1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы
Вид материала | Лекция |
- ОҚУ Әдістемелік кешен, 537.82kb.
- Информатика, 2126.54kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 1322.62kb.
- Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне, 280.32kb.
- 1. 1 1970-1980 жылдардағы қазақ повестерінің тақырыбы, 386.96kb.
- Реферат тақырыбы, 89.46kb.
- Балансы тепе теңдігін, инфляция деңгейінің минимизациялауы мен тұрақты экономикалық, 1385.63kb.
- Будова й властивості твердих тіл. Кристалічні й аморфні тіла. Анізотропія кристалів., 92.38kb.
- «Социальная стратификация и социальная мобильность», 46.19kb.
- Реферат Нипрук Екатерина Викторовна, 117.11kb.
Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар Адамдар арасындағы тұрлі қарым-қатынасқа байланысты туатын сан-алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, үлкенге құрмет, сый, ілтипат білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық мағынасын түрлендіреді. Лексикалық мағынаның түрленуі жалпы тіл білімінде де сөзжасамға жатады. Оны орыс тіл білімінде түрлендірілген (модифицированное) сөзжасамдық мағына деп атаған . Түрлендірілген сөзжасамдық мағына деп лексикалық мағынаның үстіне қосылатын реңкгік мағына аталады. Мысалы, апатай, ағатай сөздерінде апасын, ағасын жақсы көру, оларға ілтипат көрсету мәні бар. Мүнда апа, аға сөздерінің лексикалық мағынасы сақталып, оларға қосымша мағына қосылып, лексикалық мағына түрлендірілді. Зат есімнің бұл мағыналарының белгілі құрамы, ол мағыналарды жасаушы белгілі сөзжасамдық жұрнақтар бар. Оларды А.Ысқақов "Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп атап, оларды зат есім сөзжасамында берген . Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оған түрлі реңк мәнін қосатын жұрнақтар тілде көп емес. А.ЬІскақов бұл жұрнақтардың 13 түрін көрсеткен. Соңғы зерттеу бойынша зат есім лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мән қосатын 24 жұрнақ бар. Олар төмендегілер: 1 -еке, -қа, -ке (Жұмеке, Мүке, Сәке); 2 -й (апай, ағай, әкей, шешей)' 3 -тай (ағатай, әкетай, көкетай); 4 -жан (Ардақжан, көкежан); 5 -қан, -ақан (ботақан, қошақан); 6 -қай, -кей (балақай, шешекей)' 7 -шақ, -шек (құлыншақ, інішек); 8 -шық, -шік (қапшық, көлшік); 9 -ша, -ше (кітапша, өгізше); 10 -ш (Құрмаш, Айнаш); 1.1 -сымақ (көлсымақ, таусымақ); 12 -шығаш, -шігеш (байшығаш, ершігеш); 13 -жын, -жін (құнажын, дөнежін); 14 -ес (белес, дөңес); 15) -қа (қырқа); 16) -ат (қырат); 17) -қал (шатқал); 18) -пат (ойпат); 19) -пан (балапан); 20) -анақ (шұқанақ); 21) -қалаң (шатқалаң); Бұл жұрнақгардың тілде атқаратын қызметтері бірдей емес. Бұлардың ішінде тілде белсенді қызмет атқаратын өнімділері де бар, қызметі тарылған өнімсіздері де бар. Өнімді жұрнақтарға -еке, -қа -ке, -й, -тай, -жан, -шақ, -шек, -шық, -шік, -ш, -сымақ жұрнақтары жатады. Бұлар күнделік өмірде жиі қолданылады, өрісі кең жұрнақтар. Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар тілде түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Олар: 1) сыйлау, құрметтеу мағынасы, 2) жақсы көру сезімін білдіру, 3) еркелету, 4) кішірейту. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық. 1. Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар Сыйлау, қүрметтеу мағынасы тілде белгілі жұрнақтар арқылы беріледі. Қазақ тілінде үлкенді сыйлау, құрметтеу мағынасынын арнайы көрсеткіштер арқылы берілуі тілде қалыптасқаны занды құбылыс деп танылуы керек. Оны халықтың салт-санасы туғызған. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дәстүр, салт-санасының бір түрі-халықтың өмірінен кең орын алған салт-сана, дәстүр тілден де өз көрінісін тапқан. Осы салт-сананың, дәстүрдің сақталуы бұл мәндегі жұрнақтардың қазір тілде жиі қолданылуын сақтаған. 