Биыл біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейміз. Елбасы Жарлығымен 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жарияланды

Вид материалаДокументы

Содержание


102. Өтемұратов Б. Үйренерлік үздік үлгі // Егемен Қазақстан.-2008.-3 шілде. 103.
819. Майтанов Б. Тәуелсіздік дәуірінің поэзиясы:тарихи дәуір және оны қабылдау // Жұлдыз.-2011.-№2.-Б.176-180. 820.
153.Назарбаев Н. Мы строим новое государство: труды и речи.- М.: ПАЛЕЯ-Мишин,2000.-418с.: ил. 154
216.Песнярова О. Энергия созидания: [чем Казахстан встречает День независимости] // Экспресс К.- 2003.-13 дек. 217
286.О выборах президента Казахской ССР: Закон КазССР от 16 окт. 1991 г. // Казахст. правда.-1991.-18 окт. 287
646.О комитетах и комиссиях парламента Республики Казахстан: Закон РК от 7 мая 1997 г. // Казахст. правда.- 1997.-14 мая. 647
808.О правительстве Республики Казахстан: Указ президента РК, имеющий силу закона, от 18 дек. 1995 г.// Казахст. правда.-1995.-2
826.Андрюшин М. Правительство Казахстана: горячие споры напороге холодной зимы // Казахст. правда.-1997.-18 нояб. 827
871.Заслушан отчет правительства// Казахст.правда.-2005.-16 апр.-С.1. 872
Обновлённой стране – качественное образование
1444.Обсуждаем проект Концепции: проект Концепции развития образования // Приуралье.- 2004.-17 янв. 1445
1454.Плетнева В. Особая энергетика школы: [70-лет СОШ №13] // Надежда.- 2008.-28 февр.-С.14. 1455
Социс – 802, 1419
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

Управление культуры Западно-Казахстанской области

Западно-Казахстанская областная научная универсальная библиотека им.Ж.Молдагалиева


Анықтамалық-библиографиялық бөлімі

Информационно-библиографический отдел


Қазақстанның Тәуелсіздігі:

жарқын болашақтың кепілі


Независимость Казахстана:

этапы большого пути


Ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіш

Научно-вспомогательный библиографический указатель


Орал, 2011

Уральск, 2011




Құрастырушыдан


Биыл біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейміз. Елбасы Жарлығымен 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жарияланды. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» биылғы ел мерейтойының ұраны болмақ. Тәуелсіздік күнін атап өту кездейсоқ емес. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстанның жоғары кеңесі республиканың тәуелсіздігі мен егемендігі туралы Заң қабылдаған болатын. КСРО тарағаннан кейін Қазақ Советтік Социалистік Республикасы соңғылардың бірі болып өз егемендігін алды. Бұл құжат тәуелсіз мемлекеттің конституциялық-құқықтық негізін қалады және осы уақыттан бастап оның жаңа тарихы басталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Заң қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығын нақтылап берді. Біздің мемлекет азаматтардың еркіндігі мен құқығы сақталған азаматтық қоғам құруға нық сеніммен жол тартып келеді.

Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде еліміз тарих беттерінде аз болса да, оның қарышты дамуына қарап отырып, осыдан 20 жыл бұрын таңдалған бағыттың дұрыстығын көреміз. Қазақстан өзінің мемлекеттілігін құрған, даму бағытын айқындаған, ұлт тәуелсіздігінің негізін қалаған және нығайтқан, ел аймағының тұтастығын қамтамасыз еткен және шекарасын айқын бекіткен, экономикасын еркін нарықтық даму жолында қалыптастырған ел.

«Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық. 1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық. Біз келелі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік» - деп атап өтті Елбасы Н.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы жолдауында.

Осы атаулы мерекеге орай, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Тәуелсіздігі: жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіш құрастырып шығарып отыр. Бұл көрсеткішке 1991 жыл мен 2011 жылдың наурыз айы аралығындағы мәліметтер енгізілді. Көрсеткішті құрастыру кезінде Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның кітап қоры, каталогтары, картотекалары, электронды каталогтары және Қазақстан Республикасы Кітап палатасының «Жылнамалар» басылымы қолданылған болатын. Бұл басылымның мақсаты – оқырмандарды Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған маңызды әдебиеттермен кеңінен таныстыру. «Қазақстан Тәуелсіздігі: жарқын болашақтың кепілі» атты ретроспективті ғылыми-көмекші ақпараттық көрсеткіш он бір тараудан тұрады:


1. Ресми бөлім

2. Елін сүйген,елі сүйген елбасы

3. Парламент – мемлекет тұрақтылығы

4. Үкімет қызметінің негізгі бағыттары

5. Елтаңба – елдіктің белгісі

6. Астана – мемлекеттің жүрегі

7. Егеменді елдің экономикасы

8. Ғылымы бар ел - шырақты ел

9. Ел болашағы – білімді ұрпақ

10. Мәдениет мәртебесі – ел мәртебесі

11. Ел бірлігі – тәуелсіздік тірегі

Мәліметтердің авторлары мен тақырыптары бойынша әліпби ретімен орналастырылған, Құралға қосымша ретінде атаулы көрсеткіш пен мәлімет көздері көрсеткіші жалғанады. Әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші ғылыми қызметкерлерге, мамандарға, кітапхана қызметкерлері мен жалпы оқырмандарға арналған.


Алғы сөз


Қазақ елінің Тәуелсіздік алып, дербес мемлекетке айналғанына бүгінде 20 жыл толып отыр. Тар жол, тайғақ кешу кезеңін артта қалдырған азат ел ендігі кезекте тек алға ұмтылуды өзіне мақсат етіп отыр. Еліміздің жүріп өткен жолына қатысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық», - деп ой түйген еді.

Жалпы 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы өзінің ішкі-сыртқы саясатын қалыпқа келтіріп қана қоймай, бүкіл әлем назарын өзіне аударта білді. Ішкі саясатта еліміз демократиялық даму жолына түсіп, 1995 жылдың 30 тамызында Ата Заңын қабылдады. Өз туымызды тігіп, теңгемізді соғып, әнұранымызды қалықтатып, барша этностың басын ұланғайыр атырапта қоса білдік. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің айшықты символы – ел ордамыз Астана бой көтерді.

Сыртқы саясатта да Қазақстанның жеткен жетістіктері жетіп артылады. Мелекетіміз ұлттық әл-ауқатының деңгейі бойынша дүниежүзі елдерінің рейтингісінде дамыған 110 ел арасынан 50-ші орынға тұрақтады. Бұл азғана уақыт ішінде асқан асуларымыздың бірінен саналады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі - 20 жылғы жетістігіміздің тамаша көрінісі. Өйткені еліміз тек ТМД елдерінің ішінен ғана емес, сонымен қатар саяси салмағы мығым Азия елдерінің арасынан тұңғыш болып мұндай беделді ұйымға басшылық етті. Тарихы тереңге жайылған қазақ тарихында бұрын-соңды 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері біздің жерімізде бас қоспаған еді. Әрі саммит нәтижесінде қабылданған Астана декларациясының халықаралық бейбітшілікті сақтауда үлкен маңызға ие болатындығы сөзсіз.

Тәуелсіз Қазақстанның осындай жетістіктерін әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат біліп жүруі тиіс. Бұл мақсаттарға жету үшін әдеби, ғылыми кітаптарды, баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларды ұдайы оқып жүрудің маңызы зор. Қазіргі таңда «өмір бойы білім алу» принципі біздің қоғамда мықтап орнығып келеді. Сондықтан бұл мақсаттарға жетуде библиографиялық көрсеткіштер ынталы азаматтарға көп көмегін тигізеді.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұжымы дайындаған бұл библиографиялық көрсеткіште құнды деректер шоғырланған. Басылымның бірінші бөліміне мемлекеттік тілдегі, екінші бөліміне орыс тіліндегі материалдар топтастырылған. Сонымен бірге көрсеткішке кітап қоры, жүйеленген каталогтар мен картотекалар, заманауи технологиялармен өңделген тың мәліметтер енгізілген.

Библиографиялық көрсеткіштен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қатысты мәліметтермен, Президент, Парламент, Үкімет, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер, ел ордамыз Астана жөніндегі ақпараттармен таныса аласыз. Ұсынылып отырған библиографиялық басылым кітапхана қызметкерлеріне, ізденушілерге, ғылыми қызметкерлерге, студенттерге, жалпы оқырман қауымға оң бағыт-бағдар сілтейді.

Әбілсейіт Мұқтар

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор


Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел

болашағы бар.Сол күнге берік сенімі бар!


