Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған
Вид материала | Документы |
СодержаниеЖастар саясаты Тұрғын үй саласы Білім беру Денсаулық сақтау 1.2.11. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы 1.3 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру Металл өңдеуде |
- Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк, 550.9kb.
- Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетті, 5797.52kb.
- Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру, 4326.54kb.
- Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007, 6892.12kb.
- 2008–2009 оқу жылындағы «Археология» пәні бойынша студентке арналған бағдарлама (Sillabus), 1915.22kb.
- Курс (5 жылдық) студенттерінің 8 семестр 2008-2009 оқу жылына арналған сабақ кестесі, 158.31kb.
- О ходе выполнения Программы «Социально-экономическое развитие мо «Володарский район, 28.52kb.
- Российская федерация федеральный закон о защите конкуренции, 1262.52kb.
- Ғабит мүсірепов (1902-1985), 389.64kb.
- Губернатор челябинской области постановление от 14 ноября 2008 г. N 365 Об организации, 103.25kb.
1.Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке жету мақсатында:
2006 жылдың маусым айында облыс әкімінің өкімімен Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы мен әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы ісі мен гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия болып қайта құрылған. Біржола комиссияның жаңа құрамы бекітілді;
Облыс әкімдігінің 26.12.2006 жылғы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын» Қарағанды облысында іске асыру бойынша2007-20008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» № 28/04 қаулысы әзірленген және бекітілген;
Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруға жауапты қызметкерлер анықталған;
«Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері» заңының жобасын жалпылай талқылау ұйымдастырылған, сонымен қатар оны аймақта қоғамдық және ҰСҰ қатысуымен талқылауға бірқатар дөңгелек үстелдер өткізілген;
сайлау лауазымдарына үміткерлерді жылжытуға гендерлік жүйені ендіру мәселесі бойынша «Нұр-Отан» саяси партиясының активтерімен кездесу өткізілген. Қазір «Нұр-Отан» партиясының қатарын облыстың 52 пайыз әйелдері құрайды.
қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстың 30 аудандары мен қалаларында әкімдерді сайлауға хат жіберілді. Әкімдерге алдағы болатын сайлауға қатысқылары келетін әйелдерді қолдауға ұсыныс берілді;
облыстық әйелдер көшбасшысы жүйесі құрылды, оған 7 қолданыстағы орталық пен мектептердің жұмысын құрайтын 6 ҰСҰ кіреді, оның ішінде 3 Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларының халықаралық ұйымдарына ықпал етумен құрайды.
- Экономикада гендерлік теңдікке жету мақсатында :
ЮНИФЕМ қолдауымен «Status» ОО бірлесіп «Гендерлік бюджетке қоғамдық кеңес» жобасы іске асырылды, оның төңірегінде 3 күндік бағдарлама әкімшілері – облыстық департаменттер, «әлеуметтік мекемелер, ҰСҰ басшылары, мәслихат депутаттары ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия Хатшысы меңгерушісінің орынбасары Р.Наутбекованың қатысуымен (әрі қарай – Ұлттық комиссия) семинар-тренинг өткізілді. Астана қаласында республикалық семинардың қорытындысы бойынша кедейшілікпен күресу Аймақтық бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысының есеп беруі тыңдалды;
«Селодағы өзін-өзі басқарудағы - әйелдер басшылығының әдеттері» тақырыбы бойынша Осакаров, Нұра, Ақтоғай, Шет аудандарында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша 8 әйелдердің ынталы тобы құрылды, олардың қызметтері құқықтарын іске асыруға, жастар мен әйелдердің жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік қорғалу проблемаларын шешуге бағытталған. ҰСҰ селолық жерлерде құру үшін бұл ынталы топқа «Облыстық шағын кредиттік орталық» ШКҰ ОФ арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс төңірегінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арқылы гранттар берілді;
«Әйелдер және адам құқығы» жобасының төңірегінде «Сарыарқа әйелдері» ОО арқылы Европа комиссиясының қаржылық қолдауымен облыстың 9 ауылдық жерлерінде цикл семинарлар өткізілді.
Облыстық «Ақниет» акциясының төңірегінде Қаражал қаласында «Кәсіпкерлік қызметтердің құқықтық-экономикалық мәселелері» тақырыбына көшпелі оқыту семинары ұйымдастырылды.
Қарағандыда «Селоны дамытуға әйелдер бастамасы» республикалық конференциясын өткізу қамтамасыз етілді.
Халықтың әлеуметтік- қиын санаттарынан шыққан әйелдерді қолдауға 459 (барлығы 772) шағын кредиттер 14,2 млн. теңге сомасына берілді.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 8 әйелге өз істерін ашуға 78,1 млн. теңгеге кредит берді.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мониторингі өткізіледі, онда бизнеспен айналысатын әйелдер туралы мәлімет базасын құруға, кәсіпкер-әйелдердің көбірек белсенділігін экономика саласында анықтауға, даму ерекшеліктері мәселелеріне ықпал етеді.
Бизнес саласындағы әйелдер саны 2000 жылдан бастап салыстырғанда 5 есе өсті. Қазіргі күні облыста 8650 шағын және орта бизнес кәсіпорындары қызмет етеді, бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде тіркелгендердің (37800) жалпы санынан 22 пайызды құрайды. Ауылдық жерлердегі кәсіпкер-әйелдер саны артуда (селолық кәсіпкерлердің жалпы санынан 22,7 пайыз);
Әйелдер үлесі облыс халқының жалпы санының 52,9 пайызын құрайды. Экономикалық ынталы әйелдер саны – халықтың экономикалық ынталы жалпы санынан 50,8 пайыз. Олардың экономикалық ынталы деңгейі 2006 жылы 74,8 пайыз ерлерге қарағанда 65,9 пайызды құрады.
Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясының филиалымен бірлесіп облыстардың 31 өкілдері-әйелдер делегациясы Қазақстан іскер әйелдерінің Евразиялық Самитімен, облыс кәсіподағы Федерациясымен бірлесіп - Қазақстанның еңбеккер әйелдер Конгрессінде 25 әйел бар.
- Гендерлік білімді, құқықты және гендерлік сауат ашуды іске асыру мақсатында:
Стратегияның барлық бағыттары бойынша облыста жағдайға талдау әзірленген. «Қарағанды облысында 2000-2005 жылдарға арналған гендерлік статистиканың кейбір көрсеткіштері» жинағы шығарылды және барлық қалалар мен аудандарға жіберілді, «Қарағанды облысының ерлері мен әйелдер -2006» жинағын шығару жоспарлануда.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ гендерлік саясаты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер мен педагог қызметкерлер үшін оқыту бағдарламасы әзірленді.
Ұлттықкомиссия Хатшылығының сарапшысы Н.Мойсееваны шақырып «Гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру қарсаңындағы тең құқылық мен бостандық» облыстық конференциясы өткізілді.
Халықтың гендерлік сауатын ашу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұған масс-медиа көп көмек көрсетуде. Облыстық теледидар каналдарында «Іскер әйел», «Әйел ақиқаты», «Мама, сенің атың» ақпараттық бағдарламалар, «Сіз бен біз», «Свободный микрофон» ток-шоулары, «Орталық Қазақстан» газеті беттеріндегі «Сұлушаш» деген, «Индустриальная Караганда» газетіндегі «Гендерлік саясат» деген айдарлармен үнемі басылатын мақалалар.
Жыл қорытындысы бойынша «Новый вестник» газетінің бас редакторы В.Краус облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- Ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулықтарын нығайту мақсатында:
«Ана қауіпсіздігі және неотаналды күтім» және «Бала жасындағы сырқаттарға шоғырлану кіріспе» ВОЗ халықаралық бағдарламасы тиісті облыстың барлық мекемелеріне енгізілді;
2006 жылы денсаулық сақтаудың 7 жаңа объектісі енгізілді, оның ішінде «Облыстық перзентхана үйі» КМКК жанындағы 20 кереуеттік перинаталды бөлімше.
