Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған

Вид материалаДокументы

Содержание


Автомобиль жолдары
Автомобиль көлігі
Темір жол көлігі
Сыртқы экономикалық қызмет
Еңбек ресурстары
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Автомобиль жолдары


Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6071,3 км (3359 км ден 2712,3 км дейін) құрайды, оның ішінде асфальтты бетон төселгені – 512 км, қара ұсақ тас төселгені – 2276 км және ақ тас жол (ұсақ тасты) – 3167,3 км, грунтты жолдар – 116 км.

Бұл автомобиль жолдарында 124 көпір бар (6838,5 п/метр), 3462 су құбырлары трубалары (52214,6 п/метр), сонымен қатар жасыл желектер бар.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеудің барлық түрлерін жүргізуге және ұстауға бөлінген бюджеттен қаржы бөлу көлемі жыл сайын ұлғайтылуда.

Атқарылған жұмыстар бұзылған жолдар учаскелерін қалпына келтіруге және жалпы автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Қазіргі кезде мердігер ұйымдар жаңа жол техникасын алуда (автогрейдерлер, асфальт төсегіштер, вибробаткалар және т.б.) , сонымен бірге асфальт бетонды зауыттар, 6 ұсақтағыштар, бар, бұл жыл сайын бөлінген бюджет қаражаттарын толық көлемде игеруге ықпал етеді.

2006 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстауға 537,1 млн. теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде:

- күрделі жөндеуге – 79,4 млн. теңге /11 км;

- орташа жөндеуге – 239,2 млн. теңге/113 км;

Ағымдағы жөндеулерге, ұстау мен жасылдандыруға – 218,5 млн. теңге/6071,3 км.


Автомобиль көлігі

Облыста 2006 жылы жүк тасу көлемі 334703,2 мың тоннаны құрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңінен 8,2 пайызға көп.

2006 жылы облыста жүк тасумен 52 жеке автокөліктік кәсіпорын айналысады. Жүк тасымалдаудың үлес салмағы республикалық көлемде 16,5 пайызды құрады. Жүк тасымалдау көлемі бойынша облыс республикада 1 орын алады. Автокөліктік тасымалдау көлемі 15,8 пайызға артқан.

Есеп беру кезеңінде көліктің барлық түрімен жеке меншік тасымалдауды қоса алғанда 1091669,4 мың адам тасымалданған, бұл 2005 жылдың осыған ұқсас кезеңінен 1,9 пайызға көп. Осының ішінде 132049,1 мың адам автобуспен тасымалданған, 704,3 мың адам – таксоматормен, 1255,0 мың адам – троллейбустармен, 12634,8 мың адам – трамвайлармен, 26,0 мың адам - әуе көлігімен тасымалданған.

Жолаушыларды автомобильмен тасумен 54 шаруашылық айналысады, олардың барлығының жеке меншік түрлері бар.

Республикалық көлемнен жолаушылар тасымалдау көлемінің үлес салмағы 10,3 пайызды құрады. Тасымалдау көлемі бойынша облыс республикада 2 орын алды.

Облыста күн сайын темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдайтын 10 әлеуметтік маңызы бар күн сайынғы тасымалдау ұйымдастырылған, оның ішінде 5 электр пойызы бар.

2007 жылы 1168000,0 мың адам жолаушы тасымалдау жоспарлануда (көбею 1,7 пайызды құрайды). Жүктерді тасымалдау көлемін 358000,1 мың тоннаға арттыру , бұл 2006 жылдың тиісті кезеңінен 6,8 пайызға көп.

«Әлеуметтік маңызды ауданаралық (халықаралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру» бағдарламасына сәйкес 1.01.07 жылы 859743 мың теңге игерілді, оның ішінде автомобиль жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға – 400951 мың теңге, темір жол жолаушылар тасымалдауға – 458792 мың теңге.

