Құрметті қонақтар мен Форум қатысушылары!
Вид материала | Документы |
- Сценарий праздничного концерта, посвященный Дню Независимости Республикик Казахстан, 54.69kb.
- Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!, 440.6kb.
- Менің Отаным Қазақстан. Ведущий 1: , 103.6kb.
- Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті, 78.49kb.
- Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі, 5625.43kb.
- Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі, 5624.76kb.
- Клеткалық тыныс алу, 160.93kb.
- Як редагувати форум або реєструватися Як редагувати форум, 94.24kb.
- Крутой Мен". Тогда меня воодушевила идея старого фильма, 260.25kb.
- Концепция система взглядов, то или иное понимание явлений, процессов. Мен-т это функциональный, 1042.54kb.
Құрметті журналистер!
Құрметті қонақтар мен Форум қатысушылары!
Елорда мәртебесінің дамуында 12 жыл ішінде Астана мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы ретінде қалыптасқанын, сонымен қатар өмір және бизнесті жүргізу үшін қолайлы, қазіргі заманғы қала ретінде дәлелдеді. Өзінің мүлтіксіз даму қарқынмен Астана Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы көшіру туралы ой табысын растайды.
Астананың қазіргі заманғы бейнесі – мемлекеттің, отандық және шетел инвесторлардың өзара тиімді, ынтымақтастықтың нәтижесі. Дегенмен, мегаполис үлкейсе оны дамыту мен бар инфрақұрылымның модернизациялауына, елорда мәртебесін сақтауына көбірек қаражат талап етіледі. Тікелей инвестицияларды тарту инвесторлармен ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.
«Астанаинвест» Халықаралық инвестициялық форум жағымды инвестициялық ахуалды жақсарту және қала экономикасына отандық және шетел инвесторлар ағымын одан әрі ынтыландаруға бағытталған дәл сондай алаң болып ойластырылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белсенді қолдау және тікелей қатысуымен Астана әкімдігімен ұйымдастырылады.
Алғашқы жылы аталған іс-шара үмітті ақтады. Былтырғы жылы өткен бірінші форум нәтижелері бойынша 2 млрд АҚШ доллар жалпы сомасына 8 меморандумға қол қойылған болатын.
Британдық инвестициялық қордың қатысуымен екі жоба тәжірибеде іске асыру деңгейіне шықты. Инвестицияның жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын құрайды.
«Астанаинвест-2011» екінші инвестициялық форумға әлемнің 23 мемлекетінен әлеуетті инвесторлар келуге тілек білдірді. 600-ден астам делегаттар бүгін осы залда жиналып отыр.
Тематикалық сессиялар мен «дөңгелек үстелдер» шеңберінде біз қазақстан елордасының перспективаларын, инвесторларды мемлекеттік қолдау, өндірістік сектордың дамуын және өте манызды мәселе – инновациялық құрамдылығын талқыладық.
Форум қорытындысы бойынша соммасы 2.5 млрд АҚШ долларынан асатын өзара ынтымақтастық туралы 11 меморандумға қол қойылды. Бұл жобалар 2 фазалық ТЭЦ-3, тіремелі подстанциялармен ВЛ-220 кВ сақинасының, тік ұшақты жинау бойынша зауыттың, жаңа Индустриялық аймақтың ішкі инженерлік инфрақұрылымы және басқа жобалардың құрылысы бойынша.
«Астанаинвест» шеңберінде инвестицияны тиімді орналастыру үшін керемет мүмкіндіктер ашатын ерекше құқықтық режимімен біз «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін талдадық.
Бұл құрал Астананың экономикасы үшін тиімді болды. «Астана жаңа қала» АЭА тоғыз жыл ішінде оның аумағында объектілердің құрылысына 1 трлн теңге тартылды, оның ішінде 40 % инвестордың жеке қаражатын құрайды. Бюджеттік ассигнациялануы инженерлік инфрақұрылым және мемлекеттік объектілердің құрылысына бағытталды.
«Астана – жаңа қала» АЭА аумағы 9 жыл ішінде, 1052,6 га-дан 5900,9 га-ға дейін 5 есе өсті. Осы аумақтың үштен екі бөлігі (немесе аумақтың 60%) игерілген. Объектілердің көбісі ғажайып сәулет құрылысы болып табылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында маңызды әлеуметтік жобалар ТМД елдерінде және Орталық Азия аумағында тендесі жоқ медициналық кластер объектілері, 30 000 орындық стадион-тарнсформер, коньки тебу кешені және қазіргі заманғы велотрек жүзеге асырылуда, олар ерекше спорттық кластер негізін қалайды және өткен 7-ші Азиялық ойындардың әшекейі болды.
Осы АЭА аумағында жоғары технологиялық өндірістерді дамыту бойынша және қалада жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен біздің жоспарларымыз байланысқан Астана қаласының Индустриялды паркі тіркелді. Қазіргі уақытта Индустриялық паркте жалпы сомасы 170 млрд теңгеден асатын шамасымен 40 жобалар іске асыруға өтініштерін білдірді. 7 500 астам жұмыс орның құру жоспарлануда.
Елорданы әрі қарай дамыту керемет жоспарларының іске асырылуы мемлекет пен инвесторлардың өзара тиімді ынтымақтастығына тәуелді екенің тағыда атап өткім келеді.
Сондықтан, нәтижелі жұмыс үшін Форумның барлық қатысушыларын тағыда алғыс білдіруге рұқсат етініздер.
Келесі жылы Сіздерді «Астанаинвест» Халықаралық форум жұмысына қатысуға шақырамын.
Назарларыңызға рахмет!