Лекциялық материалдың мазмұны
Вид материала | Лекция |
СодержаниеБақылау сұрақтары 2.Қырғыз мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезендері 3)Қырғыз халқының мәдениеті |
- Мазмұны, 738.95kb.
- Реферат бұл жұмыс 25 беттен тұрады. Бітірү жұмысын жазу үшін 20 әдебиет қолданылды., 300.87kb.
- Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын, 1427.52kb.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер.
№ 20. Тақырыбы: Татар халқының этноноимі және тарихы
Мақсаты:
Жоспары:
- Татар этнонимі.
- Татар тарихы.
Мақсаты: Татар этнонимі мен тарихын қарастыру
1. «Татар» этнонимі түркі монғол рулары арасында І-ІХ ғасырдан мэлім. Кейін Еділ Бүлғар халықтары негізгі болады. Бүлғария елі 1236 жылға дейін өмір сүреді. Алтын Орда қүрамында қыпшақ халықтарымен араласады. (Қыпшақ, керен, қоңырат, тоқсаба, табын, қырғыз бүркіт, балықшы рулары). Бүл уақытта Ресейліктер «татар» терминімен атайды. Сол себептен татар термині «түркі» терминін орнына айтыла бастады.
Сібір татарлары
Қырым татарлары
Литва татарлары
Еділ татарлары
Қазан татарлары. Алтын Орда ыдырағанда Еділ бойына Қазақ хандығы бөлінді. (1438-1552). XX ғасырдың басына дейін түркі халықтарын татарлар еді. Қазір Р.Ф. қүрамында Татарстан республикасы еніп отыр. Астанасы Қазан қаласы.
Негізгі діні: мұсылман сунит. Түрік тобы, Алтай тіл семиясына жатады. 2. Татарлар Ресейдің ең сауатты халқы. XVI ғ. ескі шоқыну дэстүрі. XVIII ғ. жаңа шоқыну дэстүрі күштеп жүргізілді. Кейінгі жылдары мүсылмандық қайтадан етек жаюда.
Иван Грозный 150 000 эскермен 1552 ж. Қазан қаласын қоршап, халықты қырып жаулап алды. Мүның алдында жүз жыл ішінде 1469, 1487, 1506, 1524, 1530, 1545 жэне 1550 жылдары Қазанға жеті рет шапқыншылық жасайды. Қазан қаласының қорғанысын Ноғай қызы Сүйінбике ханым үйымдастырыды. Көмекке қазақ жерінен Нэрік батыр оның баласы Шора баты келіп соғыста қаза табады. Татар халқы 15 қазанды қаралы күн деп есептейді. Бүнымен татар халқының азаттық күресі тоқтамайды, 1553 жылы Жансейіт жэне Сары батыр бастаған көтерілістер болып ол кейінде 1572, 1573 жэне 1582 жылдары да болады. 1593 жылы Феодр Иван барлық мешітті жойып, оның орнына шіркеу монастрын салады. 1681 жылы шоқынбағандарды жерден айыру заңы шығып, бұған Сейіт, Төлекбай батырлар қарсы шығып, бұл жарлықты жоюға мәжбүр болады
Татарлар – түркі тілдес ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан Республикасының байырға тұрғындары. Таптарлардың халқының саны жөнінен ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бөліп қарастырса, қалғандары оларды біртұтас тұлт санайды. Дүние жүзіндегі татарлардың жалпы саны 8 млн. шамасында. 2002 жылғы санақ бойынша Ресейде 5,6 млн, Татарстанда 1,9 млн, Башқорстанда 1,2 млн татар тұрады. 3 ғасырда татрлар моңғол шапқыншылығы әсерінен Ресейдің құрамны енген. 13 – 14 ғасырларда олардың шағын тобы Аотын Орда құрамындағы түркі халықтарының құрамына енген. 