Диссертация ғылыми жетекшісі : филология ғылымдарының

Вид материалаДиссертация

Содержание


Ақбала ығысқан жоқ
Бұл әйел жеті дұспанның бірі
Сақыпжамал кимешегінің етегіне орап алып, сәбиді алдына жатқызды.
Шешесінен көзін ашпай жатып айрылып, бет­бейнесінің қандай екенін ұмытып қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жү
Киеван шалдың мұндай сәттерде шектен тыс шікәмшіл, шектен тыс мейірімсіз, қатыгез боп кетерін жақсы білетін Қыжымкүл артық
Балам, сен ренжіме. Өңкей қыздардың арасында өскен бала көңілге қарағыш, елжіреуік келеді. Қыз деген сайтан, бәрін аңғарғыш келе
Патша алаңсыз іс жасасын, падиша кімнің дос, кімнің жымысқы екенін сырттай бақылаушы
Е,е, көптен бері хабарласпаған болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жақынысыз ба?
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
қатын? – деді. Қасындағысы жырқ етіп қалды.

Ақбала ығысқан жоқ:
  • Сенің аузыңа қайдағы бір жұртта қалған сөз түседі-ау! – деді.
  • Е, қатын дегенге намыстанамысың? Қатын емей немене ең! Жұт жылы жарты қап бидай, жалғыз бұзаулы сиырға сатылғаның өтірік пе?
  • Сонда да сенің аузыңа түсе қоймағанмын. Жырылып кеткемін.

Әйел қашан да әйел ғой... «Жырық аузыңнан жырылып кеткенмін» дегелі тұрды да, оны айтпай, әдеп сақтап еді, бірақ «жырылып» дегеннің өзі де жетіп жатыр екен, қоян жырық үндей алмай қалды. Өр кеуде басыла берді

(Ғ.Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне).

Екіншіден, әйел – төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен жамандықтың, ретсіздіктің символы. Орыс тілінде «әйел» сөзінің жағымсыз түп­төркіні бар, себебі онда ­щина жұрнағынан жасалған сөздердің бәрі көзге ілмеу, менсінбеу, жек көру сияқты жағымсыз бағаға, коннотацияға ие. Мысалы, женщина, деревенщина, казенщина, групповщина, чертовщина, обломовщина т.б. Қазақ мәдениетінде де әйелге қатысты жағымсыз коннотациядағы ассоциациялар кездеседі. Әйелге байланысты әсіресе ауызекі тілде көп қолданылатын шүйкебас, төмен етекті, шөпжелке, ұрғашы сияқты кемсіту мағынасындағы сөздер бар. Әйелді «ақылы шолақ, сөзі көп» деп еркектен кем санайтын түсінік қазаққа да тән екені көркем мәтіннен де көрінеді: «Өсекші он әйелден өтірікші бір шал артық», балалар, тым болмағанда әкелеріңнің қадір-қасиетін айтып беретін бір ауылға жаман болса да бір шал керек (О. Бөкей. Мұзтау).
  • Әй, әй, Мөңке, - деп ол бір бүйірден килікті. – Көлгектейтін не бар. Көмейіңді буып, қылғынып сөйлеуді қой. Әйел ауыр қаза емес. О, тәйірі, теңіз жағасында ең таңдаулы әйел мықты бір қараның пұлынан аспайтын боп тұр ғой.

Ойбай-ау, бұрынғылар біліп айтқан ғой . Бұл әйел жеті дұспанның бірі ғой. Ер жігітке опа берген бе? Ау! Ау, Еламанжан-ау, Ақбала да опасыз болып шықты. (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

Қап, мына мыстан дымымызды құртты-ау! Айтқан соң айта түспей ме ақыры (Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала).

