Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетiн

Вид материалаКонкурс

Содержание


2012 жылғы 15 наурыз күнi сағат 12-00-ге дейiн.
Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй
«Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяужолдарын ағымдағы жөндеу» жұмыстарын лоттар бойынша
Конкурстық құжаттама
Тапсырыс беруші
Тапсырыс берушінің өкілі
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі
Конкурстық құжаттаманың құны
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
2012 жылғы 5 наурыз күні 12 сағат 00 минуттан
Конкурсқа қатысуға өтінім
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
"САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС және 2012 жылғы 15 наурыз күнгі 14 сағат 00 минутқа ДЕЙІН АШПАҢЫЗ ".
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын а
8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
СТН 391800211384, ЖСК KZ080 70503 45805 11001, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, БСК ККМFКZ2А
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 111200, Қостанай облысы, Лисаков қ, Мир көшесі, 31, № 36 каб, электрондық мекенжайы: jkh_lsk@mail.kz) мына: «Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяужолдарын ағымдағы жөндеу» жұмыстарын лоттар бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнінде конкурс өткiзу туралы хабарлайды.


Лот № 1 ауданы 2900м2 «Жолдарды, өтпе жолдарды және жаяужолдарды ағымдағы жөндеу»;

Лот № 2 ауданы 1900 м2 «Ішкі орамдағы жолдарды ағымдағы жөндеу”

Жұмыстар Лисаков қаласының әкімшілік аумағында орындалуы тиiс. Толық тізім және жұмыстың көлемі конкурстық құжаттамада көрсетiлген.

Жұмыстарды орындаудың талап етiлетiн мерзiмi - 2012 жылғы 31 тамыз.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуетті өнiм берушiлер жiберiледi.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетiн 2012 жылғы 14 наурыз күнi 14-00 сағатқа дейiнгi мерзiм ішінде мына мекенжай бойынша: Лисаков қаласы, Мир көшесi, 31, № 36-кабинет және/немесе мына электрондық пошта мекенжайы бойынша: jkh_lsk@mail.kz 9-00 сағаттан бастап 18 сағат 00 минутқа дейiн тегiн алуға болады.

Конверттерде жабылған конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдер Әлеуетті өнiм берушiлермен «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша тапсырылады (жолданады): Лисаков қаласы, Мир көшесi, 31, 3-қабат, № 36 кабинет.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi: 2012 жылғы 15 наурыз күнi сағат 12-00-ге дейiн.

Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер 2012 жылғы 15 наурыз күнi сағат 14-00 мына мекенжай бойынша ашылады: Лисаков қаласы, Мир көшесi, 31, 2-қабат, № 25 кабинет. Әлеуетті өнiм берушiлер конкурстық өтiнiмдер салынған конверттерді ашу кезiнде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8(71433) 4-02-96 телефоны бойынша алуға болады, факс 8(71433) 4-02-96.

Конкурстық комиссияның хатшысы - Тасбулатова Гүлнара Тамбайқызы - “Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы, қызмет телефоны: 8(71433) 4-02-96.


Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”

мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Соколова


орынд. Г. Тасбулатова 40296


БЕКІТЕМІН:

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Соколова Т.В.

_______________________________

2012 жылғы «17» ақпандағы

№ 21 бұйрық




«Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяужолдарын ағымдағы жөндеу» жұмыстарын лоттар бойынша

мемлекеттiк сатып алу бойынша


КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Лот № 1 ауданы 2900м2 «Жолдарды, өтпе жолдарды және жаяужолдарды ағымдағы жөндеу»;

Лот № 2 ауданы 1900 м2 «Ішкі орамдағы жолдарды ағымдағы жөндеу”

Тапсырыс беруші: «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 31, 36-кабинет.

СТН 391800211384, ЖСК KZ270 70103 KSN39 18000, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, БСК ККМFКZ2А


Тапсырыс берушінің өкілі: Соколова Татьяна Владимировна, бастық, тел: 8 (71433) 4-02-96, jkh_lsk@mail.ru, тапсырыс берушінің интернет-ресурсы


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, 36- кабинет.

СТН 391800211384, ЖСК KZ270 70103 KSN39 18000, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, БСК ККМFКZ2А

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Конкурстық комиссияның хатшысы - “Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы - Тасбулатова Гүлнара Тамбайқызы, телефоны: 8(71433) 4-02-96, jkh_lsk@mail.ru. ұйымдастырушының интернет-ресурсы ссылка скрыта.


  Конкурстық құжаттаманың құны: «Конкуртық құжаттама тегін ұсынылады»


  1. Жалпы ережелер

1. Конкурс «Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяужолдарын ағымдағы жөндеу» жұмыстарын лоттар бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды Жеткізіп берушілерді таңдау мақсатымен өткізіледі:

Лот № 1 ауданы 2900м2 «Жолдарды, өтпе жолдарды және жаяужолдарды ағымдағы жөндеу»;

Лот № 2 ауданы 1900 м2 «Ішкі орамдағы жолдарды ағымдағы жөндеу”

2. Осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс үшін бөлінген сома лоттар бойынша:

Лот № 1 - 12570000 теңгені;

Лот № 2 - 8806000 теңгені құрайды.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жұмыстардың тізбесін;
      2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын, техникалық ерекшелігін;
      3) заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4 қосымшаларға сәйкес ресімделеді;
     4) жұмыстарды орындау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді;

     5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
     4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса жұмыстарды сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
     1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, 36 кабинет.

СТН 391800211384, ЖСК KZ080 70503 45805 11001, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, БСК ККМFКZ2А

2) банктік кепілдік осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің талап етілетін мерзімі (жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімі) конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 45 күн. Конкурстық құжаттамада көрсетілгендегіден қолданылу мерзімі қысқа конкурстық өтінімдер қабылданбайды.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы 5 наурыз күні 12 сағат 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, 36-кабинет.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
      1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы 9 наурыз күні 12 сағат 00 минут мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, 36-кабинет «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2012 жылғы 7 наурыз күні 12 сағат 00 минутта кездесу өткізеді.

      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.


3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы


Конкурсқа қатысуға өтінім

     

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауды жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
      11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
     заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
     әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындауға және құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
    құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
     заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
     төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
     бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
     не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
    Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүгізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

      3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

      әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

      осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (жұмыстар құнының) үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шартын;

4) жұмыстардың, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) жұмыстарды орындау мерзімдері мен көлемдерін, сапасына, жұмыстарды орындау шарттары мен кестесіне (әдістері) кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;
      5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
      6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат


Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар


12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін – мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.