4 Перечень помещений складских зданий, которые должны быть оборудованы автоматической пожарной сигнализацией и автоматическими установками пожаротушения 4
Вид материала | Документы |
- Перечень зданий, сооружений, помещений и оборудования, подлежащих защите автоматическими, 289.61kb.
- Выбор типа автоматических установок пожаротушения вниипо 2003 г. Выбор типа автоматических, 657.68kb.
- Анализ ситуации на рынке складских помещений, 22.03kb.
- Задание на проектирование является обязательным документом для разработки проектно-сметной, 260.7kb.
- Инструкция о порядке пользования автоматической локомотивной сигнализацией непрерывного, 347.26kb.
- Система технического обслуживания и ремонта технических средств и систем пожаротушения,, 820.74kb.
- Обеспечение условий безопасности, 29.89kb.
- Инструкция о мерах пожарной безопасности в помещении, 17.84kb.
- Курсовая работа по автоматической коммутации " Телефонизация объекта", 328.87kb.
- Первенство сахалинской области по внедорожному многоборью 2010, 497.08kb.
10.7 Энергетика кәсiпорындары
28-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.7.1 Электр станциялары (жылу, гидравлика, атом) | Тұрақты қызметкері жоқ атом, жылу және гидравлика электр станция-ларының, сондай-ақ кернеуi 500 кВт және одан да жоғары қосалқы станциялардың технологиялық процестi орталықтан бақылау және бас-қару жүйелерiнiң ЭЕМ залдары Тұрақты қызметкері жоқ жылу және атом электр станцияларының, сондай-ақ аудандық қазандықтардың мазут сорғылары, дизель отыны сорғылары бөлмелерi және май аппараттық бөлмелерi Электр двигательдерiн қайта орау электржөндеу шеберханалары – ауданы 100 м2 және одан да жоғары Жабық трансформатор шеберханалары – ауданы 100 м2 және одан да жоғары Электр станцияларындағы күштiк трансформаторлардың сулы май салқындатқыштарының бөлмелерi Электржөндеу цехтарының бөлмелерi: оқшаулау-сiңдiру, май құю және жоғары вольтты аппаратураны сынау және трансформаторлар –ауданы 100 м2 -тан 500 м2 -қа дейiн | Тұрақты қызметкері жоқ атом, жылу және гидравлика электр станцияларының, сондай-ақ кернеуi 500 кВт және одан да жоғары қосалқы станциялардың технологиялық процестiорталықтан бақылау және басқару жүйелерiнiң ЭЕМ залдарының ұзына бойлай кеңiстiктерi Майларды қайта жаңғырту бөлмелерi – ауданы 500 м2 және одан да жоғары Жылу электр станцияларының жылу берiлiсiнiң дренчерлi су бүркеуiн транспортерлық галереялардың жүк түсiру құрылғыларына, отынды бөлшектеу корпусына, бас корпустың қайта төгу мұнарасына, жүк түсiру құрылғыларынан қайта төгу мұнарасына дейiн орналасқан қайта төгу тораптарына түйiсетiн жерлерде, сондай-ақ қоймадан отын беру және қоймаға отын беру тасымалдағыштық галереялардың түйiсу жерлерiнде қарастыру қажет Электржөндеу цехтарының бөлмелерi: оқшаулау-сiңдiру, май құю және жоғары вольтты аппаратураны сынау және трансформаторлар - ауданы 500 м2 және одан да жоғары |
28-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
| Жанғыш заттар қолданылатын детальдарды, тораптарды және дайын бұйымдарды консервілеу және консервілеуден босату бөлмелерi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн Электр станциялары мен қосалқы станцияларының маймен толтырылған кабельдерiнiң май сiңдiру құрылғыларының бөлмелерi - ауданы 100 м2 және одан да жоғары Атом электр станцияларындағы турбиналардың май құбырларын салу және май аккумуляторларының құру бөлмелерi | Жанғыш заттар қолданылатын бөлшектерді, тораптарды және дайын бұйымдарды консервілеу және консервілеуден босату бөлмелерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары |
10.7.2 Электртехникалық өнеркәсiптiң өндiрiстерi (кабельдiк, трансформаторлар, электр двигательдерi және т. б.) | Кептiру-сiңдiру, трансформаторларды жөндеу және май құю бөлмелерi, жанғыш ерiткiштер, лактар және бояулар қолданылған жағдайда бояу бөлмелерi - ауданы 500 м2 -қа дейiн Жанғыш өрілетін материалдарды қолдану арқылы, жалпы шиыршық кабельдерді өретін, жанар май ыдыстардағы бұйымдарды орайтын бөлмелер – ауданы 1000 м2-қа дейін Спирттерді, эфирлерді және басқа ЛВЖ және ГЖ -ларды қолдану арқылы өндіріс бөлмелері – ауданы 500 м2-қа дейін Диметиланилин, хлорбензол, дихлорэтан, монометиланилин, экраминді қолдану арқылы органикалық бояулар және жартылай таратушы өндіріс бөлмелері – ауданы 500 м2-қа дейін Сумен, ауаны оттекпен немесе бір-бірімен әсері кезінде аккумуляторларды активті массамен толтыру, қолданылатын ұнтақтар және шайырдың синтетикалық ерітінділерін, пластмассаларын, жарылуға және жануға қабілетті заттарын өндіріс бөлмелері – ауданы 500 м2-қа дейін Лакты жабынды, орау-оқшаулау, майын кетіру, жағылған жұқпаларға түс беру, ысыту бөлмелері – ауданы 500 м2-қа дейін Жанғыш материалдары бар кезінде тәжірибелі, экспериментальды, сынақ жұмыстары бөлмелері – ауданы 500 м2-қа дейін Техникалық резеңке бұйымдарын қолдану арқылы өндіріс бөлмелері - ауданы 750 м2-қа дейін Қатырма және жіп есетін бөлмелер – ауданына тәуелсіз | Кептiру-сiңдiру, трансформаторларды жөндеу және май құю бөлмелерi, жанғыш ерiткiштер, лактар және бояулар қолданылған жағдайда бояу бөлмелерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Арақабырғалармен бөлiнбеген бөлiмшелер: кептiру, сiңдiру, оқшаулау, оқшаулау-сiңдiру, лак тарату, тростильдiк, синтетикалық және басқа да жанғыш материалдардан жасалған кабельдерге қорғау жабынын жағу, өру, бұйымдарды жанғыш ыдысқа қаптау Жанғыш өрілетін материалдарды қолдану арқылы, жалпы шиыршық кабельдерді өретін, жанар май ыдыстардағы бұйымдарды орайтын бөлмелер – ауданы 1000 м2 және одан жоғары Спирттерді, эфирлерді және басқа ЛВЖ және ГЖ -ларды қолдану арқылы өндіріс бөлмелері – ауданы 500 м2 және одан жоғары Сол сияқты өртке қарсы тосқауылдармен бөлінбеген учаскелер – ауданына тәуелсіз Диметиланилин, хлорбензол, дихлорэтан, монометиланилин, экраминді қолдану арқылы органикалық бояулар және жартылай таратушы өндіріс бөлмелері – ауданы 500 м2 және одан жоғары Сол сияқты өртке қарсы тосқауылдармен бөлінбеген учаскелер – ауданына тәуелсіз Сумен, ауаны оттекпен немесе бір-бірімен әсері кезінде аккумуляторларды активті массамен толтыру, қолданылатын ұнтақтар және шайырдың синтетикалық ерітінділерін, пластмассаларын, жарылуға және жануға қабілетті заттарын өндіріс бөлмелері – ауданы 500 м2 және одан жоғары Сол сияқты өртке қарсы тосқауылдармен бөлінбеген учаскелер – ауданына тәуелсіз Лакты жабынды, орау-оқшаулау, майын кетіру, жағылған жұқпаларға түс беру, ысыту бөлмелері – ауданы 500 м2 және одан жоғары Сол сияқты өртке қарсы тосқауылдармен бөлінбеген учаскелер – ауданына тәуелсіз Жанғыш материалдары бар кезінде тәжірибелі, экспериментальды, сынақ жұмыстары бөлмелері – ауданы 500 м2 және одан жоғары Техникалық резеңке бұйымдарын қолдану арқылы өндіріс бөлмелері – ауданы 750 м2 және одан жоғары Қалқандатылатын бөлмелер – ауданына тәуелсіз |