Дәстүрлі қазақ дүниетанымында тұлғалықты, даралықты білдіретін төл категориялар бар. Осындай ұғымға «тектілік» жатады. Тектілік ерге де, әйелге де, байға да, кедейге де тән қасиет. Ол кез келген адамда болмайды. Тектілік деңгейін «тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі, халқының тектілігі» деп бөлген философ ғалым А.Адаеваның пікірінше, «осы тұқым мен қан тектілігі туралы қазақ түсінігі ерте заманнан бастау алғанын және бұл қасиетке атасы мен анасының бірдей жауапты екенін, көбінесе әкесінен гөрі анасының тегіне қатты мән берілетіндігін, қазақ түсінігінде елді текті адам билеуі тиіс екенін дәлелдейтін мысалдар жеткілікті» [12, 96 б.]. Әсіресе, ақын-жыраулар шығармашылығындағы «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі жоғарыдағы ұлттық дүниетаным құндылықтарына сәйкес келеді:

Қатын алдың қарадан,

Айрылдың хандық жорадан,

Ел ұстайтын ұл таппас,

Айрылар ата-мұрадан!

Мұны неге білмейсің! ( Асан қайғы. Бес ғасыр жырлайды).

Шынында да, халық аңыздары мен жырларында, тарихи хикаяларда, шежірелерде, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардан ата-бабаларымыздың ең алдымен ана тегіне ерекше назар аударғаны жайлы деректерді жиі кездеседі. Бұл туралы Л.Н.Гумилевтің: «...Анасының шыққан тегіне айрықша маңыз берілген. Мәселен, Ханзада Төременді тақтан тайдырудың себебі «шешесінің шыққан тегінің төмендігі болады. Әрине, бұл желеу, оның саяси жауларының айла-амалы ғана, бірақ сол дәлелінің қызықтығына қараңызшы», – деп жазуы тегін емес [13, 72 б.].

Жоғарыдағы жайттарды қазіргі ғылыми зерттеулер нәтижесі де дәйектей түседі. Заманауи генетика ғылымы ақыл-парасаттың ана бағыты арқылы берілетінін дәлелдейді. Ойлау қабілетіне жауап беретін гендер–Х-хромосомасы ұзындық бойына орналасқан. Әйелдерде ол екеу (ХХ), еркектерде біреу (XҮ). Дүниеге келген ұл бала ақыл қабілетін өзінің анасының генінен алады, ал қыз бала бір Х хромосомасын шешесінен, біреуін әке жағынан әжесінен алады, себебі әкенің Ү хромосомасында аталған қабілет жоқ. Ақыл-парасаттың ұрпақтан ұрпаққа берілуі осылайша жүзеге асады [14, с. 682-683].

    1. «Қазақ әйелі» концептісінің психофизиологиялық негізі


Қазақ әйелінің рухани дүниесінің, төл мәдениетінің тілде қай деңгейде көрініс тапқанын айқындайтын, ол туралы ұлттық деректерді келешек ұрпаққа жеткізуші лингвомәдениеттану ғылымы психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланысты. Атап айтқанда, «қазақ әйелі» концептісінің кілтін ашуда әйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық жақтарымен қарастыру тиімді болмақ. Әрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тіл білімінде кенжелеу қалып жатыр. Ал жалпы тіл білімінде (орыс тіл білімінде) ол біршама қалыптасып қалған.

Ерлер мен әйелдердің даму эволюциясы олардың жағдайлары әртүрлі болуына байланысты түрліше жүрген. Ертеде ерлер аң аулап, әйелдердің жеміс тергені тарихтан мәлім. Еркектер қорғау қызметін атқарса, әйел бала бағумен айналысқан. Осы бағыттағы дамудың нәтижесінде олардың денесі мен санасы түрліше қалыптасқан. Алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру барысында олардың денесі қалыптасуымен бірге ойлау қабілеті де өскен. Соған байланысты еркектер әйелдерге қарағанда биік және қайратты бола түскен. Миллиондаған жылдар бойы олардың ми құрылымы да бір-бірінен ерекшеленетін талаптарға байланысты өзгеріп отырған. Кейінгі кездегі ғылыми тәжірибелер балаларды адамдардан, ұйымдасқан қоғамнан, ата-аналарынан жырақ аралда тәрбиелесе де, қыздар бәрібір қуыршақтарын киіндірумен, жұбатып, тәрбиелеумен айналысатыны, ал ұлдардың бір-бірімен күш және ақыл-парасат жағынан бәсекелесе жарысқа түсіп, айқын иерархиялық топ құратыны анықталған. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, бұның себебі, біздің ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп ұйымдастырылған [15]. Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды. Бұл ғылыми болжамды төл әдебиетіміздегі тілдік деректер де растай түседі:

Сақыпжамал кимешегінің етегіне орап алып, сәбиді алдына жатқызды.

Ойбүй, ұмытып барады екем-ау, – деп қайтадан жалаңаштап бір қол, бір аяқты кергіштеп- созып, тартқыштап- тигізіп отырып: Өс! Өс!– деп қояды.

...Құлнияз кемпіріне бүгін ырза. «Құдай­ау, пұшпағы қанамаған жазған шіркін, осының бәрін қайдан үйреніп жүр?Тап бір он баланың анасы болғандай қолы қолына жұғар емес. Әлде табиғат – тәңір әйел баласына аналық құдіретті іштен сіңіріп, қанына құйып бере ме екен? Құдды бір тұмса келіншектей жасарып алғанын қарашы!»( С.Сматаев. Елім­ай).

Шешесінен көзін ашпай жатып айрылып, бет­бейнесінің қандай екенін ұмытып қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жүрген ебіл-себіл әйелді: «Апа!» дейтінді шығарды. Бауырына басын тығып ұйықтайтынды шығарды. Қараңғы түнде омырауына тұмсығын тығып пысылдап жатқан кішкене сәбидің кекілін сипап кемсеңдеп жылап шығатын атымен бөтен бейтаныс әйелдің көкірегіне сүт жүгірді (Ә. Кекілбаев. Үркер).

ХХ ғасырдың 90­жылдары ғалымдар біз дүниеге келген сәтте миымызға базалық бағдарламалардың ендіріліп қойғанын дәлелдейтін бұлтартпас ғылыми деректер ұсынды. Ықылым заманда ерлердің – аңшы, әйелдердің – тәрбиеші болғандығы күні бүгінге дейін сол екі жыныстың мінез-құлқы, басымдылықтары мен көзқарастарына өз үстемдігін жүргізеді. Ерлер мен әйелдердің өздерін түрліше ұстауы ми қызметінің өзгеше ұйымдастырылуында. Бұл екі жыныстың дүниені екі түрлі қабылдауының, басқа басымдылықтар мен өзге құндылықтарды дұрыс санауына әсер етеді. Мысалы,

Әйел табиғаты да – құпиясы мол, жұмбақ, сырлы дүние ғой. Әйелдің құдіреті – сол сұлулығы мен нәзіктігінде. Еркектер ерлігімен, батырлығымен жеңе алмаған нәрсені әйелдер кейде назды бір күлкісімен-ақ жаулап алады. Егер әйелдер өз күйеулерін шынжырлап ұстаса, оны кез келген еркек үзіп кетер еді. Соны түсінетін ақылды әйелдер еркекті, көбінше, сезім қылымен арқандайды. Ол – темірден де берігірек (Қ. Жұмаділов. Саржайлау).

Әйел өзге әйелдің біреуге ренжігенін, түрлі көңіл толқуын бірден сезеді, ал ерлердің мұны түсінуі үшін бірнеше физикалық дәлел қажет: әйел көз жасын төгіп жылау керек, ыдыс-аяқ сындыруы немесе шапалақпен тартып қалуы тиіс. Бұл көптеген сүтқоректілердің ұрғашылары тәрізді әйелдердің ерлерге қарағанда сезімдік қабылдауының өте нәзік болуымен түсіндіріледі. Аталған қасиет әйелге – ошақ пен бала-шаға амандығын сақтаушысына – өзге адамдардың көңіл-күйі мен қарым-қатынасындағы болмашы өзгерісті де жіберіп алмау үшін қажет. Мысалы,

Киеван шалдың мұндай сәттерде шектен тыс шікәмшіл, шектен тыс мейірімсіз, қатыгез боп кетерін жақсы білетін Қыжымкүл артық-ауыс сөз айтпай, аяғының ұшымен құрдай жорғалап, үлкен, бүйірлі шайнекке шай демдеп дастарқан басына әкеп қойды да: «дайын болды», – деді (Д. Исабеков. Тіршілік).