1. Сыйлау, құрметтеу мәндегі жұрнақтар -еке, -қа, -ке, Бұл жұрнақтардың қолданылуында екі түрлі ерекшелік бар: 1) бұл жұрнақтар кісі аттарына жалғанғанда, кісі аттарының бір я бірнеше буыны қысқарады. Осы жұрнақтар казақ тілінде көне замаинан келе жатқан сөз қысқартудың жолымен тікелей байланысты. Мысалы, Жаке (Жамбыл), Асеке (Асқарбек), Сәке (Сағындық), Құреке (Құрманбек), Зәке (Зейнолла) т.б. Әдетте кісі аттарын қысқартып, оған —еке, -қа, -ке жұрнақтарын қосып қолдану жасы үлкен, сыйлы, құрметті адамдарға қатысты. Бірақ кейде жасы кіші адамдарға сый-құрмет көрсету, ілтипат білдіру үшін де қолдану кездесе береді. 2. Тіліміздегі —й жұрнағы да сыйлау, ілтипат, ізет білдіру, үлкен тұту мәнін береді. Бұл жұрнақтың қолданылу аясы тар, ол туыстық мәндегі атауларға ғана жалғанады және олардың бәріне емес, тек аға, апа, әке, шеше, ата, жезде, әпке сөздеріне жалғанады: ағай, апай, шешей, атай, әкей, жездей. Осылардың ішіндегі жиі қолданылатыны ағай, апай сөздері. Бұлар туған ағасы мен туған апасына қолданылмайды. Бұл сөздердің әлеуметтік мәні басқа тілдердегі синьор, ханым сөздерінің мәніне жақын. Олар танитын адамға да, танымайтын, аты-жөнін білмейтін адамға да қолданыла береді. Мысалы, Қүрметті Кенен ағайдың әндерін тыңдауға құмартып келем (С.Мұқанов). — Апай, сізге мен қалай рақмет айтарымды білмей отырмын,-деді Ғани даусы дірілдеп (М.Иманжанов). — Ағай, бұл қай көше? (ауызекі сөзден). 2. Жақсы көру мәнді жұрнақтар Жақсы көру сезімін білдіру мәнін-тай,-жан жұрнақтары білдіреді. Мысалы, Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! — деп, қоштасты да, кішкене есікті ашып, жай салмақпен басып жүріп кетті (М.Әуезов). -Ой, Абайжан, қарағым, не болды? Біреу тиген бе? — деп, ішінен "әкесі ұрды ма?" деп те ойлап кеп еді (М.Әуезов). Бұл жұрнақтар кісі аттарына, кіші адамға, туыстық атауларға жалғанады: жеңешетай, әкетай, көкетай, әпкетай, ағатай, апатай, Сәулетай, Ғалымтай, Сырымтай, Қасымтай, апажан, ағажан, Сәулежан, Ғалымжан, Сырымжан т.б. Бұл екі жұрнақ мағыналас, синоним жұрнақтар, олар кісі аттарын жасауда кең орын алған. 3. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар Еркелету әрі кішірейту мәнін білдіретін жұрнақтар: -қан, -ш. Мысалы, Балақан-ау, балақан, сүт пісіріп сен үшін, демалмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов). Боташым менің, құлыным (С.Мұқанов). Бұл жұрнақтардың қолданылу аясы бірдей емес, -ш жұрнағы өте жиі қолданылады. Ол көбіне, кісі аттарына жалғанады. Кейде туыстық атаулармен қолданылады: көкеш, , анаш, апаш. Бұлар тәуелденген тұлғада қолданылады: көкешім, қалқашым, анашым, апашым. Соңғы анашым менің, апашым менің сияқты тұлғадағы қолданыста сыйлау мәні қосылады. 4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек. 1) -сымақ жұрнағы жанды, жансыз зат есім сөздерге жалғанып оған кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін қосады. Олар: батырсымақ ,өзенсымақ, таусымақ, ғалымсымақ, келсымақ. Бұл жұрнақ жіңішке сөзге де, жуан сөзге де бір тұлғада жалғанады яғни буын үндестігіне ' бағынбайды. Мысалы, Әрбір жыра, шұканақ, немесе өзенсымақ өңірлермен жол жүрген сайын, сол күдігін айтады (М.Әуезов). Бұл жымда ол ел бүлігі атқамінерді, жеміт болыс, ұлықсымақты сан рет әділ ашумен жазалаған (М.Әуезов). 2) -шығаш, -шігеш жұрнағы да кемсіну мәнін береді. Ол –сымақ жұрнағымен синонимдес. Мысалы, жекелеген байшігештердің арманы - байлыққа жету (С.Мұқанов). Өзін батыр санайтын ершігештер де жоқ емес (С.Мұқанов). 3) -бай жұрнағы кекету, кемсіну мән береді. Мысалы, Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С.Адамбаев). Сартабан өмірі малмен өткен адам көрінеді, оны жұрт барып тұрған салпақбай деп те атайды (С.