Жергілікті бюджеттен ақша бөлу есебінен 108 әлеуметтік маңызы бар облыс ішілік маршруттардың қозғалысы ұйымдастырылды, оның ішінде 60 ауданаралық және 48 қала сыртындағы қатынастар. Тұрақты автобус қатынастарымен 170 астам елді мекендер қамтылған. Оның ішінде 130 облыс орталығымен және серіктес-қалалармен тікелей қатынас жасайды.


Темір жол көлігі


Облыста күн сайынғы 10 әлеуметтік маңызы бар темір жол көлігімен маршруттар жүреді, оның ішінде 5 электр пойызы бар.


Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар көлігін ұйымдастыруға 2006 жылы республикалық бюджеттен 288792 мың теңге және жергілікті бюджеттен 170000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген, 2007 жылға жергілікті бюджеттен 170120 мың теңге қарастырылды.


Әуе көлігі


Қарағанды облысының аумағында 3 аэропорт орналасқан: Қарағанды қаласында «Сарыарқа» аэропорты, Жезқазған қаласында – «Жезқазған-Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ, Балқаш қаласында «Жезқазған -Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ филиалы Балқаш аэропорты.

Инвестиция тарту және аэропорт пен аэропорт шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін 2005 жылдың 15 қарашасында «Сарыарқа» Аэропорты» АҚ акциясын 100 пайыз мемлекеттік пакетпен сату бойынша инвестициялық тендер болды. Тендер қорытындысы бойынша акция пакетері «Sky Servis» берілді.

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» аэрофорты қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы арқылы транзитті жүк тасымалдауды атқаратын әуе судаларының техникалық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар жолаушылар тасымалдау болып табылады.

Жезқазған мен Балқаш қаласының аэрофорттары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сенім басқармасына берілген.

2005 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС инвестициялық жоспарларына сәйкес Жезқазған қаласында жасанды ұшу-қону жолағына және халықаралық авиарейстерге қызмет көрсету үшін аэровокзалды қайта жөндеуге жалпы сомасы 313 млн. теңге 660 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.

2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне Балқаш қаласының ұшу-қону жолағы мен аэровокзал кешенін қайта жөндеуді енгізу жоспарлануда.


Телекоммуникация мен байланысты дамыту

Облыстағы телекоммуникация жүйесінің ағымдағы жағдайын келесі маңызды сандармен сипаттауға болады:
  • телефон станцияларының саны 293 АТС құрайды, оның ішінде сандықтары;
  • станцияның жалпы монтирорлау сыйымдылығы 315 943 номерді құрайды, оның ішінде сандығы 240 426 номерлер немесе 76 пайыз;
  • станцияның әрекет ететін жалпы сыйымдылығы 302 869 номерді құрайды, оның ішінде сандық 228 938 номер немесе жалпы АТС жөндеу жасалған сыйымдылығы 95,8 пайыз және сандық бойынша АТС 95,2 пайыз;
  • негізгі телефон аппараттарының саны 301 621 құрайды, оның ішінде ГТС – 275 468, СТС – 26 153;
  • қойылған негізгі телефон аппаратарының саны 23 141 құрайды, оның ішінде ГТС – 20 172, СТС – 2969;
  • негізгі телефон аппараттарының таза өсімі 18 496 құрайды, оның ішінде ГТС – 16 261, СТС – 2 235;
  • облыс бойынша телефон тығыздығы 100 тұрғынға 21,7 телефонды құрайды, оның ішінде ГТС – 24,2, СТС – 10,4.

2005,2006 жылдары телекоммуникация жүйесін дамыту мен модернизациялауға акцент қойылған. АТС модернизациялау Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск қалаларында жүргізілді.

NGN мультисервисті қол жетуді пайдаланумен жаңа түрдегі жүйе құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Монтаж бойынша жұмыстар жүргізілді және IP/MPLS мәліметтерін беру жүйесінің жабдықтарына тестілік байқау жүргізілуде. ADSL порттарына монтаж жүргізілді: Қарағанды қаласында – 6048, Балқаш қаласында – 864, Жезқазған қаласында – 576, Теміртау қаласында – 1104.