«Әйелдік интуиция» деген атпен белгілі бұл қасиет, шын мәнінде, айналадағылардың сыртқы келбеті мен әрекетіндегі ұсақ-түйекке дейін байқау сияқты өткір қабілетті білдіреді. Мысалы,

Балам, сен ренжіме. Өңкей қыздардың арасында өскен бала көңілге қарағыш, елжіреуік келеді. Қыз деген сайтан, бәрін аңғарғыш келеді. Еркек бала ештеңені елемейді (Ж.Шаштайұлы.Жаңғырық).

Еркектің миы мен әйелдің миы түрлі қабілет пен дарын бағытында екі түрлі жылдамдықпен қалыптасқан. Аң аулаумен айналысқан ерлер алыс қашықтықтағы іс-әрекетке бағытталған, жемтігін өлтіруге қажетті тактикалық шеберлікке, нысананы жоя алу қабілетіне жауапты ми бөлігін дамытқан. Олардан біреулермен сұхбат құру, өзгелердің эмоционалды қажеттіліктерін қабылдау икемділігі талап етілмеген, сол себепті тұлғааралық қарым-қатынасқа жауап беретін ми бөлігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Әйелдер, керісінше, оларға қарағанда айналадағы жағдайдың бәрін барлау үшін қысқа қашықтықта, бірақ кең ауқымдағы көру бағытына икемделуі, бірнеше жұмысты бірдей жүргізуіне және тиімді қарым-қатынас жасау қабілетіне ие болуы тиіс-ті. Аталған тілдік дерек осы ғылыми болжамды дәйектей түседі:

Тоғыз қатынның толғағы қатар келгеніне жүзінен реніштің болымсыз табы білінбей қоймайды. Сөйтсе де бәрін жайғап үлгеретін тап мынадай әйел бір үйдің ырысы-ау. Ақаңның кемшін тұсын әйелінің адамшыылғы толтырып тұр.

Құдайым-ау, сен Сағынышсың ба, ал мына батырдың аты Жайлау ғой, – деді де әлденеге алаңдап әбігерленіп тұрғанын байқатпай, балаларға күлімсірей төніп келіп, екеуінің беттерінен алма-кезек сүйді (Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала ).

1962 жылы Роджер Спери атты ғалым мидың әрқайсысы өз бетінше әрекет ететін екі жартышарының қызметін анықтағаны үшін Нобель сыйлығына ие болған. Оның зерттеуіндегі жаңалыққа сәйкес, шығармашылыққа жауапты мидың оң жақ жартышары дененің сол жақ бөлігін басқарады, ал логикаға, себепті байланыстар мен сөйлеуге жауап беретін сол жақ жартышары дененің оң жағын билейді. Ерлерде мидың сол жартышарында тіл мен сөздік сақталса, оң жағында көру ақпараты жиналады. Әйелдердің ми көлемі ерлермен салыстырғанда аздау, бірақ ол әйелдің ми қызметіне өз әсерін тигізбейді. 1997 жылы Копенгаген госпиталіндегі неврология бөлімінде қызмет жасайтын дат ғалымы Берте Паккенберг ерлердің миы әйелдердікінен орта есеппен 4 млн. ми клеткасына артық екенін анықтаған. Алайда әйелдерде мидың тығыз орналасуы олардың ерлерге қарағанда ойлау қабілеті 3 пайыз жоғары екенін соңғы ғылыми тестер нәтижесі дәлелдеуде [15].