10.8 Химиялық өнеркәсiп
29-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.8.1 Фосфор өнеркәсiбi (сары фосфор және термикалық фосфор қышқылы өндiрiстерi) | | Темiржол цистерналарына сары фосфор құю (ағызу) орындары Инерттi газдар қолданылатын жүйелерi бар пеш трансформаторларын және май жүйелерiн құру орындары |
10.8.2 Шина, резеңкелік-техникалық өнеркәсiбi, синтетикалық көксағыз зауыттары | Шиналар, резеңкелік техникалық бұйымдар, резеңке аяқ киiмi өндiрiстерiнiң, шиналарды жөндеу, резинаны бөлшектеу, елеу және айналма соғу, ысытып өңдеу бөлмелерi - ауданы 100 м2-тан 750 м2-қа дейiн Резеңкелік-техникалық бұйымдарды жанғыш сұйықтықтармен гидросынау бөлмелерi - ауданы 100 м2 және одан да жоғары | Шиналар, резеңкелік техникалық бұйымдар, резеңке аяқ киiмi өндiрiстерiнiң, шиналарды жөндеу, резеңкені бөлшектеу, елеу және айналма соғу, ысытып өңдеу бөлмелерi - ауданы 750 м2 және одан да жоғары Резеңке желiмдерiн әзiрлеу бөлмелерi (цехтары) - ауданына тәуелсіз Синтетикалық көксағызды полимерлеу бөлмелерi - ауданына тәуелсіз Бөлiп шығару бөлiмдерiнде көксағызды кептiру - ауданына тәуелсіз |
10.8.3 Полиэтилен, полипропилен, полистирол өндiрiсi | Өрт жарылысы мен өрттік қаупi бойынша А, Б және В санаттарына жататын бөлмелер, егер бұл бөлмелерде автоматты өрт сөндiру қондырғылары жоқ болса, сондай-ақ тұрақты тәулiк бойы адамдар болмаса – бөлмелердiң ауданы 100 м2 және одан да жоғары | Тығыздығы жоғары полиэтилен өндiрiсi: полимерлеу; катализаторлар өндiрiсiнiң өңдеу және кептiру бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Тығыздығы төмен (қысымы жоғары) полиэтилен өндiрiсi: асқын оксидтерден жасалған катализаторлар бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Полипропилен өндiрiсi: полимерлеу, өңдеу және кептiру, ерiткiштердi қайта өңдеулау бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Полистирол пластиктерiнiң өндiрiсi: мономерлер, көксағыз ерiтiндiлерiн әзiрлеу, полимерлеу, кептiру, сақтау, асқын оксидтерiн өлшеп салу - ауданына тәуелсіз |
10.8.4 Синтетикалық талшықтар өндiрiстерi | Құрамында жеңiл жанатын және жанғыш сұйықтықтар бар талшықтардың өндiрiсi: химиялық бөлмелер және талшықтардың барлық түрлерiн әрлеу бөлмелерi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн Құрамында қатты жанғыш материалдар бар талшықтар өндiрiсi: кептiруден кейiнгi штапель талшығының барлық түрiнiң, тоқыма вискоза, ацетат және нитрон талшығының (айналдыру, орау), тоқыма синтетикалық талшықтардың (капрон, лавсан және т. б.), дайын бұйымдарды сорттау және қаптау цехтарының бөлмелерi мен бөлiмшелерi - ауданы 100 м2 -тан 500 м2 -қа дейiн | Құрамында жеңiл жанатын және жанғыш сұйықтықтар бар талшықтардың өндiрiсi: химиялық бөлмелер және талшықтардың барлық түрлерiн әрлеу бөлмелерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Көрсетiлген өндiрiстердiң бөлмелерiнде арақабырғалармен бөлiнбеген бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз Құрамында қатты жанғыш материалдар бар талшықтар өндiрiсi: кептiруден кейiнгi штапель талшығының барлық түрiнiң цехтарының бөлмелерi мен бөлiмшелерi, вискоза, ацетат және нитрон талшығының (айналдыру, орау) тоқыма цехтарының бөлмелерi мен бөлiмшелерi, дайын бұйымдарды сорттау және қаптау - ауданы 100 м2-тан 500 м2 және одан да жоғары Буфер камераларының бөлмелерi Көрсетiлген өндiрiстердiң бөлмелерiнде арақабырғалармен бөлiнбеген бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз Капролактан өндiрiсi: тотығу, ректификациялау, гидрлеу және дегидрлеу бөлiмдерi - ауданынан тәуелсіз |
29-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.8.5 Шайырлар өндiрiстерi | Өрт жарылысы мен өрттік қаупi бойынша А, Б және В санаттарына жататын бөлмелер, егер бұл бөлмелерде автоматты өрттік сөндiру қондырғылары жоқ болса, сондай-ақ тұрақты тәулiк бойы адамдар болмаса – бөлмелердiң ауданы 100 м2 және одан да жоғары Эпоксид шайырларының өндiрiсi: шайырларды алу және эпилхлоргидриндi регенпациялау бөлiмдерi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн Фенолформальдегид шайырларының өндiрiсi: ЖЖС тұтынатын сұйық шайырлар бөлiмi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн | Голеноамидтер негiзiндегi шайырлар, суда еритiн лактар, полиэфир қанбаған шайырлары, эпоксиэфирлер өндiрiсi: реакциялық бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Эпоксид шайырларының өндiрiсi: шайырларды алу және эпилхлоргидриндi регенпациялау бөлiмдерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары; өрттікке қарсы бөгеттермен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз Циклоалифатты эпоксид шайырларының өндiрiсi: гидробензальдегид, диол, циклдық ацеталь синтезi және сiрке қышқылын алу бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Фенолформальдегид шайырларының өндiрiсi: ЖЖС тұтынатын сұйық шайырлар бөлiмi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Конденсациялық шайырлардағы лактар өндiрiсi: синтез бөлiмi - ауданына тәуелсіз |
10.8.6 Оргшыны өндiрiсi | Өрт жарылысы мен өрттік қаупi бойынша А, Б және В санаттарына жататын бөлмелер, егер бұл бөлмелерде автоматты өрттік сөндiру қондырғылары жоқ болса, сондай-ақ тұрақты тәулiк бойы адамдар болмаса – бөлмелердiң ауданы 100 м2 және одан да жоғары Акрилаттар мономерлерiнiң өндiрiсi: қоспаны таратып құю және полимерлеу бөлiмi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн, полимерлердi өңдеу бөлiмi - ауданы 100 м2-тан 700 м2-қа дейiн | Акрилаттар мономерлерiнiң өндiрiсi: құрамында мономерлер бар (метилметакрилат, бутилметакрилат, акриламид және т.б.) технологиялық процестер бөлiмi - ауданына тәуелсіз Акрилаттар мономерлерiнiң өндiрiсi: қоспаны таратып құю және полимерлеу бөлiмi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары, полимерлердi өңдеу бөлiмi - ауданы 700 м2 және одан да жоғары Метилакрилат және металакрил қышқылы өндiрiс: дайын өнiмдер, ацетонциангидрин және аралық ыдыстар бөлiмдерi – ауданына тәуелсіз |