16 – 19 ғасырларындағы орыс жазбаларында Кавказды, Еділ мен Орал өңірін, Орта Азияны мекендеген түркі тайпалары Татарлар деп жалпы аталып кеткен 20 ғасырға дейін марилер қазақстан татарын сюас деп қазақстар ноғай деп атаған Татарлар ислам дінінің сүннет тармағын, аз бөлігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Антропол жағалауындағы татарлар еуропа нәсіліне жатады. Татарлар фольклорында батырлар жыры елеулі орын алады. Көне жазба әдебиетттері бар. Ұлттық музыкасы башқұрт, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауйсты ән негізінде дамыған. Әнмен, бимен, өлең – тақпақ араластырып орындалатын әзіл – сықақ әндер көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы немесе флейта тектес үрлемелі аспап, қобыз, мандолина, домбра, гусли, скрипка жатады. Татарлар ерте кезден – ақ көп салалы шаруашылықпен бидай, арпа, тары, сұлы, бұршақ, қарақұмық, зығыр, сора егумен айналысады. Сауда – саттықпенде шұғылданады. Үй құстарын көбірек өсіреді. Еділ бойы мен Орал өңірі орман - тоғайлы, шалғын – шөпті болмағандықтан омарташылық дамыды. Татарлардың тағамында нан, картоп, көкөніс басым. Татарлардың шеберлері тіккен етігі, бас киімі, кестелі шашақты орамалы, тоқыма бұйымдары, күмістен алтыннан істелген зергерлік бұйымдары Ресейден тыс жерлерде жоғары бағаланып, сұранысқа ие болуда. Мәрмәрдан, тастан, ағаштан, теріден өрнектеп, оюлар жасаған мозаикалары көз тартады. Авыл юрт немесе Ил дейтін татар мекені шағындау, көбінесе өзен жағалауында орналасады. Үйлері биік дуалмен қошалып, ағаштан оюлап әшекейленген. Ұлттық мейрамның ең көрнектісі – сабантуй. Мұнда ұлттық спорт түрлері – күрес, жаяу жарыс, ат жарысы өткізіледі.
Татарстан Республикасы - Ресей Федерациясының құрамындағы Республика. Жерінің аумағы 68 мың шаршы км, Халқы 3,8 млн, Астанасы Қазан. Басқа халықтардан орыстар 42пайыз, чуваштар 2 пайыз, мордвалар 2пайыз, удмурттар 1,8 пайыз, башұрттар 1,7 пайызы тұрады. Мемлекеттік тілі – татар және орыс тілдері. Әкімшілік бөлінісі 43 адан, 19 қала,11 республика бағынысындағы қалалар. Татарлар тек Ресей Федерациясының Чувашия, Башқұрстан, Марий, Эл, Удмуртий республикаларымен, сондай – кақ Орынбор, Самара, Ульянов, Киров облыстарымен шектеседі.
Жер бедері негізінен ойпатты жазық, тек Еділ өзенінің жағалауы қыратты. Ең үлкен өзендері Еділ ұзындығы 177 км, мен Кама ұзындығы 380 км. Тым континенттік. Қаңтар айының орташа темпеартурасы 13 15 градус, шілдеде 19, 20 градус. Жер аумағының 3 тен 1 бөлігін құнарлы қара топырақ, 16 пайызын орман алып жатыр. Жері шаруашылығына қолайлы әрі минералды ресурстарға бай, мұнай ,газ, гипс, қоңыр көмір, темір. Татар жеріне адамдар палеолит заманында қоныстанған. Ерте орта ғасыр дәуірінде Түрік қағандығы құрамында болды. 9 – 10ғасырларда бұлғалардың бір бөлігі Еділ өзенінің орта ағысына қарай ығысып, мұнда Еділ Бұлғариясы атты мемлекет құрды. Ол кейіннен Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жасаған жорығы нәтижесінде Алтын Орда құрамына енді. 15 ғасырдың 1 жартывсында Татарстан жерінде Қазан хандығы бой көтерді. 1545 – 1552 жылдары Қазн хандығы Ресейге бағынды. 1708 жылы Қазан губерниясы құрылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты Татар халқына ауыр зардаптар әкелді. Мұнда орыстандыру, шоқындыру саясаты басым болды. Халықтың сана – сезімін ояту бағытында татар зиялылыары ағартущылық бағыттағы іс – шаралар жүзеге асыруға талпыныс жасады. Каюм Насыри, Маржани секілді көрнекті ағартушылар өзіндік саласында маңызды ағартушылар болды.
