Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары

Вид материалаДокументы

Содержание


Институт интеграции международных образовательных программ
Тєуелсіз ќазаќстандаѓы білім мєселелері
Омбы ¤лкесіндегі ќазаќ диаспораларындаѓы тєлім-тєрбие мєселелері
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ИНСТИТУТ ИНТЕГРАЦИИ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ



Кыргызская Республика. 720024. Бишкек. ул. Фрунзе 547.

Тел. (8-996 312) 221 951. , 665 075., факс 660 395


Уважаемый господин президент Кокшетауского университета профессор Касым Ж.Ж !


Институт интеграции международных образовательных программ Кыргызского национального университета им. Ж. Баласагына сердечно приветствует начало очень важного направления в вашей, и если позволите нашей совместной деятельности конференцию по актуальным проблемам этнопедагогики и психологии, проблемам изучения и развития национальных традиций «Сейтеновские чтения».

В Кыргызстане проблемам этнопедагогики и психологии придают особое значение, т.к. их решение – это надежный фундамент самоопределения, суверенитета и независимости народа, залог его будущего развития и процветания.

В традициях и обычаях наших народов много сходного, общего и изучение их педагогического и психологического влияния на современное общество представляется делом необходимым и во всех отношениях полезным.

Желаем вашей конференции успешной работы, значительных результатов, а лично Вам и всем участникам здоровья и больших творческих достижений


С уважением директор ИИМОП КНУ

им. Ж.Баласагына, профессор

Джаманкулов Ж.М.


ТЄУЕЛСІЗ ЌАЗАЌСТАНДАЃЫ БІЛІМ МЄСЕЛЕЛЕРІ


Қ.Балахметов.,- б±рынѓы Қазақ ССР-і Оқу министрі


Бүгінгі жаңарған Көкше өңірінде тұңғыш ұйымдастырылып жатқан «Сейтен тағылымдары» Халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырғандарыңа үлкен алғысымды білдіремін. Осындай тарихи маңызы бар ауқымды іс-шараларды ендігі арада мейілінше мазмұнды және жоғары деңгейде өткізуді басты мақсат етуіміз керек.

Конференция жұмысына қатысып отырған жүзі таныс көптеген әріптестерімді, замандастарымды танып, бір қуанышты жағдайға тап болғанымды жасырмаймын. Әсіресе, Ресей Федерациясынан, дәлірек айтқанда, Омбы өлкесінде мекен етіп жатқан қазақ диаспорасының өкілдерінің, оның ішінде көрнекті ғалымдардың бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырғаны қуантады. Аталмыш конференцияның негізгі тақырыбы - ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өмірі мен ағартушылық қызметі, сондай-ақ оның педагогика мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі, сондай-ақ бүгінгі білім жүйесінің өзекті мәселелеріне арналуы құптарлық жайт.

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұрасы мен шығармашылық еңбектері жөнінде мен таныспын. Ол кісінің Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповпен тығыз қарым-қатынаста болып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен еңбектер қалдырып кеткен ірі тұлға болғанын байқауымызға болады. Сейтеннің идеясын бүгінде жалғастырып отырған сіздерге де үлкен қариялық ризашылығымды білдіремін. Сіздерге Сейтен Сауытбековтың әруағы да риза.

Қай заманда, қай қоғамда өмір сүрсек те – алдыңғы толқын ағалардың бар арманы, бар мақсаты жас жеткіншектерді тәрбиелеуге үлес қосу екені анық.

Қазақ халқының көрнекті зиялы қауым өкілдері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин және басқа азаматтар – міне, осындай болған.

Қазақ ССР Оқу министрі болған жылдары (1974-1980) мен де өз елімнің азаматы ретінде білім мен тәрбие саласына үлес қосуды мақсат еттім. Рас, бүгін еліміз өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болды. Кешегі Кеңес одағы заманында білім де болды, мектеп те болды және мектеп мұғалімінің жағдайы да жаман болды деп айтуға болмайды. Бірақ, тәуелсіз мемлекеттің – жолы ерекше. Тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек.

Тәуелсіздік арқылы ұлт тағдырына байланысты өте көп мәселелерді шешуге болады. Біздің заманымызда ұлт тағдырына байланысты дүниелерді шешу – біздің қолымызда болмады.

Сол бір қиын-кезең жылдары белгілі ғалым, өз ұлтының, әсіресе жас ұрпақтың болашағын тереңінен ойлаған, ойлап қана қоймай сол мәселенің шешілуіне зор үлес қосқан Жанайдар Мусин маған Көкшетауда педагогикалық жоғарғы оқу орнын ашу жөнінде өзінің шешімді ұсынысын білдірген еді. Бұл мәселеге араласу бізге қиынға соқты. Ол мәселе – аз уақыт ішінде емес, ұзақ мерзімді қамтитын сол кезеңдердегі аса күрделі істердің бірі болатын.

