Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бакалавриат мамандығЫ 050717 – жылуэнергетика специальность 050717– теплоэнергетика
Вид материала | Документы |
- Семинар (практикалық), 1229.2kb.
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 1584.64kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
- Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры, 276.75kb.
- Типовая учебная программа образование высшее профессиональное Бакалавриат тепломассообмен, 185.27kb.
- Типовая учебная программа образование высшее профессиональное Бакалавриат Механика, 136.74kb.
- Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми, 618.1kb.
- Директор Инженерной Академии Никитин Е. Б. " " 2009 г. Автор: ст преп., магистр Плевако, 410.07kb.
- 5B042300 «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша қабылдау талаптары, 29.33kb.
9.2 Міндетті ќ±раушы пәндерінің тізімі ‰лгілі (типтік) оқу жоспарында келтіріледі.
10 Бакалаврды дайындау ортасына қойылатын талаптар
10.1 Оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жылының құрылымын анықтауды жоғары оқу орны өздігінен жүзеге асырады (бұдан әрі ЖОО).
ЖОО академиялық еркіндік негізінде оқу жылын академиялық мерзімдерге (семестрлер, триместрлер, ықшам семестрлер) бөледі, өз еркінше білім беру процессінің блоктық-модульдік жүйесін енгізеді.
Оқу процессінің барлық оқыту, бақылау шаралары, практикалар (машықтандыру), каникулдар ұзақтығы және мейрам күндері академиялық күнтізбеде көрініс табады, оны білім беру мекемесінің басшысы бекітеді.
Оқу шараларына теориялық оқыту мерзімі түгелімен, оның ішінде студенттердің ғылми-зерттеу жұмыстары, практикумдар, тәжірибелік және курстық жұмыстар енуі тиіс.
Курстық жұмыстар (жобалар) пән бойынша білім алу жұмысы ретінде қарастырылады және оларды меңгеруге бөлінетін несиелер шегінде орындалады.
Бақылау шараларына шектік бақылау, аралық аттестация (сынақтық-емтихандық сессия), 2 (3) курстан кейінгі аралық мемлекеттік бақылау және қорытынды мемлекеттік бақылау кіруі тиіс.
10.2 Бакалавриаттағы оқу процесі аяқталуының негізгі критериі студенттің 128 несиеден немесе 5760 сағат теориялық оқудан кем болмайтын, 10 несие немесе 450 сағаттан кем емес кәсіби практиканы (машықтануды) меңгеруі болып табылады. Мұнда студент міндетті компонент бойынша 61-81 несие немесе 2745-3645 сағат және таңдалынатын компонент бойынша 41-61 несие немесе 1845-2745 сағат меңгеруі тиіс.
10.3 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғауға 4-8 несие немесе 180-360 сағат бөлінеді. 10.4 Бір тоқсанлық мерзім ішінде күндізгі оқу түрінің студенті 12-18 несие немесе 540-810 сағатты менгеруі тиіс.
10.5 Сырттай және қашықтан оқу түрлерінің студенті бір жылдық оқу ішінде 21-26 несие меңгереді және нормативтік оқу уақыты 5 жылға дейін ұзартады.
Сырттай оқитын студентке оқу жылында кемінде 5 апта оқытушымен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
10.6 Дистанциялық оқытудың шарттары
Білім беру процессінің ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуі (оқу, ғылым, ақпарат қорларына, соның ішінде электрондық кітапханаларда орнарастырылатын халықаралық мәлімет көздеріне қатынауы).
Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру әр студенттің кітапханалық қорлар мен мәліметтер базаларын еркін пайдалануы, барлық пәндер мен барлық сабақ түрлерінен – практикумдар, курстық және дипломдық жобалаудан әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың, көнекі құралдардың дыбыстық және бейне материалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Физика, химия, информатика, элекр тізбектерінің теориясы, еңбекті қорғау және өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері, электроника және аналогтық құрылғылардың схемотехникасы, метрология, стандарттау және сертификация, цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар, электр байланысы теориясы, электромагниттік толқындарды тарату теориясы, сымсыз байланыс технологиялары, цифралық байланыс технологиялары пәндері лабораториялық практикумдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сонымен қатар, түрлі арнайы құрылғылар мен жүйелерді меңгеруді талап ететін таңдау боынша компоненттер пәндері де лабораторялық практикумдармен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Математика, физика, элекр тізбектерінің теориясы, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, электроника және аналогтық құрылғылардың схемотехникасы, электр байланысының теориясы, электромагниттік толқындарды тарату теориясы, цифралық байланыс технологиялары пәндері бойынша практикалық сабақтар тағайындалады.
