Келісемін: бекітемін: Аудан әкімінің орынбасары Шардара аудандық мәдениет және тілдерді Б. Шомпиев дамыту бөлімінің бастығы
Вид материала | Документы |
- Не іскерлік карьера университеті “ Келісілді” “Бекітемін” Оқу бөлімінің бастығы Оқу, 4465.31kb.
- Және мәжіліске қатысушылар!, 158.69kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2688.62kb.
- «Бекітемін» Ректордың м а, техника ғылымдарының докторы, профессор Исагулов, 113.19kb.
- Тест тапсырмаларына енгізілген тақырыптар тізімі Тақырыптың, 844.46kb.
- Тәсілімен өтететін төмендегі мемлекеттік сатып алуға заңды-құқықтық қабілеттілігін, 656.79kb.
- Қайырлы күн, кұрметті әріптестер! Кезекті кеңейтілген алқа мәжілісінің жұмысын бастауға, 336.76kb.
- Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын, 1427.52kb.
- Абсеитова Гүлайым Жүнісханқызы, 83.34kb.
- Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, 186.4kb.
КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:
Аудан әкімінің орынбасары Шардара аудандық мәдениет және тілдерді __________ Б.Шомпиев дамыту бөлімінің бастығы
« » қаңтар 2011 жыл ______________Б.Бибосынов
2011 жылғы « » қаңтардағы
№___ бұйрығымен бекітілген.
Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратының жылу жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Тапсырыс беруші- Шардара қаласы, Түгелбаев көшесі, н/з үйде орналасқан Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, СТН-і- 581600000939, есепшоты KZ97070103KSN5816000, Шардара аудандық қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, әкімшілік коды-45535.
Тапсырыс берушінің өкілі- Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Ғ.Туребаева, байланыс телефоны- 8(72535)2-28-38.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Шардара қаласы, Аширов көшесі, 6 үйде орналасқан Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі, СТН-і- 581600211417, есеп-шоты KZ97070103КSN5816000, Шардара аудандық қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, әкімшілік коды - 4593502.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі- аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары Жетпіспаев Бауыржан, байланыс телефоны 8(72535) 2-22-90.
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
- Жалпы ережелер
1. Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратының жылу жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі-конверттерді ашқан күннен бастап 45 (қырық бес) күн болып белгіленеді.
2. Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратының жылу жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома- 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.
3. Конкурстық құжаттама төмендегі көрсетілген құжаттарды қамтиды:
1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жұмыстардың (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінім нысандарын (Конкурстық құжаттаманың 3 – және 4-қосымшалары);
4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға жұмыстарды орындау (тауарларды беру, көрсетілетін қызметтерді көрсету) үшін ықтимал өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді (Конкурстық құжаттаманың 5- қосымшасы);
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау
құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы
жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетуі қажет.
4. Неғұрлым сапалы жұмыс пен отандық кәсіпкерлерді қолдайтын конкурсқа қатысушыны анықтау үшін келесі өлшемдер конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне әсер етеді:
а) әлеуетті өнім берушіде болуы тиіс:
өткізіліп отырған мемлекеттік сатып алудың заты болып табылатын жұмыстар саласындағы жұмыс тәжірибесі;
өткізіліп отырған мемлекеттік сатып алудың заты болып табылатын жұмыстар саласындағы жұмыс тәжірибесі мен кәсіби біліктілікке ие мамандар;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес, отандық тауар өнірушілерге арналған ұсынылған тауарларға ерікті сертификаттаудан өткендігін растайтын құжаттар;
мемлекеттік стандарттың талаптарымен сәйкес келетін сапа менеджменті (сертификатталған жүйе) жүйесінде сертификатталуы;
б) сатып алынатын тауарларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалануға кететін шығындар мен (немесе) жұмыстың қызметтік, техникалық, сапалық сипаттамасы;
в) Қазақстандық мазмұн. Бағаның пайыздық мазмұны: жұмыстарды сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шартты жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы бағасынан әлеуетті өнім беруші есеп айырысады және 12 Қосымшаға сәйкес конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылады.
5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ықтимал өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушының банктік шотына енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелерін көрсету қажет); Аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 161400, Шардара қаласы, Аширов көшесі, 6 үй, СТН-і-581600211417, Депозит-шоты KZ520705034593502001, БИН 050140009104 Шардара аудандық қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, әкімшілік коды -4593502, Код 12, «Шардара аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) осы конкурстық құжаттаманың ссылка скрыта сәйкес банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
6. Осы конкурсқа қатысты және жариялауға жататын ақпараттар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңына сәйкес (әрі қарай - Заң), келесі интернет-ресурста орналастырылады: ссылка скрыта, www.chardara.kz
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
7. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2010_жылғы "25" қаңтар сағат 15-00-де мин. кешіктірмей 161400, Шардара қаласы, Аширов көшесі, 6 үйде орналасқан аудандық экономика және қаржы бөліміне конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2011 жылғы "25" қаңтар сағат 15-00-де мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Шардара қаласы, Аширов көшесі, 6 үйде орналасқан аудандық экономика және қаржы бөлімінде 2011 жылғы "25" қаңтарда сағат 15-00-де кездесу өткізеді.
11. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
12. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
13. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен үлгі жарғы
негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бурын берілген акцияларды үстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды;
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынуға тиіс;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттаєы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының тұпнүсқасын.
Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі. Мемлекеттік сатып алу туралы Келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дайін ұсынылады;
3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
Өтінім сондай-ақ, мына жағдайларды қосқанда, бірақ осы конкурстық құжаттаманың 37 тармағында көрсетілгендермен шектелместен, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуы тиіс:
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
осы үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетілер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
4) тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға, қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;
5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты төрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
14. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі-конверттерді ашқан күннен бастап 45 (қырық бес) күн болып белгіленеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
15. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін – мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
16. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
17. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
18. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратының жылу жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" (Шардара қаласы, Аширов көшесі, 6 үй, 2011 жылғы 14 ақпан сағат 15-00-ге.)