«Мир» орбиталық стансасы ғарышкерлерінің реакциялық әсерлерін зерттеген американдық ғалымдар әйел санасының барынша икемділігін, тәртіптілігін және іргелік негізі мықты екенін атап өткен. Ақыл-парасат басымдылығымен қоса әйелдер сыйымды және жұмсақтау [14, с. 682-683].

Американдық профессор Дорин Кимура еркектерде сөйлеу қабілетінің бұзылуы мидың сол жағына зақым келуінен болады, ал әйелдер сөйлеу қабілетін мидың оң және сол жақ жарты шарының фронтальды бөлігі бірдей зақымданғанда жоғалтатынын анықтаған [15, c. 70 ].

Мидың оң және сол жағы «сүйелді дене» деп аталатын нерв шоғырымен біріккен. Бұл кабель мидың бір жағына екінші жағымен хабарласуға, екі жарты шарға бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екі иығыңызда кабельмен байланысатын екі компьютер бар деп елестетіңіз, сол кабель «сүйелді дене» деп аталады. Американдық невролог Роджер Горский әйелдерде «сүйелді дене» қалыңырақ, тығызырақ және әйелдің еркекке қарағанда мидың сол және оң жақ жартышарын байланыстырушы заты 30 пайызға артығырақ екенін анықтаған. Ол сондай-ақ ерлер мен әйелдердің бір міндетті атқару үстінде мидың жартышарының екі түрін пайдалануы да ерекше екенін дәлелдеген [16]. Зерттеулер нәтижесінде әйелдің эстроген атты гормонының екі жартышар арасындағы біріктірушілердің санын көбейтетіні анықталған. Оның нәтижесі жылдам сөйлеу екеніне көз жеткізген. Сондай-ақ аталған ерекшелік әйелдің бір-бірімен байланысы жоқ жұмыстарды атқара беретінін және әйелдік интуицияға жауапты екенін дәлелдейді. Сол себепті әйелдердің адамдар туралы пікірлері дәл және тез, жағдаят туралы интуиция деңгейінде [15, c. 74-75 ].

Мен қаңлының падишасымын. Патша алаңсыз іс жасасын, падиша кімнің дос, кімнің жымысқы екенін сырттай бақылаушы, тарықса рухын көтерер досы болсын. Алдарыңнан жарылқасын! Құдай қолдасын екеуіңді... (Э. Төреханов. Ескендір мен Роксана).

Шын мәнінде ерлер ірі, ауқымды істер барысында ұсақ­түйек мәселелерге мән бере бермейді. Ал әйелдердің интуициясы сұхбаттасушы адамның қандай ниеттегі адам екенін аңғарғыш келеді. Ежелгі Афинаның гүлденіп,өркендеуі Периклдің билеу кезеңіне (б.з.д. 490-429 жж.) тұспа-тұс келген көрінеді. Бұл кезең тарихта грек өркениетінің алтын ғасыры деген атқа ие болған. Перикл ел үшін маңызды шешімдерді қабылдау алдында өзінің сүйіктісі (кейіннен әйелі) Аспасиямен жиі ақылдасатынын және өмір бойы одан шешендік өнерді (риториканы) үйреніп өткенін мойындаған екен.

Ал енді еркек ақылдырақ па, әйел ме? Нейробиологтардың зерттеулеріне сәйкес ми салмағы әйелдерде шын мәнінде еркектерден азырақ (ерлердің миының салмағы орта есеппен – 1,4 кг, ал әйелдердегі орташа көрсеткіш – 1,3 кг), бірақ олардың ми иірімдері артығырақ. Сондай-ақ, әйелдердің миы олардың дене салмағының 2,5 пайызын, ал еркектердікі 2 пайызына тең екені, ерлердің миының алдыңғы жағы көлемдірек, әйелдердікінің артқы бөлігі үлкенірек екені және әйелдерде екі жарты шарды байланыстыратын ми бөлігінің тығызырақ екені де анықталған. Ресейдің белгілі анатомы Л.Этинген миды анатомиялық жыныстық ерекшелігі бар ағзаға жатқызбайды, алайда оның мінез-құлық ерекшелігіне әсер ететінін жоққа шығармайды. Себебі, ер балалар, әдетте, жақсы санайды, ал қыздар сөйлеуге, оқуға тез үйренеді, шет тілдерін үйренуге барынша икемді, сондай-ақ түр-түсті жақсы ажырата алады. Әйелдердің миы генетикалық жағынан бала сүюге ерлерден жоғарырақ бағытталған [16 ,с. 381]. «Ана болу, ана бақытын сезіну» қазақ әйелінің де жаратушыдан бұйырған сыйы. Қазақ қоғамында әйел бауырындағы баласымен сыйлы екенін дәлелдейтін дәйек көп. Мысалы,

