру. | Қазан | Ұжымтоп белсенділері Сынып жетекшілері |
7 | С.Сауытбеков ұстаздық еткен және ғылыми қызметпен айналысқан елдi мекендермен байланыс орнату, хат-хабар алысу, бiрлескен iс-шаралар өткiзу. | Қазан | Оқушылар кеңесі Ата-аналар комитеті |
8 | С.Сауытбековтың Ғабит Мүсiреповпен шығармашылық қарым-қатынасы жөнiнде iзденiс жұмыстарын жүргiзу. | Қазан | Пән мұғалімдері Үйірме мүшелері |
9 | Мектептiң әр сыныбында С.Л.Сауытбековке арналған сынып бұрыштарын ұйымдастыру, оны Сейтен өсиеттерiмен байланыстыра отырып безендiру. | Қараша | Оқушылар кеңесі Ұжымтоп белсенділері Аға тәлімгер |
10 | С.Сауытбековтың жазған мақал-мәтелдерi бойынша оқушылар арасында ойын-сайыс өткiзу. | Қараша | Пән мұғалімдері Үйірме мүшелері |
11 | С.Л.Сауытбековтың “Жарысқазан” этнографиялық әңгiмесi бойынша түсiрiлген мультфильмдi көру және оны талқылау, одан алған әсерлерi жөнiнде оқушылардың пiкiрлерiн жинақтау. | Қараша | Мектеп телерадио студиясы мүшелері Оқушылар кеңесі |
12 | Сейтен Сауытбековтың профессор-әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкiшевпен шығармашылық қарым-қатынастары жөнiнде деректер жинастыру. (Алматыда ҚР Ұлттық кiтапхана ғимаратында 2004 жылдың сәуiр айында С.Л.Сауытбековтың 95 жылдығына орай, белгiлi ақын-жазушылар мен ғалымдар Т.Молдағалиев, С.Жүнiсов, Т.Кәкiшев, А.Қошанов т.б адамдардың қатысуымен өткен кездесудiң видеоматериалын оқушыларға көрсету ) | Қараша | Оқушылар кеңесі Пән мұғалімдері Ата-аналар комитеті |
13 | Сейтен Сауытбековтың “Қазақ әлiппесi” оқулығымен танысу, оны мектептегi сабақ үрдiсiнде қосымша материал ретiнде пайдалану. С.Сауытбековтың Герольд Белгермен қарым-қатынасы жөнiнде деректер жинастыру | Желтоқсан | Ұжымтоп белсенділері Шығармашылық бірлестік мүшелері Бастауыш сынып мұғалімдері |
14 | Сейтен Сауытбеков ғылыми қызметпен айналысқан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы қызметкерлерiмен қарым-қатынас орнату. | Желтоқсан | Пән мұғалімдері Шығармашылық бірлестік мүшелері |
15 | Сейтен Сауытбековтың халық ақыны Тұманбай Молдағалиевпен шығармашылық қарым-қатынасы жайында деректер жинастыру. | Қаңтар | Оқушылар кеңесі Пән мұғалімдері |
16 | С.Сауытбековтың ертегiлерi бойынша оқушылар арасында ойын-сайыс ұйымдастыру. | Қаңтар | Сынып жетекшілері Ұжымтоп белсенділері |
17 | С.Сауытбековтың “Жануарлар қалай үн шығарады” атты әңгiмесi бойынша түсiрiлген мультфильмдi тамашалау, пiкiр жазу жұмыстарын ұйымдастыру. | Қаңтар | Бастауыш сынып мұғалімдері Оқушылар кеңесі Аға тәлімгер |
18 | С.Сауытбековтың Мұзафар Әлiмбаевпен шығармашылық қарым-қатынасы туралы деректер жинау. | Ақпан | Аға тәлімгер Шығармашылық бірлестік мүшелері Ұжымтоп мүшелері |
19 | С.Сауытбековтың “Төрт түлiк малдың төлдерiн шақыру” әңгiмесi мен өлеңдерi бойынша тәрбие сағатын өткiзу. | Ақпан | Сынып жетекшілері Ұжымтоп белсенділері |
20 | Сейтен Сауытбеков ұстаздық еткен мектептермен (Cемиполка, Ыбырай, Гавриловка, Қызыл отау, Шыбықкөл) қарым-қатынас орнату. | Ақпан | Оқушылар кеңесі Сынып жетекшілері |