Кеңес Одағы уақытында жоғарғы оқу орнын ашатын мәселені шешу, талқылау тек қана Москваның құзырында болатын. Бірден қазақ бөлімін ашу, қазақ тілінде оқытылатын факультеттер ашу және оған арнайы ұлттық мамандарды тарту бір жағынан - қаржыландыру мәселесіне келіп тірелетін болса, екінші жағынан - үкіметтің саясатына да байланысты болған еді.

Ақыры, келісе келе, біз Алматы педагогикалық институтының филология факультетінен орыс, қазақ және ұйғыр бөлімдерін және Көкшетау педагогикалық институтынан орыс және қазақ бөлімдерін ашу жөніндегі маңызды шешімдердің Москвадан қабылдануына қол жеткіздік. Осы шешімге қол жеткізу біз үшін өте үлкен жұмыс болғаны рас еді.

Сондай-ақ, Петропавл педагогикалық институтына Сәбит Мұқановтың атын беру жөніндегі ұсыныстарымыз жүзеге аспады. Бірақ, жақсы оқитын студенттерге Сәбит Мұқанов атындағы арнайы стипендияның тағайындалуына жоғарғы жақтан қол жеткіздік.

Міне, осындай әрі күрделі, әрі маңызды халық тағдырына қатысты ауқымды мәселелерді сол кезде мен басқарған Оқу министрлігі шеше алмады. Егер, біз сол кезде өз тәуелсіздігімізге ие болған уақытта, жағдай басқаша болатын еді. Әрине, орыс тілінің мәртебесі ерекше болды. Орыс тілінің қаншалықты тиімді-тиімсіз ықпал еткенін Қазақстанның солтүстік өңіріндегі қазақ қауымы өте жақсы біледі. Тіпті, сол жылдары шалғай орналасқан қазақ ауылдарына барғанымызда, жұртшылық бізден «неге орыс тілінде оқытылатын кластар ашпайсыздар»- деп, ұсыныс жасағандары есімде.

Енді, ол заман артта қалды. Біз, ќазір, капитализм сатысына өту үстіндеміз. Білім жүйесі қазір нарықтық экономика талаптарына сай қайта реформалану үстінде. Осындай жауапты кезеңде мемлекет тарапынан оқу-тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Ол проблемалардың бірі - мұғалімнің, немесе жоғарғы оқу орны оқытушысының ұстаздық мәртебесін көтеру қажет деп санаймын. Педагогика саласына қатысты басылымдарда жалпы білім беру сапасы республика көлемінде 34 % артты деп айтылып жүр. Меніңше, ол мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір бізді ауыл мектептері толғандыруы керек. Қалалық жерде білім алатын оқушылар соңғы жаңалықтарға өте бейім келетіні рас, ол мүмкіндіктер олардың жоғары білім алу барысында көп жеңілдік ететіні де рас. Сондықтан, қазір жиі айтылып жүрген грант пен кредит жеңілдіктерін ауыл жастарының да иеленуіне ерекше жағдай туғызу керек деп санаймын. Мұғалімді орысша «факел», яғни алау деп айтады. Алауды өшіріп алсақ, онда жас ұрпақтың тағдырына қаяу түсері анық.

Соңғы кезде халқына еңбегі сіңген, ұзақ жылдар бойы өлшеусіз қызмет етіп, өзінің парасаттылығымен, адамгершілдігімен танылған көптеген зиялы адамдардың есімдері аталмай қалады. Сіздердің Сейтен Сауытбековтың атын шығарып, ұлағатты ұстаздың ұрпаққа қалдырған еңбектерін жарыққа шығарып, осындай игі іс-шараларды қолға алғандарыңыз өте үлкен жұмыс. Қадамдарыңыз құтты болсын!