Ойында бір өнбойын өртеп кететін толқыныс бар. Ол – пісіп жеткен әйел мұңы – бала. Ұл бала! .. Бойға бітпей жүрген баланы сағыну деген азап екен. Түсінде бала емізіп, бала ойнатып отырғанын көреді. Қуанып оянады, ұзамай ағыл­тегіл жылап алады (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Арнайы тәжірибе жасаған шетел нейрохирургтары әйел миының екі жартышарындағы сөйлеу және ойлау қабілетін байланыстыратын нейрондардың қоюлығы ерлермен салыстырғанда 23% артық деп көрсетеді. Ал көрнекті психолингвист Н.И.Жинкин осы нейрондардың бала психологиясына, физиологиялық дамуына әсер етуімен бірге тілдік белсенділігін жетілдіруге де көп ықпал ететінін дәлелдеген болатын [17, c.67-68]. Ерлер миының оң жақ жартышары сол жақ жартышарының қалай қызмет атқарып жатқанынан барлық уақытта хабардар бола алмайды. Әйелдердің миының жарты шарлары бір-бірімен үндесетіндіктен, тоқтаусыз әңгімелесе алады. Сонымен қатар әйелдердің сөйлеу жылдамдығы ерлердікіне қарағанда басымдау болуы сол нейрондардың қоюлығына байланысты болуы керек.

Қойылған сұраққа бір сөзбен ғана қысқа жауап берудің орнына жол-жөнекей болған оқиғаны да, оған деген өзінің көзқарасын да баяндап шығатын әйелдің көпсөзді болуы, ал ер адамдардың сұраққа қысқа да нақты жауап беруі осы ерекшелікке байланысты.

Әйел табиғатына тән осындай заңдылықтар, ерекшеліктер қазақ әйеліне де ортақ. Оны тілдік деректермен дәйектеуге болады.

Е,е, көптен бері хабарласпаған болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жақынысыз ба?

Жиенімін.

Жиенімін. Ойбай-ау, бізге де алыс болмадың ғой. Ошақтыға тиген әкемнің інісінің қызы бар деуші еді, сол сіз болып шықтыңыз-ау. Е,е, құда екенсіз ғой. Менің де бір сіңлім ошақтыға тұрмысқа шыққан. – Қымқа орнынан көтеріле берді де, әлдене есіне түсіп, ерніндегі күлкісін тыя қойды. – Кешір, айналайын, –- деді даусын бәсеңдетіп. – Қу тіршілік адамда ес қалдыра ма, ойымнан шығып кетіпті, – ол отыра қалып әлдене деп күбірлеп бетін сипады да қайтып тұрды. – Нағашыңыз армандап жүруші еді, қарындасым мен күйеу баламның иманы үйірусіз кетті деп. Құдай иманын саламат қылсын, өзіңе өмір берсін.

Рахмет, жеңгей (Д. Исабеков .Тіршілік).