Осакаров ауданындағы Молодежный кентінде, Нұра ауданындағы Киевка кентінде, Шет ауданындағы Ағадыр кентінде, Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин кентінде АТС сатып алу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұқар жырау ауданындағы Доскей ауылы, Сарлық, Кеңгір ауылдары, Ұлытау ауданының Талап ауылы бағытында аудан, село орталықтары учаскелерінде қосу линиялары сандықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Апатты жағдайдағы ғимараттардан кету мақсатында 12 селода селолық телефон станциялары контейлерін орналастыру мен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

      1. Сыртқы экономикалық қызмет


2006 жылғы облыстың сыртқы сауда айналымы 5452,2 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде экспорт – 4223,8 млн. АҚШ долл. импорт – 1228, 3 млн. АҚШ дол., оңтайлы сальдо – 2995, 5 млн. АҚШ долл.


млн.АҚШ дол.





2005

жылға есеп беру

өткен

жылға %

2006 жылға

есеп беру

өткен жылға %

2007

жылға бағалау

өткен

жылға %

Сыртқы сауда айналымы

4176,4

110,0

5452,2

130,5

6400,0

117,3

Экспорт

2975,7

108,0

4223,8

141,9

5350,0

126,6

Импорт

1200,0

115,2

1228,3

102,3

1050,0

85,4



2006 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2005 жылмен салыстырғанда , 30,5 пайызға, экспорт – 41,9 пайызға, импорт – 2,3 пайызға артты.

2006 жылы Қарағанды облысының шаруашылық субъектілері 143 әлем мемлекеттерімен сыртқы сауда байланыстары жөнге қойылды және кеңейтілді, оның ішінде ТМД – 23, Европамен – 37, Азиямен -28, Америкамен -29, Африкамен -19, Австарлиямен -7. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 97 еліне қажетті, 116 ел өз өнімдерін біздің аймаққа жеткізуді іске асырды.

Экспорттың негізгі тұтынушылары болып Қытай, Италия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Түркия табылады.

Облыстың ірі экспортқа бағытталған кәсіпорындары болып және олардың негізгі тауарлары - «Миттал Стил Теміртау» АҚ қара металл прокаты; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – тазартылған мысы табылады.

Экспорт көлемінің өсуі негізінен, мыс көлемін экспортқа – 69,6 пайызға арттыру табылады, осылайша, 2006 жылы қара металл прокаты – 2,9 млн. тонна 1,1 млрд. АҚШ дол. экспортқа шығарылды, бұл облыстың экспорт шығару көлемінің 22,0 пайызын құрайды. Бұл жағдайда орташа баға тоннасына 370,0 АҚШ долл. құрайды. Қара металды жеткізуші болып «Миттал Стил Теміртау» АҚ табылады.

Шет елге тазартылған мыс жеткізу 2,4 млрд. АҚШ долл. 338,7 мың тоннаны құрады, бұл облыстың экспортқа шығару көлемінің 48,7 пайызын құрайды. бұл жағдайда орташа баға тоннасына 6939,4 АҚШ долл. құрады.Облыстағы тазартылған мыс жеткізуші болып «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС табылады.

2007 жылғы бағалау бойынша сыртқы сауда айналымы 6,4 млрд. АҚШ долл. құрады (2006 жылға 105,9 пайыз), оның ішінде экспорт – 5,4 млрд. АҚШ (2006 жылға 110,9 пайыз), импорт – 1,1 млр. АҚШ долл. (2006 жылға 86,2 пайыз).

Экспорт көрсеткіштерінің өсуі қара металл, көмір, мыс, цинк, өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс пен алтын, ферросплавтардың артуы есеібінен болады.