Кітапхана қорында білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мамандық бойынша қажетті оқу-методикалық әдебиеттер болуы тиіс.
10.7 Пәндерді оқып-үйрену ең алдымен студенттің өздігінен жұмыс істеуіне негізделіп ұйымдастырылуы тиіс.
Білім беру процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған негізгі параметрлері.
Бакалаврды дайындаудың негізгі бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары оқу орнының оқу жоспарында белгіленген лабораториялық және практикалық сабақтардың, студенттердің ғылми-зерттеу жұмыстарының барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, әрі санитарлық-техникалық талаптарға сай материалдық-техникалық базасы болуы тиіс.
Жоғары оқу орны өзінің жүзеге асыратын мамандығына сәйкес лабораторияларын (зертханаларын) электрондық, радиотехникалық, телекоммуникациялық аппаратураны жетік меңгеруге мүмкіндік беретін, заман талабына сай стендтермен, құралдар мен құрылғылармен жабдықтауы тиіс.
10.8 Практикаларды жүзеге асыру: олардың құрамы, ұйымдастыру мен өткізудің негізгі типтік орындары, таныстыру және нәтижелеріне баға беру.
Өндірістік практиканың мақсаты – радиоэлектрондық және телекоммуникациялық кәсіпорынның функционалдық құрылымын зерттеу, қызмет көрсететін қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен, құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамаларымен оқып білу, беру арналары мен трактарының негізгі параметрлерін өлшеу әдістерін меңгеру, радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды жобалау мен пайдаланудың нормативті-техникалық құжатнамаларымен, телекоммуникациялық және электрондық құрылғылардың тоқтаусыз жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың техникалық шешімдерімен танысу, кәсіпорындағы тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін ұғыну, құрылғылардың жеке түрлерімен жұмыс істеу шарттары мен әдістерін игеру, олардың істен шыққан бөлшектерін тауып, жөндеу тәртібін үйрену.
Практиканы өткізу орны: алдыңғы қатарлы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық, өлшеуіш және компьютерлік құрылғылармен жабдықталған, диплом жұмысының тақырыбы бойынша мәлімет жинақтауға мүмкіндік беретін байланыс оператор-кәсіпорындары, ғылми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындар.
Диплом алдындағы практиканың мақсаты – кәсіпорынның өндірістік құрылымымен және өндірістік бағдарламасымен, оның келешекте даму жоспарымен және кәсіпорын жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерімен танысу; кәсіпорында қолданылатын жаңа техниканы және жылу технологияларды үйрену; техника қауіпсіздігі шаралары мен өртке қарсы шараларды үйрену; энергия қондырғыларын пайдалану жүйесін білу; еліміздің және шет елдердің периодты баспаларын, жетекші құжаттарды, монографияларды және оқүлықтарды қолданып, мамандықты бітіру тақырыбы бойынша библиографиялық ізденулер жүргізу; бітіру тақырыбында қойылған мәселенің үлгілі шешімдерімен танысу; бітіру тақырыбына байланысты техникалық мәселерді терең үйрену; энергия қондырғыларымен, дербес компьютерлермен және бақылау-өлшеу техникасымен жұмыс істеуге қосымша бейімделу.
Практиканы өту орыны: энергетика кәсіпорыны, өндірістік кәсіпорындар, бітірушінің мамандық тақырыбына байланысты мәліметтерді үйрену мүмкіндігі бар, ғылыми-зерттеу ұйымдары және мекемелері.
10.10 Академиялық және көмекші қызметкерлердің сандық және сапалық көрсеткіштері.
Бакалаврларды дайындау бағдарламасының жүзеге асырылуы оқылатын пәнге сәйкес бастапқы білімі бар, үнемі ғылми және ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.
Академиялық қызметкерлердің магистр академиялық дәрежесі немесе ғылымдар докторы және/немесе кандитаты ғылыми дәрежесі болуы тиіс және/немесе өндірістік тәжірибесі бар жоғары білікті маман болуы тиіс.