Татар халқының тілі - татар. ТМД елдеріндегі 6,8 млн татардың 5,6 млны татар тілінде сөйлейді. Татарлар тартар түркі тілдерінің қыпшақ тобының қыпщақ – бұлғар бұтағына жатады. Негізгі диалетілері орталық немесе орта диалектілері, онда Қапзан татарлары сөйлейді. Батыс не мешер диалектісі, шығыс диалектісі. Қазіргі татар әдеби тілі негізінде 20 ғасырдың басында қалыптасқан. Татар тілі фонетикасында 28 дауыссыз, 13 дауысты бар. Дауыстылары ежелден келе жатқан дыбыстар: а,ә,ү,у,ы,ео,ө,и сондай – ақ жартылай дауысты ы,е,ө,о дыбыстарына сәйкес келеді. Морфологиялық ерекшеліктері төмендегідей:т сын есім септелмейді, сан есімдер 6 топқа бөлінеді, етістіктердің болымсыздық, шырай категориялары бар. Жазуы 1927 жылға дейін араб, кейін латын әліпбиі негізінде болған. 1939 жылдан орыс графикасына енген. Жазба мәдениеті ежелден бастау алады. Ең көне үлгілері «Жүсіп – Зылиха» дастаны авторы белгісіз. «Кесікбас», «Сопыларға өсиет» атты дидакткалық шығармалары бар.
Татар - Башқұрт мәдениет орталықтары қауымдастығы «Идеал» қауымдастығы қоғамдық ұйым. 1990 жылы құрылған. Қауымдастықтың мақсаты: Қазақстандағы башқұрттар мен татарлардың ана тілінде тәрбие алуына және ұлттық салт – дәстүрі мен дүниетанымын ұмытпауға жағдай жасау. Сондай – ақ жастарға қолдау көрсету. Осы мақсатта жыл сайын облыс орталықтарында сабантуй, татар, башқұрт әндері мен билері, ұлттық ойын спорт ойындары өткізіліп тұрады. Сондай – ақ «Козге Иртыш моннары» халықаралық фистивалі ұйымдастырылып тұрады. Сабантуйда татар және башқұрт қалаларының әндері мен билері орындалып, ұлттық ойындар өткізіледі. Семей қаласындағы музыкалық татар хор мектебіне қауымдастық тарапынан қаржылай демеушілік жасалды. Қуымдастық обл татар – башқұрт мәдениет орталықтарының ортақ іс – қимыл жоспарын белгілеп отыр.
Пайдаланған әдебиет
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер
№ 21. Тақырыбы: Қырғыздар мен ұйғырлар.
Мақсаты:
Жоспары:
1.Қырғыз ұлтының қалыптасуы.
2.Қырғыз мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезендері.
3.Қырғыз халқының мәдениеті.
4.Ұйғыр қағандығы
1. Қырғыз ұлтының қалыптасуы
Қырғыздардың ертедегі этникалық тариғы көне тайпалар одақтарымен (хундар, діліндер, сақтар мен үйсіндер) байланысты. Кейінірек – Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде (б.з.б. Хғ.) қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тектес халықтардың бір бөлігі қалыптасады. Б.з. ІІғ мыңжылдықтың бірінші жартысында моңғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншылығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан әрі оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты.
Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғз халқының негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Мауеренаһрды түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлұқтар мен ұйғұрлар, кейінірек XVI-XVII ғасырларда қазақ тектес тайпаларда кірді.
XVIғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін 3 үлкен топ құрады: алғашқы 2 топ қосылып «Отыз ұл» аталды да, «оң және сол қанат» болып 2-ге бөлінді.
Оң қанат Тағай, Адигине және Мунгуш деген үлкен үш топтан құралды. Тағай ұрпағы Тянь-Шань аймағының негізгі бөлігін, ал келесі екі топты құрайтын рулар Қырғызстанның оңтүстік өңірін мекендеген. Шежіре деректері бойынша қырғыздар 40 тайпадан тұрады. Сондықтан оларда «Қырық рулы» ел депте атайды.