10.8.7 Винилхлорид өндiрiсi | Винилхлорид өндiрiсi: жанғыш жылу тасымалдаушысын пайдалану барысында ацетилендi гидрохлорлаудың реакциялық аппараттары, винилхлоридты және дихлорэтанды ректификациялау бөлiмдерi – ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн | Винилхлорид өндiрiсi: жанғыш жылу тасымалдаушысын пайдалану барысында ацетилендi гидрохлорлаудың реакциялық аппараттары, винилхлоридты және дихлорэтанды ректификациялау бөлiмдерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Бензиннiң плазмахимиялық пиролизi арқылы ацетилен және этилен өндiрiсi: бензинi және керосины бар ыдыстар бөлiмдерi – ауданына тәуелсіз |
29-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.8.8 Кинофотоүлдірлер, магнит таспалары және фотоқағаз өндiрiсi | Өрт жарылысы мен өрттік қаупi бойынша А, Б және в санаттарына жататын бөлмелер, егер бұл бөлмелерде автоматты өрттік сөндiру қондырғылары жоқ болса, сондай-ақ тұрақты тәулiк бойы адамдар болмаса – бөлмелердiң ауданы 100 м2 және одан да жоғары | Бөлмелер: термостаттық, негiздi құйып алу, қосымша өңдеу, ерiтiндiлердi, лактардың қабатын, жасыл қабатты және балауыз жабынын әзiрлеу, эмульсияны әзiрлеу және эмульсияға құю, кинофотоүлдірді өңдеу, фильм көшiрмелерiн басу, үлдір қалдықтарын қайта өңдеулау, рекуперациялау; магнит лагын және лавсан негiзiн әзiрлеу, фотопластинкаларды ацетонмен жуу, картон қораптарына қаптау бөлiмi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары |
10.8.9 Тұрмыстық химия тауарлары өндiрiсi | Өрт жарылысы мен өрт қаупi бойынша А, Б және В санаттарына жататын кірне қаптамасындағы тұрмыстық химия тауарларын, синтетикалық жуу құралдарын, дақ кетiретiн, ағартатын, жылтырататын, желiмдейтiн құралдар мен басқа да тауарлар өндiрiсiнiң бөлiмдерiнiң бөлiмдерi – бөлмелердiң ауданы 100 м2-тан 500 м2 қа дейiн | Өрт жарылысы мен өрт қаупi бойынша А, Б және В санаттарына жататын кірне қаптамасындағы тұрмыстық химия тауарларын, синтетикалық жуу құралдарын, дақ кетiретiн, ағартатын, жылтырататын, желiмдейтiн құралдар мен басқа да тауарлар өндiрiсiнiң бөлiмдерiнiң бөлiмдерi – бөлмелердiң ауданы 500 м2 және одан да жоғары; өрттікке қарсы бөгеттермен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз ЖЖС мен ЖС қолданылатын тұрмыстық химия тауарлары өңделетiн, сақталатын, құйылатын және өлшеп салынатын бөлiмшелер – ауданы 500 м2 және одан да жоғары |
10.8.10 Шыныпластиктер және пенополиуретандар өндiрiсi | Пенополиуретандар өндiрiсiнiң, шыныпластиктердi сiңдiру бөлiмдерiнiң бөлмелерi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн Бөлмелер: полиэфир, эпоксид және тағы басқа шайырлар сiңдiрiлген шыны матасын кесу; органикалық ерiткiштер негiзiндегi байланыстыру салмаларды сiңдiру; органикалық ерiткiштер қолданылған пластмассалардан жасалған құрылымдарды орау және желiмнен босату, алдын-ала сiңдiрiлген салмалардан жасалған бөлшектерді жаншымалау, бұйымдарды қатыру, кептiру және механикалық өңдеу - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн | Пенополиуретандар өндiрiсiнiң, шыныпластиктердi сiңдiру бөлiмдерiнiң бөлмелерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Бөлмелер: полиэфир, эпоксид және тағы басқа шайырлар сiңдiрiлген шыны матасын кесу; органикалық ерiткiштер негiзiндегi байланыстыру салмаларды сiңдiру; органикалық ерiткiштер қолданылған пластмассалардан жасалған құрылымдарды орау және желiмнен босату, алдын-ала сiңдiрiлген салмалардан жасалған бөлшектерді жаншымалау, бұйымдарды қатыру, кептiру және механикалық өңдеу - ауданы 500 м2 және одан да жоғары; өртке қарсы бөгеттермен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз |
10.8.11 Арнайы химиялық өндiрiстер | Өрт жарылысы мен өрт қаупi бойынша А, Б және В санаттарына жата-тын бөлмелер, егер бұл бөлмелерде автоматты өрт сөндiру қондыр-ғылары жоқ болса, сондай-ақ тұрақты тәулiк бойы адамдар болмаса – бөлмелердiң ауданы 100 м2 және одан да жоғары Жартылайвинил спирті және жартылайвинилбугираля өндірісі: полимер-леу, сабындау, үйірту, жуу, ацетилдеу, кептіру бөлімдері – ауданы 100 м3 -тан 500 м2 -қа дейін | Триазиндер өндiрiсi: көгерткiш қышқылды қабылдау және дозалау, аминдердi (моноэтиламин және изопрориламин) қабылдау және регенарациялау бөлiмдерi – ауданына тәуелсіз Триалат өндiрiсi: көмiртектiң күкiрт тотығы, тетрахлорпропен, хлорлау, синтездау және дайын өнiмдер бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Терефталь қышқылы өндiрiсi: тотығу және қайта өңдеу, сүзгілеу және кептiру бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Поливинил спиртi және поливинил-бутираль өндiрiсi: полимерлеу, сабындау, үйiрту, жуу, ацетилдеу, кептiру бөлiмдерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары; өртке қарсы бөгеттермен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз Полиформальдегида өндірісі: мономер және сополимер бөлімшесі – ауданына тәуелсіз |
29-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
| АБ – 17 типті анионит өндірісі: хлорметил, аминдеу ерітіндісін дайындау, монохлордиметил эфирін алу және хлорметил қалдықтарын қайта өңдеу бөлімшелерінің – ауданы 100 м2 -тан 500 м2 -қа дейін КУ-2 типті катиондар өндiрiсi: дивинибензолды ректификациялау, Полимерлестердi алу және кептiру, стиролдағы бензоил асқын оксидiнiң ерiтiндiсiн әзiрлеу, сиролды, диклорэтанды ректификациялау бөлiмдерi - ауданы 100 м2-тан 500 м2-қа дейiн | Винилацетатының этиленмен полимерлестер дисперсиясы (ВЭСД) өндiрiсi: полимерлеу бөлiмi – ауданына тәуелсіз Пропанид өндiрiсi: ректификациялау, жоғары қысымды сорғы бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз Атмосфералық коррозия ингибиторы өндiрiсi: үйiрткiлеу, кептiру және өлшеп салу бөлiмдерi - ауданына тәуелсіз АБ-17 типті аниониттердiң өндiрiсi: әзiрленген ерiтiндiлердi хлорметилдеу, аминдеу, монохлордиметил эфирiн алу және хлорметилдеудiң қалдықтарын қайта өңдеу - ауданы 500 м2 және одан да жоғары; өрттікке қарсы бөгеттермен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз КУ-2 типті катиондар өндiрiсi: дивинибензолды ректификациялау, полимерлестердi алу және кептiру, стиролдағы бензоил асқын оксидiнiң ерiтiндiсiн әзiрлеу, сиролды, диклорэтанды ректификациялау бөлiмдерi – ауданы 500 м2 және одан да жоғары; өртке қарсы бөгеттермен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз |
10.8.12 ВОТ қазандықтары | ВОТ қазандықтары: жанғыш СДЯВ бөлмелерi – ауданы 100 м2-қа дейiн Қазандықтардың бөлмелерi – ауданы 100 м2 -тан 500 м2-қа дейiн | ВОТ қазандықтары: жанғыш СДЯВ бөлмелерi - ауданы 100 м2 және одан да жоғары Қазандықтардың бөлмелерi - ауданы 500 м2 және одан да жоғары |
10.8.13 Кальций карбидiн өндiру зауыттары | | Кальций карбидiн төгу, сақтау, қаптау орындары Инерттi газды пеш трансформаторларын және май жүйелерiн құру орындары |
10.9 Радиоэлектроника өндiрiсi және аспаптар жасау
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.9.1 Электронды өндiрiстер | Қағаз және үлдір кесу, синтетикалы көксағыз (СКН) негiзiнде органи-калық үлдір құю бөлмелерi – ауданы 200 м2-қа дейiн Қағаз, үлдір және металлқағаз сығымдағыштар, трансформаторлары, индукция шарғылары, сым резисторлары өндiрiсiнiң бөлмелерi – ауданы 500 м2-қа дейiн Пластмассалар, теледидарлардың, бейне жазу магнитофондарының, микрокалькуляторлардың, электронды сағаттардың және басқа да халық тұтыну тауарларының тораптарын жинақтау және жалпы жинақтау цехтары – ауданы 500 м2-қа дейiн | Қағаз және үлдір кесу, синтетикалы көксағыз (СКН) негiзiнде орга-никалық үлдір құю бөлмелерi – ауданы 200 м2 және одан да жоғары Қағаз, үлдір және металқағаз сығымдағыштар, трансформаторлары, индукция шарғылары, сым резисторлары өндiрiсiнiң бөлмелерi – ауданы 500 м2 және одан да жоғары Пластмассалар, теледидарлардың, бейне жазу магнитофондарының, микрокалькуляторлардың, электронды сағаттардың және басқа да халық тұтыну тауарларының тораптарын жинақтау және жалпы жинақтау цехтары – ауданы 500 м2 және одан да жоғары |
30-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
| Жанғыш материалдарды қолданатын өндiрiстердiң (органикалық үлдір жағу, металл ұнтақтарын әзiрлеу, металл ұнтақтарынан таблеткалар әзiрлеу, электролиттiк сығымдағыштар, сым емес резисторлар әзiрлеу, канифольдi, полимер материалдарын, картонды және т.б. қолдану) бөлмелерi – ауданына тәуелсіз Дайын өнiмдердi жанғыш қаптамаға немесе ыдысқа салу бөлмелерi - ауданы 200 м2 -қа дейiн Қалдықтарды (қағаз, картон, ағаш ыдыс және т. б.) қайта өңдеу бөлмелерi – ауданына тәуелсіз Бөлмелер: жанғыш бояуларды, лактарды, ЖЖС мен ЖС қолданатын бояу, лактау, жуу бөлiмшелерi (бөлiмдерi) – ауданы 500 м2-қа дейiн Байланыс түйісу станциясы, аккумулятор, дизель, трансформатор, аккумулятор зарядтау бөлмелері – ауданына тәуелсіз | Бақылау-сынау телевизиялық қондырғылардың (БСТҚ) және телеви-зиялық сигналдардың орталық генераторының (ТСОГ) бөлмелерi –ауданына тәуелсіз ЖЖС мен ЖС қолданылатын бояуларды, құрамында металл бар пасталарды, лактарды әзiрлеу бөлмелерi, бензинде вакуум сорғыларын жуу бөлмелерi, синтетикалық көксағыздың (СКН) шликерi мен ерiтiндiлерiн әзiрлеу бөлмелерi – ауданына тәуелсіз Дайын өнiмдердi жанғыш қаптамаға немесе ыдысқа салу бөлмелерi - ауданы 200 м2 және одан да жоғары; Арақабырғалармен бөлiнбеген жанғыш ыдысқа қаптау бөлiмшелерi – ауданына тәуелсіз Арақабырғалармен бөлiнбеген жанғыш материалдар (пластмассалар, картон, полиэтилен, пенополиуретан және т.б.) қолданылатын бұйымдар мен бөлшектерді әзiрлеу бөлiмшелерi – ауданына тәуелсіз Бөлмелер: жанғыш бояуларды, лактарды, ЖЖС мен ЖС қолданатын бояу, лактау, жуу бөлiмшелерi (бөлiмдерi) - ауданы 500 м2 және одан да жоғары; арақабырғалармен бөлiнбеген сондай бөлiмшелер – ауданына тәуелсіз Қалқанмен қапталған бөлмелер – ауданына тәуелсіз |
10.9.2 Құралдар жасау | Есептеу техникасы құралдарын жинақтау бөлмелері - ауданына тәуелсіз Бояу, сіңіру, жуу, өңделген жанатын пластмассалар – ауданы 500 м2-қа дейін Қаптау және консервілеу бөлiмшелерi – ауданы 100 м2 және одан да жоғары Жинақтау цехтары мен бөлiмшелерi (есептеу техникасы құралдарын жинақтауды қоспағанда) – ауданы 1000 м2 -қа дейiн Көшiру-көбейту топтарының бөлмелерi – ауданы 100 м2 және одан да жоғары | Есептеу техникасы құралдарын жинақтау бөлмелері – ауданы 500 м2 және одан да жоғары, арақабырғалармен бөлінбеген сондай бөлімшелер – ауданына тәуелсіз Целлулойдты өңдеу бөлмелері – ауданына тәуелсіз Бояу, сіңіру, жуу, өңделген жанатын пластмассалар – ауданы 500 м2 және одан да жоғары, арақабырғалармен бөлінбеген сондай бөлімшелер – ауданына тәуелсіз Жинақтау цехтары мен бөлiмшелерi (есептеу техникасы құралдарын жинақтауды қоспағанда) - ауданы 1000 м2 және одан да жоғары |
30-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.9.3 Радио өнеркәсiбi | Магний қоспаларын өңдеу цехтары мен бөлiмшелерiнiң бөлмелерi, типтiк сынаудың зертханалары, зауыттың орталық, бас метролг пен бас конструктордың бөлмелерi; аппаратураны жинақтау және реттеу бөлмелерi – ауданына тәуелсіз Цехтардың, бөлiмшелердiң және қоймалардың бөлмелерi: электр эрозиялық өңдеу, жанғыш материалдармен қапталған қалқандалған бөлмелер, органикалық ерiткiштер мен этилсиликатты қолдана отырып қаптама құрамын әзiрлеу, отқа төзiмдi жабынды жағу және кептiру; шыны ұяларын желiмдеу; пенополиуретанды дайындау, уайт-спирит пен трихлорэтилендi қолдана отырып майсыздандыру, торбаспа; шала өткiзгiш аспаптар мен микросхемалар – ауданы 100 м2 -қа дейiн Цехтардың, бөлiмшелердiң және қоймалардың бөлмелерi:таблеттеу, пластмассаларды баспақтау және механикалық өңдеу; бұйымдарға полиэфир және полиуретан компаундтарын құю және сiңдiру; вакуум қондырғылары; тез жанбайтын материалдармен қапталған қалқан-далған бөлмелер; таңбалау және қалақтау; ағартып ажарлау; есептеу техникасын жинақтау; жинақтауыштар қоймалары - ауданы 500 м2-қа дейiн Цехтар мен қоймалар: қорғау технологиялық жабындарын жағу; Көлiк құралдарының тораптары мен блоктарын жинақтау; гофр-ленген ыдысты әзiрлеу; жаншымалы-ұнтақтар, химикаттар, дайын өнiмдер қоймалары – ауданы 100 м2-тан 1000 м2-қа дейiн | Цехтар мен бөлiмшелердiң бөлмелерi: майсыздандыру, органикалық ерiткiштердегi өнiмдердi, блоктарды және бөлшектерді жуу және консервілеуден босату; лактарды сiңiрту және қоршату; нитр негiздегi целлулоид пен киноүлдірны өңдеу, ұшу-сынау станция-ларының ангарлары – ауданына тәуелсіз Цехтардың, бөлiмшелердiң және қоймалардың бөлмелерi: электр эрозиялық өңдеу, жанғыш материалдармен қапталған қалқандалған бөлмелер, органикалық ерiткiштер мен этилсиликатты қолдана отырып қаптама құрамын әзiрлеу, отқа төзiмдi жабынды жағу және кептiру; шыны ұяларын желiмдеу; пенополиуретанды дайындау, уайт-спирит пен трихлорэтилендi қолдана отырып майсыздандыру, торбаспа; шала өткiзгiш аспаптар мен микросхемалар – ауданы 100 м2 және одан да жоғары Цехтардың, бөлiмшелердiң және қоймалардың бөлмелерi: таблет-теу, пластмассаларды престеу және механикалық өңдеу; бұйым-дарға полиэфир және полиуретан компаундтарын құю және сiңдiру; вакуум қондырғылары; тез жанбайтын материалдармен қапталған қалқандалған бөлмелер; таңбалау және қалақтау; ағартып ажар-лау; есептеу техникасын жинақтау; жинақтауыштар қоймалары – ауданы 500 м2 және одан да жоғары Көлiк құралдарының тораптары мен блоктарын жинақтау; гофрленген ыдысты әзiрлеу; пресс-ұнтақтар, химикаттар, дайын өнiмдер қоймалары – ауданы 1000 м2 және одан да жоғары |