21 | Сейтен Сауытбеков ғылыми қызметпен және аударма жұмыстарымен айналысқан ҚР Ұлттық кiтапхана қызметкерлерiмен қарым-қатынас орнату. | Наурыз | Шығармашылық бірлестік мүшелері Ұжымтоп белсенділері Аға тәлімгер |
22 | С.Сауытбековтың әңгiмелерi бойынша тәрбие сағаттарын өткiзу. | Наурыз | Сынып жетекшілері Оқушылар кеңесі |
23 | С.Сауытбековтың Ғафу Қайырбековпен шығармашылық қарым-қатынасы жөнiнде деректер жинастыру. | Наурыз | Ұжымтоп белсенділері Үйірме мүшелері |
24 | Сейтен Сауытбековтың әңгiмелерi мен ертегiлерi бойынша шығарма жазу әдеби-сайыстарын өткiзу. | Сәуiр | Пән мұғалімдері Оқушылар кеңесі |
25 | Сейтен Сауытбековтың академик А.Қошановпен қарым-қатынасы жайында деректер жинастыру. | Сәуiр | Ұжымтоп белсенділері Аға тәлімгер |
26 | Сейтен Сауытбековтың “Балуан” өлеңi бойынша мәнерлеп оқудан әдеби жарыстар ұйымдастыру. | Мамыр | Пән мұғалімдері Оқушылар кеңесі |
27 | Мектептегi Сейтен мұражайына экскурсия ұйымдастыру. | Мамыр | Мектеп мұражайы мүшелері Аға тәлімгер |
28 | “Сейтеннiң Сары кiтабындағы” көне араб-парсы тiлдерiнен аударған шығармалары жөнiнде деректер жинастыру. | Мамыр | Шығармашылық бірлестік мүшелері Ұжымтоп белсенділері |
29 | Сейтен Сауытбеков жөнiнде еңбектер мен мақалалар жазған Қ.Омаров, Т.Нұртазин, Е.Мырзахметов, Т.Қажыбаев, С.Жетпiсқалиев, А.Қорғанбеков, С.Тұрғынбеков, Е.Қожахметов, Ж.Сүлейменов және басқа адамдардың естелiктерiн жинастыру. | Мамыр | Оқушылар кеңесі Пән мұғалімдері Ата-аналар комитеті |
Бүкiлмектептiк “Сейтен апталығының” жоспары
Рет саны | Апталықтың негізгі тақырыбы | Апта күндері | Жауаптылар |
1 | Сейтен Сауытбековтың ғұмырнамасы және жазушылық-ағартушылық қызметi жайында тәрбие сағаттарын өткiзу | Дүйсенбi | Сынып жетекшісі |
2 | Сейтен Сауытбеков атындағы мұражайға экскурсия жасау | Дүйсенбi | Мектеп мұражайы мүшелері |
3 | С.Сауытбеков өлең-тақпақтары бойынша сынып арасындағы әдеби сайыстар | Сейсенбi | Пән мұғалімдері |
4 | С.Сауытбеков шығармаларындағы адамгершiлiк тәрбие тақырыбына арналған тәрбие сағаты. | Сейсенбi | Сынып жетекшілері |
5 | Орта буынғы сыныптар арасында Сейтен атайдың мақал-мәтелдерi мен тыйым сөздерi бойынша ойын-сайыс | Сәрсенбi | Аға тәлімгер |
6 | Сейтен шығармаларындағы экологиялық тәрбие тақырыбына арналған тәрбие сағаты | Сәрсенбi | Пән мұғалімдері |
7 | Сейтен Сауытбековтың “Өртенген өлең” әңгiмесi бойынша жоғарғы сынып оқушыларының панорамалық сабақ-үлгiсi | Бейсенбi | Пән мұғалімдері |
8 | Сейтен Сауытбековтың “Тағылым тегi” кiтабы бойынша жоғарғы сынып оқушылары арасында өткiзiлетiн оқушылардың ғылыми-педагогикалық форумы | Бейсенбi | Шығармашылық-әдістемелік орталық мүшелері |
9 | Сейтен Сауытбековтың әңгiмелерi негiзiнде түсiрiлген деректi және мультипликациялық фильмдердi көру, пiкiр жазу | Жұма | Аға тәлімгер |
10 | Атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Жеңiмпаздарды марапаттау. | Сенбі | |
Бүкiлмектептiк “Сейтен-нама” ойын-сайысы
Ойын-сайыс оқушылардың жас ерекшелiктерi негiзiнде бiрнеше танымдық Аялдамалар бойынша өткiзiледi. Алдымен ойын-сайысты ұйымдастыру Штабы құрылады. Штаб Аялдамалар тақырыбын және ондағы оқушыларға қойылатын сұрақтарды және жауапты адамдарды (ауыл ақсақалдары, тәжiрибелi мұғалiмдер) белгiлейдi.