Н.Назарбаев

Ресми бөлім


1.Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік

егемендігі туралы Декларация:[қазақ ССР Жоғары Советті

1990 жылғы қазанның 25-інде қабылданған]// Егемен Қазақстан. -2000.-25 қазан.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы.

Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңы / / Егемен

Қазақстан.-1991.-18 желтоқсан.

3.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан.- 2006.-10 қаңтар.- Б.9.

4.Қазақстан Республикасы: ақпараттық төлқұжат.-Алматы: Жеті

жарғы, 1998.-112 б.

5.Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері.Конституциялық актілер-

Казахстан: этапы государственности. Конституционные акты/

Құраст. Ж.Бәйішев.-Алматы:Жеті жарғы, 1997.-495 б.

6. 2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығы: [Астана,Ақорда,2011жылғы қаңтардың 27-сі. №1144] // Егемен Қазақстан.- 2011.- 28 қаңтар.-Б.1

Елін сүйген,елі сүйген елбасы

Назарбаев –адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жете ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегемен әдейі үйлестіріп, ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіз заманның бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер

М.Жолдасбеков

7. Қазақ КСР Президентін сайлау туралы Қазақ Советтік Социа-листік Республикасының заңы //Егемен Қазақстан.-1991.-18 қазан.

8. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі

Туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советінің қаулысы // Халық Кеңесі.-1991.-12 желтоқсан.

9. Білім саласы қызметкерлерінің Қазақстан халқына үндеуі:[1995 ж.29 сәуірдегі референдумда Н.Назарбаевты қолдап дауыс беруге шақырған үндеуі] // Егемен Қазақстан.-1995.-12 сәуір.

10. Елбасыны шын жүректен құттықтаулар:[Қазақстан Респуб-ликасының резиденті Н.Назарбаевтың тұңғыш рет балама түрде өткізген сайлауда қайтадан Президент болып сайлануына орай келіп жатқан құттықтаулар жайлы] // Егемен Қазақстан.-1999.-13 қаңтар.

11. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы: [Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы] // Егемен Қазақстан.- 2011.- 5 ақпан.-Б.1.

12. Абдрахманов С. Күткен күн:[президент Н.Назарбаевтың өмір жолынан] // Егемен Қазақстан.-2008.-1 желтоқсан.

13. Абдрахманов С. Олжас Сүлейменов:[ол президенттік

жұмысқа дайын тұрған еді] // Егемен Қазақстан.- 2010.- 6 шілде.-Б.9.

14. Ағыбаев А. Дара тұлға // Айқын.- 2010.- 9 мамыр.-Б.3.


15. Айтжанбай Г. "Мен Нүрсұлтан Назарбаевты нағыз қазақ

деп білемін. Оны ХХІ ғасырдың азаматы деп кез келген ел

алдында мақтанышпен таныстыра аламын":Амангелді

Төлеев, Кемеров облысының губернаторы // Егемен Қазақстан.-

2010.-5 мамыр.-Б.7.

16. Ақкер Ж. Референдумға келіңіз... // Жас Алаш.-2011.-11

қаңтар.-Б.1-2.

17. Акулов В.Назарбаевқа сенуге болады // Егемен Қазақстан.-2006.-6 қаңтар.

18. Ақ тілектер ағыны:ҚР президенті Н.Назарбаевтың 60 жасқа толуына байланысты келіп түскен құттықтаулар: құттықтаулар кітабы.- Астана: Елорда,2000.- 326б.

19. Аққұлұлы С. Елдің күткені – Елбасының байламы // Қазақстан zаман.-2001.-18 қаңтар.

20. Алауханов Е. Жолдаудан туған толғау:[президент жолдауы] // Қазақ әдебиеті.- 2005.-10 маусым.

21. Алтай Б. Биылғы Жолдау әлеуметтік мәселелерге басымдық бермек // Айқын.- 2007.-28 ақпан.-Б.2.

22. Ахмет Р.Ниеттер тоғысы // Қазақстан-zаман.-2006.- 13 қаңтар.

23. Әбдезұлы Қ. Перзенттік парыз,адамдық парыз // Егемен Қазақстан.-2008.-18 шілде.

24. Әбдіманапов С. Әлемге әйгілілердің әділ бағасы: "ХХІ ғасыр:[әлем саясаткерлері Н.Ә. Назарбаев туралы" кітап ] // Егемен Қазақстан.- 2005.-12 шілде.