О баста еңбек бөлінісіне байланысты пайда болған ерекшеліктер қазақ әйелінің де табиғатына, болмысына әсер етпей қоймады. Мысалы,

- Өзің біл, отағасы,- деді ақ кемпір.- Әйел сорлының жүрегіне суылдауды, маңдайына шырылдауды жазған да. Әйел сорлы әлденені сезбесе, шырылдап нетсін. Жүрегімнің әшейін суылдағанын айтам, көз келтелігін айтам. Әйтпесе жер тірегi , ел тірегі ерменен сөз шайқысар жөнім жоқ-ақ қой. Табаныңа төсек боп өткеніме өкініп емес, тоғайып айтқан бір базыналығым да. Басынды деме, отағасы (А.Сүлейменов. Бесатар).

Шындығында, әйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нәзік, әлсіз, көп сөзге бейім, тым эмоционалды, әсершіл болғанымен, оларда руханилық басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады.

    1. «Қазақ әйелі» концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау


Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік бірліктерді қолдану айырмасын т.б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың «қазақ әйелі» концептісін сипаттауда рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. Ғалым A.Чекалинаның көрсетуінше, «гендер әлеуметтік психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінезқұлықтық сипаттардың жиынтығы. Гендер аясында әйел және еркек жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінезқұлық қалыпты, күдікті немесе нормадан ауытқушылық саналады, сондайақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер қарастырылады»[18, 30-31 c.].

Демек, гендер тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес, олардың арасындағы қарымқатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан қалай құрылғанына байланысты ұғым. Ал гендерлік рольдер –жеке тұлғалардың белгілі бір жынысқа жатуына байланысты қызмет, мәртебе, құқықтары мен міндеттері жағынан ажыратылуы. Осымен байланысты адам айналадағылардың мінезқұлқынан аталған рөлде атқаруға міндетті немесе атқармауы тиіс сәйкестіктер күтеді. Мысалы: а) еркекке қатысты сәйкестік: Жә, жетеді. Жылама! – деді арқасынан қағып. – Қанша жыласаң да Қанағат бізге енді жоқ... Сен әкеңнен айрылсаң, мен адал досымнан айрылдым. Еркек емессің бе? Жігіт адам қайғыны еркекше көтеру керек (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш).

ә) әйелге қатысты сәйкестік: Әйел емес пе, ызаланып жылап та қалатын.

Оһо, жарандар­ау, күйеуінің мешкейлігінен бұл Бифатыма не көрмеді? Не істемеді? Әйтеуір, бәріне де төзіп бақты ғой, неге де болса, төзімі темір, жаны сірі әйел заты емес пе? (Т.Нұрмағамбетов. Айқай).

Адамның өзінөзі бағалауы өз кезегінде оның қалыптасқан гендерлік рөлін орындау сипатына байланысты. Американдық ғалымдардың зерттеулерінде әйелдің өзінөзі бағалауы әлеуметтік қатынастардың әсеріне байланысты болса, еркектердің өзінөзі бағалау дәрежесі істеріндегі табысқа жету деңгейіне тығыз байланысты екені анықталған.

Алайда гендер рөл және жынысқа байланысты қоғам талап еткен рөлдер жиынтығынан ғана тұрмайды. Сонымен қатар жыныстың мәдени құрылымының түрлі көрінісін танытатын «гендерлік дисплей» ұғымы ендірілген болатын. Гендерлік дисплей қоғамда әйел мен еркекке танылған норма көрінісінің алуан түрлілігі, олардың әлеуметтік қарымқатынаста өзін танытатын, көп жағдайда айқын байқалмайтын мәдени кодтар болып табылады [18, c.34].

Демек, гендер – білім, кәсіби қызмет, билікке қол жеткізу, жыныстық тартымдылық, отбасылық роль мен ұрпақ жалғастырудың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтайтын әлеуметтік мәртебе. Ал әлеуметтік мәртебелер аталған қауымдастықтың мәдени кеңістігі аясында өмір сүреді. Бұл гендерге гендерлік мәдениет ұғымы мәртебе ретінде сәйкес келетінін білдіреді.

Қазақ тіл білімінде антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің арасында тіл мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған еңбектердің қарасы молайғанын атап өткен жөн. Олардың қатарына Б.Хасанұлы, Г.Мамаева, Қ.Жанатаев, Г.Шоқым, М.Ешимовтің т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.

