4 Перечень помещений складских зданий, которые должны быть оборудованы автоматической пожарной сигнализацией и автоматическими установками пожаротушения 4
Вид материала | Документы |
Содержание2.3 Балалар, оқу, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерiнiң ғимараттары Бөлмелер және нормативтер 3*-кестенiң жалғасы Бөлмелер және нормативтер |
- Перечень зданий, сооружений, помещений и оборудования, подлежащих защите автоматическими, 289.61kb.
- Выбор типа автоматических установок пожаротушения вниипо 2003 г. Выбор типа автоматических, 657.68kb.
- Анализ ситуации на рынке складских помещений, 22.03kb.
- Задание на проектирование является обязательным документом для разработки проектно-сметной, 260.7kb.
- Инструкция о порядке пользования автоматической локомотивной сигнализацией непрерывного, 347.26kb.
- Система технического обслуживания и ремонта технических средств и систем пожаротушения,, 820.74kb.
- Обеспечение условий безопасности, 29.89kb.
- Инструкция о мерах пожарной безопасности в помещении, 17.84kb.
- Курсовая работа по автоматической коммутации " Телефонизация объекта", 328.87kb.
- Первенство сахалинской области по внедорожному многоборью 2010, 497.08kb.
2.3 Балалар, оқу, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерiнiң ғимараттары
3*-кесте
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
2.3.1 Бала бақшалары | Барлық бөлмелер, ауданына тәуелсіз, көкөнiс қоймаларын қоспағанда | |
2.3.2 Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi | Барлық бөлмелер, ауданына тәуелсіз, көкөнiс қоймаларын қоспағанда | |
2.3.3* Мектептер, гимназиялар, лицейлер, мектеп-интернаттар мен мектеп жанындағы интернаттар | ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004 «Жалпы білім беру мекемелері» 5.13 тармағында барлық бөлмелер көрсетілген. | |
Өзгерту, ҚР ИСМ Қ және ТКШІК 02.10.08 № 415 бұйрығы | | |
2.3.4 Кәсiби-техникалық және орта арнайы оқу мекемелерi, колледждер, жоғары оқу орындары, академиялар, университеттер | Дәрісханалық қор: препараторлық бөлмелерi бар дәрістер дәрісханалары, топтық және жарты топтық дәрісханалар, курстық және дипломдық жобалау залдары, сызу залдары, модель бөлмелерi, сызу мұрағаттары; Кiтапханалар (қоса салынған): кiтап қоймасы, оқу залдары, аппараттық-анықтама және библиографиялық қызмет көрсету бөлмелерi, ақпаратты жинақтау, өңдеу, көбейту, сақтау бөлмелерi; Жалпы техникалық және арнайы зертханалар: химиялық, физикалық, электртехникалық, жылу техникалық, гидравликалық, материалдар кедергiсi, электр техникасы және т.б. зертханалары, препараторлық бөлмелер; Жалпы техникалық және арнайы оқу кабинеттерi: қоғамдық ғылымдар, жоғары математика, теоретикалық механика, еңбектi ғылыми ұйымдастыру, зерттеудiң оптикалық тәсiлдерi және т.б. кабинеттерi, препараторлық бөлмелер, рентген кабинеттерi; Оқу-өндiрiстiк, эксперименттік және пайдаланушылық шеберханалар, қойма бөлмелерi және т.б Шеберханалар: механикалық, ағаш, радио және электржинақтық, термикалық, ағаш және т.б.; Жаққымай және көмекшi материалдар, жанғыш эмульсиялар, бұйымдардың жинақтауыштары, қосалқы бөлшектер қоймалары, БӨҚ (бақылау өлшеуіш құралы) бөлмелерi, жанғыш материалдар мен бұйымдардың аралық қоймалары, оқу-шаруашылық жабдықтарына арналған қоймалық бөлмелер; | Биiктiгi 30 м және жердiң жоспарлау белгiсiнен соңғы қабаттың еденiнiң белгiсiне дейiн биiк ғимараттардың барлық бөлмелерi – ауданына тәуелсіз. Ауданы 500 м2-ден жоғары полимерлi жанғыш жылытқышы бар жеңiiл металл құрылымдарынан жасалған ғимараттарда ТЖС мен ЖС қолданылған сынақ жүргiзу бөлмелерi (кабиналары, бокстары) – ауданына тәуелсіз Бiрегей жабдықтары мен материалдары бар бөлмелер, сирек бұйымдарды, есептердi, қолжазбалар мен басқа да аса құнды құжаттарды сақтау және беру бөлмелерi – ауданына тәуелсіз. ТЖС, ЖС эәне химикаттар қоймалары – ауданы 500 м2 және одан да жқғары |