Экспорт бойынша болжамданған мәліметтер талдауы 2007 жылдан бастап 2009 жылдар бойынша экспортқа шығатын тауарлардың негізгі түрлері болып мыналар қалатынына қорытынды жасауға ықпал етеді:

- «Миттал Стил Теміртау» АҚ – қара металл прокатын экспортқа 2007 жылы - 1,8 млрд. АҚШ долл. арттыратын болады.

- Тазартылған мыс пен ерітінді – жыл сайынғы экспортқа көлемі 1,9 млрд. АҚШ долл. құрайды, бұл түрлі түсті металдың нарық әлемінде өсуімен; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Лондонның қаржылық биржасында тіркелуімен түсіндіріледі. Бұл корпорацияның өз өнімдерін өздерінің ешкімнің көмегінсіз жоғары құнмен сатуына ықпал етеді.

- тас көмір мен лигнит – 2007 жылы экспортқа 102,0 млн. АҚШ долл. құрайды. Негізгі экспортер-кәсіпорындар болып «Миттал Стил Теміртау» ААҚ КД , «Шұбар көл» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ табылады.

- «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс, алтын шығаруды жоспарлауда, бұл күмісті экспортқа шығу көлемі жылына 81,3 млн. АҚШ долл. және алтын жылына 56,2 млн. АҚШ долл. құрайды деген сөз.

- металды цинк – тауары 2003 жылға дейін шығарылмады десе де болады. Цинк зауытын іске қосуға байланысты металды цинк 2007 жылы - 197,6 млн. АҚШ долл. құрайды.

      1. Туризм


Облыста туристік қызметпен айналысатын 52 туристік фирма мен 5 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде туроператорлық қызметті -5, турагенттікті -42, экскурсияны -3, басқа туристік қызметті -2 іске асырады. Орналастыру объектілерінің саны -99, оның ішінде орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер объектілерінің саны – 41.

Туристік қызметпен айналысатын туристік фирмалармен жеке кәсіпкерлер қызмет көрсету көлемдері 2006 жылы 321,3 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 3,2 есеге – 99,4 млн. теңгеге көп.

Қарағанды облысының инфрақұрылым туризмінің объектілері болып табылатындар:
  • Қарқаралының Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі;
  • демалыс үйлері: «Миттал Стил Теміртау» АҚ «Шахтер», «Тас бұлақ» «Жемчужина» және «Каскад»;
  • 10 демалыс зонасы (Ақтоғай ауданында Тораңғылық ауылдық округінде Балқаш өзенінің бойында – 530 орынға арналған 9 демалыс зонасы, Шұбартүбек кентінде - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС БГМК «Голубые купола» және «Зеленый мыс» 1 демалыс зонасы);
  • 5 мерзімді сауықтыру лагері («Кооператор»- Қарағанды экономикалық университеті, «ҚарМУ- Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Политекник – Қарағанды техникалық университеті, «Медик» - Қарағанды медициналық академиясы, «Горняк» - тау кен колледжі);
  • 1 Бұқар жырау ауданындағы «Березка» сауықтыру кешені;
  • «Қазақмыс» корпорациясы 1 профилакторийі;
  • 3 санаторий («Миттал Стил Теміртау» АҚ «Жартас», Бұқар жырау ауданының «Жосалы», Теміртау қаласының «Самал»);
  • 4 санаторий-профилакторий («Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС БГМК, Қарағанды облысының «Арман» темір жолы, Теміртау қаласындағы «Арасан»);
  • 1 туристік база «Сарыарқа» «Балқаштүрлі-түсті металл» ПО, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Ақтоғай ауданындағы Бектау ата қонысы;
  • 29 мейманхана (заңды тұлғалар), оның ішінде 14 мейрамхана ресторандармен және орналастырумен айналысатын 27 мейманхана жеке кәсіпкерлермен, оның ішінде 1 қонақ үй ресоранмен.
  • 1357 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.
  • Мұражайлар, сәулеттік-тарихи ескерткіштер.
  • Облыста Қарқаралы ауданында – Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі экологиялық туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді.
  • Шет ауданында «Бүркітші» мектебі мен арнаулы шаруашылық орналасқан, онда туристерге абаттандырылған қонақ үй, аттар, аң аулауға қажетті құралдар беріледі.
  • Теміртау қаласының жанындағы Гагаринское селосы мен Қарқаралы Ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілдерінде тау шаңғы кешені қызмет етеді.