Соңғы уақытта гендер мен тілдің бір­бірімен байланысын зерттеу мына бағыттар аясында жүргізіледі:
  • әлеуметтік – лингвистикалық – тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік және бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасын т.б.зерттеу;
  • психолингвистикалық – жыныс психикасына сәйкес әйел мен ер адамның тілдік қарым-қатынасы үрдісіндегі тілдік және бейтілдік ерекшеліктерді ажырату, бала тілінің гендерлік дамуын зерттеу, психолингвистика мен нейролингвистиканың байланысын анықтау,
  • идентификациялық – авторы жасырын (аноним) мәтіндерді тексеру арқылы автордың тілдік тұлғасын анықтау, жынысын ажырату;
  • лингвомәдениеттанулық және мәдениетаралық зерттеулер – белгілі бір кезеңде түрлі тілдер мен мәдениеттердің андроортақтық деңгейін белгілеуде гендердің алатын орны, тіл мен мәдениеттің қоғамдағы рөліне сәйкес гендердің жалпы және айрықша белгілерін анықтау;
  • тілдегі феминистік сын;
  • маскулиндік зерттеулер т.б. [19].

Ғалым Г.Шоқымның көрсетуінше, «лингвомәдениеттанулық бағытта фемининдік және маскулиндік таптаурындардың (стереотип) тілдегі көрінісі, «еркектік» (мужественность) және «әйелдік» (женственность) тұжырымжасам, гендерлік метафоралар қолданысы (еркектік немесе әйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) және мәдениетаралық қатысым деңгейінде т.б. зерттеулер жүргізілуде» [20, 23 б.]. Қазір сәнге айналып, өміріміздің бір құрамдас бөлігі саналатын жарнама тілін зерттеуші И.А.Гусейнова, М.В.Томская қазіргі жарнамалық дискурста гендерлік стереотиптердің ақпарат таратуда зор мәнге ие екенін атап көрсетеді [21, c.79].

Әйел мен ер адамдардың лексикасын арнайы зерттеумен айналысқан Е.А.Земская, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова олардың арасындағы айырмашылықтардың бірқатарын былайша атап көрсетеді:
  1. ерлер тілінде экспрессивті, стилистикалық мәні төмендетілген сөздер жиі қолданылады;
  2. ерлерде дөрекі, қарапайым сөздерді әдейі қолдану жиі кездеседі; Мысалы, «Қортық, араның ашылсын!»
  3. ерлер өз араларындағы жеңіл-желпі әңгімеде инвективті лексиканы көп қолданады;
  4. әйелдер гиперболалық тәсілдегі сөздерді көп пайдаланады; Мысалы, Той керемет қызық өтті.
  5. ерлердікіне қарағанда, әйелдер тілінің эмоционалды бояуы басым [22, c.136].

Ал зерттеуші Е.И.Горошко ерлер мен әйелдер тілінің ерекшеліктерін төмендегідей саралайды:

1. Ерлер әйелдерге қарағанда, түрлі мағынадағы сөздерді көбірек қолданады;
  1. Ерлер таңдаған сөздердің басым бөлігі жануарларды сипаттауға, ал әйелдердікі киім мен мата түрлерін, тамақ пен ас әзірлеу тәртібіне қатысты;
  2. Әйелдер қолданатын сөздердің көпшілігі оларды тікелей қоршаған заттармен, олардың жеке сезімдері мен психологиялық күйлерімен байланысты, ал ерлердің әңгімесі өзіндік «менінен» алшақ, еркектің ішкі әлеміне бағытталмаған;
  3. Ерлер таңдаған сөздер көбіне өзара аллитерацияланып, ұйқасып тұрады, олар әйелдерге қарағанда сөздердің акустикалық жағынан үйлесуіне көбірек мән береді [23, c.130 ]

Қазақ тілінде де инвективті лексиканы қолданудың гендерлік ерекшелігі бар. Мысалы,