3*-кестенiң жалғасы
Ғимараттардың қызметі | Автоматты өрттік сигналдау | Автоматты өрт сөндiру қондырғылары |
Бөлмелер және нормативтер | ||
| Инженерлiк қамтамасыздық ғимараттары мен бөлмелерi: трансформатор, сығымдағыш, генератор, электр тогын тарататын қалқан және басқару пультi бөлмелерi; Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерi және оқу-спорттық бөлмелерi: мәжiлiс, оқу-спорт залдары мен бөлмелерi, киноаппараттық кешен, радиоторап, манеждер, көркемөнерпаздар ұжымына арналған және т.б. бөлмелер; Әкiмшiлiк - қызмет, қоғамдық ұйымдар және медициналық орындар: Директордың, директор орынбасарларының кабинеттерi, қабылдау, оқу бөлiмi, оқытушылар, кеңсе, бухгалтерия бөлмелерi және т.с.с; Асханалар: ас iшетiн залдар, қойма бөлмелерi, көмекшi бөлмелер – бөлменiң ауданы мен қабаттылығына тәуелсіз | |
2.3.5 Ғылыми-зерттеу институттары | Негiзiгi ғылыми және арнайы қызметтегі зертхана бөлмелерi: өрт жарылысы мен өрт қаупi бойынша А, Б, В санаттарына жататын процестерi бар химиялық, физикалық және биологиялық пішінді зертханалар бөлмелерi, фотозертханалар (сурет шығару бөлмелерiн қоспағанда) Ғылыми-ақпараттық қызметтегі бөлмелер: жалпы ғылыми-техникалық ақпарат пен әдебиеттi, қызмет материалдарын, сипаттамалар мен басқа құжаттарды сақтау, жинақтау және беру бөлмелерi, орындарының саны 300 және одан да жоғары мәжiлiс залдары мен олардың жанындағы фойелер, киноаппараттық кешендер, препараторлық, дауыс-аппараттық бөлмелер, төралқа бөлмелерi Пайдаланушылық және экспериментальдi шеберханалар: жаққымай және көмекшi материалдар, бұйымдардың жинақтаушылары, қосалқы бөлшектер қоймалары; ағаш шеберханалары, (КИП) БӨҚ бөлмелерi; жанғыш материалдар мен бұйымдардың аралық қоймалары; электрхимиялық жабдықтар мен құралдарды жөндеуге арналған бөлмелер, жинақтау процестерi өрт жарылысы мен өрт қаупi бойынша В санатына жататын слесарлық-жинақтау бөлмелерi Шығындық қанаттас және қанаттас емес қоймалар: қойманың жалпы ауданы 500 м2-ден кем емес жағдайда ТЖС, ЖС және жанғыш химикаттар бар қойма бөлмелерi; жанғыш газдар баллондарын сақтауға арналған ғимараттар мен бөлмелер Инженерлiк қамтамасыздық ғимараттары, бөлмелерi: май трансформаторлары бар трансформатор, сығымдағыш, генератор, электр тогын тарататын қалқан және басқару пультi бөлмелерi – ғимараттың ауданы мен қабаттылығына тәуелсіз | ТЖС және ТЖ қолданылған сынақ жүргізу бөлмелері (кабиналары, бокстары) Қызметтегі каталогтар мен сипаттамалар, бірегей жабдықтары мен материалдары бар бөлмелер, сирек бұйымдарды, есептерді, қолжазбалар мен аса құнды құжаттарды сақтау және беру бөлмелері – ауданына тәуелсіз |
2.3.6 Жобалау институттары, құрылымдық бюролар | Ауданына тәуелсіз барлық бөлмелер, сондай-ақ вестибюльдердi қоспағанда, биiктiгi 3 қабат және одан да жоғары ғимараттардағы дәлiздер мен лифт холлдары | Биiктiгi 10 қабат және одан да жоғары ғимараттарда кiтапханалар мен мұрағаттардың қоймалары, қоймалар, жөндеу шеберханалары, түптеу-кітапшалау, макулатураны жинау, өңдеу және қаптау бөлмелерi – ауданына тәуелсіз Бiрегей жабдығы бар бөлмелер; Қоймалар, қызмет каталогтары мен сипаттамалар, сирек басылымдар, есептер, қолжазбалар және басқа да аса құнды құжаттарды сақтау және беру бөлмелерi – ғимараттың ауданы мен қабаттылығына тәуелсіз |