25. Әлібеков Ә.Елбасымыз еңселеткен Елорда // Егемен Қазақстан.-2006.-14 қаңтар.

26. Әліпбай С. Ел тағдыры кәсіпкерлер қолында: [бизнестің жол картасы -2020 бағдарламасы осыны айқынкөрсетіп отыр] // Егемен Қазақстан.-2010.- 26 ақпан.-Б.3.

27. Әмірбекұлы С. Еуропаға жасалған тарихи сапар // Айқын.-

2010.- 29 қазан.- Б.1-2.

28. Әмірбекұлы С. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқы үшін

үлкен еңбек сіңірді // Айқын.- 2010.-18 маусым.-Б.3.

29. Әміреұлы М. Жаңа шығар биігім // Егемен Қазақстан.- 2011.-3 ақпан.-Б.1

30. Байзақов С. Далалық пен даналық: [Елбасы Н. Ә.Назарбаев] // Дала мен қала.- 2010.- 23 тамыз.-Б.4.

31. Байтілесұлы Н. Президент Н.Назарбаевтың негізгі міндеті –егемендікті сақтау // Жас Алаш.-2000.-27 қаңтар.

32. Бақытқызы Е. Басты мәселе сайлау емес,Назарбаевтан кейінгі Қазақстан // Жас Алаш.- 2011.- 3 ақпан.-Б.4.

33. Бәйтерек:Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы замандастар толғанысы.-Астана:Күлтегін,2003.-168 б.

34. Бейсенұлы Б. Нұрсұлтан Назарбаевқа Анкарада ескерткіш қойылды: [Түркия астанасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды] //Айқын.-2010.-25 маусым.-Б.1.

35. Берікболов Б. Самғау стратегиясы // Дала мен қала.- 2010.- 21 маусым.-Б.4.

36. Бодаубай Б. Нұрсұлтан Назарбаев:Елбасы // Егемен Қазақстан.-2006.-5 қаңтар.

37. Бозымов Қ.Қ. Халықтың қалауы, көптің тілеуі:[Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы] // Орал өңірі.-2011.-

29 қаңтар.-Б.5.

38. Бұқарқызы Х.Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның

қарышты қадамы // Айқын.- 2011.- 28қаңтар.-Б.1.

39. Бүйенбай З. Референдум және біз // Қазақ әдебиеті.- 2010.-31 желтоқсан.-Б.1-2-3.

40. Досжан Д. Ақ Орда: Төрт бөлімді роман.- Астана: Елорда, 2005.- 528б.

41.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Халықаралық сыйлықтары,

академиялық және құрметті атақтары // Парасат.-2005.-N9.-Б.2.

42. Елбасы жолдады-елі қолдады / ҚР мәдениет және ақпарат мин-гі ; ҚР президенттік мәдениет орталығы; құрас. Г.Тәңірбергенова, Қ.Қалилаханова,Б.Имансерікова,Р. Әлімбеков.- Астана: Күлтегін, 2008.-(Қазақстан Республикасы) - 1т.-312б.

43. Ел және Елбасы /Жинақты құраст.:М.Қасымбеков, Қ.Найманбаев, Б.Сарбалаұлы.-Алматы:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2003.-344 бет.

44. Ел және Елбасы: президент Н. Назарбаев // Егемен Қазақстан.- 2004.-22 қазан.

45. Елбасы: Эсселер, ой-толғамдар, өлең-жырлар,сұхбаттар.- Алматы: Ана тілі, 1996.- 544б.

46. Елбасы жайлы жаңа кітап: Нұрсұлтан Назарбаев // Орал өңірі .- 2004.-21 қыркүйек.

47. Елеулі еңбек: [ел мен Елбасыға арналды] // Дала мен қала.- 2011.- 31 қаңтар.-Б.2.

48. Есали А. Заман өзгергенде біз де өзгеруіміз керек // Егемен Қазақстан.-2011.- 8 ақпан.-Б.1.

49. Есполов Т. Ел мен Елбасы // Айқын.-2010.- 30 маусым .-Б.3.

50. Есілбай А. Елбасы және Елорда // Қазақстан әйелдері.- 2005.-№10.-Б.1.

51. Ешенұлы Т. Бәсекеге қабілетті қоғам үшін:[Елбасының

Қазақстан халқына жолдауы туралы] // Жас Алаш.- 2003.-20наурыз.