Әр сынып ойынға қатысушы топ мүшелерiн анықтайды, олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргiзедi. Топ ұжымының атауын, ұранын, елтаңбасын, әнұранын, киiм үлгiсiн, төсбелгiсiн және басқа рәмiздерiн иеленедi.
Ойын штабының талабы бойынша әр топқа арнайы бағдар-карта берiледi. Бағдар-картада топтың әр Аялдамаға баратын жолдары көрсетiлген кестелер болмақ. Топ басшысы схемада көрсетiлген Аялдаманы аралау барысында, жауапты адамдар сауалына жауап берулерi тиiс. Ойын соңында қорытынды жасалып ең жоғары баға алған топтар анықталып, мектеп әкiмшiлiгi тарапынан марапатталады.
“ Сейтен-нама” ойын-сайысының Аялдамалары.
1-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың ғұмырнамасы.
2-шi Аялдама. “Тағылым тегi” кiтабының жалпы мазмұны мен ерекшелiктерi
3-шi Аялдама. Сейтен тағылымдарындағы өлең-тақпақтар, төрттағандар, мысалдар.
4-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың ертегiлерi. Бiр ертегi тақырыбы бойынша сахналық қойылым көрсету.
5-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың қазақтың белгiлi қоғам қайраткерлерi мен ақын-жазушыларымен қарым-қатынасы.
6-шы Аялдама. Сейтен шығармаларындағы әңгiмелер мазмұны.
7-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың авторлық Әлiппе оқулығының мазмұны.
8-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың әдеби-педагогикалық шығармаларын зерттеп жүрген ғалымдар.
9-шы Аялдама. Сейтен Сауытбековтың шығармаларындағы имандылық пен адамгершiлiк идеялары.
10-шы Аялдама. Сейтен Сауытбеков ұстаздық еткен және ғылыми қызметпен айналысқан жерлер және оның ғылыми еңбектерi туралы.
11-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың “Сары кiтабы” атты еңбектiң тарихы.
12-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың өсиеттерi мен бата-тiлектерi.
13-шi Аялдама. Сейтен Сауытбеков шығармаларындағы этноэкологиялық бiлiм мен тәрбие мәселелерi.
14-шi Аялдама. Сейтен Сауытбековтың балаларға арналған жұмбақтары.
15-шi Аялдама. Сауытбеков шығармаларындағы еңбек тәрбиесi туралы.
16-шы Аялдама. Сейтен Сауытбековтың авторлық мектебi туралы мағлұматтар
Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру ісін оқу үрдісімен байланыстыру мақсатында Сейтен Сауытбековтың ғұмырнамасы жайлы әдебиет пәні бойынша қосымша оқу-әдістемелік және тәлім-тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыруға болады. Айталық 5 сыныпқа арналған әдебиет пәніндегі С.Мұқановтың “Лашын” (170-174 бет) және Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты” (174-188 бет) повестері бойынша сабақ беру барысында, пән мұғалімдерінің Сейтен Сауытбековтың аталмыш жазушылармен тығыз қарым-қатынаста болғаны жайында қысқаша әңгімелеп беруі – оқыту мен тәрбие жұмысының тиімділігін практика жүзінде дәлелдей түсетіні анық. Бұл орайда пән мұғалімдері С.Сауытбековтың жалынды революционер Баймағамбет Ізтөлиннің жанқиярлық ерлігі жайлы жазған “Өртенген өлең” атты повесінің жарыққа шығуына
Сәбит Мұқановтың ақыл-кеңес бергенін сол кезеңдердегі тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып баяндауға мүмкіндік алды.
Келесі бөлімде 5-8 сынып оқушыларына этноэкологиялық тәрбие беру мақсатында “Атамекен” бағдарламасына байланысты “Жер-Ана” атты қосымша әдістемелік нұсқау жасап ұсынуды жөн көрдік. Себебі экологиялық тәрбие бүгінде тың және өте көкейтесті мәселе болып отыр.