10.10 Мұнай, мұнай өңдеу, мұнай химиясы және газ өнеркәсiбi
31-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.10.1 Мұнай өнеркәсiбi | Магистральдi мұнай құбырларындағы мұнай сорғы бөлмелерi - өнiмдiлiгi 1200 м3/сағ-қа дейiн Сұйытылғанн газдардың сорғы бөлмелерi – көлемi 500 м3-қа дейiн Газ-мотор компрессорлары бар компрессор бөлмелерiнiң машиналық залдары – ауданына тәуелсіз Газ өңдеу зауыттарының газды өлшеу және редуцирлеу орынтерi – ауданына тәуелсіз Мұнайлардың, ЖЖС мен ЖС және жанғыш заттардың анализдеу зертханалары Майларды регенарациялау станциялары, құю, өлшеп қаптау және басқа да осындай ұқсас өндiрiстердiң бөлмесiнiң 1 м2 - на 15 кг-нан артық мөлшерде ЖЖС мен ЖС келетiн бөлмелер - ауданы 100 м2 -тан 500 м2 -қа дейiн Мұнай өнiмдерiнiң және басқа да ұқсас қасиеттерi бар ЖЖС мен ЖС сорғы бөлмелерi, құрамында жоғарыда аталған заттар бар өндiрiстiк ағарларды айдау сорғы бөлмелерi: бөлменiң ауданы 300 м2 -қа дейiн сорғылар бөлмелерi, сондай-ақ олардың жанындағы ысырмалар тораптары Бөлмедегi немесе блок-бокстағы дизель электр станциялары Жылжымалы автоматты электр станциялары (ЖАЭС-2500) бөлмедегi немесе блок-бокстағы бiр ЖАЭС –2500-бен Тұрақты емес газ сығымдағышы немесе сұйытылған көмiрсутектi газдары бар қондырғылар: - бөлменiң ауданы 100 м2 -қа дейiн болғанда бiрлiк сұйықтық сыйымдылығы 1,5 м3-тан 5 м3-қа дейiн сорғылардың, сығымдағыштардың, сауыттардың бөлмелерi, сондай-ақ осы жабдықтарды басқаруға арналған ысырмалар | Магистральдi мұнай құбырларындағы мұнай сорғы бөлмелерi - өнiмдiлiгi 1200 м3/сағ дейiн және одан да астам Сұйытылған газдардың сорғы бөлмелерi - көлемi 500 м3 және одан да астам. Газтурбиналық двигательдерi мен май бактары бөлмеде орналасқан табиғи газ сығымдағыштық цехтарының машиналық залдары - ауданына тәуелсіз Табиғи газдың сығымдағыштық цехтары: электр двигательдер немесе нагнетательдер бөлмесiндегi май блоктары – ауданына тәуелсіз Мұнай мен газды жинаудың орталық орынiнiң технологиялық қондырғыларының құрамына кiретiн мұнайдың от жылытқыштары – ауданына тәуелсіз. ЖЖС мен ЖС оттық жылытуының технологиялық пештерi Сұйытылған газдар қоймалары және газ сығымдағышының ыдыстары тұрған бөлмелер – ауданына тәуелсіз Баллон-толтыру цехтары - ауданына тәуелсіз Майларды регенарациялау станциялары, құю, өлшеп қаптау және басқа да осындай ұқсас өндiрiстердiң бөлмесiнiң 1 м2-на 15 кг-нан артық мөлшерде ЖЖС мен ЖС келетiн бөлмелер - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Мұнай өнiмдерiнiң және басқа да ұқсас қасиеттерi бар ЖЖС мен ЖС сорғы бөлмелерi, құрамында жоғарыда аталған заттар бар өндiрiстiк ағарларды айдау сорғы бөлмелерi: бөлменiң ауданы 300 м2 және одан да жоғары сорғылар бөлмелерi, сондай-ақ олардың жанындағы ысырмалар тораптары Жылжымалы автоматты электр станциялары (ЖАЭС-2500) бөлмедегi немесе блок-бокстағы екi және одан да жоғары ЖАЭС –2500-бен Тұрақты емес газ сығымдағышы немесе сұйытылған көмiрсутектi газдары бар қондырғылар: - бiрлiк сұйықтық сыйымдылығы 5 м3 және одан да жоғары сорғылардың, сығымдағыштардың, сауыттардың бөлмелерi, сондай-ақ осы жабдықтарды басқаруға арналған ысырмалар торабы |
10.10.2 Газды кешенді дайындау қондырғылары (ГКДҚ) | | Динамикалық жабдықтары бар, ырықсыз жаққымай жүйесi бар А және Б санаттарының жабық блоктық құрылғылары және ашық оты бар блоктық құрылғылар (қазандықтарды қоспағанда), сауытының бiрлiк сыйымдылығы 5 м3-тан жоғары және еденiнiң ауданы 100 м2-тан жоғары тұрақты емес газ конденсаты немесе сұйытылған көмiрсутектi газдардың сорғы, сығымдағыш бөлмелерiнiң жабық блоктық құрылғылары – көбiк, газ немесе ұнтақпен өрт сөндiру жүйесiмен |
10.10.3 Блоктық сығымдағыш станциялары | | Блок-контейнерларда немесе көлемi шағын жекебас ғимараттарында орналастырылатын газ айдайтын агрегаттар май блоктарының бөлiгiнде автоматты өрт сөндiру жүйесiмен жабдықталады |
31-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдауы | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.10.4 Блок контейнерлiк сорғы станциялары | | Сорғы агрегаттарының блок контейнерi, май жүйесiнiң (май айдау) блок боксы, қысым реттегiштерi |
10.10.5 Мұнай жинаудың орталық және топтық орынтерi, ДНС | | Мұнай айдау, еден ауданы 300 м2-тан артатын майларды қайта өңдеулау сорғы бөлмелерiнiң блоктық құрылғылары, мұнайдың от жылытқыштары көбiк, газ немесе ұнтақпен өртті сөндiру автоматты жүйелерiмен жабдықталады |
10.10.6 Табиғи газ сығымдағыш цехтары | | Электр двигательдерi немесе нагнетательдерi бөлмесiндегi май бактары – ауданына тәуелсіз |
10.11 Ұлттық банктiң өндiрiстiк объектiлерi
32-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.11.1 Ақша белгiлерiн, бағалы қағаздарды, монеталарды басу өндiрiстерi және валюталық қорды сақтау | Қағаз өндiрiсi (Мембелгi); дайын өнiмдер, шикiзат (целлюлоза, мақта, мақта линтi, түтулер); материалдар (желатин, күйдiргiш сода, крахмал, декстрин, канифоль, қағаз жасау сұрпы, шайырлар, спирттар және т.б.); жартылай фабрикаттар (қаптау материалдары) қоймалары – ауданы 500 м2-қа дейiн Асылмалы төбе мен аражабын арасындағы кеңiстiк – ауданы мен көлемiне тәуелсіз | Қағаз өндiрiсi: - өндiрiстiк цехтар – ауданына тәуелсіз; - дайын өнiмдер, шикiзаттар, материалдар мен жартылай фабрикаттар қоймалары - ауданы 500 м2 және одан да жоғары Монеталар-ордендер өндiрiсi: - дайын өнiмдер, шикiзаттар, материалдар өндiрiстiк бөлмелерi мен қоймалары – ауданына тәуелсіз Баспа өндiрiсi: - өндiрiстiк цехтар мен қойма бөлмелерi – ауданына тәуелсіз Мемқорғаудың бағалы металдар, тастар, алмаздар қоймалары – ауданына тәуелсіз |
10.12 Көмiр өнеркәсiбi
33-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
10.12.1 Көмiр кесектеу фабрикалары | Көмiр кесектеу фабрикаларының бөлмелерi - ауданы 300 м2 -тан 1500 м2 -қа дейiн Кесектеу фабрикаларының байланыстырушы балқыту бөлмесi – ауданына тәуелсіз | Көмiр кесектеу фабрикаларының бөлмелерi - ауданы 1500 м2 және одан да жоғары Көмiрге арналған жабық көмiр түсiру құрылғылары - ауданына тәуелсіз |