Облыс бойынша жалпы сырқаттардың тұрақтылығы байқалады (100 мың халыққа 57 500,0, ҚР бойынша – 57 865,2 ). Сәбилер өлімі 1000 тірі туған балаға 12,0 құрады (ҚР бойынша – 15,1). Аналар өлімі 38,5 құрады (ҚР бойынша – 44,3) .
Балаларды емшек сүтімен емізуді насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.
Облыс бойынша барлығы 81 іс-шара өткізілді: жалпы 2390 адамды қамтыған ерлер мен әйелдер денсаулығын қорғау мәселелері бойынша тренинг-семинарлар, конференциялар өткізілді.
БАҚ репродуктивті денсаулық мәселелері, репродуктивті органдар сырқаттарының алдын-алу мәселелері жарияланды.
5.Жыныс белгісі бойынша қоғамдағы зорлықтың алдын алу мақсатында:
Тоқсан сайын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс әрекеттерді болдырмау, ондай адамдарды анықтау бойынша «Тұрмыс» оперативтік-пофилактикалық іс-шара өткізіледі.
БАҚ арқылы жұмыстар ұйымдастырылды. Осылайша, 2006 жылы әйелдерді зорлықтан қорғау мәселелері бойынша құықтық тақырыппен 934 баяндамалар ұйымдастырылды, оның ішінде 403 оқу орындарында, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында – 446, БАҚ – 18 радио бойынша, 51 баспасөзде, 16 теледидар бойынша.
Қарағанды қаласында «Гендерлік ақпараттық-талдау орталығы» ОО базасында қамқорлыққа алу Кризис орталығы, Жезқазған, Теміртау қалаларында Кризистік қызметтері жұмыс істейді, олардың әрекеттері әйелдерді зорлықтан қорғауға бағытталған.
Балалар мен әйелдерге қарсы зорлықтың алдын-алуды ұйымдастыру мақсатында Облыстың ІІД әйелдерді қорғау бойынша 19 инспектор жұмыс істейді;
Облыс бойынша ҰСҰ бірлесіп 2006 жылы жалпы 2587 адамды қамтыған семинар-тренинг өткізілді, оның ішінде шет ел әлеуметтік жұмыстары тәжірибесі бойынша полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
6.Отбасындағы гендерлік теңдікке жету, отбасын нығайту және отбасындағы тәрбие рөлін арттыруға жету мақсатында:
ҚР білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет өкілін шақырып балалар құқығын қорғау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мәселелері бойынша облыстық конференция өтті.
Отбасы рөлін арттыру бойынша жұмыстар мақсатты жолға қойылған: Халықаралық отбасы күніне облыстық комиссияның (03.05.06 ж. №9-9/150) ұсынысына сәйкес «Әлеуметтік және мәдени артықшылықтарды қамтамасыз ететін отбасы институтын нығайту» тақырыбы бойынша облыстық комиссия мүшелерінің, әділет бөлімдері, денсаулық сақтау, білім беру басшыларының, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының, Осакаров ауданының ата-ана қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен 4 «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.
Қарағанды қаласының Осакаров ауданында «ХХІ ғасырдағы отбасы» Форумы өткізілді. Көп балалы үлгілі отбасылары, оның ішінде 17 алыс селолық округтардан да құрмет көрсетулері өткізілді.
Сәтпаев қаласының Жезқазған кентінде «Мерей» балалар үйі мен Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері үшін «Жалғас» жасөспірімдер үйі ашылды.
Облыстың барлық спорт ұйымдарында «Әкем, шешем және мен – спортшылар отбасымыз» деген жарысу, «Біздің отбасы» суреттерінің көрмесі өткізілді. Бұл шараларды өткізу облыстың электрондық және БАҚ басылымдарында кеңінен жарияланды.
Бірқатар дәстүрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне, Балаларды қорғау күніне, «Мектепке жол», «Ақ ниет», акциялары, зорлықтан қорғау Халықаралық күніне арналған іс-шаралар. Ослайша, Қаражал қаласында «Ақ ниет» қайырымдылық акциясының төңірегінде 30 аз қамтылған отбасына киім түрінде атаулы көмек көрсетілді, №1 ОМ сыйлық ретінде 10 компьютер тапсырылды, аз қамтылған отбасылар оқушыларына – оқу озаттарына қысқы каникул мерзімінде «Березка» санаторийіне; «Салют» туберкулезге қарсы балалар санаторийіне; тірек қимыл аппараттарында кемшіліктері бар балаларға, ақл-есі кем балаларға «Үміт» оңалту орталығына жолдама берілді. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ жеңілдік санатында оқитын Қаражал қаласының 4 студентіне оқуларына төлеуге көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп түлектері үшін «Лингва» тілдер мен аударма институтында 1 орын және институт колледжінде тегін оқуға 1 орын бөлінді.
7. Гендерді түсіну қоғамдық сананы дамыту мақсатында:
2006 жылға арналған НПО әлеуметтік-маңызы бар жобаларды орындау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алуға ашық конкурс өткізу кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ауылдық жерлердегі әйелдердің азаматтық бастамасын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттен 1,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестік ұйымдастырған, «Гендерлік – сезім басшысы» қоғамдық конкурсына аудандар мен қалалар әкімдері, департаменттер, басқармалар, ЖОО, ұйымдар мен мекемелер басшыларының белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Конкурстың қорытындысы бойынша облыстан 20 өкіл, оның ішінде: аудандар мен қалалардың 3 әкімі, облыстық департаменттердің, ЖОО, кәсіпорындардың 6 басшысы 2006 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласына «Гендерлік бал» қорытындысына шақырылды. ҚарМУ ректоры Е.К.Көбеев «ЖОО гендерді түсінетін басшысы» номинациясының жеңімпазы атанды.
- Жастар саясаты
Облыстағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 11 желтоқсандағы Х сессиясының шешімімен бекітілген «Қарағанды облысының 2005-2007 жылдардағы жастары» аумақтық бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) төңірегінде іске асырылуда . 2005 жылы бөлінген қаражат көлемі 17000, 0 мың теңгені, 2006 жылы – 31991,0 мың теңгені құрады (барлығы 48991,0 мың теңге).
Бұл Бағдарлама жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етеді, әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге ықпал етеді, білім, ғылым қолдау саласындағы өзекті мәселелерді шешуді қарастырады. Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік құрылымдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара әрекет механизмін және жаңа сапалысын әзірлеуді қалыптастырады. Бағдарламаның іс-шаралар Жоспарын іске асыру төңірегінде 2007 жылы 120 мың адамды қамтыған және 34516,0 мың теңге қаржыландыру көлемімен 43 іс-шараны өткізуді қарастырады.
Көрсетілген іс-шаралар жастар ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді және мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жаңа механизмін әзірлеуге ықпал ететін болады.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін жастарды әлеуметтік қорғауды құрудың облыстағы негізгі оңтайлы қорытындылары ретінде мыналарды атауға болады:
- Жас азаматтарды табысты социализациялау үшін және мемлекеттік тұрмыс қызметіне олардың жауапты қатысуларына жағдай құру;
- Әлеуметтік жағдайды жақсарту және жастардың әлеуметтік әлсіз бөлігіне тікелей көмек көрсету, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасау;
- мемлекеттік басқару, балалар және жастардың коммерциялық емес ұйымдарын олардың әлеуметтік маңызы рухани-жақсы, ой өрісті және творчествалық потенциалын көтеру, жастардың әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, құқық бұзушылық пен жастар ортасында девианттық және асоциалдық таралуларының алдын-алу, салауатты өмір салты, жастарды батырлыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу проблемаларын шешуге біріктіру.
- Еңбек пен жұмыспен қамтуға кепілдік;
- Талантты жастарды қолдау;
- Жас отбасыларын қолдау.