52. Жағыпарұлы Ж. Еуразиялық идеяның Отаны - Қазақстан,

авторы -Назарбаев // Егемен Қазақстан.-2010.-5 қараша.-Б.2.

53. Жасай бер жаса, қазағым менің: [Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұр-сұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш] // Тіл.- 2010.- №4.-Б.6-7.

54. Жаулин К. Қазақты әлем таныды: [Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа сайлануы] // Алтын Орда.- 2010.- 20-26 мамыр.-Б.4.

55. Жаһандық қатерлерге бірлескен тосқауыл // Сақшы.- 2010.- 4 қараша.-Б.1.

56. Жолдасбеков М. Ел иесі // Егемен Қазақстан.-2010.- 1шілде.- Б.3.

57. Жолдасбеков М. Президент туралы толымды кітап [Н.Назарбаев] // Егемен Қазақстан.-2008.-17 қазан.

58. Жолдасбеков М. Шың мен шыңырау.Мақалалар. Сырласулар. Лебіздер.- Астана:Қоғамдық-саяси басылым, 2002.- 328б.

59. Зиманов С. Жолдасы Қыдыр болған тұлға: [Елбасы

Н.Ә.Назарбаев] // Дала мен қала.-2010.-30 тамыз.-Б.4.

60. Ибрагимов Ә. Көсемдіктің алғашқы қадамдары:

[Назарбаев Н.Ә. еңбек жолы ]// Қазақ батырлары.- 2005.-№9.

61. Исаев С. «Елбасының ұстазы болғанмын»:[еңбек ардагерінің

естелігі]// Заң және заман.-2000.-№1.-Б.38-39.

62. Кекілбайұлы Ә. Елдікке қызмет еткен ерлік // Егемен

Қазақстан.- 2010.- 29 маусым.-Б.3-4.

63. Келімбетов Қ. Басқару мектебі // Дала мен қала.-

2010.-18 қазан.-Б.4.

64. Кенесарина Н. Ұлы мұрат жолындағы аманат:[президент

Н.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту

жолындағы еңбектері туралы] // Егемен Қазақстан.-1998.-4 шілде.

65. Кодин М. Еуразиялық одақ: идеялар, практика, перспективалар:[Н.Назарбаевтың еңбегі] / / Егемен

Қазақстан.-1998.-23 қаңтар.

66. Қазақстан жолы: тұрақтылық, жаңару және өркендеу: [Елбасы Н. Назарбаевтың ҚР парламентінің 2-ші сессиясында сөйлеген сөзі] // Егемен Қазақстан.- 2005.-2 қыркүйек.

67. Қайырбеков Ғ. Елбасына:[Н.Назарбаевқа арнау:өлең] // Қазақ әдебиеті.-1998.-20 қаңтар.-Б.14.

68. Қаленов С. Мыңжылдықтар көшін мықтылар бастайды //

Егемен Қазақстан.-2000.-20 қаңтар.

69. Қалижан У. Қоғамдық ойдың тайқазаны // Жас Қазақ.-

2011.-21 қаңтар.-Б.2-3.

70. Қалижан У. Тарих тұлға таңдайды немесе Нұрсұлтан

Назарбаев туралы халық өкілдері не дейді? // Егемен Қазақстан.-2006.-14 қаңтар.

71. Қанғожин М. Ел сыйлаған ер // Егемен Қазақстан.- 2005.-19 тамыз.

72. Қасымбеков М. Азамат асуы // Егемен Қазақстан.- 2006.-6 шілде.

73. Қасымбеков М. Елбасы: Назарбаев Н.Ә. // Егемен Қазақстан.- 2004.-24 сәуір.

74. Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген елбасы:Назарбаев Н.Ә.//Егемен Қазақстан.-2005.-6 шілде. Астана.-2006.-№2.-Б.6-9.

75. Қасымбеков М. Елін сүйген,елі сүйген.- Астана: Елорда, 2005.-200б.+2б.т.жапсырма.

76. Қасымбеков М. Президент //Жайық үні.-2004.-N31.-15 шілде.- Б.1-3.

77. Қойтай Қ. Әлем таныған тұлға:[Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

туралы] //Ақиқат.-2005.-№9.-Б.3-5.

78. Құланбай Ә. Ел басына қонған бақ:[Астана саммиті] //

Егемен Қазақстан.- 2010.-10 қыркүйек.-Б.2.