10.11 Абитуриенттерге және ”кіру” сынақ процедураларына, бағалау нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін арнайы нормативтік құжаттарда анықталады.
11 Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар
Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін төмендегі нормативтік құжаттармен анықталады.
11.1 Аттестациялау және сертификаттау комиссияларына қойылатын талаптар
Аттестациялау комиссиялары білім сапасының деңгейін сырттан қадағалау үшін келесі түрлерде құрылады: білім мекемесін аттестациялау, аралық мемлекеттік бақылау, оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестациялау.
Білім мекемесін аттестациялау білім беру қызметтеріне рұқсат беру үшін осы қызметтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі
Аттестациялық комиссиялар өз жұмыстарын 1999 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен № 1305 «Білім мекемелерін мемлекеттік аттестациялау қағидалары» мен Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылдың 13 ақпанындағы № 79 бұйрығымен бекітілген «Білім мекемелерін мемлекеттік аттестациялауға арналған нұсқаулар» негізінде жүргізеді.
Аралық мемлекеттік бақылау жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студенттерінің оқу барысындағы жетістіктерін бақылауды бірегей өлшеу-бақылау материалдарының (тестілік тапсырмалар) негізінде бакалавриат мамандықтарының жалпы білімдік және негіздік пәндер бағдарында жүргізіледі.
Аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру үшін Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 31 наурызында № 264 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқушыларын аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптері» бойынша мемлекеттік және регионалдық комиссиялар құрылады
Қорытынды мемлекеттік аттестациялау оқушылардың алған білім деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестациялауды өткізу үшін белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 12 шілдесіндегі № 714 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптерінің ережелеріне» сәйкес мемлекеттік аттестациялау комиссиялары (МАК) құрылады.
Сертификаттау комиссиялары бағалау материалдарының, стандартталған тестілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына, олардың сапа кепілдігіне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсаттарында құрылады.
Сертификаттау комиссиялары өз қызметтерін келесі құжаттар неізінде атқарады:
ҚР СТ 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Жалпы қағидалар;
ҚР СТ 3.8-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Эксперт-аудиторлар. Біліктілік талаптары, даярлау және аттестациялау тәртіптері.
- Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптар
Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялау оқушылардың білім бағдарламаларын меңгерудегі жетістіктерін бағалау үшін құрылады.
Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің негізгі талаптары: шындық, міндеттілік, мерзімділік және жариялылық.
Оқушыларды ағымдық аттестациядан өткізуді жоғары оқу орындары өз беттерімен өткізеді.
Оқушыларды аралық аттестациядан өткізуді білім ордалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылдың 11 наурызындағы № 151 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының жұмыстарын ұйымдастыру тәртіптеріне» сай жүргізеді.
Жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студенттерінің аралық мемлекеттік бақылауын ұйымдастыру мен өткізу белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 31 наурызындағы № 264 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқушыларын аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптеріне» сай іске асырылады.
Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестациялауға қойылатын талаптар белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 12 шілдесіндегі № 714 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптерінің ережелеріне» сәйкес белгіленеді.
11.3 Бағалау құралдары мен технологияларына қойылатын талаптар
Оқу мекемелері мен оқушыларды аттестациялау стандартталған технологиялар бойынша орталықтандырылған тестілік түрде атқарылады.
Оқу жетістіктерін бағалау тәртібі – нәтижелерді бірегей ережелер бойынша орындау, тексеру, өңдеу мен бағалау түрінде жүргізіледі.
Тестілеу белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өткен стандартталған материалдарды, тестілерді және біліктілік тапсырмаларын пайдалану арқылы өткізіледі.
11.4 Бағалаудың нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар
Аттестациялаудың барлық түрлерінің нәтижелерін бағалау белгіленген тәртіп бойынша нормативтік сәйкес құжаттарға сәйкес анықталады.
-
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жасауға, жаңартуға (өзгертуге, өңдеуге) қойылатын талаптар
- ҚР МЖМБС-ты егізудің бастама тәртібі
Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына өзгертулер, қосымшалар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.99 ж. № 1290 «Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасау, бекіту және пайдалану мерзімін анықтау тәртіптері» қаулысына сай жүргізіледі.