Сонымен, қырғыздар XV-XVI ғасырда ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды.
2.Қырғыз мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезендері
Қырғыз халқы –көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мұрагері. Қырғыз жерін адам баласы б.з.б. ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін археологиялық ескерткіштер анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, неолит дәуірінің ескерткіштері Бішкек, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2үңгірде қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуандар суреті сақталған. Неолит кезінде тайпалар тас өндеудің жетілген техникасын игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Мал шаруашылығы тобына бөлінгеңдігін археологиялық материалдардан байқауға болады.
Б.з.б. VII-VI ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүлікиік жіктеу күшейді. Көшпелілер, арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды.Солтүстік Қырғызстанда Сақтар (б.з.б. VIII- VII ғ.), кейін үйсіндер(б.з.б.Iғ. мен Vғ.) өмір сүрді Оңтүстік аудандар (б.з.б. IІ-Іғ) Парфия мемлекетіне, кейін Құшан патшалығына қарады. Қырғызстанның оңтүстік аудандарында VII-V ғасырларда тоған таспа техникасы қолданылады,су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді.
Экономикалық өмірдің жаңа қоғамдық қатынастарының өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекет феодалдық мемлекет бірлестіктеріне ауысты, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. V ғасырда Солтүстік Қырғызстанда көшпенділер отырықшылана бастайды.
VI-VIIғасырларда Қырғызстан Батыс Түркі қағандығының орталығына айналды. Астанасы-Суяб. Қалаларда қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. VI-VIII ғасырларда Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы болды.
Х ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньді мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауында қалалармен отырықшылар көбейе бастады. Хғасырдың орта шенінен ХІІ ғасырдың соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы Шу бойындағы Баласағұн болды. Х-ХІІ ғасырларда өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғарғы сатысына жетті.
ХІІІ ғасырдын бірінші ширегінде монғолдар қырғыз жерін жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды орналастырды. Түркістанның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай Ұлысына кірді.
XV ғасырдың екінші жартысында солтүстік қырғыз жерінде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетін құрды. XVI ғасырдын бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табаңды күрес жүргізді.
Біріккен қазақ-қырғыз әскерлері Моғолстанда үлкен жеңіске жетті. Ол туралы «Тарихиш-Шах Махмуд бин мырза Фазыл Чорс»-шығармасында: «Қазақтар мен қырғыздар Моғолстанға аттап баса алмады. Ақырында Әбді-Латив сұлтан қазақ Хақназар ханды шауып, көп тұтқын мен олжа түсірді. Хақназар хан қазақтар мен қырғыздарды жинап , ізіне түсті. Сұлтан жауды білмей жатты. Ал Хақназар хан мен басқада алты төре оның ізінен қуып келді. Қазақтар мен қырғыздардың әскері түн ортасында сұлтанға шабуыл жасап, оның әскерін тас-талқан етті. Қатты жараланған сұлтан Хақназар ханға апарылды»,-дейді. Осы жеңістен кейін біраз жылдан со Моғолстан қазақтар мен қырғыздардан жеңіліп, Жетісу өңірі мен ТяньШаньда Қырғыз қазақ үстемдігі нығайды. Моғолстан негізгі жер аумағы Қырғыз-қазақ хандығына қосылды. Қырғыз-қазақ хандығы сыртқы жаумен күресте өздерінің жерің кеңейтіп, дербестігін сақтап қалды.
3)Қырғыз халқының мәдениеті
Қырғыз жеріндегі ежелгі өнер ескерткіштері неолит дәуіріне жатады. Геометриялық өрнекті керамикалық заттар мен жартастарға шегілген жер жырту көріністері қола дәуірінің мұрасы саналады. Қырғызстанның оңтүстігі (Шу-Рабашат, б.з.б.IVғ мен Іғ.) мен солтүстік батысынан (Шатқал өзенінің бойы) елді мекендердің орны ашылды. Оңтүстік және оңтүстік батыс Қырызстаннан б.з.б. І мыңжылдықтың өнер үлгілеріне жататын бояумен салынған суреттері бар ыдыстар, алтын мен қоладан жасалған әшекейлер табылды.
