Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетiн

Вид материалаКонкурс
«Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяу жолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша мемлекеттiк сатып
2. Шарттың негізгі талаптары
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Тараптардың жауапкершілігі.
5. Дауларды қарау
6. Басқа жағдайлар
7. Шарттың әрекет ету мерзімі.
8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Бск ккмfкz2а
Государственное учреждение
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяу жолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнінде конкурс конкурс



N

Тапсырыс берушінің

атауы

Қызметтің

атауы*

Өлшем

бірлігі

Саны, көлемі

Беру шарт-

тары (ИНК

ОТЕРМС

2000 сәй-

кес)

Қызметтер

көрсету

мерзімі

Қызметтер

көрсету орны

Аванстық төлем

мөлшері,

%

Конкурс

тәсілімен

мемлекеттік

сатып алу

үшін бөлінген

сома (N

лот бойынша),

теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяу жолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша

м2








Лисаков қ.


30




Лот № 1 «Жолдарды, өтпе жолдарды және жаяужолдарды ағымдағы жөндеу»


2900




2012 жылғы

31 тамыз

12570000 теңге

Лот № 2 «Ішкі орамдағы жолдарды ағымдағы жөндеу”

1900




2012 жылғы

31 тамыз

8806000 теңге
* тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының басшысы:

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

ММ бастығы

Тапсырыс берушінің басшысы:

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

ММ бастығы

_______________/__________________ _______________/ _________________

Күні______________ Күні______________

М.О. М.О.

Конкурстық құжаттамаға

10-қосымша


«Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяужолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы

шарттың жобасы


Лисаков қаласы _____ жылғы "___"__________


Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (111200, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31), Соколова Татьяна Владимировнаның

атынан бір тараптан және бұдан әрі Мердігер деп аталатын,

____________________________________________________________ атынан

(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)

___________________________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын

(Жарғы, Ереже және т.с.с.)

__________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) және 2012 жылғы "__"_______ өткен конкурс тәсілімен «Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяу жолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша:

Лот № 1 ауданы 2900м2 «Жолдарды, өтпе жолдарды және жаяужолдарды ағымдағы жөндеу»;

Лот № 2 ауданы 1900 м2 «Ішкі орамдағы жолдарды ағымдағы жөндеу”

жұмыстарын мемлекеттік сатып алу қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:


1. Шарттың мәні

1.1. Шарттың мәні «Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяу жолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша жұмыстарды орындау болып табылады.

1.2. Төмендегі аты аталған құжаттар және оларда келісілген шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;

3) сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктері;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.


2. ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

Бюджеттік бағдарламаның атауы: 458023 «Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету».

Кіші бағдарлама: 015.

Ерекшелігі: 149 «Басқа қызметтер мен жұмыстар».

2.1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяужолдарын ағымдағы жөндеу» лоттар бойынша:

Лот № 1 ауданы 2900м2 «Жолдарды, өтпе жолдарды және жаяужолдарды ағымдағы жөндеу»;

Лот № 2 ауданы 1900 м2 «Ішкі орамдағы жолдарды ағымдағы жөндеу”

жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды Тапсырыс беруші үшін жариялады және Өнім берушінің Лот № 1- _________ (_______________) теңге, Лот № 2 – __________(_______________) теңге мөлшерінде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтінімін қабылдады.

2.2. Жұмыстар лоттар бойынша «Лисаков қаласының ішкі орамдағы жолдарын және өтпе жолдары мен жаяу жолдарын ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша орындалады.

2.3. Жұмыстарды орындау мерзімі: 2012 жылғы 31 тамыз.

2.4. Жұмыстардың басталу мерзімі аванстық төлем аударылған күн болып есептелінеді.

2.5. «Тапсырыс беруші» Шарт бойынша жұмыстардың құнының 30 % мөлшеріндегі аванстық төлемді жүргізеді, ___________ ( ____________ ) теңгені құрайды.

2.6. Төлеу мерзімі: 2012 жылғы сәуір-қыркүйек. Соңғы төлемді «Тапсырыс беруші» 2012 жылғы қазанда жұмыстар аяқталған соң аванстық төлемді шығарып тастап, бірақ осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кеш қалмай жүргізеді

2.7. Төлем нысаны: орындалған жұмыстардың көлеміне сәйкес «Мердігердің» есеп айырысу шотына аудару.

