Мектеп: №1 мектеп Мұғалім
Вид материала | Документы |
СодержаниеСабақтың түрі Жұмыс түрлері Мұғалім бағасы Ет етке- сорпа бетке. 2 топ- сендердің мақсаттарын Керекті сөздер 1 топ Сен бізге қонаққа кел. 2 топ Жауап үлгісі |
- Мектеп директорларына!, 109.66kb.
- ТӨЛҚҰжат жалпы мағұлмат Жалпы білім беру мекеме атауы, 129.08kb.
- Облысымызда 119 мектеп, сонымен қатар, 5 жекеменшік, 4 коррекциялық, 5 кешкі мектептер, 157.9kb.
- Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша, 439.75kb.
- 28. 01. 2011ж Мектеп басшыларына!, 38.66kb.
- «организация предпрофильного и профильного обучения иностранному языку», 300.33kb.
- Реферат Нипрук Екатерина Викторовна, 117.11kb.
- Список литературы, поступившей в библиотеку казну им аль-фараби физика ғылымдары Физические, 38.57kb.
- Асылбеков Асхат Зейноллаевич. Кімнің Кім екені: Қазақстанның А89 мұнай және газ саласы, 307.61kb.
- Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 614.84kb.
Мектеп: № 1 мектеп Мұғалім: Шалдыбаева Бақытгүл Төлемісқызы Пән: қазақ тілі Сынып : 6 А Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны.
Сабақтың мақсаты:
Негізгі мақсат: «Қазақтың дастарқаны» тақырыбында сөйлесе білуге жағдай жасау.
Білімдік: Оқушыларға қазақтың дастарқаны туралы түсінік беру, сөздер арқылы сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрастыра білу, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, тақырып бойынша мәтіннен ең негізгісін таба білу, мәтінді аудармасыз түсінуге қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылығын жетілдіру .
Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындау кезінде топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Қазақтың дастарқанын қастерлеуге тәрбиелей отырып, қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту оқушылардың білік, дағдыларын меңгерту сабағы
Сабақтың көрнеклігі: интерактивті тақта,үлестірмелі қағаздар, суреттер
Қолданылған әдістер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, іздендіру, баяндау
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық Пәнаралық байланыс: ән-күй, еңбек
Мұғалімнің ролі: байқаушы, ұйымдастырушы, қатысушы, бағалаушы, бағытаушы
Оқушының ролі: сұрақтарға жауап береді, талқылайды, ой бөліседі, пікір алмасады, шешім қабылдайды, түсінуге тырысады.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі-4
- Үйге тапсырма-2
- Дыбыстық жаттығу-4
- Жаңа сабақ-20
- Бекіту-5
- Қорытындылау-6
- Бағалау-4
Ұйымдастыру кезеңі А) амандасу Ә) оқушыларды түгендеу
Б) оқу құралдарын тексеру
В) оқушылардың зейінін сабаққа аудару Г) психологиялық дайындығын тексеру
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
-Амансыз ба, жер ата!
- Амансыз ба, күн ана!
- Амансыз ба, достарым!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім!
- Сәлеметсіз бе, қонақтар!
Егерде біз күнімізді жақсы көніл күймен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күмән болмайды.
Сабақтың ережесімен таныстыру : 1.Бірін-бірі тыңдау
2.Ойын ашық айту
3.Сабаққа түгел қатысу
4.Ұйымшыл болу
5.Уақытқа бағыну
Үй жұмысын беру:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
125- сөздер, 126- бет 4 тапсырма
Дыбыстық жаттығу:
әЖе
дАстарқан
құРт
тағАм
сөЙлем
Сүт
шұжЫқ
қазақтыҢ
Балалар, сендердің мақсаттарың қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқу. Жаңылтпашты кім тез оқиды екен.
1. Қапыда ит қапты, 2. Біл, бұл – піл, 3. Көп ешкі көк шөпті жейді,
Қатты қапты, Бұл- бір ірі піл. Көк шөпті көп ешкі жейді.
Қапты қатты.
Жаңа сабақ:
- Балалар, біз бүгін топпен жұмыс істейміз, әр топта парталардың үстінде бағалау парағы жатыр. (түсіндіру)
Өзін-өзі бағалау | Сынып бағасы | Мұғалім бағасы | Қорытынды баға |
| | | |
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы белгісіз, тақырыпты білу үшін сендер осы ою өрнектерді жинап алып білесіңдер.
Ы Н Д Қ А С З Т Р Ң
- Сонымен сабағымыздың тақырыбымыз- «Қазақтың дастарқаны».
Негізгі мақсаты: «Қазақтың дастарқаны» тақырыбы бойынша сөйлесе білуге жағдай жасау.
1 тапсырма
«Дастарқан» сөзіне сөздік карта жасау.