«Туристік қызметті реттеу» Бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2006 жылы 4,6 млн. теңге бөлінді. Аймақтың туристік имджін құруға бағыталған бюжеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру барысында Қарағанды облысы 2006 жылы «Саяхат және туризм» (Мәскеу қаласы) Халықаралық туристік жәрмеңкеге; «Туризм және саяхат» 6 Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге (Алматы қ.); «Демалыс-2006» 3 Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге (Астана қ.) қатысты.

Облыста туристік саласының дамуын талдау 2007 жылға арналған көрсеткіштерді бағалауға ықпал етеді. Туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен туристік фирмалар қызмет көрсеткен жалпы азаматтар саны 18,5 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайызға жоғары (17,1 мың адам).

Туристік ұйымдар қызмет көрсеткен азаматтар саны 2007 жылы көшпелі туризм бойынша 26 адамды құрайды, бұл 2006 жылдың деңгейінен (6 адамға) 4,3 есе, көшпелі туризм бойынша – 13,5 мың адамға (7,9 пайыз), ішкі туризм бойынша – 4,9 мың адамға (8,1 пайыз) көбейеді.

Көшу объектілеріне келушілерге қызмет көрсету саны 161,9 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылға қарағанда 7,1 пайызға көп.

2007 жылы бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттен 4,1 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат «Туризм және саяхат» (KIFT -2007) Алматы қаласындағы Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге , Астана қаласындағы «Демалыс-2007» Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге қатысуға бағытталатын болады. Бағдарлама төңірегінде облыста туристік потенциялды маркетингтік зерттеу өткізуге және Қарағанды облысында туризмді дамыту бойынша мастер-жоспарды әзірлеуге 3 мың теңге бөлінген., нәтижесінде орналастыру құралы бойынша (туристік инфрақұрылымды зоналау, біліктілік талаптары) әзірленетін болады, эксклюзивті келешегі бар туристік маршруттарды әзірлеу жүргізілді.

    1. Тұрақты даму, адами ресурстардың дамуы мен халық тұрмысының сапасын арттыру
      1. Демография және көші-қон



2006 жылдың 1 қаңтарына Қарағанды облысы халқының саны 1334.4 мың адамды, ал 2007 жылдың 1 қаңтарына – 1339.2 мың адамды құрады. Бір жылда халықтың жалпы өсімі 4,8 мың адамды құрады.

Облыс халқының көші-қон өсуі 2006 жылы 1535 адамды құрады, оның ішінде халықаралық көші-қон 1238 адамды және республикалық көші-қон сальдосы – 297 адамды құрады.

Көші-қон ауысуыларына облыс ішінде 2006 жылы 18448 адам қатысты.

2006 жыл шамасында облыс аумағында 2077 оралмандар отбасы, 5771 адам келді.

2007 жылдың 1 қаңтарына облыста 9514 оралмандар отбасы тұрады, барлығы 35794 адам, оның ішінде 18583 адам еңбек ету жасында, оның ішіндегі 14721 оралманның тұрақты жұмысы бар және өздерін жұмыспен қамтыған, бұл 79.2 пайызды құрайды.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста жұмысқа орналастыру мәселесімен келген 968 оралманның 829 жұмысқа орналастырылған, бұл 85.6 пайызды құрайды.

2006 жыл шамасында жұмыссыздар ішінен кәсіптік оқыту мен біліктілігін артыруға – 90 адам жіберілген, қоғамдық жұмыстарға оралмандар ішінен 301 адам қатысқан.