ОМБЫ ¤ЛКЕСІНДЕГІ ЌАЗАЌ ДИАСПОРАЛАРЫНДАЃЫ ТЄЛІМ-ТЄРБИЕ МЄСЕЛЕЛЕРІ


Әмірғазин Қ.Ж.,-

педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

Омбы ќаласы, Ресей Федерациясы.,

Ж‰нісова А.,- «Мµлдір» Омбы ќазаќтары диаспорасы

мєдени орталыѓыныњ Тµрайымы


Бүгінгі конференция жұмысында біздер, ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өз халқына сіңірген еңбегін көріп, жақын танысып қуанып жатырмыз. С.Л.Сауытбеков сияқты ұрпақ қамын ойлаған көрнекті зиялы қауым өкілдерін біз, Ресей Федерациясындағы қазақтар қауымдастығы көп біле бермейміз. Біз өзіміздің профессионалдыќ-педагогикалық зерттеу жұмыстарымызға байланысты баяндаманы дайындап келгенімізбен, бүгінгі Сейтен Сауытбеков жайлы конференция барысында көптеген фото-видео материалдар, шығармашылық кездесулер өткізгендеріңіз жайлы деректі фильмдерді көргеннен кейін және қазақ этнопедагогикасына қатысты маңызды ақпараттармен таныс болғаннан кейін көпшілік қауым алдында Омбы өлкесіндегі қазақ диаспораларындағы ұлттық тәрбие жайында әңгімелеуді жөн көріп отырмыз.

Шоқан Уәлиханов «Ұлы дала философы» деп атаған Асанқайғы бабамыздың:

«Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады

Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады

Жел толқытса асыл тас су бетіне шығады

Ой толқытса асыл сөз шер тарқатса шығады»,- демекші қазақ ақын-жыраулары мен зиялыларының ұлттық педагогика жөнінде ерте заманнан қалыптасқан өзіндік ой-таным ерекшеліктері қалыптасқаны анық.

Қазақ даласында, әсіресе шөлейтті жерлерде ылғалды көп талғамайтын майқараған өсетіні белгілі. Қазақтар оны отын және дәрілік шөп ретінде пайдалынатыны белгілі. Қараған ду етіп жанады екен. Оның жалынына қызыққан өзбек ағайындарымыз бір жылы майқарағанды ерінбей жинап алып, Ташкентке алып барса керек. Бүкіл ағайын –туысын жинап алып, майқарағанға от салған кезде – қараған жанбай қойыпты. Сонда сасып қалған өзбек: « Атаңа нәлет, мына майқараған біздің жерімізде жанбай, тек өз жерінде ғана жанады» деп,- айтқан деседі жұрт. Сол сияқты біз де Омбы қазақтарының атынан осындай алқалы жиынға келген соң өз ана тілімізде сөйлеуді жөн көрдік.

Қазақ халқы талай ғасырлардан бері өзінің елін, жерін қорғап келді. Бүгін өз билігіміз өзімізге тиген соң – кешегі ел қорғаған батырларымыздың, халық қамын ойлаған хандар мен би-шешендеріміздің есімдерін қайта жаңғыртып, оның ішінде еңбегі ескерілмей, аты аталмай қалған бабаларымыздың атын шығаруға мүмкіндік алып отырмыз.

Сәбит Мұқановтың шәкірті болған Сейтен Сауытбеков те сондай адамдардың бірі болса керек. Ол кісінің еленбей қалған еңбектерін бүгінгі ұрпақ игілігіне айналдыруды мақсат еткен үлкен істеріңіз нәтижелі және жемісті болсын дегім келеді.

Былтыр Семей өңірінде данышпан Абайдың ұстазы болған кемеңгер жырау, батагөй шешен Дулат Бабатайұлының 300 жылдығы атап өтілді. Дулат бабамыздың есімі тарихта қалғанымен оның қаһармандық һәм батырлық рухты көксеген жырларын көптеген жас ұрпақтың өкілдері білмей, оқымай өсті. Сондықтан, осындай игі шараларды болашақта ауқымды масштабта өрбіту аса қажет дүние деп санаймыз.

Қазақ дүниетанымында «сабақтастық» деген этнофилософиялық ұғым бар. Оның негізгі түйіні – көне ғасыр қойнауларынан бүгінгі ұрпақ санасына жеткен халықтың рухани қазыналары десек те болады. Әр ауылдың өзіндік дәстүрі, өзіндік тарихы бар. Әр ауылда халықтың абыройына бөленген дана қариясы да бар екені мәлім. Өткен дүниедегі барлық асыл қасиеттерді сақтай білетін, қастерлей білетін және ұлт санасына жеткізе білетін де солар. Осындай сабақтастық дәстүрлерін одан әрі жалғастыру барысында – біз сіздер ұйымдастырып отырған халықаралық «Сейтен тағылымдары» конференциясының күндерін Омбы өлкесінде өткізу керек деген ұсыныс жасағым келеді.