79. Құланбай Ә. Жиырма жылдық - елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңі // Егемен Қазақстан.- 2011.-1 ақпан.-Б.1.

80. Құсайын Т. Мақсаты-қазақстандықтарды бақытты ету:[Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында] // Егемен Қазақстан.-2011.-12 қаңтар.-Б.2.

81. Қыдыралиев С.,Исаев С.Бала Назарбаев қандай еді? / Газ. дайындаған Ж.Молдахметұлы //Айқын.-2008.-3 шілде.

82. Лұқпан Е. Құрыш қалай шынықты?: Назарбаев Н.Ә.

еңбек жолы // Егемен Қазақстан.- 2005.-6 шілде.


83. Мамыров Н. "Президент Назарбаев стратегиясының

ғылыми негізділігі"// Қазақстан-zaman.- 2005.-22 сәуір.

84. Мәмет С. Елбасының «Қазақстан жолы» кітабы ағылшын

тілінде жарық көріп,Ұлыбритания астанасында тұсаукесер

рәсімі өтті // Егемен Қазақстан.-2008.-7наурыз.

85. Мәсімов К.Назарбаев моделі: [жаһандық сынаққа төтеп беру] / / Егемен Қазақстан.-2008.-5 шілде.

86. Мей-Ами И. Назарбаев-алдына нақты мақсат қойып, халқының игілігі үшін табандылықпен жұмыс істейтін қайраткер // Айқын.- 2010.-26 маусым.-Б.1-3.

87. Менің президентім:[Елбасы Н.Назарбаев туралы пікірлер]

// Парасат.-2005.-№10.-Б.2-11.-Авт.:Ә.Нұршайықов,

Ә.Қайдар,Т.Кәкішев,Т.Шарманов,Ә.Тарази,Г.Бельгер,

Ә.Тәтіғұлов,Р.Андриасян,Ғ.Қабышұлы,С.Иманасов,Ә.Ғали.

88. Мұқай Б. Ертегідей ертеңім: Толғаулар мен эсселер.- Алматы: Ана тілі, 2003.- 416б.

89. Мыңбай Д. Елбасының беделі, Астананың серпілісі

Қазақстанның беделімен, серпілісімен тұтастанып отыр

немесе елдік іс және өркениет дәстүрі //Айқын.- 2010.-

16 маусым.-Б.3.

90. Назарбаев туралы айтқан ойлар туралы кітап жарық көрді

// Егемен Қазақстан.- 2005.-9 шілде.

91. Найман Д. Қазақстан көшбасшысы-балаң мемлекеттің болашақтағы үміті: [2030ж. бағдарламасы] // Түркістан.-

2000.-4-10 ақпан.

92. Негимов С. Теміртауда мақпал түн:[І.Жақановтың жаңа

туындысы осылай аталады] // Егемен Қазақстан.-2010.-12 қазан.-Б.8.

93. Нұразхан Е. Президент тарапынан талап тағы күшейді:[10 наурызда президент сарайында өткен респ.үкіметі мүшелері мен обл. әкімдері қатысқан мәжілістен] // Түркістан.-1997.-12-18 наурыз.

94. Нұрсұлтан Назарбаев-Қазақстан Республикасының

президенті:Нық сеніммен болашаққа: Фотоальбом.-

Астана:Қазақстан, 2000.- 262б.

95. Нұрсұлтан Назарбаев-Қазақстан Республикасының

президенті:Фотоальбом.-Анкара: Пелин Офсет,1995.-207б.

96. Нұрсұлтан Назарбаев-Қазақстанның тұңғыш президенті: Фотоальбом.- Алматы: Dіdar, 1997.- 256б.

97. Нұршайықов Ә. Ұлт көшбасшысы // Дала мен қала.- 2010.- 13 қыркүйек.-Б.4-5.

98. Омарова Г. Елін ертеңге бастаған ер // Ел.-2011.- 8 ақпан.-Б.1.

99. Оразалин Н. Азаттық айдыны.Алматы: Санат, 2001.- 296.

100. Ортақ үйіміздегі тыныштық пен татулық жалғаса берсін деген мақсатпен Қазақстан Аграрлық партиясының съезді Н. Назарбаевты президенттікке үміткер етіп ұсынды // Егемен Қазақстан.- 2005.-28 қыркүйек.