      1. Еңбек ресурстары


2006 жылы орташа республикалықпен салыстырғанда экономикалық ынталылық біраз жоғары – 70,1 пайыз (республика бойынша 69,7). 2006 жылы экономикалық ынталы халық саны 3,4 мың адамға артты және 740,7 мың адамды құрады (2005 жылы – 737,3 мың адам).

2006 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыз шегінде болды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Республика облыстарының ішінде бұл ең төмен.

Жұмыссыз халық санының ақырындап азайғаны байқалады. 2006 жылы бұл көрсеткіш 0,3 мың адамға төмендеген және 51,1 мың адамды құрады (2005 жылы – 51,4 мың адам).

Облыс экономикасында 689,6 мың адам жұмыс істейді, бұл 2005 жылғы – 685,9 мың адамнан 0,5 пайызға көп. Облыстың еңбек ресурстары көбіне жалдамалы еңбекпен жұмыс істеушілерде. Осылайша, 2006 жылы жұмыс істеушілер саны үлесінен 73,4 пайызды (505,6 мың адамды) құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа көп. Қалған бөлігі 26,7 пайыз (184,0 мың адам) өздерін-өздері жұмыспен қамтушылар, олардың үлесі жұмыс істеушілер санынан 0,2 пайыздық тармаққа азайған (2005 жылы 26,9 пайыз).

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық құрылымы 2006 жылы қызмет көрсету салаларының көбірек алуымен сипатталады (сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыстық заттар мен бұйымдар; мейманханалар мен ресторандар; көлік және байланыс және басқа қызмет көрсету түрлері) – 53,6 пайыз. Құрылыс саласында жұмыс істеушілердің 2,5 пайызға көбейгені байқалады және олардың саны 2006 жылы 28,7 мың адамды құраған (2005 жылы 28 мың адам). Ауылдық, ормандық және балық шаруашлыығындағы жұмыс істеушілер саны 2005 жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа төмендеген және 2006 жылы 26,8 мың адамды құраған. Өнеркәсіпте жұмыс істеушілердің үлес салмағы 2006 жылы 26,1 пайызды құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен. Облыстың еңбек нарығында көрсеткіштердің жақсаруына Халықты жұмыспен қамту облыстық бағдарламасын іске асыру көп ықпал еткен.

Осылайша, облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар саны үлесінің азаю тенденциясы байқалады. 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 39,7 пайызға азайған және 3292 адамды құраған (2005 жылы – 5466 адам). Тіркелген жұмыссыздардың 70,4 пайызын әйелдер құрайды, 22,3 пайызын ауыл тұрғындар, 11,4 – жастар құрайды.

2005 жылыдң осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда белгіленген жұмыссыздар деңгейі 0,3 пайыздық тармаққа төмендеген және 0,4 пайызды құраған.

Облыста 21,1 мың жаңа жұмыс орны немесе жоспарда қарастырылғаннан 128,9 пайыз. Жаңа жұмыс орындарына орналасқандар 12,3 мың жұмыссыз немесе 58,6 пайыз, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 1,3 пайыздық тармаққа жоғары.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс берушілер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 4132 бос жұмыс орнына тапсырыс берген.

Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 жылы 37,5 мың жұмыссызды жұмысқа орналастырған. 2006 жылы жұмыспен қамту мәселесі бойынша келген азаматтар санынан жұмысқа орналасқан жұмыссыздар үлесі 90,8 пайызды құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 3,1 тармаққа жоғары (88,1 пайыз).

2006 жылы кәсіптік оқыту мен қайта дайындауға 4144 жұмыссыз жіберілген. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4106 адам оқуын бітірген, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 4013 жұмыссыз немесе 97,7 пайызы жұмысқа орналасқан. Оқуларын аяқтаған соң жұмысқа орналасушылар үлесі 3 пайыздық тармаққа 2005 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 94,8 пайыз артқаны байқалады.