Мәуленов). 4) -ек жұрнағы да кемсіну мәнін біддіреді. Мысалы, Жәлелдің артында калған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (С.Жүнісов). 5. Ұрғашы мәнді жұрнақ Ұрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін. Мысалы, Бәубек тай, жабағы, құнажын, дөнежіндердің семізін карастырып жүргенде, Қазанқап көк қасқа биеге нұсқады (Ғ.Мүстафин). Күлаш еңбек еткен ферманың сауын сиырлары "алатау" тұқымдас дөнежін сиырлармен толықтырылды (газеттен). Ал 3 жас 8 айлық дөнежін інгендердің салмағы сақ інгендерден 19 кг. артык тартқан (И.Жұмағүлов). Бұзауын сағынған кұнажындар жіңішке даусымен мөңіреп, мен келе жатырмын деп хабар беріп қойды (Б.Соқпақбаев). 6. Кішірейту мәнді жұрнақтар Кішірейту мәнінде тілде қолданылатын жұрнақтар бірсыпыра-Олар: -шық, -шік, -қал, -ша, -ше, -шақ, -шек, -ес, -қа, -пан, -анақ, -паң, -қалаң. Бұл мәндегі жұрнақтардың көп болу себебі бар, олар адаммен байланысты да, үй жануарларымен байланысты да, басқа жансыз заттармен байланысты да қолданылады яғни олардың қолданылу аясы кең. 1) -шық, -шік жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, ол заттың атауына кішірйту мәнін қосады. Олар: үйшік> қалашық, төбешік, көлшік, кіршік, адыршық, қапшық, қылшық, ойыншық, тығыншық, дорбашық, талшық, түйіршік, боташық, шиыршық т.б. заттың атын жасаған ірімшік, ойыншық сөздеріндегі -шық, -шік жұрнағының да түп негізі осы жұрнақпен бір болуы мүмкін. Кішірейту мәніндегі -шық, -шік жұрнағының тілдегі колданысы аз емес, бірсыпыра. Мысалы, Бүлдырап, бүлт ішінен беріп елес, Адыршық арал сынды белес-белес (А.Тоқмағамбетов).Өзім өсірген текешігім өз басыма секірді (мәтел). 2) -шақ, -шек жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады: інішек, құлыншақ, жұтқыншақ, тоқтышақ, бөктеріншек, салпыншақ т.б. Мысалы, Танакөз қанжығасына қаранып, бөктеріншегін түгелдей береді (Ғ.Мүстафин), - Інішек, жол көрсетіп жіберші (С.Мүқанов). Келіншек, шынашақ сөздерінің құрамындағы —шақ, -шек жұрнағы осы кішірейту мәндегі жұрнақпен төркіндес деуге болады. 3) -ша, -ше жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады. Кейде жекелеген жанды зат атауларына жалғанып, оларға да кішілік мән қосуы кездеседі. Олардан кітапша, сандықша, көрпеше, қобдиша, өзенше, тұмсықша, өгізше сөздерін атауға болады. Сын есімдердегі ұзынша, сұрша, бозша, көкше сөздердегі — ша, -ше жұрнағы мен зат есім жұрнағының арасында байланыс бары байқалады. Олардың мағынасы жақын. Сын есімдегі —ша, -ше жұрнағы да түстің бәсендігін, солғындығын яғни аздығын білдіреді. Сондықтан олар төркіндес болуы ықтимал. Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар 1) -пан жұрнағы зат есімге қосылып, оған кішілік мән береді. Ол кіші мәнді бала сөзіне жалғанып, кұстың баласының атын жасаған. Ол - балапан. Бұл өнімсіз жұрнақ. 2) -ес жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оған кішірейту мән береді. Өнімсіз жұрнақ. Белес, дөңес сөздерінде ғана кездеседі. 3) -қа жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жүрнақ. 4)-анақ жұрнағы зат атауына жалғанып, оған кішірейту мәнін береді. 5) -паң жұрнағы да кішірейту мағынасын береді, өте өнімсіз. 6) -пат жұрнағы кішірейту мән береді. Ол -пат жұрнағымен мағыналас. Мысалы, Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді (І.Есенберлин). Қазанкөл - тау үстіндегі ойпат, кәдімгі қазанға ұқсаған шұқыр (Б.Нүржекеев). 7) -қалаң жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жұрнақ. Мысалы, Еркіндігі көп пе, әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір шатқалаңы көп жолға түскендей, жүрегім орныға алмайды (Ғ.Мүсірепов). Таудың шатқалаңына кезіктік (С.Мұқанов). 