10.12.2 Көмiр шахталары, қабаттары | Электр қосалқы станцияларының және маркшейдер бюросының бөлмелерi, дизель электровоздардың, тепловоздардың, автокөтергiштердiң, мотовоздар деполары, электр машиналық бөлмелер және коперлердiң мойынтірек алаңшасы | Негiзгi шахталарды желдету қондырғыларының май станцияларының бөлмелерi - ауданына тәуелсіз |
Ескерту - Жанғыш қаптамадағы жанғыш емес материалдар қоймаларына - жанғыш жұмсақ немесе қатты ыдыс; - жанғыш қаптама және консервілеу материалдарын пайдалана отырып сақталатын жанғыш аспаптар, жабдықтар, заттар мен материалдар қоймалары жатады |
А қосымшасы
(мiндеттi)
А1 - кесте - Қызметтік мақсаттарына және жанатын материалдардың өрттік жүктемесiне байланысты
өрт даму қаупiнiң дәрежесi бойынша бөлмелердiң (өндiрiстердiң және технологиялық процестердiң)
топтары
Бөлме-лер тобы | Арнайы бөлмелердiң, өндiрiстердiң, технологиялық процестердiң тiзбесі |
1 | Кiтап қоймалары, кiтапханалар, цирктер, жанатын мұражай құндылықтарын сақтау, қор қоймалары, мұражайлар мен көрмелер, сурет галереялары, концерт және киноконцерт залдары, электронды-есептеу машиналары, дүкендер, басқармалардың ғимараттары, қонақүйлер, ауруханалар бөлмелерi (өрт жүктемесi 200 МДж* м-2 дейiн) |
2 | Бояу, қандыру, сырлау, майсыздандыру, консервілеу және консервілеуден босату, қоспа дайындау, ТЖС мен ЖС қолданумен бөлшектерді жуу бөлмелерi; ағаш өңдеу, текстиль, тоқыма, текстиль-галанетерея өндiрiстерiнiң бөлмелерi; мақта өндiрiсi, тiгiн өнеркәсiбi, аяқ-киiм, былғары илеу және үлбiр өндiрiстерi, жасанды және үлдірлы материалдар өндiрiсi бөлмелерi; қағаз-целлюлоза және баспа өндiрiсi бөлмелерi; резеңкелі-техникалық бұйымдарын қолданатын өндiрiстерге, автомобильдерге қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бөлмелер (өрт жүктемесi 200-ден 2000 МДж* м-2 дейiн) |
3 | Резеңкелі-техникалық бұйымдар өндiрiсiнiң бөлмелерi. |
4 | Жанғыш табиғи және синтетикалық талшықтар, нитрнегiздегi киноүлдір және оны қайта өңдеу және өңдеу өндiрiсi; бояу және кептiру камералары; ашық түрде бояу және кептiру бөлiмшелерi; ТСС мен ЖС қолдану арқылы бояу әзiрлеу, лак әзiрлеу, желiм әзiрлеу бөлмелерi; сығымдағыш станцияларының, жаңғырту станцияларының машина залдары, гидрлеу, шайғындау және басқа да жанғыш газдарды, бензиндi, спирттерді, эфирлердi, және басқа ТЖС мен ЖС өңдейтiн өндiрiстердiң бөлмелерi (өрт жүктемесi 2000 МДж* м-2 жоғары) Жанғыш қаптамадағы жанғыш емес материалдар қоймалары Қатты жанғыш материалдар қоймалары Лактар, бояулар, ТЖС, ЖС, пластмассалар, резеңке, резеңкелі-техникалық бұйымдар, көксағыз, шайырлар қоймалары |
5 | Жанғыш қаптамадағы жанғыш емес материалдар қоймалары |
6 | Қатты жанғыш материалдар қоймалары |
7 | Лактар, бояулар, ТЖС, ЖС, пластмассалар, резеңке, резеңкелі-техникалық бұйымдар, көксағыш, шайырлар қоймалары |
Ескертулер 1 Бөлмелердiң топтары олардың қызметтік мақсаттарына қарай анықталады. Ұқсас өндiрiстердi iрiктеу мүмкiн болмаған жағдайларда топты өрт жүктемесiнiң мөлшерiне қарай анықтау қажет. 2 Өрт жүктемесi 446-77 СТ СЭВ бойынша анықталады (a, b, c коэффициенттерi есепке алынбайды). 3 Бөлмелерi бiрiншi топқа жататын ғимараттарға қоса салынған қоймаларға арналған сумен және көбiкпен өрт сөндiру қондырғыларының параметрлерiн бөлмелердiң екiншi тобы бойынша қабылдау қажет. |
А2* - кесте- Бөлмелердiң мақсаттарына байланысты автоматты өрт хабарлағыштарды таңдау
№ | Автоматты өрт хабарлағышы | Арнайы бөлмелердiң, өндiрiстердiң, технологиялық процестердiң тiзбесі |
1 | Жылу немесе түтiн | А. Өндiрiстiк ғимараттар I. Келесiдегілерді өндiру және сақтау: ағаштан, синтетикалық шайырлардан, полимер материалдарынан жасалған бұйымдарды, текстиль, тоқыма, текстиль-галантереялық, тiгiн, аяқ-киiм, былғары, темекi, үлбiр, қағаз-целлюлоза бұйымдарын, целлулоид, резеңке, резеңкелі-техникалық бұйымдарды, синтетикалық көксағыз, жанғыш рентген және кинофотоүлдірларды, мақтаны; |
2 | Жылу немесе жарық | лактар, бояулар, ерiткiштер, ТЖС, ЖС, жаққымай материалдары, химиялық реактивтер, спирт-арақ өнiмдерiн |
3 | Жарық | сiлтi материалдары, металл ұнтақтары, табиғи көксағыз |
4 | Жылу | ұн, құрама жем және басқа да тозаңы бөлiнетiн азық-түлiктер мен материалдар |
5 | Жылу немесе жарық | II. Келесiдегілердi өндiру: қағаз, картон, тұсқағаздар, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының материалдары |
6 | Жылу немесе түтiн | III. Келесiдегілердi сақтау: жанғыш қаптамадағы жанғыш емес материалдарды, қатты жанғыш материалдарды |
7 | Жылу немесе түтiн | Б. Арнайы имараттар: Кабельдердi салуға арналған бөлмелер (имараттар); трансформаторлар бөлмелерi, тарату және қалқан құрылғылары бөлмелерi |
8 | Түтiн | Электронды есептеу техникасының, электронды реттеушiлердiң, машиналарды басқарушылардың, АТС-тың, радиоаппараттар бөлмелерi |
9 | Жылу немесе жарық | Жанғыш сұйықтықтар мен майларды айдау, iштен жану двигательдары мен отын аппаратурасын, жанғыш газдар баллондарын толтыруын сынау жабдықтары мен құбырларының бөлмелерi |
10 | Жылу немесе түтiн | Автомобильдерге қызмет көрсететiн кәсiпорындардың бөлмелерi |
11 | Түтiн | В. Қоғамдық ғимараттар мен имараттар: Көрермендер, репетиция жүргiзу, лекция, оқу және мәжiлiс залдары, артистер, кулуар, костюм, реставрация шеберханалары, кинопроекция, аппарат бөлмелерi, фойе, холдар, дәлiздер, гардероб бөлмелерi, кiтап қоймалары, мұрағаттар |
12 | Жылу немесе түтiн | Сахналық сәндеме, жасанды әшекей мен реквизиттер қоймалары, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлмелерi, машина-есептеу станциялары, басқару пульттары |
13* | Жылу немесе түтiн | Тұрғын бөлмелер, аурухана палаталары, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының бөлмелерi |
14 | Түтiн немесе жарық | Мұражайлар мен көрмелердiң бөлмелерi |
Ескерту - Бөлмелердiң бiреуiнде өрттің алғашқы сатысында жанудың әр түрлi белгiлерiн сезетiн автоматты өрт хабарлағыштарын құру қажеттiлiгi техникалық-экономикалық негiздеме бойынша анықталады. Өзгерту, ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 02.10.08 № 415 бұйрығы |
А3-Биiк сөрелерде сақтайтын қоймалардың бөлмелерi мен жабдықтарына қойылатын талаптар
1 Сөрелерде биiктiгi 4,0 м-ден жоғары емес қадамы бар көлденең қалқандар болуға тиiс.