Қоғамдық жұмыстарға 13,1 мың жұмыссыз қатысқан, оның ішінде 3287 адам селолық жерлерде тұратын адамдар, бұл қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан 25,1 пайызды құрайды. Облыста қоғамдық жұмысқа қатысқаннан кейін жұмысқа орналастыру мониторингі өткізіледі. 2006 жылы жұмыспен қамту органдары қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа 8,8 мың немесе 67,7 пайыз жұмыссызды орналастырған. 2005 жылы қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа орналасқандардың үлесі 55,7 пайызды құрады.

Жастар мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. 2006 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері 16 дан 29 жасқа дейінгі 17,4 мың жас адамды жұмысқа орналастырған, бұл өтінішпен келген жастардың 92,9 пайызын құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 4,2 мың адам қатысты, кәсіптік оқытуға 2,8 мың адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 206 жас адам материалдық көмек алған.

2006 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген оралмандар саны 968 адамды құрады (2005 жылы -793 адам). Жұмысқа 829 адам немесе өтінішпен келген адамдардың 85,7 пайызы орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 301 адам қатысты, кәсіптік оқытуға 90 адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 70 оралман материалдық көмек алды.

Жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс-шаралар көрсетілуде. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 772 жұмыссызға материалдық көмек берілді. Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 268 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

Еңбектің ішкі нарығын қорғауды реттеу үшін департамент шет ел жұмыс күшін әкелуге рұқсат береді. 2006 жылы 339 шет ел мамандарын Қарағанды облысына әкелуге 33 рұқсат берілген. 01.01.2007 жылғы жағдай бойынша облыс аумағында 24 ұйымда 84 шет ел маманы өз еңбектерін іске асырды. Шет ел жұмыс күшін әкелетін ұйымдарда 49528 қазақстан азаматтары жұмыс істейді, қазақстан азаматтары үшін 554 қосымша жұмыс орны құрылды, 138 қазақстандық жұмыскер қайта оқытылды.

Мамандарға сұранысты анықтау және болжамдау мәселелерін қарау үшін облыста Үйлестіру кеңесі құрылды, оның құрамына атқарушы органдар өкілдері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өкілдері кіреді.

01.01.07 жылғы жағдай бойынша 965 ұйыммен ұжымдық шартқа отырылды, 951 кәсіподақтық ұйым әрекет етеді. 2005 жылмен салыстырғанда ұжымдық шартқа отыру 20 артқан, бұл жағдайда 14 шартқа кәсіптык одақ құрылмай еңбек ұжымдары қол қойған.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру 223,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 178,9 млн. теңге, жұмыссыз азаматтарды оқыту мен қайта оқытуға 16,6 млн. теңге, жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға – 27,8 млн. теңге жіберілген.

2007 жылдың 1 тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 7414 жұмыссыз адам жұмысқа орналасқан, жұмысқа орналастыру мәселесімен келген адамнан 89,7 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға 2734 жұмыссыз қатысқан, оның ішінде тұрақты жұмысқа 911 адам немесе 33,3 пайызы орналасқан. Жыл басынан бері кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға 655 жұмыссыз азамат жіберілген. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша оның ішінде 368 адам оқуын аяқтаған, 366 немесе 99,5 пайызы жұмысқа орналасқан.

Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін облыстың жұмыс берушілері 145 әлеуметтік жұмыс орнын құрған.

Өз істерін ашуға және өздерін-өздері жұмыспен қамтулары үшін 30 жұмыссызға, оның ішінде 22 әйел мен 29 жасқа дейінгі 6 жұмыссыз адамға материалдық көмек берілді.

Жастар арасынан 3655 адам немесе өтінішпен барған жастардың 91,7 пайызы, оралмандардың – 140 немесе өтінішпен барғандардың 97,9 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Жалпы облыс бойынша белгіленген жұмыссыздық деңгейі экономикалық ынталы халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 0,6 пайыздық тармаққа төмен (2006 жылдың 1 сәуіріне – 1,1 пайыз).