8) -қал жұрнағы да кішілік мәндегі өнімсіз жұрнақтарға жатады. Мысалы, Қысаң шатқалдан бұлқына шыққан асау өзен ұрымтал жерге жете бергенде, солтүстік батысқа қарай тартты (С.Омаров). Жиырма шақты адам шатқал ішімен жылжып келеміз (З.Иманбаев). Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар көбіне жалғыз-жарым сөзде сақталған, қолданылу аясы өте тар. Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақгар Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды түбір атауларға етістік те негіз сөз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде етістік негізді туынды түбір атаулар көп. Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы болып саналады, өйткені тілде етістіктен зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп және олар түрлі мағыналы зат атауларын жасайды. Олардың негізгілері төмендегідей: 1. Тамаққа қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар -мал: саумал -ма. -ме: жарма, салма, кеспе, сүзбе -дақ: қуырдақ -маш, -меш: қуырмаш, көмбеш -м: жем -іс: жеміс -іт: іркіт -мақ кұймақ -қы: ашытқы, ұйытқы, іріткі -мық: быламық -пақ: қойыртпақ 2. Құрал-сайман атауын жасайтын жұрнақтар -ғы, -гі: бұрғы, шапқы, шалғы, сүргі -ақ, -ық, -ік: орақ, қармақ, қайрақ, күрек -у: көсеу, қашау -ма,-ме: шалма -кіш: кескіш -нда: бұранда -уыш, -уіш: керуіш, тырнауыш -уік: тістеуік -кыш, қаш: қысқыш, түтқыш -уыр: шымшуыр 3. Табиғат, мезгілге байланысты атау жасайтын жұрнақтар -й: қурай -а: жыра -шы, -ші: тамшы -н: боран, толқын, ағын, құйын, жауын -сын, -сін: күресін, борасын -па: оппа, ықтырма -қақ: қатқақ -гі: тебінгі -ыс: батыс, шығыс, жаратылыс, өріс -мық: қыламық -у: қылау. -ашақ, -ешек: болашақ, келешек 4. Дене мүшелері атауын жасайтын жұрнақтар -шақ, -шек: емшек, құйымшақ -ін: пішін -пір: кеспір. -ақ, -ек: тырнақ, білек, жүрек 5. Нақты зат атауын жасайтын жұрнақтар -дақ: қидақ. Мысалы, Матаның ұсақ қидақтарынан көрпеше жасайды (Диалект). -ым, -ім: киім, өнім, тізім, соғым, күзем -н: қорған -л: қамал -уіш: желпуіш, түйреуіш, өлшеуіш -у: тұсау, тіреу, құрсау, қадау -ма, -ме: түйме, қаптырма, кездеме, керме, тартпа, қойма -мақ, -мек: сырмақ, шақпақ, суыртпақ, піспек -кек, -гек: ескек, кескек. -қы, -кі: сыпыртқы, бөктергі, кергі, қондырғы -к, -қ: төсек, ұлтарақ, таяқ, тамызық -ынды, інді: жуынды, шайынды, үйінді -ғыш, -гіш: отырғыш, қыздырғыш, өшіргіш, кескіш, ескерткіш, басқыш, желдеткіш, тыңайтқыш 6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар -дық, -дік: кажығандық, түңілгендік, еріккендік, алжығандык, білместік, зорлық -малық, -палық: ауырмалық, ауыртпалық -мшы: алдамшы, жолдамшы -ық, -ік: қызық, бұзық, пысық, білік, бұйрық -ыш, -іш: қуаныш, күйініш, сүйініш, сағыныш, аяныш, алданыш -ыс, -іс: қарғыс, алғыс, таныс, өзгеріс, ілініс -мақ, -мек: қыспақ, салмақ, жұмбақ -мыс: тұрмыс, болмыс, жазмыш -ман: алдарман, өлермен. -жал: болжал -мал: жорамал -асы, -есі: шығасы, кіресі, аласы, бересі, тиесі -ын, -ін: мақтан, шығын, жасырын 7. Ауру атауларын жасайтын жұрнақтар -ма, -ме: шойрылма (радикулит), баспа (ангина) -кақ: тырысқақ. 8. Өнерге қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар -ме: терме, қайырма, желдірме -ер: серпер 9. Ұлттық ойынға қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар -пақ: аударыспақ -ыс, -іс: сайыс, күрес, айқас, жарыс -ушы: жаттықтырушы 10. Етістіктен зат атауларын жасайтын жүрнақтардың термин сөздер жасауы Жоғарыда келтіріген жүрнақтардың біразы түрлі ғылым саласында термин сөздер жасаған. Тіл білімінің терминдерін жасаған жұрнақтар -уыш, -уіш: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, еліктеуіш -ша: қосымша -у: жалғау -нды: құранды (жұрнақ), туынды -тік: көптік, септік, жалғаулық, септеулік, демеулік -ік: ілік -ыс: барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес (септік), тіркес, құрмалас, салалас -ын: буын -м: сөйлем -ма: қыстырма, қосарлама (қос сөз), қайталама -мал: тасымал -ды, -ді: өнімді, асырмалы, күшейтпелі, салыстырмалы -сіз: өнімсіз т.