Омбы өлкесінде жүз мыңнан астам қазақ диаспоралары тұрады. Кейбір елді-мекендердегі тұрғылықты халықтың басым көпшілігін қазақтар құрайды. Қазақ тілінде оқытылатын мектептер де баршылық. Қазақтармен қатар 200 мыңнан астам түркі-мұсылман халықтарының өкілдері тұрады. Сейтен Сауытбековтың «Сары кітабында» араб, татар, түрік аудармалары негізінде баяндалғандай, біздің өлкемізде татар, ноғай, башқұрт, алтай халықтарының өкілдері тұрады.

Омбыда өткізілетін «Сейтен тағылымдары» күндеріне жоғарыда аталған түркі тектес халықтардың өкілдерін шақыруға болады.

Омбы қазақтары өз ана тілінде сөйлейді. Қазақ тілінде хабар мен басылымдар тарататын орталықтар бар. Ара-тұра, тамыр-таныс арқылы Қазақстаннан газет-журнал және басқа кітаптар алып тұрамыз. Бірақ ол жеткіліксіз. Бізге, әсіресе соңғы буынғы жазылған мектеп оқулықтарын алып тұруға және пайдалануға мүмкіндіктер жасалса. Халық педагогикасы және соңғы ғылыми-педагогикалық озық технологияларға негізделген қазақстандық тәжірибелер, әдістемелік нұсқаулар, мемлекеттік және авторлық бағдарламалар аса қажет.

Жақында Омбы өлкесінде Білім министрлігі құрылды. Оның басшысы болып В.Я.Никитин бекітілді. В.Я.Никитин бұрын Қазақстанда жауапты қызмет атқарған. Омбы өлкесіндегі түркі тектес халықтар, әсіресе, қазақ халқына деген ол кісінің құрметі ерекше. Ол кісінің тікелей қолдауымен 2003 жылдың күзінде Омбы қаласындағы кәсіптік-техникалық училищесінде қазақ тілінде оқытылатын бөлім ашылды. Қазір училищеде екі қазақ бөлімі ашылып, жоспарға сай оқу-тәрбие үрдістерін жалғастыруда.

Оларға және өлкедегі қазақ тілінде оқып жатқан жас ұландарға ұлттық тағылым, ұлттық мәдениет пен тәлім-тәрбие керек. Өйткені – біз ана тілімізсіз, өркениетсіз, өнер мен білімсіз ел бола алмаймыз. Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған ұлттық қазыналарымызды санасына сіңірмей, білмей, түсінбей өскен жас өскін – болашақта мәңгүрттікке душар болары анық.

Осыған орай, жоғарыда айтып кеткен «сабақтастық» ұғымына орай, біздер екі елдің арасын жақындата түсу үшін танымдық-тағылымдық маңызы бар аталмыш іс-шараларды мейілінше ауқымдырақ өткізуге күш салғанымыз жөн. Сондықтан «Сейтен тағылымдары» конференциясының дәстүрлі жалғасы ретінде осы іс-шараның Омбы өлкесінде ұластырылуына мен дәнекер болайын. Сондай-ақ, ол іс-шараларға татар, орыс,башқұрт, ноғай, алтай және халықтардың өкілдерінің ат салысуына жағдай туғызсақ дейміз.

Мен, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры болумен қатар Омбы өнер колледжін басқарамын. Конференция аясында ұйымдастырылып жатқан көрмелерге біз өзіміз жасаған қолөнер бұйымдарын (темірден, ағаштан жасалған әр түрлі бұйымдар) әкелдік. Бұйымдардың көпшілігін студенттердің өздері жасады.

Конференцияда баяндама жасаған ғалымдардың айтуынша, 2007 жылы Сейтен Сауытбеков 100 жасқа толады екен. Аталмыш торқалы тойдың алдында үлкен дайындық керек екені рас. Біз өз тарапымыздан торқалы тойға үлес қосу мақсатында Сейтен Сауытбековтың темірден, керамикадан және басқа заттардан жасалған медальін, төсбелгісін, ескерткіш-бюст жасасақ деп отырмыз.

Ата-бабаларымыз ерте заманнан бері түсті металдарды балқытып, одан әр түрлі формадағы әшекейлер мен қолөнер бұйымдарын жасағандары тарихтан белгілі. Әлем мәдениетінде көне сақтар мен ғұндардан қалған ол қолөнер бұйымдарын «скифский зверийный стиль» деп атайды. Ол жөнінде мен Москва университетінде «Қазақ қолөнерінің тарихы мен мәдениеті» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғадым. Сондықтан, қарапайым суреттен гөрі түсті металдан немесе керамикадан жасалған қолөнер бұйымдары ғасырлардан ғасырларға сақталады. Көне сақтардың қолөнер бұйымдарын топырақ қабатынан аршып алған археологтардың пайымдауынша, біздің ата-бабаларымыз бұдан 1800-2000 жыл бұрын түсті металдарды балқытып, әр түрлі формадағы ұлттық қолөнер бұйымдарын жасай білген.

