Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетiн

Вид материалаКонкурс

Содержание


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының төрағасы
Конкурсты құжаттаманың құны
Лот № 1 – «Лисаков қаласының жергілікті атқарушы және уәкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерін жариялау»; Лот № 2
12755383 (он екі миллион жеті жүз елу бес мың үш жүз сексен үш) теңге, содан лоттар бойынша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсі
2012 жылғы 28 ақпан сағат 10- 00 минуттан кешіктірмей
2012 жылғы 02 наурыз сағат 10-00 минутта-мерзімнен кешіктірмей
Конкурсқа қатысуға өтінім
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырыс берушінің төрайымы «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Мурзакулова Дина Тлегенқызы, телефон (714- 33) 3-88-80, E-mail: vnpl@yandex.kz   




^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 111220 Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, СТН № 391800211443, ЖИК KZ27070103KSN3918000, БЖК KKMFKZ2A «Қазақстан Республикасы Қаржылық министрлігінің қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі

^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының төрағасы «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есеп жүргізу және есептілік инспекторы - Мурзабулатова Мәншүк Кенжеқызы, телефон (714- 33) 3-88-80, E-mail: vnpl@yandex.kz   

^ Конкурсты құжаттаманың құны: «Конкурсты құжаттама тегін беріледі»


  1. Жалпы ережелер
  1. Конкурс 2012 жылға лоттар бойынша бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың өткізілуі бойынша қызмет жабдықтаушылардың таңдауының мақсатымен өткізіледі:

^ Лот № 1 – «Лисаков қаласының жергілікті атқарушы және уәкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерін жариялау»;

Лот № 2 – «Газеттер және журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаты өткізу»;

Лот № 3 – «Телехабар тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаты өткізу»;

2. Мемлекеттік сатып алу қызметтері жөніндегі берілген конкурс үшін бөлінген соммасы^ 12755383 (он екі миллион жеті жүз елу бес мың үш жүз сексен үш) теңге, содан лоттар бойынша:

Лот №: 1 – «Лисаков қаласыныың жергілікті атқарушы және уәкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерін жариялау» - 503880 (бес жүз үш мың сегіз жүз сексен) теңге;

Лот № 2 - «Газеттер және журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаты өткізу» - 3126583 (үш миллион жүз жиырма алты мың бес жүз сексен үш) теңге;

Лот № 3 - «2011 жылға телехабар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаты өткізу» - 9124920 (тоғыз миллион жүз жиырма төрт мың тоғыз жүз жиырма) теңге;


3. Нақты конкурстық құжаттама өзіне қосады:

1) нақты конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтерінің тізбесін;

2) нақты конкурстық құжаттамаға 2-қосымшамен келісімімен сатып алынатын қызметтерінің, сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және эксплуатациялық сипаттамасы;

3) нақты Конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) нақты Конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды іске асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы жұмысты ұсынатын конкурсқа қатысушының айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесі;


4. Конкурсқа қатысуға ниет білдіретін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса жұмыстарды орындау үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қаматамасыз етуді төменде санамаланған бірінде енгізеді:

1) мемлекеттік матып алудың ұйымдастырушысы келесі банктік шотына орналастыратын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын:

«Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, СТН № 391800211443, ЖИК KZ770705034560507001, БЖК KKMFKZ2A «Қазақстан Республикасы Қаржылық министрлігінің қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі;

2) нақты конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қаматамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.


  1. ^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші^ 2012 жылғы 28 ақпан сағат 10- 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы бойынша: 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі 31, № 37 кабинет.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет- ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ^ 2012 жылғы 02 наурыз сағат 10-00 минутта-мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу Конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілігі мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс мерзіміне ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет- ресурсында жариялау.

8. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың уәкілетті өкілдерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы 01 наурыз сағат 12-00-де «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (Мира көшесі, 31) № 37 кабинетінде кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылєан сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет- ресусында: goszakup.lsk.kz жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтерді көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің формасымен келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды; 

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлєа қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

(егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жарғы жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
    әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және эксплуатациялық сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

8) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

     

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін – мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурстық қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың тұпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

14. Конкурстық өтінімде әлеутті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер және толықтырулар болмауы тиіс.

15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурстқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында): «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: « САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРСЫ (лоттың, конкурстың толық атауын көрсету) және 2012 ЖЫЛҒЫ 9 НАУРЫЗДАҒЫ САҒАТ 12-00 МИНУТЫНА ДЕЙІН АШПАҢЫЗ.


^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: 2012 жылғы 9 наурыз сағат 10-00-минуттан бастап қоса алғанда мерзіміне дейін «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есеп жүргізу және есептілік инспекторы – Мурзабулатова Мәншүк Кенжеқызы – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атқарушы төрағасы, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі 31, 37 кабинет.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

18. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
    Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші жеке тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
   Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.