2.8. «Мердігер» «Тапсырыс берушіге» жұмыстарды қабылдау-беру актісін және орындалған жұмыстарға төлеуге шот-фактураны ұсынады.


3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Мердігер Шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және талаптарда, Ереженің 156 тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Мердігер Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға:

1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

3.2. Мердігер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.

3.3. Мердігер білімін және барлық бар мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмысты бағыттауға және бақылауға міндетті. Өнім беруші қаражатқа, әдістерге, техникаға, жұмыстарды орындау реттілігіне және сапасына, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды басқаруға бақылау жасауды жүзеге асырады және толық жауап береді.

3.4. Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз жұмысшыларының, Қосалқы мердігер(лер)інің, жұмысшылары және Қосалқы мердігер(лер)інің сенім білдірген тұлғаларының, сондай-ақ Шарттың шеңберінде мердігермен шарттың негізінде жұмыстардың бір бөлігін орындаушы басқа да тұлғалардың іс-әрекеттер және кемшіліктері үшін жауап береді.

3.5. Тапсырыс беруші Мердігер кез-келген табылған Ақаулықтары туралы жазба түрде Ақаулықтарды түзету мерзімін көрсетіп хабардар етеді.

3.6. Ақаулықтар туралы хабарламаны алып, Мердігер Тапсырыс берушімен көрсетілген уақыт кезеңі ішінде Ақаулықты жоюға міндетті.

3.7. Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізіліп жатқан материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық сипаттайтын құжатқа және жобалау-сметалық құжаттамаға сай болатынына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін дәрежеге дейін төмендететін кемшіліксіз орындалатынына кепілдік береді. Бұл талаптарға сай келмейтін жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсат етілмеген өзгерістер кемшілігі бар болып саналады. Мердігер берілген кепілдіктерге зарарды өтеу немесе пайдалану ережесін бұзушылықтың себебінен, Мердігер (Қосалқы мердігермен) жүзеге асырылмаған дұрыс емес мазмұндағы немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсетудегі өзгертулер, сондай-ақ жабдықтың оны қалыпты пайдалану кезінде бұзылуы немесе рұқсат етілген тозығы жетуі себебінен болған Ақаулықты түзету кірмейді. Мердігер Тапсырыс берушінің талабы бойынша материалдардың және жабдықтардың сапасын куәландыратын құжатты ұсынуы керек.

Мердігер Тапсырыс берушіге объектіні пайдалануға 2 жыл мерзіміне кепілдік береді.

3.8. Мердігер орындалған жұмыстарды және барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және басқа жағдайларды жұмыстармен байланысты зарардың, зақымданудың, жоюдың, ауа-райы шөгінділерімен, су басып кетумен, аязбен, өртпен, ұрлықпен және басқа себептермен байланысты барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуі керек. Мердігер өзінің жұмыстарын жасаған кезде, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті, және оған тиесілі құрылысты зақымданудың қандай-да бір түрлерінен немесе басқа себептерден, жолдарды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің түрлерін қоса алғанда (бірақ онымен шектелместен) жоба бойынша басқа жұмыстарды қорғауды қамтамасыз етуі керек.

3.9. Мердігер учаске аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқыстарын жоюға және Учаскені жедел тәртіпке келтіруге міндетті.

3.10. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін 2012 жылғы 31 тамыздан кеш қалмай аяқтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3.11. Мердігер конкурстық өтінімге сәйкес (ол бар кезінде) қазақстандың мазмұнды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3.12. Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды орындағаны үшін осы Шартта келісілген соманы төлеуге міндеттенеді.

3.13. Тапсырыс беруші Мердігермен орындалған жұмыстардың сомасынан ай сайын барлық жұмыстарды орындағаннан және бітпеген істер мен ақаулықтардың тізбесін жойғаннан кейін (бұдан -әрі – Түпкілікті төлем) төленетін орындалған жұмыстардың 5 % ұстайды.