- Тұрғын үй саласы
Қоғамның тұрғын үй қажеттілік сұранысын қанағаттандыру тауардың осы түріне үнемі сұраныстың болуы табылады. Халықтың әр түрлі бөлігіне арналған қазіргі заманғы тұрғын үй салу, инвестициалық сұраныс құрудың кепілденген табыс көзіне қызмет етеді және халық пен кәсіпорындардың қаражатын пайдалану есебінен экономиканың өндірістік циклін қолдауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа!» деген жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлеекеттік бағдарламасы туралы» №1388 Жарлығына сәйкес «Қарағанды облысындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Аймақтық бағдарламасы» әзірленді және Қарағанды облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VІІІ сессиясының №110 шешімен бекітілген.
Аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттары болып тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты іске асыру, республикалық бюджеттен қайтарылған кредит есебінен тұрғын үй салу жолымен халықтың көптеген бөлігі үшін тұрғын үй қол жетімді болуды қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігі үшін республикалық бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үй салу мен ипотекалық кредиттеу жүйесі бойынша іске асыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы халық қаражатын тарту, тұрғын үй құнын арзандату, тиімді құрылыс материалдары өндірісін дамыту және жаңа технология енгізу.
Халықтың көптеген бөлігінің тұрғын үйге қол жетімді болуын қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын іске асыру үш жылдық тұрғын үй құрылысы бағдарламасын екі жылда орындауға ықпал етті. 2005-2006 жылдары барлық қаржыландыру көздерінен 16775,3 млн. теңге, үш жылдағы 464.3 мың шаршы метр болғанда 555 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, немесе 119.5%, оның ішінде :
- 2005 жылы – 240, 8 мың шаршы метр (2004 жылға 156,2% );
- 2006 жылы – 314, 2 мың шаршы метр (2005 жылға 130,5%).
Республикалық қаражат есебінен екі жылда мемлекеттік коммуналдық 33,2 мың шаршы метр енгізілген, халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігінен 415 отбасы жаңа тұрғын үй алды, кредит қаражаты есебінен 38,6 мың шаршы метр ипотекалық тұрғын үй енгізілді, бұл 433 пәтерді құрады.
Облыс бойынша 2006 жылы қаржыландыру табыс көздері есебінен 9250,6 млн. теңге инвестиция салынған, 2005 жылғы деңгейге өсу 123% (7524,7 млн. теңге) құрады. Облыстағы енгізілген тұрғын үйдің жартысынан көбін жеке құрылысшылар салған. Енгізілген тұрғын үй құрылымында үлкен үлес салмағы Қарағанды қаласына 44%, Теміртау қаласына – 24% келеді.
2006 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден көп қабатты және жеке құрылысты әрі қарай дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 1469,4 млн. теңге бөлінді. Бөлінген ақша толық көлемде игерілді, 11,3 км су жабдықтау жүйесі салынды , 17,6 км – электрмен жабдықтау, 4,4 – кәріз, 4,3 жылу жүйесі және 3,1 км подъезді автожолдар. 2007 жылға арналған инженерлік коммуникациясының құрылысына республикалық бюджеттен 1345 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы барлық қаржыландыру табыс көздері есебінен 316 мың шаршы метр тұрғын енгізу жоспарлануда.
- Білім беру
Облыста білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдай жасалған, жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарған, мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі артқан және сақталған.
Облыста 143 барлық меншік түріндегі мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді, оларда 24,4 мың бала тәрбиеленуде.
Облыста жалпы орта білім беретін оқу орындарының жүйесі тұрақталған: жалпы типтегі 602 күндізгі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар, 32 кәсіптік мектеп, 12 колледж, 11 балалар үйі, бес жасөспірімдер үйі, қиын балалар мен жасөспірімдерді психологиялық оңалтудың екі қызметі, 23 мектеп жанындағы интернат бар. Сонымен қатар, облыс аумағында республикалық әскери мектеп-интернат, спорт мектеп-интернаттары мен білім беретін 80 жеке ұйымдар бар.
2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар 3 бірлікк көбейген. Балқаш, Теміртау, қалаларында Абай ауданының Сарепта селосында балалар үйі қалпына келтірілген. Олардың барлығы күрделі жөндеу жасалған бұрынғы балалар үйінің ғимаратына орналасқан. Мектепке дейінгі балалар ұйымындағы балалар саны 2 мыңнан артыққа көбейген
2006 жылы мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жанындағыц 16 шағын-орталықтардың жұмыстары ұйымдастырылған, оларда 415 бала тәрбиеленуде. Халықтың жалпы санынан мектепке дейінгі оқытумен балаларды қамту 1,85 % имектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету деңгейімен облыстағы 1000 балаға 1,4 бірлікті құрайды.
2007 жылы мемлекеттік бала бақша жүйесі 12 бірлікке көбейеді, оның ішінде 5 қолданысқа енгізілген, қалғандары жыл аяғына дейін ашылатын болады. Балқаш қаласы мен Бұқар жырау ауданындағы Самарканд селосында екі жеке меншік бала бақша қалпына келтірілетін болады. Жаңадан ашылған бала бақшаларда 1885 орын құрылатын болады. Қолданыстағы бақшаларда қосымша орындар ашу жоспарлануда. Осылайша, балалар саны 2068 адамға дейін көбейеді. Сонымен қатар, 2007 жылы 400 орынға 14 шағын-орталық ашу болжамдануда.
Жалпы білім беретін мектептер жүйесі 2005 жылмен салыстырғанда 7 бірлікке азайған. Облыста оқу жылы басталғанда жетерлік оқушылар болмаған селолық жерлердегі шағын бастауыш сыныптарды жабу жүріп жатыр.Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар санының жылдан-жылға азайып бара жатқанын атап өту қажет. Осылайша күндіз оқитын жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердегі оқушылар саны 2005 жылдан бері 11,3 мың адамға азайған. Оқушылар санының азайғаны соңғы жылдарда да байқалуда, 2007 жылы оқушылар саны 201,6 мың адамды құрайтын болады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,7 мың адамға төмен. Оқушылар санының қысқаруы 90 жылдардың аяғында 2000 жылдардың басындағы бала туу санының азаюына байланысты.
Облыста 34 кәсіптік мектеп пен лицейлер, оның ішінде 2 жеке меншік. 2006 жылы Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селосында кәсіптік мектеп ашылған. Қазіргі кезде облыстың барлық аудандары мен қалаларында кәсіптік мектеп бар, Осакаров пен Нұра аудандарында филиалдары жұмыс істейді.
Кәсіптік мектептерде 48 мамандық бойынша дайындық жүріп жатыр. Бастапқы кәсіптік оқытумен 12,27 мың оқушы қамтылған (2005 жылы 12,07 мың адам).
Облыста 45 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 18 мемлекеттік және 27 мемлекетік емес, 8 колледж жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады, оның 3 мемлекеттік.
Колледждер жүйесі соңғы жылдары 3 бірлікке өскен, колледжде оқыту 94 мамандық бойынша жүргізіледі.
Жастарды орташа кәсіптік оқытумен қамту 40,5 мың адамды қамтиды, бұл 2005 жылға қарағанда 4,3 мың адамға көп. 2007 жылы 41,2 мың адам күтілуде. Мемлекеттік тапсырыс жағдайында 8,6 адам оқиды, оның ішінде 0,6 жеке меншік колледждерде.
Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен 2006 жылы Жезқазған қаласында орта мектеп салынған, Қарқаралы қаласында бала бақша, Шет ауданындағы Ақжал кентінде орта мектептің құрылысы басталды.
Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен: Осакаров ауданындағы Сенокосное селосында және Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде бейімделген мектеп орнына 2 мектеп салу басталды.
2007 жылға арналған білім беру объектілерін салу мен қайта жөндеуге 1217403 мың теңге оның ішіндде РБ 755874 мың теңге қарастырылған.
Құрылыс басталатын болады: жергілікті бюджет есебінен – Ақтоғай ауданындағы Үшарал ауданында ОМ, Жаңаарқа ауданындағы Ескене ауылында, Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ аулында мектеп жанындағы интернатқа бұрынғы ОМ ғимаратын қайта жөндеу, Нұра ауданындағы Ахмет ауылында ОМ, Қарқаралы ауданындағы Матақ ауылында ОМ, Саран қаласындағы «Спутник» бала бақшасын қайта жөндеу; республика бюджеті есебінен: Абай, Балқаш қалаларындағы ОМ, Қарқаралы қаласындлағы кәсіптік мектеп.