б. Күрделі зат атауының жасалуы Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған заттық атаулар күрделі атаулар деп аталады. Көне замандардан қазірге дейін қолданылып келе жатқан аналитикалық тәсіл тілдің сөздік қорының күрделі атаулары арқылы баюына орасан қызмет еткен. Сондықтан тілімізде күрделі атаулар құрамы, мағынасы жағынан алуан түрлі. Құрамына қарай күрделі зат есім сөздерді 4-ке бөлу қалыптасқан: біріккен, кіріккен сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер. Мағынасы жағынан олардың әрқайсысы іштей бірнеше топ құрайды. Біріккен, кіріккен атаулар. Бұл сөздердің көне түрі-кіріккен заттық атаулар. Кіріккен атаулар деп өзінің құрамындағы сыңарлардың дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен жымдасып, ықшамдалып кірігуінен жасалған түрі аталады. Мысалы, білезік -білек жүзік, қарлығаш - кара ала кұс, белбеу - бел бау, ағайын - аға іні, қолғанат - қол қанат, сәресі - сахар асы. Кейде кіріккен сөздердін құрамын ажырату қиынға түседі. Мысалы, Е.Жанпейісов атан, қоян, құлан, қабан, қыран, торлан, сазан, жылан сөздерінің -ан/-аң сөзіне бітуі кездейсоқ емес деп, олардың құрамында алғаш аң сыңары болған деген жорамал айтады . Ал бір сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен кіріккен зат есім сөздердің сыңарларын ажырату онша қиын емес. Мысалы, көгал, қолғап, құлагер, жарғанат, бегзат, жегжат, қайната т.б. А.Ысқаков кіріккен сөздерге мынадай анықтама берген: "Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелі өз мағыналарынан айрылып (делексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол компоненттеріне фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр килы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз". Осы кіріккен сөзге берілген жалпы анықтама кіріккен зат есім сөздерге тікелей қатысты. Біріккен атаулар деп сыңарлары дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалыпта тұрып, мағына тұтастығына көшкен сөздер аталады. Мысалы, азатжол, айбалта, айнакөз, әнтаспа, балабақша, балқаймақ, бозкөде, жемазық, жолбасшы, қарасөз, мүшелтой, өткел, пікірталас, шұбаршөп т.б. Мағына жағынан біріккен атаулар әртүрлі: 1) Өсімдік атаулары: абжауқын, адамтамыр, адамшөп, айбалдырған, айгүл, ақбасшөп, бозшалғын, боркөз, даратүйнек т.б. Қасым Балқия Қасымқызының "Күрделі зат есімдер сөздігінде" 1400 біріккен өсімдік атаулары берілген. 2)Жан-жануар, жөндік атаулары: абжылан, ағашжегі, айбалық, айырқұйрық, айырмүйіз, ақалтеке, ақбалық, ақбауыр, ақбөкен, ақкекіре, ақкөз, аққаптал, аққарқара, аққоян, ақкұйрық, ақкұлақ, ақмарал т.б. Мұндай күрделі атаулар аталған сөздікте үш жүздей. 3) Көне атаулар: арайна, алдаспан, алтыбасар, арқармүйіз, асатаяқ, аттеріс, атшабар, ашамай, әбілхаят, безаяқ, бетқағаз, бауыркөппе, бойтұмар т.б. Көне, этнографиялық атаулар сөздікте жүз елу шамалы. 4) туыстық атаулар: ағайын, ақсақал, жамағайын, қайнаға, қайны, қайынбике, қайынене, қайынжұрт, қайынсіңлі, шөпшек т.б. 5) ауру атаулары: айкезбе, айырбақай, ақауыз, ақбайпақ, ақбас, аққаптал, аққатпа, аққұрт, ақтаңдақ, ақтопалаң, ақшелек, ақшешек, алабауыр, алагүлік, ашбаспақ, бақайқұрт т.б. 6) ойын атаулары: айгөлек, ақсүйек, алакүшік, алтыбақан, алтыбасар, алтынсақа, көжекжарыс, қазандоп, қарабие, карақұлақ, қаралақ, қолтұзақ, күжтеке т.б. Тіркескен күрделі зат атаулары. Тіркескен күрделі зат атаулары деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір лексикалық мағына беретін, бір лексема қызметін атқаратын сөздер аталады. Біріккен сөздер бірге жазылса, тіркесті күрделі зат атауларының ішкі сыңарлары бөлек жазылады. Мысалы, азу тіс, ақ түйіршік, бас бармақ, жақ сүйек, желке тамыр, кәрі жілік, мүшел жас т.