2 Қалқандарды жанғыш емес заттардан әзiрлеу қажет.
3 Қалқандар сөрелердiң барлық көлденең қималарын жабуға тиiс, соның iшiнде қосарланған сөрелер арасындағы саңылауларды да. Қалқандар мен ыдыс пен сауыттың астыңғы қабаттарында квадраттың қабырғасы 150 мм болып бiр қалыпты орналасқан диаметрi 10 мм саңылаулар болуға тиiс.
4 Сөрелерде әрбiр 40 м сайын биiктiгi 2-м-ден кем емес және енi 1,5 м-ден кем емес көлденең өту жолдару қарастырылуға тиiс. Сөрелер шеңберiндегi жолдарды сөрелердiң құрылғыларынан өртке қарсы арақабырғалармен бөлу қажет.
5 Түтiн шығарудың тарту шахталарын (қақпақ-тарын) сөрелер арасындағы жолдардың үстiне орна-ластыру қажет.
6 Қалқандар жүк тиеу-жүк түсiру жұмыстарына кедергi жасамау керек.
7 Сөрелердiң құбырлы көтерушi құрылымдарын өрттік сөндiретiн заттарды тасымалдау үшiн пайдалануға болады, егер осы құрылымдардың берiктiлiгi, өткiзу қабiлеттiгi және герметикалығы қамтамасыз етiлсе.
ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 17.07.08 № 17-01-3-05-2271 хатының ред.түзетуі.
Б қосымшасы
(мiндеттi)
Ғимараттар мен имараттардағы өрт туралы адамдарға хабарлау жүйелерiн жобалаудың нормалары
Осы нормалар ғимараттар мен имараттардағы өрт туралы адамдарға хабарлау жүйелерiн жобалаудың жалпы тәртiбiн белгiлейдi.
Ғимараттар мен имараттардағы хабарлау жүйелерiн жобалау барысында сонымен қатар басқа да нормативтiк құжаттарды басшылыққа алу қажет.
1 Жалпы ережелер
1.1 Өрт туралы адамдарға хабарлау және көшіруді басқару жүйелерi (ХЖ):
- ғимараттың барлық бөлмелерiне дыбыс, ал қажет жағдайларда, жарық сигналдарын берудi;
- өрт жағдайында ауызша хабарландырулардың трансляциясын,
- өрт басталған жер туралы, көшіру жолдары мен жекебас қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және үрейленудiң, сондай-ақ көшіру процесiн қиындататын (адамдардың жолдарда шоғырлануы және т.б.) басқа да жағдайлардың алдын алуға бағытталған әрекеттер туралы хабарларды ғимараттың немесе бөлменiң кейбiр аймақтарына берудi;
- ұсынылатын көшіру бағытының жарық және дауыс көрсеткiштерiн қосуды;
- эвакуациялық жарықты қосуды;
- адамдар болуы мүмкiн барлық бөлмелермен екi жақты байланысын;
- қосымша көшірушілік шығу есiктерiн (мысалы, электрмагнит құлыптарымен жабдықталған) қашықтықтан ашуды
- қамтамасыз етуге тиiс.
Нормалар өрт туралы адамдарға хабарлау жүйелерiнiң 5 типiн қарастырады, тәсiлдерге, хабарлау аймағының диспетчерлық қызметпен байланысуының қажеттiлiгiне, кезектiлiк және 1-кестеде келтiрiлген хабарлау жүйелерiнiң автоматизациясына қарай.
1.2 Хабарлау тәсiлi бойынша өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерi жарық, дауыс, сөйлеу, аралас болып бөлiнедi.
Жарық сигналдауына негiзделген өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiне электр энергиясының көзiне қосқанда ғана олардан сигнал ақпараты келiп түсетiн жарық таблосы, жарық көрсеткiштерi, жарық белгiлерi және басқа да құрылғылар кiредi.
Дауыс сигналдауына негiзделген өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiне электр энергиясының көзiне қосқанда ғана олардан сигнал ақпараты келiп түсетiн гудоктар, даусы қатты шығатын қоңыраулар, қоңыраулар, сиреналар және басқа да дауыс құрылғылары кiредi.
Сөйлеу сигналдауына негiзделген өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiне микрофондар, дауыс күшейткiштер кiредi.
Аралас өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiне жарық, дауыс және сөйлеу сигналдауының құрылғылары кiредi.
Кейбiр жағдайларда хабарлағыш ретiнде мегафондар қолданылуы мүмкiн.
1.3 Басқару принципi бойынша өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерi қолмен басқарылатын, жартылай автоматты және автоматты болып бөлiнедi.
1.4 Ғимаратта немесе имаратта өрт басталғанда өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерi көшіруді жүзеге асыруға қажет уақыт бойы қызмет жасауға тиiс, бiрақ көшірудің есептiк ұзақтығынан кем емес.
1.5 Өрт туралы хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерi әзiрленген көшіру жоспарларының жүзеге асуын қамтамасыз етуге тиiс. Хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiнiң трансляциялық торабы мен аппаратурасы хабарлау сигналдарының бiр уақытта бүкiл ғимаратқа (имаратқа), ал қажет жағдайда жүйелi түрде оның бөлiктерiне (қабаттар, бөліктер және т.б.) берiлуiн қамтамасыз етуге тиiс. Бiр уақытта барлық адамдарға хабарлауды қамтамасыз ететiн жүйелердi 2-кестеде көрсетiлген ғимараттар мен имараттарда құруға болады.
1.6 Жарық, сөйлеу хабарлағыштарының саны, олардың орналасуы және қуаттылығы адамдар болатын барлық жерлерде естiлуiн қамтамасыз етуге тиiс. Хабарлағыштарда дауыс реттеушiсi болмауға тиiс және торапқа айырғыш құрылғыларсыз қосылуға тиiс.