Облыстың ЖОО үш тілде жаңа оқу және ғылыми әдебиет алынды, қазіргі заманғы жабдықтармен ғылыми зертхана алынған, компьютер базасы кеңейтілген, жаңа Интернет кластары ашылған, білім берудің менеджмент сапасы жүйесі енгізілген.
- Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай жетілдіруді анықтайтын, мемлекеттің басымдылықтыларының бірі азаматтар денсаулығын қорғау мен нығайту табылады.
Қарағанды облысының 2006 жылғы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін негізгі құжат болып ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту Аймақтық бағдарламасы және Қарағанды облысының 2008-2010 денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі Аймақтық бағдарлама болып табылады.
Халықтың денсаулық деңгейі мен облыстың денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері жақсарған:
- 4,7% туу саны артқан (2005 жылы 14,9 дан 2006 жылы 15,6 дейін);
- 2006 жылы табиғи өсім 2005 жылғы 1,72 қарағанда 2,41 құраған;
- Туберкулезбен ауыру 12,9 пайызға халықтың 100 мыңына 167,2 ден 145,5 дейін азайған (өлім 5,5 пайызға төмендеген);
- Онкологиялық сырқат 100 мың тұрғынға 244,0 қарағанда 242,3 құраған (0,7 пайызға азайған);
- Психикалық ауытқулармен сырқаттану 2,6 пайызға 229,3 тен 223,5 дейін азайған;
- Наркология бойынша сырқаттану екі есе 100 халыққа 546,0 ден 273,3 дейін азайған.
2005-2007 жылдары Қарқаралы, Осакаров, Жаңаарқа аудандарында орталық аудандық ауруханалар, Приозерск қаласында туберкулездік және көп профилді аурухана, облыстық бөлімшеге перинаталды бөлімше құрылысы, Октябрь ауданында көп профилді аурухана ашылған, 2647 бірлік медициналық жабдықтар мен медицинаға арналған бұйымдар алынған, 8 ауылдық жерлерде мобилдік телемедицина енгізілген, ақпараттық-сараптау орталығы құрылған, 205 денсаулық сақтау объектілерінде күрделі жөндеу жүргізілді, облыстың селолық жерлерінде денсаулық сақтау объектілері толық медицина көліктерімен қамтамасыз етілді. 2007 жылы мықын жамбас сүйектерін протездеу мен тізе буындарына артоскоптік ауыстырулар енгізілді, миокарда реваскулиризациялауды операция жасаулар басталды (коронар сосудаларын тігу мен аортокоронарлы шунтирлау).
- Халыққа әлеуметтік көмек
2005-2007 жылдар аралығында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 18752 адамға қысқарған (01.01.2005 ж. 46041 адамнан 01.01.2007 жылға дейін 27289 ) немесе 40,7 %. Облыс бойынша МАӘК тағайындау 2004 жылға – 803 теңге, 2005 жылға – 916 теңге, 2006 жылға – 967 теңге. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы келесі себептерге байланысты: МАӘК алушылардың жұмысқа орналасуы, халық кірісінің артуы, қосалқы шаруашылық көлемінің артуы (мал басы саны арқан) , МАӘК алушылардың жасырын кірістерін учаскелік комиссияның анықтау фактілерінің күшеюі, (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың, 1 жасқа дейінгі баланы бағуға жәрдемақының берілуі).
2006 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 27289 адамға 316,7 млн. теңгеге жүргізілген. 2005 жылмен салыстырғанда АӘК тағайындалған алушылар саны жалпы облыс бойынша 23,6 пайызға кеміген (2005 жылы төленгендері 29843 алушыға – 306,4 млн. теңге , оның ішінде 2005 жылдың желтоқсан айына – 10,2 млн. теңге ( 38260 алушыға 2005 жылы – 395,6 млн. теңге). 1.01.2007 жылға облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті төлеу бойынша қарыздар 3.1 млн. теңгені құраған. 2006 жылдың желтоқсан айына төленбеген төленбеген сома 17,4 млн. теңгені құраған.
2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 12291 адамға 54,6 млн. теңге сомасына тағайындалған, төленгені 15725 алушыға – 63,1 млн. теңге, оның ішінде 2006 жылы қараша, желтоқсан айларына - 20,5 млн. теңге.
2006 жылғы алушылар арасында 18 жасқа дейінгі балалар көбірек (61,5 пайыз). 7 жасқа дейінгі баланы бағып отырған адамдар 14,7 пайызды құрайды. АӘК алушылар арасында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы 6,5 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту ооргандарында есепте тұрған жұмыссыздар АӘК алушылардың жалпы санынан 8,5 пайызды құрайды.
2006 жылдың қаңтарынан бастап отбасының кіріс жиынтығына енгізілетін 18 жасқа дейінгі балаларға және 2006 жылдың шілдесінен бастап бала бағуға жәрдемақы енгізілуге байланысты АӘК алушылар саны 8,4 мың адамнан 23,6 пайызға азайған. АӘК төлеуге аудандар мен қалалар бюджетінде 01.04.2007 жылғы жағдай бойынша 280,6 млн. теңге қарастырылған. ОБлыс бойынша АӘК төлеу үшін қалалар мен аудандар есептері бойынша толық көлемде 289,5 млн. теңге қажет.
Облыстағы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік осал бөлігіне әлеуметтік көмектерді көрсету түрінде іске асырылады: ақшалай төлем – бұл атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, азық-түлік кәрзіңкесі құнынан аспайтын ортажандық кірісі бар аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы; тегін тамақ беруді ұйымдастыру мен киім беру, қариялар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету, қариялар мен мүгедектерге интернат-үйлерінен орын беру және т.б.
Әлеуметтік қорғау бағдарламасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет пен бюджеттік емес қаражаттар есебінен іске асырылады.
Кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтарды бюджеттік емес табыс көздерінен қорғаудың барлық көлемі 2006 жылы 590,2 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 34 пайызға аз (көмек көлемі 893,9 млн. теңге). Көмекпен қамтылған аз қамтылған азаматтардан бір адамға есептегенде көрсетілген көмектің орташа көлемі жоспардағы 6400 теңгенің орнына 24003,6 теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда (21542,3 теңге) 1,1 есе көп. Бір рет көрсетілген көмек санына қарамай нақты көмекпен қамтылған аз қамтылған бір рет есептегенде облыс бойынша 100 пайызды құрады.
1.01.2007 жылы аз қамтылған азаматтарды әлеуметік қолдау үшін облыста жеңілдікпен (тегін немесе жеңілдікпен) 15 аумақтық Орталық жұмыс істейді, халықтың әлеуметтік-әлсіз бөлшегіне әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетілген; 49 қайырымдылық асханалары мен 193 тамақтандыру пунктері бар, оларда 48076 адам тамақтанған (оның ішінде 46315 аз қамтылған азаматтар); киім мен аяқ киім жинайтын 346 пункт (2006 жылы 75,5 мың бірлік киім жиналған және 28,8 мұқтаж адамдарға тапсырылған). Облыста барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға аз қамтылған азаматтарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2007 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік емес табыс көздерінен жалпы сомасы 97,9 млн. теңгеге көмек көрсетілген. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша көмекпен қамтылған аз қамтылған азаматтардан бір адамға есептегенде 2007 жылдың 1 тоқсанындағы – 1600 теңге орнына 4003,2 теңгені құраған (немесе жоспардан 250,2 пайыз ). Ағымдағы жылдың наурыз айында облыс бойынша аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту 22461 адамды құрады немесе 100 пайыз.