б. Тіркескен күрделі зат атаулары көне кезеңдерден бастап қолданылып, қазір де сөздік қорды толықтырып келе жатыр. Аға буын, ай мүйіз, ақ бата, ақ жол, ақ тұйғын, бесік бау, ер бала, жабағы жүн, жеті қазына, жеті нан, күшік күйеу, кіндік бала сияқты тіркесті күрделі зат атаулары тілде қашаннан қолданылып келе жатса, сәулет өнері, шағын несие, азат жол, ақ түйіршік (термин), баж салығы, ғарыш айлағы (космодром), жат жазу, жол қағаз (путевка), қабылдау бөлмесі, оқу бөлімі, іс қағазы, іс бөлме сияқты тіркес-күрделі зат атаулары кейін қосылған сөздер. Тілімізде тіркескен күрделі зат атаулары да үлкен орын алады. Қосарланған күрделі атаулар. Күрделі зат атауларының қомақты тобы - қос сөздер. Күрделі сөзжасамының бір түріне жататын қосақтау тәсілі арқылы жасалған күрделі зат атауларының бір түрі қос сөздер деп аталады. Олар тілден кең орын алады. Олар -тілден көне замандардан бастау алған өте белсенді сөздер. Қос сөздерге жататын күрделі атаулар тілдің сөздік қорын үнемі толықтырып келеді. Аға-жеңге, ағайын-туған, ағайын-жекжат, ата-тек, әке-шеше, әке-баба, жетім-жесір, аға-іні сияқты туыстық атаулар; ас-дәм, ас-су, дәм-түз, қазы-қарта, құрт-май, өкпе-бауыр сияқты тамақ атаулары; ақыл-ес, ақыл-ой, ақыл-сана, арман-үміт, ар-үждан, ар-үят, атақ-даңк, ашу-кек, ашу-зіл сияқты дерексіз зат атаулары, т.б. толып жатқан өмірдегі түрлі заттық ұғымдарды, қос сөздер білдіре береді. Қосақтау тәсілі арқылы соңғы кезде де бірсыпыра жаңа ұғымдарға атаулар жасалды: косметолог-дәрігер, мектеп-гимназия, мектеп-лицей, модельер-пішуші, суретші-модельер, эксперт-кеңесші, эксперт-маман, эксперт-сарапшы, экспресс-ақпарат т.б. Қысқарған атаулар. Қысқарған аталымдардың тілде белгілі орны бар. Қысқарған аталымдар қазақ тілінде үлкен екі топқа бөлінеді: 1) кісі аттарының қысқартылуы 2) мекеме, ұйым т.б. атауларының қысқартылуы Кісі аттарын қысқарту қазақ тілінде ертеден қолданылып келе жатыр. Ол сөйлеу тілінен бастау алып, жазба тілде де орнықты. Көркем шығармада ол жиі қолданылады. Мысалы, Рақмет Әбдеке (Әбдуәли) үйі жағынан келіп кет деген хат алып еді, сізбен бірге тез жүріп кетсе, жолы болады (Х.Есенжанов). Мұндай қысқартуды кез келген шығармадан кездестіруге болады. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Лексика-семантикалық тәсіл аркылы жасалған туынды зат есім сөздер ғылымда субстантив зат есімдер деп аталады. Сын есім, сан есім, етістік сөздер қолданыста заттық маганаға ие болып, бара-бара зат есімге көшеді. Бұл үрдісте ықшамдалу зандылығының қызметі күшті. Сын есімдер сөйлемде соңындағы зат есім сөздің қолданыста түсіп калуы арқылы оның мағынасын қосып алып, заттық мәнге көшеді. Мысалы, кәрі кісілер - кәрілер, жас адамдар - жастар, қызыл әскерлер - қызылдар, ақ әскерлер –ақтар. Сан есім сөздерден де заттық ұғымға ауысқан біраз сөздер бар: тоқсан (оқу мерзімі), жеті (неделя), екі, үш, төрт, бес (оқу бағасы), үші, жетісі, қырқы, жүзі (өлімге қатысты). Сөйлемде қолданысы. Мысалы, Оспанның қырқына жиналған ел топ-топ болып орналасты (М.Әуезов). Оқушылар бүл тоқсанды жақсы аяқтады (газеттен). Етістіктен заттық ұғымға көшкен сөздер көп: туған-туысқан, туыс, жасаған, жаратқан, бойжеткен, атқамінер, күн қақты, ауызашар, қолкесер, қолүздік, жанкүйер, алтыатар, нақсүйер, антұрған, жиған-терген т.б. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
Әдебиеттер:
№ 10 лекция. Тақырыбы: Сын есім сөзжасамы Жоспар