Қырызстанның солтүстік аудандары мен Тянь-Шань тауын мекендеген
Көшпелі Сақ(б.з.б.VI-IIIғ.),Үйсін (б.з.б II ғ.-б.з.V ғ) тайпалары қүрбандық
тақталарын мүсіндерін (Ыстықкөл жағалауы) қоламен әсемдеген.
Шыңғыс хан және оның мүрагерлері үстемдігіне дейін Қырызсеанда
отырықшы және көшпелі тайпалар мәдениеті қатар дамыды (Үзген, Ош,
Күлмесхант.б.), соғдалықтардың бағаналы қүрылыстары (Талас,Шу өзендері
бойында)салынды .Ақбешім қаласынан V-X ғасырларда жасалған сәулеттік
ескерткіштер, кескіндеме, сәңдік-қодданбалы өнер туындылары, Будда бейенелермен әсемделген қола мен алтыннан жасалған белдік тоғалары ұшырасты.
Тянь-Шаньда Түркі қағандығы билік құрған кезде салынған қамал-қорғандардың, керуен сарайлардың қалдықтары сақталған.Краснореченск қаласынан IV-V ғасырлардағы Соғда қамалдары ашылды.Будданың түрлі түспен боялған үлкен (12 метрден астам )мүсіні табылды.
Ою-өрнекпен көркемделген қыш ыдыстар аң және адам мүсіндері, мүсіндік бейнелер отырықшы тайпалар жасаған өнер үлгілеріне жатады.
Көшпелі тайпаларда зергерлік бүйымдар (бүғы, барыс,таутеке пішіндері бейнеленген тоғалар т.б.)жасау қанат жайды.
Қарахан әулеті кезеңіде(IX-XIIғ.)мешіттер,мүнаралар (Боран менҮзгендегі мүнаралар,XIIғ.)Мавзолейлер (Үзгендегі үш мавзолей,XI-XIIғ.)салынды.
Монументті қүрылыстар –Манас мавзолейі (XIVғ.),Ташрабаттағы керуен-сарай(XIVғ.)түрғызылды.
Мемлекттік қырғыз тілі мемлекеттік ұлттық тіл болды.
4.Ұйғыр қағандығы
ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған іргелі Ұйғыр қағандығы Орталық және Шығыс азияның оның ішінде Тань империясының тағдырына елеулі ықпал етті.
Ежелгі Түрік империясының құлауынан соң байтақ далада саяси бытыраңқылық туындада. Түркі тайпаларына үстемдік ету үшін және қаған лауазымын алу үшін Ашина империясын талқандауды аяқтаған ұйғыр, қарлұқ секілді жеңімпаз тайпалар үстемдікке ұмтылды. Басмылдардан билікті тартып алған ұйғырлар ең күшті болып шықты. Ашина, Қырғыз, қимақтар секілді Ұйғырлар орталық Одақтың біріне жатады.
3 – 4 ғасырларда ұйғырлар қытай династиясының Гаогюй атанғанбірлестікте тұрды. 5 ғасырда Қытай деректері бойынша бұл одақтың жаңа аты Теле пайда болды. Теле тайпаларының басым бөлігі батысқа, Қазақсмтан мен шығыс Еуропаға қоныс аударды. Орталық Азия далаларында қалған бөлігі батыс түркілерге бағынып, солардың мемлекеттерінің құрамына кірді. Бірақ 605 жылы сатқындықпен соққыға жыққаннан кейін, ұйғырлардың басшысы тайпаларды Хангай тауына әкетті. Сөйтіп сол жерде «тоғыз тайпа» деген жеке топ құрады. Орхон жазбаларында бұл топтың тайпалары тоғыз – оғыздар деп аталады. 630 жылдан бастап, бірінші түркі қағандығының құлауынан бастап, тоғыз – оғыздар яглохарлармен күресті. Және моңғол жерінде саяси күш ретінде танылған болатын. Тоғыз оғыздардың көсемі Елтеьер Тулшду 647 жылы Тола мен Орхон өзендерінің аңғарында өзінің мемлекетін құрған еді, мұны Қытай шежірелері баяндайды: «Тулшду өз бетімен өзін - өзі қаған деп жариялады, Түркі қызметкерлері мен шенеуніктердің қызметін тағайындады». Тань үкіметі қайта құрылған үкіметті мойындамады. Оның үстіне 630 – 663 жылдары тоғыз – оғыздармен Тань империясындағы соғыстарда қытай әскерлерінің қолы жеңіске жете алмаған. Алайда 680 жылдың басында тоғыз оғыздар Шығыс тҮркілермен шайқаста жеңіліске ұшырап, өздерінің мемлекеттілігн жолғалтты. Ұйғырлардың жаңа мемлекеті бұрынғы одақтастармен басмылмен, қарлұқтармен аяусыз күресте ғана пайда болды.Он ұйғыр тайпасы арасында жетекшілікте болған Яглохар династиясына тоғыз оғыздардың көптеген тайпалары жанкештілікпен қарсылық көрсетті. Ұйғырлар яглохарлар тайпасымен қағандыққа таласып, өздерінің құқығын қорғап алды.