3.14. Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақаулықтарды түзету бойынша оның барлық міндеттемелерін толығымен орындаған жағдайда Мердігер Тапсырыс берушімен осы Шарт бойынша Түпкілікті төлем жүргізіледі.


4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.

4.1. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне, меншігіне шығындар немесе залал келтірумен және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты және Шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.

4.2. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.

4.3. Мердігер жеткізіп берулерді ұйымдастыруға, Мердігер беретін, Объектіге жеткізілуі тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға, түсіруге және сақтауға жауап береді. Жеткізіп берулер тек қана Мердігердің атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайларда Тапсырыс беруші жеткізіп берумен, жөндеумен, сақтаумен және көлік құралдарының тоқтап тұруына төлеумен байланысты шығындар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай жеткізіп берулер Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.

4.4. Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, революция, азаматтық соғыс, бүліктер, тәртіпсіздіктер (егер онда Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) тәуекелі үшін жауапты болады. Сондай-ақ, Мердігер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетілмеген топырақтың уытты және жарылғыш нәрселермен улануы және егер осы табылғандар жұмыстардың орындалуына тікелей әсер ететін болса да Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады.

4.5. Тапсырыс беруші Мердігердің жоғарыда айтылған себептер бойынша жұмыстарының қандай-да бір зарары мен қандай-да бір зақымыдануына оларды толық аяқтамағанға және қабылдамағанға дейін жауап бермейді, және Мердігер қандай-да бір зарар мен қандай-да бір зақымыданулардың және жоғарыда айтылғандардың нәтижесіндегі басқа ақаулықтардың барлық түзетулерін қосымша өтеусіз жүзеге асырады.

4.6. Тараптардың әрқайсысы олардың бірлескен іс-қимылдары немесе кемшіліктерінің нәтижелері болып табылған шығындар бойынша шығындар, шығыстар және талап-арыздар, адамдардың денсаулығына залал келтіргені және өлімі үшін жауап береді және оларды басқа тарапқа өтейді.

4.7. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы Шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған жұмыстардың тиесілі сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыппұлын төлейді. Тұрақсыздық айыппұл келесі төлеммен бірге жүргізіледі. Тұрақсыздық айыппұлының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.

4.8. Мердігердің оның кінәсінан осы Шартпен көзделген міндеттемелердің бұзылғаны оған жүктелетін мына жазалау шараларына: шарт бойынша міндеттемелерді нақты орындағанға дейін әрбір өткізілген күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % тұрақсыздық айыппұлын бюджетке төлеуге әкеліп соқтыруы мүмкін.


5. ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ

5.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

5.2. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.

5.3. Егер екінші тараппен оны Шартпен көзделген түбегейлі талаптарынан айыратын Шарттың талаптарына елеулі бұзушылықтар жасалған болса, Тапсырыс беруші мен Мердігер Шартта көрсетілген мерзімнен бұрын Шартты бұза алады.

5.4. Шарттың талаптарын елеулі бұзушылықтар өзінде мыналарды қамтиды, бірақ аталғандамен шектеліп қоймайды:

1) егер Мердігер жұмыстардың кестесін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұзуы мүмкін;

2) Мердігер Тапсырыс берушімен белгіленген негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс берушімен көрсетілген Ақаулықтарды жоймайды;

3) оның қайта ұйымдастырылуы немесе бірлесуін қоспағанда, не Тапсырыс беруші, не Өнім беруші банкроттыққа ұшырайды немесе қандай-да бір себептермен жойылады;

4) Тапсырыс берушінің Техқадағанымен расталған соманы Тапсырыс беруші Мердігерге соманы растаған күннен кейінгі 30 күннің ішінде төлемейді;

5) Егер Шарт Мердігердің Шартты елеулі бұзушылықтары себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші қалған соманы нақты орындалған жұмыстар үшін, аванстар мен Тапсырыс берушінің жаңа Мердігер таңдауына кеткен шығындарын шығарып тастап, Мердігерге төлейді. Егер Тапсырыс берушінің Шартты бұзумен байланысты шығынының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып кетсе, айырмашылығы Тапсырыс берушіге төлеуге жататын қарызды құрайды.

