Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы
Профессор, ғалым, академик Жәутіков ОрынбекАхметбекұлы туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ғалым, профессор, академик Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу, оқушылардың қызығушылықтарын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойландыру, баяндау, іздендіру, сұрақ-жауап, «Джигсо» тәсілі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, стикерлер, , карточкалар.ғалымдар туралы суреттер, слайдтар, бағалау парақшасы, үлестірмелі кестелер, тірек сызбалар.
Сабақ барысы:
Кіріспе
Тұсаукесер.
Негізгі бөлім.
Бекіту.
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Тренинг.«Жүректен жүрекке...» Шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, тілек айтады ( жүректің суретін бір-біріне беруарқылы).Топқа бөлу. Сыныпты екі топқа бөліп, сабақ барысымен таныстыру. «Тапқырлар», «Алғырлар». Әр оқушылардың алдында өз өзін тексеретін парақ бар. Әр тапсырманың соңында өзін- өзі бағалайды.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Қаныш Сәтбаев туралы мәнжазба, ғалымға арнап өлең шығару, эссе жазу.
2. Сын тұрғысынан ойлау «Миға шабуыл»
Оқушылардың назарларын экрандағы дөңгелектерге аудару.
Мына дөңгелектерді ашқанда мәтіндерден үзінділер ұсынған. Үзіндіні оқып, кім туралы айтылғанын табу керек.
Көк түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:
«... Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде ол туралы ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған...» (Қаныш Сәтбаев)
Жасылтүсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:
«...1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді...» (Әлкей Марғұлан)
Сары түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:
«... қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында өмірге келген. 1934 жылы алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды.Л. Хамидимен бірлесіп «Абай» (1944), «Төлеген Тоқтаров» (1947), «Құрманғазы» (1970) операларын жазды.». (Ахмет Жұбанов)
Күлгін түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:
«..1931-1933 жылдары Қазақ АКСР-і денсаулық сақтаухалық комиссары, Алматы мемлекеттік медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры болды. Ғалым жұқпалы аурулармен күрес, олардың алдын алуға, сондай-ақ халыққа ақысыз көмек көрсету жұмыстарына көп еңбек сіңірген» (Санжар Асфендияров)
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. (слайдтан фигураларды көрсету)
1.«О.Жәутіков» туралы презентацияны көрсету. 2. Жоба қорғау.Әр топ жаңа тақырыпты дауыстап оқып шығады және жоба қорғайды. 3. Жазбаша жұмыс. 4-ші тапсырма, 271-бет.
IV. Сабақты бекіту.а)Қосымша материал.(О.Жәутіков туралы слайд көрсету). ә)5 жолдық өлең құрастыру. “Ғалым”,«ғылым»сөзінен. б)«Бір-біріңді тексер» ойын әдісі. (тест жұмысы).
Ғалым,ғылым туралы мақал мәтелдерді жалғастыру.
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Ғылым – теңіз, білім – қайық.
Еңбегі жоқ ғалым — ыстығы жоқ жалын.
Ғылым гауһар — бағасы жоқ, Надандық кесел — дауасы жоқ.
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты сөйлейді.
Даналық - ғылымның бастауы.
Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.
Артық ғылым кітабы Ерінбей оқып көруге.
2.Жиынтық бағалау.Сабақ барысында алған бағаларды сараптап, жиынтық баға шығару.
3. Үйге тапсырма. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты сөйлейді» тақырыбына шағын эссе жазу.
4. Рефлексия. «Ыстық орындық»әдісі.Әр топтан бір оқушыны шығарып ,сабақтан алған білімін қорытып айтқызу.
Ақтөбе қаласы №44 ауысымдық(кешкі) мектебі Ашық сабақ «Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы» Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А.Абдибекова
2016 оқу жылы |