Халықтың көмекке ерекше мұқтаж бөлігіне көмек көрсету үшін облыстың аудандары мен қалаларында қайырымдылық акциялары өтуде. 2005 жылы 768 акция өтті, онда материалдық және заттай көмек 134301 адамға 188,5 млн. теңгеге көрсетілген. 2006 жылы 708 акция өткізілді, оның барысында 101411 адамға 142,9 млн. теңге сомасына материалдық және заттай көмек көрсетілді. 207 жылдың 1 тоқсанында 198 акция өтті, оның барысында 18222 адамға 21,1 млн. теңге материалдық және заттай көмек көрсетілген.
2006 жылы мемлекеттік балалар жәрдемақысын 12668 аз қамтылған отбасының 18 жасқа дейінгі 30338 баласына облыс бойынша 212,7 млн. теңге тағайындалған. Төлем 12643 отбасының 30297 баласына 212,4 млн. теңгеге жүргізілген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен – 190,5 млн. теңге, бұл 2006 жылғы төлем бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарының 55,9 пайызын құраған.
2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау 8271 аз қамтылған отбасының 18 жасқа дейінгі 20319 баласына жалпы облыс бойынша 62,9 млн. теңгеге жүргізілген. 7988 отбасының 19663 баласына 51,1 млн. теңге сомасында жүргізілген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен – 14,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 5,7 млн. теңге.
Барлық аудандар мен қалаларда 2006 жылдың тамызынан бастап 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларын балаларына жәрдемақы тағайындауға ықтимал талапкерлерді анықтау мақсатында аралау жұмыстары жүргізілген, олардың жәрдемақы алуға құқықтарын іске асыру үшін қажетті құжаттарын алуға ықпал етілді. Облыс бойынша 2006 жылы барлығы 18 жасқа дейінгі 303240 баласы бар 153254 отбасы анықталған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айы бойынша кәмелетке толмаған балалары бар 100668 отбасы немесе 65,7 пайызы зерттелген. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалары бар ықтимал талапкер 4868 отбасы анықталған (12002 бала). Нақты жәрдемақы тағайындатуға 4061 отбасы өтінген, 3945 отбасына (10089 балаға) жәрдемақы тағайындалған, 112 отбасына (264 балаға) жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған, 317 отбасына (723 бала) жәрдемақы рәсімдеу үшін қажетті құжаттар алуға ықпал етуде.
1.01.2007 жылдың жағдайы бойынша 11 қала мен ауданда балалары бар отбасыларына зерттеу жүргізіліп, аяқталған. Жас отбасылармен, жаңа туған балалары бар отбасыларға балаларына жәрдемақы тағайындау құқықтарын анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. 7 қала мен ауданда зерттеу жөнінде жұмыстар жалғасуда және бақылауда жатыр.
01.04. 2007 жылғы жағдай бойынша «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы» 016 бағдарлама бойынша түзетілген жоспар 280,6 млн. теңгені құрайды. 2007 жылы бюджетті орындау барысында «Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен бағдарламаны іске асыру» 015 кіші бағдарлама бойынша Жезқазған, Приозерск, Шахтинск қалаларына, Абай ауданына жоспарлық ақша бөлу азайған.
18 жасқа дейін балаға жәрдемақы алатындардың ішінде 73,7 % ауылда тұрады, ал қалған 26,3 % - қала тұрғындары. Жәрдемақы белгіленген отбасылардың жалпы санының 80,4% - толық отбасылар, ал сәйкесінше 19,6 % - толық емес отбасылар құрайды. Балалар жәрдемақысын белгілеу үлесінің шекті кіріс деңгейі белгілеленген АӘЖ қарағанда артық бола тұра, 2006 жылы облыстың 3 қаласында АӘЖ алатын балалар саны – балалар жәрдемақысын алатындардан артық.
АӘЖ алатын аз қамтылған отбасылар балалар жәрдемақысын мына негізгі себептерге байланысты алмайды:
- Балалардың ата – аналары жұмыс істемейді және де ұсынылған жұмыстан және одан кейінгі орналастыру мақсатында жұмыссыздар санатында есепке тұрудан бас тартады. 3 жастан 7 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер баланы мектепке дейінгі (ондай мекеменің жоқтығынан немесе ақасының жоғары болуынан) мекемеге орналастырудан және балаға қарайтын қызметшінің ақысын төлейтін қаражатының болмауынан көп жағдайда жұмысқа орналасудан бас тартады. Жұмыс істемейтін ата – аналардың біреуі еңбекпен қамту орталығында тіркелмесе, жәрдемақы төленбейді. Ал АӘЖ жәрдемақыға құқығы бар отбасының басқа мүшелеріне (балаларға, 7 жасқа дейінгі балаларға қарайтын адамдарға және т.б.) белгіленеді.
- Толық емес отбасыларда кәмелетке толмаған балаларды ұстауға белгілі себепсіз алимент төйленбейді, бұл да балаларға жәрдемақы белгілеуге кедергі келтіреді. АӘЖ белгілеу кезінде тек қана нақты алынған алименттер ғана ескеріледі.
- Балалардың жәрдемақы мөлшері онша жоғары емес, 1 айлық көрсеткіші 1092 теңгені құрайды, сондықтан 2 пакет құжат жинамас үшін және АӘЖ белгілеу кезінде балалар жәрдемақысының кірісте есептелінетінін, кедейшілік шегі мен бір адамға шаққандағы орташа кіріс арасындағы айырмашылық есебіндегі АӘЖ мөлшерінің төмендетілетінін есепке алып, кейбір отбасылары оны алудан бас тартады және тек қана АӘЖ алады.
- нақты тұрып жатқан жерінде тіркелмеген немесе жәрдемақы белгілеуге құжаттары (жеке куәлік, балалардың туу туралы куәлігі, кіріс туралы анықтама қағаздары) жоқ отбасылар. Ондай отбасыларына жәрдемақы алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті құжаттарын алуға, тұрып жатқан жерлерінде тіркелулеріне ықпал етіледі. Бірақ, егер де ата-аналардың еңбек қатынастары рәсімделмесе, жалға (жасырын жұмыс) жұмыс істесе және жұмыс берушілер олардың кірістерін растаудан бас тартса, отбасылар кіріс туралы мәліметтерін көп жағдайда тапсыра алмайды. Ондай отбасылар балаларға арналған жәрдемақы алу құқықтарын іске асыра алмайды.
2007 жылғы есептеуге қарағанда жәрдемақы алатын балалардың нақты саны – 25,4 мың адамды, оларды төлеуге қажетті сома - 261,4 млн. теңгені құрайды.
2005-2007 ж.ж. мерзімі аралығында тұрғын үй алатындар саны 16178 отбасына төмендейді деп күтілуде (1.01.2005 ж - 14009 отбасынан 1.01.2007 ж. – 7683 дейін). 1.01.2005 ж. бастап 1.01.2007 ж. аралығында белгіленген тұрғын үй жәрдемақысы 101,2 млн. теңге сомасын құрады.
Осы көмек түрін алуға үміткерлер санын арттыру мақсатында аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру жөніндегі Қарағанды облысы Мәслихатының 11.12.2004 жылғы X сессиясында бекітілген № 157 ережесіне қатты отын нормативін арттыру және шығындардың шекті үлесін 20 % дейін төмендету жөнінде 2005 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2006 жылдың шілдесінен бастап тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін қалалар мен аудандардың жергілікті өкілетті органдары анықтайды. Бүкіл облыс бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсетудің тәртібі аудан, қала мәслихаттарының деңгейінде қабылданды.
2006 жылы тұрғын үй жәрдемақысын белгілеуді 7815 отбасы сұрады (2005 жылы – 9145 отбасы), оның ішінде тұрғын үй жәрдемақысы 7683 отбасына белгіленді (2005 жылы – 8893 отбасына). Белгіленген тұрғын үй жәрдемақысы 57,7 млн. теңге сомасын құрады (2005 жылы – 43,5 млн. теңге), төленген тұрғын үй жәрдемақы сомасы – 55,0 млн. теңге (2005 жылы – 43,6 млн. теңге). Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бойынша қарыз 1.01.2007 жылы 1,6 мың теңгені құрады. 2870,8 мың теңге сомасында тұрғын үй жәрдемақысы төленбеген.