Қатай деректері бойынша 745 жылы Моңғолияда түркі оғыз мемлекетінің орнына ұйғыр тайпасы енді. Өз ара қырқыста жеңіске жеткен яглохарлар мемлекетке басшылық етті.
Сонымен 745 жылы Моңғолияның басшылығы басқа түркі халқына ұйғырларға тиді. Қытайлардың хабарлауы бойынша ұйғырлар 758 жылы қырғыз мемлекетін жаулап алды. Осыдан кейін қырғыздардың қытайлармен тікелей байланысы үзілді. Ұйғырлардың түпкілікті билікке ие болуы олардың қытай әскерін жеңгеннен кейін ғана іске асты. Бұл 755 жылғы Қытайдың шекаралық әскерлерінің Тань үкіметіне қарсы көтерілісті басу және соған жалғасқан азамат соғысын талқандау еді. Ұйғырлардың Элтимиш Білге қағаны 757 – 759 және оның ұлы Бегю қаған 759- 779 Тань бүлікті басуға көмектесті. Сөйтіп өздерінің көмегі үшін материалдық тұрғыда көмек алды. Олжа мен шекарадағы пайдалы сауда династиясның беделі мен қағандықтың үстемдігін орнықтырып алуға мүмкіндік берді. Соғыстан түскен олжамен және император сыйлықтарымен бірге Орхондағы өзінің астанасы – Ордабалыққа манехей дінін уағыздаушы соғды миссонерлерін манехейлерді ала кетті.Олардлың дінін қаған өзі Лолянда таньдардың бүлікшілерден азат етілген астанасында қабылдады. Ұйғыр қағандығынығ орталы болған Ордабалыққа кейін монғолдар ие болған кезде Қарақорым деп аталды.
762 жылы ұйғыр қағанының ордасы Ордабалыққа соғдының және Шығыс қытайлық түркістанның саудагерлері мен миссонерлері келді. Ұйғырлардың манехей дінін қабылдаудың түркі тарихында маңызды орын болды. Ең алғашында түркілер шамандықтан «дінге» этникалық қағида бойынша көшті. Шамандықтардың айтуынша: « өлімнің өзі адамның болашағына пайда әкеледі» дейді, ал Ирактағы арабтар Вавилондықтар қабылдаған манехей дінінің айтуы бойыншы « адам түгілі жан – жануарлар өлімі, жануарлардың етін пісіпір жеуге тыйым салады» - дейді. Осы жаңа және ескі бағыьттың қарама – қайшылығы түркілерге белгілі болды – «бұрындары етті қорек еткен халық енді күрішпен қоректенеді, бұрындары өлімді жақтаған елде жақсылық орнайды.» - дейді жазбада. Манехейлер Вавилоннан б.з.б 14 ғасырда Арабия түбегіндегі пайда болған алфавитті ұйғырлар арасына таратты, кейіннен жаңа ғылымда ұйғыр алфавиті дамыды. Сонымен қатар ұйғырлар бұл алфавитті Моңғолияға таратты, моңғолдармен бірге ол Батысқа қайта келді , ал бірнеше жылдан соң бұл алфавит моңғолдың Маньчжурия жеріндеде қолданылы.