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ - зат есімнен, жетілік, үштік (шам) — сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы — сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы — туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді — күрделі негізден жасалған сын есім туындылары. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі -ты, -дік, -ыл, -дар, -и, -қор жұрнақтары - дара жұрнақтар. Ал сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі -мпаз, -ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары - құранды жұрнақтар. Бұл туынды түбірлерге сұра, жат, ау, жарас сөздері негіз болған, өйткені тілде сұрам, жатың, аума, жарасым сөздері осы қалыпта қолданылмайды. Ол -мпаз=м+паз, -ыңқы=ың+қы, -малы=ма+лы морфемаларының кірісуінен жасалған. Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, калалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң т.б. Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сындық белгінің атын білдіреді. Мысалы, қара көк, күрең қоңыр, теке сақалды, қара кер, қара шұбар т.б. Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар Сын есімнің сөзжасамдык жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнін сөзжасамдық жұрнактары сөзжасамдық кабілеті жағынан әр түрлі. Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын атаулары тілде көп, нақтылы саны белгісіз болса да, олар бірнеше жүздей болатыны анық. Мысалы, бетті, таулы, тасты, қамысты, шилі, балалы, өзенді (жер), қызылды-жасылды, білімді, ақылды, атақты, малды, жанды т.б. Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады. Мысалы, -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты -ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мысалы, бүтін, ұзын, ортан (қолдай). Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан ерекше орында болмаса да, сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы бірсыпыра. Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді. Олардың ірілерін келтіреміз. 1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар -лы, -лі: қамысты көл, сулы жер, таулы жер, балалы әйел, білімді адам, орманды тау, пайдалы жұмыс, қарлы қыс, жауынды күз т.б. Мысалы, Таулы жерде өскен адамның ойы да биік болады (С.Мұқанов). -дар: хабардар, қарыздар. 2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар -паз: өнерпаз, аспаз, білімпаз, әсемпаз. -и: тарихи, мәдени, әскери, әдеби. Мысалы, Тарихи деректерге сүйенеміз (газеттен). 3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар -ыр, -ір: сылбыр, болбыр. -ак,: жалтақ, бұлтақ- -ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ. -тал: сезімтал, ұғымтал, өсімтал -қой, -гөй: жанжалқой, жәдігөй, әзілқой -қор: мансапқор, бейнетқор, қамқор, парақор, намысқор -шыл, -шіл: ұйымшыл, уайымшыл, өзімшіл, зорлықшыл, тұрашыл, сауықшыл, ойшыл -лы, -лі: арлы, инабатты, әдепті, байыпты, икемді -шаң, -шең: сөзшең, ашушаң -уар: сөзуар 4. Мезгіл мәнді жұрнақтар -ғы, -гі: күзгі, көктемгі, түнгі, күндізгі, жазғы, қысқы, түскі -лық, -лік: апталық, жылдық, тәуліктік. Мысалы, Таудан сокқан күзгі салқын ызғар мінездердің ызғары тәрізді (М.Әуезов). 5. Мекендік мәнді жұрнақ. -ғы, -гі: ауызғы (бөлме), төменгі, төргі, жоғарш, түпкі, үйдегі, даладағы, қаладағы -ғын: тұрғын (жай). Мысалы, Тұрғын үйлер әуелі үйлі-баранды адамдарға берілген (М.Ғабдуллин). 6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнді жұрнақ -сыз, -сіз: сусыз, білімсіз, баласыз, түйсіксіз, ақылсыз. Мысалы, Бұл өмірден алаңсыз сәби жатыр бесікте, ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын есітпе (М.Мақатаев). -дай, -дей, -тай, -тей: ауадай, күндей, аттай, сүттей. Мысалы, Айдай әлемге әйгілі. Ардақтың уыздай өңінде жастық шаттығы ойнап тұрса да, ауық-ауық баса беретін әкесінің осы қара көлеңкесі еді (Ғ.Мұстафин). 