2007 жылдың I тоқсанында тұрғын үй жәрдемақысын белгілеуді 5299 отбасы сұрады, олардың ішінде 5144 отбасына тұрғын үй жәрдемақы белгіленген. 2007 жылдың 1 сәуірінде белгіленген тұрғын үй жәрдемақы сомасы 24,2 мың теңгені, төленген тұрғын үй жәрдемақысы – 21,4 мың теңгені құрады. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бойынша 1.04.2007 жылы 1295,5 мың теңгені құрады. Төленбеген тұрғын үй жәрдемақысы - 4414,3 мың теңге.
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Д. Қарағұсованың 25.01.2007 ж. № 09-02-09/325 хатына сәйкес және ҚР тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарының 2.1 – тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында қала және аудан әкімдеріне барлық көп қабатты тұрғын үйлерді түгендеу, жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, кондоминимум обьектілерінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жүргізудің жекелеген түрлерінің шығынын есептеу, кондоминимум обьектілерінің жалпы мүлігін пайдалану жөніндегі тариф механизмін анықтау және күрделі жөндеуден өткізу шығынын есептеу, сонымен қатар, шығындардың шекті үлесін кезеңмен төмендету барысында тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге арналған қаражат сұранысын анықтау және күрделі жөндеу шығынын енгізу туралы хат жолданды.
Қалалар мен аудандарда ТКШ бөлімдері мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлесе отырып қала және аудандардың бюджет мүмкіндіктеріне қарай 2008 – 2010 жылдарға арналған тұрғын үй жәрдемақысының төлем қаражатын болжамдалған сұранысын анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.
2007 жылдың II тоқсанынан бастап жалпы мүлікті күрделі жөнідеуден өткізуге және шектелген үлесін төмендетудің мөлшері мен тәртібін белгілейтін актісіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
2007 жылы 9900 отбасына тұрғын үй жәрдемақысын белгілеу жоспарланған. 1.04.2007 жылғы жағдай бойынша қала және аудандарда тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге жалпы сомасы 69,1 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 5,7 млн. теңге - телефонның абоненттік төлем тарифін арттыру өтемақысына арналған республикалық бюджет трансферттері. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге нақты 78,4 млн.теңге қажет.
Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 27 желтоқсандағы XVIII сессясының № 267 шешімімен Қарағанды облысы мүгедектерін оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілді.
1.04.2007 жылы барлық санаттың мүгедектері облыс тұрғындарының жалпы санының 47,5 мың. адамды немесе 3,5 % құрады.
Облыста мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыратын мынадай ұйымдар мен мекемелер торабы жұмыс істейді: білім беруді түзететін 11 арнайы ұйымдары; мүгедек балаларға арналған 2 «Үміт» оңалту орталығы; мүгедектерге арналған спорт мектептері; көзі және естуі нашар адамдарға арналған 5 мәдениет үйі; 9 интернат үйі; жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, мүгедек балалардың әлеуметтік жәрдемақысы үйде берілетін 68 бөлімше.
2006 жылы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдасып тілдесетін мамандардың, жеке көмекшінің қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етуге арналған трансферттерді игеруге бөлінген қаржының (49453,0 тыс. тенге) 46,7 млн. теңгесін немесе 94,5 % құрайды.
Мүгедектерді оңалтудың аймақтық бағдарламасын іске асыруға 2006 жылы барлығы 473,1 млн. теңге шығындалды (2006 жылға жоспарланған соманың 107,2 %), оның ішінде 105,2 млн. теңге мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге, қызмет көрсетуге, мүгедектерді оңалту үшін техникалық қосалқы құралдар сатып алуға бағытталған.
Жалпы алғанда 2006 жылға арналған Бағдарлама бойынша жоспарланған негізгі іс – шаралардың орындалғанын атап өтуіміз қажет.
- 1.2.9. Мәдениет
Облыста 528 мемлекеттік мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде – 317 кітапхана, 155 мәдени – сауықтыру ұйымдары, 21 – бейне мобильдер, 5 – театр, 2 – концерттік ұйым, 15 - мұражай, 7 – мәдениет және демалыс саябақтары, кинотеатрлар, 3- хайуанаттар паркі, облыстық ғылыми - әдістемелік, сауықтыру және халық шығармашылығы орталығы, тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция және Ұлытау республикалық мұражай қорығы.
Облыста мемлекеттік мекемелерден басқа 55 мемлекеттік емес мәдениет ұйымдары бар.
2005-2006 жылдары мәдениет объектілерінің мемлекеттік желісі 48 бірлікке өсті. Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Теміртау қалаларында кітапханалар, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандарының ауылдарында клубтар ашылды.
2007 жылы мемлекеттік мәдениет объектілер желісі 25 бірлікке артты. Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Қарағанды, Теміртау қалаларында 9 кітапхана, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарында 15 клуб ашылмақ. Нұра ауданыныың Киевка поселкесінде тарихи-өлкетану мұражайын ашу жоспарланып отыр.
2005-2006 жылдары: Шет ауданында Ағыбай батыр, Нұра ауданында Әли-Түсіп, Ұлытау ауданында Жошы хан кесенелерін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осакаров ауданында Қаратоғай қорғанын, Бұқар жырау ауданында Ащы су және Тегіс жол кешендерін, Қарқаралы ауданындағы Алат, Кент елді мекендерін, Ұлытау аудынындағы Айбас дарасы, Талдысай, Тоқтауыл аялдамасы, Орталық Қазақстандағы темір дәуіріндегі ескерткіштерді археологиялық зерттеу, Бұрынғы Қарлаг басқармасы ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарын тарихи-этнографиялық зерттеу, тарих және тарихи тұлғалар жөніндегі басылымдарды әзірлеу мен өңдеу материалдарды жинау жұмыстары, ғибадат ететін тарихи және мәдени, бейнелеу өнері ескерткіштерін, Қарағанды суретшілері ақсақалдары туындыларының буклетін, Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов ескерткіші құрылысын жасау басталды.
Шет ауданында Ағыбай батыр мавзолейі, Ұлытау ауданында Жошы хан кесенесін қалпына келтірілді; Осакаров ауданында Қаратоғай қорғанына археологиялық зерттеу жасалды, сирек кездесетін қола дәуіріндегі қорған зерттелді, зерттелген аймақтағы 525 шаршы метр жер қазылды, қоладан жасалған бұйымдар, сүйек сыбызғылар, 4 сауыттың бөлшектері табылды.
Нұра ауданындағы Әли-Түсіп кесенесінің мұнарасын, қабырғаларын ескі кірпіштермен біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары, тарих және сәулет ескерткіштері қалпына келтірілді. Ұлытау аудынындағы Айбас дарасы, Талдысай, Тоқтауыл аялдамасы, Қарқаралы ауданындағы Кент елді мекендеріне археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, Бұқар жырау ауданындағы Тегіс жол кешенінің әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштерін зерттеу, Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі 59 ескерткішті археологиялық зерттеу қорытындысында ескерткіштердің сызба-картасын жасау аяқталды, Бұқар жырау ауданындағы Ащысу бейітінде қола дәуірінің апатты жағдайдағы 2 қорғанын қазу нәтижесінде жерлеу қалдықтары мен 20 археологиялық қазбалар табылды, Сарыарқа жерінің белгілі орындаушылары репертуарларынан ән жинағын шығаруға фольклорлық материалдар жинауға экспедиялық жұмыстар жүргізілді.
Ұлытау және Нұра аудандарында ғибадат ететін сәулет есерткіштері жөнінде жинақ, Қарағанды суретшілері ардагерлері мен олардың өнер туындылары туралы жинақ-кітап, Ж.Елебеков, Б.Байжанов, Доскейдің өмірі мен шығармашылығы туралы энциклопедиялық жинақ шығарылды.