Осындай әрекет арқасында семиттен шыққан бұл алфавит соғды, ұйғыр, монғол арасына тарап, «ұлы мхитқа» дейін жетті.
Орхон алфавитінен ұйғыр жазуына көшу – түркілерді бір қадам артқа шегертті. Ұйғыр түркі – оғыздарға қатысты бірнеше тарихи жазбалар қалдырды.
Ұйғыр қағандығы жазбаларының біреуі түркі тілінде орхон алфавиті бойынша 750 жылы жазылды. Бірінші жазбада 750 – 753 жылдардағы соғыс туралы айтылса, екіншісінде сол кезде болып жақан қырғыздармен арадағы ұрыс және олардың мемлекетінің түпкілікті жойылуы 80000 нан 400000 адамға дейін болғаны анықталды. Екіншісі қытай тілінде 808 жылдан 821 жылға дейінгі хан билігін баяндайды.
Түркі – оғыздарға қатысты ұйғыр жазбаларының ең қызықтыда көлемдісі – қытай тілінде жазылған.
Мұсылмандар аймағында тоғыз – оғыздарды тұтқын ретінде көрсететін дерек бар, осы тоғыз – оғыздардан тулондар пайда болады. Ол Ахмет Тулонның әкесі 869 жылы қайтыс болған, Египетте Тулунид әулетін құрған. Араб жазушысы Жахиздің айтуына қарағанда тоғыз оғыздар манехей дінін қабылдамай тұрып өте батыл және әскери халық болғвн. Олар көбіне қарлұқтармен болған соғыста саны аз болса да жеңіске жетіп отырған, ал манехейді қабылдаған соң жеңіліске ұшырай берген.
Христиан, мұсылман миссонерлері және түркілер арасында манехей парсының «періште» сөзімен танылды. Буддизм сияқты манехей діні де қанатын кең жаюды мақсат етті. Ол аскетизм, сословие құрылысына қарсы бағытталды. Сондықтан манехей шығармалары қарапайым халыққа лайықты етіп жазылды.
- ғасырда қырғыздар ұйғыр мемлекетінің әлсіреуін пайдаланып тәуелсіздік алды да, 840 жылы 20 жылдық күрестен соң Монғолиядағы ұығыр үстемдігін жойды. Ұйғыр мемлекеті 745 – 840 жылдар арасында 100 жылға тарта өмір сүріп, 9 ғасырдың екінші жартысында Монғолияда қырғыздардан қысымшылық көрген олар Бешбалық қаласының маңындағы Шығыс Түркістанға келді. Бұл оқиға 860 жылы болды. Бұдан кейін қазіргі Ганчжауда ұйғыр князьдігі құрылды да, оның басшысы қытайдан сайланды. Бұған дейін Ганчжау жерінің билігі үшін қытайлықтар мен тибеттер арасында болып, тибеттер үстем түскен болатын. Ұйғыр князьдігі 13 ғасырдағы монғол үстемдігі дәуіріне дейін ғана өмір сүрді. Монғолиядан түркі – оғыздарды содан кенйін ұйғырларды ығыстыру, Шығыс Түркістанда түркі элементтерінің көбеюіне әкеліп соқты. Турфан және Гучэнь жерлерінің жанында қытайлықтар «шато» дала деп атаған тайпа қоныстанды, шатолар түркі тегінен яғни оғыздардан шыққан. Қытай деректері бойынша Монғолиядан Қытай Түркістанына көшкен түркілер отырықшылық пен қала өміріне үйрене бастады.
Ғасырда Тибет еліне йғырлардан осы мекенді тартып алу мүмкіндігі туып, бұл жерде өздерінің мемлекетін құрды. Алт кейіннен бұл жақты монғолдар биледі. Осы аймақ содан бері Тангут деп аталады. Қытай деректерінен білетініміз Ганчжоудағы ұйғыр мемлекетін тангуттар 1023 – 1038 жылдары жойды. Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеті 12 ғасырда болған монғолдар мен хандар арасындағы соғыста саяси құрбан болып кетті.