Жер қойнауынан табылған асыл заттар – Қазақстан мемлекетінің атын шығарары анық. Сондықтан ол дүниелерді сақтап, қастерлеп қана қоймай, терең зерттеуіміз керек.

Сейтен Сауытбеков Көкшетау жерінде қызмет етті. Солтүстік Қазақстан облысының атын шығарды. Көкше жерінде ерте уақытта Шоқан Уәлиханов, Балуан Шолақ, Ақан сері мекен етті, халқының даңқын арттырды. Сәкен Сейфуллин Көкшетаудың сұлу табиғатына қайран қалып, оны ән мен жырға бөледі. Бүгінгі жиынға қатысып отырған қазақ халқына белгілі адамдар – Сәкен Жүнісов, Қожахмет Балахметов, Естай Мырзахметов осы Көкшетаудың азаматтары.

Бүгін өзіміз куә болған деректі фильмде Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев айтқандай: «Шөп шығатын жеріне ғана шығады» демекші, Сейтен Сауытбековтың текті ұрпақтан шыққанын дәлелдей түседі. Қазақ жері, қазақ даласы текті ұрпаққа кенде емес. Ол кісінің ашаршылық жылдарында Ғабит Мүсіреповтың айтқанына қарамай Алматыдағы оқуын тастап, өз еліне келіп, әке-шешесіне қамқорлық жасауы, қара шаңырақты ортасына түсірмей сақтап қалуы және 15 жасынан бастап мұғалім болуы – ол кісінің ұлылығы деп білемін.

Өзіміз бір шаңыраққа ие бола алмасақ, онда елге де ие бола алмағандығымыз деп білемін. Ел боламыз десек, әрбір ер-азамат өз шаңырағына ие болуы керек. Сонда ел озады. Осындай патриоттық, парасаттылық сезімдерге толы Сейтен Сауытбековтың педагогикалық идеялары бір диссертациялық жұмыс деуімізге тұрады.

Сейтен ақсақал тек қана ауыл ақсақалы, білікті басшы, ұлағатты ұстаз болып қана қоймай қоғам қайраткері және ақылшы бола білді. Ол өзіне үй салмай, халық баласына арнап мектеп салды, Ыбырай Алтынсариннің дәстүрін жалғастырды.

Сейтен Сауытбеков - Сәбит Мұқановтың өмір мектебінің жалғасы ма, жоқ әлде замандасы ма, міне осы мәселелер ғылыми тұрғыда зерттелуі керек.

Абайтану мұрасына қомақты үлес қосқан қажымас қайраткер Қайым Мұхамеджан сол кездегі солақай саясаттың салдарынан 14 жыл түрмеде отырған екен. Абайтануды дәріптегені үшін ол кісі Карлагқа кісендетіліп айдатылған. Сондықтан болашақта Сейтентану дүниесін зерттеу мен зерделеу, оны халық пен ұрпақ игілігіне айналдыру сіздер үшін оңай іс болмасы анық.

Өнертану әлемінде бүгінде этнодизайн мәселесі қайта жаңғыру үстінде. Атақты суретші Әбілхан Қастеевтің айтуынша, «мені сурет әлеміне баулыған дала келбеті, шөптің тербелісі, құстардың сайрауы, бұлақтың сылдыры» деген екен. Қазақ танымында дала өрнектері суретші қиялын одан әрі шыңдауы хақ. Суретшінің дүниетанымы этнотопономикалық атаулар мен этнофилософиялық қағидалармен ұштасып, өз үйлесімін тапқанда ғана туынды өз ойыңдағыдай шығуы мүмкін.

Міне, осындай күрделі дүниелерді жас ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіруде халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы ана сүтімен санаға сіңген ұлы қазына. Оны талдау мен саралау кемеңгерлік жұмыс.

Данышпан бабамыз Абай айтқандай:

«Сенбе жұртқа қаншама тұрса мақтап,

Қор етеді ішіне қулық сақтап.

Сену керек өнерің мен ақылыңа

Екеуі алып шығар екі жақтап»,- дегендей, халық педагогикасында ежелден бері маңызды орын алып келген ақыл мен өнер құндылықтары бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде өз жалғасын тапқаны дұрыс деп санаймыз.

Осыған орай «Сейтен тағылымдары» конференциясында ұлттық педагогика дүниелерін философиялық тұрғыдан зерттеу мәселелеріне арналған секция жұмысы болуы керек деп тұжырымдаймыз.