Қарағанды облысының тарихы мен тарихи мұралары туралы ғылыми-танымдық фильм түсіру мақсатында 50 тарихи ескерткіш, 5 ғылыми экспедиция бейне таспаға түсірілді; Қарағанды қаласында ғалым, қоғам қайраткері Е.Бөкетов ескерткішінің құрылысы салынды.
2005-2006 жылдары басталған Алаша хан, Ахмет кесенелерін, Ұлытау ауданы Ақмешіт Әулие, Едіге-Тоқтамыс кешендерін қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылы жалғастырылатын болады.
Көне түрік және қыпшақ заманы ескерткіштерін археологиялық зерттеу, Солтүстік Балқаш маңын тарихи-археологиялық зерттеу, Сары арқа жеріндегі әйгілі әншілер жазбаларының архивін жасау, Қарағанды қаласындағы этнопаркте және тарихи туризм орталықтарында этноауыл жасау (Қарқаралы-Кент, Талдысай, Бегалы, Тегіс жол), құжаттамалық мұралар қорын сақтау мен цифрлық лабораториясын жасау жалғастырылуда.
Бұдан басқа, 2007 жылы Тайжан Қалмағанбетовтың және Шынболат Ділдебаевтың шығармаларын, Қарағанды облысының петроглифтары мен тау, жоталары жөніндегі альбом – жинақ, «Қарағандының атақты тарихи тұлғалары» (Гапеевтің, Костенконың, Күзембаевтың, Чижевскийдің және т.б. өмірі мен қызметі) атты энциклопедиялық жинақ, Қарағанды облысында тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы - «Бір шаңырақ астында» атты жинақ әзірлеу және шығару, Орталық Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің атақты өкілдері туралы (Қаз дауысты Қазыбек би, А.Бөкейханов, А.Ермеков және т.б.) мұрағат топтамаларын құру және ғылыми зерттеулерді шығару жоспарлануда.
-
-
- 1.2.10. Спорт
-
Облыста 2411 спорт ғимараты жұмыс істейді, онда 400 мыңнан артық адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, 42 спорт түрі бойынша 33 федерация, дарынды балаларға арналған 1 мектеп – интернат, 45 балалар мен жеткіншектердің спорт мектебі, 37 спорт клубтары қызмет етеді. Барлық қалалар мен аудандарда спорттық және дене шынықтыру – жаппай сауықтыру жұмыстарын одан әрі жақсарту үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі бөлімдер құрылды.
2005-2007 жылдары 6 жаңа спорт объектілері: Шет, Нұра аудандарында, Теміртау және Қарағанды қалаларында спорттық кешендер, Балқаш қаласында боулинг-орталық ашылды. 15 спорт объектісі күрделі жөндеуден өткізілді, Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінде балалар мен жасөспірімдердің жаңа спорт ғимараты және Олимпиадалық дайындық орталығында жаттықтыру ғимараты пайдалануға берілді, жеті футбол алаңына жасанды материалдар төселді. 2007 жылы 9 спорт объектілерін, Олимпиада резервтерін даярлау орталығының жүзу бассейнін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу, облыстық спорттық жүзу мектебінің жүзу бассейнін, Шахтинск қаласының стадионын қайта жөндеуден өткізу, шаңғы базасының салу көзделіп отыр.
Материалдық - техникалық базыны нығайту мақсатында спорттық заттар мен арнайы жабдықтар сатып алынды.
Облыс спортсмендері Әлем (6 медаль, оның ішінде 1 алтын) және Азия Чемпионаттарына (64 медаль, оның ішінде 34 алтын), Орта Азия және Қазақстан Чемпионаттарына (15 медаль, оның ішінде 8 алтын), ҚР Чемпионаттарына және Біріншіліктеріне (952 медаль, оның ішінде 395 алтын) қатысты.
-
-
-
-
-
- 1.2.11. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы
-
Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жалпы көлемі Қарағанды облысы бойынша көп болып отыр, бірақ соңғы жылдары ластаушы заттардың атмосфераға шығарылу көлемі жағынан оң динамика (төмендеуі) байқалуда. Сөйтіп, 2005 жылы атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың эмиссиясы 1415,4 мың тоннаны құрады, 2006 жылы - 1303,2 мың тонна және прогнозные на 2007 жылға – 1181,7 мың тонна болжамдалуда. Оң динамика облыс кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізуге және табиғатты қорғау іс – шараларын орындауға байланысты.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының облыс бойынша су ресурстарын ластау көзі болып табылады. Ластанған сарқынды су құрылғыларында тазартылады. Жер үсті тоғандарына шығарып тастау көлемі таблицада көрсетілген.
Өлшем бірлігі | 2005 ж. | 2006 ж. | 2007 ж. |
Жылына м3 | 951,84 | 1053,43 | 1055,0 |
Мың.тонна | 563,514 | 688,73 | 690,7 |
«Қазақмыс Корпорациясы» АҚ-ның энергиямен жабдықтау кәсіпорындарында электр энергиясын шығаруды арттыруға байланысты нормативті таза су шығару көлемі артты, осыған байланысты тоғандарға сарқын суларды шығару көбейді. Толығымен тазартылмаған жер үсті тоғандарына соңғы жылдары едәуір азайды, бірақ олардың көлемі артық (1996 жылы 48 млн шаршы метр, 2005, 2006 жылдары 6,5 млн шаршы метр). «Капиталстрой» ЖШС тазарту құрылғыларына құйылатын Саран және Қарағанды қалаларының тұрмыстық сарқын көлемінің артуы есебінен 2007 жылы көлемі жылына 7,5 млн.м3 дейін артады деп күтілуде.
Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен де, облыстық бюжеттің қаражаты есебінен де сарқынды су тазартқыш құрылғыларын салу, қайта құру және тиімділігін арттыру жұмыстары бойынша іс – шаралары жүзеге асырылады.
Қарағанды облысының жер қоры 42,8 млн.га. құрайды. Өндірістік кәсіпорындардың қызметі жерлердің бұзылуына және азуына әкеледі. Бұзылған жерлердің аумағы шамамен 42 мың. га құрайды, оның ішінде өңделгені 10,8 мың. га. 2002 жылдан бастап 2006 жылдары аралығында ауылшаруашылық айналымына қайта қалпына келтірілген жердің 1700 га артығы қайтарылды, бірақ, облыс кәсіпорындарында бұзылған жерлердің өңделген алаңдары бойынша жерді қалпына келтіру әлі де жеткілікті дәрежеде емес.
Облыс кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарын орналастыру және қоршаған ортада қолдану табиғатты пайдаланудың негізгі түрі болып табылады. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында жинақталған шығындарда шамамен 6,5 млрд. тонна қалдық орналасқан және сақтаулы.
Облыс кәсіпорындарында өнеркәсіптік қатты қалдықтардың 2005-2006 жж. және пайда болуы, оларды пайдалану және орналастырудың 2007 жылға мыналар болжамдалуда:
млн. тонна
2005 2006 2007
Білім беру 200,2 196,0 200,0
Пайдалану 59,4 60,5 60,0
Жинақтау 140,8 135,5 140,0
Тұрғындардың экологиялық білімін арттыру мақсатында Қарағанды қаласында «Экология и балалар» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді, «Ауа – райының ауқымды өзгерістері» және «Экологиялық таза Қарағанды қаласы» атты білім беру сипатындағы экологиялық фильмдер, фотоматериалдар шығарылды. Мектеп жасындағы балалар үшін «Экошкиннің үйі», «Тірі табиғат қанша тұрады», «Қоршаған ортаны қорғау - келешек ұрпақ үшін» атты мемлекеттік және орыс тілдерінде 5500 дана оқу құралдары шығарылды. Бейне кассеталар мен дискілерде 135 дана «Ауа – райының ауқымды өзгерісі» атты фильмнің тираждалуы болды. «Халықаралық шөл және шөлейттену жылы» тақырыбында экологиялық фестиваль ұйымдастырылды және өтті.