1 топ
1.Мағынасын анықтау
2.Грамматикалық форма
2 топ
1. Ассоциация жазу
2. Сөздің буынын анықтау
3 топ
1. Сөз тіркесті құрастыру
2. Сөйлем құрастыру
2 тапсырма
1 топ- нан- алфавиттік рет бойынша буындарды жинап алу.
Сы- В, ас-А, нан-Г, та-Б, а-Ә
Ас атасы-нан
2 топ- сүт
Ребус арқылы шешу.
+ тен , +дан
1Т23+А
Сүттен ақ, судан таза.
Белее молока, чище воды.
3 топ- ет- мақалды жинап алу
Бетке, ет, сорпа, етке
Ет етке- сорпа бетке.
Жаңа сөздер:
- Балалар, бүгінгі жаңа сөздермен танысайық.
Дәм- еда, пища
Нәрсе жоқ-нет ничего
Аттамайды- не перешагивают
Ауыз тимей кету- не попробовав
Негізгі- основная
Дән- зерно
Көп күттіруге болмайды - долго не задерживать
А) мұғалім оқиды
Ә) хормен оқу
Б) жартылай дауыстап оқу
В) тізбектеп оқу
3 тапсырма
1 топ- сөздік арқылы аудару
2 топ- сөздер арқылы осы кесте бойынша сөз тіркесі құрастыру
1.Зат есім+зат есім
2.Сын есім+зат есім
3.Есімдік + зат есім
4.Зат есім+етістік
5.Сын есім+етістік
3 топ – етістіктерді тауып ал, сөйлем құрастыр.
Мәтінмен жұмыс:
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
4 тапсырма
1 топ- сөздер бірге жазылған сендердің мақсаттарын сөздерді ажырату, тыныс белгілерін қою, аудару, диалог құрастыру.
Қазақтадастарқаннандәмненүлкеннәрсежоқдастарқаннанаттамайдыдастарқандағыдәм тағамнанауызтимейкетугеболмайды.
2 топ- сендердің мақсаттарын көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөзді қазақшаға аудару, монолог түрінде айту, коллаж жасау.
Қазақтың ... дастарқанында тамақтардың ... үш түрі .... Олар: ..., ..., ... тағамдары. Ет тағамдарына ..., ..., қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт ...- ..., құрт, .... Нан тағамдары- бауырсақ, ....
Керекті сөздер: масло, мясо по- казахски, блюда, творог, бывает, национальный, основные,лепешка, молоко, жареное мясо, мясо, хлеб
3 топ- СМАК – телехабары бойынша сұхбат құрастыру.
Оқушылардың жауаптары.
Сонымен, құрметті оқушылар, сендер бүгін өз ынталарыңмен білім алдыңдар. Оқулықтың 125 бетін ашып, тексерейік.
( Мәтінді оқып, тексереді)
«Грамматика еліне саяхат»
Сөйлем мүшелеріне талдау
5 тапсырма- әр топқа бір сөйлемнен беріледі, сендердің мақсаттарын синтаксистік талдау жасайсыңдар, кестені толтырасыңдар.
1 топ Сен бізге қонаққа кел.
2 топ Мен дәмді тағамдарды жақсы көремін.
3 топ Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ жатады.
Бастауыш | Баяндауыш | Толықтауыш | Пысықтауыш | Анықтауыш |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Жауап үлгісі:
Бастауыш | Баяндауыш | Толықтауыш | Пысықтауыш | Анықтауыш |
Сен | кел | бізге | қонаққа | |
Мен | жақсы көремін. | тағамдарды | | дәмді |
бесбармақ, қуырдақ | жатады | Ет тағамдарына | | |
Бекіту:
«Шын немесе жалған» -балалар түс арқылы көрсетеді, жасыл –шын, қызыл-жалған.
- Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.
- Дастарқаннан аттайды.
- Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды.
- Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі бес түрі болады.
- Олар: ет, сүт, бал тағамдары.
- Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады.
- Сүт тағамдары- бауырсақ, шелпек.
Қорытынды:
-Балалар, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
Тест
1.Ұлттық тағамдар неше түрге бөлінеді?
а) екі ә )үш б) жеті
2. Ет тағамдарына нелер жатады?
а) қазы-қарта ә) шұбат, қымыз б) жент, май
3. Қазақша ет қандай еттен жасалады?
а) жылқы,сиыр,қой ә) шошқа,түйе б) тауық,қаз
4. Қазақта неден үлкен нәрсе жоқ?
а) қонақтан ә) ауыздан б) дастарқаннан
5. Анықтауыш қандай сұраққа жауап береді?
а) қалай? ә) не істеді? б) қандай?
6. Нан тағамдарына не жатады?
а) шұжық ә)бауырсақ б)айран
7. Қазақтың басты тағамы қандай?
а) шұжық ә) құрт б)қазақша ет
Жауаптар:
1-Ә
2-А
3-А
4-Б
5-Б
6-Ә
7-Б
Тестті бір-бірінен тексеру, бағалау.
Бағалау: Жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалаймын. Оқушылар өзін-өзі бағалау әдісі бойынша бағаланады.