- ҚР МЖМБС-ты жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын жасауды конкурстық негізде ұйымдастырады.
- ҚР МЖМБС-ты сараптамадан өткізу тәртібі
МЖМБС-ты сараптамадан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 8 мамырындағы № 400 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті кәсіби білім стандарттарының жобаларын жасауға конкурстар өткізу тәртіптеріне нұсқаулар» негізінде анықталады.
- ҚР МЖМБС-ты тәжірибелік енгізуден өткізу тәртібі
Бекітілген МЖМБС ведоствалық тәуелділігіне және меншік түріне қарамай келесі оқу жылынан бастап барлық оқу орындарында бір мезгілде енгізіледі.
Жаңа МЖМБС технологиялары мен оқу әдістемелерін енгізу алдымен тәжірибелік байқау ретінде кейбір оқу мекемелерінде жүргізіледі.
- МЖМБС-ты бекіту тәртібі
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын енгізу, олардың жұмыс атқару мерзімдерін белгілеу Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқару органы ұйымдастырған конкурстық комиссияның шешімімен, мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау мекемесімен келісілген жағдайда жүргізіледі.
- Бұқаралық білім беру процесіне енгізу тәртібі
Жалпыға міндетті білім стандарттары жоғары білім беретін оқу орындарының мемлекеттік білім деңгейіне сәйкес меншік нысандарына, типтеріне және түрлеріне қарамай міндетті түрде сақталуы тиіс.
13 Академиялық дәреже алғандықты растайтын құжат пен оның қосымшасына қойылатын талаптар
Оқуды бітіргендерге “бакалавр” дәрежесі беріліп, жоғары білім туралы диплом және оқу жоспарына сәйкес меңгерілген пәндер бойынша бағалары мен игерілген несиелер, академиялық сағаттар саны көрсетілген академиялық анықтама тапсырылады.
А қосымшасы
Типтік оқу жоспары
050717 – Жылуэнергетика
Оқу мерзімі:4 жыл
Академиялық дәрежесі: бакалавр
Пєндер циклы | Пєнніњ коды | Пєнніњ аты | Кредиттер саны | Семестр | Баќылау т‰рі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
ЖБП | | Жалпы білім беру пєндері | 31 | | |
Міндетті компонент (пәндер тізбесі) | 19 | | | ||
ЖБП1 | IKA100 | Ќазаќстан тарихы | 3 | 1 | емтих. |
ЖБП2 | FIL200 | Философия | 3 | 4 | емтих. |
ЖБП3 | KAZ100 | Ќазаќ (орыс) тілі | 3 | 2 | емтих. |
ЖБП4 | INO100 | Шет тілі | 6 | 1,2 | емтих. |
ЖБП5 | INF100 | Информатика | 3 | 1 | емтих. |
ЖБП6 | EKO300 | Экология | 1 | 5 | емтих. |
ЖБП7 | FKY100 | Денешынықтыру | | | |
ЖБПТ | | Тањдау бойынша компонент | 12 | | |
| | | | | |
БП | | Базалыќ пєндер | 64 | | |
Міндетті компонент (пєндер тізбесі) | 43 | | | ||
БП1 | MAT101 | Математика 1 | 3 | 1 | емтих. |
БП1 | MAT102 | Математика 2 | 3 | 1 | емтих. |
БП1 | MAT103 | Математика 3 | 5 | 2 | емтих. |
БП2 | FIZ101 | Физика 1 | 4 | 2 | емтих. |
БП2 | FIZ202 | Физика 2 | 4 | 3 | емтих. |
БП3 | TTD200 | Техникалық термодинамика | 4 | 3 | емтих. |
БП4 | MLG201 | Сұйық және газ механикасы | 3 | 4 | емтих. |
БП5 | HMT202 | Жылу-маңыз алмасу | 4 | 4 | емтих. |
БП6 | ELE203 | Электротехника жэне электроника | 4 | 4 | емтих. |
БП7 | TAR300 | Автоматты басқару теориясы | 2 | 5 | емтих. |
БП8 | CHE105 | Химия | 3 | 1 | емтих |
БП9 | TSE301 | Жылуэнергетика жүйелері мен энергия қолдану (қайрат қолдану). | 4 | 5 | емтих. курс. ж±мыс. |