Іс – шараларды іске асыруға қойылған міндеттерді шешу үшін 2005 – 2007 жылдары қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін инвестиция 1406,2 млн. теңгені құрады;
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны игеру 2005 – 2006 жылдары 2007 жылмен салыстырғанда 1397,8 млн теңгені немесе 99,4% құрайды.
Қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнен түскен қаржы 2005 жылы – 813,6 млн. теңгені, 2006 жылы – 1195,7 млн. теңгені құрады.
Табиғатты қорғау іс – шараларына бағытталған қаражат көлемі 2005 жылы 242,5 млн. теңгені, 2006 жылы – 273,3 млн. теңгені құрады.
2005-2007 жылдары жылдары қоршаған ортаны қорғауға және жалпы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін инвестиция 1406,2 млн. теңгені құрады, бөлінген қаржыны игеру 1397,8 млн.теңгені, немесе 99,4% құрайды.
Бөлім бойынша 2005-2006 жылдары 0,005 мың.га. алаңында іс – шаралар жоспарланған және өткізілуде.
- 1.3 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
- 1.3.1. Өңдеу кәсіпорындарының басым салаларының дамуы
-
- 1.3.1. Өңдеу кәсіпорындарының басым салаларының дамуы
Металлургия және металл өңдеу, машина құрылысы, пластмасса және резина өнімдерін өндіру және құрылыс индустриясы Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібінің басым салалары болып табылады.
Бұл салалардың жеке салмағы өңдеу өнеркәсібінің 2006 жылғы жалпы мөлшерінің 86% құрады.
Металл өңдеуде 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың бірі - «Имсталькон» АҚ ҚФ, ол металл құрылғыларын дайындайды және дәнекерлеумен айналысады. Металл құрылғыларының барлық ірі құрылыс объектілерін осы кәсіпорын салады. Екінші кәсіпорын – санитарлық – техникалық бұйымдарын өндіретін «Сантехпром» ЖШС (ванналар, жуынғыштар, табандықтар мен жылыту радиаторлары), ағымдағы жылы жылына 12,0 мың дана акрилді ванна шығару жөніндегі торапты іске қосу жоспарлануда. Қазақстанда бұл өндіріске теңдесі жоқ екенін атап өту керек.
Облыстың машина құрылысында «Қарағанды электр техникалық жабдықтар зауыты» АҚ, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина құрылысы зауыты» АҚ, «№1 машзавод» ЖШС, «КарГорМаш» ЖШС, «Техол» ЖӨШ ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Еламан-А» ЖШС, «Бұлак LTD 2004» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар бар.
Саланың «Машзавод №1» ЖШС, «Қарағанды электр техникалық жабдықтар зауыты» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС сияқты кәсіпорындары тұрақты түрде кеңейтіліп отырады, өнімдердің жаңа түрлерін өндіру жөніндегі жаңа цехтары ашылды. «Казцентрэлектропровод» ЖШС өткізгіштердің ағаш барабандарын (дайын өнімдерге арналған ыдыстар) шығара бастады, сөйтіп, өндірістің толық циклы қамтамасыз етіледі (бұрын ыдыстар басқа жақтан сатып алынатын). 2007 жылы «КарГорМаш» ЖШС - де жоғары қысымды қалақшаларды жинау және шығару жөніндегі учаскесін ұйымдастыру жоспарлануда.
«Сараньрезинотехника» ЖШС, «Қарағанды резина техникасы» ЖШС, «Eurasiaflor» АҚ және «Восход» ЖШС пластмасса және резина өнімдерін өндіретін саланың негізгі кәсіпорындары болып табылады.
Салада өткен жылы екі жаңа кәсіпорын енгізілді: «BARfloors» ЖШС - жылына 500 мың шаршы метр қуатты еденге арналған ламининатталған ПВХ плитка өндіру және «Тибет» ЖШС ПКФ – қуаты жылына 600 тонна полипропилен құбырларын өндіру.
"BAR floors" ЖШС өндірісі "Schilling-Knobel" Gmbh Scattering Thermoftx Technology және "Techno Partner Samtronic" Gmbh неміс компаниясының жабдықтарымен жарақталған, олар бірлесе отырып кәсіптік құрастыру және пуско-жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етті. Еденге арналған поливинилхлоридті (ПВХ) плитка үш қатпарлы ПВХ пленкасынан тұрады, жылытып сығымдау әдісімен дайындалады. Арқаулау қабат есебінде шыны қаңылтырлары төселген.
Қазіргі кезде ассортимент ТОО "BAR floors" ЖШС ассортиментінде 24 түрлі түстердің реңі бар.
"BAR floors" ЖШС өнімдері ТМД тең келері жоқ, жоғары сапалы және қолданыстағы мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді, сондықтан оны сенімді де тұрақты өнім беруші ретінде бағалауымызға болады. Сұранысы мен арналуына қарай еденге арналған ПВХ мынадай үш түрге бөлінеді: коммерциялық, жартылай коммерциялық, тұрмыстық, қозғалыс үдерісі әр түрлі ғимараттар үшін. Сонымен қатар, плитка мына түрде орындалады: жай түрде, "Трудногорючего" орындауында - "Т".
"BAR floors" ЖШС - мен қатар қазіргі кезде ISO 9001:2000. сапасының - әзірлеу және енгізу менеджмент жүйесі енгізілуде, бұл бәсекеге қабілеттіктің бұдан да жоғары деңгейіне шығуына жол ашады.
2007 жылы «Эгофом» ЖШС жылына 300 тонна көбік полиуританын (паралон) шығару жөніндегі жаңа өндіріс ашу жоспарлауда.
Құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсіптің ең бір қарқынмен дамып келе жатқан саласы, 2006 жылы бұл салада 30 жаңа өндірістің 17- нің ашылуы - соның дәлелі. Мысалы, «Сенімді Құрылыс Технологиясы» ЖШС - көбік бетон блоктарын өндіреді, «Ир» ЖШС - керамикалық плитасын өндіру, «Қарағанды - Бетон» ЖШС - бетон қоспаларын өндіру, «Тұмар-тас» ЖШС – бетон бұйымдарын өндіру және т.б.
«Тұмар-тас» ЖШС құрылыс материалдары нарығына түрлі - түсті тротуар плиталарын, бордюр тастарын және т.б. шығара бастады. Бетоннан жасалған бұл құрылыс материалдары неміс технологиясы бойынша HESS Maschinenfabrik GmbH (Германия), «АгроМаш импорт-экспорт» ЖАҚ , «Валдай» ААБ және «Уфакран» АҚ (Ресей) фирмаларының жабдықтарымен өндіріледі. Шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері мыналар: қабырға материалдары, бордюрлік және тротуар плиталары, кабелді науашалар, қорғандар, қоршау, баспалдақ элементтері және т.б. Өндіріс қуаты: 8160 мың. дана қабырға блоктары, 673 мың. Шаршы мтер тротуар плиткасы, 2 млн. дана бордюр тасы.
Зауытта бетоннан жасалған жоғары сапалы өнімдер шығару бойынша автоматтандырылған желілер орнатылған. Бұл технологиялық үрдісті автоматтандыру деңгейі бойынша республикадағы екінші зауыт. Құрылыс бұйымдары еуропалық технология бойынша «HESS Maschinenfabrik GmbH & Co.KG» (Германия) фирмасының жабдықтарында шығарылады, бұл бұйымдардың мықты, аязға төзімді және сыртқы тұрпатының жақсы болуын қамтамасыз етеді.
Саланың негізгі өкілдері - «Central Asia Cement» АҚ, «КЗАЦИ» АҚ, «Қарағанды құрылыс конструкциясы» ЖШС, «Теміртау кірпіші» ЖШС, «Қазтрансметалл» ЖШС және «Нұрхан» ЖШС. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың бұл саладағы үлес салмағы 87,3% құрайды.
Ағымдағы жылы облыста құрылыс, керамикалық (қыш), қож блогын, көбік блок кірпіштерін, жеңілдетілген шифер мен экоқұрылыс плиталарын және т.б. шығару жоспарланып отыр.