5.6. Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазба хабарлама хат жолдап, Шартты кез келген уақытта оны бұдан әрі орындаудың мақсатсыздығына қарай бұзуы мүмкін. Хабарлама хатта Шартты бұзу себебі көрсетіледі, Шарттағы күші жойылған жұмыстардың көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылу күшіне енген күні келісіледі.

5.7. Бұндай жағдайларды Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың, сатып алынған материалдардың құны үшін төлем жүргізеді.

5.8. Шарт жоғарыда аталған жағдайларға байланысты жойылған кезде, Мердігер Шарттың бұзылуына байланысты нақты шығындар үшін ғана төлемді бұзылған күні талап етуге құқылы.

5.9. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:

1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;

2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;

Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні консервациялауды және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс беруші тапсыруды қамтамасыз етеді.

5.10. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.


6. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

6.1. Мердігерді таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгертпеу шартымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданған, осындай өзгерістің сомасынан қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаны өзгертпейтін шартпен сатып алынатын жұмыстардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе ұлғаюына байланысты шарттың бағасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында осы жұмыстарды сатып алу үшін көзделген соманың шегінде жол беріледі;

4) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгерісіне байланысты еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруінен туындаған аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу шартымен шарттың орындалу мерзімдерін тиісінше өзгерту бөлігінде жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

6.2. Егер стихиялық апаттар, әскери әрекеттер немесе қандай-да бір басқа форс-мажорлық жағдайлар Тапсырыс берушінің немесе Мердігердің бақылауына болмайтын болса, Шартты орындауды бұзса, Тапсырыс беруші Шартты тоқтата тұруды куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлау қағазды алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған барлық жұмыстардың көлеміне және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін төлем жүргізеді

6.3. Мердігер Шартпен келісілген барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлау қағазын жолдайды. Тапсырыс беруші Шартқа сәйкес жеті күндік мерзімнен кеш қалмай жұмыстардың аяқталуын бағалау жөнінде комиссия (Жұмысшы комиссиясын) тағайындайды.

6.4. Жұмысшы комиссия Мердігердің қатысуымен жүргізіледі.

6.5. Жұмысшы комиссия актісінің күні жұмыстарды аяқтаған күн болып есептеледі.

6.6. Жұмысшы комиссия бітпеген жұмыстардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Біптеген жұмыстарды жойған күн Шарттың аяқталған күні болып есептеледі. Барлық біптеген жұмыстарды жою фактісі Объектіні Пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.

7. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ.

7.1. Осы Шарт «Тапсырыс беруші» оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін және Мердігер Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.


8. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:


Тапсырыс беруші:

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31

СТН 391800211384,

ЖСК KZ270 70103 KSN39 18000

«ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ

БСК ККМFКZ2А

телефон, факс: 4-02-96

_____________________ Т. Соколова

«___»___________2012 жыл

М.О.



«Мердігер»:

_________________________________ _________________________________

БСН (ЖСН) __________

СТН_____________________________

ЖСК _____________________________

БАНК_____________________________

БСК ______________________________


______________________


«___»____________2012 жыл

М.О.





Государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Лисаковска» 111200, Костанайская область, город Лисаковск, улица Мира, 31, кабинет 36, адрес электронной почты: jkh_lsk@mail.kz объявляет о проведении конкурса по государственным закупкам следующих работ: «Текущий и внутриквартальный ремонт дорог, проездов и тротуаров города Лисаковска» по лотам:

Лот № 1 «Текущий ремонт дорог, проездов и тротуаров» площадью 2900м²,

Лот № 2 «Текущий ремонт внутриквартальных дорог» площадью 1900м²,

Работы должны быть выполнены на административной территории города Лисаковска. Полный перечень и объем работы указана в конкурсной документации.

Требуемый срок выполнения работ: 31 августа 2012 года.

К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.1 ст. 8 Закона Республики Казахстан «О государственных закупках».

Пакет копии конкурсной документации бесплатно можно получить в срок до 14-00 часов 14 марта 2012 года по адресу: город Лисаковск, улица Мира, 31, кабинет 36 с 9-00 часов до 18 часов, 00 минут и/или по адресу электронной почты: jkh_lsk@mail.kz .