Сигналдарға қажет дауыс қарқындылығы 2.04-03-2005 МҚН-нiң тарауына сәйкес анықталатын рұқсат етiлетiн шу деңгейiн (сыртқы көздерден, инженерлiк және өндiрiстiк жабдықтардан) есепке ала отырып анықталады. Сөйлеу ақпаратын 95 дБ-дан аспайтын тұрақты әрекет ететiн шудың орташа деңгейiнде беру қажет. Бөлмеде (әсiресе зал типті) дауыс зорайтқыш орнату шағылысқан дауыстың шоғыры мен бiр қалыпты емес таралуына жол бермеуге тиiс. Егер объектiде дауыс зорайтқыш бар болса, онда өрт туралы адамдарға хабарлауды сол арқылы жүргiзуге болады. Мұндай жағдайда радиотрансляциялық тораптың құрылғысы және торап аппаратурасының құрамы осы мiндеттi Б-қосымшасына сәйкес орындалуға тиiс.
ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 14.07.08 № 17-01-3-05-2271 хатының ред.түзетуі.
1.7 Хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiн басқару 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ-де көрсетiлген талаптарға сай өрт автоматикасының қабылдау құрылғылары орнатылған бөлмелерден (өрт постының бөлмесi, диспетчерлық немесе басқа арнайы бөлме) жүзеге асуға тиiс.
ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 14.07.08 № 17-01-3-05-2271 хатының ред.түзетуі.
1.8 Көшіруді басқарудың жарық таблолары мен көрсеткiштерi 12.4.028 МСТ талаптарына сай және адамдардың көзi түсетiн жерлерде болуға тиiс.
Хабарлау және көшіруді басқару жүйелерi қажеттiлiгiне қарай, жағдайлар өзгерiп жатса немесе көшірудің қалыпты шарттары бұзылып жатса, басқару командаларының оперативтi түзетуiн қамтамасыз етуге тиiс, ол үшiн магнитофоннан фонограмманы трансляциялаумен қатар сөйлеу хабарлауын тiкелей трансляциялау мен микрофон арқылы басқару командаларын берудi қарастыру қажет.
1.9 Кейбiр аймақтарына хабарлау кешiгiп жететiн адамдардың бiр уақыттағы көшіруін ұйымдастыруды ұсынатын ғимараттарда орналастырылатын хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiнде хабарлау және көшіруді басқарудың жарық және дауыс сигналдары басқа мақсаттағы сигналдардан ерекше болуға тиiс. Хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiнiң аппараттық инерциялығы кемірек болуға тиiс.
1.10 Сыйымдылығы өте үлкен залдары бар қоғамдық ғимараттарда хабарлағыштар дауыс қарқындылығы 120 дБ-ға дейiн сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс. Дауыстың төменгi қарқындылығынан максимальдiсiне өту ең аз уақыт iшiнде қолмен жүзеге асуға тиiс.
1.11 Адамдарға өрт туралы ауызша хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiн басқару пультiне арналған бөлменiң әрдайым адамдар болатын бөлмемен екi жақты байланысы болуға тиiс. Осы мақсат үшiн жергiлiктi АТС-тың телефондарын, оперативтi немесе дауыстап сөйлеу байланысының коммутаторларын пайдалануға болады.
1.12 Сыйымдылығы үлкен, қаббаттылығы биiк немесе күрделi көлемдiк-жоспарлау шешiмдерi бар қоғамдық ғимараттарда автоматизацияланған өрт туралы хабарлау және көшіруді басқарудың жүйелерi қондырғыларын қарастыру қажет (ХЖ-нiң 5-типi). Өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiн басқару пультi объектiнiң инженерлiк қызметтерi және әкiмшiлiгiмен, өртке қарсы қызмет және милициямен қосатын селекторлық байланыс құрылғыларымен жабдықталуға тиiс.
1.13 Электрмен жабдықтау, нөлдеу, тораптарды таңдау және салуға қойылатын талаптарды 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ бойынша автоматты өрттік сигналдауына сәйкес етiп қабылдау қажет.
ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 14.07.08 № 17-01-3-05-2271 хатының ред.түзетуі.
2 Жүйенi таңдау
2.1 Мақсаттары әр түрлi ғимараттар мен имараттар үшiн хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiнiң типiн және хабарлау құралдарын орналастыру орындарын таңдау ғимараттың қызметтік қызметі, негiзгi контингенттiң саны мен психофизикалық ерекшелiктерi, ғимараттың қабаттылығы, бөлмелердiң, өрт бөлiмдерiнiң ауданы, зал бөлмелерiнiң бар-жоғы, өндiрiстiк ғимараттарға арналған бөлмелердiң өрт жарылысы мен өрт қаупi санаттары бойынша анықталады (2-кесте).
2.2 Хабарлау аймағын анықтаудың негiзгi көрсеткiштерi:
- объектiнiң өрт қаупiнiң ерекшелiктерi;
- өрттің қауiптi факторларының таралуы мүмкiн жолдары;
- адамдарды көшірудің шарттары.
2.3 Күрделi көлемдiк-жоспарлау құрылымы бар iрi объектiлерде өрт туралы хабарлауға және көшіруді басқаруға арналған және радиотораппен бiрiккен диспетчерлық пульт қарастыру қажет. Оған көшіру шарттарын және өрт кезiндегi жағдайды оперативтi бақылау құрылғысы кiруге тиiс.
2.4 Хабарлау жүйесiн басқарудан (қолмен iске қосу немесе жартылай автоматты) тәуелсіз жобаны әзiрлеу сатысында оның ерiксiз қосылуына немесе iстеуiне жол бермейтiн қондырғыны қарастыру қажет.
2.5 Адамдардың бiр уақытта емес көшіруін ұйымдастыруды ұсынатын ғимараттарда оның әр түрлi бөлiктерiне кешiгу уақытын көшіру есептерiнiң негiзiнде анықтау қажет, хабарлаудың кешiгуi көшіру уақытын азайтуға сеп болады және адамдардың көшірушілік жолдармен кедергiсiз қозғалуын қамтамасыз етедi деген шартпен. Есептердi 3.02-02-2001* ҚР ҚНжЕ-де көрсетiлген әдiстеме бойынша жүргiзу қажет.
ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 14.07.08 № 17-01-3-05-2271 хатының ред.түзетуі.
2.6 2-кестеде көрсетiлмеген ғимараттар мен имараттарда хабарлау және көшіруді басқару жүйелерiн таңдау өрт кезiнде адамдардың қауiпсiз көшіруін қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құжаттардың талаптарын ескере отырып жүзеге асуға тиiс.
Хабарлау жүйелерiнiң топтамасы
Б1-кесте
№№ | Өрт туралы хабарлау жүйелерiнiң сипаттамасы | Әр түрлi ХЖ типтерiнде көрсетiлген сипаттамалардың бар-жоғы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
1 | Хабарлау тәсiлдерi:
жарық: а) жарық жылт-жылт ететiн сигнал; б) «Шығу» жарық көрсеткiшi; в) қозғалыс бағытының жарықкөрсеткiштерi; г) әр аймаққа бөлек жанатын қозғалыс бағытының жарықкөрсеткiштерi. | + − * * − − | + − * + * * | * + − + * * | * + − + + * | * + − + + + |
2 | Хабарлау аймағының диспетчерлық бөлмемен байланысы | − | − | * | + | + |
3 | Хабарлаудың кезектiлiгi:
| * * − | + * * | − * + | − − + | − − + |
4 | ХЖ басқарудыдың толық автоматизациясы және хабарлаудың әрбiр аймағынан көшіруді ұйымдастырудың көптеген варианттарын жүзеге асыру мүмкiндiгi | − | − | − | − | + |
Ескерту + қажет; * ұсынылады; - қажет емес. |