7. Ортақ белгі және туыстық мәнді жұрнақгтар -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, ауылдас, көршілес, іргелес, әріптес, дәмдес, кәсіптес. Мысалы, Ол өзімен тендес адамдармен айырылыспауды арман ететін (Ғ.Мүсірепов). -лық, лік: інілік, туыстық, аталық, әкелік, қарындастық. Мысалы, Бұл — менің әкелік міндетім (С.Мүқанов). 8. Жансыз заттар белгісін білдіретін жұрнақтар -тақ: тастақ, солқылдақ (кереует), былқылдақ (орындық), құмдақ, мұздақ. Мысалы, Тастақ жер өнім бермес (газеттен). -ы, -і: казақы, арабы (киім), қырмызы, бөстегі -ақ, -ек: жалпақ, бүрқақ, бұлтақ -лық: майлық, сулық. Мысалы, Майлық, сулық орамалдар дайын (сөйлеу тілінен). 9. Дерексіз сындық белгіні білдіретін жұрнақ -лық, -лік: азаматтық, ақгық (күш), дүниелік, шетелдік, кісілік, өмірлік, азаттык, куаныштық, жеңілдік, ауырлық. -тек: жеңілтек, тапалтақ -қыр, -кір: ұшкыр (киял), өткір (сөз), алғыр (ой) -дас: мұңдас, сыйлас, қадірлес -лы: сыйлы, құрметті, бақытты, саналы Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрамы жағынан жалаң, құрандылары да бар. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары да түрлі-түрлі. 1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар -ық, -ік: қорқак, толық, ашық, бұзық, жасық, жатық, ширақ, пысық -уық, -уік: жылауық, сөйлеуік, сыбырлауық, калтырауық -қыш, -кіш: білгіш, тапқыш, күлдіргіш, сенгіш, байқағыш, ашуланғыш. Мысалы, Шапқыш ой ғой ақылдың мағынасы (Шөкәрім). -мды, -мді: ұстамды, жағымды, шыдамды -кақ, -кек: асқақ, тоңғақ, ұрысқақ. -қыр, -гір: білгір, алғыр, өткір -тал: сезімтал, ұғымтал, жұғымтал -кы, -кі: жинақы, күлдіргі -ғын: озғын. Мысалы, Әбіш орыс халқының озғын ойлы кауымына жақын жүргендей (М.Әуезов). -қалақ, -келек: үшқалақ, сасқалақ, қозғалақ -аған, -еген: береген, алаған, көреген -малы: айнымалы, елірмелі. Мысалы, Елірмелі екі есті шешен болды (Жанақ). -ынды: жырынды. Мысалы, Жырынды жеңгелері үйреткен (Ж.Аймауытов). -анақ: сұғанақ -ғылықты: түрғылықты, тыңғылықты -мсақ, -мсек: сұрамсақ, тілемсек, жарамсақ -паз: сезімпаз, келісімпаз, жасампаз -ал: қатал (адам) -дақ, -дек: жүрдек. Мысалы, Жегін атты ауыстырып отыру үшін, қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен (М.Әуезов). -мыр: құймыр, қытымыр. -міт: жеміт -пы: салпы. Мысалы, Салпы ауыз тағы сөйледі (Ж.Аймауытов). -көй, -гөй: қаскөй, ақылгөй. -улы: қатулы, сұраулы. 2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ -ық, -ік: ашық, тұнық, суық, жабық, жарық, қашық, шірік, ілік, жатық, бітік, құрғақ, кесек, дөңгелек -ыңқы, -іңкі: жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, кебіңкі, бытыраңқы, түсіңкі -ынды, -інді: құранды (зат), ағынды (су), жаттанды (сөз), жасырынды (іс) -улы, -улі: жинаулы, оюлы, тыңдаулы, өлшеулі, үюлі, санаулы, құюлы. Мысалы, Ал десем де тәңірге, өлшеулі өмір бітпейді (Қобыланды батыр). -малы, -мелі: суырмалы, ашпалы, жаппалы, таңдамалы, құбылмалы, бүрмелі, аспалы -ымды, -імді: ұтымды, ұнамды, жарасымды -ғақ, -гек: тайғақ, оңғақ, жабысқақ, майысқақ -ма, -ме: бояма, жалдама, жайылма, құрама, сырма, аспа, көшпе (кұма), көмбе (нан), сілтеме (сөз) -ыс, -іс: ұқсас, тіркес, алыс, беріс -кір: өткір (пышақ) -мыш: жазылмыш (уақыт) -ғын: тұрғын (жайлар, үйлер) -анақ: шұқанақ -кілікті: жеткілікті. Мысалы, Жиған мал-мүлкі жеткілікті -пек: өкпек (өтпек). Мысалы, Өкпек желі соқканда (Қ.Мұқатаев) -ын: жатын, жегін. Мысалы, ... жегін атты ауыстырып отыру үшін, бірнеше салт ат алды (М.Әуезов). Жатын орнымыз кәдімгі сәкі. 3. Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар -аған, -еген: қабаған, тебеген, қашаған, сүзеген -у: жарау (ат) -қы: бұралқы (ит) 4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары -ыл, -іл: батыл, жеңіл (іс) -ық, ік: құрғақ (сөз) -у: қызу, тақау, бітеу, көлбеу, қату |