“Атамекен” бағдарламасының “Жер-Ана” Бағыты бойынша 5-8 сынып оқушыларына қазақ халық педагогикасы материалдары негізінде этноэкологиялық тәрбие берудің ғылыми - әдістемелік нұсқауы
Рет саны | НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАР | ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР | ҚОСЫМША МАҒЛҰМАТТАР |
1 | Ғылыми экология туралы жалпы түсінік Экология гректің “ эйкос - үй, жай ”, және “ логос - ілім ” деген сөзінен шыққан. Экология терминін ғылыми айналымға неміс биологы Э.Геккель ( 1866 жылы ) ұсынған. “ ... под экологией мы понимаем ”-, деп жазды Э.Геккель: “... сумму знании, относящихся к экономике природы: изучение всей совокупности взаимоотношении животного с окружающей средой ” деген болатын. Экология жөнінде Энциклопедиялық сөздікте былай деп жазылады: “ ... Экология - наука о взаимных влияниях организма ( животного или растения ) и окружающей среды және Советтік Энциклопедиялық Сөздікте ( СЭС ) : “... экология - наука об отношениях растительных и животных организмов и образуемых ими сообществ и с окружающей средой ” -, деп, ғылыми анықтама берілген. Экология ғылымы жөнінде батыс ғалымдары: Ю. Одум, Р. Дажо, Н.Ф. Реймерс, П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс, П. Кемп, У. Линден, Ж.Леме, ресейлік ғалымдар: В.А.Вронский, Ю.Н. Куражковский, Д.Ж. Маркович, К.С. Лосев, Н.М. Чернова, А.М. Былова және қазақстандық ғалымдар Ә.С. Бейсенова, С. Әубәкіров, А. Әбдірахманов, Ұ.М.Ысқақов, Н. Сейітов, В.С. Слащев және басқа эколог ғалымдардың еңбектері құнды. Экология сондай-ақ: география, химия, биология, табиғаттану, жаратылыстану және басқа пәндермен тығыз байланысты. | Жалпы түсінік Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. | Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен Ү Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр. |
2 | Экологиялық проблемалар Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар - глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде. | Экология ілімінің түпнамасын жұмыр Жер жаратылысының тарихынан бастап таратқан дұрыс. Оның себебі: әуел бастағы Жердің протобиологиялық эволюция дәуірлерін геохронология тұрғысынан сараптайтын болсақ, даму мен қалыптасу эраларындағы: эндогендік, экзогендік және тектоникалық табиғи апаттар күштерінен пайда болған экологиялық құбылыстарды байқауымызға болады. Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктеріне сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы - экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы - ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен - ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады. | Антропогендік ықпалға дейінгі қалыптасқан орасан сыртқы және ішкі күштер жиынтықтары ( космостық, вулкандық, магмалық, сейсмикалық, геосинклинальдік, гидрокатастрофалық т.б.) жер ландшафтысы мен биосферасын, рельефін қатты өзгерістерге ұшыратумен бірге, айтарлықтай экологиялық проблемаларды туындатты. |
3 | Экология тарихы Экология ілімінің түпнамасын жұмыр Жер жаратылысының тарихынан бастап таратқан дұрыс. Оның себебі: әуел бастағы Жердің протобиологиялық эволюция дәуірлерін геохронология тұрғысынан сараптайтын болсақ, даму мен қалыптасу эраларындағы: эндогендік, экзогендік және тектоникалық табиғи апаттар күштерінен пайда болған экологиялық құбылыстарды байқауымызға болады. Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы - экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы - ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен - ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады. | Экологиялық апаттар Әлем кеңістігінде белең ала бастаған экологиялық апаттар ареалдары жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Әсіресе, жер шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік мұхит экожүйесінің ластануы - биогеоценоз айналымының тежелуіне ұйытқы болуда. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа қабатына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна дүниелерінің деградациялануы сияқты көріністер жыл өткен сайын жиі қайталануда. | Эколог мамандардың статистикалық мәліметтеріне көз жіберсек, адамзат перзентінің шаруашылық әрекеттерінен жыл сайын: 100 млн. тонна темір рудасы мен құрылыс материалдары, 4 млрд. тонна мұнай өнімдері, 2 млрд. тонна көмір өндіріледі екен. Егіс алқаптарына 92 млн. тонна тыңайтқыш, 2 млн. тонна улы химикаттар төгіледі екен. Атмосфера қабатына 200 млн. тонна көмір тотығы, 50 млн. тонна көмірсутегі қоспалары, 146 млн. тонна күкірт диоксиді, 53 млн. тонна азот тотықтары және 250 млн. тонна шаң-тозаң көтеріледі екен. Әлемдік мұхит қайраңына 10 млн. тонна мұнай өнімдері мен өзен бассейндеріне 32 млрд. метр. куб. лас сулар мен жуындылар төгіледі екен. |
4 | Экологиялық білім Адамзат баласының осыншама зиянды әрекеттері одан ары жалғаса беретін болса, онда жер бетінде өмір сүру мәселесінің ауыр қасіреттерге ұрындырары хақ. Аталмыш, алпауыт кесепаттардың алдын алу үшін, бүгінгі жас ұрпақ табиғи тепе-теңдіктің ауытқуына әсер етіп жатқан ол күрделі құбылыстардың себеп-салдарын, пайда болу негіздерін терең зерделей білгені абзал. Осы тұжырымымыздың негізгі түйіні - экологиялық білім мен тәрбие негіздері болып табылмақ. Осы мақсатты жүзеге асыруда көптеген тәжірибелер жинақталып келеді. Ол дүниелерді игіліктендірудің бағыт-бағдары мен ғылыми негіздері барынша қалыптасты. Әдетте, эколог ғалымдар аталмыш проблеманың себеп-салдарының теориялық негіздерін зерттеумен шұғылданса, кейбіреулері жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіруді мақсат етуде. Біздің ойымызша экологиялық білім дегеніміз - адамзат перзентінің қоршаған ортаға тигізген антропологиялық ықпалдарының себеп-салдарын терең ұғынуға, оқып-тануға бағытталған теориялық ой-пікірлер жиынтығы болса, ал экологиялық тәрбие дегеніміз - жинақталған теориялық білімдер негізінде жас ұрпаққа кешенді түрде тәлім-тәрбие беру және шығармашылық-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру жүйесі болмақ. | Экологиялық анықтама Экология негіздерін тану барысында біз Н.Ф.Реймерстың (1994) қазіргі заманғы экологиялық структурасына сүйенуді жөн көрдік. Реймерстің пайымдауынша экология ғылымы бірнеше салаға бөлінеді. Олар: Динамикалық экология, аналитикалық экология, жалпы экология, қолданбалы экология, геоэкология, антропоэкология (адам экологиясы), әлеуметтік экология. Жалпы экологияға: аутэкология, синэкология, биоэкология, популяциялық экология, биогеоценоздық экология, глобальді экология жатады. Қолданбалы экологияға: өндірістік-инженерлік экология, техногендік экология, ауылшаруашылық экологиясы (агроэкология), медициналық экология, өнеркәсіп орындары экологиясы, химиялық экология, рекреациондық экология, геохимиялық экология, табиғат байлықтарын игеру экологиясы жатады. Геоэкологияға: құрлық экологиясы, өзен-су экологиясы (гидроэкология), теңіз бен мұхит экосистемасы, таулы аймақтар экологиясы, қиыр солтүстік аймақ экологиясы кіреді. Адам экологиясына (антропоэкология ): қала экологиясы, аркэкология, қоныстану ( көші-қон) экологиясы жатады. Әлеуметтік экологияға: Адамзат өркениетінің экологиясы, тұлға экологиясы, мәдени экология, этноэкология жатады. Жалпы биоэкологияға: өсімдік экологиясы, жан-жануарлар экологиясы, микроорганизмдер экологиясы, суда тіршілік ететін организмдер экологиясы жатады. | Аталмыш экологиялық классификация негіздері Х. Тиль, Ю.К.Ефремов, П.С.Захаров, М.Тангу және Ю.Одум еңбектерінде кездеседі. Біздің ойымызша классификациялар жүйесіне қосымша: Антропогенге дейінгі экологиялық құбылыстар; Ғарыш (космос) және атомдық қондырғылар экологиясы; Глобальді экология; Ғылыми-техникалық прогерсс және техногенез экологиясы; Тереңдетілген экология негіздері; Этноэкология атты тақырыптар арнайы сала. |